Қиярдың жемісі


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Түркістан облысы Келес ауданы
№28 «Мақташы» жалпы орта мектебі
Ғ ы л ы м и ж о ба
Тақырыбы: « Қиярдың пайдасы »
Бағыты: Жаратылыстану
Секциясы: Қоршаған орта және адам денсаулығын қорғау.
Орындаған:
Жетекшісі:
2022 оқу жылы.
Кіріспе
Қияр көкөнісіне сипаттама. Қияр - (лат. Cucumis sativus ) асқабақ тұқымдасына жататын бір жылдық көкөніс дақылы. Жарық, ылғалды және жылы жерлерде жақсы өседі. Суыққа төзімсіз. Сабағы жатаған не өрмелегіш, түкті, мұртшалары арқылы шырмалып өседі, ұзындығы 1-2 метрге дейін барады. Жапырағы кезектесіп орналасқан, ұзын сағақты, түкті. Гүлі сары, дара жынысты. Жемісі - қияр. Жемісі - жеуге жарамды, тұқымы көп, шырынды және түсі жасыл болып келеді. Түріне байланысты көлемі әр түрлі болады.
Қиярдың құрамы. Құрамында 95-96% су, 4-5% құрғақ зат, құрғақ зат құрамында 2-25% қант, 1% белок, 0, 1% май, 0, 7% клетчатка, каротин, органикалық қышқылдар, эфир майы, калий, фосфор, кальций, магний, темір, мырыш, С, В 1 , В 2 , В 5 , В 6 , РР, Е дәрумендері, А дәрумен негізі бар.


Қиярдың пайдасы. 95 пайызы судан тұратындығына қарамастан, қияр дәрумендер мен микроэлементтерге өте бай. Оның құрамында В тобына жататын дәрумендермен қатар, жүрек-қан тамырлары үшін пайдалы калий, организмдегі зат алмасу процесінің қалыпты жұмысы үшін қажетті йод және аскорбин қышқылы бар. Бір қызығы, қиярдың көлемі неғұрлым кіші болса,
оның құрамындағы С дәруменінің мөлшері оғұрлым көп болады. Қияр
3
астың дұрыс қорытылуын қалыпқа келтіріп, зат алмасу жұмысын реттейді. Қиярды табиғи күйінде немесе тұздап тағамдарға пайдаланады. Бұл көкөністе ағзамыз қажет ететін пайдалы заттардың көбісі жинақталған. Олар: B1, B2, B3, B5, B6, С дәрумендері, фолий қышқылы, кальций, темір, магний, фосфор, калий мен мырыш . Ұйқы алдында бір қияр жеп алыңыз. Ол ағзаңызға қажетті мөлшерде қант, дәрумендер мен электролиттер береді.
Қиярдың түрлері
Ерте сатуға және өңдеуге арналған корнишон типті қиярлар
Жабық грунтқа арналған корнишон типті қиярлар
Тегіс жемісті және қысқа жемісті қиярлар
Жабық грунтқа арналған орташа жемісті қиярлар
Ерте сатуға және өңдеуге арналған корнишон типті қиярлар
АЯKС F1 (Ajax)
Конец формы
Өте ерте пісетін, гүлденуі аналық типті аралармен тозаңданатын, өнімділігі жоғары және тұрақты будан. Қуатты ашық өсімдік, бір буында бірнеше өсімдік көгін қалыптастырады жемісі біркелкі, күңгірт көк, ақ бүртенді, ұзындығы 6-12 см, дәмдік және тұздауға сапасы жақсы, тегі ашы емес, қабығы нәзік, тасмалдауға төзімді. Пикуль өсіруге өте ыңғайлы будан. Қияр теңбілінің вирусқа тұрақты, ақ ұнтақ ауруына тұрақты, жалған ақ ұнтақ ауруына толерантты.
4
КРИСПИНА F1 (Сrispina)
Ерте пісетін, жоғары өнімді, ақбүрілі, ірі қырлы корнишонды типті партенокарпик, сапасы жеткілікті. Өсімдік қуатты, ашық, бір буында бірнеше өскіндер түзеді. Жемісі күңгірт-көк, сарғаймайды, тұздауға өте тиімді. Пикуль өсіруге ең жақсы келеді. Ауаның қуаңшылығына төзімді, қияр теңбілінің вирусқа, ақұнтаққа, жалғанды ақ ұнтаға толерантты. Шпалерлі ашық грунтта және әйнекті жылыжайлардың екінші айналымында белгіленген өнім алу үшін өсіруде таптырмайтын таңдау болып табылады.
ВЕРТИНА F1 (Vertina)
Жаңа ерте пісетін партенокарпикалық гибрид өңдеуге арналған. Тұздау мен маринадтауға жақсы. Жемістердің өнімділігі, тауарлылығы және тасмылданғыштығы жоғары. Вертина F1 өсімдігі жақсы өседі және күшті тамырлық күшке ие. Бір түйінде бірнеше өскіннің болуын қалыптастырады. Жемістері бір текті, бірдей қою жасыл түсті, сарғаймайды, тікенекті, дайын өнімнің тамаша дәмін сақтау арқылы өңдегеннен кейінде күтірлеуік қасиетін жоғалтпайды. Күшті өсімдіктер өсірудің айрықша жоғары және тұрақты өнімдер болуын қамтамасыз етеді, ыстыққа шыдамды және қияр ауруларына төзімді.
Жабық грунтқа арналған корнишон типті қиярлар
БАРВИНА F1 (Barvina/5037 PU)
Үлдірлі және әйнекті жылыжайлардың бірінші және екінші айналымында өсіру үшін құрылған қиярдың партенокарпиялық буданы. Орташа бойлы, генеративті түрдегі өсімдік, ортаңғы сабақта астықтың негізгі мөлшерін
5
қалыптастырады, жоғары өнімді, жақсы көлеңке түзуге бейім. Тартымды жемістері диаметрі 3, 1:1 есептелген ұзындығы 10-12 см жылтыр, ірі кедір-бұдырлы, цилиндрлі, тегіс және біркелкі сипатымен қою-жасыл түске ие, жоғары тасымалдылығымен ерекшеленеді. Өсімдікті отырғызудың ұсынылатын арақашықтығы 2, 8-3, 5 дана/м 2 . Отырғызу қалыңдығына және өсімдіктің даму күшіне байланысты 1-3 жапыраққа өгейлерді құрастырумен бір сабаққа қалыптастыру.
Тегіс жемісті және қысқа жемісті қиярлар
ОРЗУ F1 (Orzu)
Салатқа арналған партенокарпикалық, өте ерте пісетін тегіс жемісті қияр буданы. Өсімдік ашық, өсу қуаты орташа буынаралығы қысқартылған және желі сабағы аздау. Орзу F1 буданы бір буында бір мезетте 3-4 толық жетілген жеміс береді, жинап алғаннан кейін сол буында жаңа гүлдену және түйіндену қалыптасады. Жемісі салыстырмалы қысқа (10-13 см) қытырлақты шырынды тығыз балдырлы, дәмі өте қаныққан, жағымды қиярдың иісі бар, біркелкі күңгірт-көк және тасымалдауға төзімді.
Жабық грунтқа арналған орташа жемісті қиярлар
ИНФИНИТИ F1 (Infiniti)
Әйнекті және үлдірлі жылы жайларға көктемгі-жазғы және жазғы-күзгі метрайналымда өсіруге арналған ерте пісетін тегіс жемісті партенокарпиалық қияр. Өсімдік қуатты, бірақта өсу жағы шартталған өсімдік. Жеміс салуы негізгі сабағына келеді. Бір буын арасында бірнеше түйін салады. Жеміс тегіс,
ұзындығы 17-18 см, көк, жылтырлы,
6
мүсіні цилиндірлі, қабықшасы қырлылау. Жемісі жақсы сақталынады және алыс жолға тасымалдауға төзімді.
МАКСИМУМ F1 (Maximum)
Әйнекті және үлдірлі жылы жайларға көктемгі-жазғы метрайналымда өсіруге арналған ерте пісетін тегіс жемісті партенокарпиалық қияр. Өсімдік ашық, дамуы өте қуатты, стрестік жағдайларға қарсы тұруы жоғары. Жеміс салуы негізгі сабағына келеді.
Жемісi тегіс, ұзындығы 17-18 см, диаметрі 3-4 см, күңгірт-көк, жылтырлы, мүсіні цилиндірлі, қабықшасы қырлылау. Дәмдік және тауарлық сапасы өте жоғары. Көктемгі және жазғы отырғызу мезгілінде өнімділігі өте жоғары будан. Бір буын арасында бірнеше түйін салады. Жемісі жақсы сақталынады және алыс жолға тасымалдауға төзімді.
МАГНУМ F1 (Magnum)
Шыныланған және үлдірлі жылыжайларда өсіруге арналған тегіс жемісті партенокарпикалық қияр. Күзгі-қысқы және қысқы-жазғы метроайналымдарда өсіруге жарамды. Өсімдіктер күшті өседі, бүйірлік бұтақтары күшті, төменгі температуралар мен ауа-райының бұлтты жағдайына төзімді. Негізгі түйін салуы басты сабағынан басталады. Гибридтің түйін аралары қысқа, әрбір түйінде 1-2 жеміс қалыптастырады. Жемістері тегіс, ұзындығы 18-20 см, қою жасыл түсті, жылтыр, сырты аздап бұжырлы, жемістері жақсы сақталады.
Эксперименттік бөлім
Аякс F1 қиярын өсірудің сұрыптық технологиясыНегізгі мәліметтер. Аякс F1 қияры - жоғары потенциалдық мүмкіндігі бар,
7
жоғары өнімді будан. Тіпті минималды күтім кезінде де өнім өнімділігі 300-350 ц/га-дан кем емес. Минералдық және органикалық тыңайтқыштарды, өсімдікті қорғау құралдарын қолданып, Аякс F1-ді
тамшылық суармалы ағаш қатарында өсіруді қамтитын жоғарғы агротехника
көмегімен өнімділік айтарлықтай көбейеді. Ағаш қатарында өсіру кезінде 600-700 ц/га-дан кем емес, ал тыңайтқыштарды
енгізу мен тамшылық суармалау үйлесімі кезінде 1000 ц/га-дан жоғары жинады.
Аякс F1-ді қыш құмырада көшет ретінде отырғызған жақсырақ. Бұл біріншіден, ертерек өнім алуға, екіншіден, азырақ дәнді пайдалануға, дамудың бірінші кезеңінде өсімдікті жақсырақ қорғауға мүмкіндік береді. Көшетті орманды дала, тоғайлы ойпат жер аймағында, 15-25 мамыр аралығында, ал далалықта 5-15 мамыр аралығында отырғызады. Диаметрі 8см-ден кем емес қыш құмыраларды пайдаланады. Қыш құмыралар орнына арнайы таблеткаларды пайдаланған жақсырақ. Сонымен қатар көшетті түрлі препараттармен өңдеулер пайдалы. Еккенде 22-25 күндік көшетті (3-4 жапырақ) көшіріп еге алатындай егу керек. Көшет ашық жерге егер алдында жақсы шыңдалған болу керек.
Тұқымның өнуін бақылау. Аякс Ғ1 қияр тұқымының өнуі үшін қажетті жағдайларды тәжірибе арқылы анықтадым. Қияр тұқымын мамыр айының 15-ші жұлдызында үш шыны ыдысқа салдым.
№1 ыдысқа қиярдың тұқымының 10-15 талын салып құрғақта қалдырдым. №2 ыдыстың түбіне мақта салып дымқылдап, қияр тұқымының 10-15 талын салып, әр уақытта мақтаның дымқыл болуын қадағалап, жылы жерге қойдым. №3 ыдыстың ішіне су құйып қияр тұқымының 10-15 талын салып тоңазытқышқа қойдым. 4 күннен кейін байқағаным №1 ыдыстағы тұқымда еш өзгеріс жоқ. Су жетіспегендіктен құрғақ тұқымдар өнбеген. №2
ыдыстағы тұқым қабығы жарылып, өне бастаған, себебі барлық жағдай жеткілікті. №3 ыдыстағы тұқым жылу жетіспегендіктен өнбеген.
8
Тұқымдарды отырғызу. Өнген Аякс Ғ1 қияр өскінің 19 мамыр күні екі ыдысқа салдым. Бірінші ыдысқа құнарлы топырақ салып, күннің көзі мол түсіп тұрған, жылы бөлмеге қойдым. Екінші ыдысқа жай топырақ салып,
күннің көзі нашар түсетін бөлмеге қойып, су құйып бақыладым. 6 күннен
кейін бірінші ыдыстағы қияр өскінінің алғашқы жапырағы шықты. 15 күннен кейін күн көзі нашар түсетін бөлмедегі қиярдың өскінінің алғашқы жапырағы шықты.
Топырақты дайындау. Отырғызуға топырақты алдын ала дайындайды. Қатар бойына минералдық тыңайтқыштар мен көңнің бөлігі салынатын кішкентай
жүйектер жасау. Жүйектердің ені 60-70 см, қатардағы өсімдіктер
арасындағы ара-қашықтық 15-20 см. Отырғызылған көшеттен алыс емес жерде тамшылық суармалау түтегін орналастырады. Тамшылық суармалау суару кезінде су шығынын үнемдеуге, сонымен қатар, тыңайтқыштар мен қияр ауруының қозғағыштары мен топырақ зиянкестері жиынына қарсы қорғау құралдарын жергілікті енгізуге мүмкіндік береді. Жүйекті жабындау үлдірлерімен жабу топырақты тезірек жылытты.
Көшеттерді жүйектерге отырғызу. Үйде өсірілген көшеттерді маусымның
2-сі күні ауладағы бақшаға отырғыздым. І-ші жүйекке құнарлы топырақ және
марганец түйіршектері салынған сумен алдын ала суғарып, тыңайтқыштар қостым. ІІ-ші жүйекке отырғызылған көшеттердің топырағы құнарсыз және бұл жүйекке күн сәулесі нашар түседі.
І-ші жүйек ІІ-ші жүйек
Жүйектер тамшылап суғару әдісімен де суғарылды
Қиярдың күтімі. Жүйектердің топырағын қопсытып, арам шөптерін жұлып, жаңа өскен сабақтарын қыстырып, суардым. Кейіннен қопсыту жұмыстарын
әр 10 күн сайын қайталап тұрдым. Қопсыту жұмыстарымен бірге
арамшөптерін жұлдым. Бірақ тамыр сабағына абай болу керек. Қиярды
бірқалыпты, мол суарады. Судың жетіспеушілігі қиярдың тез өсуіне кедергі
болады, сондықтан қиярды кешке қарай, күні бойы күн астында тұрған жылы сумен де суғардым. Бұл қиярдың тамырларының суып кетуіне жол бермейді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz