Оңтүстік Корея мен Қазақстан арасындағы экономикалық байланыстардың тиімділігін арттыру мәселесін қарастыру


Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Министерство образования и науки Республики Казахстан
«Қазақстан Республикасы және Оңтүстік Корея қатынастары: тарихы және қазіргі дамуы»
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Мамандығы:
МАЗМҰНЫ
Кіріспе . . . 4
1. Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы қатынастардың шығуы қазіргі кезеңдегі дамуы . . . 8
1. 1. Қазақ-кәріс қатынастарының қалыптасуы . . . 8
1. 2. Қазақстанның Оңтүстік Кореямен сауда-экономикалық саласындағы қарым - қатынастары . . . 17
1. 3 Екі елдің мұнай-газ және транспорт саласындағы қызметтестігі . . . 23
2. Қазақстан Республикасы мен Оңтүстік Корея арасындағы байланыстардың өзара тиімділігі және даму перспективалары . . . 30
2. 1 Қазақстан Республикасы мен Оңтүстік Корея арасындағы мәдени-гуманитарлық қатынастардың дамуы . . . 30
2. 2 Екі мемлекет арасындағы экономикалық байланыстардың тиімділігі және болашақ даму мүмкіндіктері . . . 40
Қорытынды . . . 58
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 62
Қосымшалар
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі: Қазіргі Қазақстанның тәуелсіздік дәуірі тарихындағы халықаралық қатынастар жүйесінде Қазақстан мен Оңтүстік Корея Республикасы арасындағы қарым - қатынастар тарихының ерекшелігі, оның Қазақстанға тигізіп жатқан ықпал - әсері әлі де болса отандық тарихнамада жете зерттелінбеген тың тақырыптың бірі болып саналады.
Қазақстанның Корея Республикасымен қарым-қатынасының дамуы 1992 жылдан бастау алады. Осы жылы қаңтарда екі мемлекеттің өмірінде тарихи мәні бар оқиға болды: Қазақстан мен Корея Республикасы дипломатиялық қатынас орнатылды. Екі ел арасындағы саясат, экономика және мәдениет салаларындағы ынтымақтастықты дамытуға қолайлы мүмкіндік туды.
Дипломатиялық қатынастарын 1992 жылы бекіткеннен бергі аралықта Қазақстан мен Корея Республикасы ынтымақтастық жолында мейлінше маңызды оқиғаларды бастан кешірді. Екі елдің күш салуымен қысқа мерзім ішінде Қазақстан-Корей серіктестігінің жаңа, тез дамушы моделін орнатуға қол жетті.
Белсенді саяси және экономикалық байланыстардан басқа, Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы мәдени және гуманитарлық серіктестік саласындағы маңызды перспективалар жөнінде айтуға болады, онда ерекше рөл қазіргі уақыттағы 100 мыңнан аса адамды құрайтын кәріс и (корей) диаспорасының орны ерекше. Қазақстанның этникалық саясаты қазақстандық-корейлік қатынастың дамуының негізгі себептерінің бірі болып табылады.
Елден жат жерде тұратын кәрістерді Корея Республикасы үкіметі олардың өз тарихи отанымен байланысын бекіту үшін құқықтық және институционалдық көмекпен қамтамасыз етуге тырысуда. Шекаралық корейлік қауымды қолдау - Оңтүстік Корея Республикасы Сыртқы істер және сауда Министрлігі қызметінің негізгі бағыт артықшылықтарының бірі. Бұл жерде Қазақстандағы кәрістер Ассоциациясының (ҚКА) маңызды рөлін атап өткен жөн, ол 1995 жылы қазанда құрылды, әсіресе бұл қазақстандық және оңтүстік кореялық ЖОО арасындағы ғылыми-білімдік байланыстың орнауына қатысты. Соңғы бірнеше жылдары екі ел жоғарғы оқу орындары арасында 16 келісімге қол қойыды. Жекелеп атағанда, ЖОО аралық серіктестікте профессор-оқытушы құрамы мен студенттерді алмастыру қарастырылған.
Қазақстан Корея Республикасымен жақсы қарым-қатынас орнатқан. Елдеріміз арасындағы тауар айналымының көлемі екі миллиард долларға жуықтады. Сіздердің тауарларыңыздың біздің елге Ляньюньган порты арқылы келіп жатқаны қуантады, онда біздің еліміздің логистикалық терминалымыз бар. Қазақстан Кореямен жаңа және цифрлық технология, индустрияландыру, медицина және басқа да салаларда ынтымақтастық орнатуға ниетті», - деді Қазақстан Президенті [1] .
Кореяның 2010 жылдан Қазақстанның № 1 - ші инвестор - серіктесіне айналуы Қазақстан және Оңтүстік Корея қатынастарын зерттеудің оның тиімді жақтарын ашып көрсетудің, және оны онан әрі жетілдіре түсу жолдарын қарастырудың маңыздылығын көрсетеді.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Аталған тақырып бойынша арнайы монографиялық зерттеулер әзірше өте аз, Корея Республикасының экономикалық даму жолы дүниежүзілік қауымдастықтың назарын аударғаны белгілі. Г. Костинский өз зерттеуінде Корея Республикасының кедей мемлекеттен экономикасы дамыған мемлекетке айналу жолында бастан өткерген экономикалық саясатына, елдегі модернизациялау, индустрияландыру процестеріне тоқталады. Автор «Обрабатывающая промышленность», [3] «От шищеты к процветанию» [29] атты мақалаларында Корея Республикасындағы өңдеуші өнеркәсіп саласының соғыстан кейінгі даму деңгейіне тоқтала келе, «Жаңа индустриялық елдердің» арасында Оңтүстік Корея жетекші орындардың бірін иеленеді. Әсіресе, Корея Республикасы кемелер жасау, болат өндіру, жеңіл автомобильдер жасау, электроника мен электротехника өнімдерін шығару жағынан дүние жүзінде алдыңғы орындардың бірінде келеді, - деген қорытындыға келеді.
А. Шин «Роль государства во времена перемен» атты мақаласында экономикалық реформаларды жүргізуде мемлекеттік институттардың атқарған рөліне баға беріп, «Жаңа экономиканың жүз күндік жоспары» мен «Жаңа экономиканың бес жылдық жоспарының» мақсаты мен мәнін ашып көрсеткен. [5] «Корея. Цифры и факты» атты монографияда Корея Республикасының географиясы, халқы, тарихы, мәдениеті, экономикасы, қоғамдық - мемлекеттік құрылысы, халқының салт- дәстүрі мен соңғы жетістіктері жайында маңызды мағлұматтар берілген.
А. А. Бучкиннің «Социальная эволюция Современной Южной Кореи» атты монографиясы- «жаңа индустриалды елдердің» қатарындағы Оңтүстік Кореяның әлеуметтік - экономикалық дамуының өзекті мәселелеріне арналады. [6]
В. И. Шипаевтың «Япония и Южная Корея» атты еңбегінде - екі ел арасындағы жағдай қалыпқа келгеннен кейін, Жапония Оңтүстік Кореямен жан - жақты экономикалық байланыс орната бастады делінеді. Еңбегінде автор Жапонияның Оңтүстік Кореяға бөлген « экономикалық көмегіне » көп көңіл бөледі. [7] Корея мәдениеті бөлімін жазу үшін энциклопедиялардағы және мерзімді басылымдардағы материалдар қолданылды. Әсіресе, Г. Костинскийдің «Во что верят корейцы?» атты мақаласында Кореядағы діни нанымдар, корей мәдениетінің ерекшелігі туралы мәлімет берілген. К. В. Куротченконың «История корейского языка и письменности» г. Москва, Россия 2006 г. деген тақырыппен жазылған мақаласында корей тілінің қалыптасуына, корей тілінің диалектілеріне және қолданылу аясына тоқталған. Бұл мақалада корей әліпбиіне жасалған реформалар толықтай ашып көрсетілген. Корейлердің ұлттық жазуы қытай иероглифтерінің негізінде біздің дәуірімізге дейінгі уақытта пайда болған. «Синджи» немесе «синджон» деп аталған корей жазуының алғашқы нұсқасын корейлердің арғы атасы болып саналатын күн құдайының немересі Тангун жасаған. Кейінірек «каримтхо» деп аталған өзге әліпби (алфавит) жасалды. Осы «каримтхо» әліпбиінің негізінде бүгінгі Корея Республикасында қолданылатын «хангыль» немесе «кунмун» жазуы дүниеге келді, -делінген. [8]
Сонымен бірге Алматыдағы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің Шығыстану, Оңтүстік Корея орталықтарындағы ғалымдардың жекелеген ғылыми мақалалары жарияланған. Олар: зерттеуші Рахматуллинаның Г. Стратегия укрепления экономического сотрудничества между двумя странами [9], Кунапия Г., Бурбаева Б. Активизация корейского капитала сияқты мақалаларды жатқызуға болады. Сондай-ақ «Отан тарихы», «Егемен Қазақстан», «Алтын Орда», «Алаш Айнасы» сияқты басылымдарда жекелеген мақалалар екі ел арасындағы экономикалық қатынастар, саяси байланыстар, гуманитарлық қызметтестік туралы жекелеген аспектілерді қарастырған мақалалар жарық көрген. Қортындылай айтқанда осы диплом жұмысында Қазақстан - Оңтүстік Корея арасындағы қарым - қатынастардың соңғы жиырма жылдық тарихын кешенді түрде қарастыру көзделінген. [10]
Жұмыстың мақсаты Қазақстан мен Корея арасындағы еларалық экономикалық және гуманитарлық қатынастар үдерісін зерттеу осының негізінде екі жақты байланыстардың тиімділігін арттыру, сыртқы экономикалық, гуманитарлық салалардың тиімді бағыттарын қарастыру.
Жұмыстың негізгі міндеттері:
- Қазіргі кезеңдегі байланыстар үдерісіндегі экономикалық, гуманитарлыыық қатынастардың мәнін зерделеу;
- Оңтүстік Корея мен Қазақстан арасындағы экономикалық байланыстардың тиімділігін арттыру мәселесін қарастыру;
- Екі ел арасындағы сауда қатынастарындағы тәжиірбелерін жинақтап қорытындылау;
- Оңтүстік Корея мен ҚР арасындағысыртқы экономикалық байланыстардағы сандық және сапалық көрсеткіштерді сараптау, инвестициялық қызметтестіктің қазіргі кезеңдегі деңгейін анықтау және бағалау;
Зерттелініп жатқан елдер арасындағы экономикалық және гуманитарлық байланыстарды жетілдірудің сандық және сапалық параматерлері мен болашақ даму мүмкіндіктерін қарастыру.
Зерттеу нысаны Оңтүстік Корея және Қазақстан Республикасы арасындағы байланыстардың тарихы менқазіргі заман үдерісі.
Диплом жұмысының пәні Корея мен Қазақстан арасындағы байланыстардың негізгі формалары болып табылады.
Диплом жұмысының жаңалығы Қазақстан және Корея арасындағы байланыстардың қазіргі заманғы жаһандану мен бәселестіктің артуы жағдайындағы қарым-қатынастарының сипатын, артықшылыққа ие жақтарын, перспективалы мүмкіндіктерін қарастыру.
Зерттеу жұмысының хронологиялық шеңбері ХХ ғасырдың бірінші жартысынан басталып, 1992 жылдан 2015 жылдар аралығын бір кезеңіне бөліп қамтиды, 2000 - шы жылдардан кейін екі ел арасындағы байланыстар жаңа сапалық деңгейге өтуімен ерекшеленеді және бұл қатынастар өзінің даму бағытын бүгінгі, тіпті үстіміздегі 2019 жылға дейін жалғастырып келеді.
Жұмыстың зерттеу әдістері: Салыстырмалы тарихшылдық, проблемалы талдау, экономикалық статистикакалық, әлеуметтанушылық талдау, т. б.
Диплом жұмысының деректемелік базасы орыс, қазақ, және басқа тілдерде жарияланған кең көлемді баспасөз материалдары, ресми материалдар, зерттеу еңбектері пайдаланылды.
Жұмыстың тәжірибелік қолданбалық маңызы. Диплом жұмысының нәтижелері орта мектептегі «Дүние жүзі тарихы» мен Қазақстан тарихы пәндерін өткенде тереңдетілген материал ретінде, жоғарғы оқу орнындағы тарих, «тарих-дінтану», «география-тарих» мамандықтарының халықаралық қатынастар тарихы, дипломатия тарихы, жаңа және қазіргі заман тарихы пәндер курстарының семинар сабақтарында қолдануға болады.
Жұмыстың құрылымы. Жұмыс кіріспеден, қос тараудан, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.
1. Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы қатынастардың шығуы қазіргі кезеңдегі дамуы.
- Қазақ - корей қатынастарының қалыптасуы.
Екі елдің өткен тарихының ұқсас - парралель тұстары көп. Мәселен Корея 1910 жылдан Жапония отары болып келсе, Қазақстан екі жүз жылдан астам уақыт Ресей қол астында болып келді. Екіншіден Кореяға екі импершіл мемлекет Жапония мен Қытайдың екі ортасында өмір сүруге тура келді. Қазақстанның геосаяси жағдайы да Ресей мен Қытай сияқты елдерге тәуелді. Оңтүстік Корея, мелекеттік басқаруды жоғары деңгейге қою жолымен, дайын өнімді тұтынушы ғана болмай керсінше шетелдік технологияны өзі сатып алу, білім мен ғылымға ден қою арқылы, индустриальды - инновациялы ел дәрежесіне көтеріліп, қысқа тарихи мерзім ішінде әлемнің 13 - ші экономикасына, демократиялық басқару институтары, азаматтық қоғамы дамыған ел статусына ие болды.
Қазақстандағы кәріс(корей) диаспорасының өзекті мəселелері жəне оны шешу жолдары болғандықтан Қазақстан мен Корей арасындағы экономикалық, мəдени жəне тағы да басқа қатынастарды қалыптастыруға да бұл мəселені зерттеу өзекті болып табылады. Өз кезеңінде «жат елдердің түрмесі», содан кейін əр түрлі сынақтар жасалатын «алаңға» айналған Қазақстан талай миграциялық үрдістерді басынан кешірді жəне өзінің бойына көптеген этностардың бірігіп өмір сүру, бір-бірімен жақсы қарым-қатынаста болуының мол тəжірибиесін сіңірді [1] . Сондықтан да бұл тəжірибені зерттеу, қоғамдық ғылымдар сахнасында өзекті мəселелердің бірі.
Қазақ мемлекеті көпэтносты болып табылады. Бұл елде 130дан астам ұлт өкілдері татутəтті өмір сүруде [2] . Алайда Қазақстандағы көпэтностықтың жақсы жақтары болғанымен де, Қытай, Ресей сияқты елдерде болып жатқан көпұлттылық мəселелері біздің елге теріс жақтарын тигізуі мүмкін. Осыны болдырмас үшін елімізде тұрып жатқан халықтар арасындағы бейбітшілікті қалыпты ұстау керек. Сондықтан, Қазақстанға көшіп келген халықтардың қазақ халқымен қарымқатынасын зерттеу татулықты қамтамасыз етеді. Біз Қазақстандағы корейлердің еліміздегі Қазақ халқымен қатынас жасауын түбегейлі зерттесек екі мемлекет арасындағы достық жандана түсіп, басқа халықтарға үлгі болады. Міне, Қазақстандағы корей миграциясы көпэтностық мəселелерді шешуге де таптырмас олжа болып саналады. Қазақстандағы корей диаспорасы Шығыс Азияда орналасқан корейлердің
КСРОның Қиыр Шығысына, одан қазақ жеріне миграциялану əсерінен пайда болды [3] . Олар қазақ жеріне Кеңес көсемдерінің бұйрығымен күштеп көшіп келген болатын. Көшіқон үрдісі орын алғаннан кейін кəріс жұрты жаңа ортаға бейімделе бастады. Бұл процесс алғашында корей халқына қиын тигенімен, уақыт өте келе олар Қазақстанды туған еліне балаған ұлттардың бір бөлігіне айналды. Қазақ елі тəуелсіздігін алғаннан соң корей хал
қының мəртебесі жоғарылап, жағдайы біршама жақсарды. Қазіргі бейбітшіл заманда корейлер сан ғасырлық ерліктің нəтижесінеде елімізде тату-тəтті өмір сүруде.
Күштеп қоныс аударылған халықтардың бірі - корей ұлты. Корейлер негізінде Қиыр Шығысқа ХІХ ғасырдың 60-жылдары қоныстана бастаған. 1917 жылғы санақ бойынша Приморье губерниясындағы корей шаруа отбасының саны 9308 болса, бұл 1922 жылы 18407-ге, ал 1925 жылы 21555-ке жетіп, қоныстанушылар саны шамамен 120-130 мың адамды құрады [32, 26] . ХХ ғасырдың басы кәрістерді Қазақстан аумағына қарқынды және айрықша көшіру кезеңі болды. Кеңес үкіметі орнағаннан кейін КСРО-да 1926 жылы алғашқы халық санағы өткізілді. Оның деректері бойынша кәрістер Ақмола, Семей, Сырдария облыстарында тұрған. Кейбір кәрістер Қарағанды, Қызылорда және Қазақстанның басқа да аудандарында тұрған. 1920-шы жылдары күріш шаруашылығының дамуына байланысты, Қазақстанда Одақтың түрлі өңірлерінде күріс өсіру тәжірибелерін зерделеу басталды, сұрыпты сынау басталды. Осы жұмыстар кезінде Қиыр Шығыста кәрістердің күріш өсіру тәжірибелері зор қызығушылық тудырды. Келесідей қорытынды шығарылды: күріш егуді дамыту ісінде Қазақстан Қиыр Шығыстың жүрген жолымен жүруі керек. Қиыр Шығыста кәрістер жерді ауыр жағдайда жалға алатын, ал Қазақстанда бұл жағдайлар әжептәуір жақсы болатын, республика басшылары, бұл кәрістерді Қазақстанға қоныс аударуға итермелейді деп санады. Осылайша, күріш өсіруде тәжірибе жинау үшін кәрістерді Қазақстанға шақыру туралы шешім қабылданды. 1928 жылдың көктемінде, Қазақстанның егіншаруашылық халық комиссарының шақыруы бойынша Жетісу губерниясына Қиыршығыс өлкесінің Владивосток округінен күріш өсіретін және жібек мамандарынан тұратын 300-ден астам кәрістер, 70 отбасы келді. Олар «Қазақ күріші» кәрістердің ауыл шаруашылық еңбек артелін» «Казахский рис» (Казрис) ұйымдастырды. «Казахский рис» (Казрис) . 1929 жылдың қаңтарында-ақ кәрістер басқа шаруашылықтар үшін күріш тұқымдарын жібере бастады. Осылайша, Қазақстан 1931 жылы елдегі күрішті ең көп егетін өлкеге айналды.
1930-жылдардың соңынан бастап КСРО шекарасы маңындағы ұлттар ішкі аймақтарға жер аударыла бастады. Ұлттық ғылым академиясының академигі М. Қ. Қозыбаев «Ақтаңдақтар ақиқаты» еңбегінде: «1937 жылы Қазақстанға 18526 корей семьясы (шамамен 100 мың адам) зорлық-зомбылықпен жер аударылды» делінген. Жалпы 1937 жыл қатерлі жыл болды. Кеңес басшылығының бұйрығы бойынша Қиыр Шығыстың кәріс халқы Орта Азия мен Қазақстанға күштеп көшіруге ұшырады. Тыңшылық маниясына ұшыраған партиялық элита тұтас халықтарды сатқындықта айыптады. «Қиыршығыс өлкесінің шекаралас аудандарынан кәріс халқын көшіру туралы» КСРО ХКК мен БКП (б) қаулысы Мәскеу қаласы 1937 ж. 21 тамыз Аса құпия Айрықша папка ССР Одағының Халық Комиссарлары Кеңесі мен БКП (б) Орталық Комитеті қаулы етеді: Қиыршығыс өлкесіне жапон тыңшылығы енуінің алдын алу мақсатында келесі іс-шаралар өткізуді: 1. БКП (б) Қиыршығыстық өлкелік комитетіне, өлкелік атқару комитетіне және Қиыршығыс өлкесінің НКВД Басқармасына Қиыршығыс өлкесінің: Посьет, Молотов, Гродеков, Ханкай, Хороль, Чернигов, Спасск, Шмаков, Постышев, Бикин, Вязем, Хабаров, Суйфун, Киров, Калинин, Лазо, Свободненск, Благовещенск, Тамбов, Михайлов, Архаринск, Сталин және Блюхер шекаралас аудандарының барлық кәріс халқын Оңтүстік Қазақстан облысына, Арал теңізі мен Балқаш аудандарына және Өзбек КСР-іне көшіру ұсынылсын. Көшіру Посьет ауданы мен Гродековқа жақын орналасқан аудандардан басталсын. 2. Көшіруге жедел кірісіп, 1938 жылдың 1 қаңтарына қарай аяқталсын. 3. Көшірілуге жататын кәрістерге өзімен бірге мүлкін, шаруашылық құралдарын және малын алуға рұқсат етілсін. 4. Қоныс аударушыларға олар орнында қалдырған жылжымайтын мүліктің және егістіктің құны орнына келтірілсін. 5. Қоныс аударылған кәрістерге шетелге шығуға ниет білдірген болса, бөгет көрсетілмесін, шекарадан өтудің жеңілдетілген тәртібі рұқсат етілсін. 6. КСРО Ішкі істер халық комиссарына кәрістер тарапынан қоныс аударуға байланысты мүмкін болатын эксцесстер мен тәртіпсіздікке қарсы шара қолданылсын. 7. Қазақ КСР-і мен Өзбек КСР-і Халық комиссарларына кеңесі орналастыру аудандары мен пункттері дереу айқындалып, қоныс аударушылардың жаңа орындағы шаруашылық игеруін қамтамасыз ететін шаралар белгіленсін, оларға керекті көмек көрсетілсін. 8. ҚЖХК (НКПС) Далькрайисполкомның тапсырысы бойынша қоныс аударылатын кәрістер мен олардың мүлкін Қиыршығыс өлкесінен Қазақ КСР-і мен Өзбек КСР-не тасымалдау үшін вагондарды уақытында ұсынуды қамтамасыз етуге міндеттелсін. 9. Далькрайком БКП (б) мен Далькрайисполком үшкүндік мерзім ішінде қоныс аударуға жататын шаруашылықтар мен адамдар хабарлауға міндеттелсін. 10. Қоныс аудару барысы, аудандардан жіберілген қоныс аударушылар саны, орналастыру аудандарына келгендер саны мен шекарадан шыққандар саны туралы әр он күн сайын телеграф арқылы жеткізіліп тұрсын. Кәрістер көшірілген аудандардағы шекараны күзетуді нығайту үшін шекара әскерлері 3 мың адамға арттырылсын. КСРО Ішкі істер халық комиссарына шекарашыларды кәрістер босатқан үй-жайларға орналастыруға рұқсат етілсін. КСР Одағы Халық Комиссарлары Кеңесінің төрағасы В. Молотов БКП (б) Орталық Комитеті хатшысы И. Сталин Қоныс аударушылар облыстарға қоныстанып, бейімделмеген жағдайда өмір сүрулеріне тура келді. Жуырда ғана ауыр нәубет - аштықты басынан кешірген қазақ халқы кәрістерге түсіністікпен қарап, қазақы мәдениетке тән, қолындағы соңғы түйір нанымен бөлісті. Қазақ жерінде тұрған уақытта кәрістердің арасынан талай талантты әртістер, дәрігерлер, спортшылар, оқымыстылар, сәулетшілер, жазушылар, ҚР еңбек сіңірген қайраткерлері шықты. Кәрістер спорттағы жетістіктерімен де белгілі. Түрлі чемпионаттарда Қазақстан туын бірнеше мәрте желбіреткен қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы, 2014 жылғы Қысқы Олимпиада ойындарының қола жүрдегері Денис Тенді білмейтін қазақстандық жоқ деп айтуға болады. Белгілі олимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлерін тәрбиелеген, ауыр атлетикадан қазақстандық жаттықтырушы Алексей Геннадьевич Ниді де атап өткен жөн. Бұл Қазақстандағы кәрістер тарихының аздаған бөлігі ғана. Осы жерде олар өздеріне жаңа отан тапты, ал олардың қазақ даласындағы терең тамыры кәрістердің Қазақстандағы басқа ұлт өкілдерімен өзара түсіністікте және бірлікте өмір сүретіндерін көрсетеді. Осы жылдар ішінде кәрістер өздерін еңбексүйгіш әрі бейбіт халық ретінде
2007 жылдың аяғында Корей халқының саны 48 млн. 465 мың 369 адам болды. Халық тығыздығы 498 адам бір шақырымға болып келеді. Өткен ғасырдың 60-ншы жылдары халықтың өсімі жылына 3% болатын, алайда келесі он жылдықта 2% дейін түсіп кетті. 2005 жылы халықтың өсім көрсеткіші 0. 21% болды, дегенмен 2020 жылға дейін 0. 02% дейін төмендейді деген болжам бар. Осы жылға дейін жасы 65 тен асатын халықтығ саны 15, 7% құайтын болады. Барлық дамыған елдердегідей ұлттың қартаю тенденциясы байқалады.
Елдің жылдам қарқынды индустриализациясына байланысты Оңтүстік Корей елінде ауыл халқы көптеп қалаға көше бастады, әсіресе Сеул, Пусан секілді ірі мегаполис қалаларға айналды. Алайда қалаға жаңадан келетін халықты негізінен қала сыртына орналастыру қолға алынған. Оңтүстік Кореяның соңғы ширек ғасырдағы экономикалық дамуы елді шетел азаматтарына тартымды етті. Кореяға келген шетел азаматтарынығ саны 2007 жылдың 24 тымызында 1 млн. 254 адам болды, бұл көрсеткіш алғашқы рет миллионнан асты. Шетел азаматтары жалпы халықтың 2% құрайды. Бұл көрсеткіш бойынша халықтың өсімі 15% құрайды. Сондықтан этноқұрылым өте жылдам өзгеруде. Қазіргі Кореяға қоныс аударушы халықтың этно құрамы келесідей: Қытайлар-44% немесе 441 334 (266764 корейліктер) . Келесі топта АҚШ азаматтары 117 938 адам (12%), содан кейін Вьетнамдықтар 63 464 (6%) филипиндіктер - 50 264 -5%, тайлықтар 43792 4%. Одан кейін Жапондықтар, Тайвандықтар, Индонезия, Моңғолия және Орта Азиялық бұрынғы Кеңес Республикалары азаматтары, соның ішінде қазақтар да көптеп кездеседі[11] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz