Мектеп жасына дейінгі балаларды есептерді шешуге үйрету


І. КІРІСПЕ 3
- Мектеп жасына дейінгі есеп шығарудың кезеңдері және әдістерімен таныстыру 4
- Мектеп жасына дейінгі балаларды есептерді шешуге үйрету 9
ІІ. Негізгі бөлім 19
- Мектеп жасына дейінгі балаларды цифрлармен таныстыру 19
- Есеп шығаруда пайдаланылатын көрнекі материал түрлері 25
ІІІ. Қорытынды 28
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер 30
І. КІРІСПЕБалалар бақшасында даярлық топ ерекше орын алады. Педагогтың міндеті, бір жағынан, балалардың алған білімдерін жүйеге келтіру және бұдан бұрынғы бүкіл тәрбиелеу және оқыту жұмысы нәтнжесінде балалардың жалпы өсіп жетілу дәрежесін зерттеу болса, екінші жағынан, баланың жеке басын қайта қалыптастыруды талап ететін, балаларды психологиялық жағынан дайындау болып табылады. Осы кезеңде балалардың сана-сезімі мен мінез-құлқында болашақ оқушының өзінің оқуына, өз тәртібіне жауапкершілігін түсінетіндей өзгеріс болуы керек. Бала балалар бақшасында көптеген эмпирикалық білім алды, ал мектепке көшкенде барған сайын тереңдете берілетін ғылыми білім бірте-бірте ашыла береді де, мұның өзі абстрактілі ұғымдармен операциялар жасауға дайындықты талап етеді. Бұл тұста басты мәселе тек жеке функциялардың (түйсіктің, естің, зейіннің т. б. ) дамуы ғана емес, баланың санасындағы функционалдық байланыстар мен қатынастардың өзгеруі. Сана әрбір жеке функцияның дамуында болып жататын жеке бір өзгерістердің қосындысы ретінде дамымай, өзінің ішкі құрылысы мен бөліктерінің байланысын әрбір жаңа кезеңде өзгерте отырып, бүтін бір нәрсе ретінде дамиды. Сананың дамуындағы әрбір функционалдық бөліктің тағдыры бүтіннің өзгерісіне байланысты болады, бірақ керісінше емес, - деп жазды Л. С. Выготский, сананың мұндай функционалдық өзгерісі жеке адамның дамуындағы басты және ең елеулі нәрсе болып табылады.
Даярлық топтағы балалар өздерін балалар бақшасында ересектер ретінде сезінеді. Мектепке көшуге дайындалған ересек балалардың бұл позициясы олардың өзіне деген қатынасын өзгертеді, оларға кішкентайлардың қарым-қатынасының өзгеретіні сияқты, басқа топта балаларға қарым-қатынасын өзгертеді. Мен қазір тек ересек балалар тобындамын, келесі жылы даярлық топта боламын, сонан кейін мектепке барамын, - деп бала ең ересек бала болуды қиялдайды.
Курстық жұмысымның өзектілігі: Ұрпақ тәрбиесін жаңа құндылықтар негізінде жетілдіру қоғам алдында тұрған ауқымды істердің бірі, мектепке дейінгі мекемелерде сондай-ақ даярлық тобында математика элементтерін оқыту бағдарламасы мен әдістемесі бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі. Объектісі: балабақшадағы балаларға арналған материал, өткізілетін сабақтар үлгісі. Есептеу әрекетінің элементтері, арифметикалық есептер шығару тәсілдері.
Курстық жұмысымдағы мақсатым: Мектеп жасына дейінгі балаларды арифметикалық амалдарды шешуге үйрету.
Мектеп жасына дейінгі есеп шығарудың кезеңдері және әдістерімен таныстыру«Есеп» термині ересек мектепке дейінгі жаста сандық сипаттамаларды пайдалана отыра, өмірлік жағдайды сипаттайтын «мәтін» мағынасында пайдаланылады.
Мектеп жасына дейінгі ересек балалардың математикалық және жалпы ақыл-ойын дамыту процесінде оларды қарапайым арифметикалық есептерді шешуге және құрастыруға оқыту маңызды орын алады. Егер мектептегі есептеуге оқыту мысалдар мен арифметикалық есептерді шешу кезінде жүзеге асырылса, мектепке дейінгі мекемелердің жұмыс тәжірибесінде балаларды солардың жағдайында нақты, негізінен ойын және тұрмыстық ахуалдар көрсетілетін, қарапайым есептер негізінде есептеудің қарапайым тәсілдерімен және арифметикалық әрекеттермен таныстыру жүргізіледі. Әрбір арифметикалық есеп деректер сандарынан және іздейтін шамадан тұрады. Есептегі сандар заттардың нақты топтарының санын немесе шамалардың мәндерін сипаттайды; есеп құрылымына шарт пен сұрақ кіреді. Есеп шартында берілген сандар арасындағы байланыстар, сондай-ақ мәліметтер мен іздейтін шамалар байланыс көрсетіледі. Бұл байланыстар арифметикалық амалдарды таңдауды анықтайды. Осы байланыстарды орната отырып, бала арифметикалық амалдардың мағынасын және «қосу», «алу»,
«осылай шығады», «қалады» ұғымдарының мағынасын оңай түсінеді .
Есептерді шеше отырып, балалар шамалардың тәуелділігін табу қабілетін игереді. Сонымен қатар, есептер балалардағы логикалық ойлауды, тапқырлықты, шапшаңдықты дамыту құралдарының бірі болып табылады. Есептермен жұмыс жасау барысында талдау және синтез, жалпылау және нақтылау, негізгісін ашып көрсету, есеп мәтінінде бастыны бөлу және қажет емесін, қосалқыны алып тастау ептілігі жетіле түседі. Әрине, мәтіндік есептер балаларды есепті шешуге үйрету әдістемесін дұрыс ұйымдастырған кезде ғана өз рөліне толық сәйкес келеді. Егер арифметикалық есепті мектеп жасына дейінгі балалардың түсіну ерекшеліктерін қарастыратын болсақ, оның негізгі талаптары неғұрлым түсінікті болады.
Мектеп жасына дейінгі ересек топтың балаларын математикалық және жалпы ақыл-ойын дамыту кезінде оларды қарапайым арифметикалық есептерді шешуге және құрастыруға оқыту елеулі орын алады.
Қарапайым есептер - бұл бір амалмен - қосумен немесе азайтумен шешілетін есептер. Оларды топтарға бөледі:
Бірінші топқа қарапайым есептер жатады , оларды шешу кезінде балалар арифметикалық амалдың әрқайсысының нақты мағынасын, яғни
қандай арифметикалық амал жиынтықтарда қандай да бір операцияға сәйкес келетінін меңгереді (қосу немесе азайту) . Бұл екі санды табуға немесе қалдығын табуға арналған есептер. (Ағашта үш құс отырды, тағы біреуі ұшып келді. Ағашта қанша құс болды?)
Екінші топқа қарапайым есептер кіреді, оларды шешуде компоненттер мен арифметикалық амалдардың нәтижелері арасындағы байланысты түсіну қажет. Бұл белгісіз құрамдас бөліктерді табуға арналған есептер («Валя бірнеше саңырауқұлақ пен аюды пластилиннен жасады, ал барлығы 8 фигураны жапсырды. Нина қанша саңырауқұлақ жапсырды?») .
Үшінші топқа түрлі қатынастар ұғымына байланысты қарапайым есептер кіреді:
а) санын бірнеше бірлікке көбейту (Саша 5 сәбіз, ал Костя тағы біреуін артық жапсырды. Костя неше сәбіз жапсырды?) ;
б) санын бірнеше бірлікке азайту (Витя 4 кесе жуды, ал Катя бір кесеге кем жуды. Катя неше кесе жуды?) .
Мектеп жасына дейінгі балаларды арифметикалық есептерді шешу мен құрастыру қабілетіне оқыту барысында әр түрлі модельдер қолданылады: заттай (заттар және оларды алмастырғыштар, графикалық (суреттер, сызбалар, ауызша және математикалық (сандық өрнектер) .
- Драмаландыру есептері- сюжеті мен амалдарын балалар өздері ойнайды: - Петя, 3 жалауды құмыраға сал. Маша, 2 жалауды құмыраға сал. Балалар осы туралы есеп ойлап табуға болады.
- Суреттеу есептері- шарты суретте бейнеленеді:
а) заттай көрнекілікті қамтамасыз ететін суреттер (заттар мен әрекеттер айқын көрсетіледі: вазада 3 алма бар, қыз тағы 2 алма салады) ;
б) жұптасқан суреттер (сол жақта - төмпешікте 3 бақа, оң жақта
-
төмпешікте 2 бақа және 1 бақа жүзіп жатыр) ;
в) ішінара көрнекілікті қамтамасыз ететін суреттер (3 ақша қар және 2 шалшық) ;
г) тек өмірлік жағдайды бейнелейтін суреттер (жоғарғы сөреде - 4 кітап, төменгі жағында - 3 кітап) .
- Ауызша есептер(көрнекіліксіз) . Драмаландыру есептерінің ерекшелігі - олардың мазмұны балалардың өмірін тікелей, яғни олар қазір не істегенін немесе әдетте не істейтінін көрсетеді. Драмаландыру есептерінде олардың мағынасын барынша айқын көрсетіледі. Мұндай түрдегі есептероқытудың бірінші кезеңінде әсіресе құнды болады: балалар өздері туралы есептер құруға, бір-бірінің әрекеттері туралы баяндауға,
шешу үшін сұрақ қоюға үйренеді, сондықтан драмаландыру есебін мысалға ала отырып, есептің құрылымы балаларға анағұрлым қолжетімді болады.
Көрнекі құралдар жүйесінде суреттері немесе ойыншықтары бар суреттеу есептері ерекше орын алады. Егер драмаландыру есептерінде барлығы алдын-ала анықталған болса, суреттеу есептерінде сюжеттің әр түрлі болуы үшін ойыншықтардың көмегімен кеңістік құрылады, бұл есептер қиялды дамытады, есептерді өз бетінше ойлауға жады мен қабілетін ынталандырады, демек ауызша есептер шешуге және құрастыруға әкеледі.
Тәрбиеші өзі ауызша есепті ойлап шығаруы мүмкін. Көрнекі құралдар арифметикалық есеп пен оның құрылымының мағынасын меңгеруге ықпал етеді. Суреттерге қойылатын талаптар: сюжеттің қарапайымдылығы, мазмұн динамикасы және объектілер арасындағы айқын бейнеленген сандық қатынастар.
Балабақшадағы басты міндеттерінің бірі бүлдіршіндердің ой - өрісін, іс
- қимылын жан - жақты дамыту. Математиканы оқытуда есептердің алатын орны ерекше. Оны оқытудың негізгі мақсаты - математикалық есептердің белгілі бір жүйесін шешу. Әдістемесін балаларға игерту. Сондықтан есепті шешу - оқытудың мақсаты ғана емес, сондай - ақ құралы да. Оның қатарына пәнді оқытуда қарастырылатын әр алуан жаттығулар, мысалдар, логикалық тапсырмалар, яғни кез келген математикалық мазмұнды тапсырманы жатқызуға болады. Есепті шешу кезінде оның шартына немесе салдарына математикалық жалпы қағидаларды қолданудың реті анықталады.
Мектеп жасына дейінгі балаларға есептеу және есеп туралы ұғымды оқытуда ойындар, көрнекіліктердің алатын орны ерекше.
Топтарда есептеу бүтін затты тең бөліктерге бөлуге, сандарды жеке - жеке топтауға үйретуге балалардың ой - өрісін дамытуда алатын орны ерекше. Бүтін затты тең бөліктерге бөлуде балаларға тапсырмалар немесе ойындар, жұмбақтар, сұрақ - жауаптар арқылы жүргізуге болады. Мысалы: Асанда 6 алма бар еді, ол Үсенге қолындағы алмасының екеуін берді. Сонда Асанда қанша алма қалды. (4) Стол үстінде 9 карандаш жатыр. Оны үш балаға теңдей бөлу керек. Сонда қаншадан тиеді. (3) деген сұрақтар қоюға болады. Жанып тұрған 4 майшамның екеуі сөніп қалды. Сонда неше майшам қалды? (2) Қолымда 5 алма, табақта 2 алма, қосқанда барлығы қанша алма?
(7) Осындай жұмбақтар жасыруға болады.
Мектеп жасына дейінгі балаларға есептеу және есеп туралы ұғымды оқытуда есеп құрастыру және оны шыгару сабағында балаларға суретті пайдаланып төмендегідей есептерді шығаруға болады.
1 тапсырма . Кеспе сандарды пайдаланып, арифметикалық есептерді шығару.
6+ =8 3+ =8 2+ =8 8+ =8
3 Тапсырма- Қисынды есептер:
![]()
+
- Жанып тұрған 4 майшамның үшеуіі сөніп қалды, сонда неше майшам қалды ?
Жауабы: Бір майшам
- Қолымда бес алма, табақта үші алма қосқанда барлығы болады неше алма?
Жауабы: 8 алма
4 Тапсырма. Жұлдызша ішіндегі сандар қандай бірдей сандарды қосқанда шығады?
Балалар: 2+2=4; 3+3=6; 4+4=8; 5+5=10
Мұның нәтижесін табудағы ең басты мақсаты баланың тілін дамыту, грамматикалық дұрыс, байланыстырушы, сөйлеуге тәрбиелеу, көзімен есінде сақтап, тіл сөз арқылы ойын айтып, ақыл - ойын дамытып, шығармашылық еңбек етуге тәрбиелеу. Мектеп жасына дейінгі балаларға есептеу және есеп туралы ұғымды оқытуда есеп және оның құрамы бөліктермен балаларды айқын түрде таныстыруға дейінгі уақытты дайындық кезеңі деп айтуға болады.
5-Тапсырма «Кім жылдам» жарыс ойыны. (3 минут)
- Бұлбұл әсем жырлайды
Ел жұрт елтіп тыңдайды, 2-ге 2-ні қосқанда Нешеу болып сайрайды?
Балалар: - 4 болып сайрайды.
- Үйрегім-ай үйрегім Келіп жүрме билегің? Алтау едің басында Жүзіп кетті үшеуі Қалды артта нешеуі.
Балалар: - 3 үйрек артта қалды.
- Бес алманың екеуін, Досың сұрап алады. Айтшы сонда нешеуі Өз қолыңда қалады.
Мектеп жасына дейінгі балаларды есептерді шешуге үйретуБалалар: - 3 алма қалады.
Бауырсақты қоян босатып жіберді, домалап келе жатып қасқырға жолықты.
Қасқырдың тапсырмасы.
6) Үстел үстінде 2-3 топ ойыншықтар қойылады. Әр топтағы ойыншықтар әр түрлі бағытта орналасқан. Үстел үстінде неше аю, қанша қуыршақ бар?
Балалар ойыншықтарды санайды. Санап болған соң аюлар мен қуыршақтар саны төрт-төрттен екенін анықтайды.
Есептеуді оқытып үйретуді неден бастау керектігі: сан мысалдан ба әлде арифметикалық есептерден бе деген мәселе мұғалімдер мен методистер арасында ертеден талқыланып келген. Біреулері оқытуды есептеу әдістерін көрсету оңай болатын сан мысалдан, ал басқалары -- арифметикалық есептерден бастау қажеттігін дәлелдеді.
Қазіргі кезде мектеп есептер мен сан мысалдарды бір мезгілде береді де соған сүйеніп қарапайым есептер құрастырылады. Мысалы, баладардың санды бірлікке арттыра және кеміте білу шеберліктеріне сүйеніп ұзындығы 5 см(5 клетка емес) кесінді сызу, сонан сон, оның ұзындығын 1смарттыру тапсырылады. Бұл тапсырма кейін есепке айналады -- мынадай сұрақ қойылады: Кесіндінің ұзындығы қандай болды? Балалар тапсырманы орындайды да, оларды қалай орындағанын түсіндіріп, есептің сұрағына жауап береді.
Мектепке дейінгі мекемелердің жұмыс практикасында балаларды арнфметикалық амалдармен және есептеу әдістерімен балалардың өз іс- әрекеттері бейнеленетін қарапайым есептер негізінде таныстыру қабылданған. Балаларға есеп, мысалы, екі қосылғыш бойынша қосындыны табудың мағынасын түсінуге көмектеседі. Қосумен азайтуға берілген есептердің алуан түрлілігі үнемі қолданылатын: қосу, азайту, болады, қалады. деген терминдердің мағынасын бірте-бірте ұғынуға, яғни арифметикалық амалдардың мағынасын ұғынуға мүмкіндік береді.
Арифметикалық есептің мәнісін балалардың түсіну ерекшеліктері
Ең оңай есепті түсіндірудің өзі оның мазмұнын талдауды, оның сан мағлұматтарын бөліп алуды, оларды арасындағы қатынастарды демек, орындауға, тиісамалдарды ұғынуды талап етеді. Есеп шығарғанда бала айналадағы заттардың саны мен құбылыстарды жай ажыратып айырудан олардың арасындағы күрделі сандық қатынастарды ұғынуға дейін жетуі тиіс.
Зерттеулер көрсеткендей, есептің құрылысының өзін де балалар бірден ұғынып алмайды. Бұған үйрету арқылы мүмкіндік жасалады. Әңгіме мен жұмбақтан өзгеше есеп шартын түсініп алысымен, балалар сан мағлұматтар арасындағы қатынастарды ұғынулары керек.
Есептің сұрағын қою балаларға ерекше қиындық келтіреді. Бұл қиындықтың себебі неде? Сұрақ есептің мәнін анықтайды, ойды сан мағлұматтар арасындағы қатынастарды ұғынуға бағыттайды. Эмпирикалык, әсер сипатын ұғынуға және орындауға тиісті сәйкес арифметикалық амалды
табуға көмектеседі. Бірақ сұрақтың екі: тұрмыстық-әлеуметтік және арифметикалық жағы бар. Бала оларды дифференцияламайды және есептің сұрағын өзіне қаратылып қойылған сұрақ ретінде қабылдайды. Ол өзіне қойылған сұрақты қайталамай оған жауап беріп үйренген. Сондықтан есепті қайталағанда, балалар, әдеттегідей сұрақты қайталамастан бірден жауабын есепке енгізіп жібереді; олар жауап беруге асығады. Сұрақтың басқа қызметін олар әлі білмейді. Балалар үшін сұрақтың жаңа арифметикалық жағын ашып беру үшін ең алдымен балаларға белгілі жағына сүйену керек, олардың әрқайсысын есепті ойлап табушының жағдайына келтіріп, оны шығаруды тыңдаушыларына тапсыру керек. Мұндай- жағдайда есепті беріп отырған балаға сұрақ қою қажеттілігі айқын болады. Арифметикалық есептегі сұрақтың мәнін ұғынуға, сондай-ақ сұрақтардың әрі түрлі сипаты да көмектеседі. Сұрақ сан мағлұматтар арасындағы қатынастармен есепте нені білу талап етілетінін түсінуге бағыттайтынын балалар бірте-бірте ұғынулары тиіс.
Әр түрлі есептерді шешу балаларды арифметикалық амалдардың мәнін түсінуге, сандарға қолданылған ол амалдарда адамдардың жиындармен жасайтын көптеген практикалық іс-әрекеті жинақталады. Ол қосу, азайту, болады, теңт. б. сияқты жинақталған ұғымдарда бейнеленген, мұнда сандардың өздері жиындардың қуаттылығының көрсеткіштері болып табылады. Осы математикалық терминдердің бәрін ұғып алу балалардың ақыл-ойын эмпирикалық практикалық амалдарға жинақтауға дейін жеткізеді. Қосындының мәнін де балалар бірден ұғынып алмайды. Ең алғаш жиындарды практика жүзінде біріктіру ретінде түсініледі. Алайда қосынды - ол тек сандарды ойша қосу ғана. Сондықтан әр түрлі жиындарды біртұтас жиын етіп біріктіру жөнінен, жиынның дұрыс бөлігін бөліп ал т. с. с. жөнінен алдын ала істелетін жұмыстың балаларды арифметикалық амалдарды ұғып алуға дайындауда елеулі мәні бар.
Есептеудің элементар әдістерін (бірліктерді қосып және шегеріп санау) балалардын ұғып алуына сандар тізбегі және натурал қатарын тетелес сандар арасындағы өзара-кері қатынастарды, санның бірлікке қатынастарын (санның бірліктерден сандыққұрамын) түсінуге мүмкіндік береді. Балаларды санауға үйретуде осы мәселелерге көп уақыт бөлінетіндігі де осыдан. Міне, сондықтан ба бұл қатынастарды түсінбеген балалар, әдетте, әр уақытта санаудың практикалық деңгейінде болып есептеу іс-әрекетінің әдістерін ұғып алуға шамасы келмейді (балалар екі қосылғышты санап шығады немесе қалдықты санайды) . Көз алдына елестету бойынша есеп шығаруға, бұл балалардың шамасы келмейді, өйткен олүшін санды бірліктерге ойша
ажырата білуді, тетелес сандар арасындағы қатынасты тура және кері ретпен айқын түрде түсінуді талап етеді.
Балаларды есептермен, арифметикалық амалдармен және шешу тәсілдерімен таныстыру үшін ең алдымен есептер қандай сан мағлұматтарға негізделуі тиісекенін анықтап алу қажет.
Балалар бақшасында арифметикалық қосу амалы үлкен санға кіші санды қосу, ал азайту амалы -- азайтқыш қалдықтан аз болатын жағдайлармен шектелетіндігі Тәрбие программасында ескеріліп көрсетілген. Сол ескертуді түсіну үшін 10 көлеміндегі қосу таблицасын талдап осы жағдайларды атап көрсетуде не себеп болғанын анықтау қажет. Қосу таблицасын шартты түрде үш бөлікке бөлуге болады. Бірінші бөлігі -- қосынды бестіктен аспайтын жағдайлар. Екінші бөлік -- үлкен санға кіші санды қосқанда немесе бірінші санға тең сан қосылатынжағдай (3 + 3, 4+4, 5
+ 5) . Үшінші бөлік -- кіші санға үлкен сан қосылатын жағдай. Бірінші ондыққа қосуда неше жағдай болса, азайтудьщ да сонша жағдайы енеді: қосындыдан екінші қосылғыш азайтылады: 5 + 2=7; 7 -- 2=5; 5+3=8; 8- 3=5 т. с. с.
Таблицаның бірінші бөлігіне бірінші бестік көлемінде қосу және азайту жағдайлары енген. Бірақ әдетте қосудың бұл бес жағдайы мен қосуға кері амалдар ретіндегі азайтуға берілген төрт жағдайды балалар естеріне оңай сақтайды да, оны бір-бірден кемітіп шегеру жолымен шығармайды. Ал егер балалар ол әдісті пайдаланса да екі мен үш сандарын бірліктерге жіктеу мен оларды бір-бірлеп қосу және бір-бірлеп азайту қиындық келтірмейді. Сондықтан қосу таблицасы мен қосуға кері азайту жағдайларының алғашқы үш жолы балаларды естептеу іс-әрекетіне үйрету үшін таңдапалынады. Балалар бақшасында негізінен есептеудін, бір ғана әдісі -- бір-бірлеп қосу және шегеру әдісі -- берілетіндіктен, екі немесе үш санымен және тек кейбір жағдайларда ғана төрт санымен берілетін екінші қосылғыш немесе азайтқыш (5+4, 6+4, 9 -- 4, 10 -- 4) бірліктерге оңай ажыратылып бөлінеді және бір- бірден қосылып, бір-бірден азайтылады.
Мектепте өтілетін және үлкен сан кіші санға қосылатын қосу таблицасының үшінші бөлігін алсақ, оқушыларды қосылғыштардың орнын ауыстыру әдісімен таныстыру бұл жағдайларды шығаруда да ықшамдауға мүмкіндік береді: қосылғыштардың орнын ауыстырғанда олардың бәрі таблицаның екінші және бірінші бөлігіне енетін жағдайлар болады (2+6, 6+2, 3+7, 7 + 3 т. с. с. ) . Міне, сондықтан таблицанын, бірінші және екінші бөлігін оқып үйренудің ерекше мәні бар және балалар бақшасында үшінші бөлігін оқып үйренуге асығудың қажеттілігі жоқ.
Балалардың зейінін тұрақтандыру, қабылдауын және танымдық қабілетін жоғарылату. Оқу іс-әрекетіне, ойын әрекетіне белсенді қатысу шығармашылық ізденіске талпындыру жаңа әдіс- тәсілдерді қолдану. Сабақты қызықты өткізу үшін қосымша материалдар пайдаланамын, сол себепен мен өзімнің тәрбиелеп жүрген балаларыма оқу тәрбие үрдісінде болып жатқан жаңалықтарды пайдаланып келемін. Мектеп жасына дейінгі балалар кішігірім математикалық терминдер, геометриялық пішіндердің атауларын (дөңгелек, үшбұрыш, төртбұрыш) және олардың элементтері
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz