Әлихан Бөкейханов пен Мұстафа Кемал Ататүріктің ұлт топтастырудағы саяси қызметтері арқылы саяси лидерлік феноменін талдау
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Қазақ Ұлттық Қыздар Педагогикалық Университеті
Әлихан Бөкейхан мен Мұстафа Кемал Ататүрік:
ұлттық лидерлер саясатының ерекшеліктері
Орындаған:
Қазақ Ұлттық Қыздар Педагогикалық Университетінің
Тарих-02201 - 2 курс студенті,
Зулбахар Роза
Аудабай Аружан
НҰР-СҰЛТАН
2022
Мазмұны
Кіріспе
Негізгі бөлім:
2.1. Әлихан Бөкейхан мен Мұстафа Кемал Ататүрік: саяси лидерлік құбылысының қалыптасу іргетасы
2.1.1. XX ғасырдың басындағы саяси әлеуметтік құрылымы: қайшылықтар мен үрдістер
2.2. Әлихан Бөкейхан мен Мұстафа Кемал Ататүрік: ХХ ғасыр басындағы саяси іс-әрекеттерін салыстырмалы талдау
2.2.1. Әлихан Бөкейхан - ХХ ғасырдағы "қазақ ханы"
2.2.2. Әлихан Бөкейхан мен Мұстафа Кемал Ататүрік: саяси идеяларының ерекшеліктері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
ХХ ғасырдың екі көрнекті жетекшісі, ұлт көшбасшылары Әлихан Бөкейхан мен Мұстафа Кемаль Ататүріктің, түркі әлемінің екі тарапында, саяси тұрғыда тарихқа теңдессіз күрестерінің бір-біріне ұқсас жақтарының көп болуы - әрі қызықты, әрі маңызды. Екі лидердің де өмір жолы өнегелі тағылымға толы. Екі күрескердің тәуелсіздік күресінің нәтижесі бірдей болмады; өйткені, екі мемлекеттің сол кездегі саяси және әскери шарттары бірдей емес екенін ескергеніміз жөн. Осы орайда Әлихан Бөкейханов пен Мұстафа Кемал Ататүрік: ХХ ғасыр басындағы саяси лидерлер саясатын салыстырмалы ғылыми тұрғыда зерттеу - қазіргі ұрпақтың ізгілікті борышы болмақ.
Әлихан Бөкейхан мен Мұстафа Кемаль Ататүріктің ұлтқа қызмет ету аясында саяси-әлеуметтік қызметтерін ғылыми тұрғыда зерттеу, олардың тұлғалық қасиетін ашып, кейінгі ұрпаққа үлгі етіп тарту, халық арасында насихаттау, құнды идеялық пікірлерін сараптауды зерттеу нысанына айналдыру - бүгінгі күннің тарихи ғылымының саяси тұрғыдан мәнділігін құрайды.
Алаш тарихына қатысты деректердің жарық көруіне зор үлес қосып келе жатқан тарихшы, профессор Тұрсын Жұртбай өз еңбегінде, тарихшы, профессор Мәмбет Қойгелдінің Әлихан Бөкейханды қазақ қоғамының Сун Ят Сені мен Махатма Гандиіне теңегенін өте орынды деп есептейді және Түркияда Ататүрік, Әзірбайжанда Топчубашы қандай маңызға ие болса, Әлихан Бөкейхан да сондай маңызды деп тұжырымдайды (Қойгелдиев, 2009; Жұртбай, 2008).
Тақырыптың өзектілігі: Әлихан Бөкейхан мен Мұстафа Кемаль Ататүріктің өмірбаянына үңілсек, екеуінің де алғыр, зерек болып өскендігін, лидерлік қасиеттерге ие болып, қоғам жұмысына белсене араласқандығын байқауға болады. Екі қайраткердің де әлеуметтік мәселелерде халықты сауаттандыру мақсатына және оқу-ағарту жұмыстарына ерекше көңіл бөлгендігі - көрегендіктің айқын көрінісі. Сондықтан осы тақырыптың өзектілігі әлі сан ғасырлар бойы қазақ халқы үшін жоғалмақ емес. Осы заманның тарихына әлі де талай жаңалықтар қосу - алғаш рет ғылыми тұрғыдан салыстырмалы зерттеу мен сараптауға басты назар аударылды.
Әлихан Бөкейхан мен Мұстафа Кемаль Ататүріктің саяси тұрғыда баға беру үшін алдымен оның өмір жолдарын, қызметін, өмір сүрген қоғамының ерекшеліктерін білу қажет. Ұлт көсемдері туралы жазылған деректерді пайдалана отырып төмендегідей жүйелеуді жөн көрдік.
Бірінші топта Әлихан Бөкейхан Мұғалімдер жиылысы атты мақаласында дамудан артта қалмау үшін қазақтардың оқу-ағарту ісін қатаң түрде қолға алулары керек екендігін жазады. Сондай-ақ, бала оқытуға керекті қаражаттардың табылуы туралы орынды пікірімен бұл мәселеге шешім де іздеген (Аққұлы, 2016: 21-22). Ататүрік те оқу-ағарту ісіне өте үлкен көңіл бөліп, Өмірдегі ең шынайы кемелділік - ғылым деп айтып кеткен және ғылым мен білімді дамыған мемлекеттердің дәрежесіне жеткізу үшін көп күш жұмсаған.
Екінші топқа екі лидер де мерзімдік басылымдарды жарыққа шығаруды - оқу-ағарту ісі мен халықты ояту мақсатының жалғасы деп біліп, оған белсене атсалысқан. Ә. Бөкейханның Қазақ газетін шығарып, қазақ халқының тарихына орасан зор үлес қосқаны - баршаға мәлім. Ә. Бөкейханның Қазақ газетінен басқа да Иртыш, Омич және Голос степи сияқты көптеген газет шығарғаны - өте маңызды факт (Аққұлы, 2016: 442). Қазақ газетін 1905-жылының желтоқсан айында шығару жоспарланған еді. Ишан Мұстафа Оразайұлы газетті шығарушы, Ахмет Байтұрсынұлы редактор ретінде, басуға рұқсат алынып қойылғанына қарамастан, Ә. Бөкейханның бір айдан кейін тұтқынға алынуына байланысты газет белгіленген мезгілінде шықпай қалады (Аққұлы, 2016: 278). Қазақ газеті, 1913-18 жылдар арасында ұлт-азаттық қозғалыстың баспа үніне де айналған еді (Қойгелдиев, 1994: 3). Қазақ газеті қазақ қоғамындағы әлеуметтік, саяси, экономикалық мәселелерді айнадай айқын көрсетіп отырған. Қазақ газеті - қазақ қоғамының күретамыры іспеттес рөл атқарған.
Мұстафа Кемаль Ататүрік болса, Анатольядағы қоғамдық мәселелерге күйзеліп, ашынып, мектеп қабырғасында оқып жүрген кезінен бастап газет шығара бастайды. Осы себептен Осман Империясының үкіметі тарапынан қудалауға ұшыраған. Мектеп газеттерінен басқа, Халықтың Басқаруы деген мағынаға келетін Hakimiyet-i Milliye деген газетті 1920-ыншы жылы Анкарада шығара бастайды. Бұдан басқа, мемлекеттің тәуелсіздігі жолында жүргізіп жатқан күресті халыққа жария ету үшін, Ататүрік зиялы жазушылармен бірге 1920-ыншы жылы 6-ыншы сәуірде Анатолья агенттігін (Anadolu Ajansı) құрады. Бұл агенттік әлі күнге дейін өз жұмысын жалғастыруда. Бұдан басқа, екі көреген жетекші де әйелдердің құқығын арттыру, оларды оқуға тарту үшін бар күштерін жұмсайды.
Оқу-ағартушылық мақсатындағы атқарылған еңбектері бірнеше бағытта өз жалғасын табады. Әлихан Бөкейханның жетекшілігіндегі Алаш идеясымен пісіп-жетілген қазақ зиялылары Қазақ елінде университет және басқа да оқу орындарының ашылуына, дәрістер оқып, шәкірттер тәрбиелеуге, кітаптар және оқулықтар жазуға, аударуға ат салысып, Қазақстанда ғылым және білімнің дамуына, қазақ зиялы қауымының құрылуына орасан зор үлес қосады. Сол сияқты Ататүрік те Түркия Республикасында мектеп және жоғары оқу орындарын құрады. Ататүріктің өзінің тікелей бастамасы және қатысуымен, көңіл бөлуімен көптеген мектептер және жоғары оқу орындары, факультеттері, зерттеу институттары құрылады және бұл мекемелер әлі күнге дейін жұмыс істейді.
Екі жетекші де кітап оқығанды, жазғанды, әсіресе тарихты өте ұнататын еді. Әлиханның өз жазған еңбектерінен бүгін 18 том құрастырылып жатыр. Бұл - әркімге нәсіп бола бермейтін жетістік. Ататүрік те өзі жазған еңбектері мен кітаптарынан басқа, 3997 кітап оқып, білімге-ғылымға, оқуға деген құштарлығымен таңдай қаққызып отыр. Түркі халықтарының осы екі көрнекті де көреген жетекшілерінің жетістіктері, жас буынға да, әркімге де өнеге.
Салыстырмалы тарихи тұлға қызметтерін зерттеуімізде, саяси лидерлер қызметтерін жан-жақты талдау барысында саяси күресте де екі данышпанның да бір-біріне ұқсас тәсілдерді қолданғанын көруге болады. Қазақ тарихында құрылтайлардың рөлі үлкен және 1917-жылы 12-желтоқсанда Әлихан Бөкейхан ең көп дауысты алып, Алаштың және қазақтың көсемі болып сайланғаны белгілі. Мұстафа Кемал Ататүрік болса, мемлекетті шетелдік басқыншылардан тазартып, ұлт-азаттық күрестің көсемі ретінде күресуге бел буғанда 19-мамыр 1919 еді. 23-сәуір 1920-жылы Түркияның Ұлттық мәжілісі салтанатты түрде ашылғанда, алдымен жасы ең үлкен ақсақал Мәжіліс төрағасы болып сайланса да, іле-шала Мұстафа Кемальды бір ауыздан төраға етіп сайлады. Зімбір, Райан. Мұстафа Кемал Ататүрік: империяның мұрагері атты еңбегінде Ататүріктің ұлт-азаттық көтерілісінің тарихта жеңіске жетуінде өзі ұйымдастырған екі конгрестің маңызы өте үлкен екенін көрсетеді. Бұлар- Ерзұрұм және Сивас қалаларында өткізілген және бұл қалалардың атымен аталған конгрестер тәуелсіздік жолында маңызды белестер болып есептеледі.
Сондай-ақ, Әлихан Бөкейхан қазақ мемлекетіне автономия құруды көздейді. Орыс патшалығының отары болған елі үшін, алғашқы этапта автономияға қол жеткізсе, тәуелсіздік те алыс емес екеніне сенімді еді. Мұстафа Кемаль Ататүрік болса алдымен әскери жетістіктерге қол жеткізіп, республика режимін құрды.
Әскери аспектіден алып қарайтын болсақ, Әлихан атамыздың әскер (милиция) құрып, қарулы күштерге тәлім-тәрбие беру керек екенін жан дүниесімен сезініп, армия құрғаны бүгін белгілі (Аққұлы, 2016: 271-274). Осы орайда, Ататүріктің өмір жолының өзгерек болғанын байқауға болады. Мұстафа Кемаль болса өзі әскери лицейді бітіріп, бірнеше соғысқа қатысып үлгерген еді. Әскери қолбасшылығы жағынан әрі теориялық, әрі практикалық жақтан, Ататүрік өз құрдастарының арасында да ерекшеленетін еді.
Экономикалық тұрғыдан болса, халқының жағдайын жақсарту - екі лидердің де негізгі мақсаттарының бірі еді. Әлихантанушы ғалым Сұлтан Хан Аққұлының еңбегінде, Әлихан Бөкейханның экономист ретінде, қазақ мемлекетін 20-25 жылдың ішінде жапондардың тәжірибесін негіз етіп ала отырып, ұлттық құндылықтарды сақтап, қазақ халқын әлемдегі ең бақуатты, ауқатты елдердің қатарына қосуды нақты жоспарлағаны детальды түрде ашылған (Аққұлы, 2016). Алаштанушы ғалым Тұрсын Жұртбайдың талдауында, Бөкейханның ұстанымы бойынша, жердің астындағы, үстіндегі, аспанындағы барлық игілік қазақ мемлекетіне қызмет етуі керек. Ә. Бөкейханның айтуынша: Оның әрбір түйір тасы әр қазақтың өңіріне түйме болып қадалу керек; сондай-ақ, Қазақтың жерінде өндірілген бір уыс жүн сол мемлекеттің азаматтарының үстіне тоқыма болып киілуі керек, яғни толықтай экономикалық тәуелсіздік пен бірлікке қол жеткізуге ұмтылуы тиіс (Жұртбай, 2011). 20-ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының жан-жақты білімі, шет өлкелердің экономикалық дамуын үлгі ретінде қолдануды нақты жоспарлап, мұны ұлттық құндылықтарды сақтай отырып жүзеге асыруды ойластырулары таңдандырмай қоймайды.
Зерттеудің мақсаты: Жұмыстың негізгі мақсаты қазақ халқын тәуелсіздік пен дербестікке топтастырдағы саяси лидерлердің рөлін көрсету. Әлихан Бөкейханов пен Мұстафа Кемал Ататүріктің саяси қызметін талдау барысында өз қоғамының саяси-әлеуметтік құрылымының, дамуының ерекшелігін ғылыми салыстырмалы тұрғыда зерттеу.
Зерттеудың міндеттері: Бұл мақсатты жүзеге асыруға ХХ ғасыр басындағы саяси процесстер мен оқу ағарту қоғам дамуының ерекшелігі, лидерлердің феноменінің қалыптасу объективті алғы шарттарын ашу міндетін қояды:
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Қоғамдық сананы саяси-әлеуметтік мұраттарға бағыттауда саяси лидерлердің қажеттілігінің себептерін көрсету, саяси лидерлерге теориялық-методологиялық талдау жасау;

ХХ ғасыр басындағы саяси-әлеуметтік құрылым мен даму ерекшеліктерін, оқу-ағарту ісі мен халықты ояту мақсатының себептерін анықтау;

Әлихан Бөкейханов пен Мұстафа Кемал Ататүріктің ұлт топтастырудағы саяси қызметтері арқылы саяси лидерлік феноменін талдау;

Әлихан Бөкейханның экономист ретінде, ұлттық құндылықтарды сақтап, қазақ халқын әлемдегі ең бақуатты, ауқатты елдердің қатарына қосуды нақты жоспарлағаны детальды түрде ашылған тарихи сабақтастығын айғақтау.
Әлихан Бөкейхан мен Мұстафа Кемал Ататүрік: саяси лидерлік құбылысының қалыптасу іргетасы деп аталатын бірінші бөлімде ұлт көсемі мәселесіне теориялық-методологиялық талдау жасалынып, ХХ ғасыр басындағы қоғамдық саяси жағдайларға тоқтала отырып, қазіргі заманғы ұлт мемлекетіне айналдыру үшін жүргізді.
Әлихан Бөкейхан мен Мұстафа Кемал Ататүрік: ХХ ғасыр басындағы саяси іс-әрекеттерін салыстырмалы талдау деп аталатын екінші бөлімде саяси мұраттарды топтастыру бағытындағы тарих мойындаған қос тұлғаның саяси идеялары мен іс-әрекеттеріне сабақтастық прициптері ұлт мәселесінің маңыздылығы мен болашағы зерттеліп сарапталады.
Мұстафа Кемаль Ататүрік те Әлиханға ұқсас, шет мемлекеттердің даму үрдісін қадағалап, озық тәжірибелерді өз мемлекетінің, халқының тұрмысын жақсартуда қолданады. Металлургиядан өндіріске, банк, қаражат секторынан инвестицияға экономикаға қатысты көптеген салаларда өте қарқынды дамуды жүзеге асырады (Atatürkçülük, 1998). Соғыстан әбден әлсіреген елін бас-аяғы он жылдың ішінде аяғынан тік тұрғызып, экономикалық жеңіске жеткізеді. Бұл қарқынды даму өз кезегінде әскери, саяси, әлеуметтік, сондай-ақ демографиялық, психологиялық, т.с.с. жетістіктерді бірге жетелейді.
Әлихан Бөкейхан мен Мұстафа Кемал Ататүрік: саяси лидерлік құбылысының қалыптасу іргетасы
Әлихан Бөкейхан Мұғалімдер жиылысы атты мақаласында дамудан артта қалмау үшін қазақтардың оқу-ағарту ісін қатаң түрде қолға алулары керек екендігін жазады. Сондай-ақ, бала оқытуға керекті қаражаттардың табылуы туралы орынды пікірімен бұл мәселеге шешім де іздеген (Аққұлы, 2016: 21-22). Ататүрік те оқу-ағарту ісіне өте үлкен көңіл бөліп, Өмірдегі ең шынайы кемелділік - ғылым деп айтып кеткен және ғылым мен білімді дамыған мемлекеттердің дәрежесіне жеткізу үшін көп күш жұмсаған. [5:89 б.]
Екі лидер де мерзімдік басылымдарды жарыққа шығаруды - оқу-ағарту ісі мен халықты ояту мақсатының жалғасы деп біліп, оған белсене атсалысқан. Ә. Бөкейханның Қазақ газетін шығарып, қазақ халқының тарихына орасан зор үлес қосқаны - баршаға мәлім. Ә. Бөкейханның Қазақ газетінен басқа да Иртыш, Омич және Голос степи сияқты көптеген газет шығарғаны - өте маңызды факт (Аққұлы, 2016: 442). Қазақ газетін 1905-жылының желтоқсан айында шығару жоспарланған еді. Ишан Мұстафа Оразайұлы газетті шығарушы, Ахмет Байтұрсынұлы редактор ретінде, басуға рұқсат алынып қойылғанына қарамастан, Ә. Бөкейханның бір айдан кейін тұтқынға алынуына байланысты газет белгіленген мезгілінде шықпай қалады (Аққұлы, 2016: 278). Қазақ газеті, 1913-18 жылдар арасында ұлт-азаттық қозғалыстың баспа үніне де айналған еді (Қойгелдиев, 1994: 3). Қазақ газеті қазақ қоғамындағы әлеуметтік, саяси, экономикалық мәселелерді айнадай айқын көрсетіп отырған. [18:109 б.]
Мұстафа Кемаль Ататүрік болса, Анатольядағы қоғамдық мәселелерге күйзеліп, ашынып, мектеп қабырғасында оқып жүрген кезінен бастап газет шығара бастайды. Осы себептен Осман Империясының үкіметі тарапынан қудалауға ұшыраған. Мектеп газеттерінен басқа, Халықтың Басқаруы деген мағынаға келетін Hakimiyet-i Milliye деген газетті 1920-ыншы жылы Анкарада шығара бастайды. Бұдан басқа, мемлекеттің тәуелсіздігі жолында жүргізіп жатқан күресті халыққа жария ету үшін, Ататүрік зиялы жазушылармен бірге 1920-ыншы жылы 6-ыншы сәуірде Анатолья агенттігін (Anadolu Ajansı) құрады. Бұл агенттік әлі күнге дейін өз жұмысын жалғастыруда. Бұдан басқа, екі көреген жетекші де әйелдердің құқығын арттыру, оларды оқуға тарту үшін бар күштерін жұмсайды. [4:23 б.]

Әлихан Бөкейхан оқу-ағарту ісіндегі жетістері: 20 ғасыр басындағы басқа қазақ қаламгерлеріне қарағанда Әлихан
Бөкейханның бір ерекшелігі оның арнаулы европалық жан-жақты білімі бар,
эрудициясы мол, мәселені ерекше кең қоя алады, дүниежүзілік тарихтан мысал. Ресей империясы көлеміндегі жағдайлармен сабақтастыра қарайды, кез келген озбыр патша әкімімен, қызылкөз отаршыл генерал - губернатормен, нәсілшіл профессорлармен, шовинист, нәсілшіл профессорлармен, шовинист депутатпен, шарғатқа шұлғыған дін иелерімен, кеудемсоқ кейбір қазақ оқығандарымен терезесі тең сөйлесе алды. Әлихан Бөкейханның шығармашылық мұрасының ішінде жеке адамдарға
арналған шағын ғұмырнамалық кесіндеме, портрет деп атауға болатын бір шоғыр материалдар бар. [17:201 б.]
Олар орысша, қазақша екі тілде жазылған. Бұлардың ішінде ең сүбелісі - Абай Құнанбаевқа арналған әйгілі мақала. Қазақтың данышпан ақыны Абай туралы баспа жүзін көрген алғашқы ең
толымды, терең, ғылыми еңбек Әлихан Бөкейханның "Абай (Ибрагим) Құнанбаев" деген орыс тілінде жазған мақаласы 1906ж. "Семипалатинские областные ведомсти" газетінде жарық көрді [4, 21 б].
Шындығына келгенде, Абай мен Әлиханның жас айырмасы екі-ақ мүшел, екеуі де бір атыраптың, Семей губерниясы, Қарқаралы уезінің адамдары, сондықтан бұлардың көзі тірісінде ұшырасуы, сұхбаттасуы әбден ықтимал, бірақ ондай сөзді Әлихан жазбайды. Әлихан Бөйкейханның ғылыми, көсемсөз, әдеби мұрасының ішінде жеке кітаптарға арналып, жазылған, бірқыдыру мақала, рецензиялар бар. Алғашқы еңбектің бірінде Шәкірім Құдайбердіұлының "Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежірісі" кітабы сөз болды. Шәкірім деректеріне қоса Әлихан "Адамзат тарихы" кітабынан, Н.Н. Пантусов зерттеулерінен, географиялық қоғам жазбаларынан қосымша дәйектер келтіреді. Әлихан қаламынан шыққан ең көлемді әдеби, ғылыми, фольклорлық еңбек - "Қарақыпшақ Қобыланды" деп аталады. Бұл - шағын 8 бап, бөлімшеден тұратын бас - аяғы дөп - дөңгелек, ықшам ғана монографиялық очерк, әйгілі халық жыры туралы жұп-жұмыр зерттеу, бір бөлімшеде "Қарақыпшақ Қобланды" жырының мазмұны қысқаша ғана баяндалады.
Зерттеуде ерекше мән берілген мәселе - жырдағы Қобландының өмірде болған - болмағындығы, мұндағы айтылған жәйіттердің, баян етілген оқиғалардың тарихи деректермен, сәйкестігі және сәйкес еместігі. Бұл еңбек - қазақ сыны, әдебиеттануы, фольклортануы, бастау көзіндегі ең алғашқы бағалы, ғылыми ізденісінің бірі. Көркем аудармашы.
Әлиханның кейінгі ұрпаққа қалдырған әдеби мұрасының ең көлемдісі көркем аударма. Аудармаларының ішінде орыстың классик жазушылары Л.Н. Толстой, А.П. Чехов, В.Г. Короленко, Д.М. Мамин - Сибиряк сияқты жазушылармен қатар Европаның өркениетті елдерінің қаламгері. Оқу - ағарту мен ғылымның сан салаларын қамтитын мектеп оқулықтары тағы бар. Әлихан Бөкейханның көркем аудармаларының басым көпшілігін 20-30 жылдар аралығында, яғни 1920 жылдан 1927 жылға дейін КСРО халықтарыны Орталық баспасындағы Қазан секциясының әдеби қызметкері болып қызмет етіп жүрген кезінде аударғаны байқалады. Оған дәлел ретінде аудармалардың шығу мерзімін атаса да болады: А.Н. Толстойдың "Қажымұраты" 1923 жылдың қыркүйегінде аударылып, келесі жылы
басылған. "Кавказ тұтқыны", "Жеті қарақшы", "Жұмытқадай бидай" (Л.Н.
Толстой) - 1925 жылы; "Жетпіс жеті мысал" 1925ж; "Жердің қысқаша тарихы", "Дүниенің құрылысы" - 1926ж; В.Г. Короленканның "Баймақан", "Өзі әңгімелері" - 1927ж жарық көрген. Басқа да көптеген аудармалары, мысалға Л. Толстойдың "Сурат кафеханасы", "Серуен жасап зерттеу әдісі", "Бір адамға қанша жер керек", Чеховтың "Хамелеон"; В.Г. Короленконың "Оты"; Д.М. Мамин - Сибиряктың "Қара ханымы"; Н. Маркестің "Қырым сөздері" секілді шағын әңгімелердің аудармалары. Төңкеріске дейінгі "Дала уалаяты" газетінде "Жас қазақ" газетінен бастап; Кеңес дәуіріндегі "Темірқазық","Жаңа мектеп" және т.б. көптеген мерзімді басылым беттерінде жарияланып тұрды. Әлихан Бөйкейхан қазақ және орыс тілдерінде қатар жазған публицист. [20:8 б.]
Оның қаламынан шыққан мақалалар Ресей астанасының "Сибирские вопросы", "Биржевые ведомсти", "Новая жизнь" секілді газет-журналдарынан бастап, патша үкіменітің қас - көзі жандармерияның қуғын-сүргіні салдарынан көшіп - қонып жүріп Омбы, Самара, Орынбор, Семей, Мәскеу
сияқты қалаларының мерзімді басылымдарынан жиі көрініп тұрған. Қазақ тіліндегі тұңғыш мақаласы 1900 жылы "Дала уалаяты" газетінен көрінеді. Кейін келе татардың "Фікір", "Уақыт", қазақтың "Серке", "Қазақстан" газеттері мен "Айқап" журналы беттерінен оның мақаларын ұштастыруға болатынды. Халықтың сана - сезімі мен ұлттық мәдениетін көтерудегі баспасөздің орасан зор маңызын бағалай білген Әлихан Бөйкейхан, қазақтың тұңғыш басылымы "Дала уалаятының" газеті жабылып қалған соң, қазақ тілінде газет басуды ұйымдастыруға жан салады. 1905ж Мәскеуде өткен орыстың "Жергілікті және қалалық қоғам қайраткерлері" съезіне 5 миллионға жуық қазақ халқының атынан өкіл болып барып, съездің Романов үйінде өткен мәжілісінде жасаған баяндамасында ол былай дейді: "У нас также преследуется школа с казахским языком, нас тоже давит цензура". Вот уже 13 месяцев, например, немогу добиться от цензуры разрешения на издания киргизского перевода 46-ти басен И. Крылова. Крестянские начальники (большей частью бывшие ротмистеры) не допускают при рассмотрении дел казахского языка [5,32-б]. Омбы, Семей, Орынбордағы патша чиновниктері кабинеттерінің табалдырыған тоздырып, ортаға астанадағы талай беделі саяси-қоғам қайраткерін салып, аяғында рұқсат алды. 1913ж ақпанында тұңғыш саны жарыққа шыққан. "Қазақ" газеті соның бірден бір жемісі еді. Ахмет Байтұрсынұлы редакторлық еткен бұл газеттің бүкіл қазақ зиялыларының басын біріктіріп, халық үшін атқарған қызметін ерекше бағалау орынды. Бұл газетте Әлихан Бөйкейханның 250-ден аса мақалары, ғылыми зерттеулері, аудармалары жарық көрді.

Елдегі бейбітшілік - әлемдегі бейбітшілік Мұстафа Кемал
Мұстафа Кемал - оттомандық және түрік реформаторы, саясаткер, мемлекет қайраткері және әскербасы, Түркияның Республикалық ұлттық партиясының негізін салушы және бірінші жетекшісі; Түрік Республикасының бірінші президенті. Тарихтағы зерттелген 100 тұлғаның қатарына кіреді. Мұстафа Кемалдың идеялары мен қағидаттары, оның реформалары бүгінгі Түркияның саяси, экономикалық, әлеуметтік өмірін өзгертті. Кемалшылық қағидаттары түрік қоғамын жедел жаңғыртуда басты бағыт-бағдар болды. Бүгінгі Түркия өткен ғасырдың басында күлден көтерілген Феникс құстай болып тұрған ахуалдан атымен бөлек ел. Осыдан біраз уақыт қана бұрын құрлықтағы ең артта қалған елдің қарқынды экономикалық дамуы құрметпен қаратпай қоймайды. Ұлттық психологиядағы өзгерістер қайран қалдырарлықтай. Мәдениет пен спорттағы, сауда мен құрылыстағы, халықаралық саясат пен қызмет көрсету саласындағы жетістіктер тәнті еткізеді. [15:69 б.]
Әлихан Бөкейхан мен Мұстафа Кемал Ататүрік: ХХ ғасыр басындағы саяси іс-әрекеттерін салыстырмалы талдау. Тарихшы Сұлтан Хан Аққұлұлы Бөкейхановты әлемге белгілі Махатма Ганди, Ататүрік, Нельсон Мандела сияқты жалпы адамзаттық биікке көтерілген саясаткер,-дейді.
Әлихан Бөкейханов Қазақ елін Жапония секілді ғылымға сүйенген ұлттық-демократиялық мемлекетке айналдырмаққа талпынды. Алаш қайраткерінің еңбектерін зерттеп жүрген ғалым Сұлтан Хан Аққұлұлы осындай пайым жасап отыр. Алаш көсемінің шығыстағы елді мысал-мұрат етуі бекер емес,-дейді. Жапония бар-жоғы 40 жылда мешеу хәлден дамыған империяға айналып шыға келді. Әлекең жапонның осы бір кереметін қазақ жұрты да қайталай алады дегенге бек сенді. Оған жету үшін қазақтың оқыған оғландарын ұлтқа қызмет етуге шақырды. Газет ашып, бұқараның көзін ашты. Ұлттық үкіметті құра алды,-дейді ғалым.
Тарихшы Бөкейхановты әлемге белгілі Махатма Ганди, Ататүрік, Нельсон Мандела сияқты жалпы адамзаттық биікке көтерілген саясаткер,-дейді.
Ататүрік былай дейді: "Мен үшін ең ұлы қорғаныс ұясы, ең ұлы көмек көзі - ұлтымның кеудесі. Сондықтан да мен ұлтымның кеудесін ешкімге бастырмау үшін барымды саламын!"
Осымен қатар, Ататүрік өз ұлтына қатысты мынадай ойлар айтады:
"Мен қажет болса, ұлтым үшін өз өмірімді де қиямын!"
"Ұлтқа қожалық жасауға, қоқаңдауға болмайды! Ұлтқа тек қызмет ету керек! Ұлтқа қызмет еткен адам ғана ұлтқа басие бола алады!"
"Түрік ұлты деген сөз - түрік тілі деген сөз. Түрік тілі - түрік ұлтының ең қасиетті, ең киелі, ең иелі қазынасы. Түрік тілі - түрік халқының жүрегі, ақылы һәм ойы!"
"Біздің бәріміз парламент депутаты бола аламыз, министр бола аламыз, тіпті республика президенті де бола аламыз. Бірақ, өнер адамы бола алмаймыз. Сондықтан өнер адамы біздің (биліктегілердің) емес, біз өнер адамының қолынан сүюге тиіспіз!" [13:12 б.]
Ататүрік осы ойларды тек айтып қана қойған жоқ, оны орындаған да! Және қалай орындады десеңізші!! Өз ұлтының мерейі мен мәртебесін көтере білген Ататүрік өзінің ақыл-ойы мен іс-әрекеті арқылы халық сүйіспеншілігіне бөленді. Халықтың ықыласына ие болды. Ататүріктің халық ықыласына бөленуінің сыры неде! Енді осы ретте қазақ оқырмандарын Ататүріктің өмірімен жөне қызметімен, саяси-идеологиялық ұстанымдарымен, көзқарасымен таныстыра кеткенді орынды көріп отырмыз.
Саяси күресте де екі данышпанның да бір-біріне ұқсас тәсілдерді қолданғанын көруге болады. Қазақ тарихында құрылтайлардың ролі үлкен және 1917-жылы 12-желтоқсанда Әлихан Бөкейхан ең көп дауысты алып, Алаштың және қазақтың көсемі болып сайланғаны белгілі. Мұстафа Кемал Ататүрік болса, мемлекетті шетелдік басқыншылардан тазартып, ұлт-азаттық күрестің көсемі ретінде күресуге бел буғанда 19-мамыр 1919 еді. 23-сәуір 1920-жылы Түркияның Ұлттық мәжілісі салтанатты түрде ашылғанда, алдымен жасы ең үлкен ақсақал Мәжіліс төрағасы болып сайланса да, іле-шала Мұстафа Кемальды бір ауыздан төраға етіп сайлады.
Ататүріктің ұлт-азаттық көтерілісінің тарихта жеңіске жетуінде өзі ұйымдастырған екі конгрестің маңызы өте үлкен. Бұлар- Ерзұрұм және Сивас қалаларында өткізілген және бұл қалалардың атымен аталған конгрестер тәуелсіздік жолында маңызды белестер болып есептеледі.
Сондай-ақ, Әлихан Бөкейхан қазақ мемлекетіне автономия құруды көздейді. Орыс патшалығының отары болған елі үшін, алғашқы этапта автономияға қол жеткізсе, тәуелсіздік те алыс емес екеніне сенімді еді. Мұстафа Кемаль Ататүрік болса алдымен әскери жетістіктерге қол жеткізіп, республика режимін құрды. [6:307б.]

Әлихан Бкейхановтың саяси қайраткерлігінің қалыптасуы және жетілуі. Әлихан Бөкейханның қайраткер ретінде қалыптасуының екі рухани
негіздерін бөліп айту артық емес. Біріншіден, Әлихан еркіндік пен теңдікті жоғары бағалаған ортада өсті. Оның қоғамдық көзқарасының қалыптасуына халықтың бай ауыз әдебиетінің, ұлы Абайдың және басқа ақын, жыраулардың
терең ойлы шығармаларының ықпалы болғандығы сөзсіз. Оның 1907жылы тұңғыш рет орыс оқырмандарын Абайдың творчествосымен таныстыруды көздеген материал жариялап, ал 1909 жылы ұлы ойшылдың шығармаларының Петерборда жарық көруіне мұрындық болып, өмірінің соңына дейін Қобыланды, Ерсайын, Қозы Көрпеш - Баян сұлу және басқа көптеген ауыз әдебиеті үлгілерін жинап, зерттеп және насихаттап өтуін, әрине, кездейсоқ жағдай деп айту қиын. Болашақ қайраткердің өмір жолының қалыптасуына орталық езгіге қарсы Кенесары бастаған жалпыұлттық көтеріліс (1837-1847) туралы ел арасындағы әңгіме, аңыздардың айтарлықтай ерекше әсері болғандығын аңғару қиын емес. [3:89 б.]
Екіншіден, ХХ ғасырдың басында озық ойлы Европа мәдениеті мен дәстүрінің ықпалынсыз Ә.Бөкейхан сияқты ірі қайраткерлердің қалыптасуы, әрине мүмкін емес-ті. Оның өмір жолын айқындауда, әсіресе, Ұлы Француз революциясының және орыс азаттық қозғалысы мен гуманистік әдебиетінің орны ерекше болды. 1917 жылдың жазында Уақытша үкіметтің комиссары қызметінде жүріп жазған мақаласында ол: Бостандық, теңдік, туысқандық 18-ғасырдан бері жарыққа шыққан таза пікір. Мұны майданға салған Франция жұртының саяси ерлері. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz