Сот шешімдерін орындау сатысындағы адам құқықтары


Мазмұны
Кіріспе . . . 3 1 Сот шешімдерін орындау сатысындағы адам құқықтары . . . 4
2 Сот және өзге органдар актілерінің орындалуы азаматтық
процесстің соңғы сатысы ретінде . . . 7
3 Жеке тапсырма: Жәбірленушінің құқықтық жағдайы . . . 9
4 СҒЗЖ: Қылмыстардан жәбірленген адамдардың құқықтары мен міндеттерін реттейтін заңды қолдану тәжірибесі . . . 21Қорытынды . . . 25
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 27
Қосымшалар
Кіріспе
Мен, Шуленбаева Гүлшат Мейрманқызы23. 01. 2017 - 04. 04. 2017ж. ж аралығында Оңтүстік Қазақстан облысы Қаратау аудандық сотында диплом алды іс - тәжірибеден өттім.Қылмыстылықтың тоқтамай өсуі, қылмыстылықтың қауіпті ұйымдасқан түрлері, тергеу жұмысының көлемін және қауіптілігін ұлғайтуда. Жоғарыда көрсетілген моменттер, үлкен психофизикалық ауыртпалықтар, бір уақытта бірнеше қылмыстық істерді тергеуі, тергеуді обективті түрде жүргізуге мүмкіндік бермейді. Тергеушілердің жұмысына апеляциялық емес тұрғыда араласуы, басқа мемлекеттік мекемелердің тергеудің жұмысына араласуы қылмыстық статистиканы бұрмалауға мүмкіндік берді. Тергеуші мамандығының абыройы төмендеп кеткен, құқық қорғау органдарына сенімде мәз емес, тергеу органдарының тергеушілерінің арасынды жемқорлықтың өсуі тән, тергеу органдарында қызметкерлердің ауысып отыруы кең өріс алған.
Әділ сот ісін жүргізу құқығы жеке құқықтардың қосылуын білдіреді, сот төрелігін жүргізу барысында олардың әрқайсысын қамтамасыз ету сот ісін жүргізудің әділ болу-болмауын анықтауға мүмкіндік береді. Әділ сот ісін жүргізу құқығын оны құрайтын құқықтарды топтастырып, үш элементке бөлуге болады: 1) сотқа дейінгі құқықтар, 2) сот процесі кезіндегі құқықтар, 3) соттан кейінгі құқықтар.
Қылмыстық іс бойынша әділ сот ісін жүргізу құқығы осы жеке тұлғаны қылмыстық процеске тартқан сәттен бастап пайда болады. Қандай да бір сот ісінің жағдайына қарай бұл сәт ұстаумен, тұтқындаумен немесе айып тағылумен қабат кеп қалуы мүмкін. Осылайша, әділ сот ісін жүргізу кепілдіктері қылмыстық істі қозғау, алдын ала тергеу және анықтау процестерінде, сондай-ақ соттың мүмкін болатын апелляциялық (қадағалау) шағымы бойынша әрекеттерін қоса алғандағы соттың істі қарауы барысында қамтамасыз етілуге тиіс.
Әділ сот ісін жүргізу құқығы адамның іргелі құқығы болып табылатыны белгілі. Бұл барлық жерде қолданылатын, халықаралық құқық қорғау жүйесінің негізгі идеясы болып табылатын принциптердің бірі. 1948 жылдан бастап Адам құқықтарының жалпыға бірдей Декларациясы және Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пакті (АСҚХП) таныған әділ сот ісін жүргізу құқығы әдеттегі халықаралық құқықтың құрамдас бөлігі ретінде барлық мемлекеттердің құқықтық міндеттемесіне айналды
Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес әділ сот ісін тек сот жүргізеді. Сот жүйесін Жоғарғы сот пен жергілікті (облыстық, аудандық) соттар құрайды.
Сот жүйесі адамның бұзылған құқықтарын қалпына келтіру және қорғаудың мемлекеттік биліктің заң шығарушы және атқарушы тармақтарына тәуелсіз негізгі мемлекеттік институты бола отырып мемлекеттік құқықты қорғау тетігінде орталық орын алады.
1 Сот шешімдерін орындау сатысындағы адам құқықтары
Атқарушылық іс жүргізу сот ісін жүргізудің азаматтардың құқықтары іс жүзінде жүзеге асатын және бұзылған құқықтары қалпына келетін кезеңі болып табылады.
Атқару құжаттарының уақтылы орындалуын қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының жанындағы Сот әкімшілігі комитетіне (бұдан әрі - Комитет) жүктелген. 2006 жылы атқарушылық іс жүргізудің заңнамалық базасын жетілдіру мақсатында «Кейбір заңнамалық актілерге атқарушылық іс жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» Заң қабылданды. Заң нормалары Қазақстан Республикасының құқықтық саясаты тұжырымдамасының сот атқарушылары мен приставтардың қызметін бірыңғай жүйеге біріктіруге қатысты ережелерін жүзеге асыруға, сот шешімдерінің атқарылуын процессуалдық соттық бақылауды қолдануды кеңейтуге бағытталған.
Бұл Заңда сот актілерін атқару процедурасын жақсартатын нормалар көрініс тапқан. Мысалға, сот атқарушыларының салық құпиясын құрайтын ақпаратқа қол жеткізуі қамтамасыз етілген, бұл борышкердің мүліктік жағдайын анықтау процедурасын едәуір жеңілдетеді.
Сол сияқты борышкерге қатысты неғұрлым толық ақпаратты жедел алу мақсатында «Бағалы қағаздар нарығы туралы», «Несиелік серіктестіктер туралы», «Шағын несиелік ұйымдар туралы» және «Нотариат туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына өзгерістер енгізілген.
Азаматтық іс жүргізу кодексі «Сот атқарушысының іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану», «Шешімді атқару кезіндегі басқа адамдардың құқықтарын қорғау» сияқты баптармен толықтырылған. Сол сияқты «Атқарушылық іс жүргізу және сот атқарушыларының мәртебесі туралы» Заңға атқарушылық іс жүргізудегі өкілділік пен құқықтық мирасқорлық тәртібін, сот атқарушысына қарсылық білдіру тәртібін белгілейтін баптар енгізілген.
Ішінара атқару жолымен атқарушылық іс жүргізу органдарының инкассалық өкімі негізінде борышкерлердің есеп-шотынан ақша алу тетігі жетілдірілген.
Дейтұрғанмен де қабылданған Заңда сот актілерінің атқарылуы жағдайын түбегейлі өзгертуге қабілетті принципті ережелер жоқ.
Талдау нақты орындалудың төмен көрсеткіштері атқару құжаттарының атқарылуы ұзақ (мерзімдік) сипатқа ие, не болмаса объективтік себептермен қиын болатын жеке санаттары бойынша орын алатынын көрсетеді.
Мысалға, алимент өндіру ұзақ уақыт жүреді, әдетте баланың кәмелет жасына жеткеніне дейін кезең-кезеңімен өндіріледі. Бұл санаттың нақты орындалу көрсеткіші өте төмен, шамамен 40%, бұл сот шешімдері орындалмайды деген сөз емес. 2006 жылдың қорытындысы бойынша қалдықта қалған құжаттардың ішінен алимент өндіру туралы 46 276 құжат кезеңімен орындалу үстінде[20] .
Нақты орындалудың өте төмен көрсеткіші сот үкімдері бойынша сома өндіру туралы атқару құжаттары бойынша байқалады. Бұл істер бойынша әдетте қылмыстан келген зиянның сомасы өндіріледі. Борышкерлер негізінен сотталғандар, материалдық және әлеуметтік жағдайлары нашарлар. Сонымен бірге, табысынан өндіру үшін олар бас бостандығынан айыру орындарында жұмыспен қамтылмайды. Атқару құжаттарының аталған санаттары бойынша орындалудың төмен пайызы тұтас алғандағы шынайы орындалу көрсеткіштерін төмендетеді.
Түскен ақпаратты талдау сот атқарушыларының өндіріп алушылардың да, борышкерлердің де құқықтарын бұзатынын көрсетеді.
Қазақстан әлеуметтанушылары ассоциациясы «Қазақстандағы адамның құқықтары: қоғамдық пікір» жобасы шеңберінде 1500 респондент арасында жүргізген сауалдама сұрақ берілгендердің тек 12, 0% Қазақстан Республикасында соттың шешімі толық көлемде орындалады деп есептейді. Респонденттердің 51, 1% сот шешімдерінің ішінара орындалатынына сенімді, ал сұрақ берілген адамдардың 33, 3% жауап беруге қиналған.
Респонденттердің 46, 8% сот шешімдерінің орындалмау себептерін сот атқарушыларының жемқорлануымен байланыстырады, сұрақ берілгендердің 23, 0% тиімді заңнаманың жоқтығымен түсіндіреді, респонденттердің 16, 6% сот шешімдерінің орындалмауы себебі ретінде сот атқарушыларының төмен біліктілігін белгілеген, респонденттердің 7, 9% сот шешімдерінің орындалмауын сот атқарушылары өкілеттіктерінің жеткіліксіздігімен түсіндіреді. Алынған мәліметтер азаматтардың сот шешімдерінің сапалы және дер кезінде орындалуына құқықтарын бұзуға байланысты маңызды проблемалардың бар екенін дәлелдейді.
Сот шешімдерінің белгіленген мерзімде орындалуының төмен сапасы не болмаса орындалмауы, жемқорлық қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың жасалуы сот атқарушыларының төмен құқықтық және әлеуметтік мәртебесімен, білікті және тәжірибелі мамандардың тапшылығымен, сондай-ақ сот шешімдерін атқарудың қолданыстағы тетігінің кемшіліктерімен тығыз байланысты.
Осы уақытқа дейін сот атқарушыларының саны белгіленген нормативтерге сәйкес келмейді, бұл оларға шектен тыс күш түсуіне және кадр ағымына әкеп соғады. Төмен жалақы, әлеуметтік қорғалмау да бұл кәсіптің тартымдылығына әсер етеді.
Проблеманы шешуге сот атқарушыларының еңбегін ынталандыру тетігін енгізу жәрдемдесер еді, мұны халықаралық сәтті тәжірибе де дәлелдеп отыр.
Францияның, Польшаның, Словакияның, Балтия елдерінің, Германияның, Әзербайжанның, Арменияның, Белоруссияның, Молдованың мемлекеттік атқару жүйесінде сот атқарушылары бекітілген жалақысымен қатар борышкердің қаражаты есебінен әрбір атқарылған іс-қимыл бойынша өндірілген сомаларға қарай сыйақы алады.
Мұндай ақы төлеу схемасы Германияда сот шешімдерін атқарудың жүз пайыздық дерлік атқарылуына қол жеткізуге мүмкіндік берген. Және де бірде-бір сот атқарушысы қылмыстық жауапқа тартылмаған.
Осыған ұқсас тетікті Қазақстанда енгізу сот атқарушыларының кадрлық құрамын сапалық жақсартуға, республика бюджетіне түсімді арттыруға, сот атқарушылары институтын ұстауға мемлекет шығынан азайтуға және атқару ісін жүргізу органдарындағы жемқорлық проблемасын шешуге мүмкіндік берер еді.
Бұл тетікті енгізу кезінде атқару сапасы артады және сот атқарушыларының штаттық бірліктерін бөлу қажеттігі жойылатынын атап өткен жөн.
Өкінішке орай, борышкерлерді сот актілерін орындаудан қашқаны үшін қылмыстық және басқа да жауапкершілікке тарту тетігі тиімсіз болып қалуда.
Атқару ісін жүргізу органдарын одан әрі реформалау қажет. Атқару ісін жүргізуге қатысушылардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың тиімділігі атқару ісін жүргізу органдарының құқықтық мәртебесін, сот актілерінің орындалуын бақылау тетігін айқын анықтауға байланысты.
2006 жылғы 28 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның кеңейтілген отырысында атқарушылық іс жүргізуді жетілдірудің мәселелері қаралды. Бұл ретте атқарушылық іс жүргізу органдарын Әділет министрлігінің қарамағына берудің, сондай-ақ оларды Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің құрылымына оның атын Сот актілерін атқаруды қамтамасыз ету комитеті деп қайта атай отырып енгізудің дұрыстығы мойындалды[21] .
2010 жылы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның үйлестірушілік рөлімен тәуелсіз сарапшылар дайындаған Адам құқықтарының ахуалы туралы базалық баяндамада Азаматтық іс жүргізу кодексінің 236-бабын сот атқарушысын соттың жазып берген атқару құжатын орындағаны туралы сотты хабардар етуді не болмаса мерзімі аяқталған кезде сотқа құжаттың орындалмауының себептері туралы жазбаша ақпарат беруді міндеттейтін 6-шы тармақпен толықтыру ұсынылды. Осы бапта соттың сот атқарушысынан осы ақпаратты бермеуінің себептері туралы қажетті түсініктемесін талап ету құқығын көздеу ұсынылды[22] .
Аталған шаралардың қабылдануы сот шешімдерінің орындалуының тиімділігін арттыруға, сот билігінің беделін нығайтуға және халықтың сотқа сенімін арттыруға мүмкіндік береді деп ойлаймыз, өйткені сот актілерінің орындалмауы, атқару ісін жүргізу органдарының селқостығы мен әрекетсіздігі сот билігі мен жалпы мемлекет беделіне едәуір нұқсан келтіреді.
2 Сот және өзге органдар актілерінің орындалуы азаматтық процесстің соңғы сатысы ретінде
Сот актілерінің барлық санаттарының орындалуын регламеттейтін Сот актілерінің орындалуы туралы кодекс әзірлеу мен қабылдау мүмкіндігін зерделеген жөн. Борышкерді өз міндеттерін орындауға жанама мәжбүрлеу шараларын қолданудың және астрэнта (тұрақты өсіп отыратын өсім) институтын енгізудің шетелдік тәжірибесі назар аударуға тұрарлық, бұл борышкерлердің тәртіптілігіне әкеп соғады. Борышкерлердің сот орындаушысының талап етуі бойынша өз активтерін декларациялау міндетін заңнамалық түрде бекіту және сот орындаушысына борышкердің өз мүлкін ажырату жөніндегі оның мүліктерді өндіріп алудан жасыру мақсатында жасаған мәмілесін жарамсыз деп тану туралы сотқа жүгіну құқығын беру туралы мәселені де зерделеуге болады.
Атқару ісін жүргізудің тиімділігін арттыру және осы саладағы адам құқықтарын толық қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметіне мемлекеттік органдармен бірлесіп 2009-2012 жылдардағы кезеңде іс жүзінде мына шараларды жүзеге асыруды ұсынамыз:
1. Талап арыз берушілерге, әсіресе жалғыз басты аналарға алиментшілердің, сондай-ақ жасаған қылмысымен келтірген зиянды өтемеген сотталған адамның төлемқабілетсіздігі кезеңінде арнайы мемлекеттік жәрдемақы төлеудің тетігін әзірлеп, енгізу. Бұл ретте борышкерден мемлекеттің жұмсаған шығынын регрессивті өтеуді әрі қарай талап ету құқығын белгілеу;
2. Сот актілерін орындамаумен байланысты қылмыстар бойынша жауап алу функцияларын Ішкі істер министрлігінен Атқару ісін жүргізу органдарына беру.
3. Халықаралық озат тәжірибелерді зерделеу негізінде сот атқарушыларының еңбегін материалдық ынталандыру тетіктерін әзірлеп, енгізу.
4. Атқару істерін жүргізу органдарын Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің құрылымына соңғысын Сот актілерінің орындалуын қамтамасыз ету жөніндегі комитет деп атай отырып, кіргізу мүмкіндігін қарастыру.
5. ҚР Азаматтық іс жүргізу кодексінің (ҚР АІК) 236-бабын сот орындаушысын сотты оның жазып берген атқару құжатының орындалғаны туралы хабардар ету не болмаса мерзімі аяқталған кезде құжаттың орындалмаған себептері туралы жазбаша ақпарат беруге міндеттейтін 6-шы тармақпен толықтыру. Осы нормада сот орындаушысынан бұл ақпаратты бермеудің себептері туралы соттың қажетті түсініктеме талап ету құқығын қарастыру.
6. Сот актілерін мемлекеттік органдардың, республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мекемелердің орындау тәртібін өзгерту. Бұл мақсатта бюджеттік заңнамаға мемлекеттік мекемелеріне өздерінің алдағы қаржы жылына бюджеттерін жоспарлау кезінде сот актілері бойынша өз міндеттемелерін өтеуге қаражатты көздеуді міндеттейтін норма енгізу қажет.
7. Мемлекеттік мекемелердің бірінші басшыларының сот актілерінің орындалмағаны үшін жауапкершіліктерін заңнамалық түрде қарастыру.
8. Шет елдердің мәжбүрлеп атқару саласындағы практикасының тиімділігін ескере отырып, Қазақстан Республикасының атқару ісін жүргізу туралы заңнамасында борышкерді өз міндеттерін орындауға мәжбүрлеудің жанама шараларын қолдануды қарастыру қажет, олар мәжбүрлеп атқарудан едәуір өзгеше және атқару ісін жүргізудің мүмкіндіктерін кеңейтеді. Ол үшін астрэнта (тұрақты өсіп отыратын өсім) институтын енгізу қажет, бұл әділ сот ісін жүргізудің, атқару ісін жүргізу субъектілерінің құқығын қорғаудың тиімділігін арттыруға жағдай жасайды.
9. Заңнамалық түрде сот орындаушыларын әлеуметтік қорғау шараларын көздеу. Сот орындаушыларының қызметін материалдық-техникалық, соның ішінде қызметтік автокөлікпен қамтамасыз етудің қажетті шараларын қабылдау.
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мекемесінің сауалы бойынша жүргізілген тексерулер нәтижесі бойынша мемлекеттік еңбек инспекцияларымен еңбек заңнамасын бұзғаны үшін екі ЖШС басшысы мен жеке кәсіпкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
3 Жеке тапсырма: Жәбірленушінің құқықтық жағдайы
Қылмыстық процескүрделі процесс, оған әр түрлі адамдар қатысады. Қылмысқа қатысушыларды үш топқа бөлуге болады.
1. Қылмыстық процеске қатысушы мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар. Оларға сот және мемлекеттік органдар мен қылмыстық қудалау қызметін жүзеге асыратын лауазымды тұлғалар жатады (прокурор, тергеу бөлімінің бастығы, тергеуші, анықтау органы, анықтау органының бастығы, анықтаушы) .
2. Өз құқықтары мен мүдделерін немесе өздері білдіретін құқықтар мен мүдделерді қорғап процеске қатысушылар (күдікті, айыпталушы, қорғаушы, жәбірленуші, жеке айыпталушы, азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер, кімелеттік жасқа толмаған айыпталушының (күдіктінің) заңды өкілдері, жәбірленушінің, азаматтық талапкер мен жеке айыптаушының өкілдері, азаматтық жауапкердің өкілдері) .
3. Қылмыстық процеске қатысушылардың үшінші тобын шартты түрде үш шағын топқа бөлуге болады.
Бірінші топ - дәлелдемелер ұсыну бойынша міндеттерін орындайтын процеске қатысушылар. Оларға: куәгерлер мен сарапшылар жатады; Екінші топ - іс жүргізу әрекеттеріне жәрдемдесу үшін тартылатын процеске қатысушылар. Олар: куәгерлер, аудармашылар, мамандар, сот отырысының хатшылары, кепілшілер, тану жүргізетін статистер және т. б. Үшінші шағын топ - сот шешімдерін орындауға қатысатын мекемелер мен ұйымдар және соған орай үкімді орындау кезінде туындайтын іс жүргізу мәселелерін шешуі қатысатындар. Бұл топты: үкімдер мен қаулыларды нақтылы орындауды жүзеге асыратын әкімшілік өкілдері, сотталушының науқастануы, мүгедектігі немесе ауруханаға орналастыру бойынша комиссияның өкілдері және т. б. құрайды.
Анықтау және алдын aлa тергеу - бұл анықтау органдары мен өкілетті органдардың сотқа дейінгі әрекеттері. Бұл әрекеттің негізі Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу кодексінде (ҚІЖК) белгіленген. Мұнда шектерде қылмыс жасаған адалдарды қылмыстық жауапкершілікке тартужәне істің мән-жайының жиынтығын анықтау, белгілеу және бекіту жөніндегі өкілеттіктерінің іс жүргізуі анықталған. Қылмыстық процеске қатысушылардың әрекеті толықтай заңмен реттеледі.
Қылмыстық [өңдеу]
Өзіне қатысты қылмыстық іс қозғалған не ұстау жүзеге асырылған, не айып тағылғанға дейін жолын кесу шарасы қолданылған адам күдікті болып танылады. Заңда күдіктіге көптеген құқықтар берілгеп. Оның құқықтары мынадай:
өзіне не үшін күдік келтірілгенін білуге;
өзіне қарсы күдікке байланысты түсініктеме мен жауап беруге немесе түсіндірме мен жауап беруден бас тартуға;
дәлелдемелер ұсынуға;
өтініш пен қарсылық білдіруге;
ана тілінде немесе өзі білетін тілде айғақ пен түсініктеме беруге;
ақысыз аудармашының көмегін пайдалануға;
өзінің қатысуымен жүргізілген тергеу әрекеттерінің хаттамаларымен танысуға және хаттамаларға ескерту беруге;
тергеушінің немеее анықтаушының рұқсатымен оның өтініші немесе қорғаушының не заңды өкілінің өтініші бойынша жүргізілетін тергеу әрекеттеріне қатысуға;
соттың, прокурордың, тергеушінің және анықтаушының іс-әрекеттері мен шешіміне шағым беруге;
оның өтініші бойынша қорғаушының қатысуымен жауап алынушы болуға құқылы.
Басқаша айтқанда, өзіне қатысты ҚІЖК бекітілген тәртіпке айыпталушы ретінде жауапқа тарту туралы қаулы шыққан адам анықталушы болып танылады. Айыпталушының жағдайы көп жағдайда күдіктінің жағдайымен сәйкес келіп жатады. Күдіктіні, айыпталушыны жауап алуға, қылмыстық қудалау органына қандайда бір материалдарды беруге, сондай-ақ оларға қандай да бір көмек көрсетуге мәжбүрлемеу керек. Жауап (айғақ) беру - айыпталушының міндеті емес, құқығы. Ол жауап беруден бас тартқаны үшін жауапқа тартылмайды. Жауап беруге мәжбүрлеу - бұл тергеушінің немесе тергеу жүргізетін тұлғаның тарапынан күдіктіні, айыпталушыны, жәбірленушіні, куәні жауап беруге, не сарапшыны қорытынды беpyгe қорқыту, бопсалау немесе басқа да заңсыз әрекеттер қолдану арқылы ықпал етуі. Заңда айыпталушыдан күш көрсету, қорқыту, алдау арқылы, басқа да заңсыз әрекеттермен (негізсіз ұстау және басқалары) жауап алуға жол берілмейді. Осындай әрекеттері үшін лауазымды тұлғалар қылмыстық жауапкершілікке тартылады.
Сотталушы - іс бойынша басты сот талқылауы тағайындалатын айыпталушы. Сотталушының құқықтары айыпталушының құқығымен сәйкес келеді. Сотталған адам - өзіне қатысты айыптау үкімі шығарылған айыпталушы.
Тергеуші - бұл өз құзіреті шегінде қылмыстық іс бойынша алдын ала тергеуді жүзеге асыруға уәкілеттік берілген лауазымды тұлға: Ішкі істер органдарының тергеушісі, ұлттық қауіпсіздік органдарының тергеушісі және салық полициясы органдарының тергеушісі. Прокурор - өз құзіреті шегінде жедел іздестіру қызметінің, анықтаудың, тергеудің жене сот шешімдерінің заңдылығын қадағалауды, сондай-ақ қылмыстық процестің барлық сатыларында қылмыстық ізге түсуді өз құзіреті шегінде жүзеге асыратын лауазымды тұлға. Ол сотта мемлекеттік айыптауды қолдайды.
Сот процесінің әділдігі мен шынайылығын қамтамасыз ету үшін заңда қарсылық білдіру институты карастырылған. Қарсылық білдіру - тергеу жүргізу мен соттың істі анықтау кезінде әділдік пен шынайылықты қамтамасыз ететін азаматтық, іс жүргізу және қылмыстық іс жүргізу құқығының институты. Қарсылық білдіру кезінде сот іске қатысы бар адамдарды тыңдауға, қарсылық білдірген адамның пікірін тыңдауға міндетті. Қарсылық білдіру жөніндегі мәселені сот шешеді. Адвокат - бұл заңның аясы негізінде заң көмегін көрсететін тұлға.
Қоғам мен мемлекет бір де бір азаматтың жеткілікті негізсіз қылмыстық жауапкершілікке тартылмауына және сотталмауына мүдделі. Мемлекет қорғалу құқығын қамтамасыз етуде конституциялық кепілдікті орындай отырып адвокатқа едәуір құқықтар берген, соның ішінде оның адвокаттық қызметіне кепілдік бар.
Қылмыстық процеске адвокаттың қатысуы - бұл адвокаттық кызметтің маңызды бағыттарының бірі, ол негізінде айыпталушыларды (күдіктілерді) қорғау функциясымен байланысты болады.
Қорғау - бұл қылмыс жасады деп күдік келтірілген адамдардың құқықтары мен мүдделерін қамтамасыз ету, айыпты теріске шығару немесе жұмсарту, сондай-ақ қылмыстық қудалауға заңсыз тартылған адамдарды ақтау мақ сатында қорғау тарапынан жүзеге асырылатын іс жүргізу қызметі. Қылмыстық процестің әрбір сатысында айыпталушы қорғаушының көмегіне мұқтаж болады, онсыз айыпталушы өзінің кінәсіздігіне дәлелдемелер келтіре алмайды, сондай-ақ айыптауды теріске шығаратын немесе жауаптылығын жеңілдететін мән-жайларды анықтай алмайды. Қорғаушы - бұл заңда белгіленген тәртіппен күдіктілер мен айыпталушылардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды жүзеге асыратын және оларға заң көмегін көрсететін тұлға.
Заңда қорғаушы ретінде іске қатыстырылуға жіберетін адамдар нақты айқындалған. Оларға: адвокаттар, яғни адвокаттық алқаға мүше адамдар; жұбайы (зайыбы) ; жақын туыстары немесе заңды өкілдері; өз бірлестіктері мүшелерінің ісі бойынша кәсіподақтың және басқа да қоғамдық бірлестіктердің өкілдеріне, оларға қорғаушы ретінде өкілеттіктерін растайтын тиісті құжаттар (шешім немесе хаттама, сенімхат) беріліп, өкілдерін жібереді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz