Құқықтың маркстік теориясы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Школа-Гимназия и Колледж КазГЮУ ЖШС

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Мемлекет пен құқықтың пайда болуы
Пән атауы:Мемлекет және құқық теориясының негіздері

Білім алушы: Садуллаева Гулназ
Курс, топ: 201 группа
Ғылыми жетекші: арнайы пән оқытушысы

Ақтөбе қаласы, 2022 жыл

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
І. Рулық қауымдық құрылыс: экономикалық байланыс, билік, әлеуметтік нормалар
1.1 Мемлекет және құқық теориясының пайда болу себептері ... ... ... ... ... ... .4
1.2 Мемлекеттің пайда болуының типтері мен нысандары ... ... ... ... ... ... .. ..10
ІІ. Мемлекет пен құқықтың пайда болуының негізгі теориялары
2.1 Мемлекеттің түсінігі және анықтамасы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... .16
2.2. Мемлекеттің басқа ұйымдардан ерекшеленетін белгілері ... ... ... ... ... ... .1 7
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22
КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың өзектілігі- мемлекет пен құқық теориясы пәнінің маңызды институты болып есептелетін мемлекет пен құқықтың пайда болу мәселесіне арналған. Зерттеу тақырыбының көкейкестілігі, құқықтық институттың проблемалық тұрғыда ғылым зерттелмегенімен түсіндірілді.
Адам қоғамы мыңдаған жылдар өмір сүріп келеді. Жеке адамдар тиісті мемлекеттің азаматы болып, сол мемлекеттің билігіне, құқықтық тәртібіне бағынып, өзінің іс-әрекетін, мінезін, тәртібін қоғамдық мүдде-мақсатты орындауға жұмсап келеді. Көне заманнан адамдар мемлекет пен құқық қашан пайда болды, қалай дамып келедә?-деген мәселелермен шұғылданып, ғылыми зерттеу жасап келді. Сондықтан мемлекет пен құқықтың пайда болуы туралы мәселесін зерттеуді курстық жұмыстың басты мақсаты деп қойдық.
Зерттеудің нысаны: мемлекет пен құқық теориясы пәнінің мемлекет пен құқықтық пайда болу мәселесі болып табылады.
Жұмыстың мақсаты- қарастырып отырған проблемамыздың негізін анықтау және талдау. Сонымен қатар маңызы мен ерекшеліктеріне нақты түрде тоқталып, әрқайсысын талқылылап кету.
Курстық жұмыстың теориялық базасы- мемлекет пен құқық саласында алдыңғы қатарлы қазақстандық және шетелдік ғалымдардың еңбектері.
Курстық жұмыстың құрылымы: кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімен тұрады.

І. РУЛЫҚ ҚАУЫМДЫҚ ҚҰРЫЛЫС: ЭКОНОМИКАЛЫҚ БАЙЛАНЫС, БИЛІК, ӘЛЕУМЕТТІК НОРМАЛАР

1.1 Мемлекет және құқық теориясының пайда болу себептері

Мыңдаған жылдар бойы адамдар мемлекеттік-құқықтық жағдайда өмір сүруде. Барлық азаматтар белгілі бір мемлекетке жатады, мемлекеттік билікке көтеріледі, өздерінің іс-әрекеттерімен құқықтық жазбаларға және талаптарға әсер етеді. Ежелгі дәуірде-ақ адамдар мемлекет пен құқықтың пайда болу себептері мен жолдары туралы ойлана бастаған. Әртүрлі жақтармен сипатталған көптеген теориялар жасалған. Алғашқы қауымдық құрылысқа тән этникалық ортақтық формасы - тайпа болды. Мұның мүшелері ру мүшелері сияқты қандас-туыстық байланыстармен бірікті. Бұл кезеңде өте күрделі құрылым: екі дуальдық-экзогамдық ру жаңа әлеуметтік қауымдық-тайпаның өркенін құрады. Ру - алғашқы тұрмыстық қауымдық демократия принциптері негізінде басқарылды. Тайпаның әрбір ересек мүшесі рулық кеңесте, сондай-ақ тайпалық кеңесте де өз пікірін еркін айтуға мүмкіндігі болды. Ақсақалдар мен әскери көсемдер өз қызметіне сайлану құқығы бойынша келді. Осы демократиялық ру-тайпалық өзін-өзі басқару әйелдерге де тиісті болды. Алғашқы қауымдық құрылыста әлеуметтік билік өмір сүрді. Бұл дәуірді потестарлық билік (латын сөзінде potestus-билік,күш) дәуірі деп те атаймыз. Адамдар өз міндеттерін ешкімнің мәжбүрлеуінсіз өздері орындап отырды. Рулық қоғамда негізгі билік ру көсемінің, ақсақалдар кеңесінің және рудың ересек мүшелерінің жалпы жиналысында болды. Мұнда ру өміріндегі маңызды мәселелер шешілді. Сайланған көсемдер рудың беделді мұшелері болды. Біртіндеп, жасы үлкен беделді ақсақалдардың орнына күш-қуаты мол әскери көсемдер келді. Ру ақсақалдары және әскери көсемдер ешқандай жеңілдіктерге ие болмады. Әскери демократия тұсында халық жиналысы,ақсақалдар кеңесі,тайпалық көсем сақталды. Рулық қоғамның ыдырау формалары қандай да болсын дәуірдің негізгі мазмұны жеке меншіктің, таптың және мемлекеттің тууы болып қала берді.Көптеген тайпаларда құпия одақдар пайда болды. Ол байлығы мол адамдардың одақтары еді. Олар біртіндеп ру-тайпалық билік тұтқаларын өз қолдарына алды. Құпия одақтар ру-тайпалық органдарды билеп қана қоймай, қоғамдық тәртіпті сақтау, сот істерін жүргізу, соғыс пен бейбітшілік мәселелерін шешу істерін де өздері иемденіп, қуатты руаралық және тайпааралық ұйымдарға айналды. Әскери демократияның ашық таптық демократияға айналуы мемлекеттік саяси құрылымның қалыптасуына алып келді. Халықтар территориялық принцип бойынша бөліне бастады. Біртіндеп мемлекет пайда болды. Мемлекеттің пайда болуы ұзаққа созылған процесс болды. Мемлекет ру-тайпалық құрылыс ыдырап, қоғам ішінен көсемдер мен оның айналасындағылар бөлініп шағып, қоғамның әлеуметтік жіктелісі тереңдеп, шаруашылық байланыстар кеңейген кезде пайда болды. Таптық қоғамдар бұдан 5 мың жылдан астам бұрын қалыптаса бастады. Бұл алғашқы мемлекеттерге б.д.д. IV мыңжылдықтағы Мессопотания және Ніл аңғарында, III мыңжылдықтың орта шенінде - Инда бассейнінде, II мыңжылдықта - Эгей теңізі бассейнінде, Кіші Азияда,Финикияда,Оңтүстік Аравияда,Хуанхэ бассейнінде, б.д.д. Iмыңжылдықта және б.д. I мыңжылдығында Көне Дүние мен Орталық Американың территориясының үлкен бөлігінде пайда болған мемлекеттер жатты.

Мемлекеттің пайда болуының шығыстық жолы бойынша ру-тайпалық қауымнан біртіндеп мемлекетке өтті. Мұндағы мемлекеттің пайда болуының негізгі себептері мыналар:
1.Ирригациялық құрылыстардың дамуына байланысты қажеттіліктен;
2.Осы мақсатқа байланысты үлкен территориялар мен адамдар бұқарасын біріктіру қажеттілігінен;
3.Осы бұқараны басқару үшін біртұтас орталықтан басқарудың қажеттілігінен пайда болды.
Мемлекеттік аппарат ру-тайпалық бірлестіктің басқару аппаратынан пайда болды. Қоғамнан - қауымдық еңбекті қанаушы тап бөлініп шықты. Шығыстық қоғам мыңдаған жылдар бойы дамымай сол күйінде тұрды.
Мемлекеттің пайда болуының шығыстық жолына қарағанда европалық мемлекеттерінің пайда болып, қалыптасуының өз ерекшілігі болды. Аз уақыт ішінде тарихи жағынан өзінен бұрын дамыған шығыстық елдерден басып озып, адамзат процесінің даму жолдарын анықтап берді. Европа территориясында мемлекеттің пайда болуына әсер еткен қоғамның тапқа бөлінуі еді. Мемлекеттің қалыптасуына әсер еткен процесс әскери демократия болды. Осы кезеңде жерге жеке меншік дамыды, өндіріс құралы - малдар мен құлдардың еңбегін пайдалану күшейді.
Ежелгі Афинада рулық құрылыстың органдарына біртіндеп жаңа органдардың енуіне байланысты мемлекетке тән нығыз билік органдары келді.
Қаруланған халық орнына, халыққа қарсы тұратын қоғамға лайық емес, одан алыс көпшілік билік келді.
Қауымдық құрылыстың алғашқы кезеңінде - ақ қарапайым қауым мүшелерінен гөрі аристократтардың (батырлар,базилевстер) жерлері, құлдары, малдары, еңбек құралдары көп болды. Грецияда құлдық патриархалды мәнде дамыды. Текті аристократтар мен бұқара халықтың арасындағы тартыс өткір болды. Олар теңізде тонаушылық және саудамен байыған жеке меншік иелерімен біріге отырып жауапты мемлекеттік қызметтерді алды.Баяғы ру тектілері билігі жойылды. Афина мемлекеті таптық қайшылықтардан пайда болды.Біртіндеп жеке меншіктің қалыптасуы экономикалық билеуші тапты қалыптастырды. Бұл бәрінен бұрын көпшілік билік институтын алып келді. Сондықтан Афинаны мемлекеттің пайда болуының классикалық түрі деп атаймыз.
Ежелгі Спарта мемлекетінің пайда болуына түрлі себептер әсер етті. Спартандық қауым көрші аумақтарды жаулап алып отырды. Ол жердің тұрғындары жеке меншік емес,қауымдық құлдарға,яғни илоттарға айналды.
Олардың саны спартандықтардан да асып кетті.Сондықтан оларды басқару үшін жаңа билік органдары бар аппарат қажеттілігі туды.
Спартандықтардың өз ішінде мүлік теңсіздігін дамытпау үшін тең түрде жартылай ерікті тұрғындарымен бірге жер бөлініп берілді. Илоттардың үстінен мемлекет тарапынан өкілеттікке ие болған адамдар тұрды. Олар өте қатал террор орнатты. Оларға қарсы илоттар көтерілістер жасап отырды. Бұл қауіп қатал аристократиялық мемлекетті дамытты. Алғашқы қауымдық құрылыс қалдықтары сақталынған қатал территориялық әдістерді пайдаланушы басқаруды алып келді. Бұл ру-тайпалық ұйымды жоюға мүмкіндік бермеді. Спарта мемлекетінің басында екі патша отырды.
Римде мемлекеттің және таптардың пайда болуы ұзаққа созылған процесс болды. Ол 200 жылға созылған римдік рулық - тайпалық қоғамның ерікті мүшелері мен плебейлер арасындағы күресте қалыптасты. Осының нәтижесінде Римдік қоғамдық ұйым демократиялық мәнге ие болды.Мысалы, барлық ерікті азаматтар тең құқылы болды,әрбір рим азаматы бір мезгілде жер иесі және жауынгер болу принципі бекітілді, қауым жерінің әлеуметтік саяси маңызы артты.
Мұның барлығы ерікті азаматтардың арасында мүлік пен әлеуметтік теңсіздіктің дамуын тежеді. Б.д.д. II ғасырдың соңында қауымдас шаруалардың бұқаралық жерсізденуіне байланысты жағдай өзгереді. Қалалар мен селоларды жаулап алу тоқтамады.
Мемлекеттің дамуына кері әсерін тигізіп отырған римдік отбасының, жаулап алған аумақтарды басқаруға күші жетпеді. Осының барлығы б.д.д. II ғасырда күшті мемлекеттік аппаратты алып келді. Римде мемлекеттің құрылуы Грециядағы сияқты болды. Бірақ Римде бұл процеске плебейлер араласты. Римдік руға жатпайтын сырттан келген тайпалар өкілдерінің қолында сауда және өндіріс байлығы болды. Плебейлердің экономикалық билігі күшейді. Олардың текті римдік аристократ-патрицийлерге қарсы күресі мемлекеттің дамып, қалыптасуына алып келді.
Франк мемлекетінің пайда болуының өз ерекшілігі болды. Герман тайпалары ұзақ уақыт бойы Римге құлдар әкелуші болды. Бұл Германияның біраз уақытқа дейінгі рулық құрылыс шеңберінде өндіргіш күштерін дамытты. Орта теңіз бойында құл иеленушіліктің сақталуы пайдасыз болды. Кедейленген қауым мүшелері байларға бағынашты болды,бұл шаруашылықтың ұжымдық түрін сақтады.
Әскери қажеттілік, жартылай көшпелі отырықшы өмір, қоғамдық шаруашылық ұйымының ұйымдық түрінің құлдықты қажет етпеуі еді. Бұл феодалдық қоғамды алып келді. Рим империясының анағұрлым аумағын франктардың жаулап алуы, ру-тайпалық қоғамның билікті қамтамасыз ете алмауы еді. Ол мемлекеттің ерте феодалдық түрін дамытты.
Осы қоғамдық құбылыстардың барлығы Рим империясының феодализмге өтуін тездетті. Осы жолмен Ежелгі Русь,Ирландия т.б.европалық мемлекеттер дамыды.
Мемлекеттің пайда болуының негізгі себептері мыналар:
-қоғамнан көпшілік биліктің бөлінуі;
-салық түрлерінің енгізілуі;
-тұрғындардың аумаққа бөлінуі;
-қоғамда мәжбүрлеу аппараттарының пайда болуы Мемлекеттің шығуы туралы түрлі теориялар бар.
1. Теологиялық ( діни ) теория, мемлекеттің, мемлекеттік биліктің пайда болуын құдайдың құдіретінен, яғни барлық билік құдайдан деп түсіндіреді. Діни мазмұнына қарамай бұл теория шындықты көрсетті.
Ежелгі ( Иудейде ) теократиялық алғашқы мемлекетте билік абыздардың,храмның қолында болды. Олар діни және әкімшілік орталық ретінде билікті бөліп алды.
Әсіресе, бұл теория орта ғасырда кең тарады. XVI-XVIII ғасырларда теократиялық теорияны монархтың билігін қамтамасыз ету үшін пайдаланды.
2.Патриархалды теорияда мемлекеттің пайда болуын кедейленген отбасымен, монархтың билігін әкенің өз отбасы мүшелеріне билігінен пайда болды деп көрсетеді. Бұл теория патшаның, монархтың шексіз билігіне негізделді. Оның негізін қалаған б.д.д. IIIғ.Аристотель болды. Қазіргі уақытқа дейін бұл қағида өмір сүруде.
3. Органикалық теория бойынша мемлекет адам организмі сияқты дамиды. Ол мемлекет заңдарын адам психикасы процестерімен салыстырды. Бұл теория б.д.д. IV-III ғасырлардағы ежелгі грек ойшылдары идеяларында, соның ішінде Платонның еңбегінде көрініс тапты. Бұл теория өкілдері Блюнчли, Г.Спенсер,Вормс,Прейс т.б. болды.
4. Келісім - шарттық теория, мемлекеттің пайда болуын келісім нәтижесіндегі адамның саналы еңбегінің жемісі ретінде түсіндіреді. Мемлекет-адамдардың саналы түрде келісім-шартпен бірігуі және олардың өздерінің бостандығы мен билігінің бір бөлігін ерікті түрде мемлекетке беруі.
Бұл теория ерте буржуазиялық ойшылдардың еңбегінде XVII-XVIII ғасырларда кең түрде дамыды. Бұл теорияны жақтаушылар Г.Гроций,Б.Спиноза,Т.Гоббс,Д.Локк,Ж .Ж.Руссо,А.Н.Радищев болды.
5. Күштеу теориясы мемлекеттің пайда болуын әскери-саяси факторлармен байланыстырады. Бір халықтың екінші халықты жаулап алуы,жеңілген халық үстінен билікті бекіту үшін мемлекет қажет болды. Күштеу теориясын жақтаушылар рулық демократия мемлекеттік ұйымдардың құрылуына алып келеді деп көрсетеді. Барлық уақыттарда сыртқы тайпалардың шапқыншылығы, олардың билігінің күшейуі, тайпалардың бірігуіне әсерін тигізді. Оның өкілдері К.Каутский,Л.Гумплович,Е.Дюринг еді.
6. Психологиялық теория XIX ғасырда пайда болды. Оның өкілдері Г.Тард,Л.И.Петражицкий болды. Мемлекеттің пайда болуын адамдардың психикалық қасиетіне байланыстырады. Алғашқы қауым элитасына саналы түрдегі тәуелділігі,оларға еліктеуі,бағыныштылығы, әділетті түрде қарым-қатынасына байланысты адам мінез-құлқының, қызметінің нәтижесінде мемлекет пайда болады. Сондықтан адам психикасы бұл заңдылықты іске асыруға анағурлым әсерін тигізеді.
7. Тарихи-материалистік теория бойынша мемлекет алғашқы қауымдық құрылыстың табиғи дамуының нәтижесі, мемлекет дамуының материалдық жағдайын қамтамасыз ететін экономиканың дамуы,қоғамдағы әлеуметтік өзгерістердің болуы. Бұл теорияның негізін қалаушылар К.Маркс, Ф.Энгельс, Л.Морлан болды.
8. Ирригациялық теория. Оның өкілі К.А.Виттфогель болды. Ол өзінің Шығыстық деспотизм еңбегінде мемлекеттің пайда болуын өте ірі ирригациялық құрылыстардың салынуымен, шығыстық аграрлық жұмыстардың жүргізілуімен байланыстырады. Бұл менеджерлік бюрократтық таптыалып келді.К.Виттфогель деспотизм деп гидравликалықнемесе агроменеджерлік өркениетті атайды.
Дәлдеп келгенде, бұл теориялардың барлығы мемлекеттің әркезеңдегі тарихи құбылыстарға байланысты дамып,қалыптасуын көрсетеді. Сөйтіп, мемлекет адамзаттың өмір сүруі үшін қажеттілік, ол белгілі бір экономикалық, әлеуметтік және рухани ортада пайда болады, өте маңызды саяси роль атқарады және зор әлеуметтік құндылық болып саналады.
Құқықтың пайда болғанын мына белгілерінен көреміз: әлеуметтілігі, нормативтілігі, міндеттілігі, бір қалыпқа келтірілуі, оны шығару процедурасының бар екендігі, институттылығы, объективтілігі. Құқық мемлекеттік қатынастарды реттеуде мынадай қызметтер атқарады:
1-ден, маңызды реттеушілік қызмет;
2-ден, қорғаушылық қызмет;
3-ден, гуманистік қызметті қорғайды;
4-ден, идеологиялық қызмет;
5-ден, тәрбиелік қызмет.
Бұл қызмет түрлері қоғамдық өмірде мемлекет пен жеке тұлғалар арасындағы негізгі фактор болып саналады.
Мемлекетке дейінгі өмір сүрген нормалардың өз ерекшілігі болған.
1) жоғарыда айтылып өтілгендей алғашқы қауымдық қоғам тарихи түрде қалыптасқан мінез-құлық ережелерімен,яғни салттарымен реттеледі.
2) бұл нормалар адамдардың мінез-құлық және санасында өмір сүреді.
3) құқық нормалары әдетке айналған түрде болды,сенім арқылы және мәжбүрлеу ( рудан қуу ) арқылы шаралар қолданылды.
4) табу жүйесі,қоғам тиым салу әдісімен реттеліп отырды. Бұл жүйе жеке құқықтар мен міндеттердің болмауымен сипатталады.
5) олар рудың және тайпаның барлық мүшелерінің мүддесін көрсетті. Құқық нормалары жазбаша түрде жалпыға мәлімет ретінде дайындалды. Құқық нормалары үш негізгі жолмен қалыптасты:
1) кәдімгі құқық нормаларында мононормалардың ( алғашқы қауымдық салттар ) дамуы және мемлекеттің күшімен оларды санкцияландыру.
2) мемлекеттің құқық шығармашылық қызметі арқылы, құқық нормаларының арнаулы құжаттарда-нормативті актілерде көрінуі.
3) прецеденттік құқық арқылы, яғни сот және әкімшілік органдардың қабылданған шешімдерінен көрінуі және басқа істерде оларды үлгі етілуі.
Құқықтың пайда болуының негізгі теориялары мыналар:
1.Теологиялық теория - құқық жердегі тәртіпті реттеу үшін құдайдың қалауымен пайда болды.
2.Табиғи құқық теориясы. Адамның табиғаттан пайда болатын табиғи құқығы, туылу, қайтыс болу, үйлену т.б. құқықтары.
3.Құқықтың тарихи мектебі. Бұл теориялар бойынша құқықтың ұлттық ерекшілікке байланысты тарихи түрде пайда болып, дамуы.
4.Құқықтың нормативті мектебі. Құқық нормаларының жоғары тұрған құқық нормаларына бағынуы.
5.Құқықтың психологиялық теориясы. Құқықтың адамдардың психологиялық қажеттілігінен пайда болуы.
6.Құқықтың маркстік теориясы. Бұл теория негізіне құқықтың экономика мен эконимикалық базистің қажеттілігенен пайда болуы жатты. Құқықтың пайда болуына әртүрлі құбылыстар әсер етіп отырды.
Дүние жүзілік құқықтың дамуының екі негізгі жолы бар:
1) құқықтың пайда болуының шығыстық жолы. Ежелгі Шығыс елдерінде құқықтың пайда болып, дамып, қалыптасуына күшті әсерін тигізген салт-дәстүрлер болды. Қазіргі күнге дейін кейбір елдерде құқықтың қайнар көзі ретінде дін нормаларын пайдаланады.
2) құқықтың пайда болуының европалық жолы ( Англия ). Бұл елдерде құқық кәдімгі құқықтан бөлек заң шығару және прецеденттік құқық түрінде қалыптасты. Жалпы алғанда әртүрлі қоғамдық қатынастарды реттеу қажеттілігіне байланысты құқық пайда болды.

1.2 Мемлекеттің пайда болуының типтері мен нысандары
Мемлекеттік қалыптасуы- әр түрлі елдерде алуан түрлі жүрген ұзақ процесс. Шығыста азиаттық өндіріс тәсілі сияқты нысаны кеңінен тарады. Египет, Вавилон, Үндістан, Қытай және т.б. Бұл жерлерде рулық қауымның әлеуметтік-экономикалық құрылымы- қауымдық жер, ұжымдық меншік және т.б. тұрақты болып, ұзақ уақыт сақталды. Ежелгі Шығыста пайда болған алғашқы мемлекеттер, таптық кезеңге дейінгі мемлекеттер болды, сонымен қатар ауылдық қауымдастықтарды қанады және басқарды, яғни өндірісті ұйымдастырушылар ретінде қатысты. Афина мен Римде бұл процесс басқа тарихи жолмен жүрді, бұл елдерде құл иеленушілік мемлекет жеке меншіктің пайда болуы және қоғамның таптарға бөлінуі нәтижесінде пайда болды, Афина-бұл мемлекеттік пайда болуының нағыз классикалық нысаны, себебі мемлекет рулық қауымның ішінде туындаған таптық қарама-қайшылыұтың нәтижесінде пайда болды. Римде мемлекеттің құрылуы құқықсыз, римдік рудан тыс өмір сүрген плебейлердің рим ақсүйектеріне-патрицийларға қарсы күресімен тездетілді.
Ежелгі герман мемлекетінің пайда болуы ауқымды бөтен жерлерді (территорияларды) жаулап алып, осы жерлерге үстемдік ету рулық қауым бейімсіз болуымен байланысты болды. Барлық нысандағы мемлекеттердің пайда болуына түрткі болған 10-12 мығ жыл бұрын өткен неолиттік революция болды, оның мәні өзінің мұқтаждығын қанағаттандыру мақсатында адам табиғаттан дайын өсімъдікті және жануарларды иемденумен байланысты қарапайым еңбек құралдарымен тіршілік ету нысанынан табиғатты қайта жаңартуға және тамақ өндіруге бағытталған еңбекке өтуі, яғни иемдену экономикасынан өндіретін экномикаға өткен кезде болды. Сонымен, мемлекет сыртқы емес, ішкі факторлардың әсерінен объективті түрде туындайды.
Мемлекеттің табиғатын тану үшін ең маңызды ғылыми типология болып табылады. Ғылыми еңбектерде мемлекеттердің бірнеше типологиясы ұсынылған. Мемлекетті типке бөлудің екі түрлі тəсілі бар: формациялық жəне өркениеттік. Мемлекеттерді типке бөлудің негізгі критерии болып қоғамдықэкономикалық формация танылады. Мемлекеттің формациялық типологиясы қоғамдық қатынастардың тарихи қалыптасқан нысаны болып табылады. Қоғамдық-экономикалық формация ұғымы марксистік танымның іргетасын құрайды. Формация - бұл өндірістің белгілі бір амалына негізделген қоғамның тарихи типі. Мемлекеттің формациялық типологиясын ұстанған өкілдердің (К.Маркс, Ф.Энгельс, В.Ленин) пікірінше қоғам дамуының шешуші факторы экономикалық базис яғни осы қоғамның өндіру тəсілі болып табылады. Мемлекет экономикалық салада, өндірістік қатынастар аясында болып жатқан өзгерістерге қарай өзінің типін өзгертеді. Формациялық типология көбіне мемлекеттің таптық мəнін ашқан. Тарихқа белгілі бес формация бар: алғашқықауымдық, құл иеленушілік, феодалдық, капиталистік жəне социалистік. Аталғандардың ішінде мемлекеттің типологиясының марксистік ілімінің негізінде қалыптасқан формациялық критерии бойынша мына типтегі мемлекеттер қанаушы болып есептелді: құл иеленуші, феодалдық, буржуазиялық, ал социалистік тип болса, қоғамдық өзін-өзі басқару типіне айналуы керек болған. Экономикалық базистің типіне қарай мемлекеттің мынадай типтері бар: - құл иеленушілік мемлекет - құл иеленуші құлға билік жүргізудің құралы болды. Тарихтағы қоғамның алғашқы мемлекеттік таптық ұйымы. Құл еркіндігі бар азаматтардың жеке меншігі ретінде танылды. Бұл мемлекеттердің негізгі мақсаты құл иеленушінің меншігін қорғау болды. - феодалдық мемлекет - экономикалық тəуелді шаруалардың еңбегін қанаған ірі жер иеленуші болған феодалдардың диктатура жүргізу құралы болды. Мұнда мемлекет қанаушы таптың жерге, шаруаға жəне олардың еңбегіне құқықты қамтамасыз еткен. - буржуазиялық мемлекет - жұмысшы таптың үстінен буржуазияның жүргізген билігін қолдау құралы болды. Жұмысшы таптың жеке бостандығы бола тұра ол өз еңбегін капиталистке сатуға мəжбүр болды. 11 - социалистік мемлекет - қоғамдық меншікке, өндіріс құралдарына негізделді жəне өз саясатында қалың халықтың мүддесін білдірді. Социалистік мемлекет еңбек етуші таптың саяси билігінің құралы болды. Сонымен, мемлекеттің формациялық типологиясы мемлекеттің экономикалық негізі мен əлеуметтік мəнін сиапттайды, яғни қандай əлеуметтік тап қоғамды басқарып отырғанын көрсетеді. Қазіргі ғылымда формациялық типология тарихтағы бұрыңғы мемлекеттерді сипаттау үшін ғана қолданылады. Мемлекеттерді типке бөлудің екінші критерии болып өркениеттік типология танылады. Өркениеттік типология ХХ ғасырда дүниеге келген. Оның негізін қалағандардың бірі ағылшын тарихшысы А.Тойнби болды. Басқа өкілдерінің қатарында М. Вебер, П. Сорокин, О. Шпенглер, У. Ростоу жəне т.б. болды. Мемлекеттерді типтерге бөлудің өркениеттік типологиясы көбінесе қоғамның мəдени сипатына (дінге, психологияға, моральге т.б.) көңіл бөлді. А. Тойнби өркениеттің он үш түрін ұсынған болатын, атап айтқанда, ежелгі грекиялық, римдік, сириялық, крито-микендік, православтық, батыс, араб, қиыр шығыстық, мексикалық, ирандық, қытайлық, үнділік жəне т.б. Оның ойынша өркениет - мəдени, экономикалық, географиялық, діни, психологиялық жəне өзге де факторлармен ерекшеленетін қоғамның қалыпты жай-күйі болып табылды. А. Тойнбидің көзқарасы бойынша əрбір өркениет типіне мемлекет типі сəйкес келуі керек. Мемлекеттің өркениеттік типологиясы мəдени факторларға негізделген, ол мемлекетке тікелей ықпал етеді. Өркениеттік типология адам қызметінің барлық нысандары арқылы өткенді тануға мүмкіншілік береді. Өркениеттік типология тек таптар мен əлеуметік топтардың қарсылығын айырып білуді ғана көздемей, ол сонымен бірге жалпы адамзаттық құндылықтар негізінде олардың өзара əрекеттесуі аясын да білуге жəрдемдеседі. Мемлекеттің типологиясы мемлекеттің нысаны ұғымымен тығыз байланысты болып келеді. Мемлекеттің нысаны мемлекеттік биліктің ұйымдастырылуы мен қызмет ету амалы болып табылады. Мемлекет нысанын оқып, зерттеу қоғамды мемлекеттік басқару қалай ұйымдастырылғанын, оны биліктің қандай органдары іске асырып жатқананын, олар қандай тəртіпте жəне оны кім қалыптастыратынын, қоғамдағы қатынастарды реттеу үрдісінде қандай əдістер қолданылатынын түсініп, білуге мүмкіншілік береді. Мемлекет нысаны күрделі. Құрылымы бойынша жүйелі құбылыс болып табылады. Ол өзара байланысты үш элементтен тұрады: мемлекеттік басқару нысаны, мемлекеттік құрылым нысаны жəне мемлекеттік саяси режим нысаны. 1. Мемлекеттік басқару нысаны - мемлекеттік биліктің жоғары органдарының ұйымдастырылуы мен құызмет етуі ерекшеліктерін, құрылымын сипаттайтын мемлекет нысанының элементі болып табылады. Мемлекеттік биліктің жоғары органдарына мемлекет басшысын (монархты ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құқықтық түсінігі және мәні. Құқықтың материалистік теориясы
Құқықтың пайда болу теориялары
Құқық пен мемлекеттің арақатынасы
Құқықтың әлеуметтік нормалар жүйесіндегі орны
Құқық ұғымы туралы
Мемлекет пен құқық теориясына кіріспе
Маркстік-лениндік саяси-құқықтық идеология
МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ТЕОРИЯСЫНЫҢ ТҮСІНІГІ
Мемлекет белгілері, функциясы және органдары
Мемлекеттің белгілері, функциясы, органдары және нысандары
Пәндер