Өрт сөндіру техникалары


ЖОСПАР
1. КІРІСПЕ
2. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
3. ҚОРЫТЫНДЫ
4. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
КІРІСПЕ
Өрт сөндіру жүйесі - сорғы станциясындағы өртті дер кезінде байқау және оны сумен немесе баска да әдістермен (газ, көбік, кұм, киіз және т. б. ) сөндіруге арналған кұрылғылар кешені.
Егер имарат көлемі 2000 м 3 -дан артық болмаса, онда кіші және орта сорғы станциялары сыртқы өртке қарсы сумен жабдықтау жүйесінің құрылыс нормалары мен қағидалары бойынша карастырылмайды. Сонымен қатар өрт сөндіретін су өтімі 10 л/сек-тан төмен болса, үлкен сорғы станцияларында суға толтырылған резервуарлар немесе өртке қарсы тұрақты су құбыр желілері қарастырылады.
Ғимарат көлемі 50 мың текше метрге дейін, ал қоршауы I және II дорежедегі отқа төзімді және өндіріс категориясының өрт қауіптілігі Г, Д және Е-ден жоғары болмаған жағдайда өртке қарсы сумен жабдыктау жүйесіндегі су өтімі 10 л/сек-ке дейін жетеді. (Г - жабық тарату қәрылғысы, май толтырылған аппаратура, сыйымдылығы 60 кг-нан аспайды; Д - май машиналары залы; Е - аккумулятор және қышқыл сақталынатын бөлме) . Егер I және II дәрежеде отка төзімділік кез келген көлемде, өндіріс категориясы Г және Д, I-IV дәрежеде отка төзімділік көлемі 5000 текшеметрден төмен болса, онда сорғы станциясы ғимараттарында ішкі өртке қарсы су құбыры желісі құрылыс карталары мен қағидалары бойынша карастырылмайды. Сорғы станция ғимараты, коршау категориясы А, Б, В, (кабельді бөлме және жабық тарату құрылғысы толтырылған аппаратура, май көлемі 60 кг-ға дейін), ғимарат көлемі 0, 5-5000 м 3 және су өтімі 5 л/сек. ; ғимарат көлемі 5000-5 м 3 болса, онда әрқайсысының су өтімі 2, 5 л/сек. келетін екі ағынша карастырылады.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Өрттің алдын алу шаралары
- құрылыстық-жобалау;
- техникалық;,
- ұйымдастырушылық;
Құрылыстық-жобалау шаралары - ғимараттар мен құрылыстардың отқа төзімділігімен анықталады (конструкция материалдары жанғыш, қиын жанатын, жанбайтын болып бөлінеді) . Отқа төзімділік шегі дегеніміз - бұл оттың әсерінен құрылыс конструкцияларының бірінші сызат пайда болғанға дейінгі шыдайтын уақыт интервалы. Барлық құрылыс конструкциялары отқа төзімділік шегі бойынша 8 деңгейге бөлінеді. Ғимараттардың отқа төзімділік деңгейіне байланысты өрт кезінде эвакуациялау үшін шығатын жерлерге дейінгі қашықтықтар белгіленеді.
Техникалық шаралары:
- өмірге қажетті жүйелерді (жылу, жарықтандыру, вентиляция т. б. ) орнатқан кездерде өрт қауіпсіздігі нормаларын сақтау;
- құрал-жабдықтар жұмысының тәртібі мен технологиялық процестер парамертлерін сақтау;
- әртүрлі қорғану жүйелерін пайдалану.
Ұйымдастырушылық шаралар - құрамына өрт қауіпсіздігі бойынша оқу өткізу, өрт қауіпсіздігі шараларының сақталуын тексеру кіреді.
Өрт сөндіру тәсілдері
Өрт сөндірудің келесі тәсілдері қарастырылады:
- ыстық жанғыш затты тотықтырғыштан бөлектеу;
- ауадағы оттегі концентрациясын азайту;
- ыстық жагғыш заттың температурасын оталдыру температурасынан төмендету.
Өрт сөндіру заттары ретінде су, құм, көпіршіктер, ұнтақтар, өрт тудырмайтын газ тәріздес заттар, инертті газдар, булар қолданылады.
Өрт сөндіру құралдары
Өрт сөндіру құралдары 2-ге бөлінеді:
- қол көмегімен жұмыс істейтін құралдар (құм салынған жәшіктер, асбест жабындары, өртке қарсы құрал-саймандары бар тақталар; химиялық көпіршікті от сөндіргіштер; ұнтақты отсөндіргіштер; көміроттекті отсөндіргіштер; хладонды отсөндіргіштер; құрама отсөндіргіштер) ;
- өртке қарсы жүйелер (сумен жабдықтау жүйелері; көпіршікті генераторлар; автоматты сигнал беру құралдарын қолдану арқылы автоматты өрт сөндіру жүйелері) .
Кез келген объектілерді эксплуатациялауды (туристік фирмаларды, қонақ үйлерді, демалыс базаларын) бекітілген нормативті құжаттар талаптарына сай қатаң түрде жүзеге асыру қажет.
Барлық қоғамдық және өндірістік ғимараттарда нақты көрсетілген кедергісіз тез шығуға кепіл беретін апатты жағдайларда шығатын жерлер болуы тиіс. Есіктер іш жағынан ашылуы керек. Бұл жерлерде кедергі келтіретін бөгде заттар мен отқа жанғын материалдар болмауы керек. Бұдан басқа да құтқару жолдары қарастырылуы жөн (мысалы, сыртқа шығатын сатылар мен шатырға шығатын жерлер) . Өрт кезінде ешқашан лифтті қолдануға болмайды.
Өрт сөндіру үшін суды, көбікті, үгінділерді және инертті газдарды пайдаланады.
Суды өрт сөндіретін жеңдер, зеңбіл арқылы қолданады.
Төмендегі аталған нәрселер өрт кезінде судың көзі болып табылады:
- өрт сөндіру гидрантарымен жабдықталған өрт сөндіру су құбырлары;
- арнайы крандармен, зеңбілдермен, жеңдермен жабдықталған ішкі су құбыры;
- арнайы жабдықталған бүкіл су құбырлар жүйесі.
Көлдердің, өзендердің суларын пайдалануға болады. Объектілердің ауласында арнайы бөшкелерде су қорын сақтауға болады.
Кейбір жағдайларда суды өрт сөндіруге қолдануға болмайды. Мысалы, калий, натрий, кальций карбидін, алюминий үгіндісін т. б. заттарды су арқылы сөндіруге болмайды.
Электр қондырғыларды да сөндіруге су қолдануға болмайды.
Ағашқы өрт сөндіру құралдарына қол және жылжымалы өрт сөндіргіштер, құм салынған жәшіктер, су құйылған бөшкелер, шелектер т. б. жатады.
Әр мекемеде алғашқы өрт сөндіру құралдары тұратын арнайы қабырға болады. Сол қабырғада алғашқы өрт сөндіру құралдары толығымен нұсқаулыққа сәйкес түрде орналасуы керек.
Өрт сөндіргіштердің түрі - көбікті, көмірқышқылды, үгінді түрде болады. Өрт сөндіру жабдықтарына спринклерді және дречерлі қондырғылар жатады.
Барлық мекемелерде алғашқы өрт сөндіру құралдары нұсқаулыққа сәйкес, толығымен және іске жарамды түрде тұруы қажет.
Бұл шара үшін арнайы бекітілген өрт сөндіру қызметшісі немесе арнайы нұсқаулықтан өткен адам жеке басымен жауап береді.
Өрт сөндіргіштер мен өрт сөндіру крандары нөмірленіп арнайы журналда тіркеліп тұруы керек. Журналда өрт сөндіргіштердің соңғы рет толтырылғаны мерзімі, кранның соңғы тексерілген мерзімі көрсетілуі керек. Өрт сөндіру крандары және өрт сөндіргіштерге пломба салынып папорт ілініп қояды. Пломба жоқ болса өрт сөндіргішті алып іске жарамдылығын тексеріп толтырылғанын тексереді.
Өрт сөндіргіштерді арнайы өрт сөндіру қоғамының шеберханасында толтырады. Пайдалану мерзімі өтіп кеткен көмірқышқыл газды өрт сөндіргіштерді дереу ауыстырады. Баллонның жоғары жағында мерзімі жазылады. Бірінші сан- айы, екінші - жылы, соңғы- келесі толтыру жылы деп есептеледі.
Кезекті қарау кезінде өрт сөндіргіштерді сыртын шаң мен кірден тазалап отыру керек. Тот басқан жері немесе сырдың кеткен жері болса, дереу тотты қырып тастайды да, керосинделген шүберекпен қырған жерін сүртеді де, жаңадан қызыл сырмен сырлайды.
Көбікті өрт сөндіргіштердің мембранала және сепкіш қасиетін тексеру жөн. Өр сөндіргіштерді жабық жайларда орналастыру керек. Егерде ашық ауада орналастырылған болса өрт сөндіргіштердің үстіне төбе жасайды, немесе арнайы қызыл түсті сырға боялған шкафтарға орналастырады. Көмірқышқыл газды өрт сөндіргіштерге ерекше қатаң талап қойылады. Әсіресе ылғал тимеуі қажет, жылыту аспаптардың жанында қоюға болмайды, күн сәулесі түсетін жерден аулақ болуы керек.
Су сепкіш жеңдерді де ерекше күту керек. Оларды уақытында шаңнан тазартып, орнын ауыстырып отыру керек. Ылғал жеңдерді кептіріп отыру қажет. Өйткені осы шаралар орындалмаса, жеңдер тез тозып кетеді.
Өрт сөндіру техникалары
Өрттен адамдарды құтқаруға, материалдық және табиғи байлықтарды қорғап қалуға арналған техникалық құралдар. Өрт сөндіру техникасының негізін өрт сөндіру машиналары (өрт сөндіру автомобилі, өрт сөндіру пойызы, өрт сөндіру кемесі, өрт сөндіру ұшағы мен тікұшағы) құрайды. Өртенген жерлерге от сөндіргіш заттар шашуға арналған өрт сөндіргіш орнықты қондырғылар, өрт сөндіргіштер, өрт гидранттары, т. б. өрт сөндіру құрал-жабдықтары Өрт сөндіру техникасы қатарына жатады. Өрт сөндіру техникасын жасау ісі өте ерте кезден-ақ қолға алынған. Б. з. б. ежелгі грек механигі әрі өнертапқышы Ктесиби суды жоғары қарай шашатын машина жасаған. Бұл - су сепкіш машинаның ең алғашқы үлгісі еді. 16 ғасырларда өрт сөндіргіш қол насостары жасалды. Бу машинасы шыққаннан кейін онымен жұмыс істейтін өрт сөндіргіш қондырғылар жасалды. Бұлар ат арбамен тасылды. Кейіннен ат арбаның орнына бу автомобилі пайдаланылды. Алғашқы кезде іштен жанатын қозғалтқыш орнатылған автомобильдер өрт сөндірушілерді ғана тасыса, бертін келе оған өрт сөндіру сорғылары орнатылды. 1907 жылы автомобильге механикалық өрт сөндіру сатысы орнатылды. Өрт сөндіру ісінде автомобильді пайдалану өрт сөндіру техникасына түбегейлі өзгеріс әкелді. Ұзақ уақыт бойы өрт сөндіруге су пайдаланылып келді. Кейбір жағдайларда, яғни май мен мұнай жанған кезде сумен өшіру мүмкін болмады. 20 ғасырлардың бас кезінен өрт сөндіру ісіне химиялық көбіктер пайдаланылуда.
Өрт сөндіру автомобилі(ӨСА)
Өрт шыққан орындарға өрт сөндіру күзеті бөлімшесінің мүшелері мен өрт сөндіруге арналған құрал-жабдықтарды жеткізеді. ӨСА негізгі, арнаулы және көмекші деп үш түрге бөлінеді. Негізгі ӨСА-не автоцистернамен, қол сорғылармен, автосорғылармен, сорғы станциаларымен жабдықталған газды су, көбіктенген ауа, ұнтақты өрт сөндіргіш заттар шашатын автомобильдер жатады, олар өрт ошағына сөндіргіш заттар шашады. Автоцистерналы ӨСА өрт ошағына шашылатын өрт сөндіргіш заттармен бірге өрт сөндірушілерді де алып жүреді және өрт сөндіруге қажет әр түрлі құрал-жабдықтармен жабдықталады. Өрт сөндіру сатысы, жарықтандыру, техникалық, т. б. мақсаттарға арналған құралдармен жабдықталған автомобиль арнайы ӨСА деп аталады. Техника қызметтің ӨСА өрт ошағына өрт сөндірушілерді, бөлме ішінен түтін соратын және оған таза ауа айдайтын, үйді бұзатын не тесетін, жөндейтін, т. б. құрал-жабдықтарды тасиды. Көмекші ӨСА ірі өрт сөндіру кезінде өрт сөндіру техникасының жұмысына көмек (жанар май құяды, жөндейді, тех. қызмет көрсетеді) көрсетеді, т. б. мақсаттар үшін пайдаланылады. Барлық ӨСА-н өзге көлік түрлерінен оңай ажырату үшін қызыл түске (немесе қызыл және ақ) бояйды. ӨСА көк сәулелі шамшырақпен және сиренамен жабдықталады.
Өрт сөндіру депосы (ӨСД)
Өрт сөндіру бөлімшелерінің кезекшілері, өрт сөндіру автомобильдері мен құрал-жабдықтары орналастырылған ғимарат. ӨСД-ның құрамында: тұрақ, байланыс пункті, класс бөлмелері, кезекшілер тынығатын бөлмелер, автомобильдерге техникалық қызмет көрсету, өрт сөндіру жабдықтарын күту посттары, өрт сөндіруге қажет құралдар мен жабдықтар қоймасы, т. б. бөлмелер болады. ӨСД-нда 2-ден 8-ге дейін (кейде одан да көп) өрт сөндіру автомобилі болады. Автомобильдер тұрақта бір қатар болып тұрады. Депо ауласында оқу-жаттығу қалашығы, жанар май ст. болады. Біздің республикамыз бойынша ең алғашқы өрт сөндіру бөлімшесі 1877 жылы Верный (қазіргі Алматы қ. ) қаласында ұйымдастырылған. Ол кезде өрт сөндірушілер және сорғылар мен су құйылған бөшкелер ат арбамен тасылған.
Өрт сөндіру кемесі (ӨСК)
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz