Философские трактаты



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІМ.Х. ДУЛАТИ АТЫНДАҒЫ ТАРАЗ ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТІ

РЕФЕРАТ

ТАҚЫРЫБЫ: Әл - Фарабидің рухани мұрасы жайлы

Курс: 2
Орындаған: Керімқұлова Ұ. К
Тексерген: Мырзахмет Ғ. К

Тараз 2022

Жоспар

І.Кіріспе
ІІ.Негізгі бөлім
2.1 Әл -Фараби өмірі және оның қалдырған бай ғылыми, рухани мұрасы
2.2 Әл-Фарабидің ғылыми-философиялық еңбектері
ІІІ. Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

І.Кіріспе

Әр кезеңнің ғасырға бергісіз біртуар адамдары болады. Сол секілді қазақтың маңдайына біткен ұлы тұлғалары Абай мен Әл-Фараби әр ғасырда өмір сүргенімен, олардың өсиет етіп қалдырған ғибрат сөздерінде үлкен тәрбиелік мән жатыр. Ғалым Ә. X. Марғұланның: Абай мен Әл-Фарабидің көздегені адамдардың рухани байлығы, олардың бақытты болуы мен әсемдікке ұмтылуы болып табылады дейді.
Әбу Насыр Мұхаммад ибн Мұхаммад Тархан ибн Узлағ әл-Фараби ат-Турки ұлы ғалым, әлемнің бірінші ұстазы атанған Аристотельден кейінгі екінші ұстаздың толық аты осылай болып келеді. Оның көзқарасында дін,саясат және бақыттың өзара терең қатынасы көрсетілген. Бүгінде әлем ислам және Батыс өркениетінің текетіресу қаупі алдында тұрғанда ұлы философтың мұрасы адамзаттың түрлі көзқарасын шешуге көмек бере алады.
Негізінен қазақтың домбырасын ойлап тапқан -Әл-Фараби деген пікірлер де бар. Оған дәлел, Ұстаздың оралуы романында Әнуар Әлімжанов: қыпшағи деген аспапты, демек кәдімгі қазақтың домбырасын ойлап тапқан ұлы данышпанның өзі деген.

2.1 Әл -Фараби өмірі және оның қалдырған бай ғылыми, рухани мұрасы
Әл-Фараби - ол ежелгі Отырар қаласында (өткен тарих сахнасында Фараб деп аталатын), Қазақстанның оңтүстігінде Тархан Мұхаммед Узлахұлының ауқатты отбасында дүниеге келген. Оның толық аты - Әбу Наср Мұхаммед ибн Мұхаммед ибн Тархан ибн Узлаг Әл-Фараби ат-Түрки. Қазіргі Шәуілдір ауданының орталығында ашылған Әл-Фараби кітапханасында ол туралы бірнеше құнды мәліметтер бар. Әл-Фараби Қазақстанның оңтүстігіндегі Фараб ауданында - көп ғасырлық тарих пен мәдениеттің өркендеген кезеңінде өмір сүрді және білім алды. Әл-Фарабидің бақытына орай, бұл кезде Отырар қаласының бай кітапханасы болған. Демек, ол түркі ортасынан шыққан, олардың арасында ислам мен араб мәдениеті өте жоғары бағаланды. Тұлға ретінде Әл-Фараби феодалдық және діни дүниетанымдар толығымен үстемдік еткен қоғамда қалыптасты. Әл-Фараби мұсылмандық тұтқасынан білім нәрін алып өсті.
Әл-Фарабидің есімі мен жазған құнды мұралары әлемдік ғылым мен мәдениет тарихынан лайықты өз орнынын алатындығы ақиқат. Оның шығармалары еуропалық Ренессансқа үлкен әсер етіп, Батыс пен Шығыстың мәдениеттері мен философияларының жақындасуына арналған алтын көпір болды. Қазақстанда Әл-Фарабидің мұраларын зерттеуге XX ғасырдың екінші жартысында бастауын алды, яғни, 1960 жылы, 15 қазанда Ғалым Ақжан Машанов (Машани) Қазақ КСР Ғылым академиясының президенті, академик Қ.И. Сәтбаевқа ғалымдардың Әл-Фараби мұрасын зерттеуді және оның шығармаларын аудару туралы идеяларын қолдауға өтініш білдіріп, Ұлы әл-Фараби біздің жерлесіміз, және біз ол туралы аз білеміз ... деп атап өтті. Ал, 1970 жылы Ақжан Машани мен Ағын Қасымжанов ұйымдастырған әл-Фарабидің 1100 жылдығына орай ЮНЕСКО мен Қазақ КСР Үкіметінің қолдауымен Алматыда, Мәскеуде және Бағдадта бір уақытта өткізілген Әл-Фараби мұрасы туралы халықаралық конференциялар ұйымдастырылды. Қазақстан аңсаған тәуелсіздігін алғаннан бері Әл-Фараби мұрасын зерттеу қарқыны үдей түсті. 1991 жылы 23 қазанда Қазақ ұлттық университеті Әл-Фараби есімін алды. 2010 жылы Парижде ЮНЕСКО-ның қолдауымен Әл-Фараби және Еуропалық Ренессанс халықаралық дөңгелек үстел өтті, оған әлемнің 20 елінен келген фарабитанушылар, оның ішінде қазақстандық ғалымдар қатысты. Міне, өткен жылдың, 26-тамызда ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың №133 жарлығы шығып, күллі түркі жұртының мақтанышы, мұғалім сәни (екінші ұстаз) атанған ғалым-философ Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық (870-2020) мерейтойын мемлекеттік деңгейде атап өту туралы қаулы жариялады.
Қазақ даласында туған ұлы ұстаз Әбу Насыр әл-Фараби кез келген мемлекеттің күш-қуаты мығым, бірлігі бекем, тірлігі түзу болуы үшін қажет жағдайдың бірі - биліктің мығым болуын, мемлекет басшысының бойынан табылуы тиіс он екі ізгі қасиетті атап көрсете отырып, Қайырымды қаланы (біздің қазіргі ұғымымыздағы мемлекетті) дәл осындай адам билеуі керек деген ойды айтады: 1. Басшының он екі мүшесі бүтін, дені сау болуы керек; 2. Ақыл-есі бүтін, айтылған сөзді ұғатын болуы керек; 3. Есте сақтау қабілеті мықты, алғыр да аңғарымпаз болуы керек; 4. Сөзі өткір, тілге шешен болуы керек; 5. Өнер-білімге құштар, оқып үйренуден шаршамайтын, білімпаз болуы керек; 6. Тамақсаулықтан, артық ішіп-жеуден, орынсыз сауыққұмарлықтан аулақ болуы керек; 7. Шыншыл болуы, маңына шыншыл адамдарды жиюы, өтірікшілерден аулақ болуы керек; 8. Рухы биік, ар-намысты биік ұстайтын болуы керек; 9. Пасықтықтан аулақ, игі істерге ынтызар болуы керек; 10. Байлыққа құмарлықтан, ашкөздіктен аулақ болуы керек; 10. Әділетсүйгіш болуы, озбырлар мен әділетсіздерді жақтаудан аулақ, ел-жұртқа қайырымды, мейірімді болуы керек; 11. Бір сөзді, бірақ қыңыр болмауы тиіс, жаман қылықтарға ымырасыз болуы керек; 12. Өзі дұрыс деп тапқан істі жүзеге асыруда шешімшіл, қорқып жасқануды білмейтін батыл да ержүрек болуы керек.
Қазіргі таңда Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев секілді басшымыз барда біз ешнәрседен қорықпаймыз. Себебі, басшымыз білімді, саналы, әділетті, дана, көреген.
Әбу Насыр әл-Фарабидің Бақыт - әрбiр адам ұмтылатын ұлы мақсат, - деген тұжырымдамасы бар. Иә, шынында да біз бұл жолға жету үшін талай қиын-қыстау кезеңдерді бірге жеңіп өттік. Қазір бір шаңырақ астында, әр түрлі ұлт өкілдерімен тату-тәтті тұрып жатқан халқымыз басшысына дән риза.
Әбу Насыр әл-Фараби өз трактаттарында Алла-Тағаланың болмысы және оның сипаттары, есімдері туралы қарастырады. Бұдан аңғарғанымыз, ұстаз Жаратушының бар екеніне сенеді..
Сондай-ақ Әл-Фараби ұстаз Бақыт жолын сілтеу трактатында адамдардың көздеген мақсатына жетуі оның өзіне ғана байланысты екенін айтады. Адам рухани жағынан үнемі өзін өзі жетілдіріп отыруға тиіс екен, адам ақиқатты, тек айналадағы дүниені танып-білу арқылы жетіледі және адам міндетті түрде адал ниетті болу керек деп есептейді. Өйткені, жақсы істер істеп, мұның төлеуін күтсе, адам бұл істерін жамандықка айналдырады деп түйін жасайды. Ғұламаның этикалық ойларынан терең гуманизмнің лебі еседі, ол адам баласын жаратылыстың, бүкіл жан иесі атаулының биік шоқтығы, сондықтан да оны құрметтеу, қастерлеу керек деп түсінеді.
Әл-Фарабидің рухани мұрасының идеялық бағытын дұрыс түсіну үшін сол кездегі тарихи жағдайды білу қажет. Ол үшін әлемдегі ең ірі тарихи оқиғалардың бетбұрыс кезеңін ескеру маңызды. Ислам дінінің келуімен VIII ғасырдағы Орталық Азия мен Қазақстандағы қоғамдық-саяси жағдай мен рухани өмірде түбегейлі өзгеріс кезеңі басталды. Жалпы, исламды қабылдаған көптеген мұсылман елдерінде, соның ішінде Орталық Азия мен Қазақстанда дамыған өркениеттің нышандары байқалды, соның негізінде рухани мәдениет өркендеді. Араб халифатының гүлдену кезеңінде мұсылман Шығысының өркениеті сол дәуірдегі Батыс Еуропа мәдениетіне қарағанда зайырлы білім мен ғылыми жаңалықтардың едәуір кең таралуымен ерекшеленді. Ислам мәдениетінің таралуы арқасында Қазақстандағы қоғамдық-саяси және рухани мәдениетке күшті серпін берді. Араб тілі мен араб әдебиетінің түркі тілінде кеңінен таралуы бұл аймақта VIII ғасырдан бастап ислам дінінің келуімен байланысты. Біз бұл тарихи дамуды Орталық Азия өңірлерінен шыққан ұлы ғалымдардың жемісті еңбектерінен көреміз. Солардың бірі - шығыстың көрнекті ғалымы Әбу Наср Әл-Фараби (870-950 ж.).
Әл-Фарабидің рухани санасына, әлеуметтік-саяси көзқарастарына әсер еткен факторлар Ислам Халифатының негіздерін шайқалтқан сол кезеңдегі азаттық қозғалыстар, халқының рухани құндылықтары, түркі этникалық ортасы, 52 рулық-тайпалармен етене араласуы еді. Әл-Фарабидің еңбектеріндегі әлеуметтік-философиялық және саяси көзқарастары ол өмір сүрген дәуірдің өнімі, ықпалы десек болады. Сол кезеңдегі қоғамның басым дүниетанымы - діни идеологиялардан, қоғамдық қатынастар мен мемлекеттік құрылымның әлеуметтік-саяси тұжырымдамалардан құрылды.
Атақты ғалым Әбдул Хасан Байхакидің (996-1077) пікірінше: Әбу Насырға тең келетін адам әлі Ислам әлемінде туылған жоқ, - деген, оның іліміне тамсанатындар Әл-Фарабиді Аристотельден кейін Екінші ұстаз деп таныды. Әл-Фараби өзінің дін туралы трактатында Діннің көмегімен әркім өз алдына қойған мақсатына жетеді, - дейді. Ол Ислам фәлсафасына Ізгілікті дін терминін енгізді. Алайда ол нақты бір дінге сілтеме жасамайды. Соған қарамастан, Әл-Фараби өз дәуіріндегі ең өзекті және өткір философиялық, әлеуметтік-саяси идеяларды терең білдірді. Әл-Фараби білімнің әр түрлі салаларын қамтитын бай ғылыми мұралар қалдырды. Фараби шығармаларының санын неміс ғалымы Ш.Штейшнейдер 117 еңбек десе, түрік ғалымы А.Атеш - 160, ал тәжік ғалымы Б.Ғафуров 200 трактат деп көрсетеді. Айта кету керек, қазіргі қоғамда ойшылдың шығармашылығында қоғамдық-саяси трактаттар маңызды орын алады. Әл-Фарабидің негізгі еңбектері: Ғылымдардың классификациясы туралы сөз, Ізгілікті қала тұрғындарының ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Фараби философиясында таным мен болмыс немесе таным арқылы бар болу тең ұғым
Әбу Насыр Әл-Фараби және оның ғылыми- философиялық еңбектері
Саясатты түсіндіруге бағытталған парадигмалар
Қазақ философиясы мен мәдени жүйесінің өркендеуіндегі Әл-Фараби танымының өміршеңдігі
Антик философиясының өкілдері туралы
Әл-Фараби дүниетанымындағы болмыс пен тәңір
Фарабидің философиялық көзқарастары
Көне Үнді философиясы
Философияның қайнар көздері
Өте үлкен сандарға амалдар қолдануға құштарлық - бүкіл Индия математикасы тарихына тән нәрсе
Пәндер