Қазақ әліпбиінің жүйелері


«Әулиекөл ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Көктал орта мектебі»ММ
Латын әліпбиіне көшу:проблемалары мен перспективалары
Орындаған : Даурембеков Дамир 11сынып оқушысы
Жетекшісі: Бабирова Даркеш Бегдилдаевна
2017-2018 оқу жылы
Абстракт
Латын әліпбиіне көшу өткен ғасырларда түрлі тарихи, саяси жағдайларға байланысты дүниенің төрт бұрышына тарыдай шашылып кеткен қазақ баласының басын қосушы фактордың біріне айналар еді. Өйткені бәріміз бір тілде сөйлегенімізбен, әртүрлі әліпбиді пайдаланамыз, мәселен, Ресейде, Монғолияда өмір сүретін қандастарымыз - кириллицаны, Қытай, Ауғанстан, Пәкістанда тұратын бауырларымыз - төте жазуды (араб жазуын), ал Түркия мен Еуропа мемлекеттерін мекендейтін алаш перзенті - латиницаны қолданады. Бұл, әрине, өзара хат-хабар алмасуды күрделендіріп, жазу арқылы тілдесуді қиындатады. Яғни латын әліпбиі - әлем қазақтарының рухани бірлігінің негізі деп айта аламыз.
Менің ғылыми ізденушілік тақырыбым « Латын әліпбиіне көшу:проблемалары мен перспективалары деп аталады. Латын әрпі жаһандану заманында техникалық қиындықсыз әлемнің кез келген нүктесінен ақпаратпен алмасуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар ағылшын тілін меңгеруіне де жеңілдік туғызады. Әліпбиді ауыстыру қазақ алфавитіндегі артық белглілерден арылтады, орфографияның ерекшіліктерін сақтап фонетикалық жүйесін ретке келтіреді. Яғни «Латын әліпбиіне көшу ?» деген бүгінгі күннің сауалы - ел келешегін ойлаған әрбір азаматтың көкейкесті мәселесі болып отыр. Мені де осы сұрақ ойландырды қолданылып келе жатқан әліпбиімізді латын жазуына ауыстыру бізге не береді, неден ұтамыз, неден ұтыламыз деген секілді сұрақтарға жауап іздеп өз жұмысымды бастап кеттім. Мақсаты: Латын әліпбиіне көшу - қазақ тілінің халықаралық дәрежеге шығуына жол ашатынын түсініп, болашақ ұрпақтың тәрбиесіне орын алатынын айқындау. Осыдан шығатын міндеттер:
- Тиісті әдебиеттер мен БАҚ-ға мақалаларды жинақтау және танысу;
- Балалар арасында “Латын әліпбиіне көшу дұрыс па?» деген сұрақта сауалнама, бақылау арқылы анықтау.
- Ұсынылған латын әліпби үлгісін оқушыларға таныстыруӨзектілігі:Латын тіліне өтіу бүгінгі таңда мәдени және рухани жаңартудың негізгі фактордың бірі болып табылады, себебі қазақ тіліндегі латын графикасы ұлттық болмыстың меңгеруіне үлкен көмек көрсете отырып әлемдік кеңестікке Қазақстанды интеграциялауға көмектеседі. Сондай -ақ қазақ тілін халықарылық деңгейге көтереді. Латын әліпбиі арқылы жастарда көптеген мүмкіндік туады. Жаңалығы:Ұсынылып отырған латын әліпбиі үлгісін оқушылармен бірге қолдана отыра қаншалықты тиімді екенін сараптау. Болжам:Егер латын әліпбін бұрын қабылданған жетістіктері мен кемшіліктерін зерделесек онда қазіргі латын әліпбиі қолданысқа оңтайлы кірер еді. Зерттеу жұмысы 3 кезеңнен тұрадыЗерттеу пәні:Латын алфавитінің енгізілген әдістер мен формаларЗерттеу объектісі:латын әліпбиіПрактикалық құндылығы:Мектептерде оқушылырға «Латын әліпбиіне көшу-уақыт талабы» екендігін насихатайтын еріктілер топтарын құру. Латын әрпімен жазуға үйрететін факультативті сабақтар қою. Осы жобаны жүзеге асыру мақсатында түрлі іс-шаралар, байқаулар ұйымдастыру.
Аннотация
Қазіргі тіл білімін жан-жақты зерттеп жүрген ғалымдар, зиялы қауым өкілдері, тіл жанашыр қаламгерлер жаңа ғасырдағы қазақ әліпбиі қандай болу керек деген сұрақ төңірегінде әрқилы пікірлер айтылуда. Кириллицамен қала береміз бе? Әлде латын жазуына көшеміз бе? Мен өз таңдауымды жасадым. Әрине, ол -латын әліпбиі. Осы жұмысымда мен латын қарпіне көшудегі мақсатымыз бен міндетімізді көрсетуді көздедім. Оның проблеммаларын анықтап шығу жолын іздеуге ұсынамын.
Негізгі бөлім
І. Латын әліпбиі тарихынан
1. 1 Ахмет Байтұрсынов-қазақтың алғашқы фонологі
Қазақ тіліндегі дыбыстар жүйесін арнайы зерттеп, әліпби құрастырған қазақтың алғашқы фонологі - Ахмет Байтұрсынұлы. А. Байтұрсынұлы - өзінің бүкіл саналы өмірін қазақ жазба тілін лексикалық шұбарлықтан, басқа тілдердің синтаксистік ықпалынан тазартумен айналысып, қазақ тілі ғылымын дамытқан ірі ғұлама. А. Байтұрсынұлы қоғам, ғылым және мәдениеттің өркендеуі жазу арқылы іске асатынын жақсы түсінді. Ғалым сауатсыздықты жою үшін әріп, оқулық мәселесін кезек күттірмейтін мәселе екенін біліп, 1910 жылдан бастап, араб жазуының қазақ тілі үшін қолайлы емес жақтарын түзеп, оны тілдің дыбыстық ерекшеліктеріне сай етіп, сингармониялық ұлттық әліпби түзеді. Сөйтіп, А. Байтұрсынұлы полиграфиялық жағынан қолайлы-қолайсыз жерлерін, оқыту процесіндегі тиімді-тиімсіз жақтарын таразылай отырып, 24 әріптен тұратын әліпби құрастырады. Дауысты дыбыстар: а (ا), о (و), ұ (وو), ы (ى), е (ه) Дауыссыз дыбыстар: б (ب), п (ﭗ), т (ت), ж (ج), ш (ﭺ), д (د), р (ر), з (ز), с (س), ғ (غ), қ (ق), к (ك), г (ﮒ), ң (ﮎ), л (ل), м (م), н (ن) Жарты дауысты дыбыстар: у (و. . ), й (ﻱ) [8] Әліпбиде қазақ тіліне тән, төл дыбыстарға ғана орын беріліп, кірме дыбыстар алынбайды. Ғалым гетерогенді сипат алған емлені, әліпбиді жалпыхалықтық, ұлттық негізде қарастырады. Сондықтан А. Байтұрсынұлының бұл жазу жүйесін ұлттық қазақ жазуы деп атаймыз. А. Байтұрсыновтың реформалауынан кейін араб жазуын бүкіл түркі жұрты ұлттық жазу жүйесі деп таныса да, күштеу саясаты өз дегеніне жетіп тынады. Латын жазуына қарсыларға саяси айып тағылып, тіпті заң қорғау орындары да араласа бастайды. Жаңа әліпби қабылданғаннан соң, араб әліпбиін қолданатындарға шектеу қатты болып, өкіметтің уәкілдері тарапынан бақылауда болады. Латын жазуын қабылдағанда қол жетер нәтижеміз неде? деген тәрізді сұрақтар өз уақытында қойылғанмен, оларға жауап бұрмаланып, бүркемеленіп, басты саяси-идеологиялық мақсатты құпия қалдырып келген. А. Байтұрсынұлы реформалаған араб жазуымен тез арада, әрі жеңіл, оп-оңай сауат аша бастаған қазақ халқын тағы да жаңадан латын таңбасымен қайтадан сауат ашуға мәжбүр етті. XX ғ. бірінші ширегінде Орта Азия халықтарының арасында латын әліпбиіне көшу процесі үдей түседі. Сонымен қазақ жазу тарихындағы ұлттық жазу мен оның латын графикасына көшу кезеңдерін қарастыра келгенде мынадай қорытынды шығаруға болады. Латын графикасының қазақ қоғамында орын алуы тек саяси идеологиялық түрткіжайтқа негізделді.
Әліпби, емле және оны реформалауға байланысты қазақ оқымыстыларының арасындағы пікірталас алғашқыда «Дала уәлаяты», «Айқап», «Қазақ» газеттері беттерінен көрініс тапса, 1920 жылдан бастап «Еңбекші қазақ», «Жаршы», «Жаңа мектеп» газеттерінде де көрініс тауып, газет төңірегіне ұйыса бастайды.
Бүгінгі күнгі бұқаралық ақпарат құралдары мен зиялы қауым өкілдері арасында кеңінен талқыланып жатқан мәселелердің бірі - қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру үрдісі. Себебі жазу - белгілі бір әріптердің жиынтығы ғана емес, ұлттың өзіндік болмысын танытатын таңбалар жүйесі, сол ұлттың тарихы, мәдениетінің таңбаланған жәдігері. Әр халықтың рухани, мәдени өсуін, ғылымы мен білімінің, барлық саладағы даму деңгейін көрсететін маңызы зор әлеуметтік-мәдени құбылыс. Жазу арқылы өткен мен бүгінгі және болашақ өміріміз жалғастық табады. Ол - ұрпақтар сабақтастығын қамтамасыз ететін алтын көпір. Ал, жазудың өзгертілуі сол халықтың қоғамдық өмірінің барлық саласына, рухани әлемі мен мәдени деңгейіне, тіпті, әлеуметтік психологиясына әсер етеді.
Бұқаралық ақпарат деректеріне сүйенсек, бүгінде әлемнің 70% елдері латын жазуы арқылы білімді игеріп, ғылыми зерттеулермен танысуда . Бұл дегеніміз - білім, ғылым, саясат пен техника, мәдениет пен өнер, спорт т. б. қатысты жазбаша ақпараттың барлығы дерлік латын графикасымен беріледі, қоғамдық өмірдегі жаңалықтардың басым бөлігі осы графиканың негізінде таралады дегенді білідерді. Демек, латын әліпбиінің біздің отанымыздың әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына қосылу талабының орындалуы жолында маңызды роль атқаратыны сөзсіз.
Түркітектес халықтар тілінде латын әліпбиі 1926 жылдан бастап қолданылады. Латын әліпбиін алғаш қолданысқа енгізгендердің бірі - Түркия мемлекеті. Біздің елде ХХ ғасырдың 20-жылдары қазақ зиялылары латын әліпбиіне көшу мәселесін көтерді. Қазақ тілінің табиғатына сай әліпби үлгісін жасап, қолданысқа енгізген болатын. Қазақ тіл білімінің, әліпбиінің негізін салған бірегей ғалым А. Байтұрсынұлы: «Біздің заманымыз - жазу заманы: жазумен сөйлесу ауызбен сөйлесуден артық дәрежеге жеткен заман. Сондықтан сөйлей білу қандай керек болса, жаза білу керектігі одан да артық», - деген болатын. Бұл - ХХ ғасырдың басындағы қоғамдағы коммуникациялық үрдістерді зерделеуден туған ой болатын. Қазір адамзат баласы ХХІ ғасырға аяқ басып отыр. Жазудың маңызы бұрынғыдан бірнеше есе өскен заман. Сондықтан, әлемдегі елдердің басым бөлігі, соның ішінде туыстас түркі халықтары қолданатын латын әліпбиіне көшу - жаһандану дәуіріндегі рухани жаңғырудың алғашқы да маңызды сатысы болмақ . . .
Латын әліпбиіне көшкенімізбен оны қолдану мерзімі ұзақ болмағаны тарихтан белгілі. Бұл - кешегі кеңестік идеологияның салдары еді. Түркітектес ұлттардың түбі бір түркі екенін, тамырын тереңге жайған түбегейлі тарихы мен мәдениеті бар елдер екенін ұмыттыру үшін жасалған сұрқия саясаттың айла-шарғысы болатын. Ал рухани жаңғыру дәуірінде құлдық санадан арылып, бұрынғы құндылықтарымызды қайта қалпына келтірудің қажетілігі өз-өзінен түсінікті жайт.
Жоғарыда айтып өткеніміздей, қазақтар арасында латын әліпбиіне көшу мәселесі жиырмасыншы жылдың орта тұсынан бастап сөз бола бастады. Алғашқыда осы жөнінде алдыңғы қатардағы қазақ оқымыстылары баспасөз беттерінде арнайы мақала, пікір-талас ретінде өз ойларын білдіріп отырды. Әліпбиге байланысты көзқарас, пікірталастарды бұқара арасына жариялап халық талқысына салып отырған «Еңбекші қазақ» газетінің орны ерекше болды. Аталмыш газетке екі топтың жүздеген мақалалары жарияланып отырды. Айталық, Н. Төреқұлов «Бізге қандай әліппе керек», Ә. Байдилдиннің «Жаңа әліппе тарихынан», Б. Байтоғайұлы, Қ. Басымов, М. Дулатов, Т. Шонанұлының «Бізге жаңа әліппе не үшін керек», О. Жандосұлы, М. Жолдыбаев, Қ. Жұбанов, Е. Омаров, Қ. Кемеңгеров, Н. Қаймекеұлы, Ж. Аймауытовтың, М. Мұхтарұлы «Дыбыс белгілерін негізінен өзгерту керек» т. б. және шетелдік Г. И. Бройдо, Н. Яковлев, Поливанов, Навширманов, профессор Ашмарин, профессор Жюзе, академик Бартольд, профессор Л. Жирков, профессор Б. Шобанзаде сынды ғалымдардың бірнеше мақалалары оған дәлел бола алады.
Латын графикасын қабылдау қарсаңында, 1920 жылдарда, яғни араб жазуын қолданыстан мүлдем шығарып, латын әліпбиін қабылдау алдында қазақ зиялылары арасында түрлі бағыттағы пікірталастар болып, олар латыншылдар және арабшылдар немесе қазақшылдар деген екі топқа бөлінді. Соңында латын графикасы негізіндегі әліпби жүйесіне көшіру жұмысы басталады. Жалпы Шығыс елдеріне жақын орналасқан дамымаған мемлекеттердің алғашқы жазу графикасы ретінде латын әліпбиінің енуі 1924-32 жылдар аралығын қамтиды. Байқап қарасақ, сол кезде латын графикасын дүниежүзі болып қабылдау мақсатын жүзеге асыру сияқты жаһандық проблеманы алға тарту көзделген болуы керек. Осындай саяси идеологияның негізінде мына елдерде латын графикасы қабылданып, шама-шарқынша қызмет етті.
1. 2 Қазақ әліпбиінің жүйелері
Қазақ тілі үшін әр кезеңдерде және әр аймақтарда келесі жүйелер пайдаланылған:
Қазақстан Республикасында - кирил жазуы негізінде, ресми түрде Қазақстан бүкіл жерінде және Моңғолияның Баян-Өлгей аймағында. Тағы да көршілес Қырғызстан, Ресей, Түрікменстан және Өзбекстан елдерін бірыңғай мекендеген қазақ жұрты пайдаланады, сонымен бірге басқа ыдыраған КСРО республикаларында да пайдаланылады.
Қытайда - араб жазуы негізінде, ресми түрде Шыңжаң Ұйғыр аутономиялық ауданындағы Іле Қазақ автономиялық облысында. Тағы да Ауғанстан, Иран және Пәкістан елдеріндегі қазақ диаспорасы да пайдаланады. Түрік Республикасында - қазақ диаспорасы ресми емес түрде латын жазуы негізіндегі түрік әліпбиін пайдаланады. Сонымен бірге Түркия, Германия, АҚШ т. б. батыс елдерінде қазақ диаспорасы әртүрлі қалыпты емес латын жазуын пайдаланады.
• Тарихы
1. 3 Қазақ графикасының тарихы
Жазу тарихында қазақ тілінің әліпби жүйесі бірнеше тарихи кезеңдерді басынан өткізіп, ұлттық әліпби деңгейіне жеткен. Бірнеше ғасыр бойы қазақ халқы араб графикасына негізделген әліпби жүйесін пайдаланып келгені мәлім. 1929-40 жылдар аралығында латын графикасына негізделген әліпбиді жазу жүйесіне енгізіп, 1940 жылдан бері қарай кирил графикасы әліпбиін қолданып келеді.
• Ресми әліпбилер
Кирил жазуы негізінде
Қазақ кирил әліпбиі - көбінесе Қазақстан мен Моңғолияда пайданаланылатын әліпби. Бұл Сәрсен Аманжолов ұсынған әліпби 1940 жылы қабылданған, 42 әріп енген: 33 орыс әліпбиінің әрпі және 9 өзіндік қазақша әріп Ә, Ғ, Қ, Ң, Ө, Ұ (1947 жылына дейін бұрын осы әріп орнына Ӯӯ пайдаланылған), Ү, Һ, І. Ертеде қазақ әріптері орыс әліпбиі әріптерінің сонында қойылған, сосын дыбысы жақын орыс әріптерінің артына жылжытылған.
Келесі әріптер: В, Ё (1957 жыл), Ф, Х, Һ, Ц, Ч, Щ, Ъ, Ь, Э, қазақтың төл сөздерінде пайдаланылмайды. Бұл әріптер: Ё, Ц, Ч, Щ, Ъ, Ь, Э, тек кеңестік дәуірінде орыс тілінен, немесе орыс тілі арқылы енген сөздерде орыс емле нұсқауларымен пайдаланылған (1990 жылы бері ресми және жеке жария ақпараттарда, әдеби шығармаларда пайдалануы азая түсуде, сиректеніп кетті) . Х әрпі қазақ фонетикасында Қ түрінде айтылады. Һ әрпі тек сиреген араб-парсы кіріс сөздерінде кездеседі, және де Х немесе Қ сияқты айтылады. Е сөздің нағыз басында [ʲe] дифтонгоиды боп сөйленеді. Э әрпі әрдайым Е боп айтылады. О сөздің нағыз басында [ʷo] дифтонгоиды болып айтыла алады. У әрпі буын жасамайтын дыбысты белгілейді, және де ҰУ, ҮУ, ЫУ, ІУ псевдодифтонгтерді алмастыру үшін пайдаланылады.
ІІ. Қазақша қаріптер
Жақында өткен заманда қазақ мәтінін теру көбінесе қиыншылыққа ұшырайтын еді. Оның себебі, амал жүйелерінде мен мәтінтергіштерде Юникод арқауы жоқтықтан, қалыпты түрде қазақша 8 бит белгішелеу парақ болмағаннан және қалыпты компьютер қаріптері жетіспеушліктен де. Осыған орай қазақ кирил әліпбиін компьютерлерде белгішелеу үшін 20-дан аса әртүрлі нұсқалары ұсынылған.
Кезінде Қазақстанда DOS үшін ҚР МҚ 920-91 мемлекеттік қалпы қабылданған болатын. Бұл қалып CP866 8 бит кирил (славян) белгішелеу парақтың негізінде жетілдірілген. Енді бірталай көп кідіріп Windows жүйесіне арнап ҚР МҚ 1048-2002 қалпы бекітілген. Осы қалыптың қолдануы өте шектеулі болды, себебі ол Юникод басқа ескірген 8 бит белгішелеуді ығыстырып шығаруы қызған кезі болды. Сонымен, тек кейбір мемлекетттік және өкіметке жақын ұйымдар, соның ішінде «ҚазАқпарат» ақпарат агенттігі де, соңғы кезге дейін қолданған. Ағымда барлық жерде де UTF-8 белгішелеу қолданылады.
2. 1 Пернетақта жаймасы
Қазақ пернетақта жаймасы (Ё әрпі әдетте орыс жаймасына көшіп теріледі)
Қазақ пернетақта жаймасы орыс теруіш жаймасы негізінде дамытылған және де РСТ ҚКСР 903-90 қалпында бекітілген. Осы жайма Юникодпен қуатталған: Windows (NT тұқымдасындағы 2000, XP, Server 2003, Vista одан жоғары нұсқалары да) және Linux амал жүйелерімен жеткізіледі.
Қазақтың өзіндік әріптері пернетақтаның жоғарғы тізбегіндегі сан аясы орнында орналасады. Ал, сан және басқа нышандар (/, *, -, +) енгізу үшін көмекші сан пернетақтасы пайдаланылады. Осы себебінен қалыпты жаймада әріп емес нышандарға, және Ё әрпіне де, тиісті орны табылмаған. Араб жазуы негізінде
Араб әліпбиінде - 29 әріп және бір белгіше бар (ٴ) - «жоғарғы һәмзә», бүкіл сөздегі жіңішке дауысты дыбысты белгілеу үшін, сөздің басына қосылады (тек жіңішке дауыстыларымен әрдайым үйлесетін Г және К әріптерінен тыс) . Жазу әдісі парсы мәнерінде негізделінген. Жазу бағыты оңнан солға.
Қарахан әулеті мезгілінен (10 ғ. ) бастап Қазақстан жерінде түркі тіліндегі мәтіндерді жазып алу үшін пайдаланылған.
Көп мезгілде абжад түрінде боп қалды, яғни тек дауыссыз дыбыстарды белгілеуімен. 1924 жылы қазақ фонетикасындағы дауысты дыбыстарын дұрыс белгілеу үшін қайта құрастырылған. Жобаны дамытқан Ахмет Байтұрсынұлы «төте жазу» деп атаған (тағы да «Жаңа емле» деп де аталған) . 1929 жылы латын жазуы негізіндегі «Жаңәліп» әліпбиімен ауыстырылған.
Оны қазір де Шығыс Түркістан қазақтары (сонымен бірге, кейбір ұлттық ерекше өзгешеліктерімен қырғыздар мен ұйғырлар да) қолданады. Тағы да араб жазуын пайдаланатын Ауғанстан, Иран Пәкістан және Таяу Шығыс елдерінде қазақ шетжұрты қолданады.
IIІ. ЛАТЫН ӘЛІППЕСІНЕ ӨТУ. ТАРИХЫ. ПАЙДАСЫ. ЗИЯНЫ.
Ең жоғарғы сана иесі Ұлы Жаратушы-Алла, Алладан кейінгісі Адам. Алланың адамға берген ең ұлы сыйы санамыздың арқасында Адам Атамыздың қарашаңырағының иелері қазақтар жер бетінде алғаш рет Руларға (Аталарға) таңба белгілеуді, санауды, Руна (Ру Ана) және Сына жазуларын дүниеге әкелді. Аспандағы күнге Күн, айға Ай, жерге Жер, жымыңдаған жұлдыздарға Жұлдыз, таң жұлдызына Шолпан, бір орнынан қозғалмай адасқан жандарға бағыт-бағдар сілтейтін жұлдызға Темір Қазық (Қазақ) т. т. деп ат қойды. Ұранға Алашты шығарды, таңбаға «Күн» мен «Айды», «Садақ тартып тұрған салт атты» мен «Шаңырақты», «Тіл» мен «Жебені» алды. Тауын Ақтау, Қаратау, Алатау, Қазығұрт (Қазық жұрт), Тәңір, Алтай, Қапқаз, Мұңалжар, Алып (Альпі), Шыңғыс, Әбілқайыр; суын Азау, Қас би, Арал, Балқаш, Байкал, Балтық т. т. деп атады «Алаш - Алаш болғанда, Ала тай ат болғанда. Таңбасыз тай, Енсіз қой болғанда, Алаш хан болғанда . . . » дейтін сөздер Алаш жайындағы аңыздың меншікті мүлкі қалыптаспаған (тайға таңба баспайтын, қойға ен салмайтын) заманнан келе жатқанын аңғартады». (Қазақтың көне тарихы. 27 бет) . Алаш - Қазақтың ұраны. Ұранға шығу үшін елің болуға тиіс. Қазақ Алашты ұранға шығарып отыр. Демек, Қазақтың тегі Алаштан да, Алты Алаштан да көп әрі де жатыр Тағы бір көне жырда: «Алшын, Алшын болғалы Әлім еді ағасы, Шолпан еді анасы» деп жырлайды Ата шежіреміз. Шолпан жұлдызының екінші атауы таң жұлдызы. Шолпан анамызда, таң мезгілінде ғана көрінетін Шолпан жұлдызы да бастау текті білдіреді. Қазақтың қыз-келіндері тағатын әшекейлерінің «Шолпы» деп аталатынының сыры осы. Демек, ең алғаш «шолпы» таққандар солар, яғни «авторлық» құқық Шолпан анамыздікі.
«Маңғыстау Машайықтың жатқан жері,
Ағарып аппақ таңның атқан жері.
. . . Маңғыстау Машайықтың жатқан жері
Ашылған абыройын жапқан жері.
Жер жүзін жел маямен жеті айналып,
Ауғанға Асан бидің асқан жері» (Түмен Балтабасұлы (1884-1957) «Маңғыстау») . Қазақ Машайық деп, Әулие-пірлерді айтады. «Ағарып аппақ таңның атқан жері» - Адамзат мәдениетінің бастау алған жері. «Ашылған абыройын жапқан жері» - Ұят дегеннің не екеніне саналары жетіп, алды-артын жапырақпен, терімен, киіммен жапқан жері. «Жер жүзін жел маямен жеті айналу» - Жер бетінде қазақ мәдениетінің тарамаған жері жоқ деп отыр. «Мен Адайдың Ақтаны,
Сөйлеген сөзім тақталы
Сөйле» десең жыршыңыз
Алдарыңда жортақтар.
Туған айға ат берген,
Ақ қағаз бен хат берген
Екі ерін мен тіл-таңдай
Сөйлесін деп жақ берген.
Айтқан сөзге түсінбес
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz