Өзгергіштік түсінігі



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

Реферат

Тақырыбы: Жасушадагы тұқым қуалаушылық
Дайындаған: ... ... ... ... ... ...
Тексерген: ... ... ... ... ... ...
Тобы: ... ... ...

Ақтау-2022
Жоспары.
I. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 2
II.Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
1. Өзгергіштік
түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
1.1 Тұқым қуалайтын
өзгергіштік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4-6
2. Фенотиптік немесе тұқым қуаламайтын өзгергіштік, оның себептері мен зерттеуәдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6-7
2.1 Модификациялық өзгергіштікті зерттеудің статистикалық
әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8-11
3. Генотиптік немесе тұқым қуалайтын өзгергіштік, оның себептері мен зерттеу әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12
3.1 Мутация туралы түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12-16
3.2 Мутацияның түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...16-17
III. Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .18
IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... .19
I. Кіріспе.
Өзгергіштік дегеніміз - организмнің бойындағы түрлі белгілер мен
қасиеттердің сыртқы орта факторларының әсерінен өзгеруі, соған байланысты ол жаңа белгі қасиеттерге ие болады немесе өзінің кейбір белгі қасиеттерін жоғалтады. Өзгергіштіктің екі түрі бар, олар: 1) фенотиптік немесе тұқымқуаламайтын өзгергіштік, бұған модификациялық өзгергіштік жатады; 2)генотиптік немесе тұқымқуалайтын өзгергіштік, оған мутациялық жәнекомбинативтік өзгергіштіктер жатады. Өзгергіштік бұл - вирустардан бастап, сүтқоректілер және гүлді өсімдіктермен қатар, бүкіл ағзаларға тән жалпы тірлік қасиеті.
Тұқымқуалаушылық -- ағзаның ата-тектеріне ұқсас бола алуы. Өзгергіштік - өз ата-тектерінен айырмашылығының бола алуы. Осы заманғы биологияда тұқымқуалайтын (айқын емес) және тұқымқуламайтын (айқын немесе модификациялы) өзгергіштікке бөлінеді. Модификациялық өзгергіштікке келесі үрім бұтаққа берілмейді,себебі гендері мен хромосомдары өзгермейді. Алайда бұл өзгерістердің маңызы ерекше. Олар шұғыл өзгерген жағдайларда дарақтардың тірі қалуына жәрдем етеді. Мысалы, құрғақшылық немесе қышқылды жаңбыр нәтижесінде өсімдік жапырақтарын түсірмесе, ие боларын елестеудің өзі мүмкін емес. Егер мұндай құбылыс болмаса, онда өсімдіктер тіршілігін жоюы сөзсіз. Тұқымқуалайтын өзгергіштік популяцияның барлық дарақтарында бірдей болады. Оларға тікелей орта әсер етеді. Мысалы, жануарларды тамақтандырмаса, олардың массасы кемиді.
Тұқымқуалау өзгергіштігі бұл эволюциялық дамудың маңызды себептерінің бірі. Тұқымқуалау өзгергіштігі әр уақытта жекеленіп көрінеді. Биологияда тұқымқуалау өзгерістерін үйлесімді және мутациялық өзгергіштікке бөледі. Үйлесімді өзгергіштік дегеніміз - бұл түрлі және алыс ататектерге тән белгілердің жаңа үйлесімдерінің нәтижесі. Мұндай жағдайда ешқашан жаңа
белгілер немес қасиеттер байқалмайды. Пайдалы, пайдасыз және зиянды белгілер жаңа дарақтардың әрқайсысында түрліше үйлесімде болады.

II.НЕГІЗГІ БӨЛІМ.
1.Өзгергіштік түсінігі.
Өзгергіштік - организм мен сыртқы ортаның қарым-қатынасын көрсететін күрделі процесс; тірі организмдердің өсіп-дамуы барысында өзін қоршаған орта әсеріне байланысты жаңа белгі қасиеттер түзуі немесе өзінде бұрыннан
бар белгі қасиеттерін жоғалтуы.Өзгергіштік организмнің немесе клетканың жеке дамуы барысында, сондай-ақ, ұрпақ ішіндегі организмнің бір тобының жынысты немесе жыныссыз көбеюі кезінде байқалады. Пайда болу механизміне,
белгілердің өзгеру қасиетіне байланысты өзгергіштік бірнеше түрге бөлінеді.
1. Тұқым қуалайтын өзгергіштік.
Организмде жаңа генотиптердің болуы нәтижесінде фенотипте өзгерістің
байқалуы.Өзгергіштіктің бұл түрін мутациялық өзгергіштік деп те атайды.Тұқым қуалайтын өзгергіштіктің өзіне тән мынадай қасиеттері бар: мутациялар
секірмелі, кенеттен пайда болады; тұқым қуалайды; пайдалы және зиянды болып
бөлінеді; бір рет пайда болған мутация қайта өзгеріске ұшырай алады;мутация сапалы өзгергіштікке жатады. Тұқым қуаламайтын өзгергіштік сыртқы
орта факторларының әсерінен пайда болады. Бұл жағдайда белгі тұқым қуаламайды, яғни ол сыртқы орта жағдайларының әр түрлі деңгейдегі әсерлерінен қалыптасады. Мұны модификациялық өзгергіштік деп
атайды.Онтогнетикалық өзгергіштік организмнің не клетканың жеке даму барысында заңды түрде болатын өзгергіштігін іске асырады. Бұл кезде генотип
өзгеріссіз қалады. Өзгергіштіктің бұл түрі тірі организмнің онтогенезінің әр түрлі сатысындағы не клетканың тіршілік циклінің бір геном мөлшеріндегі қызметімен іске асырылады. Өзгергіштік - популяция мен түрдің тіршілік ету ортасының өзгеру жағдайына бейімделуін қамтамасыз ететін, эволюцияның
маңызды факторларының бірі. Тұқым қуалаушылық сияқты өзгергіштік те барлық тірі организмдерге тән. Өзгергіштік дегеніміз - организмнің бойындағы түрлі белгілер мен қасиеттердің сыртқы орта факторларының әсерінен өзгеруі, соғанбайланысты ол жаңа белгі қасиеттерге ие болады немесе өзінің кейбір белгі
қасиеттерін жоғалтады .
Өзгергіштіктің екі түрі бар, олар:
1) фенотиптік немесе тұқым қуаламайтын, бұған модификациялық
өзгергіштік жатады;
2) генотиптік немесе тұқым қуалайтын өзгергіштік; бұған мутациялық және комбинативтік өзгергіштіктер жатады.
Өзгергіштік бұл - вирустардан бастап, сүтқоректілер және гүлді
өсімдіктермен аяқтай отырып, бүкіл ағзаларға тән жалпы тірлік қасиеттері.Тұқымқуалаушылық ағзаның өз ататектеріне ұқсас бола алуы.Өзгергіштік - ағзаның өз ататектерінен айырмашылығынң бола алуы. Осы заманғы биологияда тұқымқуалайтын және тұқымқуаламайтын өзгергіштікке бқлінеді. Чарльз Дарвин өзгергіштікті екі типке - айқын және айқын емес өзгергіштік деп бөлді. Оның түсінігі бойынша айқын емес өзгергіштік - бұл жекелеген дарақтарда пайда болып, тұқымқуалайтын өзгеріс деп аталды . Сондықтан оны дербес өзгергіштік деп атайды. Мұндай өзгерудің пайдалы, зиянды немесе пайдасыз да болуы мүмкін. Оның пікірі бойынша тап айқын емес өзгергіштік табиғи сұрыпталуға материал береді. Сұрыптау пайдалы өзгерістері бар дарақтарды сақтап қалады, ал олар осы өзгерісті келесі үрім-бұтақтарға береді. Чарльз Дарвиннің айқын емес өзгергіштік терминіне теңбе-тең. Чарльз Дарвин айқын
өзгергіштікті популяцияның көптеген дарақтарында бірден қоршаған орта әсерінен пайда болатын өзгеріс деп түсінді. Сондықтан оны топтық өзгергіштік деп те атайды. Қуаңшылық кезінде жапырақтардың түсуі немесе жыл маусымдары бойынша жануарлар жабыны түсінің өзгеруі осындай өзгергіштіктерге мысал бола алады. Алайда бұл өзгерістер тұқымқуаламайды.Сондықтан осы заманғы ғылымда айқын өзгергіштік термині тұқымқуаламайтын немесе модификациялы терминіне сәйкес келеді. Чарльз Дарвин бұдан басқа тағы өзара байланысты өзгергіштік деп бөлді. Мұндайда бір белгінің өзгеруі міндетті түрде басқа белгінің өзгеруіне душар етеді. Бұл егер бір ген бірнеше белгілерді бақылағанда болатын құбылыс. Модификациялық өзгергіштікте келесі үрім-бұтаққа берілмейді, себебі гендер мен хромосомдары өзгермейді. Алайда бұл өзгерістердің маңызы ерекше. Олар шұғыл өзгерген жағдайларда дарақтардың тірі қалуына жәрдемдеседі. Мысалы,құрғақшылық немесе қышқылды жаңбыр нәтижесінде өсімдік жапырақтарын түсірмесе, не боларын елестетудің өзі мүмкін емес. Егер мұндай құбылыс болмаса, онда өсімдіктер тіршілігін жоюы сөзсіз.Тұқымқуалайтын өзгергіштік популяцияның барлық дарақтарында бірдей болады. Оларға тікелей орта әсер етеді. Мысалы, жануарларды тамақтандырмаса, олардың массасы кемиді .Тұқымқуалау өзгергіштігі - бұл эволюциялық дамудың маңызды себептерінің бірі. Тұқымқуалау өзгергіштігі әр уақытта жекеленіп көрінеді.Биолгияда тұқымқуалау өзгерістерін үйлесімді және мутациялық өзгергіштікке бөледі. Үйлесімді өзгергіштік дегеніміз - бұл түрлі-түрлі және алыс
ататектерге тән белгілердің жаңа үйлесімдерінің нәтижесі. Мұндай жағдайда ешқашан жаңа белгілер немесе қасиеттер байқалмайды. Пайдалы, пайдасыз және зиянды белгілер жаңа дарақтардың әрқайсысында түрліше үйлесімде болады. Мутациялық өзгергіштік ағзаның мүлде жаңа белгілері мен қасиеттерінің
көрінуіне апарады. Қандай болса да, белгіге әсер ететін генетикалық материалдың кенеттен секіртпелі өзгеруі, мутациялар деп аталады. Мутация барысында дарақ ешқайсыларын бұрын болмаған ататектер сапасына ие болады.

2. Фенотиптік немесе тұқым қуаламайтын өзгергіштік, оның себептері мен зерттеу әдістері.
Генотиптері ұқсас, бірақ әр түрлі орта жағдайларында өсіп дамитын
организмдердің фенотиптері түрліше болып қалыптасады.Дарақтардың осылайша
фенотипі жағынан әр түрлі болып өзгеруін модификациялық өзгергіштік деп атайды. Модификациялық өзгергіштіктің өзі белгілі бір реакция нормасымен шектеледі, яғни организм белгілерінің өзгеруінің белгілі бір шамасы болады.
Мысалы, сиырдың үш қасиетін алайық: оның сүттілігі азығы мен күтіміне тығыз байланысты. Дұрыс рацион құрып, қажетті мөлшерде азықтандыра отырып, оның
сүтін молайтуға болады. Бұл тез және көп өзгеретін қасиет. Ал сүтінің майлылығы сүттілікке қарағанда азық және күтім жағдайларына аз мөлшерде байланысты және ол сиырдың тұқымына тән біршама тұрақты қасиет. Дегенмен,
құнарлы азық беру арқылы оны да аздап өзгертуге болады. Анағұрлым аз өзгеретін, тұрақты белгі - сиырдың түсі. Бірақ сиыр жүнінің түсін сыртқы орта жағдайларына мүлдем байланыссыз деуге болмайды, ол да аздап болса өзгереді. Бұдан біз қандай белгі - қасиет болсын сыртқы ортаның әсерінен белгілі бір мөлшерде модификациялық өзгергіштікке ұшырайтындығын көреміз.
Модификациялық өзгергіштік организмнің көбею жолдарына, қандай биологиялық түрге жататындығына және өсу ортасына байланысты. Ол жер бетіндегі барлық тірі организмдерде болады.
Модификациялық өзгергіштік генотиптің өзгеруіне байланысты емес,сондықтан олар, тұқым қуаламайды. Бірақ гендердің қызметіне және ферменттердің белсенділігіне әсер етуі мүмкін. Мысалы, төменгі температурада кейбір ферменттердің белсенділігі кемиді. Соған байланысты зат алмасу процесі өзгереді де, организмнің өсіп-дамуы баяулайды. Олай
болса, сыртқы орта факторларының әсерінен көптеген физиологиялық, биохимиялық және морфологиялық процестер өзгереді. Бірақ бұлар тек
фенотиптік қана өзгерістер. Себебі мұндай жағдайда гендердің құрылымында ешқандай өзгеріс байқалмайды.
Тағы да бір айта кететін жай, жоғарыда келтірілген модификациялық өзгергіштіктің реакция нормасы, яғни белгі-қасиеттердің өзгеру шамасы генотип арқылы анықталады.

2.1.Модификациялық өзгергіштікті зерттеудің статистикалық әдістері.
Өткен тақырыпты организм белгілерінің сыртқы орта жағдайларының әсерінен әр түрлі
мөлшерде өзгеретіндігі туралы айтылды. Енді осыған зер салып қарайық.
Мысалы, бір ағаштан үзіп алынған жапырақтардың ұзындығы мен енін өлшесек,
олардың әр түрлі екендігіне көз жеткіземіз. Бұл жапырақтардың өсіп-дамуына орта жағдайлары, күннің түсуі, қоректік заттар мен судың тамыр
арқылы жеткізілуі және т.б бірдей әсер етпейтіндігіне байланысты болатын өзгергіштік. Егер жапырақтары ұзындығы бойынша ең кішісінен үлкеніне дейін
бір қатарға орналастыратын болсақ, бұл белгінің өзгергіштік қатарын
көреміз. (1- сурет)1-сурет. Жапырақтардың өзгермелі нұсқа қатары (жапырақ ұзындығы сан арқылы көрсетілген) [13].
Мұны вариация қатары деп атайды. Ол варианттардан тұрады, сонда вариант дегеніміз - белгі дамуының жеке көрінісі. Мұндай модификациялық өзгергіштік статистикалық әдіспен зерттеліп анықталады. Мысал ретінде бидай масағындағы
масақшалар санының өзгергіштігін қарастырайық. Зерттеу үшін таңдамастан 100 масақты алып, олардың әрқайсысындағы масақшалардың санын есептейміз. Сонда
өзгергіштіктің шамасы 14 пен 20-ның аралығында болатындығын көреміз. Соның ішінде масақшаларының саны 16-18 болып келетін масақтар жиі, ал сандары
жоғары немесе төмен болып келетіндері сирек кездеседі. Ол есептеулердің нәтижесі мынадай:
Кестедегі жоғары цифрлар азынан көбіне қарай орналасқан варианттар қатарын, ал төменгі цифрлар варианттардың кездесу жиілігін көрсетеді. Бұл цифрлардың бәрін қоссақ, бастапқы алынған 100 масаққа сәйкес келеді.
Вариация қатарында орналасқан жеке варианттардың өзгерісін қисық сызық арқылы анық көрсетуге болады. (2-сурет).
Бидай масағындағы масақшалар санының өзгермелі нұсқа қисық сызығы.Вариациялық қатардың маңызды бір статистикалық көрсеткіші - орташа арифметикалық шама. Оны табу үшін мына формуланы қолданамыз: М-орташа шама, Х - вариант, -- варианттардың кездесу жиілігі, n -
варианттар саны, -- жиынтық.
Бұл формула бойынша жоғарыда аталған бидай масақшаларының вариация қатарының орташа шамасын былай есептеп шығарамыз:
Сонымен, орташа арифметикалық шама 17,13-ке тең болып шықты.
Алайда, орташа арифметикалық шама өзгергіштіктің сипатын анық көрсете алмайды. Себебі, орташа шамасы бірдей екі вариациялық қатардың өзгергіштігі
әр түрлі болып келуі мүмкін. Белгінің өзгеру деңгейін сипаттайтын келесі бір көрсеткіш - ол орташа квадраттық ауытқу (сигма). Оны мына формула бойынша табамыз:
Мұнда орташа шамамен әр жеке варианттардың айырымдары квадраттарының жиынтығы (n-1)- ге бөлініп, түбір астынан шығарылады. Математикалық статистиканың заңдылығы бойынша кез келген кездейсоқ шама
орташа шамадан Ғ3,0-дан ауытқымауы керек. Сондықтан орташа квадраттық ауытқудың негізінде орташа арифметикалық шаманың қателігі (MFm) анықталады.
Ол мынадай формуламен есептеледі:
Ең соңында осы көріністердің негізінде пайыз бойынша белгілердің
өзгергіштігі анықталады. Оны вариация коэффициенті (V) деп атайды. Ол мына формуламен есептеледі: Мысалы, бидайды алып, екі белгісінің - масағының ұзындығы мен масақшалар санының модификациялық өзгергіштігін зерттейік.
Аталған белгілердің вариация коэффициенттерін салыстыру арқылы олардың өзгеру шамасын анықтай аламыз.
Сонымен, модификациялық өзгергіштікке нақты сипаттама беру үшін зерттелетін объект бойынша алынатын дарақтардың саны көп болуы керек. Сонда ғанажоғарыда көрсетілген статистикалық әдіс өзінің оң нәтижесін береді. Бұған
көз жеткізу үшін арнайы зертханалық жұмыс ұсынылып отыр.
Модификациялық өзгергіштік тұқым қуаламайды. Модификациялық өзгергіштік
деп гендердің, хромосомалардың, генотиптің өзгеруіне байланыссыз, қоршаған орта факторларының әсерінен белгілі бір гендердің көрінуін, осылай фенотиптің өзгеруін айтады. Сыртқы орта факторларына: температура, ылғал,жарық, қоректік заттар, т.б жатады. Жануарлар мен өсімдіктердің жеке дамуы барысында морфологиялық, физиологиялық, анатомиялық, биохимиялық және басқа да ерекшеліктерінің өзгеретіні байқалады. Мысалы, француз ботанигі Боннье 120 түрге жататын өсімдіктерді алып, оларға тәжірибе жүргізген.Өсімдіктің әрбір талын алып, оны теңдей етіп, екіге бөлген. Бір жартысын ауа райы жылы, өсіруге қолайлы Париж ботаника бағына отырғызады, ал екінші жартысын таудың басына суық жерге егеді. Тәжіребиелердің қорытындысы мынадай болады.
Парижде отырғызылған жер алмұртының бойы биік болып, таудағысының сабағы қысқарып, жерге жабысып өседі. Ал осы екі географиялық аймақта өскен өсімдіктің тұқымын алып бірдей үлескіге отырғызғанда, олардың фенотипі (сабағының биіктігі) ата-анасының фенотипінің өзгешелігіне қарамай, бірдей
болады. Демек, бұл сыртқы орта факторларының әсерінен өсімдіктің фенотипі өзгергенімен, оның генотипінің өзгермейтінін көрсетеді.Модификациялық өзгергіштіктің бір ерекшелігі осында. Өздеріне белгілі картоп өсімдігін алайық. Ол вегетативті жолмен көбейеді. Барлық өсімдіктердің генотипі бірдей. Бір үлескіде бір түйнектен өсіп шыққанкартоптың барлығы бірдей бола ма? Көп өсімдіктер бір-бірінен бойының биіктігі, түйнектерінің саны, т.б қасиеттері жағынан әр түрлі болады. Бұл тұқымның себу мерзіміне, қоректік ортаға, тыңайтқыштардың түріне, суғару уақытына байланысты.Организмдерде белгілердің дамуын анықтайтын басты фактор - генотип.Бірақ белгілердің көріну дәрежесі сыртқы орта факторларына байланысты. Бір организмнің түрлі белгілерінің сыртқы орта факторларының әсерінен өзгеру дәрежесі де әр түрлі болады.Солтүстік облыста тұратын адамдар еліміздің оңтүстігіндегі демалыс орындарына барып тынығып, күнге қыздырынады. Тынығушылардың терісінің түсі
қою қоңыр, екіншісі қола түсті қоңыр, үшіншісінікі қызарып қана қояды. Бұл адам генотипінің меланин пигментінен қанша мөлшерде синтездеуіне байланыстыекеніне және организм белгілерінің қалыптасуына гендер мен сыртқы орта факторларының ортақ әсерінен болатынын көрсетеді. Мысалы, жепшөпті мол беріп, қораны жылы ұстап, уақтылы суарып, күтіп бақса, ірі қара мал сүтті мол береді. Осымен қатар оның еттілігі де ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Генетикалық өзгергіштік түсінігі
Генетикалық өзгергіштік
Тұқым қуалайтын өзгергіштік
Гетерогенді және өзгермелі ортадағы сұрыптау туралы ақпарат
Өзгергіштік, оның себептері мен зерттеу әдістері
Микроағзалардың генетикасы. инфекция және иммунитет жайлы ілім. аллергия
Хромосомалық аберрациялар
Дарвинизм және эволюциялық биологияның қалыптасуы
Эволюциялық идеяның туылуы
Табиғаттағы түрлердің өзгергіштігі
Пәндер