Әлеүметтік кәсіпорын нарық



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 63 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1 ӘЛЕУМЕТТІК КӘСІПКЕРЛІКТІ ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8
1.1 Кәсіпкерлік қоғамның даму факторы ретінде, оның негізгі міндеттері мен функциялары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8
1.2 Әлеуметтік кәсіпкерліктің экономикалық мәні және даму алғышарттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

2 ӘЛЕУМЕТТІК КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ДАМУЫН ТАЛДАУ (Қзылорда облысы, Шиелі ауданы мысалында) ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.1 Қызылорда облысы, Шиелі ауданы Әкімі Аппаратының тарихы. Жалпы сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.2 Шиелі ауданның негізгі әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерін талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.3 Шиелі ауданы мысалында әлеуметтік кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларын талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

3 ӘЛЕУМЕТТІК КӘСІПКЕРЛІКТІ МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ ЖӘНЕ ДАМЫТУ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
3.1 Әлеүметтік кәсіпкерлікті дамытудың жетелдік тәжірибесі ... ... ... 41
3.2
3.3

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 63
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... 66

КІРІСПЕ

Дипломдық жұмыс әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытуды мемлекеттік қолдау әрекеттерін талдауға арналған.
Жұмыста Қазақстандағы әлеуметтік кәсіпкерліктің ерекшелігі сипатталады, зерттеу негізінде әлеуметтік кәсіпкерлер мен қызмет алушылар үшін өзекті проблемалар анықталады және талданады.
Әлеуметтік проблемалардың шешілмеуі, азаматтарды әлеуметтік қорғаудың төмендеуі, жекелеген әлеуметтік топтардың кірістерінің едәуір саралануы қоғамның елеулі стратификациясына, әл-ауқат деңгейінің төмендеуіне, сондай-ақ елдегі экономикалық және саяси жағдайдың тұрақсыздануына әкеледі. Сонымен қатар, қазіргі заманғы әлеуметтік-экономикалық саясат басты мақсат - азаматтардың қажеттіліктерін қанағаттандыру, өмір сүру деңгейі мен ұлттық әл-ауқаттың өсуін қамтамасыз ету орындалмаған кезде тиімді бола алмайды. Әлеуметтік кәсіпкерлік әлеуметтік маңызы бар жобаларды жасай отырып, өз күшін тұтынушылардың қызметтерін қанағаттандыруға бағыттайды.
Әлеуметтік кәсіпкерлік Қазақстан үшін өте жаңа құбылыс болып көрінеді. Бүгінгі таңда Қазақстанда мақсатты аудиториялардың (әлеуетті әлеуметтік кәсіпкерлердің) дайындық деңгейі тұрғысынан әлеуметтік кәсіпкерліктің даму перспективаларын бағалауға бағытталған маңызды зерттеулер өте аз. Бұл процестің мәнін түсінуге және көрсетуге бірыңғай көзқарас жоқ. Теориялық әзірлемелерді, ғылыми әдебиеттерді, мерзімді басылымдарды және басқа да дереккөздерді талдау шағын кәсіпкерліктің мәселелерін терең және әр түрлі зерттеуді көрсетеді, бірақ әлеуметтік кәсіпкерлік мәселелері толық ашылмаған.
Күллі әлем елдерінде жаңа тренд - әлеуметтік кәсіпкерлік деген ұғым пайда болып, экономиканың кішкентай бөлігіне жатса да, Үкімет пен жеке бизнестің мойнындағы ауыр жүктің бірсыпырасын өз қолдарына алып, оларды шешуден бөлек, қоғамдық сананы өзгертуге қауқарлы бұл үрдіс Еуропа елдері үшін таңсық емес. Ал Қазақстанда, ел азаматтарының әлеуметтік кәсіпкерлік пен әлеуметтік жауапкершілік аясында жұмыс істейтін серіктестіктерді шатастырып, қайырымдылықпен айналысатын кез келген азаматты әлеуметтік кәсіпкерге жатқызатынын байқаймыз.
Әлеуметтік кәсіпкердің қоғамдық миссиясы коммерциялық мүддесінен жоғары тұрады, мұндай кәсіп - орындар ең алдымен әлеуметтік мәселе - лерді шешу үшін құрылады. Мәселен, жаңадан жұмыс орнын ашып, онда мүге - дектерді жұмыспен қамту дегендей мақ - сат - тары болады. Екіншіден, бұл кәсіпорын өзін-өзі ақтап, нарық заңдылықтарымен өмір сүруі керек. Бірақ түпкі мақсат - табыс емес. Үшіншіден, инновациялық ұстаным. Төртін - шіден, адам тұлға болуы керек. Әлеуметтік бизнес - ең алдымен креативті идея. Сон - дықтан кәсіпкерліктің бұл түрін корпора - циялар емес, тұлғалар жасайды. Бір тұлға - ның идеясы әлемді өзгерте алады. Кейде оларды өзгерістер агенттері деп те атайды.
Агробизнес - 2020 мемлекеттік бағ - дар - ламасына сәйкес, қазақстандық шаруа - лардың жаңа заманғы, үздік техно - ло - гия - лар мен ауыл шаруашылы - ғындағы әлем - дік озық тәжірибелерді пайдалана отырып, табысты еселей түсуге, отандық аграрлық саланың қарыштап дамуына жол ашылған еді. Осындай бастамалардың аясында дүниеге келген жобалардың бірі - Еңбекшіқазақ ауданының жергілікті қоғамдастықтарының қоры.
Осы ұйымның шеңберінде Агробизнес орта - лығы ашылып, шаруалар үшін тренингтер мен экскурсиялар өткізіліп тұрады. Сарап - шылардың айтуынша, бұл ұйым шешіп отыр - ған басты мәселелер - ауыл тұрғын - дарын жұмыспен қамтып, тіпті әлеуметтік мүмкіндігі шектеулі азаматтарға кәсіп түрін үйретіп, қоғамға бейімдеу және ең бас - тысы, ауылдан қалаға жаппай көшу үрді - сін бәсеңдету, екі қолға бір күрек беріп, тұрғындардың өз жерінде қалып, өз ауылын өркендетуге септесу.
Әлеуметтік кәсіпкерлер табыс тапса, оны пайда көзі ретінде санайды, ол тапқан қаражатын әлеуметтік мәселені шешуге жұм - сайтын қаржы деп біледі. Олардың Үкі - меттік емес ұйымдардан айырмашы - лығы - өзі табатын табыстың болуы. Ал кә - сіп - керлерден айырмашылығы - табыс - ты табыс ретінде қарастырмауы. Бұл сала - ның дамуына елімізде алғышарттар бар. Мәселен, ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назар - баевтың 100 нақты қадам жоспарындағы мемле - кеттік функциялардың бірқатарын өзін-өзі басқаратын Үкіметтік емес ұйым - дар - ға беру бастамасы уақыт талабынан туындап, көңілден шығып отыр. Бұдан тыс басқа да мемлекеттік стратегиялық құжаттар мен бастамаларда кәсіпкерлердің әлеуметтік жауапкершілігін арттырып, қоғамдық мәселелерге назарын көбірек ау - - дартуға толықтай жағдай жасалып ке - леді. Бір әттеген-айы, әлеуметтік кәсіп - керлік жаңадан шығып жатқан тренд болған соң, қазірше заң шығарушы органдарға жаңа кәсіп түріне қатысты жеке-дара заң жо - басы дайындалып, ұсы - нылып үлгермеген.
Елімізде әлеуметтік кәсіпкерліктің дамуына басты кедергі - тиісті жеке-дара заң жобасының жоқты - ғында. Бұл бағытта заң жобасын дайындау керек. Егерде бұл сала заңмен реттелсе, бұл әлеуметтік кәсіпкерлерге көрсетілген үлкен қолдау болар еді. Яғни олардың құ - қықтары мен міндеттері заңмен реттеліп, бұл бизнеске адамдардың көбірек келуіне ықпал етер еді. Қазір оларда ешқандай да салықтық жеңілдіктер жоқ. Ғимаратты да қыруар қаржыға жалдауға мұқтаж. Бұны заң реттеуі керек
Біз - дің елімізде талантты және әлеуметтік жауапкершілігі зор, қоғам дамуына қол - ұшын созуға дайын азаматтар баршылық. Сөзсіз, бұл сала дамыса, Үкі - мет пен қоғамнан бір ауыр жүгін өз мойын - дарына алғандай болар еді. Біздің қоғам әлеуметтік кәсіпкерлік терминологиясын да , идеясын да толық түсінбейді. Сонымен қатар, бұл әрекеттің басты ерекшелігі қарапайым және қисынды: ол міндетті түрде кез-келген әлеуметтік өзгерістерге әкеледі. Егер кәсіпкер белгілі бір кәсіпорынға ақша, білім, ресурстар салса және пайда күтсе, онда әлеуметтік кәсіпкер - бұл әлеуметтік саладағы мәселені көріп, оны кәсіпкерлік жолмен шеше алатын адам. Бұл классикалық мағынада қайырымдылық жасаушы емес. Әлеуметтік мәселелерді шешуде өзін - өзі тану және сонымен бірге құндылықты құруға және пайда табуға бағытталған бизнес жасау - осы екі субъектінің үйлесімі кәсіпкерді қайырымдылықтан ерекшелендіреді.
Бүгінде әлеуметтік кәсіпкерлер қоғам мен бизнестің белсенді бөлігіне айналып келеді, олар тәуекелге бел буып, жаңа бизнестерді ашуға және дамытуға, жұмыс орындарын ашуға, масылдықтан бас тарту мәдениетін қалыптастыруға, әлеуметтік мәселелерді шешуге дайын. Қазақстандық жағдайда бұл өте жас құбылыс. 2019 жылға қарай бейінді қауымдастықтың деректері бойынша республикада осындай 116-ға жуық кәсіпкер бар. Олар негізінен Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент, Қостанай, ШҚО-да жұмыс істейді.
Дипломдық жұмыстың объектісі-әлеуметтік салада жүзеге асырылатын әлеуметтік кәсіпкерлік. Диплом жұмысының зерттеу пәні - әлеуметтік қызметтерді іске асыру тәсілі ретінде әлеуметтік кәсіпкерлік. Эмпирикалық зерттеуде Әлеуметтік кәсіпкерлік Қызылорда облысы Шиелі ауданы әкімі аппаратының мысалында зерттеледі.
Мақсаты-әлеуметтік кәсіпкерліктің мазмұны мен ұйымдастырылуын талдау негізінде әлеуметтік маңызды қызметті жүзеге асыруда оның нақты мүмкіндіктері мен шектеулерін анықтау.
Мақсатқа жету үшін бірқатар міндеттер қойылды:
1. Әлеуметтік кәсіпкерлік феноменінің мазмұнын ашу;
2. Қазақстанда әлеуметтік кәсіпкерлікті қалыптастыру ерекшеліктерін талдау;
3. Әлеуметтік кәсіпкерліктің әлеуетін анықтау.
4. Әлеуметтік маңызы бар салада әлеуметтік кәсіпкерлікті іске асыру мәселелерін зерттеу.
Зерттеудің ерекшелігі сандық және сапалық әдістерді қолдануды қамтиды. Зерттеулердің едәуір санына қарамастан, әлеуметтік кәсіпкерлік проблемасы аз зерттелген болып саналады және одан әрі зерттеуді қажет етеді.
Диплом жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен тұрады.
Жұмыстың бірінші тарауында әлеуметтік кәсіпкерліктің теориялық негіздері қарастырылады. Қазақстандағы әлеуметтік кәсіпкерліктің қазіргі жағдайы талданады.
Екінші тарауда әлеуметтік кәсіпкерліктің ерекшеліктеріне назар аударылады, әлеуметтік кәсіпкерлік Қызылорда облысы Шиелі ауданы әкімі аппаратының мысалында зерттеледі.
Үшінші тарауда Қазақстан Республикасында әлеуметтік кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және дамыту шаралары қарастырылған
1 ӘЛЕУМЕТТІК КӘСІПКЕРЛІКТІ ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Кәсіпкерлік қоғамның даму факторы ретінде, оның негізгі міндеттері мен функциялары

Әлеуметтік кәсіпкерлік ұлттық экономиканың дамуына, жекелеген субъектілердің әл-ауқатына, іскерлік белсенділік пен ЖІӨ өсуіне, ҚР халқының тіршілік әрекетінің саяси, экономикалық және әлеуметтік аспектілеріне әсер етеді.
Әлеуметтік кәсіпкерлік әртүрлі міндеттерді шешеді, мысалы: азаматтардың еңбекке жарамсыз және уақытша еңбекке жарамсыз топтарының экономикалық тиімділігін арттыру, ішінара жұмыспен қамтылғандар және өз бизнесін дамытумен айналысатындар.
Әлеуметтік кәсіпорынның негізгі белгілері - әлеуметтік міндет кәсіпорынның қаржылық компонентінен жоғары; тұрақты, бәсекеге қабілетті және өзін-өзі ақтайтын кәсіпорын; тәжірибені көшіру және көбейту мүмкіндігі бар. Қызметтің бұл түрі өзін жеке кәсіпкер ретінде іске асыруға, проблемалық мәселелерді шешуге және кез келген адам қайырымдылыққа қатыса алатын платформа құруға мүмкіндік береді. Экономикалық қызметтің маңызды функцияларын жүзеге асыра отырып, әлеуметтік кәсіпкерлік перспективада мемлекеттік құрылым деңгейін арттырудың маңызды тетігі болып табылады. Қазақстанда әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту және қолдау өзектілігі жыл сайын артып келе жатқан негізгі проблемалардың бірі болып табылады. Қазір қызметтің негізгі бағыты әлеуметтік бизнесті қолдау, оның құнды нәрсе жасау және әлемді өзгерту мүмкіндіктерін көрсету болуы тиіс.
Қазіргі уақытта әлеуметтік кәсіпкерлік ұғымымен жиі бетпе-бет келуге болады. Алайда, әлемдегі әлеуметтік кәсіпкерліктің өсіп келе жатқан танымалдылығына қарамастан, ғылыми әдебиеттерде осы білім саласының мәні мен проблемаларын зерттеуге біртұтас көзқарас табу әрдайым мүмкін емес, нәтижесінде құбылысты түсіндіруге қатысты бірқатар пікірталастарға тап болу мүмкін емес.
Әлеуметтік кәсіпкерлік екі негізгі саланы қамтиды: әлеуметтік және экономикалық, осыған сүйене отырып, қазіргі қоғамда әлеуметтік кәсіпкерліктің көптеген түсіндірмелері пайда болды.
Бастапқыда негізгі тұжырымдаманы анықтау қажет яғни кәсіпкерлік ұғымын. Экономистер кәсіпкерлікті қоғамның әл-ауқатына ықпал ететін қозғаушы күш деп санайды. Бұл жағдайда қоғам қажеттіліктерді алға тартады, ал кәсіпкерлер қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін өз күштерін тастайды. Бұл тұрғыда кәсіпкерлік қызмет әлеуметтік мәселелерді шешу шекарасын кеңейтеді.
ҚР Азаматтық кодексіне сәйкес кәсіпкерлік заңда белгіленген тәртіппен осы сипатта тіркелген тұлғалардың мүлікті пайдаланудан, тауарларды сатудан немесе қызметтерді көрсетуден жүйелі түрде пайда алуға бағытталған өз тәуекелімен жүзеге асырылатын дербес қызмет болып табылады.
Кәсіпкерлік-нақты тұтынушылар мен қоғамның тауарларға (жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге) қажеттіліктерін қанағаттандыру және өзін-өзі дамыту үшін қажетті пайда (кіріс) алу мақсатында нарықтық қатынастар субъектілері жүзеге асыратын қызметтің әртүрлі салаларында шаруашылықтың еркін экономикалық жүргізілуі және басқа да шаруашылық жүргізуші субъектілер алдындағы қаржылық міндеттемелерді қамтамасыз ету жөніндегі міндеттемелерді орындауын бақылауды жүзеге асырады.
Әлеуметтік экономикалық құбылыс ретінде кәсіпкерлік көптеген қоғадық қатынастарды қамтиды. Мұның айталық, заң құқылық, психологиялық, тарихи жақтары бар. Бірақ кәсіпкерліктің тамыры адам қызметінің экономикалық жағдайларында жатыр.Кәсіпкерлік қатынастарды қараудың алғашқыт нүктесі олардың субъектісі мен объектісін анықтау.
Кәсіпкерлік субъектісіне экономикалық қызметке қатысушы түрлі мүшелер, алдымен жеке дара индивиттер, адамдар жатады. Олар бұл сапада жеке дара өндірісті ұйымдастырудан көрінеді. Мұндай кәсіпкердің жұмысы өзінің еңбек шығындарына немесе жалдамалы еңбекті қолдануға негізделеді. Соңғы жағыдайда кәсіпкер жалдаушы болады. Кәсіпкер қызметті бір топ адамдар жүргізу мүмкін, оларды байланыстырушы-міндетті шарттар мен экономикалық мүдде. Мұндай кәсіпкерліктің түрі - ұжымдық, коллективтік деп аталады. Ұжымдық кәсіпкерліктің субъектісі - әртүрлі ассоциациялар: акционерлік қоғам коопиративтер және тағы басқалар. Жеке дара кәсіпкерлерге қарағанда партнерлік бірлестіктер ірі көлемдегі мәсвелелерді шеше алады.
Мемлекеттік кәсіпорындар туралы ерекше айтқан жөн. Өйткені мемлекетте кәсіпорындарының ұжымы өзінен-өзі кәсіпкерліктің субъектісі бола алмайды. Бірақ егер қайта құрылыс болып, бұрынғы ұжымның орнына жаңа, айталық арендаторлар ұйымы құрылса, онда соңғылары ұжымдық кәсіпкерліктің субъектісі болады. Осыдан келіп кәсіпкерлік қызмет түрінің ирархиясы шығады:
Мемлекеттік (жоспарлы кездегіден өзгеше нарықтық экономикадағы роліне байлданысты), ұжымдық жеке дара.
Кәсіпкерліктің потенциалдық мүмкіндіктерінен толық бағалау үшін олардың субъектілерін номиналды және реалды деп бөлудің маңызы ерекше. Номиналдыққа - кәсіпкерлік қызметімен айналысу құқығы. Нарықты экономика елдерінде әрбіреуінің бұган құқығы бар. Алайда мұны жүзеге асыру қоғам мүшесінің бәрінің қолынан келмейді. Сондықтан кәсіпкерліктің шын реалды субъектісі-бұған деген алғы шарттары бар, ең бастысы-капитарл иемдену құқысы бар. Міне осы адамдар экономиканың кәсіпкерлік септігін құрып дамытва алады.
Кәсіпкерліктің объектісі - адаамның бергілі қызметі. Кәсіпкерліктің соңғы нәтижесі-өндірілген өніммен көрсетілген қызмет.Бірақ, ең бастысы-әр кәсіпкер оның өзіне тиімдісін пайдалысын ғана жасайды. Міне осы себептен кәсіпкерлердің ең басты мақсаты өз кәсіпорнының пайданы көп келтіруі немесе шығындарын барында азайту. Ал кәсікердің табысы көбіне оның істі үйымдастыруына тікелей байланысты. Ал қызметінің бастапқы кезінде кәсіпкер қатаң бәсеке жағдайында нарықтан шығып қалмас үшін өндіріс факторларын комбинациялаудың жаңа жолдарын іздейді, яғни бұл кәсіпкер ісінің ең басты мақсаты.
Сонымен, кәсіпкерлік-жаңа мүмкіндіктерді іздеу, жаңа технологияны пайдалану, капиталды жұмсаудың тың салаларын іздеу, ескі ойлау шеңберіне шығу, былайша айтқанда өндірістің жаңа түрін ашып дамыту, қызметтер мен тауарлардың жаңа түрлерін шығару мақсатында ұйымдастыру құрылымдарын өзгерту, жаңарту және өркендету болып отыр. Мұндай өзгерістердің түрлері әр алуан жаңа кәсіпорындар ашу немесе ескілерін жою және модификациялау.
Демек, нақты өмірде кәсіпкерліктің объектісі-новаторлық, жаңашылдық, ерекше мағынадағы новаторлық- өндіріс, айырбас және бөлудің түрлі факторларын үйлестіру.
Кәсіпкерлік әр кезде де белгілі бағытта ұйымдастырылады , нақты формалары бар. Кәсіпкерліктің шаруашылық жүргізу тәсілі ретінде бірнеше жалпы белгілері бар. Оның ішінде негізгісі - шаруашылық субъектілерінің еркіндігі мен тәуелсіздігі. Олардың егемендігі нарық механизмі әрекетін қамтамасыз ететьін тәртіп қалыптастырады. Кәсіпкердің тәуелсіздігі оған экономикалық ресурстарды алуға, осы ресурстардан өз қалауынша қызмет пен тауар өндіру процесін ұйымдастыру және оларды нарықта кәсіпкердің ойлағанындай сату құқығын береді. Матиреалдық ресурстармен ақша капиталының иелері бұл ресурстарды өз қалауынша пайдалана алады. Әрбір қызметші өзі істей алатын еңбекпен айналысуға құқығы бар. Алайда қандайда болмасын еркіндік көптеген жағдайлармен шектелген, олар сыртқы орта мен субъектілер әрекетінің нәтижесінен шығады. Дегенмен кәсіпкерліктің басты щарты- барлық мүмкіндіктердің деңгейі тұрғысынан шешім қабылдауға автономиялылығы, өзбеттілігі.
Барынша көп табыс келтіру - кәсіпкерлік жұмыстың қозгаушы факторы. Көп жағдайларда тек осы тұрғыдан ғана іс ұйымдастырылып, одан әрі кеңейтіледі. Бірақ нарық жағдайында белгілі бір өзгерістер өне бойы болып тұрады. Кәсіпкер көбіне бұл өзгерістердің басталуын күтпейді, тек соңынан қана оларға тиісінше көңіл аударады. Олар оздеріне тиімді өзгерістер яғни жұмыстарына жаңалықтар еңгізеді. Жаңалық процесінің мұраты-пайда табу. Нарыққа жаңа тауар шығарған немесе ресурс үнемдейтін экономикалық тиімді технология ұсынған алғашқы фирма оларды белгілі уақытқа деин баламалы құнынан жоғары бағамен сатады, міне осы қаблет-әдеттегіден ерекше шешім қабылдау іскерлік әлемінде ерекше жоғары бағаланады.
Кәсіпкерлікке тән тағы бір сипат шаруашылық жүргізудегі тәуекелге бел бууы. Іске кіріскенде алғашқы болашақ бұлдыр, оны болжап білу киын. Жаңа идеялармен жобаларды пайдаланғанда бастапқыда қауіп-қатері көп, оларды өне бойы экономикалық жағынан есептеуге мүмкін емес,
Шаруашылық қауып - қатердің, тәуекелдің негізінде мүмкін болатын және шын нәтижелердің ара қатынасы жатады. Егер өндірілген тауарлар бағасы жұмсалған шығындарды қайтармаса, онда кәсіпкер өз қызметін тиімді ұйымдастыра алмағаны , әлде күткен конъюктура жайсыз болғаны.
Өндіріс факторларын конбинациялауды тұрақты бақылау кәсіпкерді өне бойы ауыр жағдайда ұстайды, ал мұндай психологиялық жай өндірістің басқа мүшелерінде тарайды. Сонымен, нақты кәсіпкерлік қызметтің шеңберіне шаруашылық белсенділіктің жаңа мүмкіндіктерін іздеу пайдалылықтарын анықтау, өндірісті ұлғайтудың қаржылық және басқа ресурстарын қамтамасыз ету, жұмысшыларды жалдау, өкіметпен жабдықтаушымен, кленттермен қарым-қатынастар енеді. Әрине осы жұмыстардың бәрін бір адамның атқаруы міндетті емес. Бірақ кәсіпкерді лизамен салыстыру орынды; ол басқалардың энергиясын көбейтеді. Тәуелсіздік және ұйымдастырудағы новаторлык кәсіпкерліктің мәні осында: біреу оған өмір берсе , екіншісі тағдырын анықтайды .
Кәсіпкерліктің мәнін толық түсіну үшін оны меншік қатынастарын жүзеге асырудың бір түрі деп қарау керек. Кәсіпкер меншік иесі ме? Бұл сұраққа жауап беру үшін меншік иесінің қызметін шаруашылық субъектісінің қызметінен айыра білу шарт. Өткен ғасырдың өзінде-ақ меншіктегі капиталдан қызмет атқаратын капитал бөлінеді. Осыған қарап өндіріс құрал - жабдықтарын меншік объектісі ретінде иемденуден оларды шаруашылық объектісі ретінде иемденуі, тиісінше меншік иесі қызметін шаруашылық субъектісі қызметінен айыра білу қажет. Субъектінің өндіріс құрал - жабдықтарын меншік және шаруашылық объектісі ретінде иемденуі жеке - дара кәсіпкерлік деп түсіндіріледі. Шешім қабылдау процесі капитал иесін түгелдей тәуекелді. Алайда әдетте шешім қабылдау капитал иесінің капиталды басқарушыға ауысып отырады. Бұл өндіріс құрал-жабдықтарынан шаруашылық объектісі ретінде иемдену. Оның иелері жеке адам, топ немесе ұжым болулары мүмкін. Олар белгілі жағдайлар негізінде кәсіпкерлерге айналды- өздерінің шаруашылық жұмыс нәтижелеріне экономикалық жауапкершілікпен қарайтын оқшауйланған тауар өндірушілер. Ол тенденция бағыт акционерлік қоғамдарының пайда болуы мен байланыстарды күшейтеді. Жеке кәсіпорындарда бұрынғысынша меншік иесі кәсіпкер бірақ қазір кәсіпкерлер кооператив болып , ұйымдастыру, техникалық басқару меншік иесінен толық қанды өкілі - менеджерге ауысуымен сипатталады. Сонымен, кәсіпкер өндіріс құрал-жабдықтарын меншіктенуші болмай ақ шаруашылық өкілі ретінде иемдене алады. Кәсіпкер қызмет істейтін меншікті иесі ретінде шаруашылық субъектісі болып оқшауланады. Оған шаруашылық жұмысын өз бетімен жүргізуге жағдай жасайды, өз есебінен кәсіпорында ашық, өндіріс құрал-жабдықтарын тиімді пайдалануға оны жұмыс күшімен қосудың жағдайын анықтауға мүмкіндік береді.
Демек, кәсіпкер мен меншік иесі арасында айтарлықтай байланыс жоқ. Кәсіпкерлікті өркедетудің шарттары: меншік қатынастарын персонификациялау (адамдық келбеті), мүіктерді қолдану жөнінде өз еркі, жауапкершілігі мен шешім қабылдау мүмкіндігінің өнімдер мен табыстары жөнінде де осындай мүліктердің берілуі қабілеттер мен жинақтарды пайдалану жолдарын таңдап алудағы өндірушілер мен тұтынушылардың экономикалық еркіндігі, нарықтардың ашықтығы және тең салмақтылығы, қызметтер мен тауарлардың капиталдың, информация мен жұмыс күшінің қозғалысында кедергінің болмауы, тауарды бірдей бағамен сатып алу мүмкіндігі болуы, азаматтардың құқықты қоғамының, оның ішінде заң шығаратын, орындаушы - сот үкіметінің құрылуы және меншікті иесі мен кәсіпкермен құқығын қорғау.
Кәсіпкерлік дамуының дәрежесі, немесе жетілдірілмеген болуы мүмкін. Кәсіпкерлік қызмет нарықтан шығады, ол нарық қатынастарының сипаты мен көлеміне байланысты. Кәсіпкерлікті өркендетудің жағдайларын жасауда бәсекенің орны ерекше. Кәсіпкер үшін шаруашылықты жүргіз - бәсекеге түсу, өндірісті ұйымдастыра отырып, ол бәсекелік күрске әзір болуын, нарықтың қоғамдық қажеттілігіне сай келмейтінінің артығын қиып түсетіндігінен әзір болуы керек. Кез-келген меншік түрі (соның ішінде мемлекеттік де ) прогресс жолына шыға алады. Сонымен қатар кез-келген меншік тірі (соның ішінде жекеменшік те) прогрестің күшті символы болады, егер сол жасампаз бәсеке жол ашса. Күшті нарықтық эконмикасы бар елдер тәжірибесі көрсеткендей еркін бәсеке жүйесін реттейтін экономика белгі болады. Ол мемлекетсіз жұмыс істей алмайды, өйткені мемлекет ақша ұсынысын ұйымдастырады, ұжымдық қажеттіліктің бөлігі ретінде өтемдер береді. Нарықтық мінездердің тиімсіз жақтарын тежеп жібермейді.
Әлеуметтік кәсіпкерлік - бұл бастапқыда өзін-өзі қамтамасыз ету және тұрақтылық жағдайында қоғамның әлеуметтік мәселелерін шешуге немесе жеңілдетуге бағытталған инновациялық қызмет. Бұл термин медицина, білім беру, денсаулық сақтау және т. б. салалардағы белгілі бір әлеуметтік мәселені шешу үшін жаңа бизнес - жобаларды құрайтын кәсіпкерлерді немесе жеке адамдар тобын құрайды. Анықтамаға сүйене отырып, әлеуметтік кәсіпкердің мәртебесін тек бизнесті дамытатын субъект оның қызметінің негізі бұрыннан бар проблеманы жою немесе оның қоғамға әсерін жұмсарту деп есептеу негізінде ғана ала алады.
Кез-келген әлеуметтік кәсіпорын үш белгіге сәйкес келуі керек, атап айтқанда:
1. Әлеуметтік міндет кәсіпорынның қаржылық құрамдас бөлігінен жоғары (кәсіпорын қандай да бір әлеуметтік проблеманы шешуді немесе жұмсартуды өзінің негізгі міндеті етіп қояды).
2. Кәсіпорын тұрақты-ол бәсекелес - қабілетті және өтелімді (кірістілік кез-келген тауарларды немесе қызметтерді сатудан, сондай-ақ қайырымдылықтар мен қайырымдылықтардан түсуі мүмкін).
3. Тәжірибені көшіру және көбейту мүмкіндігі (қаржылық тұрақтылықтың үйлесуі және әлеуметтік миссияның орындалуы бизнесті жүргізуге инновациялық көзқарасты білдіреді, ал жеке аспектімен көшіру мүмкіндігін, алынған тәжірибеге сүйене отырып, ұқсас әлеуметтік мәселені шешу мүмкіндігін бөліп көрсету керек [1].
Әлеуметтік кәсіпкерліктің алғашқы көріністерінің бірін тапқан - Генри Форд деп атауға болады.
Оның негізі-әрбір жеке қызметкердің максималды тиімділігі әлеуметтік жағдаймен, Денсаулық деңгейімен және т.б. анықталмады, оның аясында кез-келген зауыт қызметкері, егер ол өз жұмысын атқарса, жұмыс істеген күні үшін орташа табыс ала алады. Форд өзінің фабрикасында жүргізген зерттеу барысында қызметтің белгілі бір түрлерін мүмкіндіктері шектеулі немесе уақытша еңбекке жарамсыз қызметшілер орындай алатындығы анықталды. Осындай мысалдардың бірі - көру қабілеті жоқ, бірақ сонымен бірге екі толыққанды зауыт жұмысшыларының нормасын орындайтын компоненттерді жинау бөліміндегі жұмыс. Зауыт аясында мұндай мысалдар көп болды. Сондай-ақ, қызметкерлерге қамқорлық жасалды, аурухана салынды, онда жұмысшылар ауру кезінде қалпына келе алды.
Қазіргі уақытта, ҚР Президенті жанындағы Стратегиялық зерттеулер институты деректері бойынша, Қазақстанда әлеуметтік кәсіпкерлік белгілі бір түрде немесе басқа түрде компаниялардың тек 1% - ын төмендетеді, жағдайды жақсарту үшін оны кем дегенде 10% - ға дейін арттыру қажет. Отандық әлеуметтік салада кәсіпкерлікті дамыту үшін мүмкіндіктер ашып, жағдай жасау қажет. Бұл жаңа идеялар, технологиялар ағынын қамтамасыз етеді, қызметтердің сапасын арттырады, жүздеген мың жұмыс орындарын ашады.
Қазіргі шындыққа сүйене отырып, Қазақстанда әлеуметтік бизнестің басты қиындықтары әлеуметтік кәсіпкерлік пен қайырымдылық арасындағы нақты бөлінудің мәні деп болжауға болады. Қазіргі Қазақстанда әлеуметтік мәселелерді шешу әлі де бизнесті құру мүмкіндігі ретінде қабылданбайды, осыған сүйене отырып, әлеуметтік кәсіпкерлер үшін заңнамалық база әлсіз көрсетілген.
Әлеуметтік кәсіпкерлік шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған, оның ішінде мынадай шарттардың орындалуын қамтамасыз ететін әлеуметтік жауапты қызметі болып табылады:
а) мүгедектерді, 3 жасқа дейінгі балалары бар аналарды, балалар үйлерінің түлектерін, сондай - ақ конкурстық іріктеу өткізілетін күнге дейінгі 2 жыл ішінде бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, аталған азаматтар санаттарының олардың қызметкерлері арасындағы орташа тізімдік саны кемінде 50% - ды; ал еңбекақы төлеу аясындағы үлесі кемінде 25% - ды құрайтын жағдайда адамдарды жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету %;
б) қызметтің мынадай салаларында қызметтер көрсету (тауарлар өндіру):
өзін - өзі жұмыспен қамтуға жәрдемдесуді қоса алғанда, кәсіптік бағдарлауға және жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу;
oo азаматтарға әлеуметтік қызмет көрсету, денсаулық сақтау, дене шынықтыру және бұқаралық спорт, балалар және жастар үйірмелерінде, секцияларда, студияларда сабақтар өткізу;
oo табиғи апаттар, экологиялық, технологиялық немесе басқа да апаттар, әлеуметтік, ұлттық, діни қақтығыстар салдарынан зардап шеккендерге, босқындар мен мәжбүрлі қоныс аударушыларға көмек көрсету;
oo медициналық техниканы, протездік - ортопедиялық бұйымдарды, сондай - ақ автокөлік құралдарын, мүгедектіктің алдын алу немесе мүгедектерді оңалту үшін ғана пайдаланылуы мүмкін материалдарды қоса алғанда, техникалық құралдарды өндіру және (немесе) өткізу;
oo мәдени-ағарту қызметін қамтамасыз ету театрлар, мектеп-студиялар, музыкалық мекемелер, шығармашылық шеберханалар);
oo білім беру қызметтеріне шектеулі деңгейі бар азаматтар топтарына білім беру қызметтерін ұсыну;
oo әлеуметтік - белсенді қызметке азаматтардың әлеуметтік қорғалмаған топтарын (мүгедектер, жетімдер, балалар үйінің түлектері, қарт адамдар, нашақорлықтан және маскүнемдіктен зардап шегетін адамдар) тартуға жәрдемдесу);
oo әлеуметтік қауіпті мінез-құлық нысандарының алдын алу;
oo мерзімді баспасөз басылымдарын, сондай - ақ білім беру, ғылым және мәдениетке байланысты кітап өнімдерін шығару [2].
Бұл анықтама әлеуметтік ұйымдарға мемлекеттік қолдауға өтінім беруге мүмкіндік береді. Бірақ сонымен бірге анықтамада әлеуметтік кәсіпкерліктің негізгі міндеті әлеуметтік миссияны жүзеге асыру және инновациялық тәсіл ретінде көрсетілмеген, бұл әлеуметтік мәтіні бар коммерциялық сипаттағы ұйымдарға артықшылық береді.
2020 жылғы статистика бойынша Казақстанда халық саны 18,7 млн адамды құрайды, олардың арасында мүмкіндігі шектеулі жандар аз емес. Еңбекке жарамсыз халыққа еңбек арқылы, қоғамның дамуына өз үлесін қоса отырып, өзін тұлға ретінде іске асыруға мүмкіндік беру үшін, өз жобаларын іске асыра отырып, жаңа жұмыс орындарын ұсына алатын және адамдар үшін қажетті сезіну мүмкіндігі бар дамыған әлеуметтік кәсіпкерлер желісі қажет.
Әлеуметтік бизнесті іске асыру шеңберінде адами капиталды дамыту факортын іске асыру негізгі мәселе болып отыр. Әлеуметтік бизнес өздерін толық қамтамасыз ете алмайтын адамдар мен ұйымдарға тауарларды сату немесе әртүрлі қызметтерді ұсыну арқылы қоғамға қандай да бір пайда әкелу мүмкіндігін береді. Әлеуметтік бизнестің немесе оның аналогтарының көп бөлігін адам аяушылығы мен қамқоршыларының шектеулерін қолдана отырып, осы әлеуметтік жоба жүзеге асырылатын адамдар үшін өмір сүру және көрінетін жұмыспен қамту үшін қайырымдылық жинау қызметін жүзеге асыратын ұйымдар құрайды. Мұндай қызметтің мысалы-қайырымдылық жәрмеңкелеріне қуыршақтар жасау, орындықтар, түрлі кәдесыйлар жасау.
Бұл тәсіл әлеуметтік бизнесті жүргізудің қызметкерлерінен қоғам үшін де, осы қызметті жүзеге асыратын адамдар үшін де екі тарап үшін де тиімсіз және пайдасыз әдістердің бірі ретінде алынып тасталуы керек.
Гүлденетін әлеуметтік бизнесті құрудың бастапқы негізі - бұл әлеуметтік топтың максималды тиімділігі бар халықтың игілігі үшін қолдана алатын қасиеттері мен мүмкіндіктерін анықтау. Әлеуметтік бизнес нақты бар міндеттерді шешетін және адам ресурсын барынша тиімді пайдаланатын шартты сақтаған жағдайда, біз әлеуметтік бизнесті жеткілікті бірлік ретінде қарастыра аламыз.
Қазіргі экономикалық жүйелерде әлеуметтік кәсіпкерлік маңызды элементтердің бірі ретінде ғылым, саясат және мемлекет өкілдері тарапынан үлкен назар аударуы керек. Өйткені, әлеуметтік кәсіпкерлік белсенділік бәсекелестік ортаны тиімді қалыптастырады, жұмыс орындарын қамтамасыз етеді және еңбек нарығындағы шиеленісті басады[3].
Экономикалық қызметтің маңызды құрылымдық функцияларын жүзеге асыратын Әлеуметтік кәсіпкерлік перспективада мемлекеттік құрылым деңгейін арттырудың маңызды тетігі болып табылады. Қазіргі әлемде әлеуметтік Бизнестің проблемалары мен перспективаларына назар аудару керек, оны елдің экономикалық саласындағы ерекше сала ретінде қарастыру керек. Осылайша, Қазақстан Республикасындада әлеуметтік бизнесті қолдау және дамыту қажеттілігі айқын.
Әлеуметтік кәсіпкерлік - бұл қазақстандық бизнес жүйесіндегі тұрақты жаңа және жас бағыт, және бұл уақыт елдегі кәсіпорындардың жалпы санының 1% - ынан аз болғанына қарамастан, қарқын алуда. Қазір қызметтің негізгі бағыты әлеуметтік бизнесті танымал ету, оның құнды нәрсе жасау және әлемді өзгерту сияқты мүмкіндіктерін жою болуы керек. Сонымен қатар, мемлекеттік және жеке қолдау әлеуметтік бизнесті жаңа деңгейге көтереді, өйткені көп жағдайда әлеуметтік кәсіпкерлердің өз жобаларын жүзеге асыруға қаражаты жоқ [4].
Сонымен қатар, Қазақстанда әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту барлық мүдделі тараптар - кәсіпкерлер, мемлекет, қоғам үшін маңызды қызмет бағытына айналуда. Кез - келген бизнестегі сияқты, басымдық-мемлекет тарапынан даму үшін әділ және айқын жағдайлар жасау-ойын ережелері.

1.2 Әлеуметтік кәсіпкерліктің экономикалық мәні және даму алғышарттары

Қазіргі формада әлеуметтік кәсіпкерлік ұғымы 20 ғасырдың 80-жылдарында пайда болды. 1990 жылы қарқынды даму кезеңіне өтті, олардың негізгілері белгілі бір ұйымдардың өсуі мен жандануы, көлік пен инфрақұрылымның дамуы, жаңа байланыс құралдарының пайда болуы деп аталатын бірқатар себептерге байланысты.
Әлеуметтік кәсіпкерлік-әлеуметтік, мәдени немесе экологиялық проблемалардың шешімдерін әзірлеу, қаржыландыру және іске асыру үшін стартаптарды және кәсіпкерліктің басқа да құралдарын пайдалану. Бұл аспектіде әлеуметтік кәсіпкерлік үшінші сектормен жақындасады. Әлеуметтік кәсіпкерлік тұжырымдамасын әртүрлі мақсаттарға ие әртүрлі ұйымдардың кең спектріне қолдануға болады.
Әлеуметтік кәсіпкерліктің субъектісі және жолсерігі әлеуметтік кәсіпкер болып табылады. Егер дәстүрлі кәсіпкерлер, әдетте, пайдаға, кіріске (сату көлеміне) немесе акциялардың құнына назар аудара отырып, өз қызметінің табыстылығын бағалайтын болса, онда әлеуметтік кәсіпкер үшін табыстылықтың басты критерийі әлеуметтік қайтарым болып табылады[5]. Пайда өздігінен емес, әлеуметтік немесе мәдени мақсаттарға жету үшін одан әрі алға жылжу құралы ретінде ескерілуі мүмкін. Әлеуметтік бизнестің басқа да маңызды белгілері: инновация, өзін-өзі қамтамасыз ету және қаржылық тұрақтылық, масштабталу және көбейту[6].
Әлеуметтік кәсіпкерлік идеясы қызмет саласының дамуымен қатар бірнеше онжылдыққа созылады. Әлеуметтік-кәсіпкерлік қызметті дәл айқындау проблемасы шешілмеген күйінде қалып отыр - Сурет 1 әлеуметтік кәсіпкерліктің негізгі критерийлері көрсетілген.

Әлеуметтік әсер
нақты әлеуметтік мәселені шешуге немесе жұмсартуға назар аудару)
Өзін өзі өтеу және
Қаржылық
тұрақтылық :: тұрақты сыртқы қаржыландырудан тәуелсіздік

Инновациялық
бұрыннан бар әлеуметтік проблеманы шешудің жаңа тәсілдерін, жаңа тәсілдерін қолдану
Кәсіпкерлік тәсіл
әлеуметтік кәсіпкердің бос нарықтық тауашаларды көру, мүмкіндіктер табу, ресурстарды жинақтау, жалпы қоғамға ұзақ мерзімді жағымды әсер ететін жаңа шешімдерді әзірлеу қабілеті
Таралымдылығы
әлеуметтік әсерді арттыру мақсатында әлеуметтік кәсіпорын қызметінің ауқымын ұлғайту және тәжірибені (модельді) тарату
Әлеуметтік әсер
нақты әлеуметтік мәселені шешуге немесе жұмсартуға назар аудару)
Өзін өзі өтеу және
Қаржылық
тұрақтылық :: тұрақты сыртқы қаржыландырудан тәуелсіздік

Инновациялық
бұрыннан бар әлеуметтік проблеманы шешудің жаңа тәсілдерін, жаңа тәсілдерін қолдану
Кәсіпкерлік тәсіл
әлеуметтік кәсіпкердің бос нарықтық тауашаларды көру, мүмкіндіктер табу, ресурстарды жинақтау, жалпы қоғамға ұзақ мерзімді жағымды әсер ететін жаңа шешімдерді әзірлеу қабілеті
Таралымдылығы
әлеуметтік әсерді арттыру мақсатында әлеуметтік кәсіпорын қызметінің ауқымын ұлғайту және тәжірибені (модельді) тарату

Сурет 1.1. Әлеуметтік кәсіпкерліктің қағидаттары
Ескерту - [6] оқулық негізінде автормен құрастырылған

1.2 - ші сүретте Әлеуметтік кәсіпкерлік кәсіпорнының орналасуы көрсетілген (бұдан әрі -ӘК))
Грегори Диз 1998 жылғы әлеуметтік кәсіпкерлік туралы мақаласында енгізген әлеуметтік кәсіпкерліктің анықтамасы классикалық болып саналады. Ол Джозеф Шумпетер, Жан - Батист Сэй, Питер Друкер және Ховард Стивенсонның еңбектерінен алынған кәсіпкерлік анықтамасына әлеуметтік аспект қосу арқылы алынған. Диздің айтуынша, әлеуметтік кәсіпкерлер-бұл әлеуметтік сектордағы өзгерістердің агенттері:
- әлеуметтік құндылықты құруға және қолдауға бағытталған миссияны қабылдау (жеке тұлға үшін құндылықтар ғана емес);
- осы миссияға байланысты жаңа мүмкіндіктерді анықтау және үздіксіз іске асыру;
- тұрақты инновациялар, бейімделу және оқыту процесіне қатысу;
- қолда бар ресурстармен шектелмеген батыл әрекеттер;
- әлеуметтік топтардың тағдыры үшін, олар жұмыс істейтіндер үшін және олардың қызметінің нәтижесі үшін жауапкершіліктің жоғары сезімі.
Осылайша, Диз бойынша әлеуметтік кәсіпкерлік - бұл әлеуметтік мақсаттарға қол жеткізу немесе әлеуметтік миссияны орындау үшін дәстүрлі кәсіпкерлік тәжірибесін қолдану.

Коммерциялық
бизнес

Әлеуметтік кәсіпкерлік
Қайырымдылық ҮЕҰ
Коммерциялық
бизнес

Әлеуметтік кәсіпкерлік
Қайырымдылық ҮЕҰ
Пайда әлеүеті

Әлеуметтік
ықпал
ету әлеуеті

Сурет 1.2. Әлеуметтік кәсіпкерлік кәсіпорнын позициялау
Ескерту - [7] оқулық негізінде автормен құрастырылған

Әлеүметтік кәсіпкерлік (ӘК) даму проблемасымен шетелдік және қазақстандық ғалымдар айналысады,әлеүметтік кәсіпкерлік теориясы қазіргі ғалымдардың көптеген жарияланымдарында көрініс табады, атап айтқанда: Г.Диз, Д. Томсон, Д. Маир. ӘК туралы жиынтық идеяны белгілеу үшін ӘК ұғымының түсіндірмелеріне дәйекті талдау жасау қажет. 1-кестеде экономикалық әдебиеттерде жиі кездесетін негізгі тұжырымдар келтірілген.

Кесте 1.1. Әлеуметтік кәсіпкерлік ұғымының анықтамалары

Дерек көзі

Мазмұны
Ч. Лидбитер (1997)
Әлеүметтік кәсіпкерлер - әлеуметтік проблеманы мойындайтын, кәсіпорынды құратын және басқаратын, әлеуметтік көшбасшы кәсіпкерлер, әлеуметтік өзгерістерді жүзеге асыратын адамдар.
М. Юнус (1997)
Әлеуметтік бизнес - барынша пайданы максимизациялайтын кәсіпорындардан ерекшеленеді, оның мақсаттары - өнімдер мен қызметтерді өндіру арқылы әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған
Г. Диз (1998)
Әлеуметтік кәсіпкерлер - бұл әлеуметтік сектордағы өзгерістер агенттері: әлеуметтік құндылықты құру және қолдау миссиясын құру; бұл миссияны тану және тынымсыз қызмет ету; үздіксіз инновация, бейімделу және оқыту процесіне қатысу; қол жетімді ресурстармен шектелмеген батыл әрекеттер; жоғары жауапкершілік сезімі
Д. Томпсон (2000)
Әлеуметтік кәсіпкерлер - бұл кейбір әлеуметтік қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін, мемлекеттік әлеуметтік жүйе қамтамасыз етуді қанағаттандыра алмайды, мүмкіндіктері бар екенін түсінетін адамдар, және олар қажетті ресурстарды жинайды
С. Захра (2018)
Әлеуметтік кәсіпкерлік - жаңа кәсіпорындар құру немесе бұрыннан бар кәсіпорындарды басқару арқылы қоғамдық әл-ауқатты арттыру мүмкіндіктерін табу және пайдалану үшін инновациялық тәсілдерді қолдана отырып жүзеге асырылатын әрекеттер мен процестерді қамтиды
Біздің болашағымыз Қоры (2019)
Әлеуметтік кәсіпкерлік - қоғамдағы әлеуметтік проблемаларды жұмсартуға немесе шешуге бағытталған, төменгі белгілермен сипатталатын инновациялық кәсіпкерлік қызмет:
oo әлеуметтік әсер ету, инновациялылық, өзін-өзі өтеу және қаржылық тұрақтылық,
oo ауқымдылығы және кең таратырыу бар,
oo кәсіпкерлік тәсілді әлеүметтік бағытта қолданатын
Дж. Кикал, Т. Лайонс (2020)
Әлеуметтік кәсіпкерлік-бұл қоғам мен экологияның игілігі үшін қызмет ету, жеке сектордың кәсіпкерлік рухын, күшін біріктіретін қоғамдық мәселелерді шешу үшін қарапайым кәсіпкерліктің құралдары мен технологияларын қолдану, қоғамдық мүдделерді жеке мүдделерден жоғары қоятын экономикалық нарықтар мен мемлекеттік сектордың ерекшеліктері.
Ескерту : автормен құрастырылған [8-13] әдебиеттер негізінде

ӘК - кәсіпкерлік қызметтің салыстырмалы түрде жаңа түрі. Ол коммерциялық қызметтен әлеуметтік өзгерістерге назар аударумен және белгілі бір әлеуметтік мәселені шешумен ерекшеленеді, пайданың көп бөлігі кәсіпорынның дамуына, коммерциялық емес - бизнес-өз қызметінің коммерциялық сипатына бағытталған.
Әдебиеттерге шолу негізінде әлеуметтік кәсіпорындардың негізгі сипаттамаларын бөліп көрсетуге болады.
Біріншіден, әлеуметтік кәсіпкерлікті коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдар жүзеге асыра алады.
Екіншіден, бұл өз кірістерінің көп бөлігін өз тауарларын жәненемесе қызметтерін сату арқылы құратын экономикалық қызмет.
Үшіншіден, кәсіпорынның мақсаты - әлеуметтік жәненемесе экологиялық мәселелерді шешу немесе жеңілдету.
Төртіншіден, осы мақсаттарға жету үшін кәсіпорын пайдасының көп бөлігін өз кәсіпорнына немесе қоғамдық бастамалар мен ұйымдарды қолдауға қайта инвестициялайды.
Бесіншіден, мұндай кәсіпорын операциялардың ашықтығы мен әсер ету және көрсетілген әлеуметтік әсер туралы есептілікпен сипатталады.
Осылайша, ӘК-ның кез келген түрін жоғарыда 2-суретте көрсетілген блок-схема түрінде ұсынуға болады.
Әлеуметтік кәсіпкерліктің ұйымның басқа түрлерінен айырмашылығы.
Бизнесті қоғам аясында қарастыру керек және осыған байланысты кез-келген бизнес әлеуметтік жауапты болуы керек деген тезис бар. Біз бұған бір күні келеміз деп үміттенемін. Бірақ қазір әлеуметтік кәсіпкерлікті коммерциялық емес қызметтен, әлеуметтік жауапты және дәстүрлі бизнестен ажыратуға мүмкіндік беретін айқын қырлар бар.
Әлеуметтік кәсіпорын және коммерциялық емес ұйым (КЕҰ).
Әлеуметтік кәсіпорындар мен КЕҰ-ның ортақ белгілері бар: олардың мақсаты әлеуметтік миссияны орындау болып табылады, онда пайда әлеуметтік маңызды мәселені шешуге қайта инвестицияланады және есеп серіктестер мен мүдделі адамдар алдында жүзеге асырылады. Алайда, әлеуметтік кәсіпорын мен КЕҰ арасындағы түбегейлі айырмашылық пайда мен өзін-өзі қамтамасыз ету болып табылады [14].
КЕҰ өзінің коммерциялық емес қызметіне байланысты шығыстарды бір жолғы немесе мезгіл - мезгіл жаңартылатын режимде (іс - шараларға қатысу төлемі, конференцияға тіркелу жарнасы, оқу немесе қандай да бір басқа қызметтер үшін төлем) ішінара немесе толық жабу туралы шешім қабылдай алады. Алайда, шығыстарды жабу жөніндегі нақты бағдарлама аяқталғаннан кейін шығындарды өтеу тоқтатыла тұрады. Сондай-ақ, КЕҰ шығындарды жаба алады және жүйелі коммерциялық қызметтен, мысалы, мүшелік жарналар, кеңес беру қызметтері және жарияланымдар мен өнімдерді сату арқылы кіріс ала алады. Бірақ КЕҰ үшін алынған кірісті қалай жұмсауға болатындығы туралы қатаң шектеулер бар, әлеуметтік кәсіпорындар кіріс алу және иелік ету нұсқаларында икемділікке ие.
Жалпы, КЕҰ қызметі әлеуметтік мәселелерді шешуді ұсынатын инновациялық жоба, бизнес-жоспар және тиісті кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға дайын болған жағдайда әлеуметтік кәсіпкерлікке айналуы мүмкін. Алайда, көп жағдайда сәтті КЕҰ және шағын бизнесті ұйымдастыру батыста және үшінші әлем елдерінде кездесетін әлеуметтік кәсіпкерліктің ең жақсы үлгілерінен әлі де алыс. Әлемдегі көптеген классикалық ҮЕҰ гранттар мен қайырымдылықты іздейді және өз миссиясын жүзеге асыруды саудаға айналдырғысы келмейді.
Әлеуметтік кәсіпорын, дәстүрлі кәсіпкерлік және әлеуметтік жауапты бизнес
Әлеуметтік кәсіпкерлер дәстүрлі кәсіпкерліктен және әлеуметтік жауапты бизнестен ерекшеленеді, өйткені тапқан табысты пайдаланып, олар әлеуметтік мәселеге тікелей жауап береді, әлеуметтік бағытталған және маңызды өнімдер мен қызметтерді сатады немесе әлеуметтік тұрғыдан алынып тасталған халықты әлеуметтендіру және бейімдеу үшін жалдайды.
Дәстүрлі кәсіпкерлер көбінесе әлеуметтік жауапкершілікпен әрекет етеді: олар экологиялық таза материалдар мен технологияларды қолдануға көшеді; КЕҰ үшін қаражат бөледі; қоғам үшін жағымсыз салдармен бизнесті жүргізуден бас тартады; өз қызметкерлеріне құрметпен қарауға тырысады. Алайда, мұның бәрі әлеуметтік мәселелерге жанама түрде қатысты.
Бүгінгі таңда кез-келген ірі корпорация өзінің әлеуметтік жауапкершілігін атап өтуге тырысады, ол үшін Қоғаммен байланыс жөніндегі мамандардың барлық штаттары жұмыс істейді. Корпоративтік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Баспа өнімдері саласындағы кәсіпорындағы маркетингтік қызметті ұйымдастырудың теориялық негіздері
Кәсіпорынның маркетингтік қызметтін жетілдіру
Нарық қоғамның экономикалық өмірінің негізі
Қазақстан нарық қатынастардың қалыптасуы мен даму кезендері
Кәсіпорын экономикасының ішкі жағдайлары
Кәсіпорынды басқару процесі
Стратегиялық жоспарлау мәні
Кәсіпорынның қаржылық стратегиясын жоспарлау және басқару
Маркетинг процесін басқару
Қазақстанда рыноктың қалыптасу ерекшеліктері мен заңдылықтары
Пәндер