Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілік қауіпсіздігі



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М.Х.ДУЛАТИ АТЫНДАҒЫ ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

СӨЖ
БІРІНШІ КУРС СТУДЕНТІНІҢ СЕМИНАРЫпәні бойынша
Тақырыбы:ӨМІР ТІШІЛІК ҚАУІПСІЗДІГІ ЖӘНЕ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ МАМАНДЫҒЫНЫҢ МАҚСАТЫ

Орындаған: Асу Алмасбек
1 курс білімгері
Факультет: Су шаруашылығы, экология және құрылыс факультеті
Мамандық: Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілік қауіпсіздігі
Тексерген оқытушы: Заурбекова Зинфира Асқарқызы
Бағасы:_______
_____________ 2016 ж.

Тараз, 2016
Мазмұны
Кіріспе
Негізгі бөлім:
1 Тіршілік қауіпсіздігі мамандығының мақсаты мен міндеттері
1.1 Тіршілік қауіпсіздігі пәнінің оқу бағдарламасыңдағы міндеттері
1.2 Тіршілік қауіпсіздігі мамандығының бакалавры
2 Табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар
2.1 Төтенше жағдай кезінде көрсетілетін алғашқы дәрігерлік көмек түрлері
2.1.2 Техногендік жағдайдағы төтенше жағдайды қалай түсінеміз?
2.2 Табиғи төтенше жағдайлардың болу сипаттағы себептері
2.3 Төтенше жағдайда халықты қорғау
3 Қауіпті өндірістік және тұрмыстық факторлар
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Адам -- мемлекеттің ең қымбат қазынасының бірі, ал оның өмірін сақтау мемлекеттік негізгі мақсаты. Оған дәлел адам мен оның өмірін қорғау еліміздің ата -- заңы конститутцияда 1-ші бапта берілгендігі. Сондай-ақ, конститутцияның 31 бабы, мемлекетті адамның өмір сүруі мен денсаулығына қолайлы орта жасау және қорғауды міндеттейді. Осыларға байланысты мемлекетімізде адам өмірін қорғау мәселелері бойынша бірнеше заңдар қабылданып, ережелер бекітілген. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы, Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы, "Азаматтық қорғаныс туралы","Авариялық-құтқару қызметі және құтқарушылардың мәртебесі туралы","Өрт қауіпсіздігі туралы","Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы","Терроризмге қарсы қүрес туралы","Халықтың радиациялық қауіпсіздігі туралы","Төтенше жағдай туралы","Соғыс жағдайы туралы", "ҚР қарулы күштер және қорғаныс туралы", "Мемлекеттің материалдық қоры туралы", "Еңбекті қорғау туралы" , "Халықтың санитарлық эпидемиалық саулығы туралы"және т.б. қабылдаған Заңдары мен ҚР өкіметінің 1999 жылы 27 сәуірдегі бекіткен Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар туралы агенттігінің ережесі мен Биотерроризмге қарсы эпидемиалық және профилактикалық жұмыстарды күшейту туралы ҚР денсаулық министрлігі, көлік және коммуникация министрлігі мен төтенше жағдай туралы агенттіктің біріккен бұйрығы және т.б.


Негізгі бөлім
1.Тіршілік қауіпсіздігі мамандығының жалпы мақсаттары мен міндеттері
Өмір тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау мамандығының мақсаты -- қауіпсіздік саласында жалпы біліктілікті көтеру, адамдардың ойлау қабілетін өмірдің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағыттау -- осылар барлық арнайы мамандықтардың қауіпсіздігінің ғылыми-әдістемелік іргесі болып саналады: -- қауіп-қатерді тани білу: оның түрін, болып жатқан жерін, мүмкін зардаптың, зиянның шамасын, қатер болу мүмкіншілігін және т.б.; -- болғалы тұрған қауіп-қатердің алдын алу; -- қауіп-қатер болғанда төтенше жағдай кезінде білікті іс-әрекет жасай білу.
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін 3 негізгі міндеттерді орындау керек. Нақты іс-әрекеттен болатын қауіп-қатерді талдау (идентификация). Талдау өмір сүру ортасының қауіп туғызатын элементін анықтау, қауіп тудыратын іс-әрекетті талдайтын адамдарға қойылатын талаптарды белгілеу үшін жүргізіледі. Адамды және өмір сүру ортасын қауіп-қатерден қорғаудың тиімді және сенімді шараларын әзірлеу. Қауіп-қатердің қорғау іс-әрекеттерінің қалдығынан қорғану шараларын әзірлеу, себебі толық қауіпсіздік орнатылуы мүмкін емес.
Адам іс-әрекеттің қауіпсіздігі-адамның іс-тіршілігі мен қауіп-қатер бір-бірімен кездеспейтін тұйық шеңбер -- әрине, адамнын іс-әрекетінің процесінде қауіп-қатер әр уакытта болғанымен, ылғи да бола бермейді. Ондай қауіп болуы үшін үш жағдай болуы керек. Қауіп нақты бар, адам қауіп-қатер аймағында, адамның қолындағы қорғану құралдары жеткіліксіз.Сонымен, қауіпсіздік-бұл іс-әрекет кезінде қауіптердің болмайтындығы айқын болған жағдай. Ол үшін үш негізгі міндетті атқару керек:
Бірінші міндет-нақты іс-әрекеттен болатын қауіп -- қатерді талдау (идентификация). Идентификация келесі ретте жүзеге асуы керек. Өмір сүру ортасының қауіп туғызатын элементін анықтау, қауіп тудыратын іс-әрекетті талдайтын адамдарға қойылатын талаптарды белгілеу. Содан кейін барып қауіптердің идентификациясы жүргізіледі.
Екінші міндет-адамды және өмір сүру ортасын табылған қауіп-қатерден қорғаудың тиімді әрі сенімді шараларын әзірлеу. Үшінші міндет-осы іс-әрекеттің тәуекелінің қалдығынан қорғану шараларын әзірлеу, себебі толық қауіпсіздік орнату мүмкін емес.Бұл шаралар қауіп -- қатер туындағанда, адамдарды және өмір сүру ортасын қорғау қажеттілігі болғанда қолданылады (зардап шеккендерге бірінші медициналык көмек көрсету, қоғамды қылмыс топтарынан қорғау, ғимараттарды, құрылыстарды бұзу, зардап шеккендерді көлік апатынан босату, ластанған аумақты тазалау тәрізді жұмыстар).
Үшінші міндет елімізде денсаулык сақтау, Мемлекеттік санитарлық, эпидемиялық бақылау, өрттен қорғау, полиция, прокурорлық бақылау органдары және т.б. жүзеге асырады. Қауіп-қатер-ортаның қуат жағдайымен, адамдардың іс-әрекетімен тығыз байланысты құбылыс. Ол белгілі бір жағдайда қоршаған ортаға үлкен залалын тигізуі және зардабын әкелуі мүмкін. Қауіп-қатер осы оқу курсының орталык өзекті түсінігі.

1.1 Тіршілік қауіпсіздігі пәнінің оқу бағдарламасыңдағы міндеттері
Оқу бағдарламасының міндеттері:
- қолайлы тіршілік жағдайын жасау, еңбек және қоршаған орта қауіпсіздігі төтенше жағдай кезінде қорғау туралы түсініктеме беру;
- төтенше және авариялық жағдайларды болдырмаудың, сонымен қатар олардың салдарын жоюдың әдістері мен тәсілдерін, құралын үйрету;
- нормативті-техникалық, нормативті-экологиялық, есептік және басқа да құжаттарды дайындауды үйрету;
- жұмыс орнының және қоршаған ортаны жағдайына сараптама және болжау жасау;
- өндірістік үрдістерді және құралдарды, құтқару жұмыстарын және техниканы, аварияның салдарын жоюды, зіл-залалар, экологиялық апатты регламенттеуші төтенше жағдай кезінде қорғау және қоршаған ортаны қорғау, еңбек қорғау бойынша нормалардың, ережелердің және стандарттардың сақталуын қадағалау біліктілігін арттыру;
- білім алушыларды метрология бойынша іс-шараларды орындау, бақылау және өлшеу құралдарының стандартизациясы, оларды түзету және тексеру, тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғаумен қамтамасыз ету бойынша іс-шараларды енгізу кезінде техникалық, экологиялық, экономикалық тиімділігін бағалау, арнайы мониторингті, авариялық-құтқару, еңбекті қорғау қызметі, олардың материалды-техникалық базасы бойынша жүйелі біліммен қамтамасыз ету.
- өмір тіршілігінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғауда техникалық, экологиялық, экономикалық құралдың негіздемесімен, құрылымымен және әсер ету принципімен қолданылатын аппараттар
және жүйелерді, құралдарды, сызбаларды жобалау сияқты техникалық тапсырмаларды дайындауға қатысуды уйрету;

1.2 Тіршілік қауіпсіздігі мамандығының бакалавары

Бакалаврдың түсінігінде болуға міндетті:
- төтенше жағдайлар кезіндегі тіршілік қауіпсіздігін, еңбекті қорғау және қоршаған ортаны қорғауды қаматамасыз етудің негізгі әдістері, тәсілдері принциптері;
- әртүрлі сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде іздестіру-құтқару, апаттық-қалпына келтіру және басқа да кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу туралы;
- өндірістік, тұрмыстық және табиғи ортаның қауіпті және зиянды факторлары туралы;
- әртүрлі өндіріс және өнеркәсіп орындарына қойылатын талаптар туралы;
білу керек:
- негізгі техносфералық және табиғи қауіптерді және олардың қасиеттері мен сипаттамаларын;
- зиянды және қауіпті өндірістік факторлардың адамға және қоршаған ортаға әсер ету сипатын;
- мамандық аясындағы қауіптерден қорғану әдістерін;
қолынан келуі керек:
- адамның өмір сүру ортасындағы негізгі қауіптерді анықтау;
- олардың орындалу тәуекелін бағалау;
- мамандыққа қатысты қауіптерден қорғанудың әдістерін таңдау;
- адам тіршілігін қолайлы жағдайларымен қамтамасыз ету;
игеруі керек:
- қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңды және құқықтық актілерді;
- өз мамандығы бойынша техникалық регламенттердің қауіпсіздігіне қойылатын талаптарды;
- төтенше жағдайлардан қорғанудың жолдары мен технологияларын;
- қауіпсіздік саласындағы түсінктеме-терминалогиялық аппаратты;
- қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қоршаған ортаны қорғау мақсатында кәсіби әрекеттерді оңтайландыру дағдысын;
құзыретті болу керек:
- тіршілік қауіпсіздігін және қоршаған ортаны қорғауды, еңбек қауіпсіздігін және төтенше жағдай кезінде қорғауды жүзеге асыруға арналған технологиялық жүйелерді, тораптарды және құралдарды жобалау, енгізу және пайдалану сұрақтарында;
- табиғи және техногенді төтенше жағдайларды ескерту және жою бойынша кәсіби құзіреттілікті;

2. Табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар

Төтенше жағдай дегеніміз - табиғат немесе өндіріс апаттарының зардаптарын күнделікті қызметпен, қаражатпен жоюға мүмкіндік бермейтін, ол үшін әдейі материалдық, техникалық, ақша қаражатын және адам күшін талап ететін жағдай. Төтенше жағдай- адамдардың қаза табуына әкеліп соққан немесе әкеліп соғуы мүмкін, олардың денсаулығына, қоршаған ортаға және шаруашылық жүргізуші нысандарға ңұқсан келтірген немесе келтіруі мүмкін, халықты едәуір дәрежеде материалдық шығындарға ұшыратып, тіршілік жағдайын бұзған немесе бұзуы мүмкін авария, зілзала немесе апат салдарынан белгілі бір аумақта туындаған жағдай; Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар-дүлей зілзала (жер сілкінісі, сел, көшкін, су тасқыны және басқалар), табиғи өрттер, індеттер мен малдың жұқпалы аурулары, ауылшаруашылық өсімдіктерінің және ормандардың кеселдері мен зиянкестерінің зақымдануы туғызатын төтенше жағдайлар; Техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар-өнеркәсіп, көлік авариялары және басқа да авариялар, өрт (жарылыс), қатты әсер ететін улы, радиоактивті және биологиялық жағынан қауіпті заттарды тарататын (тарату қаупі бар) авария, үйлер мен ғимараттардың қирауы, бөгендердің бұзылуы, тіршілікті қамтамасыз ететін электр-энергетика және коммуникация жүйелеріндегі, тазарту құрылыстарындағы авария туғызған төтенше жағдайлар; Төтенше жағдай аймағы-төтенше жағдай жарияланған белгілі бір аймақ. Авария - технологиялық үрдістердің бұзылуы, механизмдердің, жабдықтар мен ғимараттардың зақымдануы;
Зілзала - бұл кенеттен пайда болатын, халықтың қалыпты тірлігін күрт бұзатын, материалдық құндылықтарды үлкен шығынға ұшырататын, сондай-ақ адамдар мен хайуанаттардың өлім-жетімі болатын табиғат құбылысы. Әрбір зілзаланың өзіне тән физикалық қасиеті, пайда болу себебі, қозғаушы күші, сипаты мен даму сатысы, қоршаған ортаға өзіндік ықпал ету ерекшелігі бар. Дүние жүзінде су тасқынына бүкіл зілзаланың 40 пайызы келеді, 20%-тропикалық циклондары, 15% -жер сілкінісі, ал ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Төтенше жағдайда халықты қорғау
Тіршілік әрекеті қауіпсіздігі мен қоршаған ортаны қорғау салаларындағы сапамен басқару
Тіршілік қауіпсіздігінің теориялық негіздері
Тіршілік қауіпсіздігі негіздері мақсаттары мен міндеттері
Адам өмірінің қауіпсіздігі туралы оқудың негізі теориялары
Қоршаған ортаны қорғауды экономикалық жағынан ынталандыру
Төтенше жағдайларда халықты қорғау әдістерін меңгерту
ХАЛЫҚТЫҢ САНИТАРЛЫҚ - ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ САЛАУАТТЫЛЫҒЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚОРҒАУ ОБЪЕКТІСІ РЕТІНДЕ
ҚР негізгі заңдары, тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау облысындағы нормативтік заңдар Табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ саласындағы қорғану шаралары
Тіршіліктің қауіпсіздік негіздері
Пәндер