Ішкі дәнекер ұлпа қабаты, жүрек бұлшықеті жане сыртқы - сірілі қабат



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті комерциялық емес акционерлік қоғамы Ветеринария және Агроменеджмент факультеті
Кафедра: Ветеринария

Курстық жұмыс

Тақырыбы: Инвазиялық аурулар кезінде құс ұшасы мен ішкі ағзаларын санитариялық бағалау.

Орындаған:
Тексерген: Серикова А.Т.

тобының студенті
(қолы)________ (қолы)________ (күні)
_________ __________
(Бағасы) (күні)

Комиссия _____________ ______________________
(қолы) (ФИО)
_____________ ______________________
(қолы) (ФИО)

Семей қаласы 2022 ж
ЖОСПАР
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
I. Әдебиеттерге шолу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.1. Инвазиялық аурулар кезіндегі құс шаруашылығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... .11
1.2. Құстардың инвазиялық аурулары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..14
1.3. Инвазиялық ауру кезіндегі құс ұшасы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ...14
1.4. Құс ұшасы мен ішкі ағзаларды санитариялық бағалау ... ... ... ... ... ... ... ..15
1.5. Инвазиялық ауру кезіндегі ветеринариялық санитариялық сараптау ... ..15
1.6. Ұшалар мен мүшелердің өлгеннен кейін зерттеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...17
II. Өзіндік зерттеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..21
2.1.Зерттеу әдістері мен материалдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22
2.2. Зерттеу нәтижелері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .24
III.Қорытынды ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..25
IV. Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .26

Кіріспе
Нарықтық экономика жағдайында Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуын нығайту үдерісі өндірістің, әсіресе ауыл шаруашылығының тиімділігін тұрақты әрі бекем арттыру үшін шаруашылық жүйенің түбегейлі қайта құрылуын талап етеді. Қазіргі таңда отандық экономиканы қайта құру кезінде бірқатар мәселелер туындады. Әсіресе, Қазақстан халқының өмір сүру деңгейін анықтайтын аса маңызды стратегиялық қызмет саласы ретінде ауылшаруашылық өндірісінің тиімділігін арттыруға елеулі назар аударылды.
Президенттің халыққа Қазақстан - 2050 жолдауының негізгі стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты: Ауыл шаруашылығын, әсіресе, ауыл шаруашылығы өніміне өсіп отырған жаһандық сұраныс жағдайында ауқымды жаңғырту қажет екенін атап көрсетті.
Қазіргі таңда елімізді сапалы азық - түлік өнімімен қамтамасыз ету және олардың денсаулығын қорғау - өзекті мәселелердің бірі. Халқымыздың өскелең талабын барынша қамтамасыз ету үшін, көптеген шаралар жүргізіліп жатыр. Қазіргі таңда ауыл шаруашылығына айрықша көңіл бөлініп, мал санына ғана емес олардан алынатын өнім сапасын да арттыру көзделуде.
Қазіргі кездегі республикамызда өндірілетін және шет елдерден әкелініп жатқан азық-түлік, шикізаттар мен тағамдық өнімдер адам өмірі үшін қауіпсіз, сапасы да сұраныс деңгейінде болуы тиіс. Өндірілетін тауардың және көрсетілетін қызмет сапасы тұтынушылардың сұраныс талабына сай болуы үшін, өндірістің сапа көрсеткішін және өнім мен қызмет сапасын сертификаттап, жоғары сапалы тауар шығаруға, бұл өнімдердің сапасы ішкі және халықаралық бәсекелістікке лайық қамтамасыз етеді. Кең тұтынатын азық-түліктердің сапасын арттыру мақсатында жануарлар майының сапасын тексерілуі жүргізілді.
Қазақстанда жүргізілетін ветеринариялық қызметтердің негізгі мақсаты шаруашылықтарда ветеринариялық шараларды сапалы әрі уақытылы жүргізіп, жануарларды жұқпалы емес, жұқпалы және паразиттік аурулардан тазарту, қауіпті індеттерден адамды сақтандыру, мал ауруын азайту, шығынға жол бермеу, шаруашылықтарға келтіретін зиянды барынша азайту болып саналады.
Ветеринария саласының экономикалық, биологиялық және медициналық санитариялық маңызы да жоғары. Әлемнің және республикамыздың ветеринария саласындағы жетістіктері де айтуға тұрарлықтай. Сондықтан қазіргі жастар осы заманға сай маман иелері болуы үшін көптеп енбек етуі абзал. Мамандарымыз талапқа сай, білгір болса ветеринария саласының алар биігі әлі алда деп ойлаймын.



І. Әдебиеттерге шолу

Субөнімдердің түрі мен құрамы, физика-химиялық қасиеті, биологиялық қасиеті зерттелінді және субөнімдерді өңдеудің заманауи технологиясын жетілдіру жұмыстары жүргізілді. Тағамдық құндылығы жоғары субөнімдер негізінде жасалынған тағамдардың ғылыми негізделген технологиясы мен рецептурасы жасалынды. Субөнімдерді қолдану аминқышқылдық, майқышқылдық, минералды және дәруменді құрамымен байытылған жаңа тағамдар өндіруге мүмкіндік береді.
Субөнімдер - ірі қара және ұсақ малдар мен шошқалардың ұшасынан басқа мүшелері. Мал массасының 10-18 % құрайды. Қосымша өнімдерге дененің мына ішкі және кейбір ұша мүшелері жатады: бас, етінен бөлініп алынған бас, тіл, ми, өкпе, жүрек, диафрагма, бауыр, қарын, бүйрек, көкбауыр, желін, жіліншек буынынан және тілерсек буынынан бөлінген сирақтар жатады.Субөнімдерді мал түріне байланысты ірі қара, қой, шошқа және тағы басқа малдардікі деп бөледі [1].
Тамақ өнеркәсібіндегі ең ауқымды сала - ет өндірісі. Оның басты міндеті халықты негізгі ақуыз көзі болып табылатын азық-түлікпен қамтамасыз ету. Қазіргі таңда етті қайта өңдеу өнеркәсіптерінде қайталама шикізатты және өндіріс қалдықтарын тиімді қолдану мәселесі шешімін толық тапқан жоқ. Етті қайта өңдеу саласындағы азықтық мақсатқа жіберілетін өңделген мал азық - түліктері ресми статистика бойынша 64% - тірі массаға, 12% - жемдікке, техникалық өнім өндірудің 10% құрайды. Ал қалған 14% сұранысқа жоқ болып қалып отыр [2].
Тамақтық қасиеттеріне байланысты І және ІІ категорияға бөледі. І-категориялы субөнімдерге- бауыр, бүйрек, тіл, ми, жүрек, диафрагма, еткесінділері, қой мен сиыр құйрығы. Субөнімдердің шығымы- сиырда-20-14%; шошқада-18-14%; жылқыда-16-10%. Тамақтың құндылығы субөнімдер етпен бірдей, ал витамин және минералдық құрамы жағынан бауыр, бүйрек, ми, еттен жоғары тұрады. Оларды шұжық, паштет, консерві т.б тағамдарға қосады. ІІ-категориялы субөнімдерге-белок-коллаген көп (онда триптофан жоқ!) асқазанның сөлін бөлуге және коллагеннің ыдырау өнімдерінің (глюкоза, желатоза)-болуы асқазанның солін бөлуге және оның ас қорыту функциясына жақсы әсер етеді .
Жалпы қосымша өнімдерді сойған күні 7 сағаттан асырмай , ал кілегейлі қосымша өнімдерді 3 сағаттан асырмай өндеуден өткізеді, өйткені өте тез бұзылып кетеді (исі шыңып көгереді).
Тіл қалың бұлшықетті орган. Тілдің түбі, денесі ұшы болады. Тіл тығыз шырышты қабықпен қапталған. Тілдің беткі жағы бел деп аталады. Тілдің шырышты бел қабатында кедір бұдырлық беретін жіп жінішке, дәм сезім бүртіктері орналасқан. Тіл денесіндегі артықшылығы бұлшық ет жіпшелерінің арасында орналасқан май ұлпасы, тілге жұмсақ нәзік консистенция береді. Тіл денесінің құрамына басқа бөліктеріне қарағанда май көп, сондықтан оның консистенциясы нәзік және дәмі жағымды болады.
Сойылатын малдардың барлық түрлерінің тілдерінде дәнекер ұлпасы аз мөлшерде болғандықтан, ол тез сіңіп, қорытылады; сығымды заттардың бар болуы оларды дәмдік қасиетін қамтамасыз етеді. Сондықтан да олар диеталық және деликатестік өнімге жатады.
Тілдің химиялық құрамы жануарлардың күйлілігіне байланысты, себебі күйлілігі жоғарылаған сайын тіл құрамындағы май жоғарыла, су төмендейді.
Семіз ірі қара малдың тілінде май 18% дейін жетеді. Тағамдық құндылығы жағынан тіл етке тепе тең. Тілдің жасалынған өнімдер өзіндік ерекше дәмі болады. Ол тұздалған, консервіленген өнімдер және шұжықтың кейбір сорттарын өндіруде қолданылады.
Әдетте, бастан тілімен бірге көмекей мен жұтқыншақты да бөліп алады. Ары қарай өңдеуде оны тілден ажыратады. Жұтқыншақ қабырғасы шырышты қабатпен қапталған қалың көлденең жолақты ұлпадан тұрады. Көмей глиалинді және жұмсақ шеміршекті ұлпадан құралған бес шеміршектен тұрады.Ол бұлшықетпен және шеміршекті ұлпа басым.Сондықтан тағамдық құндылығы төмен ірі тағамдық мақсатта қолданылмайды.
Жүрек.Конус тәрізді бұлшықетті орган.Оның кеңейтілген бөлігі-негізгі,ал жиырылған бөлігі шоқтық деп аталады.Негізінде-екі жүрекше,ал шоқтығында екі құлақша орналасқан.Жүрек қабырғасы үш қабаттан тұрады.Ішкі дәнекер ұлпа қабаты,жүрек бұлшықеті жане сыртқы-сірілі қабат.Жүрек дәнекер қабаты қаппен(жүрек қалташасымен) жалғасып кетеді.
Жүрек бұлшықеті құрылысы бойынша аралық болып,жалпақ және көлденең жолақты ұлпадан тұрады.Соған орай,онда плазма үлесі көлденең жолақтыдан аз,тегістен көп,13 бөлігін құрайды.Жүректің бұлшық ет ұлпасы сүйектікіне қарағанда тығыз,қатты,серпімді жане нашар қорытылады, сондықтан, жүректен жасалатын өнімдердің қасиетін жоғарлату үшін,қарқынды механикалық жане ұзақ уақыт жылумен өңдеу керек.Жүректі-шұжық жане консерві өндірісінде қолданып,сауда орындарына сатуға да болады.
Бүйрек сопақша келген қошқыл қоңыр түсті қосакталған орган.Ірі қара малдың бүйрегінің беткі қабаты бөліктелген,ал ұсақ малдар мен шошқанікі біртегіс.Бүйректің ішкі май қабатының астында фибриозды қабат бар.Ол қабаттар бүйректен бөлек тұрады да бүйрек аралық қабатты құрайды.
Бүйректің 3 түрлі қабаттан ажыратады:ішкі-зәршығарушы,ортаңғы- шекаралық немесе майлы жане сыртқы ми қабығы.
Зәрдің қүралас бөлігі қаннан-капиляр түйіндерінен(мальпигилі қабат) жане бүйректің зәршығару каналдарынан ажыратылады.Зәрдің бүйрек жолдарымен каналдарына болуы-оған жағымсыз иіс пен дәм береді.Сондықтан бүйректі жақсылап жуып,суға салып қояды.Бүйректе, сондай-ақ көптеген ферменттер бар.
Бүйректің аминқышқылды ақуыз құрамы бауырдікіне жақын,бірақ ет ақуызында қарағанда пепсинді қорытылуы қиын.Қаншама өңдеуден өтсе де,физиологтялық қызметінне байланысты бүйректің өзіндігі дәмі қалып қояды.Сондықтан оны басқа ет шикізатымен араластырмай,тағамдық өнімдерге қолдануы.Бүйректен-деликатесті-конс ерві шығарады.
Бүйрек басқа ет өонімдерінен ерекшелігі,ол-шикі кезінде ісінбейді,қайнатқан кезде майды сіңіріп қатты тығызданып,су ұстамайды.Онда қанның қалып қоюына байланысты,етке қарағанда микробиологиялық бұзылу тез жүреді.Сонымен қатар,бүйрек басқа бөліктерге қарағанда стерилді емес,себебі оған ішектен(көк бауыр сияқты) лимфа жолдары арқылы бактериалар түзеді.
Бүйректе(сондай-ақ көк бауыр,өкпе)жасалған тәжірбиелер бұл қосымша өнімдер етке қарағанда асқазанның жасырын сөл бөлу кезеңі етпен азықтандыруға қарағанда қысқа,ал сөлдіңжалпы мөлшері 4-5есе артық болғанын көрсетті.Соған байланысты шикі бүйрек күшті химиялық тітіркендіргіш болып табылады.Сондықтан оны асқазанның секреторлық қызметі төмендегенде емдік тағам ретінде ұсынылады.
Бүйрек ұлпасын қайнатқан кезде ол өзінің гидросульфитті қасиетін жоғалтып,майды жақсы сіңіреді.Сондықтан оны тұтқыр құрылымды бұйымдар (мазь тәрізді) дайындауда(ливерлі шұжықтар,паштеттер) қолданылады.Әсіресе өте майлы,коннестенциясы дәмді-қаз бүйрегі жоғарғы бағаланады.Оданделикатесті паштеттер дайындайды.Осы мақсатқа әдейілеп,арнап азықтандырып өсірген қаздардың бүйректері өте үлкен болып келеді.
Бүйрек катепсинінің протеолитикалық активтілігі бұлшықеттігінен 60 есежоғары болғандықтан,ол өте тез бұзылады,яғни протеолизге ұшырайды.Ол организмнің санитарлы тосқауылы болғандықтан,жоғары дәрежеде ластанады.Оған ішектен лимфа жолдары арқылы ең бірінші бактериялар түзеді.
Бауыр.Құрсақта орналасқан,домалақ немесе сопақша формалы орган.Үстіңгі жағы дөңес(диагфрагмалы)жане ойыс(висцералді)болып келеді.Ондағы бүйрек қақпасына артериямен босаған қан келіп,өт жолдарына шығады.Сол қақпаның маңында лимфа тамырлары мен өт қалтасы орналасқан.Бауырдың түсі қызыл қоңыр,консистенциясы тығыз.Бауырдың ішкі жағындағы дәнекер ұлпасы қабаттың сыртын шырышты қаптап жатады.Осы қабаттан бауыр ішіне дәнекер ұлпасы қалқандар жайылып,оны ұсақ бөліктерге бөледі.Дәнекер ұлпдағы бөліктер арасында қан,лимфа тамырлары жане өт жолдары өтеді.Бөліктер ішінде-безді ұлпа жасушалары бар.Бауыр өт бөліп шығарады да , ол өт жолдары арқылы өт қалтасына барады.Өт-ащы дәмді,әсіресе шошқанікінде,ол өт жолдарында болуы бауырға ащы дәм береді..Сондықтан өңдеу кезінде әсіресе консерві жасауда оны әбден жуып,өт жолдарынан тазартады.
Сояр алдында азықтанған мал бауырында жағымсыз заттар жиналып,жағымсыз иіс пайда болуы мүмкін.
Бауыр майының жалпы көлемінің жартысы-фосполипиттер болса,қалғаны бейтарап майлар үлесіне тиді.Белоктардың көбісі-альбуминдер,тек 1% ғана феррин және фериттин сияқты саз темірі бар белоктар кездеседі.Бауырдың құрамындағы В12 витамині,темірі бар ақуызды қосылыстар-одан түрлі қаны аздық ауруға карсы дәрілік препарат жасауда шикізат ретінде пайдалануға мүмкіндік береді.Ол әр түрлі эрменттерге бай.Бауырдың катепсинінің протеолитикалық активтілігі,бұлшықеттініне қарағанда 60 есе жоғары.
Ми.Ауылшаруашылық малдарының бас миы 3 негізгі бөліктен тұрады:үлкен ми,мишық және сопақша ми.Ми бас сүйегінің ішінде орналасқан-ортаңғы жүйке жүйесінің алдыңғы бөлігі болып табылады.Үлкен мимен мишық екі жарты шарға бөлінеді.Бас сүйегінің шұңқырында үлке мидың төменгі бөлігінде мидың қосымшасы бар(гипофиз).Гипофиз-негізгі ішкі секреция безі болып табылады жане кейбір медициналық препараттатрды дайындауға қолданылады. Ол миды бастан алғаннан кейін ажыратылады.
Сопақша мида қабаттар керісінше орналасады.Бас миы 3 қабаттан тұрады: сыртқы-қатты қабат, ортаңғы торлы жане ішкі жұмсақ қабат.Қатты қабаттың ішіндегі кеңістік сұйықтыққа толы болады.Ішкі жұмсақ қабат ми затына тығыз жабысқан. Ми негізгі жүйке жасушалары (нейрон) мен өсінділерден қосылып мидың сұр затын құрайды; ақ зат мал денесінің жүйкесі сияқты жүйке жіпшелерінен тұрады.
Мидың тағамдық жане өндірістік құндылығы оның май (липидтік) құрамына байланысты. Әсіресе - жоғарғы шектегі қанықпаған май қышқылдары , органикалық фосфорлы қосылыстар жан холин жане ипозит сияқты витаминдерге байланысты.
Миды көп мөлшерде тағамға пайдаланса,организмге сіңуі қиын. Бас миы арнайы белгіленген (холестерин,лецитин т.б) фабрикаттар алуға қолданылады. Ет өндірісінде бас миы - консерві, шұжық жане дәрілік препараттар жасайды.
Желін. Бұл - малдың құрсақ қабырғасының артқы бөлігінде орналасқан сүт безі. Тағамдық субөнім ретінде тек ірі қара малдың желіні қолданылады.Желін- күрделі құрылысты паренхиматозды орган.Оның сырты данекер ұлпалы қалқандар бар.Олар паренхима,альвеолла жане безді түтікшеге толы бөліктерді құрайды. Қалқаннан бөлікшелерге нәзік данекер ұлпалы шоқтар жалғасып жатады.Дәнекер ұлпалы тұлға желінің даму дарежесі- малдың тұқымына,жаста,азықтандыру мен күтіп бағу жағдайына тәуелді. Бордақыланған малдың желінінде май ұлпасы ерекше дамыған болып келеді. Мал семірген сайын желінінде май мөлшері артып,су мөлшері кеми береді.
Желіннің тағамдық құндылығы ондағы сапасы толық емес ақуыз мөлшерінің молдығы жане біраз мөлшерде майдың барлығымен сипатталады. Май мен коллагенді заттар көп болғандықтан,қайнатылқан желін ылғалды нашар ұстайды, сондықтан оны май тәрізді консистенйиялы заттар өндіруге пайдаланады.Желіннен маммитоцин даген дәрі өндіреді. Ұсақ малдың желінін техникалық мақсатқа қолданады.
Диагфрагма немесе малдың денесі мен құрсағын бөліп тұратын бұлшықетті өсінді. Ол жалпақ пластикалық бұлшықет,сыртқы жағында жақсы дамыған ұлпан,ал ортасында - жалпақ сіңір(сіңір орталығы)бар.Диафрагма сырты дәнекер ұлпасымен қапталған. Диагфрагманын бұлшықетті ұлпасы қысқа қатты жіпшелерден құралған жане олар сіңір орталығына қарағанда тарамдала орналасқан.
Диагфрагманын бұлшықетті бөлігінде данекер ұлпасы көп болғандықтан,оның еті өте қатты және қайнату кезінде қиын жұмсарады. Оның ақуызы көптеген бөлігін - коллаген және эластин сияқты сапасы төмендеу ақуыздар құрайды. Сондықтан диагфрагма етін төменгі құндылықтағы сортты шұжықтар мен тартылған еттің құрамына қосады.
Шеміршекті құйрық. Бұл бір-бірімен шеміршекпен, бупимен байланысқан, ішкі қабаты көлденең жолауы бұлшықетпен қапталған құйрық омыртқалары. Онда дәнекер ұлпасы мен аз мөлшерде бұлшықет ұлпасы бар. Оларды қайнатып, ет өнімдеріне қолданады. Құйрықтан алынған терілер - Желатин өндірудің шикі заты болып табылады.
Ерін, құлақ дірілдек, зельц жасауда қолданылады.
Екі рет мұздатылған, балғын емес, түсі өзгерген , кесілген субөнімдерді қабылдамайды. Тоңазытылған субөнімдерде жәшіктерге ,қаптарға 50 кг-нан салады. Тілді тұздайды және 300 кг-нан бөшкелерге салып тасымалдайды.
Тоңазытылған субөнімді 0 С- тан төмен температурада 3 тәулікке дейін, 0-2 С-та 2 күн, ал 8 С-та 1 күн сақталады. Тасымалдау кезінде жібіген субөнімдерді деру аспаздық өңдеу керек. Суытылған субөнімдерді суыту камераларында 0-6 С температурада 36 сағат, ал мұзы бар науларда 8 С дейін температурада 12 сағатта дейін сақтауға болады.
1.2. Субөнімдерді өңдеу технологиясы.
Ірі және ұсақ қара малды алғашқы өңдіру үрдісінде етпен бірге субөнімдер: бауыр, бүйрек, жүрек, ми және т.б. алынады. Ертеде бұл өнімдер мал өнімдерін дайындау үшін жұмсалатын және азық-түлік мақсаттарына толық қолданбайтын. Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Якутия, Башқирия және т.б. мемлекеттердің елдері азық-түлік мақсатына сойылған малдардың етті өнімдерімен қоса субөнімдерді де қолданатыны белгілі және субөнімдердің тағамдық пен биологиялық құндылықтары, дәмдік қасиеттері ет өнімдерінен кем емес. Субөнімдердің химиялық құрамы ақуызға, көмірсуға, дәрумендерге, минералды заттарға, ферменттер, гормондар және полиқанықпаған байытылған майлы қышқылдарға бай. Оларды құрама ет өнімдерін өңдіру үшін, сонымен қатар жаппай және арнайы мәні бар өнімдерді өңдіру үшін қолдануға болады [3].
Субөнімдер негізінен сау малдан алынады. Ветеринариялық-санитариялық тексеруден өтуі керек. Ұшадан бөліп алған соң, оларды дереу өңдеу керек. Ветеринариялық-санитариялық ережеге сәйкес, субөнімдерді сойған соң 7 сағат ішінде, ал шырышты өнімдерді-3 сағат ішінде өңдеу керек, өйткені олардың сапасы тез бұзылады: бауыр-бүйрек қарайып кетеді: жүнді субөнімдерді тазалау қиындайды, олардың тауарлық түрі нашарлайды.
Субөнімдерді негізінен тасқынды-механикаландырылған желілерде өңдейді, бұл еңбек өнімділігін арттырады, сапасын көтереді, санитариялық жағдайды жақсартады.
Негізгі мақсаты: өнімдерді ластан, бөгде ет кесінділерден, құнсыз ет ұлпасынан, майдан тазарту, жүн, шырыш, шеміршек т.б. құрылымдарды алу. Кейбір субөнімдерді-бауыр, өкпе, көк бауыр, ет кесінділері майдан тазаланбайды.
Етті- сүйекті қосымша өнімдерді өңдеу келесі сатылардан тұрады: Ірі қараның басын жақсылап жуып, тілін ажыратып, көзін бөлектеп алады. Мүйзін шауып, ерініңн алып тастайды да қалдық терілерден тазартады. Терісін сыпырып , көз ойығынан көз асты майларын жеке жинайды. Терісі сыпырылған басты миы мен гипофизді зақымдамай екі тең бөлікке бөледі, миын жеке алады. Шошқаның басынан миын алып тастайды,суық сумен жуып, 8-10 мин бойы 65 - 68̊ C суда жібітеді. Газды горелка ,отты лампада үйітіп, тазартады (15 минут суық суға салып қойса, күйесі өте жақсы алынады), жуады. Тұяқтарды арнаулы станоктарда асады. Кей кезде бөледі, кейде бүтін қалдырады.
Жұмсақ қосымша өнімдерді өңдеу ірі қара шошқа тілдерің жылы ағып тұрған суда жуып , тіл сүйегінен тазартудан басталады. Бауыр ,өкпе , жүрек , кеңірдек көк етімен қоса, ұшадан табиғи байланыста ажыратылады. Өкпе- бауырда , өт және қолқа қалдығы , шошқада өңеші мен жұтқыншағымен қоса тілі қалдырылады. Қосымша өнімдерді жуып тазартқан соң ,бауырды, өкпені, жүректі, кеңірдекті көк етті және қолқаны жеке жеке бөлектейді. Сыртқы қан тамырларынан , лимфа түйіндерінен , басқа да бөгде заттардан тазартады. Желінді әр жерінен кесіп , тері сүт қалдықтарынан тазартады.
Кілегейлі қосымша өнімдер. Көп камералы ірі қара және қой қарынын екіге бөліп, ішек қарын жынынан, майынан тазартқан соң жылы ағынды сумен жуады. Шошқаның қарының кілегейлі қабығын эндокоринді - ферментті шикізат ретінде жинап алады.
Қылшықты қосымша өнімдер. Шошқаның басынан құлағын бөлектеп, үйтеді ,сумен жуып тазартады, миын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тіл қалың бұлшықетті орган
Субөнімдерді өңдеу технологиясы
Сүйектің мүше ретіндегі құрлысы
Мүше ретіндегі сүйектің құрылысы
Ауыл шаруашылық малдарының морфологиясы мен анатомиясының зертханалық сабақтар жинағы
Жүрек, қан тамырлар жүйесінің гистологиясы оқу құралы
Адам анатомиясы пәнін заманға сай оқыту үшін электрондық оқулық құрастыру
Субөнімдер
Жүрек бұлшық еттері. Жүрек циклінің кезеңдері
Өңеш аурулары
Пәндер