Ұлттық шығармашылық интеллигенция тарихының теориялық мәселелері



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті

Білім беру факультеті Қазақстан тарихы кафедрасы

ШАҒЫН ЖОБА

Пән: Қазақстанның қазіргі заман тарихы
Тақырыбы:ХХ ғасырдың 20 - 40-жылдарындағы қазақ зиялыларының қилы тағдыры.

Орындаған: МСС-21-1 оқу тобының студенттері Мингбаев Нұртілек
Көнебаева Жансұлу
Орысбай Айбек
Тоқтамысова Лаззат
Ғабит Нұрсұлтан
Ғылыми жетекі: аға оқытушы Исаева Л.Н.

Ақтау, 2022

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1 Ұлттық шығармашылық интеллигенция тарихының теориялық мәселелері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
1.1 Шығармашылық қауым тарихын кезендерге бөлу мәселелері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
1.2Кеңестік шығармашылық интеллигенциясы қалыптасуының бастапқы кезеңі (1917-1925 жж.) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9
1.3Кеңестік шығармашылық интеллигенцияның алғашқы өкілдерінің қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...12

2. Көркемөнер интеллегенциясының өсуіндегі қайшылықтар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15
2.1 Ұлттық шығармашылық интеллигенцияның жаңа топтарының шығуы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15
2.2 Кеңес өкіметінің ұлттық шығармашылық интеллигенциясынап
қатысты ұстанған саясаты (1933-1941жж.) ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .18
2.3 Қазақстан кеңесік шығармашылық интеллегенциясының қуғындалуы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..21

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...24

Пайдаланған деректер мен әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25

Кіріспе
Қазақстан өз тәуелсіздігін алғаннан бері 17 жылға аяқ басты. Осы уақыт аралығында егемен ел ауыз толтырып айтарлықтай елеулі табыстарға қол жеткізді. Республикадағы саяси-экономикалық, әлеуметтікмәдени өзгерістер жасалды. Мұндай құбылыс ғылымға да тән болды. Отандық тарих ғылымы тың деректер негізінде жазылған салиқалы еңбектермен толтырылды.
Төл тарихымыздың қай кезеңін алып қарасақ та, зиялы атанған адамдар, халқына қызмет істеген оқығандар, интеллигенцияның таңдаулы өкілдері ұлттық элита қатарында болып келді. Оның себебі - халқымыз рухани бай адамды материалдық жағынан дәулетті адамнан жоғары санап, сыйлап келді. Қазақта өте зор ауқатты, "шіріген" байлар аз болмаған, алайда олардың бірен-саранының ғана есімдері тарихымызда сақталған. Ал сөз өнерінің (саз өнерінің де) майталман өкілдерінің есімдері мен туындылары ел жадында мәңгі сақталып, ұрпақтан-ұрпаққа жетіп отырған.
Марксизм-ленинизм классиктерінің ой еңбегінің адамдары әрдайым үстем таптың жаршысы ("сарай ақындары") болып келді деген тезисі қазақ тарихында расталмайды. Бұрынғы ақын-жыршыларымыздың мұраларында қазақ-қалмақ, қазақ-шүршіт, қазақ-орыс шапқыншылық соғыстары, ел ішіндегі руға бөлінушілік, хан мен қараның арасындағы қатынастар көрініс тапса, ХХ ғасыр ұлы Абай салған дәстүр - жаман менен жақсының, білім-ғылым мен надандықтық таласы, ұлт тағдырына пайдалы мен зиян құбылыстардың қайшылықтары ашып көрсетілген, елдің санасын оятып, өркениет биігіне шақырған шығармалармен басталды.
"Біз қазақ зиялыларының жалпы тарихын жазар белеске келіп қалдық, - деп жазды академик М.Қ.Қозыбаев. - Онда зиялы қауым кім, ол қай заманда жеке тап болып, топ болып қалыптасты, қандай кезеңдерді басынан кешірді, қазақ зиялыларының өркениетке қосқан үлесі қандай? - деген сияқты келелі сауалдарға жауап беруіміз керек. Бұл үшін зиялы қауым тарихымен айналысар жас албырт буын тарихшылар тәрбиелеуіміз керек" .
Осы себепті әлі де болса ғылыми түсінігіміз толық қалыптасып үлгермеген, шынайы бағасын алмаған өзекті мәселелердің бірі - осы ұлттық интеллигенцияның тарихы. Мәселенің кейбір қырлары әртүрлі 3 ғылыми әдебиетте кездескенімен, мақсатты түрде жеке зерттеу объектісі ретінде осы күнге дейін қолға алынбай келген еді. Өзімізге дейінгі интеллигенция тақырыбына қалам тартқан бірталай ғалымдардың еңбектеріне құрметпен қарағанның өзінде, өз шешімін күткен көптеген маңызды үлкен ғылыми проблемалардың бар екендігіне көзіміз жетеді.

Тарихи әдебиетте қазақтың шығармашылық интеллигенциясының қалыптасу жолы жүйелі әрі жаңа тұрғыдан сараланып зерттелмей келгендіктен оның орны әлі толық анықталған жоқ. Оның басты өзіндік ерекшеліктері - ұлт санасын қозғаушы рөлін атқаруы, тоталитаризмге қарсылық көрсеткендердің алдыңғы қатары болуы, т.б. көптеген аса маңызды, өнегелі-тағылымды іс-әрекеттері ашылмай келді. Оның үстіне бұл тақырыпта ертеректе жазылған дүниелер де өзін жаңғыртуды қажет етеді. Зиялылардың жеке өкілдерінің (Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Жүсіпбек Аймауытов, Сәкен Сейфуллин т.б.) шығармашылығы мен қоғамдық-саяси қызметі жөніндегі кандидаттық диссертациялар деңгейінде жүргізілген зерттеулер проблемалар мен сұрақтарды азайтудың орнына көбейте түсуде. Әдебиетші-ғалымдардың еңбектерінің көбінде олардың шығармашылығына ден қойылып, қайраткерлік, күрескерлік қызметі, қоғамдық ойға тигізген әсерлері туралы жазғанда дәлсіздіктерге, қайшылықтарға жол береді. Бұл зерттеулер байыпты қорытуды қажет етеді. Аталған тақырып қазақ топырағында ұрпақтар сабақтастығы, ұлттық дәстүрлер жалғастығы тұрғысынан өзінің өзектілігімен ерекшеленеді. 4 Ұлттық шығармашылық интеллигенцияның алғашқы ұрпағының аса күрделі өмір жолын тиянақты зерттеудің үлкен ғылыми мәнімен қатар тәрбиелік маңызы да зор. Шығармашылық интеллигенция өкілдерінің көпшілігі өз замандастарына рухани ұстаз болуымен бірге, кейінгі ұрпақтар үшін де жарқын өнеге болып табылады. Олардың өмірі де, туынды-шығармалары да жастарымызға халықшылдық, патриоттық, адамгершілік сезімдерін баулуға септігін тигізіп, ұлттық сананы жетілдіруге қызмет етеді

Отандық тарих ғылымына аз да болса өз үлесімізді қосу мақсатында жас тарихшы - зерттеушілердің назарына осы еңбегімізді ұсынып отырмыз.
Оқу құралы зиялылар тарихына зерттеулер жүргізетін жас ізденушілерге көмегін тигізіп, ғылымды ілгерілетуге септеседі деп сенеміз. Оқу құралының мақсаты - тарихтың әрқилы бұрылысында, әсіресе үлкен сілкіністер, күрделі қоғамдық құбылыстар тұсында қазақ зиялылары соның ішіндегі шығармашылық зиялылар ұлттық мүддені толымды түрде білдіретін зор күшіне айналып отырды. Осындай тарихи кезең - ХХ ғасырдың алғашқы жартысында, нақты айтқанда 20-40 жылдары қазақ қоғамында атқарған рухани жетекшілік ерекшеліктері мен заңдылықтарын, жас зерттеушілерге, студенттерге, меңгеруге көмектесу, зерттеулер жүргізуге үйрету.
Оқу құралының міндеттері: - келешек тарихшы мамандарды интеллигенция ұғымын нақтылап, оның ауқымын анықтауға, жүйелеуге үйрету; - әртүрлі кезеңдерде жазылған зиялылар ұғымының методологиялық негіздеріне, ерекшеліктерін ескеріп, толтыруға машықтау; - ғылыми зерттеулердің ұтымды тұстарымен қатар тарихнамалық әдістерді тиімді пайдалану арқылы айқындау, баға беру қабілетін қалыптастыру; - еңбектерде сыни талдау әдістерін меңгеруге көмектесу; - ғылымда зерттелмеген тың мәселелерді бүгінгі тарих ғылымының жетістіктеріне сүйену арқылы анықтау жолдарын көрсету. Айта кетерлік жайт, оқу құралы қазақ интеллигенциясының тарихын толық қамтымайды. Бұл еңбек автордың қазақ зиялыларының алғашқы буынының өкілдерін жазудағы алғашқы қадамдарының бірі, келешекте зиялылар қауымына байланысты ауқымды, әрі тың, жаңа көзқарастар негізіне арналған шығармалар жарық көрер деген үміттеміз.

Ұлттық шығармашылық интеллигенция тарихының теориялық мәселелері
Кеңестік дәуірде "халық интеллигенциясы" біртұтас "кеңес халқының" құрамдас бөлігі саналды. Интеллигенцияны іштей жіктеу олардың мамандығы мен қызметіне байланысты жүргізілді. Ал олардың дүниетанымындағы айырмашылық, өзгешеліктері арнайы зерттелмеді. Кеңестік интеллигенция түгелімен дерлік саяси көзқарасы біркелкі коммунистік партияның бағытында делінді. Мұндай біржақты түсінік шығармашылық интеллигенцияның ішкі өзгерістерінің мәнін жоққа шығарды. Ал іс жүзінде шығармашылық интеллигенция өзге әлеуметтік топтарға қарағанда ішкі жіктелісі көбірек болды. Шығармашылық жұмыстың өзі адамнан даралықты, ой тәуелсіздігін талап ететіндігі белгілі. Сондықтан шығармашылық интеллигенцияның тарихын зерттеуде жеке тұлғалардың өзіндік ерекшеліктері мұқият ескерілуімен бірге, әлеуметтік топ ретінде алып қарағанда да қандай болмасын біржақтылыққа жол берілмеуге тиіс. Бұл басты әдістемелік талаптың бірі болғандықтан, кеңестік дәуірде жазылған тарихи, әдебиеттану және өнертану саласындағы туындылар қайта қаралуына негіз болып табылады.
"Біз өзіміздің мәдени тамырымыздан едәуір ажырап қалдық. Оның есесіне өзге өркениеттер әсеріне көбірек ұшырадық", - деп әділін жазды Елбасшымыз Н.Ә. Назарбаев. Аталған құбылыстар ұлттық шығармашылық интеллигенцияның ауыр тағдырына тікелей байланысты болған өзгерістер.
Еуропоцентристік көзқарас тұрғысынан алғанда қазақ интеллигенциясы Кеңестік дәуірде, мәдени революциядан соң, қазақтар жоғарғы білімге ие бола бастаған уақытта қалыптасты. Оған дейін, көшпелілер мәдениетіне кемсітіп қарайтын Еуропа үшін, қазақ қараңғы, надан халық есебінде жүрді. Қазақ зиялысы Сұлтанмахмұт Торайғыров: "Өнерлерді бұрын иеленген жұрт, кешірек қалған жұртты алып жейтін аңым, тамағым деп білді" дегенде осы кемсітушілікті меңзеп жазған еді [2]. КСРО тарихшылары дәстүрлі қазақ қоғамында ежелден бері ой еңбегімен айналысқандардың, ақын-жырау, билер, зиялылардың өмір сүргендігін есепке алмады. "Интеллигенция" ұғымына Маркс, Ленин берген анықтамаға сәйкес келмегендіктен, қазақта ол "болған жоқ" деген ресми тұжырым жасалды. Қазақты былай қойғанда Кеңестік интеллигенцияның өзі пролетариат пен шаруа сынды алып таптардың аралығындағы пәлендей маңызы жоқ өте жұқа жік саналды.
Ұлттық шығармашылық интеллигенцияның тарихын объективті зерттеу үшін тарихшыға мәдениеттану атты үлкен ғылымның құрамдас бөліктері - әдебиеттану, өнертану, ғылымтану, театртану сияқты әрқайсысы дербес ғылымға айналған ілімдердің жетістіктерін ұқыпты түрде зерделеп-қорытуға тура келеді. Екінші жағынан, шығармашылық интеллигенция әлеуметтік жік болып табылатындықтан (кейде әлеуметтік топ деп те аталады), әлеуметтану ғылымының заңдары тұрғысынан мұқият тексеріліп, қоғамдық дамудағы орнын дөп басып, тарихи мән-маңызын ашып көрсетілуі қажет.

Шығармашылық интеллигенцияның қызметі әдеби, яки көркемөнер туындыларын жасаумен ғана шектеліп қоймайды. Шығармашылық интеллигенцияның өзге интеллигенциядан айырмашылығы да - оның қызметінің айрықша қоғамдық-әлеуметтік маңызы болуында. Хронологиялық шеңбердегі ұлттық шығармашылық интеллигенцияның қызметіне қатысты тарихи тұрғыдан жете зерттеуді қажет ететін бес түрлі мәселені ерекше бөліп атау керек.
Біріншіден, жиырмасыншы ғасырдың әсіресе алғашқы ширегіндегі шығармашылық интеллигенция қызметінің басты мазмұны мен мақсаты - ұлт-азаттық қозғалысқа құлшына араласуы, жетекшілік етуі. Бұл - қазақ зиялыларының, шығармашылық интеллигенцияның көптеген өкілдерінің қоғамдық-саяси белсенділігі шыңына жеткен кезең болды. Ұлтына қорған болу әрекеттері жеке зиялылардың іс-қимылынан елуінші жылдарға дейін байқалды.
Екіншіден, ұлт азаттығына қол жеткізудің жолы - ел бірлігін орнату деп білген шығармашыл қайраткерлер қазақтың жалпыұлттық ынтымағын қалыптастыруға қызмет етті. "Айқап" пен "Қазақ", "Алаш" пен "Сарыарқа", "Ақжол" мен "Еңбекші қазақ" ашық та астарлы түрде ауызбірлікке, татулыққа шақырып, Абай ұлағаты "Біріңді қазақ, бірің дос, көрмесең істің бәрі бос" сөздерін іске асырмай түпкі мақсаттарға жетудің қиын екендігін ел-жұртына түсіндірумен болды. Оқығандар өздерінің идеолог ретіндегі парызын әртүрлі атқарды.
Үшіншіден, тарихшы көзімен қарағанда, шығармашылық интеллигенция қызметінің ең маңызды қырларының бірі - ұлттық мәдениетті, салт-дәстүрлерді, қазақтың бүкіл рухани құндылықтарын отаршылдардан қорғау болды.
Төртіншіден, жиырмасыншы ғасырдың бірінші жартысындағы елдің рухани жетекшілері алдында тұрған күрделі тарихи міндет - қазақ халқының сауатын ашу, білім, ғылым, техникаға тарту арқылы мәдени дамуын жеделдету, әлеуметтік-экономикалық артта қалушылығын жою. Бұл салада да интеллигенция қауымының тарихи әдебиетте әлі көрініс таппаған мақтан етерлік жетістіктері мен ұяларлық кемшілік, қателері жетерлік болды.
Бесіншіден, шығармашылық интеллигенцияның бірі - талай жеке өкілдерінің өмірбаяндарын тарихшылар емес, өзге маман иелері жазғандықтан тарихшы көзімен қарағанда көптеген "ақтаңдақтар", көмескі беттер, сәйкессіздік, бұра тартушылықты көрмеуге болмайды. Оның үстіне тарихи зерттеулерде де, өзге де гуманитарлық ғылымдарда да ескі идеологияға бейімделіп жазылған пайымдаулар жаңаша ой түзеуді қажет етеді.

Шығармашылық қауым тарихын кезеңдерге бөлу мәселелері
Қазақстанның саяси басшылығы ақын-жазушыларды есепке алып олардың әр қадамын жіті бақылауына алуға тырысты. Шамамен 1926-1927 жылдары БК(б)П Қазақ өлкекомы Баспасөз бөлімінің меңгерушісі Ғаббас Тоғжановқа Халық ағарту халық комиссариатынан жіберілген құжатта (авторы М.Жолдыбаев немесе Сәбит Мұқанов болуға тиісті) 24 қазақ қаламгерлерінің есімдері аталып, саяси көзқарастарымен әдеби шығармашылығының сипатына қарай екі топқа бөлініп көрсетілген [39]. Халықшыл, ұлтшыл бағыттағы ақын-жазушылар делініп 14 қаламгер аталады: 1. Ахмет Байтұрсынов; 2. Елдос Омаров; 3. Жүсіпбек Аймауытов; 4. Халел Досмұхамедов; 5. Мұқтар Әуезов; 6. Міржақып Дулатов; 7. Мұхамеджан Тынышбаев; 8. Телжан Шонанов; 9. Әлихан Бөкейханов; 10. Жұмағали Тілеулин; 11. Мағжан Жұмабаев; 12. Қошке Кемеңгеров; 13. Ғаббас Нұрымов; 14. Ахметсапа Юсупов (Жүсіпов). Ал революциялық бағыттағы қазақ жазушылары делініп 10 қаламгер аталған: 1. Нәзір Төреқұлов; 2. Ғаббас Тоғжанов; 3. Молдағали Жолдыбаев; 4. Бейімбет Майлин; 5. Смағұл Сәдуақасов; 6. Сәкен Сейфуллин; 7. Ілияс Жансүгіров; 8. Әбдірахман Байділдин; 9. Ерғали Алдонғаров; 10. Қажым Басымов. Ақын-жазушыларды былайша жіктеу бүкіл кеңес дәуіріне тән болды. Қаламгерлерді біріне-бірі қарсы топтарға бөлу саясаты коммунистердің идеологиялық үстемдігін нығайту мақсатында жүргізілді.
1917-1941 жылдары қызмет еткен ақын-жазушыларды аға буын, орта буын және жас буын деп жіктеуге әбден болады. Соңғы уақытқа дейін осы уақыт кезеңінде өмір сүрген қаламгерлерден Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин, Ілияс Жансүгіров, Мұхтар Әуезов, Сәбит Мұқанов - бесеуінің есімі аталып, қазақтың кеңестік әдебиетіне әуел бастан араласқан және сол әдебиеттің іргетасын қаласып, негізін салысқандар ғана аға буынға жатқызылып келді. "Алыптар тобы" аталған осы бес қаламгер қазақтың кеңестік әдебиетінің классиктері ретінде марапатталып келді.

Кеңестік шығармашылық интеллигенциясы қалыптасуының бастапқы кезеңі
(1917-1925 жж.)
Өлкедегі сауатсыздықты жою желеуімен Қазревком 1920 жылдың 28 қыркүйегінде тағы да ұлттық интеллигенцияға жаппай мобилизация жариялады. Бұл жолы интеллигенциямен қатар "мектепте сабақ беруге жарамды" барлық адамдар, атап айтқанда он (10) дәрежелі білімі барлардың бәрі есепке алынды: 1) жоғары білімділер; 2) орта білімділер; 3) арнаулы педагогикалық оқу орындарын бітіргендер; 4) жоғарғы бастауыш училищелерді бітіргендер; 5) медресе тамамдағандар; 6) екі сыныпты училище бітіргендер; 7) бір сыныпты бастауыш училище түлектері; 8) "земское одноклассное училище" аталған оқу орнын бітіргендер; 9) мектептер (бұл жерде жиырмасыншы ғасырдың басынан бастап пайда бола бастаған болыстық, ауыларалық жәдид мектептері айтылған болу керек) және 10) өз бетімен хат таныған (самоучки и лица с домашним образованием" делінеді ), бастауыш арифметика амалдарын жақсы білетін және сауатты жаза алатын адамдар [49]. Көріп отырғанымыздай, өкіметтің пәрменімен қандай болмасын оқып-тоқығаны бар барлық азаматтар есепке алынып, қызметке тартылуға тиіс болды. Алайда бұл жолы да Кеңес өкіметі қазақтың барлық оқығандарын өзіне қызмет еткізе алмады. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ ұлт зиялыларының қалыптасуы және тарихтағы ролі
«Бекмаханов ісі» ХХ ғасырдың 40-50 жылдардың ортасындағы республикадағы шығармашылық интеллигенция
Оқу-ағарту, ғылыми мекемелер мен өнер саласындағы мәдениетті қалыптастырудың алғышарттары
Инженер - техникалық интеллигенцияның өнертапқыштық
ХІХ ғасырдың ІІ жартысы – ХХ ғасыр басындағы қазақ интеллигенциясы: тарихы мен тарихнамасы
Г.Н. Потанин және қазақ зиялылары: саяси және рухани көзқарастарды тарихи талдау
Кеңестік шығармашылық интеллигенциясы өкілдерінің қызмет кезеңі (1917-1925 жж)
Қазақстанның қайталанбас тарихи - мәдени және сәулет ескерткіштерін қалпына келтіру, тұмшалау мен пайдалану
ХІХ ғ. соңы ХХ ғ. басындағы қазақ зиялыларының қалыптасуының алғышарттары
Түркістан ұлттық элитасының қалыптасуы мен қызметінің тарихы (1900-1924 жж.)
Пәндер