Эссені бағалау


Мазмұны
1. Аннотация . . . 2-4
2. Кіріспе . . . 5
3. Негізгі бөлім . . . 6-9
3. 1 Эссені бағалау . . . 10
3. 2 Эссе мен шығарма . . . 11
3. 3 Ұлттық рух . . . 12-13
4. Еркін тақырыптағы эссе . . . 14-15
5. Қорытынды . . . 16
6. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 17
Аннотация
Зерттеудің мақсаты - қазіргі өскелең ұрпақтың барынша эссе жазудағы сауаттылықтарын рухты нақыл сөздермен көркемдеу.
Зерттеудің объектісі - елбасының рухани жаңғыруға байланысты айтылған нақыл сөздері.
Зерттеудің ғылыми болжамы егерде ұлттық рухтың қанатты сөздері арқылы эссе жазуды көркемдеп, жазу сауаттылығын жете меңгерсе, онда жас жеткіншектер білім шыңын асқақтайтын азамат болып өсер еді.
Зерттеудің міндеттері:
1. Қазақ тілін эссе жазу арқылы ұлттық, рухтық тәрбие берудің мәні және оның өзектілік сипатын ашу;
2. Елбасы жолдауындағы рухтық тәрбие беру ойларын талдау;
3. Елбасы жолдауындағы рухтық тәрбие беру туралы ойларды қазіргі тәрбие процесінде пайдаланудың мүмкіндіктерін анықтау.
Зерттеудің жетекші идеясы: мемлекеттік емтиханға қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен кіргізілген эссе жазудың әлсіз тұстары.
Зерттеудің әдістері: зерттеу проблемасы бойынша ғылыми әдебиеттермен (тарихи, философиялық, филологиялық, психологиялық), оқу-тәрбие үдерісі құжаттарымен танысу, латын қарпі бойынша салыстырулар мен талдау жасау, әңгімелесу, сауалнамалар жүргізу.
Зерттеу кезеңдері.
І кезеңде зерттеудің тақырыбы, мақсаты, нысаны, мәні, міндеттері айқындалып, эссе туралы мәліметтер мен оның жазылу ережесі қарастырылды. Кітапханалардағы құжаттар жинақталып, әзірленді.
ІІ кезеңде 11-сынып оқушыларының эссе жайында көзқарастары туралы жазылып, эссенің жасөспірімдер болашағындағы пайдасы мен тиімділігі, соның ішінде нақыл сөзбен нақышталған эссе түрлерінің ерекшеліктері жайында жазылды.
Annotation In the present of younger generation of spirit of literacy the purpose - as much as possible saying of the Republic of Kazakhstan researches to make out the essay of an inscription. Research object - the leader of the nation about which it is spoken in connection with spiritual to update sayings. If researches catchwords art, extension of literacy, then children of education the strutter seizes the essay record through national spirit scientific the forecast on the citizen here was not. Duty researches: 1. Through the essay of Kazakh of education and its relevance character national, rukhta қ value to open; 2. The thoughts of a rukhta қ education of the message of the head of state analysis; 3. In the present of education to identification of opportunities of use in the course of education of the message of the head of state about rukhta қ judgments. Conducting researches the idea: Kazakh and literature weak the moments of record of the essay included on state to examination. Methods of the research Research Problem scientific literature (historical, philosophical, philological, psychological), teaching and educational process by documents on the analysis and conversations, questionnaires, acquaintance comparison and carrying out a roman type Investigation phases: The purpose, form, subject, are designated research problems, the essay and data about the I heading, in the period of its rule of a subscription gangliyev. Sets libraries documents, it is already developed. In a word, including the profit in the future of youth, the essay and efficiency stamping by the essay of types record about views of pupils in the period of the II 11th class of the essay about feature it is written down about sayingКіріспе
Зерттеудің көкейкестілігі.
Жолдаудың өзегі - ұлттық рухани жаңғыру. Рухани байлық - халықтың иммунитеті. Елдің ертеңі - мына біз, жастармыз. Тілінен безіп, жат жұрттың сөзінде сайрағандарға не деуге болады!? «Жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты - сол ұлттық рухыңды сақтай білу. Онсыз жаңғыру дегеніңіздің құр жаңғырыққа айналуы оп-оңай». Ендеше, ұлттық кодты жаңғырту рухты көтеруден басталады. Басқалай болуы мүмкін емес. Ұлттың коды - рухында. Тіл тірілсе, дәстүр жанданады. Дәстүр жанданса, рух күшейеді. Рух күшейгенде ғана ұлт жаңғырады. Өзіндік пікірі мен көзқарасы жоқ адам, ел ертеңі бола алмайды. Ал эссе адамның ойы мен көзқарасының айнасы. Қазіргі таңда адамның өз әрекетіне рефлексия жасаудың көптеген түрлері бар. Соның бірі ретінде эссені қарастыруға болады. Жалпы, «эссе» сөзі орыс тіліне француз тілінен енген және оның тарихы латынның exagium (өлшеу, таразылау) сөзінен бастау алады. Француздың «еззаi» сөзін тура аударғанда тәжірибе, сынама, қадам, очерк деп беруге болады.
Эссе
- бұл еркін композицияға құрылған, көлемі шағын прозалық шығарма. Нақты бір мәселеге байланысты адамның жеке әсерін және түсінігін білдіретін, сонымен қатар, пәнді анықтайтын трактовканы беруге тырыспайтын туынды. Л. П. Крысинның "Толковый словарь иноязычных слов" деген еңбегінде эссе "жүйеленген ғылыми түрде емес, еркін үлгіде қандай да бір мәселені сөз ететін очерк» деп берілген. Ол - ауызекі сөйлеу тіліне бағытталған, ерікті түрде, көбінде пародаксалды мазмұндалатын автордың дара ұстанымын танытатын проза түріндегі философиялық, әдеби-сын, тарихи-библиографиялық, публицистикалық жанр.
"Әдебиеттің қысқаша энцикпедиясында" («Краткая литературная энциклопедия») : "Эссе - бұл жеке тақырыпты түсіндіретін және соған байланысты әсері мен түсінігін беруге тырысатын шағын көлемді және еркін композициялы прозалық шығарма», -деп берілген. Эссе соңғы жылдары танымал бола бастады. Бұл жанрды қалыптастырушы ретінде М. Монтень ("Опыты", 1580 г. ) саналады. Бүгінгі таңда эссе жиі қолданылатын тапсырма түрі ретінде ұсынылады. Ол құжат пакеттерінің негізгі компоненттерінің бірі (оқу орнына түскенде немесе жұмысқа орналасқанда) болып табылады. Эссе байқауы көпшіліктің ішінен ең үздігін таңдап алуға көмектеседі. Эссе жазу жас мамандар үшін де маңызды. Себебі, кандидат өзін қалай көрсеткені, өз жетістіктері мен жеңіліс тапқан сәттерін қалай суреттегені жұмыс берушіге немесе байқауға қатысушыны бағалауға, оның компания үшін қандай пайда әкелетінін анықтауға мүмкіндік тудырады.
Негізгі бөлім
Эссенің нақты ережелері:
- нақты тақырып немесе мәселенің қойылуы
- мәселені кең көлемде талдауға арналған туынды эссе бола алмайды;
- нақты мәселе немесе сұрақ бойынша адамның жеке әсері мен түсінігін білдіреді;
- белгілі бір пәнді анықтап түсіндіріп беруге тырыспайды;
- эсседе бір нәрсе туралы субъективті реңк алған, жаңа сөздер беріледі, атап айтатын болсақ, бір мәселе төңірегінде айтылып жүргеннен басқа ой айтылып, басқа сөз қолданысы көрініс табады;
- эссенің мазмұнында бірінші кезекте автордың тұлғалық ерекшелігі - оның дүниетанымы, ойы мен сезімі бағаланады.
Эссе құрылымы мен жоспары:
Эссе құрылымы оған қойылған талаптарға сай анықталады:
1) белгілі бір мәселеге қатысты эссе авторының ойы қысқаша тезис үлгісінде беріледі (Т) ;
2) ой дәлелдермен бекітіліп отыруы қажет, сол үшін тезистен соң дәлелдер (аргументтер) (А) беріледі.
Дәлелдер (аргументы) - бұл қоғамдық өмір фактілері, құбылыстары, оқиғалар, өмірлік жағдаяттар мен тәжірибелер, ғылыми дәлелдемелер, ғалымдар пікіріне жасалған сілтемелер және т. б. Әрбір тезиске қатысты екі дәлел жазған жөн: бір дәлел сенімсіздеу шығуы мүмкін, ал үш дәлел қысқалық пен бейнелілікке бағытталған жанр түрінде орындалған шығарма үшін тым көптік танытуы ықтимал . Сонымен, эссе бірінен бірі туындайтын сақиналы құрылымды болады (тезистер мен дәлелдердің саны тақырыпқа, таңдалып алынған жоспар мен логикаға, ойдың дамуына байланысты) . Сонымен, эсседе ой айтылады, ол дәлелденеді, сосын тұжырымдалады. Дәстүрлі қалыптасқан ережелерден эссе жазу кезінде оның тақырыбын таңдап алып жазуды ғана атауға болады.
Эссенің ішкі құрылымы ерікті түрде жазылады. Бұл жазба жұмысының шағын үлгісі болғандықтан, қорытындыны оның соңында қайталаудың қажеті жоқ, ол негізгі мәтінде немесе тақырыпта айтылып кетуі ықтимал. Дәлелдемелер мәселенің тұжырымдамаларын негізге алуы мүмкін. Мәселенің тұжырымдалуы соңғы қорытындымен сәйкес келуі ықтимал.
Кез келген оқырманға бағытталған рефераттан эссенің айырмашылығы - ол белгілі бір адамның оқуына арналады. Сондықтан, «Мен . . . туралы айтқым келеді» деп басталып, «Мен . . . қорытындыға келдім» деп аяқталады. арналған реплика. Сондықтан, авторға қызметтік жағдайларды егжей-тегжейлі баяндамай, жаңа ой жазуға, оны ашуға мүмкіндік береді. Эссе жазудағы мақсат өзіндік шығармашылық ойлауды дамыту мен өз ойын жазбаша түрде бере білуге үйрету.
Эссе жазу кезінде мына сәттерді ескеру де маңызды:
Кіріспе және қорытынды ой негізгі мәселеге шоғырланғаны жөн (кіріспеде ол мәселе ретінде қойылса, қорытындыда түйінделеді) .
Кейбір абзацтарды, негізгі ойды бөліп көрсету, абзацтардың логикалық байланысын сақтау, міне, осылай жұмыстың тұтас құрылымы туады.
Мазмұндау стилі: эссеге эмоционалдылық, экспрессивтілік, көркемдік тән. Мамандар қысқа, ұғынықты, екпіні бойынша әртүрлі сөйлемдер мен сәнге айналған заманауи тыныс белгісі - сызықшаның қойылуын эссе жазудың тиімді құралы деп санайды, яғни айқындауыш мүше, сөйлемдердің көп болуын айтады. Жалпы, стиль тұлғаның ерекшелігін танытып тұруы шарт екенін есте ұстаған жөн. Эссенің негізгі белгілерінің бірі - көлемінің шағындығы. Қандай да бір қатаң шек қойылмайды, әрине. Эссе көлемі компьютермен тергенде 7-10 беттей болуы керек. Гарвард бизнес мектебінде көбінесе екі-ақ бетке жазылады. Ресей университеттерінде 10 бетке дейін жаза беруге болады. Ал эссе тақырыбы әрқашан нақты. Оның көп тақырыбы және идеясы болуы мүмкін емес. Онда бір ғана нұсқа, бір ғана ой беріледі және сол әрі қарай өрбітіледі. Бұл - бір ғана сұрақ жауабы. Еркін композицияға құрылуы - эссенің маңызды ерекшелігі. Зерттеушілердің айтуына қарағанда жақсы эссені тақырыпты жақсы білетін, оны әр қырынан көре алатын, оқушысына түрлі идеялар ұсынып, оның ойлануына түрткі жасай алатын адам ғана жаза алатын көрінеді.
Эссе оқушысын таң қалдыруы тиіс. Адамға ой салатын шығармадағы кейбір пікірлер көбінесе афоризмге айналып кетеді. Эсседе, міне, осындай белгілер және оғаш пікірлер болуы тиіс. Сөйтіп, оқушысын ойландырып, жаңа идея тудырып отыруы абзал.
Бұл жанр оғаштығының бірі болуы ықтимал. Себебі, еркін композицияға құрылған, автордың субъективті көзқарасына құрылған эссе ішкі мағыналық бірлікті талап етеді. Ол дегеніміз негізгі тезистер мен дәлелдемелер, фактілер мен ассоциациясының үйлесімділігі барлығы ішкі бірлікте болуы тиіс.
Эсседе қалыптасқан шаблондарды, сөздерді қысқартуды, жеңіл-желпі ой қорытуларды қолданудан аулақ болған жөн. Эссе тілі байсалдылықты талап етеді. Сонымен: эссе тақырыбын нақтылау, көлемін және оны жазудағы мақсатты анықтап алу басты мәселе болып табылады.
Негізгі идеядан немесе қанық фразалардан басталғаны дұрыс. Мұндағы міндет - оқырман назарын бірден аудару.
Эссе жазудағы қателер деп мыналарды айтуға болады:
- тексеру жұмысын дұрыс жүргізбеу;
- емле қателерін тексерумен шектеліп қалу ;
- екіұшты ойлар, сәтсіз алынған фразалардың жоқтығына көз жеткізбеу.
- кіріспе сөздің тым ұзақтығы. Детальдардың жетіспей тұруы. Мысалы, негізсіз деректерді келтіре беру;
- көпсөзділік.
Эссе белгілі сөз көлемімен шектелгендіктен, ойыңды сол көлемге сыйдыра білу керек. Кейбір кезде кейбір идеялардан, тәптіштеп түсіндірулерден бас тартуға тура келеді, әсіресе, ондай ойлар бір рет айтылып кетсе, оны әрі қарай айта берудің қажеті шамалы.
Ұзақ фразалардан гөрі қысқа сөйлемдер көп болғаны жөн. Кейде ұзақ фразалар мен қысқа сөйлемдердің ауысып келіп отырғаны да ұтымды шығуы мүмкін. Эссені қайта-қайта оқыңыз. Сосын оқуға ыңғайлы абзацтарға бөліңіз. Энциклопедия, кітаптардан алынған дұрыс қолданылып тұрмаған фразалар, мәліметтермен сықитып қойсаңыз эссенің көркемдігі, нанымдылығы азаяды. Эссе жаза отырып та, адам өзінің әрекетіне есеп беріп, алдына жоспар құрады. Сондықтан, оны рефлексия түрінде қарауға болады.
Эссені бағалау
-қолданылған түсініктері тақырыпқа сай болуы;
-жұмысты өз бетінше орындауы.
- салыстыру және жалпылау әдістерін түсініктер мен құбылыстарға өзара байланыста бере алуы;
- қаралатын мәселеге өзіндік көзқарасының болуы;
- қолданатын ақпараттар диапазонының кеңдігі;
- мәтінді графиктер мен диаграммаларға сала алуы;
- мәлелені өзі бағалай білуі;
- дәлелдеу логикасын құрастыра білуі;
- ұсынылған тезистерге сауатты аргумент келтіре білуі;
- әр түрлі көзқарасты келтіре отырып, оны бағалай білуі.
- мазмұндаудың жалпы формасының мәселеге сейкес келуі.
- жұмыс цитаталарды қолданудың талаптарына сай;
- лексикалық, фразеологиялық, грамматикалық, стилистикалық нормаларға сәйкес болуы;
- орфографиялық және пунктуациялық талаптарға сәйкес болуы;
- талап формасына сәйкес болуы
Қазіргі уақытта көптеген жасөспірімдер эссе мен шығарманы шатастрып жатады. Сол себепті олардың айырмашылығына тоқтала кетейік:
1.
2.
3.
4.
Шығарма - оқушының туған
халқының әдебиетінен алған
білімін өз ойымен,
дүниетанымдық көзқарасымен
еркін ұштастыра отырып
баяндайтын шығармашылық
төл еңбегі.
Шығарма - берілген белгілі бір
тақырып бойынша жазылатын,
міндетті құрылымнан тұратын,
пәндік білімге бағытталған
шығармашылық жұмыс.
Эссенің қатаң түрде жоспарға
негізделуі міндетті емес.
Шығармада жоспарды жазу
міндетті.
Эссе жеке көзқарас, сараптама,
дәлелдемелерге негізделеді.
Шығарма көбінесе көркем
мәтінді талдауға негізделеді.
Эссенің мақсаты - эссе
жазушының өзіндік көзқарасын,
сыни ойын жетілдіру, ұстанымын
дәлелді бекіту үшін жан-жақты
білім алып, ақпараттық қарулану,
тақырыпты ашуда метатанымдық
білігін тиімді қолдану,
шығармашылық қабілетін
шыңдау, эссе
түріне қарай жазу стилін сақтау,
шығармашылық
жазбаларда сөздік қорының
байлығын дамыту, талдау
жұмыстарында қажетті термин
сөздерді тиімді қолдану.
Шығарманың мақсаты -
жазылым тілін, логикалық
ойлауды дамыту.
Шығармашылық қиялды,
нақты нәрсені еркін, қызықты
түрде беру, әдебиетті іштей
түсіне отырып, оның мәні мен
тиісті орнын өз танымымен
көркемдеп бере алу.
Әдеби-шығармашылық эсседе көркем туындыдағы оқиғаны
өз шығармашылығымен оқиға тудырып және кейіпкер рөліне еніп
немесе оқиға уақытына, мекеніне түсіп, сезімін, ойын, жай-күйін
баяндап, сипаттап, суреттеп жазады.
Әдеби эссенің әр түрінің мақсаты, жазылу ерекшеліктері бар.
Мақсат, жазылу ерекшеліктері эссе тақырыптары арқылы
айқындалады. Мысалы:
1. «Мұхтар Әуезовтің «Көксерек» повесіндегі тосын және
қатыгез эмоцияларды автордың оқырманына жеткізу тәсілдерін
талдап жаз». Әдеби-талдау эссе автордың тосын және қатыгез
эмоцияларды жеткізу үшін қолданған тәсілдерін тауып, талдап
жазылады.
2. «Мұхтар Әуезов «Көксерек» повесіндегі тосын және қатыгез
эмоцияларды оқырманына қаншалықты әсерлі жеткізе алды?»
Әдеби-сыни эссе автордың тіл шеберлігіне сыни бағасын бере отырып
жазылады.
3. «Тосын және қатыгез эмоциялардың М. Әуезовтің «Көксерек»
повесі және әлемдік әдеби туындылардағы көрінісі». Әдеби-синтез
эсседе бірнеше туындылардағы тосын және қатыгез эмоциялардың
берілуін талдай келе, өзіндік бағасын шығарады, көзқарасы
тұрғысынан шығарылған бағасына талдау жүргізеді.
4. Мұхтар Әуезовтің «Көксерек» повесіндегі тосын және қатыгез
эмоциялар оқырман психологиясына кері әсер ете ме? Әдеби-
дәлелдеме эсседе білім алушы өз позициясын /ұстанымын/ танытады.
Позициясын аргументтер арқылы дәлелдеп жазады. Аргумент
келтіруде Мұхтар Әуезовтің «Көксерек» повесімен ғана шектелмей,
неғұрлым өзге дереккөздерден аргументтер келтірген сайын, соғұрлым
эссе бағасы жоғарылайды.
5. «Мұхтар Әуезовтің «Көксерек» повесіндегі Құрмашсың. Жоғалып
кеткен Көксеректі күтпеген сәтте кездестірдің. Көксерек саған
қарсы шауып, сен жараландың. Осы сәттегі сезіміңді сипаттап жаз.
Әдеби-шығармашылық эссе жазуда Құрмаш рөліне енеді, сезімін, жай-
күйін сипаттап жазады.
Бұл жерде қазақтың ежелден келе жатқан наным-сенімдегі сөздерін жазып, дәлелдер келтіруге болады.
Әдеби-дәлелдеме эссе :
. . . Түркі халқының атақ-даңқы өшпесін деп,
Мені қаған етіп отырғызған еді.
Ең болмаса бай халыққа отырмадым.
Іші ассыз, Сырты тонсыз, Бейшара, мүсәпір халыққа отырдым.
. . . Бағым болғандықтан, Сәті түскендіктен, Өлімші халықты тірілттім. Жалаңаш халықты тонды, Кедей халықты бай қылдым.
Аз халықты көп қылдым, Тату елге жақсылық қылдым . . .
«Күлтегін» жырындағы осы жолдардың қазіргі Қазақстанмен байланысы бар ма? Күлтегін - екінші Шығыс Түрік қағанаты әскерінің бас қолбасшысы, «көк түріктің көк семесері» атанған атақты батыры. «Күлтегін» жырында оның түрік халқына қаған болып, билік еткен жылдарындағы мемлекет жағдайын алға өрлеткені жайлы айтылады. Менің ойымша, жыр жолдарын қазіргі Қазақстанмен байланыстыруға болады, яғни Күлтегін қаған мен Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті Н. Назарбаев арасындағы ұқсастық. Біріншіден, Н. Назарбаев та Күлтегін қаған сияқты елінің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсарту үшін бірқатар жұмыс атқарған. Олардың ел басқаруының алғашқы жылдарында халықтың тұрмысы мүшкіл еді.
«Күлтегін» жырында: Іші ассыз, Сырты тонсыз, Бейшара, мүсәпір халыққа отырдым, - десе, «Егемен Қазақстан» газетінің 2014 жылғы басылымдарының бірінде: «Қазақстан 90- жылдардың орта шенінде қалған дағдарысты жағдай республиканың барлық әлеуметтік табыстарын апат шегіне апарып қойды . . . Осының барлығы Қазақстан халқының айтарлықтай бөлігінің өмір сүру деңгейі 12 күрт төмендеп кетуіне алып келді», - деген тарихи естелік - осы күндердің айғағы. Екеуі де азат халқының осындай хал-ахуалын көтеруге күш салды. Жырдағы: Өлімші халықты тірілттім. Жалаңаш халықты тонды, Кедей халықты бай қылдым, - деген жолдардың қазіргі уақытта елбасының түн ұйқысын төрт бөліп жасаған реформалары, заңдары, стратегиялық жоспарлары еліміздің өмір сүру деңгейі минимумынан төмен табысы бар азаматтардың санының азайып, халықтың әлеуметтік жағдайын көтеруімен байланысы бар. Осылайша қаған мен президент ең бірінші халқының тоқтығын қамдаған. Екіншіден, ел басқарушылар халқының тұрмыс жағдайын көтергеннен кейін, ел іргесінің беріктігін ойластыра бастады. Жырдағы «Тату елге жақсылық қылдым, - деген жолдардан Күлтегін қағанның көршілес елдермен жақсы қатынас орната алғандығы көрінеді. Сол сияқты Елбасының дүние жүзіндегі антиядролық қозғалысқа бастама көтеруі, елімізде болып жатқан әртүрлі деңгейдегі саммиттер, халықаралық іс-шаралар әлем елдерімен бейбіт, тату өмір сүруді ұстанғанын көрсетеді. Сондықтан екі басшы да жасампаздықтарымен ұқсас.
Түйіндей келе, қай дәуірде болмасын ел жағдайын ойлаған басшылар идеясында өзара ортақтастық бар. Олардың мақсаты - халқының қуаныш пен шаттыққа толы бейбіт өмір сүруін қамтамасыз ету. Жер бетіндегі елдермен төрт құбыласы тең өмір сүру. Күлтегін қаған мен президент Н. Назарбаевтың ел басқарудағы мүдделері өзгелерге үлгі болуға тұрарлық.
Мен бұл эссені жазу барысында Күлтегін қаған мен Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың ел басқарудағы ұқсастықтарын дәлелдеуге тырыстым. Жырдағы күйңнңшпен айтылған сөздерді эссе тиімді қолдана алдым деп ойлаймын.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz