Бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есептілік саласында қалыптастырылатын ақпараттың сапасын арттыру



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 34 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАРЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
Негізгі бөлім
І Бөлім. Қаржылық есеп беруді жасау және ұсыну
1.1. Бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есептілік саласында
қалыптастырылатын ақпараттың сапасын арттыру ... ... ... ... ... 4
1.2. Бухгалтерлік есепке алуды, қаржылық есеп беру мен аудитті
одан әрі дамыту қажеттілігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
1.3. Экономиканың нақты секторы ұйымдарының бухгалтерлік
есепке алу мен қаржылық есеп беруін одан әрі дамытудың
негізгі бағыттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7
4. Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің қаржылық
есепті жүргізу тәртібін оңайлату ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..11

ІІ Бөлім. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың
2.1 Шаруашылық субъектінің қаржылық жағдайын талдау әдістері
және   оның мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12
2.2 Қаржылық есеп беру және оны талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ...15
2.3 Асыл-Дизайн ЖШС қаржылық тұрақтылығын талдау ... ... ... .18
2.4 Асыл-Дизайн ЖШС табыстылығын талдау ... ... ... ... ... ... ..22
2.5 Асыл-Дизайн ЖШС іскерлік белсенділігін және қызметінің
тиімділігін талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .26
2.6 Асыл-Дизайн ЖШС потенциалды банкроттылығын және
кәсіпкерлік тәуекелдігін талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...29
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... 26
Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27

Кіріспе

Осы курыстық жұмыстың басты міндеті бухгалтерлік есепке алу мен
қаржылық есептілік саласында қалыптастырылатын ақпараттың сапасын арттыруды
атап көрсетті. Негізгі бөлімдердегі теорияларды ашып түсініктемелер мен
анықтамалар туралы қарастыра отырып қаржылық есеп беруді жасау және оларды
ұсыну жолдары қарастырылған.
Қоғамда қаржылық талдау біреудің орынсыз тілегінен емес, өмірлік аса
қажеттілік салдарынан туыңдады: салмақ, ұзындық өлшемін және есептеу
жүргізбей, шаруашылық субъектінің мүліктік жағдайы мен оған әсер ететін
себептерді білмей, табыс пен шығынды өзара салыстырмай, біріншісінің
екіншісінен артық болуына қол жеткізбей шаруашылықты ойдағыдай жүргізу
мүмкін емес.

Бұл курстық жұмысты өзектілігі-Ұйымның қаржылық есептің алдында қойған
мақсатына қол жеткізу үшін ол осы есептің негізінде алынған бухгалтерлік
есеп стандартының халықаралық негізі ретінде қаабылданған тұғырнамалық
ережелерінде көрсетіліп,белгілі бір принциптері мен талаптарына сәйкес
келуі.Сонымен қатар Қазақстан Республикасында нгізгі параметрлер бойынша
ХҚЕС талаптарына сәйкес келуі.
Бұл курстық жұмыстың негізгі мақсаты – кәсіпорынның қаржылық жағ-дайын
талдау және оны жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу болып табылады.
Бұл курстық жүмыстын міндеті – Кәсіпорынның қаржы тұрақтылығын бағалау,
объективті, ғылыми негізделген үшін оның қаржылық жағдайын талдау қажет.
- Кәсіпорының ЖШС қаржылық тұрақтылығын талдау
- Кәсіпорының ЖШС табыстылығын талдау
- Кәсіпорының ЖШС іскерлік белсенділігін және қызметінің тиімділігін
талдау
- Кәсіпорының ЖШС потенциалды банкроттылығын және кәсіпкерлік
тәуекелдігін талдау
Жұмыстың теориялық бөлімі қаржылық жағдайды талдаудың түсінігін ашуға
негізделген. Бұл бөлім өзіне қаржылық жағдайды талдаудың мақсаттары,
міндеттері және қажеттілігі, қаржылық талдаудың ақпараттық негізі, әдістері
мен тәсілдері туралы ақпараттарды кіріктіреді.

1.1. Бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есептілік саласында
қалыптастырылатын ақпараттың сапасын арттыру
Әлемдік экономикалық жағдайдағы соңғы он жылдықта болған шапшаң
өзгерістер бухгалтерлік есепке алуға және қаржылық есептілікке арналған
ережелерді жасау кезінде елдердің қолданатын тәсілдерін айтарлықтай
дәрежеде өзгертті. Капитал нарықтары ұлттық шекарадан тыс жерлерде кеңейіп,
ұлттық экономикалардың дамуына байланысты кірігу процесі нығаюда.
Капитал нарықтарының кемелдене дамуы олардың даму үрдісін
инвесторлардың жоғары дәрежеде түсінуін, олардың нығайтылуына,
тұрақтылығына және өтімділігіне сенімділігін талап етеді. Қаржылық
есептіліктің халықаралық стандарттарының бірыңғай топтамасын қабылдау
кредиттердің құнын және инвесторлар үшін маңызды емес стандарттар бойынша
есептілікті дайындау жөніндегі әкімшілік шығыстарды қысқарту арқасында
ұйымдардың инвестицияларды тарту бойынша шығыстарын қысқартуға себепші
болады.Биржаларда акциялары бағаланатын Еуропалық Одақтың барлық
компаниялары 2005 жылдан бастап ХҚЕС-ке сәйкес шоғырландырылған қаржылық
есептілік жасауға міндетті. Халықаралық қаржылық есептілік стандарттары
әлемдегі аса дамыған және алдыңғы қатарлы бухгалтерлік есепке алу
стандарттары болып табылады деп есептеледі. Қазіргі кездегі бухгалтерлік
есепке алу ақпараттық базаны білдіреді, оның негізінде ұйым қаржылық
есептілікті дайындайды. Бухгалтерлік есепте қалыптастырылатын ақпарат
басқарушылық, салықтық статистикалық есептілікті жасау үшін қолданылады,
қажет болған кезде осы ақпараттың негізінде есептіліктің басқа да түрлері
жасалады.
Бухгалтерлік есепке алу жүйесі бір-бірімен өзара байланыста болатын,
есепке алу элементтерінің белгілі бір тұтастығы немесе көптілігі. Мұндай
жүйе логикалық кешенді қамтиды, онда ұйымның, мемлекеттің, сондай-ақ кез
келген басқа да сыртқы, сол сияқты ішкі пайдаланушылардың экономикалық
мүдделерін қамтамасыз ету мақсатында қызметтің түпкі нәтижелерін дұрыс
өлшеуге бағытталған ақпарат қорытылады.
Есептілікті пайдаланушылардың барлығында қаржылық есептілік жөніндегі
ақпарат нені қамтитынына қатысты белгілі бір үміт-армандары бар. Бұл үміт-
армандар уақыт өте келе дамыды және пайдаланушылар бұрын кездестірген
қаржылық есептіліктің үлгісі мен мазмұнынан туындады. Осы үміт-армандарға
бухгалтерлік есепке алу туралы заңдар, бухгалтерлік есепке алудың
регламенті мен стандарттары әсер етті. Қазақстанда үміт-армандар үлгіге
және кеңес жүйесі кезінде әзірленген қаржылық есептілікке сүйене отырып
дамыды. Шетелдік пайдаланушылардың үміт-армандары Халықаралық қаржылық
есептілік стандарттарының принциптері мен тәжірибесіне сүйене отырып
қалыптасты.
Кез келген әділ (сенімді) пікірден бухгалтерлік есепке алудың белгілі
бір маңызды немесе іргелі принциптеріне немесе тұжырымдамаларына
негізделген пікір орынды тұспалдануы мүмкін. Халықаралық түпмәтінде ең
болмағанда мынадай бес принцип:
- есептеу принципі;
- қызметтің үздіксіздігі;
- ақылға сыйымдылығы;
- дәйектілігі;
- мазмұнның нысаннан басымдығы іргеліге жатқызылуы мүмкін және заңнама
мен бухгалтерлік есепке алу стандарттарында көрсетілуі мүмкін.
Әдеттегі іс-тәжірибе осы принциптерді кез келген елдің бухгалтерлік
есепке алу туралы заңнамасында іске асырудан тұрады. Нақты жағдайларда осы
принциптерді қолдану көбінесе бухгалтерлік есепке алу стандарттары арқылы
жүзеге асырылады.Қазіргі уақытта халықаралық талаптарға сәйкес жасалған
және жұмыс істейтін жоғары дамыған ақпараттық жүйені білдіретін экономика
бірыңғай есепке алудың жүйесі болып табылады, ол оның әртүрлі аспектілерін
(статистикалық есепке алу, салықтық есепке алу, бухгалтерлік есепке алу
және т.б.) қамтиды.Бухгалтерлік есепке алу қойылған міндеттерге сәйкес
кейіннен жинау, жүйеге келтіру және қорыту үшін деректер көзі ретінде
ғаламдық есепке алу жүйесінің бірлігін және функционалдығын қамтамасыз
ететін ең маңызды факторы болып табылады.Экономикадағы қаржылық есепке
алудың ақпараттық функциясы ұйымдар қызметінің қаржылық нәтижелеріне
сүйенеді, олар ұйымның ішіндегі сол сияқты одан тысқары жердегі ақпарат
пайдаланушылардың мүдделі тобына қажет. Жоғары сапалы есептілік капитал
нарығын дамыту үшін де қажет, өйткені оның негізінде көбінесе экономиканың
ондаған жылдарға дейін дамуын айқындайтын шектеулі ресурстарды бөлу туралы
шешімдер қабылданады.

1.2. Бухгалтерлік есепке алуды, қаржылық есеп беру мен аудитті одан әрі
дамыту қажеттілігі
Елбасы Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің
қатарына кіру стратегиясы атты өз жолдауында атап өткендей, Қазақстан өз
дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында, өркенді де өршіл дамып келе
жатқан қоғамның іргетасы тек қана осы заманғы, бәсекеге қабілетті және ашық
нарық экономикасы бола алады.
Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына
кірудің бірінші басымдығы әлемдік экономикаға ойдағыдай кірігуі болып
табылады. Осыған байланысты мемлекетті дамыту процесінде бухгалтерлік
есепке алу мен қаржылық есеп беру жүйесін бара-бар дамыту ерекше
өзектілікке айналады, өйткені бухгалтерлік есепке алудың, қаржылық есеп
берудің және аудиттің мақсаты басқару шешімдерін қабылдау үшін мүдделі
пайдаланушыларды экономикалық ақпаратпен қамтамасыз ету болып табылады.
Бухгалтерлік есепке алу және аудит саласын дамыту міндеті Қазақстан
Республикасының экономикасында бухгалтерлік есепке алу, қаржылық есеп беру
және аудит жүйелерінің өздеріне тән функцияларды одан әрі дәйекті түрде
және ойдағыдай орындау үшін қолайлы жағдайлар мен алғышарттарды қамтамасыз
ету болып табылады.
Қазақстанның әлемдік экономикаға кірігуін жеделдету мақсатында бухгалтерлік
есепке алу мен аудит жүйесін реформалаудың негізгі бағыттарын, оларды іске
асыру жөніндегі нақты тетіктерді жасау, шетелдік инвестициялардың ағынын
молайту, халықаралық нарықтарда Қазақстандық ұйымдардың бәсекеге
қабілеттілігін арттыру, қор нарығын жандандыру. Бухгалтерлік есепке
алудың өзіне тән міндеттерді тиімді орындауы үшін қаржылық есепке алу
кәсібилік, айқындылық, тәуелсіздік, өзектілік, стандарттылық сияқты
талаптарға жауап беруі, сондай-ақ бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп
беру принциптеріне және негізгі сапалық сипаттамаларға сай болуы тиіс.
Әлемдік тәжірибе түсініктілік, орындылық, сенімділік және салыстырмалылық
сияқты ақпараттың тиімділігін айқындайтын сапалық сипаттамалар халықаралық
стандарттарды тікелей пайдаланумен немесе оларды бухгалтерлік есепке алу
мен қаржылық есеп берудің ұлттық жүйесін құрудың негізі ретінде қолданумен
қол жеткізетіндігін көрсетеді.

3. Экономиканың нақты секторы ұйымдарының бухгалтерлік
есепке алу мен қаржылық есеп беруін одан әрі дамытудың
негізгі бағыттары
Бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру жүйесін дамыту елдің
экономикалық жағдайындағы өзгерістермен тығыз өзара байланыста және
шаруашылық тетіктің даму сипаты мен деңгейіне жауап беруі тиіс.
Бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру жүйесін одан әрі дамытуды
ХҚЕС-ке сәйкес бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілікте қалыптастырылатын
ақпараттың сапасын, ашықтығын және салыстырмалылығын арттыру мақсатында
мынадай негізгі бағыттар бойынша жүзеге асыру қажет:
-бухгалтерлік есепке алуды, қаржылық есептіліктің аудитін ұйымдастырумен
және жүргізумен айналысатын мамандарды даярлау және қайта даярлау;
-шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері үшін бухгалтерлік есепке алу мен
қаржылық есеп беруді жүргізу тәртібін оңайлату;
-халықаралық тәжірибенің негізінде бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық
есеп беруді реттеу жүйесін өзгерту;
-бухгалтерлік есепке алу мен аудитті дамытудың халықаралық процесіне
қатысу.
Қазақстан Республикасының Президенті кезекті Жолдауында еліміздің
Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі Қазақстанның халықаралық рыноктарда
бәсекелестік қабілетін нығайту үшін кең мүмкіндіктер ашатынын ескереді.
Осыған байланысты халықаралық стандарттар бойынша қызметтерді ұсыну сапасын
жедел арттыру қажет.
Бүгінгі таңда ХҚЕС-қа сәйкес бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп
беруді жасауда ақпаратты қалыптастыру принциптерін түсінетін, бухгалтерлік
есепке алуды жүргізудің, қаржылық есеп беруді дайындау мен аудитінің
қазіргі заманға сай дағдысы бар білікті бухгалтерлер мен аудиторлардың
жеткілікті санын дайындау міндеті тұр.
Бұл ретте бухгалтерлік есепке алу мен есеп берудің сапалы жүйесі
экономикалық шешім қабылдаған, атап айтқанда осыған байланысты капиталды
инвестициялау және тәуекелдерді талдау бағыттарын анықтаған кезде оны
пайдалану мұқтажы және дағдысы бар бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық
есеп берудегі қалыптастырылатын ақпаратқа мүдделі пайдаланушылардың
жеткілікті санының болуын қажет етеді. Мүдделі пайдаланушылардың бар болуы
бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру жүйесін дамытудың маңызды
алғы шарттарының бірі болып табылады.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев өзінің Жолдауында
төртінші басымдық ретінде қазіргі заманғы білім беруді дамытуды, кадрлардың
біліктілігін үздіксіз арттыру мен қайта мамандандыруды және Қазақстан
халқының мәдениетін одан әрі гүлдендіруді анықтады. Қазақстанның нақты
бәсекелестік қабілетін қамтамасыз ету мүмкіндігін беретін маңызды
аспаптардың бірі қалыптастыру реформасы болып табылады. Осы мақсаттарда
экономикалық және қоғамдық жаңғырту мұқтаждықтарына сәйкес келетін қазіргі
заманғы білім беру жүйесіне қажеттілік көрсетілді.
Бухгалтерлік есепші жүйесінің ХҚЕС-ға бекітілген принциптеріне көшуі
оқыту бағдарламаларын қамтитын мониторинг жүйесін қалыптастыруды жүзеге
асыруды, кадрларды, есепке алу қызметкерлерін, экономканың сабақтас
саласындағы мамандарды (аудиторларды, қаржыгерлерді) даярлау және қайта
даярлау процесіне өзгерістер енгізуді талап етеді. Осыған байланысты білім
беруді реформалау шеңберінде білім беру ұйымдары оқытушыларының
біліктілігін арттыруды ұйымдастыру, орта және жоғары оқу орындарының оқу
бағдарламаларын қайта бағдарлау, бухгалтерлік есепке алуға және
бухгалтерлердің түрлі санаттарының аудитіне оқытылатындар үшін ХҚЕС
бойынша оқу-әдістемелік жасақтаудың (ОӘЖ) үлгілік жинақтарын, сондай-ақ
кәсіби бухгалтерлер мен аудиторларды ХҚЕС-ты терең зерделеуге және оларды
тәжірибеде қолдану дағдыларын қалыптастыруға дайындау бағдарламаларын
жаңарту және жетілдіру бойынша елеулі жұмыстар жүргізу қажет.
Қаралып отырған саладағы кадрларды даярлау және олардың біліктілігін
арттыру процесінің мазмұнын анықтаған кезде, бухгалтерлік есепке алу және
қаржылық есеп беру, аудит мақсаттары үшін шаруашылық өмір фактілерінің
мәнділігін (елеулілігін) анықтаған, құндық жағынан өлшеген, саралаған және
бағалаған кезде кәсіби пірікдің деңгейін әзірлеуге ерекше назар аударылуы
тиіс.
Бухгалтер кәсібі дамуындағы қазіргі заманғы сатыда өзінің кәсіби
деңгейін үздіксіз арттырып отыруды талап етеді. Бухгалтер кәсібі соңғы
жылдары іскер және кәсіби ортада кәсіби бухгалтер атағын алған жаңа терең
мағынада білдіріледі. Бұл ретте Халықаралық бухгалтерлер федерациясы
ұсынған кәсіби бухгалтерлер рөлін, функциясын және міндетін түсінуден
бастау керек. Осындай түсінік қана қазақстандық бухгалтерлік және
аудиторлық кәсіпті халықаралық тануды қамтамасыз етеді. Осылайша, қазақстан
аудиторы қол қойған қазақстандық бухгалтерлік сертификатты немесе
аудиторлық қорытындыны рыноктың толық бағалауына есептеуге болады. Өзге
шаралардың арасында кәсіби бухгалтер атағына нақты мағынаны мамандарды
аттестаттаудың және олардың біліктілігін арттырудың тиімді жүйесі береді.
ХҚЕС-ты терең білмей ХҚЕС-қа ойдағыдай көшу мүмкін еместігін тәжірибе
көрсетті.
Кәсіпорындар мен ұйымдар қысқа мерзімді қаржы салымын салған уақытта
оның бухгалтерлік есебінде мынадай жазулар жазылады:
Мысалы: кәсіпорын 100000 (бір жүз мың) теңге көлемінде қысқа мерзімді
қаржы салымын салған деп алатын болсақ:
Д-т: Қысқа мерзімді қаржы салымы 100000 тг
К-т: Ақшалар шоты 100000
тг
Осы салған қысқа мерзімді қаржы салымы негізінде кәспорынның тапқан
10000 (он мың) теңге табысына:
Д-т: Ақшалар шоты 110000
тг
К-т: Инвестициялық қызметтен түскен табыс 10000 тг
К-т: Қысқа мерзімді қаржы салымы 100000 тг
Егер кәсіпорындар мен ұйымдар өздерінің салған қысқа мерзімді қаржы
салымы негізінде 5000(бес мың) теңге көлемінде шығын шеккен жағдайда:
Д-т: Ақшалар шоты
95000 тг
Д-т: Инвестициялық қызметтен шеккен шығын 5000 тг
К-т: Қысқа мерзімді қаржы салымы 100000тг
Ескеретін бір жағдай, кәсіпорындар мен ұйымдардың өздерінің салған
қысқа мерзімді қаржы салымы негізінде шығын шегуі қажы салымының қор
биржаларындағы немесе биржадан тыс нарығындағы ағымдағы құны кеміген
жағдайда ғана болуы мүмкін.
Қаржы салымдары (инвестициясы) шоты бойынша жүргізілетін перациялар
№ Операциялар мазмұны Дебиттелетін Кредиттелетін
шот шот
1 2 3 4
1 Сатып алу құны бойынша акциялар кіріске1110 1050, 1060,
алынды 1040, 1010,
4110, 4040
2 Берілген материалдық құндылықтар үшін 1110 1310-1350
сатып алу құны бойынша кіріске алынған
акциялар
3 Акциялар үшін есептелінген дивиденд 1270 6110
сомасы
4 Сатылған акциялар: 7420, 1010, 2040,6210
- баланстық құны бойынша 1050, 1040
- сатқаннан алынатын табыс сомасына
5 Сатылып алынған облигациялар және 2020,2010 1050, 1060,
басқадай бағалы қағаздар 1040, 1010,
6 Қысқа мерзімді қаржы салымдарының 1110 6160
ағымдағы құнының өзгеруіне байланысты
алынатын табыс сомасы
7 Қысқа мерзімді қаржы салымдарының 7430 1110
ағымдағы құнының өзгеруіне байланысты
шеккен зиян сомасына

Осыған байланысты Қазақстанда бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау
жөніндегі ұйымдарды акредиттеу жүйесін құру мәселесін мемлекеттік деңгейде
шешу Бухгалтерлік есепке алу және қаржылық есеп беру туралы Қазақстан
Республикасы Заңының жобасында көзделген. Кәсіби аттестаттау кәсіби
жарамдылығын, білімдері мен дағдыларының қазіргі заманғы деңгейін, кәсіптің
жағары этикалық нормаларын ұстануды растау құралы түрінде қаралады.

1.4. Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің қаржылық есепті
жүргізу тәртібін оңайлату
Шаруашылық тетіктегі өзгерістермен және нарықтық институттардың нақты
жұмыс істеуімен байланыссыз бухгалтерлік есепке алудағы өзгерістерді
жеделдету экономикадағы қаржылық ақпараттың сапасын төмендетуге, ХҚЕС-тың
беделін түсіруге, сондай-ақ қаржылық тәртіптің әлсіреуіне әкеп соғуы
мүмкін. Осылайша, қолданыстағы заңнамаға сәйкес ХҚЕС-қа көшу барлық
ұйымдарға қатысты, бірақ бұл ретте неғұрлым сарабдалдық ұстаным қажет.
Кешенділігіне және әдістемелік күрделілігіне байланысты ХҚЕС іс жүзінде
шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері үшін жарамсыз. Бұдан басқа, соңғы
уақытта өзіміз білетін, осы күнге дейін аяқталмаған стандарттардың өздерін
белсенді жетілдіру процесі жүріп жатыр (ХҚЕС-қа тұрақты түрде елеулі
өзгерістер енгізілуде, оған шағын компаниялардың қадағалап отыруына жағдайы
жоқ). Осыған байланысты ХҚЕС-қа сәйкес қаржылық есеп беруді ірі
кәсіпкерлік субъектілері мен көпшілік мүдделі ұйымдар ғана жасағаны орынды.
Қызметі қоғамдық мүддені білдіретін ұйымдар көпшілік мүдделі ұйымдар
болып табылады, оларға мыналар жатады:
- қаржылық ұйымдар;
- акционерлік қоғамдар (коммерциялық еместерді қоспағанда);
- жер қойнауын пайдаланушы ұйымдар (жалпы таралған пайдалы
қазбаларды өндіретін ұйымдардан басқа);
- жарғылық капиталында мемлекеттің қатысуы бар ұйымдар (жедел
басқару құқығына негізделген мемлекеттік кәсіпорындарды қоспағанда).
Мемлекет басы мен ҚР Үкіметі қойған шағын және орта кәсіпкерлікті
қолдау жөніндегі тапсырмаға сәйкес патент немесе біржолғы талон бойынша
жұмыс істейтін жеке кәсіпкерлерді міндетті түрде бухгалтерлік есепке алуды
жүргізудің толығымен босату және қалған кәсіпкерлік субъектілерінің
бухгалтерлік есепке алуды жүргізу мен қаржылық есеп беруді жасаудың түрлі
тәртібін қолдануы мақсатында санаттар бойынша бөлуді белгілеу қажет.
Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің қаржылық есеп беруді
жасауды жүзеге асыру үшін былайша бөлу ұйғарылады:
1. шаруашылық қожалығын, ауылшаруашылық өнімдерін өндірушілер мен
оңайлатылған декларацияның негізінде жұмыс істейтін ұйымдарды қоса алғанда,
шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін бухгалтерлік есепке алу барынша
оңайлатылған тиісті қаржылық есеп беру стандарты әзірленетін болады;
2. бірінші тармақта көрсетілгенді қоспағанда, шағын кәсіпкерлік
субъектілері, орта кәсіпкерлік және алдағы санатқа кірмеген коммерциялық
емес ұйымдар үшін, сондай-ақ орта кәсіпкерлік субъектілері (көпшілік
компанияларды қоспағанда) және жедел басқару құқығында негізделген
мемлекеттік кәсіпорындар үшін ХҚЕС негізінде әзірленген оңайлатылған ұлттық
қаржылық есеп беру стандартын қолдануға болады.
Шағын бизнес үшін ХҚЕС-ты қолдану күрделілігі проблемасын шағын-орта
бизнес үшін мамандандырылған стандарт әзірлеумен бірнеше жылдан бері
айналысатын ХҚЕСКҚ-да түсінеді. Әмбебап стандарт әзірлеу өте күрделі жұмыс,
өйткені шағын кәсіпкерлікке қатысты саясат және тиісінше оларға қойылатын
талап әр елде әрқалай. Сонымен қатар, осы стандартты ХҚЕСКҚ қабылдағаннан
кейін оның ережелерін бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп берудің
ұлттық жүйесіне барынша инкорпорациялауға болады.
2.1. Шаруашылық субъектінің қаржылық жағдайын талдау әдістері және оның
мазмұны
 
Қаржылық жағдайды талдау кәсіпорынның шаруашылық қызметін талдаудың
қорытындылаушы кезеңі болып табылады. Және ол 3 сатыны қамтиды: жабдықтау,
өндіріс және өткізу; бұлардың жиынтығы коммерциялық, өндірістік және
қаржылық қызметті құрайды.
              Біздің ойымызша, қаржылық жағдайды талдауды қаржылық
тұрақтылықтан бастаған жөн және оған мыналар жатады:
- кәсіпорын активтерінің құрылымдық және құрамдық динамикасын талдау;
- кәсіпорын активтерінің қалыптасу көздерінің құрамдық және құрылымдық
динамикасын талдау;
- кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының абсолюттік және слыстырмалы
көрсеткіштерін талдау;
- кәсіпорынның төлем қабілеттілігін және несие қабілеттілігін талдау.
Нарықтық қатынастың қалыптасуы шаруашылық қызметін біртұтас кешенді
талдауды ішкі (басқару) және сыртқы (қаржылық талдау) талдау деп бөлуді
қажет етіп отыр. Талдаудың бұл түрлерінің әрқайсысының өзінің негізгі
ақпараттық көздері бар.
Қаржылық талдаудың тәжірибесі қаржылық есепті оқудың негізгі ережелерін
қалыптастырды. Олардың ішінен алты негізгі әдісті бөліп қарастыруға болады:
1) көлденең талдау; 2) тікелей талдау; 3) трендтік талдау; 4) салыстырмалы
талдау; 5) факторлық талдау; 6) қаржылық коэффициенттер әдісі.  Көлденең
(уақытша) талдау - есеп берудің әрбір позициясын   өткен   кезеңімен  
салыстыру.   Ол   өткен кезеңдегімен салыстырғандағы бухгалтерлік есептің
түрлі баптарының абсолюттік және салыстырмалы ауытқуларын анықтауға
мүмкіндік береді.
Тікелей (кұрылымдық) талдау - әрбір есеп позициясының жалпы нәтижеге
тигізетін әсерін айқындай отырып, қорытынды қаржылық көрсеткіштердің
құрылымын анықтау. Ол жалпы баланс немесе оның бөлім-дері бойынша қорытынды
көрсеткіштегі жеке баптар-дың үлес салмағын анықтауға мүмкіндік береді.
Мысалы, ұзақ және ағымдағы активтердің кәсіпорын мүлкінің жалпы құнындағы,
яғни баланс валютасындағы үлес салмағы және тағы басқалар. Тікелей және
көлденен талдаулар бірін-бірі толық-тырып отырады. Сондықтан да есептік
бухгалтерлік үлгі құрылымы секілді оның жеке көрсеткіштерінің динамикасын
да сипаттайтын кестелерді жиі жасайды. Трендтік талдау барлық көрсеткіштер
100% деп алынатын базистік жыл деңгейінен, бірқатар жылдар көрсеткіштерінің
салыстырмалы ауытқуын есептеуге негізделеді. Басқаша айтқанда, трендтік
талдау әрбір есеп позициясын бір қатар өткен кезеңдермен салыстыруды және
трендті, яғни жеке кезеңдердің дербес ерекшеліктері мен кездейсоқ
әсерлерінен тазартылған көрсеткіш динамикасының негізгі тенденциясын
анықтауды көрсетеді. Трендтің көмегімен болашақтағы көрсеткіштердің мүмкін
болатын маңызы қалыптасады, ал одан кейін перспективті, болжамдық талдау
жүргізіледі.
Қаржылық талдаудың нарықгық экономика жағдайындағы көбірек таралған әдісі
әр түрлі қаржылық коэффициенттерді пайдалану болып табылады. Коэффициенттер
салыстырмалы шамалар болып табылады, оларды есептеу кезінде шамалардың
біреуін бірлік ретінде алып, ал екіншісін бірлікке қатынасы ретінде
көрсетеді. Қаржылық коэффициентерді есептеу баланстың жеке баптарының
арасында болатын өзара байланыстарға негізделген. Олар кәсіпорынның
қаржылық жағдайын кезекті факторлық талдау үшін алғашқы база болып табылады
және де олар талдау нәтижесінде талдау жүргізушіге жасырын құбылыстарды
ашуға мүм-кіндік беретін екі шаманың арасындағы өзара математикалық
қатынастарды көрсетеді.
Салыстырмалы (кеңістіктік) талдау - бұл фирмалардың, еншілес фирмалардың,
бөлімшелердің және цехтардың жекелеген көрсеткіштері бойынша есебінің
құрама көрсеткіштерін шаруашылық ішіндегі талдау, сондай-ақ берілген
фирманың көрсеткіштерін орташа салалық және орташа жалпы экономикалық
мәліметтері бар бәсекелес фирмалардың көрсеткіштерімен салыстырғандағы
шаруашылық аралық талдау болып тыбалады.
Факторлық талдау - бұл жекелеген факторлардың (себептердің) қорытынды
көрсеткішке тигізетін әсерін зерттеудің детерминдік (анықтау) немесе
ретгелмеген тәсілдері көмегімен талдау. Сонымен қатар факторлық талдау
қорытынды көрсеткіштерді оның құрамдас бөліктеріне жіктегенде - тура, ал
оның жеке элемент-терін жалпы қорытынды көрсеткішке біріктіргенде ол - кері
(синтез) болуы мүмкін.
Жоғарыда көрсетілген әдістермен қатар, қаржылық жағдайды талдауда
экономикалық (элиминирлеу, баланстық үйлесу және тағы басқа), сондай-ақ
экономикалық және математикалық статистиканың (топтау, орташа және
салыстырмалы шама, графиктік және индекстік әдістер, корреляция, регрессия
және тағы басқа дәстүрлі тәсілдері қолданылады. Белгілі бір экономика-лық
ғылым шегінде жасалған түрлі әдістер мен тәсілдерді іскерлікпен пайдалану
кәсіпорынның қаржылық жағдайына терең талдау жасауға және шаруашылық
субъектісінің қаржылық тұрақтьшығын нығайтуға, жағдайын жақсартуға
байланысты ұсыныстарды дайындауға мүмкіндік береді.
 
2.2 Қаржылық есеп беру және оны талдау
 
Бухгалтерлік баланс - кәсіпорынның жылдық есеп беруінің негізгі үлгісі.
Баланс екі бөлімнен тұрады: актив және пассив.
Активте айналым қаражатының және айналымнан тыс активтердің
синтетикалық шоттары бойынша толтырылған қалдықтарды; пассивте
міндеттемелер мен меншікті капиталды көрсетеді.
Сонымен қатар, баланста баланстан тыс шоттарда есепке алынатын
қолда бар құндылықтар туралы анықтама келтіріледі. Анықтама баланста твс
шоттар бойынша жүргізілетін есеп жүйесінің деректер бойынша жасалады.
Баланс деректері бойынша кәсіпорынның қаржы жағдайындағы талдау
жасалады.
Бухгалтерлік баланстан басқа, кәсіпорын есеп берудің мынадай
үлгерін толтырылады.
Қаржы - шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы есеп беру
табыстардың және шығындардың шоттардың жинақтап ашатын негізгі үлгі болып
табылады.
Қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы берліген есепте
мынадай ақпаратты: негізгі қызметтен келген табысты; өткізілген өнімнің
(жұмыстардың, қызметтердің) өзіндік құны; жалпы табысты; кедендегі
шығындарды; жалпы және әкімшілік шығындарды; проценттерді төлеуге жұмсалған
шығындарды; өткізу бойынша жұмсалған шығындарды; негізгі қызметтен келген
табысты (зиянды); негізгі емес келген табысты (зиянды); табыс салығын;
әдеттегі қызметет келген салық салынғаннан дейінгі табысты (зиянды);
төтенше жағдайлардан келген табысты (зиянды); таза табысты (зиянды) ашу
қажет.
Ақшалай қаражат қозгалысы туралы берілетін есеп. Есепте негізгі,
инвестициялық және қаржы жөніндегі қызметті жүзеге асыру нәтижесінде
алынған ақшалай қаражат тасқыны туралы барлық деректер, сондай-ақ қаржы
қызметін пайдаланылатын таза ақшалай қаражат, ақшалай қаражаттың және
олардың эквиваленттерінің таза көбеюі, жылдың басындағы және аяғындағы
ақшалай қаражат пен оның эквиваленттері көрсетіледі.
Кесте мәліметтері көрсетіп отырғандай кәсіпорын активтерінің жалпы
сомасы -511 мың тг-ге кеміген. Бұл көрсеткіш кәсіпорын қызмет аясының
төмендегенін көрсетеді.
              Кәсіпорын өндірістік потенциалының құны +13066 мың тг-ге
өсіп, 36780 мың тг құрағанымен, оның үлес салмағы 12,2 пунктке көбейген
              Активтер құрамындағы ұзақ мерзімді активтер мен ағымдағы
активтердің қаражат бөлінуі жыл басында тиісінше 54,2 және 14,6 %-ті
құраса, жыл соңында 45,8 және 85,4 % құраған.
              Сонымен кәсіпорын активтерінің құрылымы қалыпты деңгейде.
Дегенмен ағымдағы активтердің үлес салмағы жыл соңында төмендеген.
              Ағымдағы активтердің құрамындағы ақшалай қаражаттардың өсуі
кәсіпорынның қаржы жағдайының тұрақтылығын дәлелдейді.
Олардың көлемі бірінші кезектегі төлемдерді өтеуді қамтымасыз етуі тиіс.
Бірақ ұзақ мерзім бойына үлкен ақшалай қаражат қалдықтарының болуы айналым
капиталының дұрыс пайдаланылмауының нәтижесін көрсетеді. Көлемі аз, бірақ
ширақ қозғалатын босалқылардың болуы қаржы ресурстарының аз ғана бөлігі
қорда тұрғанын бейнелейді. Ал олардың шамадан тыс көп болуы өндіріс
белсенділігінің төмендегенін сипаттайды.
Егер баланс активінде кәсіпорын қаржаттары көрініс тапса, пассивінде
олардың қалыптасу көздері көрініс табады. Кәсіпорынның төлем қабілеттілігі
көп жағдайда оның қарауындағы қаражат түрлеріне және олар неге салынғанына
байланысты болып келеді. Тиістілік деңгейі бойынша пайдаланылып отырған
капитал меншікті (баланс пассивінің бірінші бөлімі) және қарыз болып
(баланс пассивінің екінші және үшінші бөлімі) болып бөлінеді.
 
Кесте – 11 Асыл-Дизайн ЖШС авансталған капиталының құрамы мен құрылымы

 Кесте мәліметтері көрсетіп отырғандай кәсіпорында активтерді қалыптастыру
көздерінің жалпы шамасы 107 мың тг-ге өскен. Ол негізінен қарыз капиталының
10 мың тг-ге өсуімен қамтамасыз етілген. Меншікті қаражаттардың үлесі 70
пунктке кеміген. Бұл ойдағыдай жағдай. Осы арқылы кәсіпорынның меншікті
капиталы 49.4 % құраған. Бұл жағдайлар кәспорынның қаржы жағдайының
тұрақтана түскенін көрсетеді. Енді келесі кезекте қаржы тұрақтылығы
көрсеткіштері зерттеледі.
Пайдалануына байланысты капитал ұзақ мерзімді тұрақты (перманентті) –
баланс пассивінің бірінші және екінші бөлімі және ағымдағы – баланс
пассивінің үшінші бөлімі болып бөлінеді. Меншікті капиталдың қажеттілігі
кәсіпорынның өзін қаржыландыру талаптарымен байланысты. Меншікті капитал
кәсіпорын тәуелсіздігінің негізі болып табылады. Бірақ кәсіпорын қызметін
тек өз қаражаттарының есебінен қаржыландыру әр уқытта тиімді бола бермейді
(әсіресе оның өндірісі маусымды болса) Бұл ретте жекеленген уақытта олар
жетіспейді. Сонымен қатар қаржы ресурсатарының бағасы төмен болса, ал
кәсіпорын несиелік ресурстар өтеміне қарғанда капитал салымының қайтарымын
жоғарғы деңгейде қамтамасыз ете алса, онда қарыз қаражаттар қатыстыра
отырып-ақ меншікті капиталдың рентабельділігін жоғарылата алады. 

2.3 Асыл-Дизайн ЖШС қаржылық тұрақтылығын талдау
Қаржы тұрақтылығының қатынасты көрсеткіштері қаржы жағдайын сипаттайтын
бірқатар коэффициенттермен сипатталады. Олар: тәуелсіздік коэффициенті,
тәуелділік коэффициенті, қаржыландыру коэффициенті, қарыз және меншікті
қаражаттардың арақатынасы коэффциенті, инвестицияларды өтеу коэффициенті,
инвестициялау коэффициенті және т.б.
              Тәуелсіздік коэффициенті меншікті капитал мен баланс
валютасның арақатынасы арқылы анықталады. Ол коэффициенттің оңтайлы мәні
0,5-0,6
 Кесте-12 Асыл-Дизайн ЖШС қаржы тұрақтылығының қатынасты
көрсеткіштері

әуелділік коэффициенті тәуелсіздік коэффициентіне кері шама, яғни
қатыстырылған капитал мен баланс валютасының арақатынасы арқылы анықталады.
Оның оңтайлы мәні 0,4-0,5
              Қаржыландыру коэффициенті меншікті капитал мен қатыстырылған
капиталдың арақатынасымен анықталады. Оның мәні 1-ден жоғары болуы тиіс.
Қарыз және меншікті қаражаттардың арақатынасы коэффициенті қарыз капиталы
мен меншікті капиталдың арақатынасы арқылы анықталады. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қаржылық есеп беруді жасау және ұсыну
Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есепке алу және аудит жүйесін дамыту тұжырымдамасының жобасы
ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТІЛІК ҚАРЖЫЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТТІҢ АҚПАРАТТЫҚ БАЗАСЫ РЕТІНДЕ
ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕП БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТІЛІКТІҢ СТАНДАРТТАРЫНА КӨШУ КЕЗЕҢДЕРІ
ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕП БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АУДИТТІҢ СТАНДАРТТАРЫНА КӨШУ КЕЗЕҢДЕРІ
ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕП БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТІҢ СТАНДАРТТАРЫНА КӨШУ КЕЗЕҢДЕРІ
Кәсіпорынның күмәнді дебиторлық қарыздары ұғымы
Қаржылық есептілік туралы
ПАНДЕМИЯДАН КЕЙІНГІ КЕЗЕҢДЕГІ БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕП ПЕН ЕСЕПТІЛІККЕ ТӘУЕКЕЛДЕРДІҢ ӘСЕРІ
Құрылыс өндірісіндегі бухгалтерлік есептің міндеттері
Пәндер