Аспектуалдық категориясына жалпы сипаттама


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Филология факультеті

Қазақ тілі мен әдебиеті, 302-топ

Тапсырма: « Қазақ тіліндегі аспектуалдық категориясының өзіне тән ерекшеліктеріне жалпы сипаттама»

Орындаған: Аман Мерей Өскенқызы

Қабылдаған: Алкебаева Дина Акбергеновна

2021 жыл

Мазмұны

І. Кіріспе . . .

ІІ. Негізгі бөлім . . .

2. 1. Аспектуалдық категориясына жалпы сипаттама

2. 2. Аспектуалдық категориясына тән ерекшеліктер

ІІІ. Қорытынды . . .

IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі… . . .

Кіріспе

Дәстүрлі грамматикада аспектуалдылық түрлі тілдік құралдарды біріктіретін функционалды семантикалық категория ретінде түсіндіріледі. Бұл категорияның негізін шақтық формалар құрайды да, олар қимылдың өту сипаты деп аталатын лексика-грамматикалық категорияға топтастырылады. Бұл категория қимылдың басталуы, аяқталуы, жасалуы, жасалу үстінде болуы, созылыңқылығы, дағдылылығы немесе қысқалығы т. б. ішкі аспектілік сипатына қарай анықталады. Аспектуалдылықтың мағыналық шектерінде грамматикалық шақ жіктеу ұстанымдарының бірі ретінде алынады.

Аспектуалдылыққа уақыттың шектеулілік/шексіздік, белгілілік/белгісіздік, қимылдың өтпелі кезеңдері: тездігі, дүркінділігі, қайталануы, созылыңқылығы, ұдайылығы т. б. шегінің өзара айырмашылығы, жағдайы, қатынасы сияқты сипаттары жатады. Бұл аталғандардың барлығы қалай болғанда да, қимылдың «ішкі сипаттағы» құрылымын ашады.

Кез келген амал-әрекет ешқашан біркелкі орындалмайды. Қимылдың шапшаң я баяу, шұғыл не созылыңқы, тыңғылықты не босаң, біркелкі не үздік-создық т. б. түрлері кездеседі. Осы мағыналық реңктердің барлығы аспектуалдылық аясына енеді.

СӨЖ жұмысымның негізгі бөлімінде аспектуалдық категориясына жалпы сипаттама беремін. Негізгі бөлімнің екіншісінде аспектуалдық категориясына тән белгілерге тоқталамын. Қорытынды бөлімде тақырып бойынша жалпы қорытынды жасаймын.

Негізгі бөлім

2. 1. Аспектуалдық категориясына жалпы сипаттама

Аспектуалдылық шақ идеясымен байланысты қарастырылады. Бұл салаға аспектуалдылық (қимылдың ішкі сипаты), уақытша шектеу (локализованность - ішкі және сыртқы қимылдың ерекше ара қатынасы), темпоралдылық (ішкі қимыл) және таксис (қимылдың уақытқа қатынасы) жатады.

Аспектуалдылық пен аспектуалды қатынастардың семантикалық орталығы етістікті предикат болып табылады. Кейде аспектуалдылық элементтері предикаттық шектен шығып кетіп, сөйлемнің басқа бөліктеріне тарайды. Әсіресе бұл пысықтауыш қатынастарға байланысты (Дауыс ақырындап өшті ) . Аспектуалдық қатынастардың жеке предикативтік және пысықтауыштық сипаты предикаты бар (кешеннің өзегі), барлығы айтылым элементтерін сипаттайтын предикативтік кешенге бірігеді. Аспектуалдық мағынаны білдіретін (пысықтауыштан өзге) басқа тілдік құралдар, әсіресе жалғаулықтар мен демеуліктер, етістікті предикаттың айналасына топтасып, сөйлем құрамында оларды сипаттау мен жүйелеуге тікелей қатысады. Барлық жағдайда етістікті предикаттар аспектуалдық қатынастардың доминанты, орталық болып қалады.

Түркі тілдеріндегі аспектуалды мағыналы етістік формалары мен аналитикалық құрылымдар А. Казембек, И. Гиганов, Г. Алпаров, М. Иванов, К. Насыри еңбектерінде вид категориясына қатыссыз қарастырылған. Башқұрт тілінің алғашқы грамматикасының авторлары, бірқатар лингвист ғалымдар да (А. Мансұров, Г. Киекбаев) аспектуалды мағыналы етістік формаларын вид категориясына қатыссыз қарастырады. Н. К. Дмитриев, А. И. Харисов, Р. Н. Төреғүлова, К. З. Ахмеров т. б. башқұрттанушы ғалымдар амалдың өту сипатын білдіретін аналитикалық және морфологиялық құралдардың бірқатарын вид категориясына жатқызады, бірақ олардың өзіндік ерекшеліктерін де атап өтеді. Ал Б. Н. Головин, Р. З. Мурясов, К. З. Закирьянов өз еңбектерінде башқұрт тіліне етістіктің вид категориясының тән емес деген пікірді ұстанады.

Қазір жоғары оқу орындарына арнап жазылған оқулықтар мен оқу құралдарында башқұрт тіліндегі вид категориясы көрсетіліп жүр. Бірақ олардың мағынасы славян тілдеріндегі аталған категорияға қатысты қалыптасқан түсініктен өзгеше. Бүгінгі таңдағы ғылыми зерттеулер нәтижесі тұрғысынан алғанда бірқатар теориялық түсініктер қазіргі аспектология ұғымы аясында қайта қарастыруды қажет етеді. Р. А. Абуталипова өз зерттеуінде: «Мыс исходим из того, что в башкирском языке, как и в других тюркских языках, грамматическая категория глагольного вида отсутствует. Следовательно, при описании функционально-семантической категории аспектуальности будем ориентироваться на другие вербальные средства репрезентации аспектуальных значений - синтаксические, лексичсекие, морфологические, контекстные, интонационные и комбинированные, которые относятся к разным ярусам языковой иерархии» - деп жазады.

Амал-әрекеттің өту сипаты мен жасалуындағы түрлі ерекшеліктер түркі тілдерін зерттеушілер назарына ертеден-ақ іліккен.

П. М. Мелиорнаский, В. В. Катаринский, М. Терентьев т. б. ғалымдардың XIX ғасырда жарық көрген қазақ тіліне қатысты жазылған еңбектерінде қимылдың жасалуындағы ерекшеліктер көмекші етістіктердің қызметі тұрғысынан сөз болады. Қазақ тіліндегі көмекші етістіктердің қызметі мен мағынасына қатысты тіл білімінде әр түрлі көзқарастар мен пікірлер болды. Ол көзқарастардың, талас туғызып келген мәселенің бірқатары көрініс (орыс тіліндегі вид категориясы) категориясымен байланысты болды. Славян тілдеріне тән көрініс категориясы қазақ тілінде бар ма жоқ па деген мәселе көп уақыт шешімін таппай даулы мәселеге айналды. Н. К. Дмитриев, Н. Баскаков, Л. И. Харитонов, А. И. Харисов өз еңбектерінде түркі тілдерінде көрініс категориясы бар екендігін дәлелдеді. И. Ұйықбаев қазақ тілінің материалдары бойынша көрініс категориясына қатысты кандидаттық диссертация қорғады. Етістікті зерттеуші Ы. Маманов, Х. Махмудов, Н. Сауранбаев сынды ғалымдар да қазақ тілінде көрініс категориясы бар деген пікірде болды. Бұл көзқарастың қалыптасуына:

Н. К. Дмитриев, Н. А. Баскаков сияқты беделді түркітанушы ғалымдардың тұжырымдары; 2) сол кездегі қазақ тіл біліміне қатысты зерттеу жұмыстарына тигізген орыс тіл білімінің ықпалы; 3) етістіктің терең зерттелмеуі сияқты факторлар әсер еткен деп есептейміз.

2. 2. Аспектуалдық категориясына тән ерекшеліктер

Қимыл әрекет байқалмайтын, тіпті жоқ жерде аспектуалдылық көрінбейді. Бар келбеті осындай, сұр сұр . . . Бұл сөйлемде аспектуалдық қатынас көрінбейді. Ол студент . Екінші сөйлемде аспектуалдық қатынас бар, бірақ мұндай қатынастан қимылдың өту сипатын ажырату қиын. Осыған қарап, аспектуалдылықтың нақты да дәл шегі ажыратылмағандығын байқауға болады.

Қазақ тіліндегі аспектуалды семантиканы жан жақты зерттеген М. С. Жолшаева ғылыми зерттеу еңбегінде грамматикалық құбылыстардың табиғатын түсіндіруде оларды оқшау алып, жеке дара тұйықталған шеңбер аясында емес, басқа тіл деңгейлері элементтерімен өзара байланыста болатын кешенді тұтастық ретінде интеграциялық тұрғыдан қарастыруға ерекше мән берілу керектігін айтады. «Мұндай зерттеулер тілдік құбылыстың табиғатын толық әрі терең түсінуге жол ашады. Сондықтан қимылдың өту сипаты категориясын функционалды-семантикалық өріс теориясы тұрғысынан қарастыра отырып, қимылдың жасалу тәсілдері мен жасалу кезеңін білдіретін барлық тілдік құралдардың парадигмасы мен синтагмалық қатынасын көрсету және олардың семантикалық құрылымын ашу арқылы аталған категорияның табиғатын толық тануға болады. Бұл орайда қимылдың өту сипаты грамматикалық (тар мағынада) категория ауқымынан шығып, тілдің басқа деңгейлері арқылы да көрініс таба алатын категориялардың санатынан орын алады. Сөйтіп, аспектуалдылық семантикалық категория болып танылады да, оның тұрпат межесін құрайтын тілдік бірліктер парадигмасы бір ізге түсіп, сараланады».

Жалпы мағынада қимылдың шегі - бұл оның уақыт кеңістігіндегі уақытша шегі. Қимылдың ішкі және сыртқы шегі болуы мүмкін. Егер қимылдың уақытша шегі қимылдың өзінің сипатына қатысы болмай, сыртқы факторларға бағынышты болса (белгілі бір уақыттың мезгілін көрсету, сондай ақ басқа қимылдың болуы), онда ол қимылдың сыртқы шегі болып табылады. Мысалы, Мен жұмыста бүгін сағат алтыға дейін боламын. Оны оятпайынша, ұйықтай береді. Егер қимылдың уақыттағы өту шегі қимылдың өзінің сипатына қатысты болып, етістік мағыналарында көрініс тапса, онда ол қимылдың ішкі шегі болып саналады. Қимылдың бұл екі шегі өзара әрекеттесіп, қатар келуі де мүмкін. Мысалы, екі сағат жату, күні бойы жату деген етістіктер қимылдың созылыңқылығын білдіріп, өзара байланысты болып тұр.

Аспектуалдылықтың ішкі құрамы қимылдың жасалу кезеңі (даму сатысы) мен қимылдың жасалу тәсіліне қарай бөлінеді.

Амал-әрекеттің жасалу кезеңі оның басталуынан аяқталуына дейінгі аралық меже. Мысалы, айта бастады, алаңдай бастады, абыржи бастады т. б. тілдік бірліктер амал-әрекеттің басталу кезеңін білдірсе, айтып отыр, алаңдап отыр, абыржып отыр т. б. амал әрекеттің жасалу үстіндегі фазасын білдіреді.

Қимылдың жасалу кезеңімен байланысты аналитикалық форманттар: -п тұр, -п жүр, -п жатыр, -п отыр, -п бара жатыр, -п келе жатыр, - а түс, -а бер, -п кел, -п барады.

Қимылдың жалғасуын, созылыңқы әрекетті білдіретін - а бер форманты;

Қимылдың аяқталу кезеңімен байланысты аналитикалық форманттар: -п біт, - п қал, -п бол, - п шық, -п ал, -п қой, -п кет, - ып түс, -п бер, -п таста, -п өт.

Қимылдың қалай жасалғанын көрсететін мағыналық ерекшеліктерді білдіру амал-әрекетің жасалу тәсілі деп аталады. Мысалы, сасып қалды, жылап қалды сияқты тілдік бірліктер қимылдың тез болғандығын білдіріп тұр. Ал қуанысқан болды, көмектескен болды тілдік бірліктері қимылдың жасанды түрдегі көрінісін білдіріп тұр. Құлап қала жаздады, жылап жібере жаздады тілдік бірліктері қимылдың жетімсіздігін білдіріп тұр.

М. С. Жолшаева аспектуалды семантиканы беретін синтетикалық формаларды мағынасына қарай қайталанатын қимылды ; жетімсіз істелген қимылды ; күшейтпелі қимылды білдіретін қосымшаларға саралап, модификациялаушы және сөзжасамдық деп ажыратады.

Қимылдың өту сипатын, аспектісін білдіретін семантикалық формаларда тек тілдік жағдаят қана емес, тілдік емес жағдаят, қатысымдағы түрлі прагматикалық жағдайлар да қамтылатындықтан, оның табиғаты да күрделі болып келеді. Аспекті мен шақ категориясының бір грамматикалық формадағы сыйыстырылған мағыналары функционалды- семантикалық аспектуалдылық пен темпоралдылық категорияларының тығыз байланыстылығын көрсетеді. Аталған категорияларды өзара байланыста кең ауқымды зерттеу - қазіргі қоғамдық-әлеуметтік сұранысқа ие көптеген түйткілді мәселелердің ара жігін ажыратуға септігін тигізері сөзсіз.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Функционалды грамматика
Қазақ тіліндегі белгілілік функционалды-семантикалық категориясы
Функционалды грамматикадағы шақ көрсеткіштерінің семантикалық ерекшеліктері
Қазақ және ағылышын тілдеріндегі нақ осы шақтың функционалды - семантикалық сипаты
Қазақ тілі морфологиясы жөніндегі ілімдердің қалыптасуы мен дамуы (Ы.Е.Маманов еңбектері негізінде)
Ағылшын және қазақ тілдеріндегі сын есімдердің қолданылу ерекшелігі
Қазақ тіліндегі шақтық локалдылық/шақтық бейлокалдылықтың функционалды-семантикалық категориясы
Қазақ және ағылшын тілдерінің фонетика - фонологиялық жүйесіне контрастивті сипаттама
Функционалды-семантикалық өріс проблемасы
Абайдың қара сөздеріндегі көсемшенің синтаксистік қызметі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz