Экологиялық факторлар әсеріне организмдердің жалпы заңдылықтары


Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Академик З. Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік-техникалық университеті
БЕКІТЕМІН
Оқу-ісі жөніндегі проректоры
А. А. Лучанинова
«» 2021ж.
ПӘННІҢ ДӘРІС КЕШЕНІ
Пәні : Экология және тіршілік қауіпсіздік негіздері
Қостанай
2021
«Экология және тіршілік қауіпсіздік негіздері» пәнінен дәріс кешенін Жаратылыстану ғылымдар кафедра мәжілісінде қаралып талқыланды
Хаттама № 1 "__" тамыз 2021 ж.
Жаратылыстану ғылымдар кафедрасы меңгерушісі
Мунарбаева Б. Г.
(қолы)
«Экология және тіршілік қауіпсіздік негіздері» пәнінен дәріс кешенін педагогикалық факультетінде әдістемелік бірлестігінің мәжілісінде талқыланып, мақұлданған
Хаттама № 1 "__" тамыз 2021 ж.
Имакова Л. Б.
(қолы)
Пәннің дәріс кешені
1. Оқытушы жайында мәлімет
Кабишева Т. - академик З. Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік- техникалық университетінің «Жаратылыстану ғылымдар» кафедрасының б. ғ. к., доценті.
Тайлекбаева Ардак Кабденовна - академик З. Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік- техникалық университетінің «Жаратылыстану ғылымдар» кафедрасының оқытушы, биология ғылымдарының магистрі
«Жаратылыстану ғылымдар» кафедрасы, кабинет 604,
оқу корпусы № 1. Қобыланды батыр көш. 27.
Телефон: 55-16-80 (119)
2. Пән туралы мәліметтер:
Пән атауы: Экология және тіршілік қауіпсіздік негіздері
Білім беру саласы: 6В01 Педагогикалық ғылымдар
Даярлау бағыты:
Мамандығы: 6В01612 История
Курстық жұмыс/ жоба
Өткізілетін орны мен уақыты: сабақ кестеге сәйкес өткізіледі.
3. Пәннің пререквизиттері: химия, биология, физика, география және математика (мектеп бағдарламасының шегінде) .
4. Пәннің постреквизиттері: мамандықтың оқу жоспарына сәйкес пәндер
5. Сабақ түрлері бойынша сағаттар мен баллдарды бөлу:
Тұрақты даму стратегиясы, мақсаты.
Тұрақты дамудың экономикалық қағидалары
6. Дәріс тезистері:
1-дәріс тақырыбы: Экология және қазіргі өркениет мәселелері. Аутэкология-ағзалар экологиясы
Жоспары:
1. Экология туралы түсінік.
2. Экология қалыптасуының және дамуының қысқаша тарихы.
3. Экологияның ғылым ретінде анықтамасы
4. Экология бөлімдері.
5. Экологияның зерттеу әдістері.
Қоршаған ортаның күрделі проблемаларын зерттейтін, ғылыми тұрғыдан ұсыныстар жасайтын ғылым саласын экология дейміз.
Ол гректің “oicos”-“үй, мекен, жай” деген мағынаны білдіреді. Экология бір ортада өмір сүретін организмдерді зерттейді, олардың басқа организмдермен және қоршаған ортамен ара қатынастарын анықтап, жиынтық қорытынды жасайтын ғылым. Сондықтан «экология» қоршаған ортаны сақтаудың ғылыми негізі болып саналады . Ең алғаш «экология» деген сөзді 1858 жылы пайдаланған Генрих Девид Торо.
Экология терминін ғылымға бірінші болып енгізген 1866 ж. белгілі табиғат зерттеушісі, дәрігер, аса дарынды неміс ғалымы Эрнест Геккель. Э. Геккель экологияға мынандай анықтама берді . Экология табиғаттың экономикасын білу, сонымен қатар тірі организмдердің осы ортаға басқа органикалық және органикалық емес заттардың ара қатынасын, өсімдіктер мен жануарлардың, олардың достары мен жауларының бір-бірімен байланыстарын зерттеу.
Экологияның даму ағымы өте ерте кезеңді қамтиды. Организмдердің ортамен байланыстары және олардың қоршаған орта жағдайларына тәуелділігі туралы пікірлер антикалық философтардың еңбектерінде кездеседі . Өсімдіктер туралы осындай жоспарда Эмпедокл және Теофраст (IIIғ. б. э. д) жазған, ал жануарлар туралы - Аристотель (Ivғ. б. э. д) жазған. Экология ғылымының дамуына А. Гумбольдтің, Ч. Дарвиннің, К. Рулье, Н. Северцов және басқалардың еңбектері үлкен үлесін қосты. А. Гумбольдтың (1769-1859) еңбектері өз уақыты үшін өте елеулі болды. Ол өз бетімен жеке Солтүстік және Оңтүстік Американы, Орталық Европаны, Сібірді, Алтайды, Каспий жағалауларын зерттеді. Сөйтіп ол өсімдіктер географиясын қалыптастырды, жер бетіндегі өсімдіктер дүниесінің таралу заңдылығы туралы рекше ғылым ретінде және өсімдіктер тіршілігін зерттеуде экологиялық бағыттың негізін салды. XIX ғ. ортасында Ресейде К. Ф. Рульенің еңбектері биологиялық ғылымдағы экологиялық бағытының дамуы үлкен әсер етті. Оның еңбектері зоологиядағы экология бөлімін қалыптастырды. XIXғ. соңында Дарвиннің ілімі арқасында экология организмдердің адаптациясы туралы ғылымға айналды . Дарвиннің анықтамасы бойынша, экология -бұл табиғаттағы барлық күрделі өзара байланыстар мен өзара қатынастарды зерттейтін ғылым, тіршілік үшін күрес жағдайы ретінде. XXғ. 60-жылдарынан бастап, экология дамуында жаңа кезең басталды, экология дамуында жаңа кезең басталды, ол барлық елдерде экологиялық зерттеулердің күрт өсуімен сипатталады. Үнемі әртүрлі экологиялық проблемалар бойынша ақпараттар саны өседі. Мысалы, қоршаған ортаның өзгеруі туралы, өсімдіктерді қорғау туралы және т. б. фактілер саны көбейе түсті.
Сонымен экология пәнінің арнайы мақсаты мен міндеттері бар.
Экология ғылымының ең басты мақсаты - биосфера шегіндегі ғаламдық мәселелерді бақылай отырып, ондағы тіршіліктің тұрақтылығын немесе тепе-теңдігін сақтау.
Экология ғылымының негізгі міндеттері:
1. организмдердің бір-бірімен қарым-қатынастары мен қоршаған табиғи ортасын зерттеу;
2. табиғи ресурстарды, оларды тиімді пайдалану және қорғаудың ғылыми-теориялық негіздерін жасау;
3. адам, қоғам, табиғат арасындағы гормониялық байланыстарды реттеу;
4. биосфера шегіндегі географиялық заңдылықтардың тұрақтылығын сақтауды қамтамасыздандыру;
5. биосферадағы тіршілікті қалыпты сақтауды ғаламдық ноосфералық деңгейге көтеру;
6. көпшілікке үздіксіз экологиялық білім мен тәрбие беру және экологиялық санасын, мәдениетін қалыптастыру;
7. экологиялық қауіпсіздікті сақтау.
2. Экологияның ғылым ретінде анықтамасы, оның қалыптасуының қысқаша тарихы.
Э. Геккель экологияға келесідей анықтама берді: « Бұл табиғаттың экономикасын танып білу, ортаның органикалық және бейорганикалық компоненттері мен тірілер арасындағы барлық өзара қатынастарды бір уақытта зерттеу».
Ч. Дарвин бойынша: «Экология-табиғаттағы барлық күрделі өзара байланыстар мен өзара қатынастар, тіршілік үшін күрес ретінде қарастырылатын ғылым».
Ф. Клементс (АҚШ) 1920 ж. Экологияны қауымдастық туралы ғылым деп атады.
Ч. Элтон (Ұлыбритания) 1937 ж. Экологияны жануарлардың социологиясы мен экономикасына қатысты, табиғи тарих ретіндегі ғылым деп анықтады.
Х. Б. Одум (АҚШ) 1959ж. Экологияны табиғаттың құрылымы мен қызметін зерттейді деп атады.
Ф. Энгельстің айтуынша, «ғылымның ең бастапқы қалыптасуы мен дамуы өндіріске тәуелді», дейді.
Басқа жұмысында(1868ж. ) Геккель жазған: «Біз экология деп экономика туралы, жануар организмінің үй тұрмысы туралы ғылымды ұғынамыз» дейді. Осындай жоспарда өсімдіктер туралы Эмпедокл (б. э. д. IVғ. ) жазған, Теофраст (IIIғ. б. э. д. ) , ал жануарлар туралы Аристотель(IVғ. б. э. д. ) жазған.
Экологияның дамуына үлкен үлес қосқан А. Гумбольдтың, Ч. Дарвиннің, К. Ф. Рульенің, А. Северцовтың және т. б. еңбектері болды.
Өз уақытында Александр Гумбольдтың (1769-1859) еңбектері елеулісі болды. Ол Оңтүстік және Солтүстік Американы, Орталық Европаны, Сібір, Алтай, Қытай жерлерін зерттеп, Өсімдіктер географиясын жасады. Ол оны жер бетіндегі өсімдіктердің таралу заңдылықтары туралы ерекше ғылым ретінде қарастырып, өсімдіктер тіршілігін зерттеуде өсімдіктер географиясында экологиялық бағыттың негізін салды.
XIXғ. ортасында Ресейде биологиялық ғылымның экологиялық бағытының дамуына үлкен үлес қосқан К. Ф. Рулье(1814-1858) болды. Осы ғалымның еңбектері арқасында зоологиядағы экологиялық бөлім қалыптасқан. XIXғ. соңында Ч. Дарвиннің ілімі негізінде экология - организмдердің адаптациясы туралы ғылымға айналған. Дарвиннің анықтамасы бойынша, экология- тіршілік үшін күресті туындатушы жағдайлар ретінде, табиғаттағы барлық күрделі қарым- қатынастарды зерттейтін ғылым дейді. XXғ. 60-жылдарының басында, экология дамуында жаңа кезең басталды, ол барлық елдерде экологиялық зерттеулердің жылдам өсуімен сипатталады.
3 Экология бөлімдері.
1. Аутэкология - особьтар экологиясы. Аутэкология бір түрдің өкілінің (особьтың) қоршаған ортамен өзара қарым- қатынасын зерттейді. Басқаша айтқанда, осы организмге қоршаған орта факторларының әсерін және оларға осы особьтың табиғи реакцияларын зерттейді.
2. Демэкология- популяциялық экология. Популяция дегеніміз белгілі ареал бөлігінде ұзақ тіршілік етіп, еркін будандаса алатын бір түр особьтарының жиынтығы.
Демэкология популяцияның қалыптасу жағдайларын, құрылымы мен динамикасын зертейді. Ол популяция санының өзгеруін, бұл құбылыстың себептерін зерттейді.
3. Синэкология- қауымдастық экологиясы. Қауымдастықдегеніміз белгілі ареалда мекендейтін, әртүрлі түрлерден құралған, тірі организмдер жиынтығы Синэкология экожүйелердің шекараларын салумен айналысады, сондықтан оны биогеноценологиялық экология деп те атайды.
4. Экологияның негізгі бағыттары
Қазіргі уақытта экология ғылымының көптеген бағыттары бар:
1. Классикалық экология - биологиялық жүйелердің қоршаған ортамен байланыстарын зерттейді.
2. Глобалъды экология - биосфераның бірлігін және тұтастығын зерттейді.
3. Қоғамдық экология - қоғам мен қоршаған орта жүйесіндегі байланыс пен тәуелділікті қарастырады.
4. Геоэкология - әртүрлі деңгейдегі геожүйелерді және оларғаантропогендік өзгерістердің әсерін зерттейді.
5. Адам экологиясы - адамның табиғи мәнін, оның тіршілік
ортасының экологиялық факторларының денсаулыққа әсерін зерттейді.
6. Қолданбалы экология -агрожүйе байланыстарын, қалаэкожүйесін, техносфераның қоршаған ортамен байланысын зерттейді.
7. Экологиялық мониторинг - бұл қоршаған орта жағдайын
болжау, бағалау, талдау мен бақылау жүйесі.
5. Экологиялық зерттеу әдістері.
