Ғимараттарды жер сілкінісінен қорғау тәсілдері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

бет
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ..
1. АЛИНҰР ЖШС ЖАЙЛЫ жалпы мәліметтер ЖӘНЕ ЖЕР СІЛКІНГЕНДЕ
ҒИМАРАТТАРДЫҢ БЕРІКТІГІН АРТТЫРУ
ШАРАЛАРЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ..
1.1. Өндірістік жұмыс сипаттамасы
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.2. Экологиялық қызметінің ұйымдастыру жүйесі
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ...
1.3. Жер сілкінгенде құтқару-қалпына келтіру
жұмыстары ... ... ... ... ... ... . ... .
1.4. Ғимараттарды жер сілкінгеннен қорғау
тәсілдері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ..
1.5. Жер сілкінісі күшінің ғимараттар мен құрылыстардың биіктігіне
әсері...
1.6. Құрылыс-монтаж жұмыстарының сапасын бақылау
... ... ... ... ... ... ... ... ..
1.7. Жер сілкінгенде ғимараттарға түсетін жүктеме күшін есептеу
... ... ... ...
2. ЖЕР СІЛКІНУ КЕЗІНДЕ ӨНЕРКӘСӘПТІҢ ҚҰТҚАРУ
ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ
ТАКТИКАСЫ ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ...
...
2.1. Жер сілкінісінің сипаттамасы ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ...
2.2. Жер сілкінінісі кезіндегі құтқару жұмыстары
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ...
2.3. Жер сілкінісі кезіндегі барлау
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ...
..
2.4. Жер сілкінісі кезіндегі зардап шеккендерге алғашқы медициналық
көмек
көрсету ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... .. ...
2.5. Адамдармен техникаларды санитарлық тазалықтан өткізу және
аймақты
залалсыздандыру
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ...
3. ӘКІМШІЛІК ҒИМАРАТЫНЫҢ ЖЕР СІЛКІНІСІНЕ
ТҰРАҚТЫЛЫҒЫН
АРТТЫРУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ...
3.1. Ғимараттардың қабырғаларының жер сілкінісінен зардаптануын
есептеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ...
3.2. Қабырғалардың көлденең қысымға беріктігін есептеу
... ... ... ... ... ... ... ...
3.3. Қабырғаларды темір құрсаумен қаптауды есептеу
... ... ... ... ... ... ... ... .. ...
ҚОРТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ..
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ...

1. АЛИНҰР ЖШС ЖАЙЛЫ жалпы мәліметтер ЖӘНЕ ЖЕР СІЛКІНГЕНДЕ
ҒИМАРАТТАРДЫҢ БЕРІКТІГІН АРТТЫРУ ШАРАЛАРЫ

1.1 Өндірістік жұмыс сипаттамасы

Алинұр ЖШС-ігі Жамбыл облысы, Байзақ ауданында орналасқан.
Кәсіпорын үш өндірістік алаңнан тұрады:
- № 1 өндірістік алаң (өндірістік база) негізгі өндірістік баз;
- № 2 өндірістік алаң (материалды-техникалық база);
- № 3 өндірістік алаң (тазалау құрылғылары (БТС);
Аталған бағдарлама өндірістік мониторинг жүргізу үшін құралған және
кәсіпорынның шаруашылық әрекетінің нәтижесінде қоршаған орта жағдайына әсер
етуін талдау және бағалау, өндірістік бақылау жүргізуге бағытталған.
Алинұр ЖШС-і шығаратын өнім құрамы бойынша көп салалы кәсіпорын болып
табылады. Кәсіпорынның негізгі әрекеті ас спирті мен арақ өндірумен
байланысты. Сондай-ақ, кәсіпорын жемістер мен көкөніс өңдеумен, шырындар
мен сусындар өндірумен, оған қоса халық тұтынатын заттар (пластмассадан
жасалған заттар, шиша банкалар қақпағы) шығарумен айналысады.
Негізгі өндірістен бөлек резина өндіретін цех, таралы цех, механикалық
цех, баспалы цех, бетон даярлайтын алаң, отын цехы, автогараж, кілегей
өндіретін цех және басқа қосалқы цехтар мен алаңдар бар.
Крахмалды шикізаттан этил спиртін өндіру. Зауытқа келіп түсетін дән
өңдеуден өтіп (сепараторда тазалаудан өтіп балғалы ұнтақталады) пісіру
бағандарына пісуге келіп түседі. Бұдан әрі пісірілген сұйықтық жәшікті
(арла үшін) және ағынды (тары үшін) типті жармалы жүйектерде өсірілген
жарма ферменттеріндегі қантпен араласады.
Қантпен араласқан сұйықтық ашыту ыдыстарына ашу үшін түсіп, онда 3
тәулік бойы ашып жатады. Ашып болғаннан кейін ашыту ректификациялық
құрылғыға түсіп, одан этил спирті алынады. Дайын спирт сақтағышқа беріліп,
сонда сақталады.
Томат шырынын өндіру технологиясы. Қызанақтар сұрыптау мен алғашқы
өңдеуден өткеннен кейін ұсақталу мен сызылу үшін сығу машинасына түседі.
Одан кейін томатты сұйықтық стериализация мен гомогенизациядан өтеді.
Алынған томат шырыны құю желісіне беріледі, одан әрі бөтелкелерде
пастеризация мен автоклавтан өтеді. Пастеризациядан кейін дайын томат
шырыны жүк тасушы машинкасымен дайын өнімдер қоймасына жіберіледі.
Металлды заттар өндірісі. Металл қақпақ, кронен тығын, алюминийлі
қақпашық қаңылтырдан жасалады. Қаңылтыр лактаудың 3 сатысынан өтеді
(топырақтық, түсті және қорғаныш қабаты лакы). Лактанған қаңылтыр
гильотикада логотип бойынша кесіледі. Әрі қарай, кесілгеннен кейін белгілі
бір өнім дайындау үшін пресске басуға беріледі. Дайын өнім қораптар мен
қағаз қапталарға оранып дайын өнім қоймасына жөнелтіледі. Пластмассадан
жасалған заттар өндірісінің технологиясы. Сұрыпталып алынған пленка
ұсақталып, боялады. Гранулятор бункеріне шикізат салынып, тығыздауы үшін
оны грануляциялауды жүргізеді. Содан кейін алынған гранулаларды термопласт
автоматтарына салып, жартылай автоматты жұмыс режимінде тауардың престелуі
жүргізіледі.
Дайын өнімдер контейнерлерге салынып, кейін өнім қоймасына жөнелтіледі.
Кілегей өндірісі. Ұн сумен біртекті паста түріндегі қойыртпаққа дейін
араластырылады. Содан кейін ол жоғары қысымды насосқа кілегей бөлшектерінің
суды сіңіруі үшін айдалады. Әрі қарай пайда болған суспензияны кілегей мен
крахмалға бөлу процесі жүргізіледі. Кілегей кептіріліп, тараптылуға
беріледі.
Мал азығын өнімдерін өндіру. Мал азығы өнімдерін өндіруде негізгі
технологиялық үрдіске барданы фугаттау, барданы бұқтыру, кептіру және
азықтық өнімдерді гранулалау жатады.
Фугаттау секциясына жіберілетін жартылай сұйық немесе ылғалды жмых;
кептіру секциясына жіберілетін жартылай сұйық немесе тұндырылған барда;
сироп тектес күйге дейінгі қанықтырылған сұйық немесе ылғалды жмых.
Ылғалды жмых пен сироп араластырылып, кептіру секциясында кептіріледі.
Ылғалды жмых тұндырылған барданың сепарациясы барабан типті төрт
горизонтальды детантаторлар көмегімен іске асырылады.
Бұқтыру секциясының міндеті – тұндырылған барда құрамындағы құрғақ
заттардың мөлшерін 30-35 % дейін арттыру.
Сироп жмых пен араластырылып, гранулаланған өнім алу тынық бөлігі
технологиялық үрдіске қайтарылады, ал қалған бөлігі ақаба сулар
канализациясына тасталады.

1.2. Экологиялық қызметінің ұйымдастыру жүйесі

Кәсіпорын экологиялық қызметінің ұйымдастыру-функционалды құрылымы
сұлбада келтірілген қоршаған ортаны қорғау жұмыстарымен кәсіпорын экологы
айналысады. Жалпы басшылықты бас инженер жүргізеді.
Алинұр ЖШС-де еңбекті қорғауды ұйымдастыру негізінде жүйелі түрде
мекемедегі жұмыскерлердің еңбек өнімділігі жоғары болуын жәнеде қауіпсіз,
адамдардың денсаулығына зиян келмейтін жағдай жасау болып табылады. Сол
себептен барлық жұмыс орындарында автоматтандырылған жүйені енгізу,
қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ол үшін қосымша осы
саладағы жоғары кәсіби мамандығы бар инженер қабылдау керек.
Автоматтанған жұмыс орындары, орталық информациялы-аналитикалық
ортамен байланысады, еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қажетті
сұрақтармен, инструкциялармен, қаулы және заңдармен толықтырылады.

Кәсіпорын экологиялық қызметінің ұйымдастыру-функциональды құрылымының
сұлбасы (сурет 1.1.)

Сурет 1. 1 – Кәсіпорынның экологиялық қызметін ұйымдастыру жүйесі

Өндірістегі еңбекті қорғау басқармасы төмендегідей мәселелерді шешуден
басталады:
• жұмыскерлерді техника қауіпсіздігі мен еңбек қорғау сұрақтарымен
оқыту;
• өндірістегі құрал жабдықтармен жұмыс орындаудың қауіпсіздігін үйрету;
• өндірістік процестерімен технологиялардың қауіпсіздігін қамтамасыз
ету;
• ғимараттар мен құрылымдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
• жұмыс орындарында санитарлық – гигиеналық жағдайларды жақсарту;
• жұмыскерлерді жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыздау;
• жұмыс істеу режимдері мен демалуды оптималдау;
• жұмыскерлерге емдеу-профилактикалық қызметтерін ұйымдастыру;
• қызметкерлердің санитарлық тұрмыстық жағдайын жақсарту;
• кейбір арнайы мамандықтарға кәсіби дәрежесі жоғары жұмысшыларды
таңдау.
Өндірістегі еңбекті қорғауды басқару үшін қажетті жұмыстар:
• еңбекті қорғау жұмыстарын жоспарлау;
• еңбекті қорғау бағытындағы жұмыстарды ұйымдастыру және
координациялау;
• еңбекті қорғау жұмыстарын есептеу және сараптама жасап отыру, оны
қорғауды функционалды жүйемен басқару;
• еңбекті қорғау жүйесін бақылау;
• еңбекті қорғауды жетілдіруді ынталандыру.
Осы мекемедегі еңбекті қорғаудың негізгі міндеті – жұмыскерлердің
жарақаттануы мен ауру – сырқауға ұшырауын болдырмау жәнеде өндірістегі
еңбек өнімділігін арттыру.
Алинұр ЖШС-де жұмысшылар мен инженерлердің ден-саулығын жақсарту,
оларға қосымша ақы төлеу туралы жағдай жасалуда және бұйрықтар шығарылуда.
Мекеме бас инженерінің бұйрығымен зиянды өндіріс орындарында істейтіндерге
сүт , тәулігіне бір рет тегін тамақ беріледі.
Алинұр ЖШС-де еңбек қауіпсіздігі мен техника қауіпсіздігінің
орындалуын бақылау, ережелер мен нормалардың сақталуы әрбір жұмысшымен,
техникалық қызметкерлермен, инженерлер, лаборанттармен өткізіледі. Ол
талаптардың дұрыс орындалуына әр цехтағы техника қауіпсіздігі инженері
жауап береді. Айына бір рет Техника қауіпсіздігі күні жүргізіледі,
олардың нәтижесі коллектив алдында талқыланады. Қабылданған шешім
хаттамамен бекітіліп цех бастығы немесе бас инженермен бекітіледі,
орындалуы қадағаланады.
Еңбек қорғау шаралары өндіріс көлемінде бас инженерге, цехтар мен
өндіріс көлемінде бас инженерге, цехтар мен өндіріс орындарында олардың
басшыларымен жүргізіледі.
Шараларды іске асыруа еңбек қорғау инженерлері үлкен жұмыс атқарады. Оны
төмендегі кесте 1.1. көруге болады.

Кесте 1.1. Еңбек және техника қауіпсіздігі шаралары (2016ж.)

№ ЕҚ және ТҚ шаралары Бөлінген
рс қаржылар, тг.
1 Еңбек қорғау шаралары
Санитарлық-шаруашылық бөлмені жөндеу. 50 мың тенге.
Қызметкерлерді сүтпен қамтамасыздау. 31,0 мың тенге.
Медициналық аптечкалар сатып алу. 18,0 мың тенге.
Арнайы киімдер мен жеке қорғау құралдары. 285,0 мың тенге.
Дезинфекция және тазалау заттар алу. 19,0 мың тенге.
2 Қажетті нормативті құжаттар, бұйрықтар, құсқаулар
2.1. Жауапты адамдарды тағайындау. №4 Бұйрық
6.01.2006ж.
2.2. Шараларды мемлекеттік инспекцияда бекіту. №146 Бұйрық
1.04.2006ж.
2.3. Арнайы сертификаттармен киімдер, құрал жаб- №28 Бұйрық
дықтар алу. 6.06.2006ж.
Комиссия құрамымен оларды қоймаға тапсыру. №192 Бұйрық
2.5. Жарамсыз арнайы киімдерді жою (списание). 20.12.2006ж.
3 Мамандарды дайындау және қайта дайындау
3.1. Электрослесарлер – 4 адам.
3.2. Технологтар – 6 адам.
3.3. Инженерлер – 7 адам.
3.4. Слесарлар – 8 адам.
3.5. Сорттаушылар – 7 адам.
3.6. Қайнатушылар – 8 адам.
3.7. Әртүрлі жұмысшылар – 14 адам.
4 Мемлекттік органдардан тексерулер жүргізілген
3.1. Облыстық инспекциядан. 12.02.2006ж.
3.2. Санитарлық-эпидемиологиялық станциядан. 18.04.2006ж.
3.3. Облыстық қоршаған ортаны қорғау басқармасы. 25.06.2006ж.
3.4. Өрт сөндіру департаменті. 20.04.2006ж.
2.09.2006ж.
9.11.2006ж.

1.3. Жер сілкінгенде құтқару –қалпына келтіру жұмыстары

Жер сілкінгенде құтқару және қалпына келтіру жұмыстары тез арада
орындалуы және төменгі шарттар орындалуы керек: мүмкіндігінше бу жұмыстар
түрі аз, жарақаттанған ғимарат конструкцияларын көбірек пайдалану, қалпына
келтіруде механизмдер мен техниканы жоғары деңгейде қолдану, заводтардан
жасалып шыққан элементтерді пайдалану, ұйымдастыру және жоспарлау
жұмыстарына жоғары талап қойып жер сілкініс зарядтарын жоюға бағытталу
қажет.
АЛИНҰР ЖШС-де жер сілкінісінен кейін зарядталған ғимараттарды,
үйлерді, құрылымдарды әрі қарай адамдардың пайдалану үшін оларды жөндеу,
қалпына келтіру және беріктігін арттыру жұмыстары төмендегідей ретпен
орындалады:
1. Ғимаратпен құрылымдардың тек сыртқы бұзылған жерлерін ғана жөндеп,
ішкі негізгі элементтерді зақымданған жерлерін қалпына келтіріледі.
2. Құрылымдардың негізгі элементтері мен конструкцияларын жөндеп
немесе ауыстырып бастапқы қалпына келтіріледі.
3. Қалпына келтіру жұмыстарын жүргізгенде жобада жоқ қосымша шаралар
қолданып, талаптарға сәйкес болатындай етіп жақсартып, жер сілкінісіне
төтеп бере алатындай дәрежеге дейін жұмыстар жүргізу.
Құтқару-қалпына келтіру жұмыстарының жүйесі сурет 3.1. келтірілген.
Жеке ғимараттар мен объектілер үшін жер сілкіну нәтижесінде болатын
зардаптарды жою жұмыстары төменгі ретпен орындалады: құрылымдардың сыртқы
және ішкі элементтерін тұрақтылығын қамтамасыз ететін шешімдер қолдану,
соның нәтижесінде олардың жер сілкінісіне беріктігі бастапқы жағдайдан арту
қажет.
Қалпына келтіру және құрылымдардың беріктілігін арттыруда үлкен роль
жер сілкінуге қарсы тура алатын конструкцияларға мән берілген жөн.
сейсмикалық картада көрсетілгендей дәрежедегі сілкініс баллға шыдайтындай
құрылымдар, үйлер, ғимараттар салынуы керек. Конструкциялық шаралар сонымен
қатар оданда үлкен жер сілкінісіне төтеп бере алатын, оның сыртқы, ішкі
геометриялық формаларын өзгертпейтін болғаны жөн. Ең бірінші конструктивті
жер сілкіну шаралары қабырғаларды қалағанда, колонналар, плиталар,
балкаларды бір-біріне бекіткенде, жер сілкінісіне қарсы белдеулер құйғанда,
ғимараттардың қабаттарын таңдағанда, ені мен ұзындығын қабылдағанда
ескеріледі.
Қалпына келтіру жұмыстарын жүргізгенде ғимараттардың соғылған кезі,
оның ескіруін, қалған жұмыс атқару мерзімі де есекріледі. Үлкен ғимараттар
жаңа конструкциялар элементтері қолданған болса, оларды талаптарға сәйкес
дәрежеге дейін қалпына келтіріледі, егер олар жергілікті материалдардан
соғылған болса және бір-екі қабаттары аспаса онда оларды қайта соқпай,
бұзып жаңадан соққан тиімді.
Ғимараттар мен құрылымдарды қалпына келтіру жұмыстарын жүргізгенде
технико-экономикалық негіздеусіз орындалады. Ондай жұмыстарды жүргізуге
қазіргі кезде нормативтік құжаттар жоқ, техникалық ерекшеліктері мен
экономикалық қажеттілігі ескерілмейді.
АЛИНҰР ЖШС-де құтқару және қалпына келтіру жұмыстарының негізгі
мақсаты ғимараттар мен құрылымдардың бұзылған және зақымданған элементтерін
күшейтіп, беріктігін арттырып нормативті есептеу талаптары деңгейіне дейін
жеткізу.
Құрылымдарды қалпына келтіру тәсілін таңдау оның міндетіне, зақымдану
дәрежесіне, қызмет ету мерзіміне, жер сілкінудің қайталануына және
дәрежесіне байланысты.
Қалпына келтіру жұмысының қаржы көлемін есептегенде, оның жаңадан
салуымен салыстырылып, қай нұсқаның тиімділігі анықталады.

1.4. Ғимараттарды жер сілкінісінен қорғау тәсілдері

Алинұр ЖШС-де жер сілкінісінен келген зиянды қайтадан қалпына
келтіруде әр жағдайдың ерекшелігін ескеріп оның таңдау тәсілдері мен жөндеу
жүйелері де басқаша болады, негізгі элементтер мен конструкциялардың зардап
деңгейіне, құрылыс материалдардың түрлеріне оның физика-механикалық
қасиетіне, жұмысты ұйымдастыру мүмкіншілігіне, технико-экономикалық есебіне
байланысты таңдалады.
Құтқару және қалпына келтіру жұмыстары ғимараттар мен құрылымдардың
беріктігін арттыру, элементтер арасындағы байланыстықты нығайту, жер
сілкінгенде төтенше салмақтарға шыдамдылығын жоғарылату болып табылады.
Қабырғалардың, колонналар, аралық балкалардың беріктігін, қасиетін анықтау
арқылы олардың болашақта пайдалануға жарайтынын немесе жарамайтыны
шешіледі. Ол шешімдер объектілерді инженерлік бақылау жүргізгеннен кейін,
есептеулер мен конструкциялармен материалдың нағыз беріктілігі анықталады.
Құрылыс материалдарының физика-механикалық қасиеттері арнайы зерттеу
зертханаларында озық тәсілдермен бақыланып, аз шығындармен бастапқы қалпына
келтіру шаралары жасалынады. Сынған немесе бұзылған құрылыс элементтерінен
сынақ қалыптары анықталып стандарттық нормалармен салыстырылады.
Беріктігін арттыру немесе күшейту тәсілдерін таңдағанда төменгі
көрсеткіштер ескеріледі:
-аз жұмыс көлемі, бар құрылыс конструкцияларын барынша молырақ
пайдалану;
-өңдеу, сынақ жұмыстары аз болатын болу керек, себебі олар қымбат әрі
көп адам қолын қажет етеді;
-механизациялануды жоғары деңгейде қолданып, озық технологияны
пайдалану қажет;
-жұмыс тоқтаусыз және тез орындалуы керек.
Құрылыстарды қалпына келтіру тәсілдері, жер сілкіну зардаптары
әсерінен болған, үш түрге (тип) бөлінеді:
Түр 1. Барлық конструктивті элементтерді жөндеу түріне байланысты
біріктіру- қабырғалар, колонналар, ригельдер, блоктар, жабу плиталары т.б.
Түр 2. Ғимараттар мен құрылыстардың қалпына келтіру әдістері бойынша
біріктіру- қабырғалардың қосылу бұрыштары, темір бетон колонкалардың
плиталармен қосылу жерлері, ригельдердің түйіскен жері және т.б.
Түрі 3. Қалпына келтіру жұмыстарын жүргізгенде жаңадан салынған
конструкциялар мен элементтерге негізгі түсетін салмақ пен күштерді салу,
ал ескілеріне салмақты аз түсіруге тырысады.
Төтенше жағдай болғанда, оның ішінде жер сілкінісі, оның таралу
аймағы, қирау ошағы, даму жылдамдығы, қирау түрі 2.2. суретте келтірілген.
Қалпына келтіру тәсілін таңдағанда шығынды көп талап етпейтін,
ғимараттардың сақталған элементтері мен конструкцияларын мүмкіндігінше көп
пайдалану негізгі емес элементтерді ғана ауыстыру және жөндеу.
Алинұр ЖШС-де ғимараттардың кейбір бөліктерін күшейту үшін темір
құрсаулар қолданады. Кеңістікте құрылымдардың беріктігін күшейту үшін
бірнеше тәсіл қолдануы мүмкін. Оның біреуі қабырғалардың беріктігін
арттырса, екіншісі тіке колонналарды күшейтеді, үшіншісі- тік және көлденең
элементтерді бір-бірімен байланыстырады.
Жер сілкінген аймақтағы зақымданған конструкциялардың түрлеріне
байланысты олар әртүрлі болуы мүмкін (сурет 2.2., 2.3.).

Сурет 1.2 – Көп қабатты ғимаратты темір-сыммен тартып бекіту тәсілі

2.3. суретте көп қабатты ғимаратты темір-бетон рамкалармен тарту тәсілі
көрсетілген. Лодже плиталары сынып құлап түспеуі үшін олардың астын темір
ригольмен бекітеді, қабырғаларды темір сыммен қатты тартады.

Сурет 1.3 – Ғимараттарды беріктілігін арттыру үшін алдын ала
сым тартпалармен бекіту

1-колонна; 2-ригель; 3-қаланған заттарды ұстастыратын темір;
4-темір тартпа; 5- тартатын муфта.

Жер сілкінісі күшіне байланысты, зақымдану деңгейіне, қажетті құтқару
және қалпына келтіру жұмыстары түріне, конструкциялық шешім түріне қарай
темір бетон колонкаларды күшейту тәсілдері де әр-түрлі болады (сурет 1.4.).


Сурет 1.4 – Темір бетон колонкасының жер сілкіну төзімділігін
арттыру тәсілі

а-темірмен қаптау; б- екі жақтан жинау кезінде бекіту;
в-құю кезінде ортасына темір-арматура салу;
1-күшейтілетін колонна; 2- тік темір қалқа;
3-қаптау колонкалары; 4- арматурамен колонканың ортасындағы
төсеніш; 5-бұрышты темір; 6-монтажды болт;
7-қосылу пленкалары; 8- бекіту болты; 9-иілу жеріндегі пленка;
10-майысатын жердегі пленка; 11-бекітетін пленка; 12-тіреу
бұрыштама темір.

1.5. Жер сілкінісі күшінің ғимараттар мен құрылыстардың
биіктігіне әсері

Алинұр ЖШС-де жер сілкінісі кезінде ғимараттар мен құрылыстарға жер
сілкіну кезінде түсетін күш әртүрлі бағытта болуы мүмкін. Олардың биіктігі,
жер сілкіну аймағына байланысты өзгеріп отыру керек, яғни бекітілген
нормалардан аспағаны жөн.
Біздің Республикада қабылданған СНиП РК В.1.2.-4-98 үйлер мен
ғимараттардың биіктігі кесте 2.1. келтірілген өлшемнен артпауы керек.

Кесте 2.1.- Жер сілкіну күйіне байланысты ғимараттардың шектеулі
биіктігі және қабаттар саны

№ Ғимарат конструкцияларының Биіктігі (м) және қабаттар саны
түрлері
Жер сілкіну баллдары
7 8 9 10
1. Негізгі қаңқалары құрыш 60-100 42-50 32 16
сымдармен тартылған, жеңіл 16-30 12-15 9 4
бетонмен жасалған.
2. Тұтас құйылған, темір 50 40 32 13
бетоннан қаңқаланған, 16 12 9 3
тіреулері бір-бірімен
бекітілген
3. Сыртқы қаңқалары тұтас 32 25 19 13
құйылған, орталары кірпішпен 9 7 5 3
қаланған.
4. Қабырғалары кешенді 21 19 16 4
кон-струкциямен жиналған, 6 5 4 1
қабырға-лары тас-кірпішпен
қаланған.
5. Қабырғалары кірпіштен немесе 16 13 8 -
тастан қаланған үйлер 4 3 2
6. Қабырғалары ағаштан, ортасы 13 8 8 -
қыштармен қосылған. 3 2 2
7. Қабырғалары жергілікті лайдан3 3 3 -
құйылған. 1 1 1

1.6 Құрылыс-монтаж жұмыстарының сапасын бақылау

Алинұр ЖШС-де жер сілкіну кезінде құрылыс-монтаж жұмыстарының
сапасының мәні зор. Бұл жұмыстардың сапасыз орындалыуы көптеген шығындармен
қоса адам өліміне де әкеліп соғуы мүмкін. Көптеген жағдайларда құрылыс-
монтаж жұмыстарының сапасын жақсартуды талап етеді.
Темір бетон конструкцияларының кемшіліктерін екі топқа бөлуге болады.
Бірінші топтағы кемшіліктерге оларды құйған кезде беттерінің тегіс
болмауы, шұңқырлар, ойыстар, ағып кетулер болады.
Екінші топтағы кемшіліктерге терең тесіктер немесе қуыстар, жарықтар,
жобаланған шамалар сақталмауы, сапасыз бетонан жасалуы, дұрыс
тығызданбауынан, сапалы қатпауы, уақтылы кептірілмеуі кездеседі.
Бірінші топтағы кемшіліктерді бетін тазалау, немесе қосымша бетон құю,
тегістеу арқылы жоюға болады. Екінші топтағы кемшіліктерді тек қана
жобалау, бағалау мекемелермен келісіп барып жөндеуге болады.
Үлкен тесіктерді, қуыстарды жөндегенде толтыратын заттардың ірілігі 20
мм аспауы керек, цементтің маркасы М 400 немесе М 500 кем болмағаны жөн.
Қолданылатын бетон маркасы бұрынғы бетоннан жоғары болу керек.
Сваркіленіп қосылған жерлерді тұрақты түрде бақылап тексеруден өткізіп
отырады, механикалық сынақтар жасалады. Егерде 10 нүктеден 3 жерде сапасыз
сваркіленген жұмысты тоқтатып, оның себебін анықтамай жалғастырмайды. Ол
кемшілігі жіберген сваршик жұмыстан босатылып, қайта 2-3 санақтан өтеді.
Сваркіленген заттың беріктігі бұрынғы заттардан 15-20% артық болуы керек.
Темір бетон конструцияларын сваркілегенде оның мөлшері +5 мм-ден аспау
қажет. Құрылыста қолданылатын бетон қоспаларына, тасымалдауына, төсегенде
төмендегідей талап қойылады:
-бетон ертіндісін дайындағаннан төсегенге дейінгі уақыт өте қысқа болу
керек;
-бетондарды арнайы бетон таситын қондырғыларды тасиды;
-құяр алдында опалубкалардың сапасын тексереді;
-құйылатын алаңмен жердің арасы алдын ала ылғандандырады;
-бетонды қараңғы, жабық жерде дайындайды.
Күн ыстық не жаңбырлы болса бетонның беткі қабаты термоылғалдық күтімді
қажет етеді. Оның дұрыс қатаюы үшін бір қалыпты температура және ылғалдық
қажет.
Бетон біркелкі қатаюы үшін оның беткі қабаты брезентпен, қаппен,
щиттермен, салафан қалталармен және т.б. жабуға болады. Кейде бетіне ірі (4-
5см) құм, опилка, топырақ, салуға да болады. Ыстық күндері беті жарылмау
үшін оған су құйып тұрады, әсіресе азанда және кеміне бір-бір рет құю
керек.
Оның беріктігі опалубканы алғанан кейін 12-14 сағатан соң, сосын 3,7
және 28 күнен кейін анықтайды. Жобадағы көрсетілген беріктіліктен 2-5%
ауытқымауы керек.
Бетонды құйғанда опалубка ішінде ескі бетонның беті қатып қалмауы
керек, себебі келесі құйылған бетонмен байланысы нашарлап бір-біріне жақсы
жабыспайды, содан заттар беріктілігі төмендейді. Осының салдарынан
плиталардың, колонка, балкалардың бұзылуына әкеліп соғады. Сондай
кемшіліктер түрі 2.5. суретте келтірілген.

Сурет 1.5 – Сапасыз бекітілген бетон құрылыс материалдары

а-ригель мен колонканың қосылған жері;
б-жабу плиталарының қосылған жері.
Ғимараттар мен құрылымдар қабырғасы блоктардан немесе кірпіштен
қаланғанда беріктіліктің негізгі себебі оларды байланыстыратын топырақ
ертіндісінің сапасына байланысты.
Сейсмикалық қауіпті аймақта үйлердің, ғимараттардың қабырғаларын
көтергенде кірпіш пен керамзит блоктарын алдын-ала суға батырып алу керек.
Қалаудың алдында олардың жан-жағын тазалап, тегістеп, технологиялық
кемшіліктерін жояды. Кірпіштердің беткі қабаты лас болса олардың бір-
бірімен ұстау дәрежесі төмендейді.
Кірпіштен қаланған кезде олардың жобадағы шамаларынан ауытқымауын,
қалыңдығы, ұзындығы мен биіктігін бақылаған жөн. Олардың рұқсат етілген
шектеулері 2.2. кестеде келтірілген.

Кесте 1.2.- Жобада көрсетілген мөлшерден ауытқу шамасы, мм

№ Қабырға материалдары
рсКөрсеткіштер
кірпіш блоктар
керамзит күл
1 Қалыңдығы +10 +15 +15
2 Ені -15 -20 -20
3 Қуыстылығы -5 -5 -5
4 Қабырғаның ауытқуы -15 -20 -20
5 Терезе орны 10 20 10
6 Конструциялардың 10 10 10
ауытқуы
7 Қалау бұрыштары 10 10 10
8 Көлденең қалуда 15 10 20
9 Штукатурка түзулігі 5 20 5
10 Штукатурка қалыңдығы 3 2 2

1.7 Жер сілкінгенде ғимараттарға түсетін жүктеме күшті есептеу

Алинұр ЖШС-де жер сілкінісі кезінде соғылған құрылымдар мен
ғимараттарға түсетін жүктеме күштің шамасы болатын сілкіністің қуаттылығына
байланысты. Жер сілкінісі күшін Қазақстан Республикасының аудандастырылған
жер сілкінісі картасынды келтірілген [ 5,7 ].
СНиП РК В.1.2-4-98-сәйкес жер сілкіну кезіндегі ғимараттарға түсетін
күшті есептеу төмендегі формуламен анықталады:
Sік=К1 ·К2 ·К3 ·Sок, (1.1)
мұнда: К1-ғимараттардың жауапкершілік деңгейін ескеретін
коэффициент, ол сол нормадағы 3.2. кестеден
алынады;
К2-ғимараттың кострукциясына байланысты қабылданатын
коэффициент, олда сол 2.2. кестеден алынады.
К3-құрылым мен ғимараттың биіктігін ескеретін коэффициент.
К3=1+0,06(P-S), 1К32,
(1.2)
мұнда: Р-этаждар саны;
Sок-жер сілкіну жүктемесі.
Sок=Qк ·А·(і· Кх ·к ,
(1.3)
мұнда: Qк-ғимараттың салмағы;
А-жер сілкіну дәрежесін ескеретін коэффициент;
7 балл=0,125; 8балл-0,25; 9балл-0,5; 10балл-1,0
тең болады.
і-динамикалық коэффициент, жер сілкіну дәрежесіне
байланысты;
Кх- конструкцияның беріктілігін ескеретін коэффициент,
1.3. кестемен анықталады;
к-ғимараттың жер сілкінгенде тербелісін ескеретін
коэффициент.

Кесте 1.3. -Топырақ категорясына байланысты і мен Кх мәндері

Топырақ Теңселу амплитудасы Коэффициент мәні
категориясы
0-0,48 сек 2,5
І
0,48-1,5 сек 1,25
1,5 сек 0,8
0-0,48 сек 2,0
ІІ
0,48-1,5 сек 1,2
1,5 сек 0,7
0-0,48 сек 0,8
ІІІ
0,48-1,5 сек 0,0
1,5 сек 0,6

Тербеліс амплитудасы төмендегі формуламен есептеледі:

Т=, (1.4)

мұнда: Н-ғимарат биіктігі, м;
В-ғимарат ені мен ұзындығы, м;
(- ғимараттың материал түрін ескеретін коэффициент;
кірпіш үйлер үшін: (= 1,0; ірі панелді үйлер
үшін: (=0,95;
(-топырақ түріне байланысты есептелетін коэффициенті.

(=45Rгр , (1.5)

мұнда: Rгр-топырақтың категориясына байланысты алынады.

к= (1.6)

мұнда: (Хj,Хк) және (Хj (Хj)- ғимараттың тербеліс кезіндегі ауытқу

ампитудалары;
Qj- ғимараттардың салмағы.
Ғимараттардың беріктілігі олардың ені мен ұзындығына байланысты
(кесте 1.4).

Кесте 1.4.- Ғимараттардың ені мен ұзындығының жер сілкіну дәрежесін
байланыстылығы.

Жер сілкіну Ғимарат ұзындығы мен ені, м
күші, балл
Топырақ категориясы
І ІІ ІІІ
7 80150 80150 8096
8 8096 8096 6072
9 6096 6072 6060
10 4545 4545 3636

2. ЖЕР СІЛКІНУ КЕЗІНДЕ ӨНЕРКӘСІПТІҢ ҚҰТҚАРУ

ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ТАКТИКАСЫ

2.1. Жер сілкінісінің сипаттамасы

Жер сілкінуі - бұл табиғи себептерден көбінесе техникалық, яғни жер
қыртысындағы процестен болған жер астындағы дүмпу және жер бетіндегі діріл.
Жер астынан дүмпу пайда болған алап - жер сілкіну ошағы ішінде көптен бері
жиналған энергияның ытқып шығу процесі өтетін жердің қалың бір аумағы болып
табылады. Қатты жер сілкінісі - табиғи, сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық
белгілері бойынша айрықша оқиға.
Жер сілкінісі, өзінің қарқыны бойынша, яғни жер бетінде білінуіне қарай
сейсмикалық МК·GН бағанасына сәйкес жер сілкіну 12 градацияға балға
бөлінеді. Әр жер сілкінгенде оның ошағынан орасан көп мөлшерде кинетикалық
энергия бөліп шығады.
Жер сілкіну әдетте өте кең аймақтарды қамтиды. Күшті жер сілкіну
болғанда қабаттың тұтастығы бұзылады, үйлер мен ғимараттар қирайды,
коммунальдық-энергетикалық желілер істен шығып қалады, адамдар құрбан
болады. Жер сілкіну қағида бойынша, пайда болған кезіне дейінде қашықтыққа
байланысты әрқилы қарқындағы көптеген дыбыстар шығарады. Жер сілкінісі
әсерінен электр желілер бұзылып, ағаш үйлер жанып кету қаупі бар.
Алинұр ЖШС-нің алып тұрған алаңы 12500 м2. Құрылыстың тұрақтылығы
90% құрайды. Объект В типтес ірі блокты және панель типтес ғимаратқа
жатады. Объект орналасқан жердің топырағы III топқа жатады, жер асты суы
100 м тереңдікте орналасқан. Жоспар бойынша объектіде жұмысшылар мен
қызметшілер саны 150. Оның 70% жұмысшылар, 30% қызметшілер құрайды.
Өнеркәсіпте объект басшысы, 2 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ғимараттардың қабырғаларының жер сілкінісінен зардаптануын есептеу
Дөңгелеу үйкеліс күші
Қазақстан елді мекеніндегі соның ішінде Алматы қасындағы сейсмикалық қауіптің жалпы жағдайы туралы және халықты, аумақты төтенше жағдайлардан, күшті жер сілкінісінен қорғау шаралары
Жерсілкінісіндегі құтқару жұмыстарын жүргізу ерекшеліктері
Жер сілкінісі кезіндегі қауіпсіздік ережелері
Жерсілкінісі кезіндегі құтқару жұмыстарын жүргізу ерекшеліктері
Жер сілкінісі, сел
Есептік-графикалық жұмыс
ҚР аумағында орын алатын табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар. Орман-дала өрттері
Күшті жер сілкінісі
Пәндер