Даралап оқыту технологиясы


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 60 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Бастауыш сыныпта дәстүрлі емес сабақ түрлерін қолдану ерекшеліктері

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

1. БАСТАУЫШ СЫНЫПТА ДӘСТҮРЛІ ЕМЕС САБАҚ ТҮРЛЕРІН

ҚОЛДАНУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1 Бастауыш сыныптағы сабақ түрлеріне сипаттама

1. 2 Дәстүрлі емес сабақтарды жүргізудің дидактикалық принциптері

1. 3 Бастауыш сыныптарда дәстүрлі емес сабақ түрлерін қолдану жолдары

2. БАСТАУЫШ СЫНЫПТА ДӘСТҮРЛІ ЕМЕС САБАҚ ТҮРЛЕРІН ҚОЛДАНУ

ЖОЛДАРЫ

2. 1 Дәстүрлі емес сабақтарды пайдаланудың әдістемелік мазмұны

2. 2 Дәстүрлі емес сабақ түрлерінің үлгі-жоспарлары

2. 3. Зерттеу тақырыбы бойынша жүргізілген іс-тәжірибенің қорытынды

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі : Қазақстан Республикасында 2011-2020 жылдарға дейінгі білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасының негізгі мақсаты -білім берудің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, экономиканың тұрақты дамуы үшін сапалы білімнің қолжетімділігін қамтамасыз ету арқылы адам капиталын дамыту деп көрсетілген.

Қазақстанның халқаралық білім беру кеңістігіне біртіндеп кіруі жүзеге асырылуда . Тез өзгеретін технологиялар заманында білім беру жүйесінің басты ұстанымы : «өмір бойы білім алу, адамның сапалы кәсіби және ғылыми дайындығы, өз бетінше іздене білуі және өзін-өзі жетілдіруге қабілеттілігі болуы қажет»

К. Д. Ушинский оқу процесін сапалы ұйымдастырудың басты шарты - методикалық шеберлікте, ал методикалық шеберлік әртүрлі оқыту әдістеріне байланысты деп есептеген. Ол мынадай негізгі оқыту әдістерін жоғары бағала-ған: түсіндіріп оқыту, оқытушының әңгімесі, бақылай әңгімелесу, әртүрлі жат-тығулар [1; 126] .

Әрбір сабақтың сапалы болуы- мұғалімнің бүкіл сынып бойынша жұмыс істей білуінде, әрбір оқушының зейінін сабаққа жұмылдыра білу шеберлігінде деді К. Д. Ушинский. Бұл жөнінде ол: “Өз сабағына барлық оқушыларды тарта білуі мұғалім ісінің көрсеткіші”- деді [1; 126] .

Неміс педагогы И. Ф. Гербарт сабақтың негізгі төрт кезеңін ұсынды. Мұғалімнің оқу материалын мазмұндау кезеңі, жаңа материалды өткен материалмен байланыстыру кезеңі, сабақты жаттығу әдісімен жүргізу кезеңі және қысқаша қорытынды жасау кезеңі [2; 178] .

Р. Г. Лембергтің тұжырымдауы бойынша, егер сабақты өткен материалын ұзақ уақыт сұраудан бастаса, оқушылардың жаңа оқу материалын қабылдау, түсіну, белсенділігі төмендейді. Ол жаңа оқу материалын сабақтың бастапқы кезеңінде, демек оқушылардың таным қабілеттерінің белсенділігі жоғары жағдайында, шаршамай тың отырған уақытында өтуді ұсынды [2; 204] .

Қазіргі заманғы оқыту технологиялары, қазіргі заманғы ғылыми - техникалық үрдістің қарқыны білім беру жүйесінің алдына мүлдем жаңа міндеттер қойып отыр. Ол өз жұмыс орнында және бүкіл техникалық тізбекте технологияның үздіксіз өзгерістеріне бейімделе алатын орындаушының тұлғасын қалыптастыру.

ХХІ ғасырдың білім беру жүйесін меңгеру - өте күрделі де ұзақ процесс. Сондықтан мұғалімдерге оқытудың жаңа технологияларын үйретуді арнайы кәсіби тұрғыдан ұйымдастыру керек.

Сондықтан қазіргі мектептерде оқытудың белсенді түрлерін пайдалану педагогика ғылымының негізгі проблемаларының бірі. Оқу-тәрбие үрдісінің сапасын көтеру мақсатында ғалымдар, мектеп мұғалімдерінің алдыңғы қатарлы іс - тәжірибелерін басшылыққа ала отырып, сабақтың құрылымын өзгертуге пікір қосты. Ондай оқыту түрі дәстүрлі емес сабақтар деп біріктірілді. Дәстүрлі емес сабақтардың негізгі міндеті оқушының логикалық ойын, білімге деген құштарлығын арттыру.

Қазіргі кездегі ғылым мен техниканың даму деңгейі әрбір адамда сапалы, терең білім мен іскерліктің болуын, жастардың белсенді, шығармашылықпен жұмыс істеуін және кеңінен ойлауға қабілетті болуын талап етеді. Сондықтан да білім беру жүйесінің басты міндеті -ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау.

Республикамызға белгілі ғалым Е. Ө. Медеуовтің еңбектерінде білім беру стандарты оқушылардың міндетті білім деңгейін меңгеруді талап етумен қатар, олардың шығармашылық қабілетін арттыру, ізденімпаздық пен зерттеушілік қызметін дамытуды да көздейтінін атап көрсетеді [5] .

Ю. К. Бабанский, Ж. Икрамов, И. Я. Лернер, М. И. Махмутов, М. Н. Скаткин, Г. И. Щукина, А. Е. Әбілқасымова т. б. зерттеулерінде оқу-танымдық қызметтің субъектісі ретінде оқушылардың қалыптасуы мен оқу үрдісі барысындағы тұлғаның белсенділігінің артуы айқындалады.

Л. Я. Зорина, Р. І. Қыдырбаева, В. А. Мощанский, В. В. Мултановский, Д. Рахымбек, Т. И. Шамова т. б. еңбектерінде оқушыларды ғылыми таным әдісіне тарту, олардың белсенділігін, шығармашылығын арттыру, теориялық ойлауын қалыптастыру мәселелері қарастырылады.

М. Ахметов, Д. К. Дашковский, К. О. Ананченко, Н. Б. Бальцук, Н. И. Борисов, Б. Б. Баймұханов, Н. Р. Гайбуллаев еңбектерінде оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыта оқытуға байланысты мәселелер көрініс тапқан [4] .

Оқушыларды оқыту процесінде білімге құштарлыққа ерте бастан үйрету мүмкіндігінің бар болуы, оларда шығармашылық қабілетті қалыптастыру қажеттілігі және оның бастауыш сыныптың оқыту үрдісінде жүйелі пайдаланылмауы мен оны жүзеге асыруға байланысты әдістемелік жағынан жеткілікті шешімін таппай отыруы арасында қайшылықтар туындап отыр.

Көрсетілген мәселенің көкейкестілігі, ғылыми-практикалық мәнділігі, оның жеткіліксіз зерттелінуі ғылыми жұмысымыздың тақырыбын " Бастауыш сыныпта дәстүрлі емес сабақ түрлерін қолдану ерекшеліктері » - деп таңдап алуға негіз болады.

Зерттеу мақсаты: Бастауыш сыныпта дәстүрлі емес сабақ түрлерін қолдану ерекшеліктерін ашу

Зерттеу нысаны: Бастауыш сыныптағы дәстүрлі емес сабақ түрлері

Зерттеу пәні: Бастауыш сыныптың оқу үрдісі

Зерттеу міндеттері:

- Бастауыш сыныптағы сабақ түрлеріне сипаттама беру;

- Дәстүрлі емес сабақтарды жүргізудің дидактикалық принциптерін талдау;

- Бастауыш сыныптарда дәстүрлі емес сабақ түрлерін қолдану жолдарын белгілеу

- Дәстүрлі емес сабақтарды пайдаланудың әдістемелік мазмұнын жасау;

- Дәстүрлі емес сабақ түрлерінің үлгі-жоспарларын дайындау

Зерттеу тақырыбы бойынша жүргізілген іс-тәжірибені қорытындылау, статистикалық өңдеу

Зерттеу әдістері: бақылау, анкета, статистикалық өңдеу

Зерттеу болжамы: Бастауыш сыныптың педагогикалық процесінде дәстүрлі емес сабақ түрлерін жас ерекшеліктеріне сай тиімді ұйымдастырсақ онда, сапалы білімнің қолжетілімділігін қамтамасыз ету мүмкіндігі артып, өз бетінше іздене білетін, өзін - өзі жетілдіруге қабілетті, өзін-өзі басқара, бағалай алатын жеке тұлға қалыптастыру мүмкіндігін арттыруға болады.

Жұмыстың құрылымы: Диплом жұмысы кіріспе, екі бөлімнен, қорытынды, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады. Диплом жұмысының «Бастауыш сыныпта дәстүрлі емес сабақ түрлерін қолданудың педагогикалық негіздері» бөлімінде бастауыш сыныптағы сабақ түрлеріне сипаттама беріліп, дәстүрлі емес сабақ түрлерін жүргізудің дидактикалық принциптері, бастауыш сыныптарда дәстүрлі емес сабақ түрлерін қолдану жолдары қарастырылған.

«Бастауыш сыныпта дәстүрлі емес сабақ түрлерін қолдану жолдары» бөлімінде дәстүрлі емес сабақтарды пайдаланудың әдістемелік мазмұны, дәстүрлі емес сабақ түрлерінің үлгі-жоспарлары, зерттеу тақырыбы бойынша жүргізілген іс-тәжірибенің қорытындысы берілген.

1 БАСТАУЫШ СЫНЫПТА ДӘСТҮРЛІ ЕМЕС САБАҚ ТҮРЛЕРІН ҚОЛДАНУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1 Бастауыш сыныптағы сабақ түрлеріне сипаттама

Оқыту түрлерінің класс- сабақ жүйесі XVII ғасырда Украина, Белоруссия елдерінің мектептерінде ең көп тараған және әлі дамып келе жатыр. Сынып дегеніміз - жас ерекшелігіне қарай тұрақты, бірге оқитын оқушылардың құрамы, бұл жүйеде оқушылар мұғалімнің тапсырмасын сабақ барысында және үйге берілген тапсырманы орындайды. Оқытудың бұл жүйесінің теориялық негізін XVII ғасырда атақты чех педагогі Я. А. Коменский жасаған[] .

Сыныптық сабақ жүйесі оқытуды ұйымдастырудың ең қайнар көзі болып табылады. Оқытудың бұл түрі жас мөлшері біркелкі топтан құрылған және тұрақты құрамы бар, сабақ үнемі оқу кестесімен өтілетін және оқытудың бірдей бағдарламасы құрылған жағдайда іс-тәжірибеде қолданылады. Сондықтан ол оқу-тәрбие үрдісінің барлық компоненттерін қамтиды: мақсат, мазмұн, құрал, әдістер, ұйымдастыру мен басқару қызметі, оның дидактикалық элементтері. Сабақтың маңызы мен берілу мәні сабақ үрдісінде біртұтастық динамикалық жүйеге, топтық-жеке, яғни мұғалімнің оқушыға, нәтижесінде оқушының білім меңгеруі, оның икемі мен қабілетіне сәйкестеніп, өзіндік іс-әрекетінде тәжірибе сұрыпталып, бір жағынан қарым-қатынас мәдениеті дамыса; екінші жағынан, оқушылардың қабілеттілігі шындалады. Нәтижесінде, сабақ түрлері сапасында оқыту үрдісін алға жылжытады, ал екінші жағынан оқытуды ұйымдастыру түрі ретінде рөл атқарады. Мұғалімнің сабақты ұйымдастырудың негізгі талаптарын айқындайды., мұның бәрі дерлік оқытудың заңдары мен принциптерінен туындайды. Сабақ - педагогтік шығармашылықта құрылады, сондықтан да ол біртұтастық жүйемен оқшаулануға тиіс. Кіші бөліктердің өзара іштей байланысы бірігіп, оқушылар мен мұғалімнің іс-әрекеті дамуының бір тектес логикаға бейімделуіне бағыт жасайды.

Педагогика тарихында ұлы педагогтардың тұжырымдары және оқуды ұйымдастырудың әр түрлі тәсілдері белгілі. Оның дамып, жетілуі қоғамның қажеттілігі мен сұранысының талап-мүддесіне қатысты. Оқытуды ұйымдастырудың түрлері негізінен былай жіктеледі: оқушының саны мен құрамы, жұмыс орны, оқу жұмысының ұзақтығы. Осыған қарап оқытудың түрлерін төмендегідей жіктеуге болады. :

-жеке (бір ғана оқушымен жұмыс істейді) ;

-жеке-жұптық (оқушы-оқушы, мұғалімнің оқушымен қарым-қатынасы, қазіргі жағдайда оқушымен қарым-катынасы жеке оқушының әзірлік үрдісіндегі қызметімен айқындалады) ;

жеке - топтық: топ мектепте жұмыс істейді, бірақ бір мектепте оқытылатын оқушылардың жасы әр шаманы құрайтын топ болады (оқытудың бұл түрлі орта ғасыр мектептерінде қолданылған) .

-Өзара бірлесіп оқыту (аталған оқыту жүйесі Англияда пайда болған, белланкастер жүйесі деп аталған. ) ;

-Саралап оқыту, оқытудың бұл түрі оқушылардың кабілетіне қарай өтіледі (мангейм жүйесі) ;

Бригадалық оқыту, тапсырманы бригада алады: бір бригада да 5-6 оқушы ұйымдасады, есеп беруші - бригадир. -Американдық "Винетка - жоспар", "Трампа -жоспар" және т. б.

-Оқытудың микротоптық жүйесі (фронтальді, ұжымдық т. б. ) -

Сабақтың талабын орындау мен оны түсінуге байланысты, мұның өзі әлеуметтік сұранысқа қатысты анықталып, оқушылардың жеке басының қажетсінуіне орай құрылады, оқыту мақсаты, міндеттері, заңдары мен принциптері басшылыққа алынып, жоғарыдағы іс-әрекеттің мазмұнын айқындайды. Жалпы талаптардың ішінде, бүгінгі сабаққа сәйкес келетін, жіктеме төмендегідей:

-Ғылым жетістіктерінің жаңа түрін, озық тәжірибені, оқу-тәрбие процесінің негізгі заңдарына құрылған сабақты;

-Сабақты өту үрдісінде барлық дидактикалық принциптер мен ережелер;

-Оқушылардың санасын қалыптастыруға әсер етерлік пәнаралық байланысты;

-Бұрынғы білімін байланыстыруға, оны меңгеруде икем-қабілеттерін, оқушылардың білім сапасын арттыру барысындағы тіректік ұғымдарға сілтеме жасау;

-Тұлғаны жан-жақты дамытудың белсенді түрінің қажеттілігі;

-Педагог оқу құралдарын ұтымды қолдану;

-Алған білімін, өндірістік қызметпен, оқушының жеке іс-тәжірибесімен байланысты жүзеге асыруы;

-Білімін, икемін, қабілетін тәжірибеде қалыптастыру, оны ойлау - амалы мен іс-әрекетке тиімді қолдануы;

-Сабақты диагностикалау, жоспарлау, жобалау және болжай алуы.

Әрбір сабақ тұтас педагогтік процестің функциясын жүзеге асыруға бағытталған; оқыту, дамыту, тәрбиелеу. Соның нәтижесінде сабақ - көпжоспарлы, құрылымы әртүрлі болып келуі мүмкін. Сабақ құрылымының ерекше көп тараған түрі барлық дидиктикалық міндеттерді шешуге: білімді енгізу, жаңа материалды зерделеу, өткен материалды бекіту, бақылау, оқушылардың білімін бағалау, үйге тапсырма берумен байланысты

Қазақ әдебиетінің ХХ-ғасырдағы белгілі ағартушы Ж. Аймауытов ұстаз қызметін былайша сипаттады:"Балаларға сабақ берумен білім үйретумен мұғалімнің қызметі тамам болмайды. Ол балаларды тәрбиелеуге, үгіттеуге міндетті, басқаша айтқанда, мұғалім қарапайым қызметкер емес, ол шәкірттердің алдағы өмірін, бір күндерде зарығатын, тарығатын, қауіп-қатерге ұшырайтын өмірін көз алдына келтіріп, өз басынан кешірген тәжірибесіне таянып, оларға келешекте жазатайым аяғын шалыс басып, өмірден соққы жеп өкінбеске күні бұрын сақтандыратын қорғаушысы, қамқоры" [3; 265] .

Шәкірттерге әсер ету жолдары түрліше. Мұғалім ізденісті әр баланың жан-дүниесіне үңілуден бастайды. Әрбір шәкірттің жан дүниесінің есігін ашатын кілтін қолға түсіру-сезімталдық-көрегендік-сергектік-білімпаздық-ізденімпаздық-шығармашылық қабілетін байқап, оқытып жүрген шәкірт-терінің өзіндік ерекшеліктерін жете зерттеп, біліп алған соң, әдіс-тәсілдерді солардың қабылдау деңгейіне қарай іріктеп талдап қолданады. Тиімді, пай-далыларын жетілдіре түседі.

Ғылым мен техниканың дамуы білім беру жүйесіне көп мүдделі, жаңа міндеттер қойып отыр. Ол өз жұмыс орнында және бүкіл техниканың үздіксіз өзгерістеріне бейімделе алатын орындаушының тұлғасын қалыптастырса, демек мұғалім оқу жүйесінде дәстүрлі емес сабақтарды пайдалану арқылы балалардың іскерлік дағдысын қалыптастырады.

В. А. Сухомлинский: "Сабақ жасөспірімдердің интеллектуалды өмірінде құр ғана сабақ болып қоймас үшін, ол қызықты болуы керек. Осыған қол жеткенде ғана мектеп жасөспірімдер үшін рухани өмірдің тілеген ошағына, мұғалім осы ошақтың құрметті иесімен сақтаушысына, кітап-мәдениеттің баға жетпес қазынасына айналады"-деп айтқан екен [15; 18-19] .

Жәй ғана сабақ - құнарсыз тағам секілді адам бойына жұқпайды. Қызықты сабақтар -мұғалімнің ашқан жаңалығы, өзіндік қолтаңбасы, әдістемелік ізденісі, көтерілген белесі, абырой атағы, мақсат-мұраты. Ұстаз көкейіндегі шәкірттерді өзіне баулып, баурап алу үшін "Не істей аламын", "Не істеу керек" деген сұрақ-сауалнама әрекетке, әрекет нәтижелер жобасына, ал нәтижелер жобасы, практикаға енгізуге жетелейді. Ал практиканың ақиқат өлшемі - білім сапасы болмақ. Инновациялық процесті зерттеушілер иннова-циялық тәжірибе бұл жаңалықты ендіру емес, бұл педагогикалық, шығармашылық және зерттеушілік қызмет нәтижелерінің бірін-бірі толықтыру деп түсіндіреді. Қазіргі кезде педагогикалық технологияға әртүрлі анықтамалар беріліп жүр. Дегенмен де барлық анықтамалардағы ортақ ұғым педагогикалық технологияны оқушының және мұғалімнің іс-әрекетімен, оқу процесімен тығыз байланысты бірін бірі толықтыратын біртұтас жүйелі ой алгоритмі [4]

Я. А. Коменскийдің модулі оны қолдану ережелері нәтижесі білім саласындағы кез-келген технологияның негізі болып табылады. Бірақ ол дәстүрлі сабақтық жүйеде толық шешілмеген. Өйткені оқытудың көптеген жаңа әдістері Я. А. Коменскийдің, И. Гербарттың яғни обьекті-субьектілі педаго-гикасы екі бөлек дүние, атап айтсақ, дәстүрлі оқытуда мұғалім өз тәжірибесін үйретеді, білім береді, ал баланы өмірге дайындау ең соңғы нәтиже. Әлемде өмір сүру күрделенген сәтте жастар кез келген қиыншылықтарды жеңуге өз мәселелерін өздері шешуге, әртүрлі ұйғарым пікірдің біреуін таңдауға саналы шешім жасауға үйрену қажет [11]

Қазіргі жаңа типті мектептерде дәстүрлі сабақтарды жаңаша ұйымдастыруда. Американдық ғалым Джон Дьюи - балаларды оқыту керек емес, жағдай туғызу керек дейді. Жоғарғы нәтижеге бағыттталған әдіс-тәсіл мазмұн жиынтығын құрайтын технологиялардың негізі бірдей десек қателеспейміз [11]

Сабақта осы сияқты талаптараға сәйкес өткізу үшін кейбір ғалымдар, жаңашыл мұғалімдер М. Н. Скаткин, М. И. Махмутов, В. Ф. Шаталов, Е. И. Ильин т. б. белгілі жағдайлар керек дейді. Біріншіден, әлеуметтік-педагогикалық жағдай, бұл мұғалімнің шығармашылық жұмысы, білімнің белгілі көлемі мен сапасының шындығы, ынтымақтастық, яғни мұғалім мен оқушылардың бірлескен шығармашылық еңбегі, лабораториялар мен кабинеттердің қазіргі заманға лайық жабдықталуы. Екіншіден, дидактикалық жағдай - бұл оқыту процесінің принциптерінің және әдістерінің заңдылықтарын сақтау және тиімді етіп пайдалануды қамтамасыз ету, сонымен бірге жаңашыл мұғалімдердің іс-тәжірибесін терең зерттеп, пайдалана білу, өйткені, олар оқыту әдісіне бірсыпыра жаңалықтар енгізеді.

Әр жас кезеңіне белгілі бір жетекші әрекет тән болғанына қарамастан, бастауыш сынып жасында әрекеттің басқа түрлері жоқ немесе «шек қойылды» деуге болмайды. Бала дамуындағы ерекше кезең ретінде бастауыш мектеп жасына оның негізгі жаңа түзілімдеріне сипаттама берейік.

Қоғамдық біліммен бара-бар педагогикалық технологияның кеңінен қолдауына және ғылымның роліне мән берілуде. Сөйтіп, оқытудың техноло-гиясын жетілдірудің психологиялық- педагогикалық бағыттағы негізгі ой - тұжырымдары төмендегіше сипатталады:

Есте сақтауға негізделген оқып білім алудан, бұрынғы меңгергендерді пайдалана отырып, ақыл ойды дамыта оқуға көшу;

Оқушыға орташа деңгейде білім беретін бағдарламадан жекелеп, саралап оқыту бағдарламасына өту, әртүрлі оқыту технологияларын оқу мамұны мен оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне орай таңдап, тәжіри-беде сынап қараудың маңызы зор. Қазіргі білім беру саласындадағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық кәсіптік, адам-гершілік, рухани азаматтық және де басқа көптеген адами келбеттің қалып-тасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.

Бір технологияның өзін әртүрлі мұғалім түрліше: орташа дәрежеде, ұқыпты дәл нұсқау бойынша немесе шығаpмашылықпен іске асыруы мүмкін.

Технологияның шарттары негізінен педагогикалық технология оқыту-дағы оқушының оқу танымдық қызметінің құрылымы мен мазмұнын анықтайтын оқу тәрбие үрдісінің жобасына негізделуі қажет.

Оқыту технологиясын таңдап іріктеу оқушының оқу-танымдық іс-әрекетін басқарудың негізгі бір буыны. Б. В. Горячев мұғалімдерге оқыту үрдісінде дәстүрлі емес сабақ түрлерін ұйымдастыруда төмендегі технологияларды қолдануды ұсынады:

- Дидактикалық бірліктерді ірілендіру технологиясы;

- ЭВМ-ды пайдаланатын оқыту технологиясы;

- Даралап оқыту технологиясы.

Сабақ біздің заманымызда да оқытудың негізгі түрі ретінде қала бермек, бірақ оның ерекшеліктері мен мүмкіндіктері мүлде жойылған жоқ, өзгеріп жаңаруда. Соңғы кездерде сабақ түрлерін жетілдірудің түрлі жолдары пайда болып, оқыту үрдісін ғылыми тұрғыдан басқаруға оқу технологияларын қол-дануға көңіл бөліне басталды.

Қазіргі заманғы оқыту технологияларын меңеру - өте күрделі де ұзақ процесс. Кейде ол мұғалімнен оқытудың үйреншікті әдіс тәсілдерінен арылуды талап етеді. Сондықтан мұғалімге оқыту - технологияларын үйретуді арнайы кәсіби тұрғыдан ұйымдастыру керек. Келешек жас ұрпақты тәрбиелеуде арнаулы әдіс-тәсілдер кеңінен қолданылады. Белгілі бір әдіс болмаса, оқыту мен тәрбиелеу процесінде қажетті нәтижеге жету, оқушылардың танымдық іс-әрекетін дамыту мүмкін емес.

Әдіс-жоспарланған мақсат пен соңғы нәтиже арасын байланыстырушы звено. Мұғалім мен оқушы белгілі нәтижеге жету үшін жүйелі жұмыс атқарса ғана оқыту мен тәрбиелеу өз нәтижесін береді. Ал тәсіл - әдістің бір бөлігі, неғұрлым әдіс күрделі болса, тәсілдер түрлері де көбейеді. Сондықтан қазіргі мектептерде оқытудың белсенді түрлерін пайдалану педагогика ғылымының негізгі көкейкесті мәселелерінің бірі.

Қазіргі мектептерде бір-бірінен ерекшеленетін және тұрақты өткізілетін үш түрлі оқыту түрлері қолданылады. Олар:

- Иллюстративті - түсіндіру арқылы оқыту.

- Проблемалық оқыту.

- Проблемалық немесе компьютерлендіру арқылы оқыту.

Қазіргі таңдағы педагогтардың алға қойған міндетті кемшіліксіз оқыту әдіс - тәсілдерін табу әрбір оқыту формасының өзіндік бағыты, мазмұны болуы керек. Ол үшін әр мұғалім өз білімін жетілдіріп оқушылардың психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, оқытудың жеке элементтерімен, дағдыларын жетілдіріп оқыту құралдары мен әдістерін таңдап алу қажет. Жан жақты әртүрлі оқыту әдістерін жүйелі қолдану, оқушылардың дүниетанымын қалыптастыруға, сол тақырып арқылы ғылым жүйесін меңгеруге көмектеседі.

Барлық оқыту жүйелері бір-бірімен тығыз байланысты. Оқыту процесін-дегі пайдаланылған әдіс-тәсілдері меңгере отырып оқушы біртіндеп өз бетінше ғылыми, техникалық өнер және саяси хабарларды меңгере білуге үйренеді, өзіндік ойлау қабілеттері дамиды. Сондықтан бастауыш сыныпта дәстүрлі емес сабақ кезінде, сабақтың құралымын сақтай отырып, оқытудың заңдылықтары мен принциптерінің орындалуына көңіл аудару қажет. .

Бастауыш сыныптағы дәстүрлі емес сабақтардың негізгі міндеті оқушының логикалық ойын, қиялын жетілдіру, білімге деген құштарлығын арттыру.

Бастауыш сыныптарда ертегі сабақ, саяхат сабақ, кино-сабақ, көрме сабақ, жарыс сабақ, жәрмеңке сабақ, рольдік сабақ, панарамалық сабақ, КВН сабақ, аукцион сабақ, ойын сабақ, т. б. сабақтар негізінде оқушылар өздерін еркін сезініп, тапсырмаларды қызығушылықпен орындап, сұрақтарға жауап береді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқшауланған математика
Білім беру технологиялары
Даралап оқыту принципін анықтау
Қазақ тілі сабақтарында даралап – саралап оқыту арқылы оқушылардың білім сапасын көтеру
Саралап оқыту технологиясының мәні
Дидактикалық бірліктерді ірілендіру технологиясының негізгі мақсаты, нақты жолдары
Деңгейлеп – саралап оқыту технологияларын оқыту үрдісінде пайдалану
ИФОРМАТИКА САБАҒЫН ДЕҢГЕЙЛЕП ОҚЫТУ АРҚЫЛЫ САБАҚ ЖҮРГІЗУ
Ағылшын тілі сабағында оқушыларды денгейлеп оқыту жолдары
Бастауыш сыныпта қазақ тілі сабақтарын ойын арқылы меңгертудің жолдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz