Жүзім шоғы жапырақ ширатқышы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ ЗЕРТТЕУ УНИВЕРСИТЕТІ
АГРОБИОЛОГИЯ факультеті
ӨСІМДІК ҚОРҒАУ ЖӘНЕ КАРАНТИН кафедрасы

Реферат
Тақырыбы: Жүзімнің түкті (беріш) кенесі, жүзім филлоксерасы, жүзім ұнтақты сымыры биологиясы, зияндылығы. Зиянкестермен кешенді күресу шаралары.

Орындаған:
Тобы:
Қабылдаған:
Алматы,2022
ЖОСПАР б
1 КІРІСПЕ 3
2 НЕГІЗГІ БӨЛІМ 4
2.1 Жүзімнің түкті (беріш) кенесі, жүзім филлоксерасы, жүзім ұнтақты сымыры биологиясы, зияндылығы. 5
2.2 Зиянкестермен кешенді күресу шаралары. 12
ҚОРЫТЫНДЫ 13
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 14

1 КІРІСПЕ
Ауыл шаруашылығы дақыларын зиянды жәндіктерден ойдағыдай қорғаудың негізгі шарты - оларды бір-бірінен ажырата білу керек. Онан кейін олардың тіршілік әрекеттерін, яғни биологиялық және экологиялық ерекшеліктерін жете білу керек. Сонда ғана зиянкестерге қарсы күрес шараларын дер кезінде тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік туады. Практикалық маңызына байланысты бунақденелер пайдалы және зиянды болып екі топқа бөлінеді. Пайдалы бунақденелерға зиянды организмдерді құртатын жыртқыш және паразиттік тіршілік ететін (энтомофагтар) түрлер, топырақ пен орман төсенішін мекендеп, топырақ түзілуге қатынасатындар, өсімдіктердің айқас тозаңдануын қамтамасыз ететіндер, сонымен қатар бағалы азық-түлік (бал) және өндіріс шикізаттарын(балауыз,жібек,бояу,т.б ) беретіндер жатады.
Ал зиянды өсімдіктерге ауыл шаруашылық дақылдарын, басқа да пайдалы өсімдіктерді және орман ағаштарын зақымдайтын өсімдік қоректілер (фитофагтар), адамға және үй жануарларына қауіпті ауру жұқтыратын әртүрлі қан сорғыш жәндіктер жатады.
Энтомология өзінің негізгі зерттеу нысаны - бунақденелердің практикалық маңызының алуан түрлілігіне сәйкес өз алдына дербес бірнеше жеке-жеке ғылыми пәндерге бөлінеді. Олардың ішінде Ауыл шаруашылық энтомологиясы бунақденелердің ішкі, сыртқы құрылысын, тіршілік әрекеттерін, олардың түр құрамын және тіршілік ортасымен өзара қарым-қатынасын зерттейді.
Ауыл шаруашылық энтомологияның негізгі міндеті - зиянды бунақденелер мен басқа организмдердің зақымдау салдарынан ауыл шаруашылығы өсімдіктері өнімінің шығынын мүлде болдырмау немесе оны мейлінше азайту.
Дақылдардың зақымдану сипаты оның салдарынан шығынның мөлшрі тек қана өсімдіктердің зиянкестік әрекетіне ғана тәуелді емес, сонымен қатар сорт ерекшелігіне, агротехника дәрежесіне, егіннің орналасу дәрежесіне және тағы басқа шараларға сәйкес өсімдітің зиянкеске төзімділігіне де байланысты болады.
Организмдердің зиянкестігі салдарынан туатын шығынның экономикалық салдары өте көп. Зиянды организмдер әсерінің шығыны біздің елде де аз емес. Әсіресе ауыл шаруашылығы азиялық көкқасқа шегіртке, қызылша бізтұмсығы, шалғын көбелегі, күздік көбелек сияқты тез өсіп-өніп, жаппай көбейіп кететін бунақденелерден өте зор зиян шекті.

2.НЕГІЗГІ БӨЛІМ

2.1 Жүзімнің түкті (беріш) кенесі, жүзім филлоксерасы, жүзім ұнтақты сымыры биологиясы, зияндылығы.

Жүзімнің түкті (беріш) кенесі - Eriophyes vitis Pgst. (Arachnidae өрмекші тәрізділер класы, Acari класс тармағы). Жүзім өндіру, өңдеу жерлерінде тегіс таралған, ұзындығы 0,16-0,2мм, ақ немесе сарғыш түсті, жұмыртқалары сопақ, ақ түсті. Даму сатылары: жұмыртқа, дернәсіл, нимфа, ересек. Аналықтары жүзім бүршіктерінің қабыршақтарының астында қыстайды.
Көктемгі кезеңде қоректенуі бүршік ату кезеңінен басталады. Жапырақтар шыға бастағанда кенелер жапырақтарға өтіп қоректенеді. Осы кезеңде беріштер түзіледі. Жазғы кезеңде ұрпақның даму ұзақтығы 10-14 күнді құрайды, 5-8 ұрпақ береді. Ескі беріштердің солуынан кенелер басқа орындарға ауысып, жаңадан беріштер пайда болады (1-сурет).

Сурет 1. Жүзім жапырағының беріш кенесімен зақымдануы

Күзде кенелер қыстап шығатын бүршіктерге ауысады. Кененің популяциясының жоғары болуынан өркендер қысқарып, өнімділік төмендейді. Жапырақтың кене қоректенген жері тереңдеп шұңқырланады және оның үстін киіздей қалың түктер жауып тұрады. Ал жапырақтың кене қоректенген жерінің қарама-қарсы үстіңгі жағында беріш пайда болады. Кенелердің зақымдау әрекеті өсімдіктің ұлпаларында биохимиялық процестердің дұрыс жүруіне кедергі жасайды.
Соның нәтижесінде жүзімнің сапасы нашарлайды, қышқылдығы артып, қанттылығы төмендейді. Сонымен қатар, бұл зиянкеспен қатты зақымданған жүзім сабақтарының беретін өнімі де азаяды. Рислинг, Каверне, Совиньон деп аталатын жүзім сорттарын қатты зақымдайды.
Күресу шаралары. Экономикалық зияндылық шегі 100 жапырақта 5 аналық кене кездессе акарицидтерді қолдану Тізімге... апполо 50% 0,24-0,36 лга; золон 35% э.к., 1-2,8 лга; каратэ 050, э.к., 0,2-0,3 лга; ниссоран 10% с.п., 0,24-0,36 лга; омайт 57% э.к., 1,2-1,8 лга осы препараттарға сәйкес жүзеге асырылады.
Жүзім шоғының жапырақ ширатқышы Lobesia botrana Schiff. Қабыршақ қанаттылар (Lepidoptera) тобы, жапырақ ширатқыш (Totricidae) тұқымдасына жатады. Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік шығыс аймақтарында жүзім егілген барлық жерде таралған және жүзім өніміне көп шығын келтіреді. Көбелектердің қанатының өрісі 10-13мм. Алдыңғы қанаттары әртүрлі жолағы бар қоңырқай-сарғыш түсті артқылары-қарамен жиектелген сұр түсті (сурет 2).

Сурет 2. Жүзім шоғы жапырақ ширатқышы

Жұлдызқұрттың ұзындығы 12 мм-ге дейін, алдымен ақ кейін қоңыр басы бар сарғылт қоңыр түсті. Қуыршақтары ақ түсті пілләларда қабығында, жапырақтың астында, топырақта қыстайды.Ерте көктемде температура 140С-тан жоғары қалыптасқанда көбелектер ұшып шығады және жұмыртқалауға кіріседі. Жұмыртқаларын бір-бірлеп немесе 2-5 данадан шанақ пен гүлдерге салады. Жалпы 60-100 жұмыртқа салады. Эмбриональдық дамуы 5-10 күнге созылады.
Жұлдызқұрттар ағашында шанақтармен, кейін гүл мен түйіндермен қоректенеді. Олардың дамуы 35 күнге дейін созылады. Осы уақыт аралығында әрбір жұлдызқұрт 40-60 шанақтарды немесе түйіндеген жидектерді зақымдап жапырақ шеттерінің майысқан жерлерінде, зақымдалған гүлшоғырында қуыршақтанады.
Қуыршақ фазасы 7-12 күнге созылады. Екінші ұрпақ көбелектері жұмыртқаларын бір - бірден жидектерге салып, содан кейін жұлдызқұрттар дамиды. Олар жидектерді зақымдайды. Зақымдалған жидектер қоңырланады, әжімденеді және жиі қурап түседі (сурет 3).
Үшінші ұрпақтық көбелектер пісіп келе жатқан жидектерге жұмыртқа салады. Күзгі жауын - шашынды жылдары, асхана сорттары өте қатты зақымданады.

Сурет 3. Жүзімнің жапырақ ширатқышымен зақымдануы

Жапырақ ширатқыштардың популяция тығыздығына абиотикалық факторлар ықпал етеді. Қатты қыс болғанда көбінесе қуыршақтардың тіршілік қабілеттілігі жойылады.
Күресу шаралары. Экономикалық зияндылық шегі 100 жүзім шоғырында 4-6 жұмыртқа немесе жұлдызқұрт кездессе инсектицидтерді қолдану Тізімге... бестселлер 10%, 0,24-0,36гл; пикет к.э 0,24-0,36гл; петра 5% к.э, 0,2-0,3гл; фастак, 10% м.с.с.к, 0,2-0,3гл осы препраттарды сәйкес жүзеге асырылады.
Екі ұрпақты жапырақ ширатқыш - Eupoecilia ambiguella Hb. Молдавияда, Украина оңтүстігінде, Орта Азияда, Кавказ жағалауында және Қиыр Шығыста кездеседі. Қазақстанның оңтүстік-шығысында таралған. Көбелек қанаттарының өрісі 13-15мм, алдыңғы қанаттары күңгірт жолағы бар, сары түсті. Жұмыртқалары жылтыр, сарғыш түсті, сопақ пішіндес, 0,8 мм көлемде келеді (сурет 4).

Сурет 4. Екі ұрпақты жапырақ ширатқыш(ересек көбелек, дернәсілі, қуыршағы)

Жұлдызқұрттарының ұзындығы 12 мм жетеді, түсі алғанында жасылдау, дами келе қоңырқай қызыл, басы мен арқа қалқаншасы жылтыр қара болады. Олардың зияндылығы жүзім шоқтарының жапырақ ширатқышына қарағанда анағұрлым төмендеу. Шанақтар мен гүлдерді, жидектерді бүлдіріп, жұмсақтарын жеп қояды. Аналық көбелек жұмыртқасын жеке шанаққа, гүлге немесе гүлсабағына салады,өсімталдығы - 70 жұмыртқа. Эмбриондық кезеңі - 8 - 10 күн. Бір көбелек жұлдызқұртты 30-40 шанақты құрта алады.
Зиянкес жылына 2 ұрпақ беріп дамиды. Ақ түсті пілләға оранған қуыршақ күйінде әртүрлі ағаштардың қабығының астында және басқа таса жерлерде қыстайды. Көбелектер көктемде шығады да, жұмыртқаларын гүл шоғына салады. Бірінші ұрпақтың жұлдызқұрттары гүл шоғын өрмек жіптермен шырмап, бітеу гүл шоғы мен гүлдерді, ал екінші ұрпақтың жұлдызқұрттары жидектерін зақымдайды (сурет 5).

Сурет 5. Екі ұрпақты жапырақ ширатқыштың зақымдауы

Күресу шаралары. Жүзім шоғының жапырақ ширатқышы сияқты, бұл зиянкеске қарсы да аталған шараларды қолдануға болады. Экономикалық зияндылық шегі 100 жүзім шоғырында 5-6 жұмыртқа немесе жұлдызқұрт кездессе инсектицидтерді қолдану Тізімге... апполо 50% 0,24-0,36 лга; золон 35% э.к., 1-2,8 лга; каратэ 050, э.к., 0,2-0,3 лга; ниссоран 10% с.п., 0,24-0,36 лга; омайт 57% э.к., 1,2-1,8 лга осы препараттарды сәйкес жүзеге асырылады.
Кәдімгі өрмекші кене - Tetranychus urticae Koch. (Arachnide класы, Tetranychidae тұқымдасы). Барлық жерлерде таралған, көптеген дақылдарға оның ішінде жүзімдерде кездеседі және оған қауіпті зиянкес. Аналықтары сопақша келеді, ұзындығы 0,43 мм, сұрғылт - жасыл немесе сарғылт - жасыл түсті. Аталықтардың артқы жағы бірден кілт сүйірленген, ұзынша (ұзындығы 0,28 мм) болады. Жұмыртқасы шар тәрізді, жасыл реңді мөлдір, диаметрі 0,14 мм. Жылына 10-12 ұрпақ береді.
Вегетация кезеңінде өрмекші кенелер төменгі ярустан жоғарыға, ескі жапырақтардан жас жапырақтарына ауысады. Дақыл қатты зақымданғанда түсімі азайып, жемістердің сапалары төмендейді (сурет 6).

Сурет 6. Кәдімгі өрмекші кене

Күресу шаралары. Күздік тыныштық кезеңінде және ерте көктемде негізгі агротехникалық шаралар жүйесін жасайды: топырақ өңдеу, өсідік қалдықтарын жою, тырмалау және т.б. Ерте көктемде бұтақтарды өлі қабықтарынан тазалау және жою. Бұл шаралар көптеген көп қоректі және мамандандырылған зиянкестердің санының азаюына бағытталған. Қажет жағдайда бүршік шықпастан бұрын кенелерге және басқа зиянкестерге қарсы препараттармен өңдейді.
Жүзім шоғының жапырақ ширатқышының экономикалық зияндау шегі - 100 гүлшоғынында 4-6 жұмыртқа және дернәсіл. Инсектицидтер бірнеше рет қолданылады (көктемде жүзім гүлдемей тұрған кезде, жидектер өсіп келе жатқан кезде, жидектер пісер кезде). Бүрку жұмыстары көбелектердің ұшу қарқындылығы 2-3 күн тоқтағаннан соң жүргізіледі. Бұл үшін мынадай препараттарды: каратэ 050, э.к., золон, 35% э.к., гюхарадтың 5%, э.к. және т.б. Бұл препараттар кенелерге де әсер етеді.
Жүзім шоғының жапырақ ширатқышына қарсы биоагенттерді де (микробиологиялық заттар, паразит - трихограмма) қолдануға болады. Кенелердің саны экономикалық зиян шегінен асатын болса акарицидтермен өңдеу қажет. Экономикалық зияндылық шегі 1 жапырақта бүршік жарғаннан жеміс өскенге дейін 3-5 дана, ал, мамыр-маусым айларында 5-7 дана кездессе акарицидтерді қолдану Тізімге... апполо 50% 0,24-0,36 лга; золон 35% э.к., 1-2,8 лга; каратэ 050, э.к., 0,2-0,3 лга; ниссоран 10% с.п., 0,24-0,36 лга; омайт 57% э.к., 1,2-1,8 лга осы препараттарға сәйкес жүзеге асырылады. Жапырақтарда кенелер табылғанда метасейулюс жыртқышын қолдануға болады.
Жүзім филлоксерасы - Viteus vitifolli Fitch. Тең қанаттылар (Homoptera) тобының филлоксера тұқымдасына жатады. Бұл зиянкестің отаны Солтүстік Американың оңтүстік-шығыс бөлігі. Европаға XIX ғасырдың аяғында әкелінген. 1880 жылы ол Қырымда, одан кейінгі жылдары Казказдың Қара теңіз жағалауында, Кубаньда және Тбилисидің маңында табылған. Қазіргі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жүзім - жүзім тұқымдасына жататын өсімдік
Алматы облысы Іле ауданында жүзімді зиянкестері мен ауруларынан қорғау шаралары
Жүзім зиянкестері
Бациллдар немесе спора түзуші бактериялар тұқымдастары
Жеміс ағаштарының зиянкестері
Жеміс ағаштарына зиян келтіретін кеміргіш бунақденелердің таралуы, биологиясы, зияндылығы және оларға қарсы қолданатын күресу шаралар жүйесі
Түркістан облысы Жетісай ауданында зығыр дақылын өңірге байланысты өсіріп-өндіру технологиясын жан жақты зерттеп, толықтырып жазу
Қазақстанның оңтүстік жəне оңтүстік-шығыс жеміс жəне жүзім шаруашылығы аймақтарының табиғат жағдайына сипаттама
Жеміс ағаштары зиянкестерінің систематикасы
Тамыр және тамыр жүйесі
Пәндер