Дін мен ғылым жаратылыс мәселесінде кереғар пікірде



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
Тақырыбы: Ғылым мен діннің арақатынасы

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
I НЕГІЗГІ БӨЛІМ ҒЫЛЫМ МЕН ДІН
0.1 Дін дегеніміз не?
0.2 Ғылым дегеніміз не?
II ҒЫЛЫМ ФИЛОСОФИЯСЫ
III ДІННІҢ МӘНІ, АНЫҚТАМАСЫ, ӘЛЕУМЕТТІК МАҢЫЗЫ, ШЫҒУ ТЕГІ, ЖІКТЕЛУІ МЕН ТҮРЛЕРІ
3.1 Дін философиясы
IV ҒЫЛЫМ МЕН ДІННІҢ АРАҚАТЫНАСЫ
V ДІН МЕН ҒЫЛЫМДЫ БӨЛУ ҚАТЕЛІК
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

КІРІСПЕ
Дін мен ғылым адамзаттың қалыптасу тарихының ең маңызды рөл ойнаған екі негізгі және қамтушы, жоғарғы құрылым болып табылады. Дін мен ғылым байланысы мәселесі соңғы үш ғасыр бойы ғылыми зерттеулердің көп жасалған Христиандық батыс әлемінде жиі қолға алынған. Алайда діни көзқарастың өзіне тән проблемалары бар. Бұл тұрғыдан дін мен ғылым немесе дін мен басқа бір мәдениет саласы арасындағы байланысты зерттеу барысында, мұнда діннің атын қою керек. Өйткені түрлі діндердің, ғалымдардың зерттеулерінің әсері әртүрлі болған. Еуропада Қайта өрлеу кезеңінен кейін пайда болған ғылымның автономдық күресінің бір жанамасын Ислам дүниетанымы тарихының ішінен табатын болсақ қателесеміз.
Ғылым - дүниетану, жалпы алғанда, рухани өндірістің қалыптасқан ерекше түрі. Оның өз мекемелері (ғылыми-зерттеу институттары, зертханалар т.с.с.), ғылыми қауымдастықтары, зерттеу жабдықтары, ақпарат алмасу (журналдар конференциялар т.с.с.), қаржы орталықтары т.с.с. бар. Ғылымның негізгі мақсаты - адамзат қажеттіліктерін өтеу жолында соған керек білімді өндіріп, оны іс жүзінде өмірде пайдалануға болатындай етіп, қайта өзгерту.
Ғылым мен дін бір-бірімен біте қайнасқан салалар болса да араларында қақтығыстардың да болғанын ескеруіміз қажет. Әрине, бұл мәселені дұрыс таптауымыз үшін алдымен оның тарихи алғышарттарын да атап өткеніміз орынды. Адамзат тарихындағы антикалық кезеңде дін мен ғылым арасында қақтығыс болды десек артық кеткен болармыз. Өйткені ол кезеңде дін саяси биліктің қарамағында болған. Сондықтан да адамдардың ең ауыр қылмыстары дінге қарсы келу болды. Адамзат тарихындағы екінші бір кезең ол - қайта өрлеу дәуірі. Бұл кезеңде дін мен ғылым бір-бірінен ажырамайтын, бір-біріне тәуелді болды. XVIII ғасырға келгенде Еуропада жаңа бір мәдениет дүниеге келді. Өндіріс пен ғылым дами түсті. Бұл әлемнің жаратылғаннан күні бүгінге дейінгі жасы, эволюциялық теориясы, жүйке жүйе мен мидың қызмет атқаратын функцияларын түсінуге бағытталған көптеген талпыныстар Еуропада дін мен ғылымды бір-біріне қарсы алып келді. Әрине дін мен ғылымның қақтығысы деп айтқанда Еуропалық материалистік дүниетаным айтылады. Діннің материалистік философия, социология мен антропологиялық жағынан зерттеу обьектісіне айналуы дінді қате түсінуге итермелеген негізгі себеп болды. Осылайша, өкінішке орай, соңғы жүзжылдықта дін, оның ішінде Ислам діні де Еуропалық материалистік дүниетанымның құрбаны болуда.

I НЕГІЗГІ БӨЛІМ ҒЫЛЫМ МЕН ДІН

1.1 Дін дегеніміз не?

Құдайдың болуы - діндегі басты ұғымдардың бірі. Әлемнің пайда болуы немесе құрылуы дінге сәйкес Құдайдың әрекеті ретінде қарастырылады. Библияға сәйкес, Құдай әлемді алты күнде жаратты. Ол жарату үшін алты күнді пайдаланды, ал жетінші күн, яғни жексенбі мереке болып саналды. Демалыс күнін ұстанатын христиандар жексенбіде жұмыс істемейді. Алайда, қазіргі уақытта бұл дәстүрлер дәл сақталмайды. Осыған қарамастан, қазірдің өзінде осы ережелерді қатаң ұстанатын ізбасарлар бар. Дін әртүрлі мәдениеттер мен әдет-ғұрыптарға жол ашты. Бұл мәселеде әлемнің әр түрлі елдерінде әртүрлі діндер болуы мүмкін. Мысалы, христиандық туралы сөз болғанда, кейбіреулер Исаға, ал кейбіреулері Әулие Мәриямға табынады. Дін (ағылш. Religion) дегеніміз сенушілерінің әрекеті мен ойлауын, моралы мен сенімін белгілеуді және шектеуді көздейтін, табиғаттан тысқары, яғни тылсым, трансцендентті құдіретке, рухани нышан-түсініктерге нанатын және сиынатын, бақи, періште, шайтан секілді тылсым құбылыстарды шын деп есептейтін мистикалық түсінік жүйесі, әлеуметтік-мәдени құбылыс болып, оның көбінесе тауап ететін қасиетті заты, не орыны, киелі кітабы, пайғамбары, діни наным жүйесі, сиыну ережелері мен культтары, саяси-мәдени ұйымдары болуы мүмкін [1].
Дегенмен, діннің тұтастай дәл неден құралатыны туралы ғылыми келісім жоқ, әр діннің өз ерекшелігі бар, бәрін бір түсінікпен түсіну мүмкін емес. Әртүрлі дін әдетте Политеизм, пантеизм, монотеизм, теизм, деизм және агностицизм секілді әртүрлі құдайтану жүйелеріне тән болады, және бір-бірін терістеген, айырым жағдайда жауласқан күйде болады [1].

1.2 Ғылым дегеніміз не?

Ғылым (лат. scientia -- білім) -- уақыт пен кеңістікте бар, зерттеуге болатын шынайы нақты нәрселердің заңдары мен қағидаларын, тәртібі мен құрылымын объективті түсіндіретін, эксперимент пен бақылауға негізделіп, математикалық есептеуді қолданып, жүйелі түсінік қалыптастыратын таным саласы. Жалпы тұрғыда ол жүйелі білім мен ғылыми тәжірибені меңзесе, ал, арнайы мағынада ғылыми әдістер арқылы жинақталған логикалық білім жүйесін көрсетеді. Яғни, ғылым ғылыми білімдерді ғана емес, сол білімдерге қол жеткізудің барлық жолдары мен әдістерін түгел қамтитын біртұтас кешенді жүйе.

II ҒЫЛЫМ ФИЛОСОФИЯСЫ

Ғылыми танымды гносеология және методология тұрғыдан зерттеу тарихы әріден басталғанымен, Ғылыми философия 20 ғ-да ғана дербес пән ретінде қалыптаса бастады. Ең алғаш бұл термин О.Конт, Э.Литтре, Г.Спенсер, т.б. ғалымдар еңбектерінде қолданылды. Олар ғылым тілін филос. тұрғыдан зерттеу әрекеттері тек формальды (матем.) логиканың шеңберінде жүзеге асуға тиіс, ал ғылыми теориялық. ұғымдарды эмпирикалық таным, тәжірибе сынағы арқылы негіздеуге болады деп тұжырымдады. Бұл тұжырым бойынша, ғылым - адамның ең жоғары ісі, ал ғылым философиясының бір ғана міндеті - тұтастай ғылымды, оның пәндік салаларын логикалық-методол. тұрғыдан қамтамасыз ету. Бертін келе бұл тұжырымдаманың сыңаржақтылығына көзі жеткен ғалымдар ғылым философиясының зерттеу нысандарына елеулі өзгерістер енгізді. Енді ол ғылымның құрылымымен қатар тарихын зерттеуге ден қойып, бұрыннан белгілі проблемалармен қатар жаңа пәндік мәселелерді, олардың қалыптасу үрдісін қарастыра бастады [2].
Ғылымның теориялық сатысының белгілі бір шамада тәжірибеге тәуелсіз екендігін мойындап, жаңа ғыл. білімнің табиғатында тәжірибесынақ арқылы дәлелдеу мүмкін емес дүниетанымдық көзқарастардың, методол. принциптердің болатынына көз жеткізді. Бірақ ғылымның даму заңдылығын, оның қызметтік міндеттерін дұрыс түсіндіре алатын методол. ұстын - диалект. көзқарас қана. Сананың техникаландырылу деңгейінің артып, компьютерлік дүмпудің өркениет өресіне тікелей әсер етуі, сол арқылы ғылым функциясының кеңейіп, қоғамның өзге салаларымен, алуан текті мәдениет тұрпаттарымен байланысының күшеюі ғылым философиясының алдына күрделі мәселелер қойып отыр. Сондықтан ғылым философиясы ғылыми танымның логикалық-гносеология проблемаларымен қатар ғылымның әлеумметтік-философия және этика-этника мәселелерін зерттеуге тиіс. Ғылым философиясы мен методологиясының қазақстандық мектебі (негізін қалаушы Ж.Әбділдин мен Ә.Нысанбаев) отыз жыл бойы осы бағытта ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуде [3].
III ДІННІҢ МӘНІ, АНЫҚТАМАСЫ, ӘЛЕУМЕТТІК МАҢЫЗЫ, ШЫҒУ ТЕГІ, ЖІКТЕЛУІ МЕН ТҮРЛЕРІ

Дін мен ғылымның арақатынасы күрделі. Дін сенімге, ал ғылым -- танымға негізделген. Дін мен ғылым жаратылыс мәселесінде кереғар пікірде. Дін -- жаратушы Құдайдың барлығын мойындайды. Ал атеист-материалистер Жаратылыстың өздігінен болғанын дәлелдеуде. Ғылым Жаратылыс заңдылықтарын зерттейді. Дін Жаратылыстың кереметтігін, әрі тылсымдығын сенімге айналдыруда. Бұл жолда діншілдер діни аңыздарға көбірек сүйенеді. Аңыз бен ғылымның сапалық айырмашылықтары бар. Аңыз ғылыми ізденістерге түрткі идея болуы мүмкін, бірақ ол ғылым емес. Аңыз ғалымдарға ой салуы, ойларына өріс беруі мүмкін, алайда ғылымға сүйенбесек, өмір сүре алмаймыз [3].
Ғылым Жаратылыстың заңдылықтарын зерттеп, адамның қажеттілігіне қызмет ететіндей харекеттер жасайды. Мысалы, қиял-ғажайып ертегілерде ұшқыш кілемдер деген керемет идея-аңыз болған. Бүгінде ұшақтардың неше түрлі түрлері бар. Ол ұшақтар аэродинамика, физика, тағы басқа да ғылымдардың және технологиялық ізденістердің нәтижесіне қатысты адамзатқа қызмет етуде, қазіргі ұшақтарды дұға арқылы не болмаса бір керемет күштер арқылы ұшырып, қондыра алмаймыз. Бұл әркімге түсінікті, анық жағдай. Міне, осы мысалдан ғылым мен аңыздың сапалық ерекшелігі айқын аңғарылады. Алайда, Жаратылыстың осындай кереметтерін танып білуші, өзінің керегіне жаратушы адамды керемет етіп жаратқан Иеміздің барлығына бас июіміз табиғи жағдай болса керек. Жаратушының кереметі, құдіреті, оның жаратқан асыл тұлғасы адамның болмысына, табиғатына берілген. Ол құдірет адамның ақыл-ойы, санасы, қиялы арқылы анықталмақ. Альберт Эйнштейн бұл туралы былай деп еді: Спинозаның түсінігінде нақтырақ көрінген біршама эмоциялы-психологиялық қырлар туралы сөз болған жағдайларда, дін сөзін қажырлы түрде қолданғыңыз келмегені маған толық негізде түсінікті. Бірақ мен шындықтың ұтымды табиғатына, тым болмағанда оның адам санасына қолжетерлік бөлігін дін сөзі арқылы белгілеуден дұрысырағын таба алмаймын. Бұл сезім жоқ жерде ғылым нәтижесіз эмпирияға азғындайды. Поптардың осы сезімді пайдалана отырып, капиталдық пайда табатындығына уайым жеп нем бар? Өйткені, бұдан келетін қасірет зор емес қой? [3].
Дін мен ғылым дегенде жоғарыда Альберт Эйнштейн айтқандай, ғылым Жаратушының жаратқандарын зерттейді. Бұл мәнінде ғылым дегеніміз Жаратушымызды танудың жолы. Қазақ тілі лексикасына салып айтсақ, ғылым жолы -- Алланы тану жолы. Бұл биік мақсат. Бұл жол таным мен сенімнің синтезі, бірлігі. Жаратушы жаратқан байлықтың (нығметтердің) кереметін ашып, адамзатты таң тамаша қалдырып отырады. Мысалы, атом қуатын пайдалану, ғарышқа ұшу, айға ұшып барып, қайта оралу сияқты істер. Бірақ мұның бәрі Алланың ісі емес, адамның ісі деген түсінік қалыптасып, Жаратушы идеясы сырт қалып отырғаны да көпшілікке мәлім. Бұл нағыз ғылым үшін құнарлы түсінік емес. Жаратушының кереметі адамда, оның болмысьшда, іс харекетінде. Сондықтан ғылым мен дін адамтану ісінде міндетті түрде тоғысады. Адам, бір жағынан, ғылым арқылы түсіндіруге болатын феномен, екінші жағынан, адамның болмысын ғылым арқылы толық мәнінде түсіндіру мүмкін емес. Міне, осындай жағдайда адамның болмысы туралы аңыздар, мифтер, қиялдар және діни сана қалыптасқан. Бұл мәнде діни сананы мәнсіз деп түсінуге мүлдем болмайды, ол адамның ақылынан тыс жатқан шындықты меңзейтін ой жүйесі [3].
Сонда дін дегеніміз не? Дін -- адам мен мінсіз болмыстың (Алланың, Жаратушының) табиғи байланысы туралы сана. Ғылымның қуаты Жаратылыстың барлығын, оның кереметтігін дәлелдеу. Ал, сол Жаратылысты жаратқан Жаратушы туралы сана -- ол дін. Осы тұрғыда ғылым мен дін Жаратылыс мәселесінде түйіседі. Дін туралы арнайы ғылымды дінтану дейміз. Дінтану ғылымы дінді теологиялық, философиялық -- әлеуметтік, биологиялық, психологиялық және этнологиялық (грек тілінде -- халық, ілім) тұрғылардан бөліп қарастырады. Конфессиолық ілім (көне латын тілінде konfessio -- мойындау, ғибадат қылу; белгілі бір дінді мойындайтын діни бірлестік) адам мен Жаратушының, біздің түсінігімізден тыс күштердің қатынасын зерттейді, дінді оның қағидаларына сүйеніп негіздейді [4].
Дінді үш пән зерттейді, олар -- теология, атеизм және дінтану. Үшеуінің де мақсаты дінді, оның тарихын, негізгі қағидаларын және қазіргі жағдайын талдау. Бұлардың әрқайсысы дінді толық мәнінде түсіндіру ниетінде. Алайда, әрқайсысының дін туралы өздеріне ғана тән алған мақсаттары бар [4].
Теология -- (көне грек тілінде құдай, ілім) құдайтану пәні. Ол діннің ішкі мазмұнына негізделген. Бұл пән әрбір діннің өз болмысынан қалыптасады. Теология пәнінде білімнен бұрын сенім анықталған. Сондықтан теологтар сенім мен діни қағидаларды өздерінің басты принциптеріне айналдырған. Сол себепті, біз ислам теологиясы, христиандық теология, буддалық теология т.б. деп атай аламыз. Бұл теологияның әрбір дінге тікелей қатыстылығын білдіретін жай [4].

0.1 Дін философиясы

Ғылым мен техниканың дамуына, адамзаттың шығармашылық мүмкіндіктерінің ашылуына толыққанды жағдай жасаған XX ғасыр да тарих қойнауына енді. Өте ерте заманда-ақ пайда болған дін әлі күнге өз позициясын адамзат санасының басқа түрлерінің алдында бермей келеді. XXІ ғасырда түрлі конфессиялар мен діни ұйымдар ойдағыдай әрекеттесуші институттар ретінде өркениеттің бір саласы болып өмір сүре бермек. Діннің тұрақты сақталып келе жатқаны факт болып табылады [5].
Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан кейін рухани ояну процесі басталды. Бұл - кең көлемдегі тоқтаусыз процесс. Болашаққа қол созған жарқын істеріміздің, ұдайы алға жетелейтін үмітіміздің маңызды бір бөлігі - діни өрлеу [5].
Діннің әлемдік деңгейдегі адамзатқа тән ойлау жүйесінен шет қалмайтындығын қазіргі заман болмысы айқын аңғартып отыр, себебі дінсіз қоғам болмайды. Қоғамда діни сана үнемі болып келді. Дін мен қоғам бір-бірінен ажырамайтын феномендер. Өркениетті деп саналатын батыс елдерінде де, бізде де дін мемлекеттен бөлінген, бірақ, ол қоғамнан ажыратылмайды. Дін қоғамдық құбылыс, ал қоғам мемлекеттің субстанциясы. Әлемнің діни жетекшілері 2006 жылы жиылып, діндерге ортақ, адамзатқа ортақ, жалпы өркениетті қоғамға ортақ қандай мәселелр бар және де діндердегі қандай мәселелер өркениеттік жолмен қоғамдарды, елдерді, мемлекеттерді бір-біріне жақындастырады деген өзекті тақырыптар төңірегінде сөз қозғады. Адамзат баласына ортақ дүниелер көп. Біздің ойлау жүйемізде, діни жүйеде не ортақ екен? Ол ортақтық өркениетке, адамзаттың болашағына қалай қызмет етеді екен? Осы мәселелер ізгілік жолындағы адамзат баласын толғандырып отыр. Өйткені, осы кезге дейін біз бүкіл дүние жүзінің халықтарын дін-дінге бөліп, бөлектеп-бөлшектеп келдік. Тіпті өткен тарихтарға көз жүгіртсек, дін үшін қырғын соғыстардан миллиондаған адамдар опат болды, қасірет кешті. Осындай қасіретті азайтуда, не мүлдем жоюда діндер бір ортақ келісімге келе ала ма? Ортақ келісімге келудің уақыты туды. Бүгінгі таңда әркім өзінің діни сеніміне берік бола отырып, ортақ адамзаттық келісімге келу өркениеттік сананы қажет етпек. Өркениеттік сана дегеніміз әрбір адамның өз болмысымен, дінімен, елдік санасымен бірге адамзатқа ортақ мәселелер туралы келелі сөздер айта білуі. Халықтар, елдер арасында, діндер арасында ұрыс-керіс, жанжал емес, бүгінгі бұрқ-сарқ етіп қайнап тұрған XXI ғасырда мәдени сұхбат қажет. Исламды саясаттандыру төңірегіндегі әрекеттер исламның қазіргі қоғамдағы орнын даулы проблемаға айландыруға себепші болып отыр. Негізінде дін мен саясат екі бөлек феномендер. Дін адамның ұятында, арында, яғни оның иманында. Саясат болса, ол адамдардың қауымдасып, ұлт, халық болып, мемлекет құрып өмір сүрудегі тәсілі. Дін саясатқа жанасып кетсе-ақ, өз қадірін жоғалта бастайды. Сондықтан асылы Дін мен Саясат бөлек-бөлек болғаны абзал [5].
Діндердің барлығы әділдік пен махаббат жолына үндейтінідігі ақиқат. Бірақ, сол әділдік пен махаббатқа білімсіз жету мүмкін емес. Діни білім туралы мұсылман дінтанушысы Абу Хамид Мұхаммед ибн Мұхаммед Әл-Ғазали (1059-1111) былай деген: Пайдалы біліммен шұғылдану бүкіл басқа істерге қарағанда әлдеқайда жақсы. Пайдалы білім - дүниенің жамандығын, ақыреттегі жағдайдың қауіптілігі мен қорқыныштылығын түсіндіретін білім. Дүниеге беріліп, ақыреттен бет бұрған адамдардың надандығы мен ақымақтығын, олардың бойындағы өркөкіректік, күншілдік, екіжүзділік, өзін-өзі сүюшілік, атаққұмарлық пен мансапқұмарлық, дүниеге құштарлық сияқты жүрек дерттерінің дауасы не екендігін білдіретін білім - пайдалы білім. Рухани бірлік пен келісім аясында өмір сүру мақсатына жету үшін өркениеттілігіміз бен азаматтық қоғам ретіндегі мәдени дамуымыздың жоғарғы деңгейі болып табылатын толеранттылық (өзгеге төзімділік, қамқоршылық, жұмсақтылық, кішіпейілділік, мейрімділік таныту) қасиетімізді сақтай білуіміз керек. Қоғамның толеранттылығы өздігінен пайда болатын нәрсе емес. Ол - тәрбие арқылы қалыптасатын қоғамдық мінез. Ал мінездің негізі дінде. Дін білім арқылы келеді [5].
Қазақстан Республикасының Конституциясының 5-ші бабына сәйкес елде дін ұстану бостандығы қалыптасты. Бүгінгі Қазақстан халқы - көп дінді халық. Азаматтардың құқықтарын қамтамасыз ету мақсатында Діни сенім бостандығы мен діни бірлестіктер туралы Заңы қабылданды. Демократиялық қоғам құрудың талабына сай осындай іс-шаралар жасалды.
Дін - қоғамдық құбылыстардың ішіндегі ең күрделісі, қаншама ғасырлар бойы адамзат баласы діннің мән-мағынасын ашып көрсетуге талпынып, қаншама ұлағатты істер атқарды. Дін мағынасына анықтамалық теория беру де оңай емес. Религия -(дін) терминіне келетін болсақ, латын тілінен аударғанда байланыс дегенді білдіреді. Адам Абсолютпен (ең кемел бағдарлаушымен) байланысын сезінеді, бұл адамның табиғатымен бітіскен қасиеті. Барлық діндерге ортақ мүдде - адамдардың бейбіт өмір сүруі. Егер адамдардың құдайға деген сенімдері, дінге деген сенімдері қалыптасса, бейбіт тіршілік ету мәселесі де шешіледі. Дін адамның ішкі жан дүниесінде мейрімділік, шыншылдық, махаббат деген сенім мен үмітті қалыптастырады [6].
Дінде дүниеге көзқарастық тұстар басым. Дін адамның табиғатпен және қоғаммен байланысын әдіс тауып, шебер айқындап бере алады, осы байланыстардың күрделі бейнесін түзе алды. Бұл суреттемеде адам мен әлем қатынастары мәселесінің мәңгі сұрақтары шешу тапты. Діннің қоғамнан алатын күрделі орынын түсіну үшін оны шындық дүниенің бір бөлігі ретінде қарап, жердегі негіздерін жалпы методологиялық принципке сүйене отырып айқындау керек. Дін - бұл дүниені рухани игеру процесіндегі тарихи қалыптасқан компонент, қоғамның әлеуметтік ой-санасының, жәдігерінің бір бөлігі [6].
Қазіргі кезеңде адамзатты әлемдік қауымның болашағы қалай қалыптаспақ деген сұрақтар ойландырады. Өткен ғасырда алып мемлекеттер "дүниенің жаңа тәртібін" түзуде бірқатар табыстарға жетті десек те, жер бетінде зұлымдық, адамгершілікке жат құбылыстар азайған жоқ. Адам мәніне дұрыс көзқарас, дегенімен, толық қалыптасқан жоқ. Профессор А.Дж.Тойнби айтқандай: "коммунизм де, капитализм де - бұл екеуі де христиан дінінің некесіз тапқан балалары болып табдылады". Бұл сөздің астарында болашақ жаңа әлемдік қауымдастық туралы ой қозғамақ әрекеті жатыр. Иудей - христиандық ойлаудың үш мың жылдық тарихы, шығыс діндерінің өткен тарихы біздің санамызда қасиетті бір ғажап тілекті оятады, ол тілек - жаңа адам , жаңа қоғам құру [6].
Әл-Фарабидің "Қарапайым қала тұрғындары көзқарастары" атты еңбегінде жүрек туралы мынадай ойлар айтылады: "Адамның негізгі қабілеттері: қоректену, сезімдік, елестету, ойлау, ұмтылу - бәрі де жүректе орналасқан. Сондықтан жүрек ең басты орган және ол басқаға тәуелсіз жүрек туа біткен жылулықтың қайнар көзі". Жүрек жылуы басқа қабілеттердің жүзеге асуына мүмкіндік туғызады. Жүректің қызметімен үрей және үміт байланысты. Аяушылық - бұл басқа үшін үрейлену. Аяушылық көз жасын тудырады. Сондықтан Библияда Христос жылаған бейнеде көрсетіледі, ол ешқашан күліп бейнеленбейді. Үрейдің екінші жағы үміт [7].
Үміт - "жанған жүректің" кернеулі, кризисті күйі. Әл-Фараби де "жүрек жылуының " осындай күйін "отты" деп атаған. "Мұса парадигмасында" жүректің бұлай жануы жоққа және бір нәрсеге көз жеткізе алмаудан туатын мүдде, арманды білдіреді. Мұсаның өзі де, одан кейін апостол Павел де мұны "үміттердің жоғарғы үміті" деп қисындап мазмұндады. "Мұса парадигмасындағы" құдайдың өзі Яхве, Христос және Алла деген атты иемденіп, сенушілер үшін үміт құдайы болып табылады. Мұндай үміт "Мұса парадигмасында" абсолютті құндылыққа ұмтылудың басты модусы болып табылады. Абсолюттің қалыптасуы процесіндегі діннің маңызын Гегель талай рет қарастырған болатын. Оның мындай пікірі болған: "Қабылдап алынған (снятое) өнер дінмен барабар, қабылдап алынған (снятая) дін абсолютті біліммен барабар". Діннің мәдениеттегі орнын аша түсу үшін Гегельдің "тарих - бұл еркіндікті ұғыну прогресі" деп қарастырған пікірін талдаудың көмегі бар. Шығыс тек бір ғана еркін адамды білген, ол - патша, басқаның бәрі құлдар. Антикалық Грецияда және Римде қоғамның біршама бөлігі еркін деп есептеліне бастаған. Христиан діні (жаңа дүниеге өту) жаңа принцип орнатты: әлеуметтік жікке қарамай барлық адамдардың еркіндігі мен теңдігі принципі. Бұл принцип алдымен тек дінде ғана қабылданса, кейіннен бүкіл қоғамдық салаларға жайылып кетті. Гегель үшін діннің қоғамдық сана формасы ретінде де , таным процесінің сатысы ретінде де маңызы бар. Оның айтуынша: "Дін - бұл адамзаттың ойлап шығарғаны емес, дін - бұл құдіретті ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мухиддин Ибн Арабидің өмірі және дүниетанымы
Намаз - адам баласының тән тазалығы мен жан тазалығы
Қазақ халқының ислам дінін қабылдауы
Ислам философиясының пайда болуы және қалыптасуы
Суфизм философиясындағы болмыс сипаты
Ортағасырдағы түркі мұсылмандық дүниетанымы
Философия пәні бойынша оқу әдістемелік кешені
Ислам философиясы және Әл-Ғазали
Қожа Ахмет Яссауи жайлы
«Әл-Ғазалидің діни философиялық көзқарастары»
Пәндер