Экологиялық тәрбие арқылы балалардың табиғатқа қызығушылықтарын арттыру маңызы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
5
1
Экологиялық тәрбие берудің мазмұны
7
1.1
Балабақшадағы экологиялық тәрбиенің рөлі
7
1.2
Экологиялық тәрбие арқылы балалардың табиғатқа қызығушылықтарын арттыру маңызы
10
2
Экософия- экологиялық тәрбие әдістемесі
15
2.1
Экософияның экологиядағы рөлі
15
2.2
Экологиялық философия жүргізетін жұмыстың маңызы
17

ҚОРЫТЫНДЫ
20

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
21

КІРІСПЕ

Курстық жұмыстың өзектілігі: Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2030 жылға дейінгі стратегиялық даму бағдарламасында қоршаған ортаны ластауға, экологиялық қалыпты жағдайды бүлдіруге жол бермеуге зор көңіл бөлінгендіктен, оқушыларға экологиялық білім беріп, табиғатты қорғауға тәрбиелеу бүгінгі күннің кезек күттірмейтін өзекті мәселелерінің бірі болып табылады. Экология - бүкіл адамзат баласының шалыс басқан әрбір іс-әрекетіне келешекте шек қоятын, оның тыныс - тіршілігіне тікелей атсалысатын ғылымның жаңа саласы. Ол қоршаған ортаны кесапат жағдайлардан, кейбір көлденең оқиғалардан сақтауға, табиғатпен арадағы тепе-теңдікті қалпына келтіруге бағытталған маңызды мемлекеттік және әлеуметтік шара. ҚР Қоршаған ортаны қорғау туралы (73-74 баптар), ҚР Білім туралы заңдарында (3-бап) экологиялық білім мен тәрбие беру мемлекеттік саясаттың білім беру саласының негізі болып табылатыны атап көрсетілген.
Экологиялық тәрбие жұмысын жүргізу, оқытудың негізгі формалары: бақылау, қызықтау, серуен. Тәрбиешінің табиғи нысандары мен табиғат құбылыстарын бақылауды ұйымдастыруы, балаларды табиғатпен таныстырудың негізгі мәселесі болып есептеледі. Қызықтау кезінде балаларды таза ауада, көз тартар әдемі гүлдер мен ағаштар арасында болуы көтеріңкі көңіл-күймен қатар, табиғат сұлулығын сезіне білуіне әсер етеді. Ал серуен кезінде, тәрбиеші балаларды табиғатпен таныстырып, өсімдіктерге су құю, құраған жапырақтарды бірге жинау, ағаш түптерін тазалау сияқты қарапайым еңбек түрлеріне қатыстырады. Мұндай еңбек түрлерін орындау, балалардың еңбекке деген жауапкершілік сезімдерін дамытып, ынтасын арттырады.
Экология тәрбие жұмысын ұйымдастыруда тәрбиенің негізгі салалары болып табылатын адамгершілік, эстетикалық, еңбек, имандылық тәрбиелері мен сабақтастыра жүргізу басшылыққа алынады. Бағдарлама мазмұнында көрсетілгендей өлі және тірі табиғатпен одан әрі таныстырып, табиғат құбылыстары жайындағы бастапқы жалпылама ұғымдарды нақты түрде меңгерту ұсынылады. Жыл мезгілінің ерекшелігіне орай күзгі табиғат құбылысы (жаңбырдың жаууы, адамдардың пайдалы іс-әрекеті, ауладағы жапырақтарды жинау, жылы жаққа ұшатын құстарды бақылау т.б.). Қыстап қалған құстарды қамқорлық, табиғат бұрышындағы өсімдіктер мен құстарды күту, балыққа жем беру. Ерте көктемде ұшып келетін құстарға үлкендер көмегімен дайындаған ұяларға жем шашу, ауладағы гүл, көкөніс өсімдіктерін өсіруге жәрдем беру. Ерте көктемде ұшып келетін құстарға үлкендер көмегімен дайындаған ұяларға жем шашу, ауладағы гүл, көкөніс өсімдіктерін өсіруге жәрдем беру. Бүршік жарған ағаш бұтақтарын (бұтақ, бүршік, өсімдік т.б.) мағынасына сай түсіндіру. Наурыз мерекесінің қарсаңында жас шыбықтар отырғызып, оны күтуді күнделікті әдет-дағдыға айналдыру. Көктемнің әдемі келбетін жырлайтын өлең жолдарын әнге қосу, сөзжұмбақтар шешу, дидактикалық, қимылды ойын түрлерін пайдалану, өз ойларынан табиғат көрінісінің суретін салып, әңгімелеп айтып беру. Жаз кезінде тәрбиешілердің ұйымдастыруымен өзен-көл жағасына, баққа, гүл алаңына барған кезде айналаның тазалығына мән беру. Бұл әр баланың жауапкершілік дағдысын, ұжымдық бірлігін арттыруда, балалардың ойлау тұтастығын, яғни табиғатты қорғау көзқарасын дамыту үшін, жыл мезгіліне сай жүйелі мақсат-міндетті айқындалған экологиялық тәрбие жұмысы оқу жылының өн бойында жүргізіліп отырады. Бұл қоршаған ортамен қарым-қатынаста тәртіптілік, ұқыптылық ережелерін орындау, табиғатты аялап, оған қамқорлық таныту қабілетін дамытуда негізділеді
Курстық жұмыстың мақсаты: Экологиялық тәрбие беруде экософия ілімінің маңызы және кіріктіру әдістерін зерттеу.
Курстық жұмыстың ғылыми жаңалығы: экософия ілімінің маңызы айқындалады.
Зерттеудің объектісі мен әдісі: тілдік құзыреттілікті дамыту. Психо-педагогикалық, ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді теориялық талдау, салыстыру.
Жұмыстың практикалық маңыздылығы: Зерттелінген курстық жоба бойынша материалдар мен ақпараттар экологиялық тәрбие мен экософия жайлы құнды деректер бола алады.
Курстық жұмыстың құрылымы мен көлемі: 2тарау

1 Экологиялық тәрбие берудің мазмұны
1.1 Балабақшадағы экологиялық тәрбиенің рөлі

Экология - биология ғылымыны негізінде ХІХ ғасырда белгілі болды. ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында жеке ғылым болып қарастырылды. Осы тұрғыдан алғанда жалпыға бірдей экологиялық білім мен тәрбие берудің мақсат-міндеттерін, республикамыздың үздіксіз білім беру жүйесінің барлық сатыларында жүзеге асыруды, жастардың көзқарасын, табиғатқа жауапкершілік қарым-қатынасын қалыптастыруды, мектепке дейінгі мекемелерден бастап жоғары оқу орындарына дейінгі аралықты экологиялық білім мазмұнымен жаппай қамтып, оны сабақтастықта жүргізу керек.
Экология мәселесі жөніндегі қабылданған мемлекеттік құжаттарда болашақ ұрпақ үшін қоршаған ортаны қорғаудың құқықтық негіздері көрсетіліп, биологиялық алуан түрлілікті сақтау мен табиғатты ұтымды пайдалануға бағытталған іс-шаралар ұсынылған. Мәселен, мектепке дейінгі мекемелер мен арнаулы орта және жоғары оқу орындарында экологиялық білім негіздерін міндетті түрде оқыту керектігі көрсетілген.
Экологиялық білім беруді ұйымдастыруда балалардың жас ерекшеліктерін, психологиялық және физиологиялық қабылдау мүмкіндіктерін ескере отырып, оқу процесінде тиімді пайдалану қажет. Балалардың өсімдіктер мен жануарларға қызығушылығы, оларды табиғатқа қамқор болуына септігін тигізеді. Табиғатты аялау керектігін, оны қастерлеуді балалық жастан отбасының, балабақшаның ықпалымен үйретілуі керек.
Мектеп жасына дейінгі балалардың ересектермен, өз жасындағы балалармен қарым-қатынасы жетіле түсуі керек. Мектепке дейінгі балалардың негізгі міндеті қарапайым өмір ережесімен таныс болу, жасына сәйкес тапсырмаларды орындау. Табиғатта тәрбиеші ұсынатын әртүрлі тапсырмаларды балалар өздігінен орындауы оқуға білімге құмарлығын оятады. Кішкентай балаларға қарағанда бұл жастағылардың ұғыну, қабылдау әрекеті неғұрлым мақсатты сипатқа ие болып, табиғаттағы бейнеленген нәрсені немесе заттың түсіне қарай, тәрбиеші көрсеткен көрнекіліктерге ерекше назар аудара алады. Бұл жаста балалар судың қажеттілігін, бастау, бұлақ, қайнардың қайдан пайда болатыны туралы түсініктерді тәрбиешілердің көмегімен түсініп, суды үнемдеп жұмсау дағдылары пайда бола бастайды. Қыс айларында топ бөлмесіндегі ауладан әкеліп қойған бұтақтарды бақылау барысында жасанды түрмен бүршіктер, жапырақтардың пайда болғанын еске түсіріп, табиғи құбылыстардың нәтижесінде барлық ағаштар бүршіктеніп, жапырақ жайып, кейбіреулерінің гүл жаратындығы жөнінде түсінік қалыптасады. Дәрілік өсімдіктер туралы мағлұмат беріліп, олардың пайда, зиянына тоқталып, өсіп тұрған жерін қоршап қою тағыда басқа іс-әрекетті атқарады.
Балабақшадағы экологиялық тәрбиенің мақсаты - табиғатты аялап, оны қамқорлыққа алып күту, табиғат жөнінде қарапайым білім бере отырып, тірі және өлі табиғаттағы құбылыстар жөнінде қарапайым ұғымдар қалыптастыру. Балаларға жануарлар дүниесіндегі ғажайып құбылыстар, анасынан тірі туылғанмен, жетілмеген, дәрменсіз, әлжуаз халде болғандықтан енелерінің қарнындағы тері қатпарларынан түзілген қалтада сүтін еміп, өсіп жетілетін Австралияның қалталы қасқыры, ағашқа өрмелеп тіршілік ететін қалталы кішкентай аю, тиін, кенгурудің суретін көрсете отырып әңгімелеу арқылы балалардың қиялына қанат бітіру.
Балабақшадағы экологиялық тәрбие жұмысы, тәрбиешінің негізгі салалары болып есептелетін адамгершілік, эстетикалық, еңбек тәрбиелерінің желісінде және халықтық педагогиканың қайнар бұлағын пайдалана отырып жүргізсе, айналадағы орта, табиғат жайындағы жалпылама ұғымдар нақтыланып, қалыптаса береді. Экологиялық тәрбие жұмысына орай көрнекіліктерді қолдана отырып, табиғат бұрышының жабдықталуына байланысты сайыстар ұйымдастырылып экология мәселелері туралы, жағымды-жағымсыз әрекеттер бейнеленген суретте пайдаланылғаны, ата-аналар мен тәрбиешілердің бірлескен жұмысының нәтижесінде табиғат туралы шағын кітапхананы өлі және тірі табиғатпен жабдықтау арқылы көрме ұйымдастырылғаны дұрыс. Алтын күз, Құстар күні, Табиғатты сүйеміз, т.б. ертеңгіліктер бала еңбегімен ұштасып, әр педагогтің ізденімпаз әрекеті ғана болашақ табиғат жанашырын тәрбиелей алады.
Табиғат туралы балалардың көкжиегін кеңейте отырып, біз балаларға табиғаттың құпияларын осындай эмоциялар арқылы түсіндіру үшін ересектерге арналған экологиялық білім беру бағдарламасын ұсынамыз: балалардың осы тобында танымның физиологиялық механизмдері дамудың ең жоғары деңгейіне жетеді. Ішкі ойлау, ойлау бар. Баланың ақыл-ойы мен нервтерінің қозғалысы мен тежелуі шиеленісті, күшейтілген және тепе-теңдікпен сипатталады. Абстрактілі ойлау, қоршаған ортаны талдау қарқынды дамып келеді, ойлау жетіледі, табиғат туралы әдеттегі түйсік қалыптасады. Енді ол табиғаттың кейбір құбылыстары мен қасиеттері туралы біледі.
Ойын және жұмысы жүріп жатыр қолын. Табиғи құбылыстардың кейбір заңдары құбылыстардың мерзімді қайталануымен танысады, соның негізінде табиғи құбылыстарды нақты түсіну, қызығушылық, байқау, логикалық ойлау және эстетика сезімі кеңейеді. Күн сәулесінің өсуіне және тұқымнан майдың сығылуына және оларды күнделікті өмірде қолдануға байланысты өсімдіктердің қалай аталатындығы туралы айтатын болсақ, оларға белгілі бір өсу жағдайлары қажет - топырақ, ылғал, күн сәулесі, жылу.
Балалардың белгілі бір жануарлардың өсуі мен дамуы туралы білімі жаңартылады: құстар жұмыртқа салады, балапандарын өсіреді, оларды тамақтандырады және күшіктер мен марғауларды сүтпен қоректендіретінін ұғындырады.
Балалардың жабайы хайуандар (қасқыр, аю, түлкі, қоян, кірпі) олардың тіршілігі, қорек табу әрекеті жөніндегі ұғымдары кеңейтіледі.Күзде: Балалардың өлі табиғаттағы, өсімдіктердің құстар мен аңдардың тіршілігіндегі күзгі өзгерістері туралы накты түсініктерін кеңейту, балаларға бұрыннан таныс кейбір кұбылыстар мен ауа райының жағдайы және өсімдіктер мен жануарлар тіршілігі арасындағы байланыстың реттілігін анықтап күз ұғымының мәнісін айқындап, қорытындылауға бағыттау. Балалардың жансыз табиғаттағы, құстардың хайуандардың өмірінде бірте-бірте болатын өзгерістер: жапырақтардың түсуі, құстардың жылы жаққа ұшып кетуі жайындағы ұғымдарын бекіту. Күзде балабақша егістігіндегі көкөніс жинау, қазып алу, ауланы тазарту (жапырақтарды жинап бір жерге үю) т. б. жұмыстарға көмектесіп, пайдалы еңбекке араластырылады, әңгімелесулерде күз туралы түсініктері нақтылана толықтырылып бекітіледі, фильмдер көрсетіледі. Қыста: Балалардың қысқы ауа-райының сипатты белгілері ағаштардың, ормандағы құстар мен аңдардың тіршілігі туралы білімдерін кеңейту және қорытындылау мақсаты көзделеді. Еңбек дағдыларын қалыптастыру, жанды нәрселерге ұқыптылықпен қарау сезімін тәрбиелеуді жалғастыра беру. Қар жауып тұрған кезде балаларға қара қоңыр қағаз қиындысын беріп, оған қар ұшқынын тосып алып, оны анықтап қарап, соңынан суретін салуды ұсыну, бала қиялын ұштау. Қыс туралы ұғымын толықтыра отырып, күнделікті байқау, кештің ерте түсуі, ай мен жұлдыздардың шығуы, ауа-райы құбылыстарына қардың жаууы, аяз, боранның болуы назар аудару. Көктемде:Табиғаттың көктемгі құбылыстары, олардың себептері туралы, көктемдегі адамдардың еңбегі жайында балалардың білімдерін толықтыру қажет болады. Көктем ұғымын қалыптастыру. Өлі табиғаттағы өзгерістерді күннің ұзаруын, сеңнің жүруін, өсімдіктер дүниесіндегі ағаштар мен бұталардың бүр жаруын, алғашқы жапырақтың шығуын, көктемгі гүлдердің гүлденуін байқау. Жәндіктердің іс-қимылдарын бақылату арқылы балалардың түйсіктерін толықтыру. Құстардың ұшып келуін, ұя салып, балапандарына жем беруін бақылай отырып, қарлығаштың ұясы туралы әңгімелеп беру, құстардың пайдасы, оларды қорғау, қамқорлыққа алу жөнінде әңгімелесу. Мысалы, тоқылдақты ағаштың арасынан құрттарды теріп жейтіндігінен ағаш дәрігері аталғаны, ал қарлығаштың ұшуына қарап, олар шарқ ұрып ойнап, күн нұрына шомылып жүр дейміз, ал шын мәнінде үнемі жұмыс істеп құрттарды аулап жүретінін, сондай-ақ тоқылдақ, қарлығаштардың суреті салынған көрнекі құралдарды пайдалана отырып әңгімелеу.
Тәрбиеші балаларды әдемі гүл мен, жағымды иісімен қызықтыратын шөптесін өсімдіктермен таныстырады. Ойлау қабілетін дамыту үшін өсімдіктерді атағанда кейбір өсімдіктердің атауларына және олардың ерекшелігіне назар аударған дұрыс, мысалы: жолжелкен -- жол бойында өседі, шырмауық -- басқа шөптерге оралып, шырмалып өседі, т.б. Сондай-ақ табиғаттағы жаз құбылыстары, ерекшеліктері туралы бүлдіршіндердің ой өрісін дамытып, толықтыру, өсімдіктерді күту, жануарларға қамқорлық жөніндегі адам еңбегіне тоқталу. Жаз күнінін ұзақтығы, жаңбыр, найзағай, кемпірқосақ туралы түсініктерін нақтылау. Серуен, экскурсия кезінде жаздың әр кезеңінде гүлдейтін өсімдіктердің, жемістердің пісуін, құстардың көбеюін бақылау. Гүлдерді жинау, шоқгүлдер тобын жасау арқылы топ бөлмелерді безендіру. Табиғат бұрышында балалар бөлме ішінде өсімдіктерді суарып, гүлдердің түбін қопсытады, сондай-ақ аквариумды, құс торларын тазартады,өсімдіктер мен жануарларды дұрыс күту мен олардың жақсы жағдайдаболуы арасындағы байланысты анықтауға үйретіледі. Табиғат мүйісінін эстетикалық көркемдігіне балалар назарын үнемі аударып отыру. Бұл топта тәрбиешінің суреттерді, диафильмдер мен көркем әдебиетті оқуды пайдалану арқылы әңгімелесулеріне көп орын беріледі және табиғат құбылыстары туралы өз елінің табиғатын қорғап, қамқор бола білу қасиеті бойына сіңіріледі.
Балабақшадағы экологиялық тәрбие жұмысының және бір арнасы - адамгершілік тәрбиеге саяды. 1. Адамгершілік тәрбиесінің мәнісі баланың адамдарға, айналадағы ортаға, туған өлкенің табиғатына деген сүйіспенішілігін, қамқорлығын арттыруды көздейді. Туған өлкеге сүйіспеншілікті тәрбиелеудің негізгі құралы -- ұлтгық тілі, мәдениеті, көркем өнер туындылары. Бала әдеби шығармаларды: өлең, ертегі, жұмбақ, жаңылтпаш, мақал-мәтел, аңыз-әңгіме, батырлар жырын тыңдау арқылы ана тілінің құдіреттілігін сезінумен қатар, оны сүюді үйренеді. Адам табиғат пен өмірдің бар қызығын ән-жырға қосып, оның әдемі де сұлу көріністерін бала санасына ән арқылы жеткізе білген. Халық балаға табиғаттың құпия сырларын ән арқылы жеткізумен бірге, өмір сүрудің негізгі көзіадал еңбекке де баули білген. Оларға арнап мақал-мәтел, тақпақ, жаңылтпаштар, жұмбақтар, қанатты сөздер, ертегілер шығарып, күнделіктібала тәрбиесіне қолданған. Тәрбиенің осындай мол мұралары арқылыбаланың сезімін оятып, рухани дүниесін байытқан, айнала қоршаған дүниені танытып, еңбекке баулыған және де табиғат өсімдігімен қатар кең даладағы құстардың сан алуан дыбыстарымен, жабайы аңдардың үй жануарларының үнімен таныстырып, танымдық қызығушылығын арттырған.Бала зейінін құстар сайраған дауысына, судың сылдырына, жапырақтардың сыбдырына аудара отырып, жыл мезгілдерінің ауысуына байланысты осы құбылыстардың өзгеруін түсіндіру ғана емес, айналасындағы ортада болып жатқан өзгерістерді өздігінше бақылай білуге де үйрету қажет. Мұны бала психологиясын жетік білетін, туған елінін табиғатын сүйетін, жаны нәзік тәрбиеші ғана істей алады.

1.2 Экологиялық тәрбие арқылы балалардың табиғатқа қызығушылықтарын арттыру маңызы

Табиғат - біздің ортақ үйіміз. Табиғатқа деген сыйды жоғалту адамзаттың адамгершілік құндылықтарын жоғалтуға әкеліп соқтырады. Қазіргі уақыттағы әлемдегі экологиялық жағдай адам көзқарасының өзгеруін талап етеді. Өсіп келе жатқан ұрпақта жаңа экологиялық сезім қарастырылуы керек деп санаймын. Келешекте балалар кім болса да, олар қоршаған ортада рөлдерін бөліп, табиғат заңдылықтары бойынша өз түсініктері болуы керек. Экологиялық тәрбие мен білім беру - қазіргі таңдағы айқын бағыттардың бірі. Экологиялық мәдениеттілікке тәрбиелеу неғұрлым ерте басталса, соғұрлым оның болашағы зор болмақ. Баланың сәби кезінен экологиялық мәдениеттілік санасын тәрбиелеу - осы мәселелердің шешілу жолдарының бірі болып табылады. Мектепке дейінгі ұйымдардағы экологиялық тәрбие берудің маңызды міндеті - балаларды табиғаттың әсемдігін көріп түсіне білуге, тірі табиғатқа қамқор бола білуге үйрету және экология саласы бойынша нақты білім беріп, аймақта қолданылатын ресурстары шектеулі екенін түсіндіру керек. Біз баланы табиғатты пайдаланып қана қоймай, оған қамқор болуға, оны күтіп аялауға үйретуіміз керек. Экологиялық білім берудің басты міндеттері:
- өсімдіктермен жануарларды күте білу дағдыларын қалыптастыру.
- қоршаған ортада алған әсерлерін жеткізе білу, эмоциялық көңіл-күйлерін басқара білу дағдыларын жетілдіру.
- қоршаған ортаны сүйе, табиғатты қорғай білуді жүйелі түрде жүзеге асыру. табиғат пен бала арасындағы оңтайлы қарым-қатынас орнату.
- адамның табиғаттағы тіршілік әрекеті және жеке гигиена жайындағы білімдерді тиімді жолдарымен жеткізу.
Экологиялық тәрбие жұмысын жүргізу, оқытудың негізгі формалары бақылау, қызықтау, серуен болып табылады. Тәрбиешінің табиғи нысандары мен табиғат құбылыстарын бақылауды ұйымдастыруы, балаларды табиғатпен таныстырудың негізгі мәселесі болып есептеледі. Қызықтау кезінде балаларды таза ауада , көз тартар әдемі гүлдер мен ағаштар арасында болуы көтеріңкі көңіл- күймен катар табиғат сұлулығын сезіне білуіне зор әсер ететіні анық. Ал серуен кезінде, тәрбиеші балаларды табиғатпен таныстырып, өсімдіктерге су құю, құрғақ жапырақтарды бірге жинау, ағаш түптерін тазалау т.б. сияқты қарапайым еңбек түрлеріне қатыстырады. Мұндай еңбек түрлерін орындау, балалардың еңбекке деген жауапкершілік сезімдерін дамытып, ынтасын арттырады. Экологиялық тәрбие жұмысын ұйымдастыруда тәрбиенің негізгі салалары болып табылатын адамгершілік, эстетикалық еңбек, имандылық тәрбиелерімен сабақтаса жүргізу басшылыққа алынады. Балаларға мазмұнда көрсетілгендей өлі және тірі табиғатпен одан әрі таныстырып, табиғат құбылыстары жайында бастапқы жалпылама ұйымдарды нақты түрде меңгеру ұсынылады. Жыл мезгілдерінің ерекшелігіне орай күзгі табиғат құбылысы (жаңбырдың жаууы, адамдардың пайдалы іс әрекеті, ауладағы жапырақтарды жинау, жылы жаққа ұшатын құстарды бақылау, т.б.). Қыстап қалған құстарға қамқорлық, табиғат бұрышындағы құстар мен өсімдіктерді күту, балыққа жем беру. Ерте көктемде ұшып келетін құстарға үлкендер көмегімен дайындалған ұяларға жем шашу, ауладағы гүл, көкөніс өсімдіктерін өсіруге жәрдем беру. Бүршік жарған ағаш бұтақтарын (бұтақ, бүршік, өсімдік) т.б. мағынасына сай түсіндіру. Наурыз мерекесінің қарсанында жас шыбықтар отырғызып, оны күтуді күнделікті әдет дағдыға айналдыру. Көктемнің әдемі келбетін жырлайтын өлең жолдарын әнге қосу, сөз жұмбақтар шешу, дидактикалық, қимылды ойын түрлерін пайдалану, өз ойларын табиғат көрінісінің суретін салып, әңгімелеп айтып беру. Жаз кезінде тәрбиешілердің ұйымдастыруымен өзен-көл жағасына, баққа, гүл алаңына барған кезде айналаның тазалығына мән беру. Бұл әр баланың жауапкершілік дағдысын, ұжымдық бірлігін арттыруда, балалардың ойлау тұтастығын, яғни табиғатты қорғау көзқарасын дамыту үшін, жыл мезгіліне сай мақсат-міндеті айқындалған экологиялық тәрбие жұмысы оқу жылының өн бойында жүргізіліп отырады. Экологиялық тәрбие берудің басты мақсаты бала бойында азаматтың барын, білім, көзқарас пен сенім жүйесін орнықтыру болып табылады. Бұл қоршаған ортамен қарым-қатынаста тәрбиелік, ұқыптылық ережелерін орындау, табиғатты аялап, оған қамқорлық таныту қабілетін дамытуда негізделеді. Балаларды мектепке дайындауда экологиялық тәрбие жұмысы мынадай міндеттердің негізінде жүзеге асырылады:
* Балаларды өсімдіктер мен жануарларды күтіп баптауға баулу, олардың бойында қабілет пен икемділікті орнықтыру.
* Табиғаттың сан алуан сырлары мен байлықтары жөнінде эстетикалық және ұлт жандылық сезімдерін дамыту.
* Табиғатта барлық нәрсенің бір-бірімен өзара байланыста болатынын түсіндіру және оған байланысты күнделікті өмірде ескеру қажеттігін үйретіп отыру.
* Балабақшада табиғат жөнінде қарапайым білім бере отырып, осының негізінде тірі және өлі табиғаттағы құбылыстар жөнінде жалпылама және нақты түсініктерді меңгерту.
К.Д.Ушинский "Баланы табиғатпен жастай таныстыра дамыту, оның өзіндік логикалық ойлауын, сөздік қорын, санасының жетілуіне әсері мол екенін атап көрсеткен. Логикалық ойдың, пікірдің дамуы баланың келешекте рухының жоғары болуына, батыл пікір, нақты шешім айтуына және оны дәлелдеп беруге жетелейді, - деген. Сондықтан мектеп жасына дейінгі балаларға табиғат жайлы білім берген маңызды. Балаларды әр жыл мезгілімен таныстыра келе, оның әр бір өзгерістері жайлы, сонымен қатар әсемдігі мен әдемілігі жайлы, сұлулығы мен бір-біріне ұқсамайтын ерекшеліктері жайлы, жануарлардың түрлері мен өсімдіктердің сан алуандығы, тіпті тастар мен құмдар, ауа, су, бұлт, барша ғаламға жылу мен жарық сәулесін шашқан күн мен қараңғы аспанда өз сұлулығымен әрленген жұлдыздар мен ай жайлы, жалпы өлі табиғат пен тірі табиғат жайлы түсініктер, тіпті олардың адам өміріне пайдасы мен зияны жайлы серуен кезінде ұйымдастырылған оқу қызметі кезінде білім берудемін.
Балабақша өміріндегі экологиялық тәрбиені отбасындағы қалыптасқан дәстүрлі тағылымдарды басшылыққа ала жүру. Міне, осы міндеттердің барысында балалардың экологиялық таным-түсінігін тереңдетіп, олардың табиғатқа деген жаңа мәдени қарым-қатынасын бекіту. Мұндай жұмыс түрі балалардың физиологиялық даму, психологиялық жас ерекшеліктерін ескеріп, әдіс-тәсілдерді шебер пайдаланып, шығармашылықпен жұмыс істейтін біздер сияқты тәрбиешілер басшылығымен жүргізіледі. Оқу жоспарында экологиялық тәрбие жұмысын аптасына бір рет, айналамен таныстыруды бір рет өткізілу көзделген. Экологиялық тәрбиенің психологиялық аспектілеріне орай бала табиғатқа жанашырлық, қамқорлық және еңбекқорлық, белсенділік, ұқыптылық сияқты дағдыны меңгереді. Экологиялық тәрбие тақырыбына сай іріктеліп, бала жасына сай алынуы тиіс, мүндай шығармаларды тәрбиешінің қарапайым тілмен жеткізе білуі баланың табиғатқа деген жауапкершілік қарым-қатынасын арттырып, әрекет түрлерін меңгеруге мүмкіндік береді. Тәрбие жұмысы кезінде ұлттық ерекшелікті сақтай білу, ертегіні кейіпкерлендіру, қызықты сәттер, проблемалық жағдайлар, ойын түрлерін, ырым-тиым сөздерді ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Табиғатпен таныстыру кезінде балалармен серуенді ұйымдастыру
Мектеп жасына дейінгі балаларды қоршаған ортамен таныстыру
Қоршаған ортамен таныстыру ұйымдастырылған оқу іс әрекетінде қолданылатын дидактикалық ойындар және оның маңызы
Балалардың табиғатпен таныстыру туралы түсінік қалыптастыру және олардың маңызы
Оқушылардың экологияны оқуға қызығушылығын арттыру
Мектеп жасына дейінгі кіші топ балаларының экологиялық мәдениетін қалыптастыру
Мектеп жасына дейінгі балаларға табиғат туралы ұғымды қалыптастыру
Мектеп жасына дейінгі балалаға экологиялық тәрбие берудің формаларын жас және дербес ерекшеліктеріне қарай топтастырып, дұрыс пайдалану
Табиғатпен танысу барысында мектепке дейінгі балалардың танымдық қызығушылығын дамыту
Мектеп жасына дейінгі ересек балаларға табиғатпен таныстыру үрдісінде эстетикалық тәрбие беру
Пәндер