Экологиялық ғылымның далалық, лабораториялық және эксперименттік зерттеу әдістері бар. Далалық зерттеу әдісі - далалық жағдайда жүргізіледі. Зерттеу обьектілері - особь, популяция, түр және олардың табиғи бірлестіктері (биоценоз, биогеоценоз, экожүйе), т. б. болуы мүмкін. Далалық зертеулер белгілі бір түр, популяция, биоценоз, экожүйе, өзен-көлдер, т. б. обьектілерінің жәйі, сандық қатынасы немесе сапасы, ауытқулар мен өзгерістер, абиотикалық, биотикалық, антропогендік факторлардың әсері, уақыт пен кеңістікке қатысты олардың көбеюі, құрып кетуі, апаттардың болу себептері туралы жалпы мағлұматтар мен материалдар жинақталады. Материлдарды жинақтау жылдың барлық мезгілінде және бірнеше жылдар бойы жүргізіледі. Лабораториялық зерттеу әдісінде - далалық материалдар лабораториялық жағдайда өңделеді.
Зерттеу обьектілері лабораториялық жағдайда эксперимент арқылы тексеріліп, бақылаулар, тәжірибелер жүргізіледі. Экологияда математикалық әдістер мен модельдеу жиі қолданылады. Соңғы жылдары биоэкологиялық зерттеулер мен құбылыстарды модельдеу қолданылып жүр.
Бақылау сұрақтары:
1. Экологияның ғылым ретінде анықтамасын беріңіз.
2. Экологияның міндеттері мен зерттеу әдістерін атаңыз.
3. Экология білімінің қалыптасуы мен даму сатыларын анықтаңыз.
4. Әртүрлі критерийлерге сәйкес экологияның бөлімдерін көрсетіңіз.
5. Экология мен басқа іргелі пәндер арасындағы қатынасты көрсетіңіз.
6. Тіршілік деңгейлерін көрсете отырып сызба жасаңыз.
2-дәріс тақырыбы: Демэкология-популяциялар экологиясы, Синэкология-бірлестіктер экологиясы
Жоспары:
1. Аутэкология -экологияның бір бөлімі.
2. Тіршіліктің пайда болу теориясы.
3. Биосфера эволюциясы.
4. Организдердің негізгі тіршілік орталары:
5. Биологиялық ырғақтар. Фотопериодизм.
1. Аутэкология бір түрдің өкілінің (особьтың) қоршаған ортамен өзара қарым- қатынасын зерттейтін экологияның бір бөлімі.
Аутэкология(грекше autos - өзі) қоршаған ортада организмдердің тіршілік шегін анықтайды және әрбір организмнің қоршаған орта жағдайына бейімделушілігін, орта факторларының әсеріне организмнің жауап беру реакциясын зерттейді. Аутэкология терминін ғылымға 1896 жылы Швейцар ботанигі К. Шретер енгізген.
Экология тірі жүйелердің өзара және қоршаған ортамен байланысын зерттейтін ғылым екені белгілі. Аутэкология тірі жүйе ретінде бөлек, дара организмдерді, ал орта ретінде барлық оны қоршайтындарды қарастырады.
Әрбір организмнің ортасы оны қоршаған көптеген органикалық және бейорганикалық элементтері және шаруашылық нәтижесінде түзілген. Кейбір элементтер организмге қажетті, кейбіреулерінің қажеттілігі жоқ, ал үшіншілері зиянды әсерін тигізеді. Мысалы, ормандағы ақ қоян ауамен, сумен, қорекпен-белгілі-бір қарым - қатынаста болады, бұларсыз қоян тіршілік ете алмайды. Ағаш діңі, түбіртегі, топырақтың төмпешігі-оның өміріне әсер етпегенмен, қоян олармен уақытша қарым-қатынаста болуы мүмкін, бірақ ол міндетті түрдегі байланыс емес. Ал жыртқыштармен немесе табиғат апаттарымен (өрт, су тасқыны) кездесу қоян үшін қайғылы аяқталуы мүмкін.
Қоршаған ортаға барлық табиғи орта және техногенді орталар жатады. Табиғи орта - Жер бетіндегі адамдардың байланысынсыз пайда болған және бұрынғы ұрпақтардан қалған орта. Техногенді орта - адамның көмегімен түзілген орта.
"Қоршаған орта"түсінігін экологияға биолог Я. Юкскюл (1864-1944) енгізген. Ол, тірі организм мен олардың тіршілік ортасы, субъект және обьектінің (кім, нені, кімді зерттейді) бір-бірімен өзара байланысты және олардың барлығы бір жүйені - қоршаған ортаны түзеді деп есептеген. Қоршаған ортаға организм бейімделу процесінде оның элементтерімен байланысып және одан әртүрлі заттар, энергия, ақпараттар қабылдайды және береді.
"Қоршаған орта", "тіршілік ортасы', "өмір сүру ортасы', "тіршілік орны" мағыналары жағынан өте ұқсас болғанымен, олардың бір-бірінен айырмашылықтары бар. Қоршаған орта -организмдерді қоршайтын және олардың құрылысы мен қызметіне тікелей немесе жанама әсер ететін факторлар.
2. Тіршіліктің пайда болу теориясы.
1. абиогеноз теориясы(тірінің өліден пайда болуы)
2. биогеноз теориясы (тіріден тірінің пайда болуы)
Тіршілік - зат алмасу және көбею сияқты ерекше қасиеттермен сипатталады. Жердегі тіршілік дегеніміз негізінен нуклейн қышқылдары мен ақуыздың өзара әрекеттесу функциясы болып табылады. Нуклеин қышқылы-нуклеотид полимерлері болып табылады, ал ол кезегінде азоттық негізден, центоздан және фосфаттан тұрады. Ақуыздар-бұлар да полимерлер және амин қышқылдардан тұрады, ақуыз функциясы - ферментативтік.
Джон Берналдың теориясына сәйкес, тіршіліктің пайда болу тарихы 3 негізгі бөлімге бөлінеді: атомнан молекулаға дейін, молекуладан полимерге дейін, полимерден организмге дейін.
1-сатысында өмір үшін сипатты содан метаннан және аммиактан аралық молекула қалыптасқан. Олар, негізінен көміртектік азоттық қосылысты, жай күрделілігі бар қосылыстар-амин қышқылдар және органикалық негізді-аденин. Олар Опаринмен Холдейн гипотезаларына сәйкес «первичный бульон» құрамды бөлігі болып саналады.
2-сатыдағы процесс-бұл молекулалардың полимеризациялануы, шешуші жағдайға алып келетін динамикалық ұйымдастыру процесінің пайда болу, оны біз тіршілік деп атаймыз.
3-сатысында организмдердің дамуы және олардың ішкі ұйымдастыруларының қалыптасуы жүреді, ол жәй метаболизмдік ортадан организмдік деңгейге ауысу, яғни қоршаған өлі табиғаттан даралану.
2. Биосфера эволюциясы.
Палеонтологиялық мәліметтер бойынша:
1. протерозой эрасында (700млн. жыл бұрын) - бактериялар, балдырлар, қарапайым омыртқасыздар пайда болды. 2. палеозой эрасында (365 млн. жыл бұрын) - жер беті өсімдіктер, амфибиялар пайда болды; 3. мезозой эрасы- (185 млн. жыл бұрын) - сүтқоректілер, құстар, қарағай өсімдіктері пайда болды; 4. кайназой эрасы-(70млн. жыл бұрын) - қазіргі заманғы өсімдіктер мен жануарлардың топтары пайда болды.
4. Организдердің негізгі тіршілік орталары:
Т іршілік ортасы дегеніміз - кез келген организмнің өсіп-өніп, көбеюіне, ұрпақтарын жалғастыруға қолайлы табиғи, тарихи қалыптасқан орта.
Біздің планетамызда бір-бірінен айырмашылығы бар бірнеше негізгі тіршілік орталарын бөлуге болады. Олар: су - тіршілік ортасы, жер - ауа -тіршілік ортасы, топырақ - тіршілік ортасы, тірі организмдердің денесі.
Су - тіршілік ортасы
Мұхиттар мен теңіздер екі экологиялық облыстарға бөлінеді: су қалыңдығы-пелагиаль; судың түбі-бенталь.
Тіршілік іс-әрекеттерінің әртүрлілігіне қарамастан барлық су мекендеушілері өз ортасының негізгі ерекшеліктеріне бейімделуі тиіс. Бұл ерекшеліктер ең алдымен судың физикалық қасиеттері: су тығыздығымен, жылу өткізгіштігімен, тұздар мен газдарды еріту қабілеттілігімен анықталады.
Сутығыздығы - оның итерушілік күшімен анықталады. Тез жүзуге қабілетсіз көптеген ұсақ жәндіктер суда қалқып жүреді. Су ағынымен бірге жүріп, тіршілік ететін ұсақ организмдер жиынтығы планктон деп аталады. Оларға ұсақ балдырлар, бактериялар, ұсақ шаяндар, балық уылдырықтары және дернәсілдері, медузалар, кейбір ұлулар және т. б. түрлер жатады. Планктонды организмдер су ағысымен қозғалады, өйткені олар ағысқа қарсы тұра алмайды. Суда планктондардың болуы - қоректенудің фильтрациялық типінің болуына мүмкіңдік береді. Қоректенудің бұл типі теңіз лилиясы, мидия, устрица сияқты теңіз түбінде отырыңқы тіршілік ететін жануарлар мен қатар, жүзгіштерде де дамыған. Судан сүзіп алынған сүзінділер бұл жануарлардың қорегі болып табылады.
Судың тығыздығы суда тез қозғалуға кедергі жасайды, сондықтан тез жүзетін балықтар, дельфиндер, кальмарлар сияқты жануарлардың бұлшық еттері жақсы жетілген және денесінің пішіні доғалданған. Жарық судың тек аздаған тереңдігіне ғана өтеді, сондықтан өсімдіктер судың жоғары беткі қабаттарында ғана өседі, ал өте тереңдікте өсімдіктер болмайды.
Судың жылу режимі - құрлыққа қарағанда суда тұрақтылау болады. Жылудың жылдық өзгеру құбылысы мұхиттың жоғары қабатында 10-15°C, ал континентті суларда 30-35°C аралығында өзгеріске ұшырайды. Сулардың терең қабатында жылу тіпті өзгеріске ұшырамай, бірқалыпта болады.
Су организмдерінің тіршілігін тежейтін негізгі фактор - оттегінің шектеулі мөлшері. Оның ерігіштігі өте жоғары емес және су ластанғанда немесе қайнағанда оттегінің мөлшері азаяды. Сондықтан тоғандарда әркезде оттегінің жетіспеушілігінен су мекендеушілерінің жаппай өлімі кездеседі.
Ортаның тұздылық құрамы су организмдері үшін өте маңызды. Теңізде тіршілік етуші түрлер тұщы суда, ал тұщы суда мекендеушілер, керісінше, теңізде тіршілік ете алмайды. Әлемдік теңіз суында жерде кездесетін элементтердің барлық түрі кездеседі. 1 л суда еріген минералды заттардың массасы -тұздылық деп аталады. Тұздылық бірлігі промилле (%), ол 1 л суда еріген 1 г заттың қатынасы.
Су ортасының мекендеушілерін экологияда гидробионттар деп атайды. Су факторларына байланысты гидробионттарды бірнеше экологиялық топтарға бөледі.
Планктон дегеніміз судың беткі қабатында оның ағысымен қалқып жүретін ұсақ омыртқасыз жәндіктер. Планктондардың өзі - зоопланктон және фитопланктон деп бөлінеді. Фитопланктондардың су организмдері үшін маңызы зор. Оларға: диатомды, көк-жасыл балдырлар, өсімдік қоректі талшықтылар, т. б. жатады. Ал, зоопланктондар бактериялар мен балдырлардан тереңіректе тіршілік етуге бейімделген. Оларға: шаянтәрізділер, қарапайымдар, моллюскалар, медузалар, сальпалар және кейбір құрттәрізділер жатады.
Нектондар дегеніміз судың терең қабаттарында еркін жүзіп жүретін балықтар, т. б. организмдер. Нектондардың суда жүзуге икемді денесі, жүзу қанаттары, жақсы дамыған сезім және қозғалу мүшелері бар. Оларға балықтардың түрлері, кальмарлар, киттер, тюленьдер, морждар, дельфиндер жатады.
Бентостар дегеніміз судың түбіндегі субстраттарда (шөгінділерде) тіршілік ететін организдердің жиынтығы. Бентостар: фитобентос және зообентос деп бөлінеді. Негізінен бәрі де баяу қозғалатын немесе қозғалыссыз өмір сүретіндер. Кейбіреулері шөгінді астында тіршілік етеді.
Жер - ауа тіршілік ортасы
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz