Абай жолы эпопеясындағы көркем уақыт пен тарихи шындық
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
Филология факультеті
Қазақ тілі мен әдебиеті, 302-топ
Тапсырма: Қазақ кеңес прозасындағы замана шындығы
Орындаған: Аман Мерей Өскенқызы
Қабылдаған: Әбдиманұлы Өмірхан
2021 жыл
Мазмұны:
І.Кіріспе ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
ІІ.Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1. Абай жолы романындағы өмір шындығы
2.Романдағы көркемдік шешім
3.Абай жолы эпопеясындағы көркем уақыт пен тарихи шындық
ІІІ.Қорытынды ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
IV.Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Кіріспе
Эпопея -- грек тіліне аударғанда -- жарату, тудыру, жазу деген ұғымға сай келеді. Эпопея екі түрге бөлінеді: бірі - көне тарихи дәуірдің типтік оқиғаларын кең көлемде баяндайтын поэзиялық немесе прозалық шығармалар. Оларға Шаһнама, Манас т.б. жатса, екінші -- кейінгі дәуірдің еншісіндегі тарихи кезеңді жан-жақты суреттейтін роман жанрында кездесетін еңбектер. Оған қазақ әдебиеті тарихында М.Әуезовтың Абай жолы роман-эпопеясын атауға болады. Жазушы өзінің осы еңбегінде қазақ халқының тілі мен ділін, өнері мен мәдениетін, тарихи болмысы мен дүние танымы, әдеп-ғұрпы мен ұлттық дәстүрін барлық қырынан жан-жақты ашып көрсеткен.
Абай жолы роман-эпопеясында Мұхтар Әуезов ұлы ақын Абай Құнанбаевтың жеке өмірін, күресін ғана суреттеп қоймайды. Роман-эпопеяда, суретшінің дәуір шындығы, феодалдық-рулық тартыстар, көшпелі қоғамдағы топтың жіктелуі, қарапайым еңбек адамының аянышты, азапты өмірін ашып көрсетеді. ХІХ ғасырдың ІІ жартысындағы қазақ халқының таным-түсінігі, әдет-ғұрпы, салт-жоралғылары, көшпелі тұрмысы, бір сөзбен айтқанда, Абай жолы романында қазақ халқының өмірі, жан-жақты эпикалық, энциклопедиялық тұрғыдан терең суреттеліп жазылған.
Сондықтан да халқымыздың біртуар перзенті Қаныш Имантайұлы Сәтпаевтың романды: Егер сен ХІХ ғасырдың ІІ жартысындағы қазақ халқының өмірін, тіршілігін, тарихын, әдет-ғұрпын білгің келсе, Мұхтар Әуезовтің Абай жолын оқы. Ол - шын мәніндегі энциклопедиялық шығарма, - деп бағалағаны бекер емес.
Мен СӨЖ жұмысымның негізгі бөлімінің біріншісінде романындағы өмір шындығына тоқталамын. Себебі, М.Әуезов ақын өмір сүрген сол дәуірдің шындығын мейлінше мол әрі терең бейнелеп жеткізген. СӨЖ жұмысымның негізгі бөлімінің екіншісінде романдағы көркемдік шешім тұрғысын қарастырамын. СӨЖ жұмысымның негізгі бөлімінің үшіншісінде Абай жолы эпопеясындағы көркем уақыт пен тарихи шындыққа тоқталамын. Екеуінің аражігін ажыратуға тырысамын. Қорытынды бөлімде СӨЖ жұмысыма жалпылама қорытынды жасаймын.
Негізгі бөлім
1.Абай жолы романындағы өмір шындығы
Абай жолы эпопеясы тарихи өмір шындығына жүгінген көркем туынды. Шығармада суреттелетін бейнелер өмірдің өзінен ойылып алынған. ХIX ғасырдың екінші жартысындағы қазақ даласының бүкіл экономикалық, әлеуметтік-тұрмыстық, мәдени-рухани салаларына көркем сөз өнері арқылы тіл бітіру тек қана ұлы әдебиетші ғалым, заңғар жазушы, әлемдік деңгейдегі қаламгер Мұхтар Әуезовтың суреткерлік қуатты қолтаңбасы арқылы жаһан жұртшылығының игілігіне айнала алды..
Абай жолы эпопеясында ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ даласының толық көрінісі ақын өмірі арқылы көрсетіледі. Бұл уақыт - хандық жүйенің жойылған кезеңі еді.Оның орнына округтерге бөлінген, бас-басында аға сұлтандар билеген билік жүйесі орныққан-ды. Сондай-ақ, әр рудың басында жер мен жесір және өзге де дауларды шешуде ерекше рөлге ие билер де елеулі мән мен маңызға ие болатын. Эпопеяда бұны анық аңғаруға болады. Мәселен, тобықты руының ең ықпалды биі Құнанбай. Ол ырғызбайдың мүддесін қорғады. Бөжей жігітектердің ықпалды биі болды. Байсал іргелі ел көтібақтардың туын көтерді. Сүйіндік мейілінше саны аз бөкеншілердің тілеуін тіледі. Қаратай көкшелердің намысын жыртты. Құлыншақ торғайлардың бетке тұтар биі болды. Олар өз ел-жұртының, руының көкейкесті мәселелерін терең білді. Сол саладағы терең иірімдер мен жұмбақ сырлардың құпияларын да терең меңгерген, өмір тәжірибелері мол, тіршіліктің сан мыңдаған сынақтарынан сүрінбей өткен ірі тарихи тұлғалары еді.
М. Әуезов Абай образын шындыққа лайық тарихи процеспен, халық өмірімен тығыз байланыста алып суреттейді. Тарихи жағдайды байыптасақ, XIX ғасырдың екінші жартысында қазақ даласында, өзгеріс, жаңалық аз болған жоқ. М. Әуезов осы өзгерістерді айқын көрсетіп, отаршылдық саясаттың ауыр зардабын, асқындаған қайшылықтарды, әлеуметтік теңсіздікті ел ішіндегі шым-шытырық күресті баса суреттейді. М.Әуезов бейнелеген оқиғалар мен кұбылыстар тарихи процестің даму тенденциясын дәл тауып, халық өмірінің негізгі салаларын қамтиды. Абай романында бірыңғай дала көрінісі ауыл көрінісі, ру тартысы, қаймағы бұзылмаған тұрмыс-салт, әдет-ғүрып, қысқасы сол кезеңдегі феодалдық, патриархалдық қоғам суреттеріне көбірек назар аударылса, келесі Абай жолы романдарында қала, базар, закон, завод көріністері, ондағы патша өкіметінің чиновниктері, қала байлары, саудагерлері, қолөнершілері, діни адамдар, жұмысшылар, интеллигенция өкілдеріне көбірек назар аударылады. Алғашқы кітаптарда ру тартысы басым болса кейінгі кітаптарда әлеуметтік теңсіздік негізделген күрестер көбірек байқалады, алғашында Абай әкесі Құнанбаймен қарсыласса, кейінгілерде оның ізбасарларымен (Тәкежан, Жиренше, Оразбай), патшашылдармен қарсыласады. Алдыңғы кітаптарда Абай, Дәркембай, Базаралы жатақтармен Михайлов тәрізді бірен-саран жер ауған халықшыл-демократтармен қана пікірлес болса, соңғы кітаптарда Павлов сықылды революционерлермен Сейіттей жүмысшылармен, Әбіш, Дәрмен сықылды жаңашыл жастармен пікірлес болады. РЕКЛАМА
Сонымен, Абай шығармаларын өз алдына қойғанда, менің романдарымдағы нағыз тарихи нәрселер қандай? Бірен-сараны болмаса, романдардағы кейіпкерлердің бәрі түгел дерлік өмірде болған адамдар; әрине, олардың бәрі бірдей белгілі тарихи рөл атқарып жатқан жоқ, бірақ Абай айналасында өмір сүріп, тіршілік еткендер. Сондықтан, азамат ақынды, оның дәуірінін, шындығын көрсетуде бұларды елеусіз қалдыруға болмайды. Олардың шыққан тегі, істеген істері шындыққа дәл. Романдардағы географиялық атаулар, пейзаж -- бәрі де шындық. Әсіресе, пейзаж -- Абай туған даланың жай, жалаң көріністері ғана емес, тірі табиғаттың сырлы суреттері. Түрліше оқиғаларға куә жайлау, қыстау, қоныс аттары өз күйінде алынды. Абайдың жеке басына, жанұясына тән, немесе бүкіл халық тағдырына қатысы бар көптеген оқиғалардың негізінде деректі шындық бар. Сөз жоқ, тарихи романшының правосы бойынша менде ой, жоба, топшылау, елестету, өзімше қорыту дегендер бол - ды, бірақ сонын, бәрінің негізінде нағыз болған шындық жатыр.
М. Әуезовтың Абай жолы роман-эпопеясында өнер адамдарын жаңа қырынан тану бүгінгі күннің талабы болса, кітапта көрсетілгендей Қашқынбай аты - Қамысбай, Шәкәрім аты - Шұбар, Сабырбай аты - Қадырбай, Жанақ аты - Садақ, Дулат аты - Барлас, Түбек аты - Шүмек болып кездесетін протиптерінің есімдері өзгеріп берілген. Өз есімімен елге белгілі тұлғалар ақын Шөже, Біржан сал, Байкөкше Балғынбайұлы сияқты ақын-жыршылардың қазақ әдебиеті тарихындағы орындары елеулі. Олардың да Абай жолында көркем бейнелерін суреттелуі шынайы өмірдегі бейнелерімен зерттелді деп айта алмаймыз. Өйткені, автордың дәуірі ұлт әдебиетінің екі бүйірінен қысып тұрған заман еді. Мәселен роман-эпопеяда кездесетін Шұбар бейнесінің өмірдегі сом тұлғасы данышпан ақын Шәкәрім екенін автор жақсы білді, бірақ империяның тезіне салған қазақтың біртуар ұлы Шәкәрімді Шұбар есімімен жұтаң бейнемен суреттеді, оның түпкі себебін дәйекті түрде айқындап түсіндіру біздің міндетіміз деп білемін. Сонымен қатар Құнанбайдың жаңаша бейнесін яғни елге еткен еңбегін шынайы дерек көздері арқылы жан-жақты қарастыру бүгінгі күннің талабы екенінін ескеруіміз қажет.
Эпопеяда ұлттық менталитетке тән жоқтау, ас беру секілді рәсімдер жан-жақты суреттелген. Бөжейді жоқтау, аған арнап ас беру арқылы халықтың тұрмысы, психологиялық иірімдері терең әрі қуатты бейнеленген. Бұның барлығы көненің, ескіліктің қалдығы емес. Сол кезеңдегі өмір шындығы. Жоқтау - қиыннан өлең жолдарын құрастыру емес. Жоқтау - қайтыс болған адамның бойындағы адами қасиеттерін елеп-екшеп айта білу. Сол арқылы тыңдарман қауымға бақилыққа аттанған адамның кім болғандығын, орнының ойсырап қалғанын тәптіштеп, ой армандарын, сезім иірімдерін көркем сөз қасиетімен жеткізе білу екендігін анық ұғынамыз.
2.Романды көркемдік шешім
Әдебиеттің халықтығы-оның халықтық ірі мәселелерді халыққа түсінікті түрде, халық мүддесіне сай көркем шешуі болып табылады.
Осындай көркем шешімі өте сәтті шыққан бірегей туынды-М.Әуезовтің Абай жолы роман-эпопеясы деп толықтай айта аламын.
Мұндағы Абай образының осылай саңлақ шығуының басты себебі-оны халық өмірімен байланысты, халықтың жақсы дәстүр, қасиеттерін бойына сіңірген және заманның озат, жаңашыл идеясы тұрғысынан еңбекші бұқараның жоғын іздеген қайраткер етіп бейнелеуінде.
Абай жолы-халық жолы, халық жолы-Абай жолы. Осы тамаша бірлікті тарихи шындыққа сай және асқан көркемдік шеберлікпен көрсету М.Әуезовтің ұлы творчестволық жеңісі болып табылады.
Романның бірінші бетінен соңғы бетіне шейін алдымен терең ақындық сыр шертіледі, ақындық үн, әуен естіледі, ырғақ сезіледі-...ақынның барлық бастан кешкен арман-мүддесі, қуаныш-сүйініші, қайғы-қасіреті, тоғаныс-тебіренісі өз басыңнан өткендей әсер аласың. Оның сыры, үні, лебізі жүрек пен құлақтан мәңгі үзілмейтін тәрізді...
Абай образының тағы бір маңызды ерекшелігі-оның интеллектілік қасиеті. М.Әуезовтің көрсетуінде есейген Абай-ақындығымен бірге білімді, парасатты философ адам. Ұлы ақынның бұл қабілеті оның әрбір қадамынан көрінеді. Не нәрсенің терең сырын, мағынасын, себебін түсінуге тырысу, не істесе де сол істің байыбына барып, пайымдап, топшылап алып іске кірісу, айтыс-таластарға логиканы қару ету, халқының қадірі және болашақ тағдыры туралы шексіз толғану, өлеңдерін ұдайы философиялық, даналық ой-пікірлерге негіздеу-осының бәрі Әуезовтің шебер суреттеуінде ұлы Абайдың бойына жарасқан.
Романның жан толқытарлық, керемет көркемдік қасиеттері, шындықты суреттеу шеберлігі, өмір құбылыстарын адам характері арқылы терең де толық бейнелеуі оның шынайы халықтық шығарма екендігінің айғағы.
Абай жолы мынандай бір түйінді пікірдің дұрыстығына айғақ бола алады: нағыз ұлттық, шынайы халықтық шығармаға ұлттық шағындық, үстірттік сықылды ұғымдар мүлдем жат. Нағыз ұлттық шығарма өзінің идеялық және ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz