Орта Шығыс елдер тарихы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім Және Ғылым Министрлігі
Сырдария Университеті

РЕФЕРАТ
Пәні: Орта Шығыс елдер тарихы

Тақырыбы: Мин мемлекеті тұсындағы Қытай.

Орындаған: Бекболат С.
Тобы: География - Тарих
Тексерген: Зоржанова А.

Б.з.б. III мыңжылдықтағы Қытайдың ежелгі тұрғындары Хуанхэ өзенінің орта және төменгі ағысында тұстарын, Бохай шығанағының жанындағы жазықтықты, және Қытайдың басқа аумақтарының кең жазықтарын мекендеген. Бұл аумақтарда өмір сүрген тайпалар түрліше аталған: солтүстікте -- ли, шығыста -- и, батыста -- цзян немесе жун, оңтүстікте -- мань. Ежелгі халықтар тайпаларға біріккен рулық қауымдармен өмір сүрген және ортақ шаруашылықты жүргізген. Б.з.б. III мыңжылдықтың соңында өндірістік күштердің одан әрі дамуы, жеке меншіктің пайда болуы және қоғамның таптарға бөлінуі рулық құрылымның ыдырауына және оның орнына мемлекеттің пайда болуына алып келді. Шамамен б.э.д. 1600 ж. шығыс и тайпалары Солтүстік Қытайдың үлкен аумағын жаулап алып, өз қарсыластарын жеңді де, Шан (инь) мемлекетін кұрды.
Мин империясы - 1368 - 1644 жылы Қытайда билік құрған мемлекет. Моңғолдар билеген Юань әулетінің орнына құрылды. Қытайлардың моңғолдарға қарсы ұзаққа созылған күресі (1350 - 56) нәтижесінде дүниеге келді. Астанасы алғашқыда - Нанкин, 1421 жылдан Пекин қаласында болды. Әулеттің негізін салған Чжу Юаньчжан (Тай-цзу) (1368 - 98 жылдары). Ол империяны қатаң тәртіпке негізделген әдіспен басқаруды жолға қойып, мемлекеттік қызметке орналасудың үш сатылы жүйесін енгізді (1382 жылы). Мин империясының билеушісі Хуэй - ди (1398 - 1402 жылдары) ақсүйектердің құқығын тежеуге тырысты. Чжу-Ди (1402 - 24 жылдары) 1421 жылы мемлекет астанасын Нанкиннен Пекинге көшірді. Ол Моңғолияға қарсы соғыс жорықтарын жасады. 15 ғасырдың басында басталған Қытай мен Моңғолия арасындағы шиеленіс ұзаққа созылды. 1449 жылы ойраттардың билеушісі Эсен хан бірнеше моңғол тайпаларын біріктіріп, Қытайға басып кірді. Ол Қытай императорын қолға түсіріп, Пекинді қоршауға алды. Тек 1488 жылы екі ел арасында бейбіт бітімге қол жетті. 15 ғасырдың басында Қытайға Әмір Темір империясы қауіп төндірді. Әмір Темір ұлы Жібек жолына бақылау жасауды өз қолына алды. 1405 жылы Ақсақ Темірдің кенеттен қайтыс болуы Қытайға төнген қауіпті сейілтті. Дегенмен оңтүстік бағыттағы Мин империясының белсенді сыртқы саясатының арқасында Қытай қазіргі Гуйчжоу провинциясы жеріндегі халықты бағындырып, біржола өзіне қосып алды.

Вьетнам (1406 - 27 жылдары), Цейлон (1408 - 56 жылдары) және оңтүстік - шығыстағы 20 патшалық Қытайға тәуелді болды. Бірақ өлы Жібек жолының Орталық Азиялық бөлігі Мин империясының бақылауынан тыс қалды. 1405 - 33 жылдары Мин империясы Әмір Темір империясына қарсы одақтас ел табу үшін Оңтүстік Азия елдеріне, Үндістанға, Парсы шығанағына, араб елдеріне және Африкаға зор ауқымдағы 7 теңіз экспедидициясын аттандырды. Жапония аралдарымен, Жоңғариямен, Қашқариямен, Сібірмен сауда байланыстарын орнатты. Мин империясының кезінде қолөнер, кеме жасау, мануфактура өндірісі дамып, қалалар өсті, ақша қатынасы дамыды. өлы Қытай қорғанының бұзылған жерлері қалпына келтіріліп, сәнді сарайлар мен ғибадатханалар салынды. Халықтың өсімі ұлғайды. Пекин мен Нанкиннің тұрғындары 1 миллионға жетті. 15 ғасырдан бастап еуропалықтармен (Португалия, Голландия) байланыс орнады. Еуропалық миссионерлер Қытайда христиан (католик) дінін насихаттай бастады. Дегенмен 16 - 17 ғасыларда әлеуметтік күрес шиеленісіп, шаруалар көтерілісі жиі бой көтерді. 1628 - 44 жылдары. Қытай тарихында ұзаққа созылып, кең аумақты қамтыған Ли Цзычен бастаған шаруалар көтерілісі нәтижесінде Мин империясы құлады.

Батыс және орталық Еуропа мәдениеті тарихындағы орта ғасырлық мәдениеттен жаңа заман мәдениетіне өту дәуірі екі ұлы мәдени қозғалысты -- Қайта жаңғыру дәуірі мен Реформацияны қамтиды. Ренессанс деген атпен белгілі болған Қайта жаңғыру дәуірі ақсүйектік сипатта болса, ал Реформация қозғалысы -- діни бағытта жүзеге асырылды. Қайта жаңғы ру идеялары бұқара халықтың арасынан гөрі, қоғамның үстемдік етуші таптарының арасында кеңінен тараса, ал Реформация идеялары бүкіл халық тарапынан кең қолдау тапты. Қайта жаңғыру дәуірі мен Реформацияның өзара қарым-қатынастары әрі күрделі, әрі бір қалыпты емес, бірақ соған қарамастан бұл мәдени төңкерістер жаңа заманның жаршысы, адамзат баласының мәдениет саласындағы жарқын кезеңдерінің бірі болды.
Б.з.б. 140 - 87 жылы конфуцийшілдік ресми идеологияға айналды. Хань әулеті тұсында бірыңғай қытай халқы қалыптасты. Халық өзін ханьдықтармыз деп атай бастады. Бірақ 184 жылы 20 жылдан астам уақытқа созылған көтерілістен Хань әулеті құлап, үш патшалық құрылды. Хань әулетімен бірге Қытайда құл иеленушілік қатынастар да жойылып, жаңа қоғамдық қатынастар (феодализм) орнады.
Солтүстік Қытайды көшпелі тайпалар басып алды. Елде түрлі кезеңдерде қытайлық емес 16 патшалық құрылды.
630 жылы Шығыс Түрік қағандығын жойды. 8 ғасырдың бас кезінде Жетісуға басып кіріп, 751 - 52 жылы Атлах шайқасында арабтар мен жергілікті түркі тайпаларының одағынан күйрей жеңілді. 10 ғасырдың басына қарай Тан империясы ыдырап, 960 - 1279 жылы Оңтүстік Қытайды Сун әулеті біріктірді. Солтүстікте, солтүстік-шығыста, солтүстік-батыста көшпелі тайпалар билеген мемлекеттер өмір сүрді. Олар бір-бірімен және Сун әулетімен үздіксіз соғыстар жүргізді. 17 ғасырдың аяғына қарай олар Халханы (қазіргі Моңғолияны) жаулап алды, 1757 жылы жоңғар хандығын жойды, Шығыс Түркістан Шыңжаң (жаңа шекара) ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ежелгі Таяу Шығыстағы өркениеттің бастамасы
«Этнология» пәнінен дәрістер
ҚХР (тарихы және қазіргі заман) Экономикасы
Жаңа Жібек Жолы туризм ретінде болашағы
Түркі әлемі мен Ұлы Жібек жолының арасындағы сабақтастық
Мәдени мұралары
Мемлекеттің саяси биліктері үшін күрестер
Египет Араб Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы қарым қатынастың даму тарихы (1992-2003 жылдар)
Тарих бастауының сақ дәуірі
Қытай Халық Республикасы туралы мағлұмат
Пәндер