Өзбекстан халық ағарту комиссары
Мазмұны
Кіріспе
Негізгі бөлім
І- тарау.
1.1.Темірбек Қараұлы Жүргеновтың өмірі шығармашылығы, қазақ мәдениеті, әдебиеті мен өнерінің дамуына қосқан үлесі.
1.2.Темірбек Жүргеновтың 1924 - 1933 жылдардағы әлеуметтік, саяси-экономикалық көзқарастары мен атқарған қызметі туралы
ІІ- тарау
2. Темірбек Жүргенов Халық Ағарту комиссариатының төрағасы кезінде атқарған қызметінің ерекшеліктері
Қорытынды
Қосымшалар
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі: Егемен ел атанып, тәуелсіздік туын көтерген елімізде кеңестік империя күмбілте жарықпен көмескілеген тарихтың көлеңкелі беттерін қайта саралап, қайта парақтау кезеңі жүргендігі белгілі. Архив мінберлерінде шаң басқан мұраларымызды еркін көзқараспен екшеп, тың түсініктерге сәйкес қарап - қорытуда жұртына жолбасшы болған тарихи тұлғаларымызды танудың маңызы зор.
Тарих оларға, белгілі ақынның образды сөзімен айтқанда, бір мезгілде әрі ағартушы, әрі жарық түсіруші міндетін жүктеді. Ал ол миссияны көбеден қандары, кеудеден жандары шыққанша абыроймен атқарып кеткендері бүгінде дау-дамайсыз тарихи ақиқатқа айналып отыр.
Мұндай кемеңгер дарабоздаркембағал қауымның келешек тағдырына кемелдену нұрын шашып, ұлттық ұйысу мен жалпы халықтық жаңғыру ісіне жан-жақты ықпал етіп, адамзат дамуына өшпес із, өлмес өнеге қалдырды. Сондай халықтық құрметке лайық, тұғыры биік тұлғаларымыздың бірі - Темірбек Қараұлы Жүргенов.
Халқымыздың рухани - мәдени, оқу- білім саласын қилы заманда, әр алуан саяси жүйе жағдайында өрге сүйреген азаматтың бірі Темірбек Қараұлы Жүргенов болатын. Елім, Жұртым деп шайқайрақша жанылып өткен күрескерлердің бірі еді. Жоқты бар қылған, барды зор жасаған Қазақ мектептерінің дамуына қосқан үлесі ерекше болатын. Сол жасампаздық туындыгерлік еңбектерімен есімі ел есінде мәңгі қалған арыс тұлғаның бірі Темірбектің қазақ мәдениеті мен білімінің дамуына қосқан үлесі тақырыбымыздың өзектілігі болмақ.
Жұмыстың мақсаты:
Жұмыстың негізгі мақсаты Сыр бойы топырағында туылып еңбегі Орта Азияға танылған, қазақ, өзбек, тәжік мәдениеті мен оқу - ағарту саласына қосқан үлесін ашу болатын. Темірбектің қазақ балалары білім алуы үшін қаншама мектеп ашуы, оның мақалаларындағы мектеп жұмысындағы кемшілітерді жою, мектептегі оқу - тәрбие жұмыстарын жетілдіруі мен дүмше молдаларды сынауы. Мектептегі кадр тапшылығы, мәдениет саласындағы кемшіліктерді көрсетуі осы тақырыпты таңдаудағы басты мақсат көзіне айналды.
Жұмыстың міндеті: Қойылған мақсатқа сай Темірбек Қараұлы Жүргеновтың өмір жолына талдама жасау, оның шығармашылығы, мақалаларындағы өзектілікті ашу басты міндетіміз деп санаймыз.
Жұмыстың деректік негізі: жұмысыты жазу барысында Қазіргі кездегі Қызылорда обылысы, Қазақстанда, Ресейде, Өзбекстанда, Тәжікстанда Темірбек Қараұлы Жүргеновтың атқарған қызыметі мен еңбек жолдары туралы шыққан мақалаларды талдау. Жұмыс негізінен, Қорқыт Ата атындағы университетінің ғалымдарымен тығыз әріптестік орната отырып және Ә.Тәжібаев атындағы әмбебап ғылыми кітапханасында, А.С. Пушкин атындағы кітапханада іздестіру жұмыстары арқылы жүргізілді.
Жұмыстың құрылымы: Кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, сілтемелер мен әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
І- ТАРАУ.

Темірбек Қараұлы Жүргенов 1898 жылы қарашада қазіргі Қызылорда облысы Жалағаш ауданы Жаңаталап ауылындағы Жүргеннің қыстауы деген жерде дүниеге келді. Әкесі Қара да, атасы Қуан да мың - мыңдап жылқы айдаған дәулетті әулеттен еді. Шешесі Жәміш еркелетіп Темірше дейтін.
Оқу - білімге деген талабы оңынан туған баланың діни, әдеби сауатын Сырдың атақты шайыры, Шахнаманы парсы тілінен аударған Тұрмағанбет Ізтілеуовтың дәрісімен ашты. Бастауыш мектепте, Ақмешіт училищесінде оқыды. 1917 жылы алыстағы Уфа қаласында жер өлшеушілер училищесінде оқып жүрген кезінде қарсы алды.
1918 - 1921 жылдары Торғай, Ырғыз, Ақмешіт өңірлерінде түрлі кеңес қызметтерін атқарды, компартия қатарында өтті. Қазақ мұңы газетінің жауапты хатшысы болды. Екі жыл Орынбор жұмысшылар факультетінде білімін жетілдірді. Одан соң Ташкенттегі Орта азия мемлекеттік университетіне жолдама алды. Заң факультетіне түсіп, 1927 жылы үздік бітірді. Осы Ташкентте оқып жүрген жылдарда Темірбек Қараұлы Жүргенов күллі түркістанға танымал қайраткер дәрежесіне көтерілді. 3 - 4 жыл қатарынан Қазақ АССР-нің Түркістан Республикасындағы (кейін Өзбек АССР-нің) өкілетті уәкілі міндетін, соңғы курста Қазақ педогогикалық институтының ректоры (Қазіргі Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педогогикалық университеті) қызметін қоса атқарды. Қазақстан мен Түркістан Орталық атқару комитеттеріне мүшелікке сайланды, сол кезде болған талай - талай облыстық, республикалық. Өлкелік мәслихаттар мен пленумдарға делегат болды. Құқық, саяси экономика, тарих ғылымдарына шындап ден қойды, статистикалық, демографиялық зерттеулермен айналысты. Сол кезеңнің басты мәселесі - Орта Азия мен Қазақстанның ұлттық - мемлекеттік шекарасын межелеу ісіне белсене араласты. Осылайша Қазақстанның іргесі кеңіп, ұлттық тұтастануына, оңтүстік өңірдің жалпақ қазағының бір шаңырақ астында топтасуына студент елші Темірбек Жүргеновтың де қосқан үлесі бар[1.6 бет]
Темірбек Жүргеновтың қазақ мәдениеті мен өнеріне қосқан үлесін Ғабит Мүсірепов тілімен айтсақ: Қазақстанның 1920 - 30 жылдардағы әдебиеті мен өнерін өркендетуде Т.Қ.Жүргеновтың жемісті еңбек еткені жұртқа аян. Бұл уақыт барлық жағынан қазақстанның қан тамырларының толыға бастаған кезі еді. Қоғамдық организмнің көптеген экономикалық клеткалары жанданып өсе бастады. Әсіресе әдебиетіміз бен өнеріміздің қарыштап өсуіне жағдай жасалды. Мәдениет майданы бірінші кезекке шықты. Ол кезде өнер секторы Оқу комиссариятының қарамағында болатын еді де, оның меңгерушісі мен едім. Біз Халық Комиссары болып жаңадан келген Темірбек Қараұлы Жүргеновтың аса принципшіл де, табанды да және іскер адам екенін дереу аңғардық. Менімен әңгімелесе отырып, оның маған қайта - қайта ескерткені - бір жылдың ішінде музыкалық драма театрын дереу ашуды дереу қолға алып, оған көмектесуімізді талап етті. Қазақстанның аса бай музыкасы, өлеңі, тамаша халық эпосы, - деді Жүргенов, - біздің өнерімізде өте нашар пайдаланылып келе жатқаны, әрине оны ашындыратын[2.5-6 беттер]
Осылайша Темірбек Жүргеновтың Қазақ әдебиеті мен баспасөзінің қалыптасуына зор еңбегі сіңді деп толық айта аламыз. Алғаш қаламгерлік қырын Нәзір Төреқұлов редакторлық еткен Қазақ мұңы газетінде байқатқан Темірбектің көсемсөз шебері, халық ауыз әдебиеті мен мәдени - этнографиялық мұраларды жинап, зерттеуші, қазақ тілінің қамқоршысы, тамаша аудармашы, артына Меруерт сынды көркем әңгімелер жазып қалдырған қабілетті суреткер болып қалыптасуына оның үлесі орасан зор болатын[3. 3 бет.].
Оның 1924 жылы Қызыл Қазақстан журналының 4- нөмірінде Ж.Т қысқартынды есіммен жарияланған Меруерт атты әңгімесі Темірбек Жүргеновтың үлкен әдебиетке алаңсыз бет бұрғандығының дәлелі еді. Меруерт 1920 - жылдардағы ұлттық прозамызда өз кезеңіндегі ең өзекті, ең көкейтесті тақырыптың бірі - әйел теңдігі мәселесіне арналған, бірақ осы дәстүрлі идеяны көркем образға бөлеп көрсетуімен үздік тұрған әңгімелердің бірі. Темірбек сол кезеңдегі ағайынды екі рет мал үшін өзінен үлкен адамдарға еріксіз ұзатқан он үш жасар тас жетім Меруерттің трагедиялық халін көрсету арқылы қазақ қоғамын іштей жегі құрттай жеп жатқан кеселдерді, қазақ халқының әлеуметтік тағдырын шынайы да көркем бейнелей білді. Меруерт Мұхтар Әуезовтың Қорғансыздың күні 1922 жылғы әңгімесімен деңгейлес еді.
1.2. Темірбек Жүргеновтың 1924 - 1933 жылдардағы әлеуметтік , саяси-экономикалық көзқарастары мен атқарған қызметі туралы
Темірбек Жүргенов Қазақ АССР - нің Түркістан республикасындағы өкілетті өкілі болып тағайындалғаннан бастап Қазақ және Түркістан республикаларының қайнаған қоғамдық өміріне белсене араласуы оның әлеуметтік - саяси өміріге тікелей араласуымен тұспа - тұс келеді. Қазақстан және Түркістан Орталық Атқару Комитетінің мүшесі болып сайлануы облыстық, өлкелік, республикалық партия ұйымдарының конференциялары мен пленумдарына делегат болып қатысты. Оқытуды мемлекеттік және қоғамдық үлкен қызметпен қоса қабат жүргізу, болашақ заң қызметкерінің оқу үлгерімін одан әрі жақсартып, тарих, құқық, саяси экономика және басқа да салалардағы пәндерді жедел алып кетуіне көмектесті. 1924 жылы Темірбек өзінің Орта Азия республикасында тұратын қазақтардың хал - жайы дейтін тарихи - этнографиялық очерктерін жариялайды. Бұл очерктің мақсаты Орта азиядағы қазақтардың тұрмысы мен мәдениет мәселесін анықтау болатын.
Әсіресе Түркістан республикасының құрамына енетін қазақ облыстарының (Жетісу мен Сырдария облысы) зерттеу міндеті айрықша қойылды.
Темірбек Жүргенов өзінің бұл очеркінде Түркістан АССР-нде тұратын қазақ халқының әлеуметтік - экономикалық жағдайы мен мәдениет дәрежесіне жалпы сипаттама берді. Сондай-ақ қазақтардың қарақалпақтармен, қырғыздармен, түркімендермен және Орта Азияны мекендейтін басқа да халықтармен экономикалық және мәдени байланысын ашады.
Соның ішінде бұл халықтардың құрамында ортақ рулар, ру бөліктері бар екенін атап көрсетті.
Осы пікірін өрбіте келе: 1917 жылғы санаққа қарағанда, 1920 жылы санақта қазақ халқының саны көп төмендеген. Бұл қалайша? Деген сауал тастай білді. Қазақ далаларындағы қалалардың салыну динамикасына үңіліп: Ол патша үкіметінің отарлау саясатымен астасып жатыр, - деген ой түйеді. Бұл 1926 жыл болатын.
1920-30 жылдарда жарық көрген КСРО мен Қазақстанды әкімшілік және шаруалық жағынан аудандарға бөлу проблемалары, 1916 жылғы қазақтар көтерілісі кезіндегі қала мен ауыл, Қазақ университетін құру жөнінде , Мектептің түрі, тіл туралы, қазақстанның ақындары мен жыршылары деген еңбектерін Темірбектің зерделі зерттеушілермен қатар елім деп соққан азаматтық үлкен жүрегінің тынысын сезінуге болады.
1928 -1929 жылдары шын мәнісінде жемісті еңбек және білім толықтыру жылдары болатын.Республиканың ғылымы мен мәдениетінің келелі проблемалары оны бұрынғысынша толықтыра берді.Мемлекеттік жауапты жұмыстарда жүргенде де ғылыми қызметке қайта оралуды ойынан шығарған емес. Кейінірек өз қолымен түсірілген өмірбаянында Мені ғылыми - зерттеу жұмыстарына пайдаланылған орынды да есептеймін деп жазуы тегін емес еді.
1928 жылы алғашқы жоғары оқу орындарының Саяси экономия еңбегін Темірбек Жүргенов Михайловский еңбегін қазақшаға аударды. Аударманың сәтті шыққаны соншалық, бұл оқулықты қазақ студенттерінің кең аудиториясы, ғылыми шығармашылық интеллегенция өкілдері ондаған жылдар бойы үздіксіз пайдаланып келді. Сонымен қатар, өзінің аудармасымен, мақалаларымен және кітаптарымен қазақтың әдеби тілін дамытуға , ғылыми терминология жасауға көп үлес қосты. Аударма ісінің практикасы мен теориясын байыта түсуге септігін тигізді.
1929 жылы Орта Азия республикасында жағдай біраз жақсарды, бірақ әлі де қиыншылықтар аз емес еді. Тәжікстан экономикалық және мәдени дәрежесі жөнінде көршілес Орта Азиялық республикалардан әлде қайда кейін қалған болатын. ВК(б)П Орталық көмитетінің Орта азиялық бюросының қаулысы бойынша 1929 жылы Темірбек Қараұлы Жүргенов Тәжікстанға жіберілді. Ол республиканың қаржы комиссары болып тағайындалды.
... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz