Құқық нормасының құрылымы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
МИРАС КОЛЛЕДЖІ МЕКЕМЕСІ

Қорғауға жіберілсін
ПЦК төрайымы
_________Битанатова Н.А.
___ _______ 2022 ж.

Мамандығы: 0201000 Құқықтану

Оқу пәні: Мемлекет және құқық теориясының негіздері

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Құқық Нормалары және олардың құрылымы

Орындаған:Байтураев Нурсултан
Тобы: Қ-201
Білім алушының қолы ________
Жұмысты тапсыру күні __ __2022ж.
Жетекшісі:______Таубаева А.М.
Бағасы: _______________
___ _________ 2022ж.

Шымкент 2022ж
МИРАС КОЛЛЕДЖІ МЕКЕМЕСІ
БЕКІТЕМІН
ПЦК төрайымы
________Н.А.Битанатова
____ _________2021ж.

Курстық жұмысқа тапсырма

Оқу пәні: Мемлекет және құқық теориясының негіздері
Білім алушы: Байтураев Нурсултан
Мамандығы: 0201000 Құқықтану
Тобы:Қ-201
Тақырыбы: Құқық Нормалары және олардың құрылымы
Кіріспе: Мемлекет және құқық теориясы - күрделі заң ғылымы, ол мемлекет мен құқық теориясы деп аталатын бөліктен тұрады. Мемлекет теориясы мемлекет туралы жалпы ғылым, ол мемлекет типтерін, нысандарын, қызметтерін зерттейді.
Теориялық бөлім ___________________________________ ___________________________________ ___________________________________ ___________________________________ ___________________________________ __
Тәжірибелік бөлім______________________________ ___________________________________ ___________________________________ ___________________________________ ___________________________________ __
Қорытынды__________________________ ___________________________________ ___________________________________ ______________________________
Қосымшылалар _________ бетте
Қолданылған әдебиеттер тізімі
___________________________________ ___________________________________ ___________________________________ _______________________________
Курстық жұмыстың жетекшісі: ________________ Таубаева А.М.
(қолы)
Тапсырманың берілген күні: ____ __________________2021ж.
Курстық жұмысты тапсыру күні: ____ _______________ 2022ж

МИРАС КОЛЛЕДЖІ МЕКЕМЕСІ

курстық жұмысқа
СЫН - ПІКІР

Білім алушы: Байтураев Нурсултан
(аты - жөні)
Курс: ІІ
Тобы: Қ-201
Курстық жұмыс тақырыбы: Құқық Нормалары және олардың құрылымы
Теориялық бөлімі _________ бет.
Тәжірибелік бөлім _________ бет.
Пікір ___________________________________ ___________________________________ ___________________________________ ___________________________________ ___________________________________ _____________________________________ ___________________________________ ___________________________________ ___________________________________ ___________________________________ _____________________________________ ___________________________________ ___________________________________ ___________________________________ ___________________________________ _____________________________________ ___________________________________ ___________________________________ ___________________________________ ___________________________________ ______________________________________________________________________________________________________________
Жетекшісі: Таубаева А.М. _________
(қолы)
_____ _________ 2022ж.

КІРІСПЕ
І Құқық нормасы түсінігі және белгілері.
ІІ Құқық нормаларының құрылымы, гипотеза, диспозиция және санкция, оның түрлері.
ІІІ Құқық нормаларының формасы және оның құрылымының нормативтік-құқықтық актісінің баптары мен арақатынасы.
ІV Құқық нормаларының түрлері, құқық нормаларының жіктелу критерийлері.
V Қорытынды
VІ Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Құқық - күрделі құбылыс. Құқықтың негізгі қызметі - қоғамдық қатынастарды реттеу, тәртіпті сақтау, қорғау. Құқық - жалпыға бірдей міндетті мемлекет қамтамасыз ететін нормалардың жиынтығы. Ал құқықтық норма дегеніміз құқықтың бір ғана ереже қағидасы. Мысалы, құқықты үй деп санасақ, онда құқықтық норма осы үйдің бір кірпіш, торшасы.
Құқықтық норма - мемелекет тарапынан қамтамасыз еткен, қоғамдық қатынастарға араласып түсушілердің құқықтары мен міндеттерін туындататын, олардың әрекеттерін үлгі, эталон, масштаб, өлшем есебінде реттей алатын жалпыға бірдей міндетті ереже, норма,
Құқық норма - заңға сәйкес келетін мінез, жүріс-тұрыстың айырымдылық белгісін білдіреді. Осыдан құқық норма жария айқындық, нақтылық мәнге ие болады. Оның шешімін табуға мүмкіндік береді.
І Құқық нормасы түсінігі және белгілері
Құқықтық норма - қоғамдық қатынастарды реттеуге қолданылатын әлеуметтік ережелердің бір түрі. Ол бүкіл халықтың мүддесін қорғаудың, мемлекеттің билігін, саясатын іс жүзіне асырудың құралы. Құқықтық норма қоғам мүшелерінің мінез-құлқын, іс-әрекетін арнайы ережелермен реттейді.
Жеке дара норма немесе нормалардың бір жүйесі құқық бола алмайды. Құқық деп қоғамның билігін, саясатын, мүддесін іс жүзіне асыруды толық қамтыған нормативтік актілердің жиынтығын айтамыз. Сонда да жеке дара құқықтық норманың маңызы зор. Оның мазмұны өте күрделі мәселелерді: қоғамдық мүддені, саясатты, мемлекеттік билікті, бостандықты, теңдікті, әділеттікті, адамгершілікті. заңдылықты, тәртіпті, білімді, ғылымды, рухани сананы, халықтың әлеуметтік жағдайын, денсаулығын т.б. демократиялық іс-әрекеттерді біріктіреді.
Құқықтық норманың құндылығы:
- құқықтық нормалар қоғамды реттеп, басқарудың құралы, сол арқылы адамдардың, заңды тұлғалардың қарым-кқтынастарына дұрыс бағыт беріп отырады;
- құқықтық нормалар қоғамдық құрылыс жүйені қорғаудағы ең сапалы құрал, нормативтік актілер қоғамға зиянды іс-әрекеттерге жауапкершілікті күшейтіп отырады;
- құқықтық нормалар қоғамның дамуына пайдалы қатынастарды қолдап, қолайсыздарын қысқартып, экономиканың, әлеуметтік жағдайдың жақсаруына мүмкіншілік жасап отырады;
- құқықтық нормалар қоғамда әділеттікті, теңдікті, бостандықты т.б. демократиялық қағидаларды қалыптастырады;
- құқықтық нормалар халықаралық, мемлекетаралық байланысты, қатынасты жақсартудың құралы.
Құқық - жалпыға бірдей міндетті, мемлекетпен қамтамасыз етілетін, қоғамдық қатынастарды реттейтін нормалардың жиынтығы. Құқықтық норма - құқықтың бір клеткасы, қоғамдық қатынастарының жақсы дамуының үлгісі деуге болады. Ол адам істерінің, жұмысының, тәртібінің шеңберін анықтап, олардың бостандығын және қарым-қатынасын реттеп, басқарып отырады.
Адамдардың бостандығын реттейтін норма екі тұрғыдан қарастырады: бірінші - адамдардың өздерінің, өз істерін, өз тәртібін жобалау - жоспарлауы (ішкі бостандық); екінші - өз мүдде-мақсаттарын өздері анықтап, оны өздерінің жүзеге асыруы (сыртқы бостандық).
Қоғамдағы барлық процесс, барлық қарым-қатынастар құқықтық нормалар арқылы реттеліп, басқарылып жатады. Нормативтік актілер әлеуметтік жеке мемлекеттік ықпал ету қасиеттерін біріктіріп, қоғамның дұрыс, жағымды дамуына, жалпы халықтық тәртіптің нығаюына мүмкіншілік жасап отырады.
Құқықтық норманың негізгі сипаттары:
1. Норма қоғамға, адамдарға ең қажетгі, керекті қарым-қатынастарды реттеп, басқарып отырады. Ол қатынастардың басым көпшілігі бостандықты, әділеттікті, теңдікті, адамгершілікті және қоғамның экономикалық, саяси, әлеуметтік, рухани, мәдени т.б. даму бағыттарын қамтып, реттеп, басқарады. Бұл басқарудың негізгі бағыттары, қағидалары Конституцияда және заңдарда көрсетілген.
2. Норма көп қатынастардың мазмұнын, орындалу бағыттарын, әдіс-тәсілдерін алдын ала анықтап, көрсетіп отырады. Болашақ қатынастың, оны реттеудің, орындалуының үлгісін жасайды. Міне осы үлгілерді зерттеу арқылы ғалымдар мемлекеттердің өткен тарихымен танысып жатады.
3. Нормативтік актілердің көпшілігі өзгермей қатынастарды көп жылдар дұрыс, жақсы реттеп, басқарып тұрақты нормаға айналады. Бұл екі жақты әлеуметтік тұрақты процесті типизация дет атайды. Мұның маңызы өте зор. Заңдылықты нығайтуға, құқықтық тәртіпті сақтауға зор үлес қосады.
4. Нормативтік актілер жалпы мемлекеттік норма, оның орындалуы жалпы қоғамдық міндет, оны халық түсінеді, біледі. Сондықтан олар ол нормалардың дұрыс орындалуына үлес қосады.
Құқықтық норманың жоғарыда көрсетілген сипаттары, оның мазмұнын, маңызын, қоғамдағы қарым-қатынастарды реттеп, басқарып толық түсінуге болады.
Құқықтық нормалардың белгілері:
1. Норма мемлекеттік органның қабылдаған бекіткен актісі, оның заңды күші бар. Мұндай нормалар қоғамдағы тәртіптің үлесіне айналады. Өйткені ол нормаларды халықтың басым көпшілігі дұрыс орындайды.
2. Нормада субъектілердің құқығы мен міндеттері, орындалу жолдары толық көрсетіледі. Егер де көрсетілмесе субъектілердің өз еркінде, тек заңға нышан келтірмеулері керек.
3. Норма ерікті түрде орындалмаса, еріксіз орындатылуы.
4. Құқықтық нормалардың жүзеге асырылуын, орындалуын мемлекет қамтамасыз етеді.
5. Құқықтық норма адамдардың, қоғамның тәртібінің кепілдігі болуы.
Құқықтық нормасыз қоғамда ешқандай дәрежелі заңдылық, тәртіп, жоспар, мағыналы, сапалы қарым-қатынас болуға тиіс емес. Құқықтық норманың мазмұны толық болуы керек. Сонда ғана оны дұрыс орындауға болады. Өмірде мазмұны толық емес нормалар кездеседі. Бір нормада қатынастың мазмұны көрсетіледі, екіншісінде - оны қашан, қандай жағдайда қолдануды көрсетеді, үшіншіде - қолдану нәтижесін көрсетеді. Үшеуін біріктірсе бір толық норма болып шығады. Мұндай норманың кұрылысы өте сирек кездеседі. Нормалардың басым көпшілігі толық түрде болады. Егерде толық болмаса, жетіспейтін элементтерін сілтеме арқылы тауып алуға болады.
Сонымен, құққықтық норма - қоғамдағы қатынас субъектілерінің құқықтары мен міндеттерін реттеп, басқарып отыратын жалпыға бірдей мемлекетпен қамтамасыз етілетін ереже-қағида.
Құқық туралы негізгі түсініктер
Норма дегеніміз - бір қатынасты реттеп, басқаратын ереже. Нормалардың қоғамда қалыптасқан екі түрі бар: әлеуметтік нормалар мен техникалық нормалар.
Қоғамдағы көптеген қарым-қатынастарды реттеп, басқарып отыратын негізгі құрал - әлеуметтік нормалар. Әлеуметтік нормалар адамдардың іс-әрекетінің, мінезінің, тәртібінің қоғамдық ережесі болғандықтан қоғамды басқарудың, қатынастардың құралына айналды.
Бұл нормалардың негізгі түрлері:
:: Құқық нормасы.
:: Моральдық нормалар: жақсы-жаман, дұрыс-бұрыс, әділеттік-әділетсіздік, достық-қастық, инабаттылық, парасаттылық, адамгершілік т. б. қасиеттер.
:: Саяси нормалар.
:: Эстетикалық нормалар.
:: Қоғамдық ұйым, ұжымдардың ереже қағидалары.
:: Әдет-ғұрып нормалары.
:: Салт-дәстүр нормалары.
:: Діни, имандылық, инабаттылық нормалары.
Техникалық нормалар - адамдардың табиғатпен, техникамен дұрыс қатынас, байланыс жүргізу ережелері. Қазіргі заманда ғылыми-техникалық прогресс уақытында техникалық нормалардың маңызы өте зор. Табиғатпен байланысты қоғамның барлық салаларында техникасыз өмір жоқ. Сондықтан адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мемлекеттің алдындағы кезек күттірмейтін мәселелердін ең күрделісі.
Қоғамның тарихи объективтік даму процесінде құқықтың маңызы туралы екі пікір бар: біріншісі, қоғамның дамуын басқаратын, реттеп отыртын факторлардың бірі - құқық. Онсыз қоғам дағдарысқа ұшырайды. Бұл пікірді заңды көзқарас дейді. Екіншісі, бірінші пікірге қарсы пікір. Қоғамның дамуында құқықтың ешқандай рөлі, маңызы жоқ деп түсіндіреді. Бұл пікірді заңды нигилизм дейді. Нигилизм қоғамда қабылданған, бүкіл адамға пайдалы норма.
Құқық нормаларының құрылымы
ҚҰҚЫҚ НОРМАСЫ Құқық нормасының түсінігі . Құқық нормасының құрылымы . Құқық нормасының түрлері
ҚР Нормативтік құқықтық актілер туралы заңынан. 1-бабының 3-тармағы Құқық нормасы (құқықтық норма) - Нормативтік құқықтық актіде тұжырымдалған, көп мәрте қолдануға арналған және нормативтік реттелген ахуал шеңберінде барлық тұлғаларға қолданылатын жалпыға міндетті мінез-құлық ережесі
Құқықтық норманың құндылығы құқықтық нормалар қоғамды реттеп басқарудың құралы, сол арқылы адамдардың, заңды тұлғалардың қарым-қатынастарына дұрыс бағыт беріп отырады; құқықтық нормалар қоғамның дамуына пайдалы қатынастарды қолдап, қолайсыздарын қысқартып, экономикалық, әлеуметтік жағдайдың жақсаруына мүмкіншілік жасап отырады; құқықтық нормалар қоғамда әділеттікті, теңдікті, бостандықты т.б. демократиялық қағидаларды қалыптастырады; құқықтық нормалар халықаралық, мемлекетаралық байланысты, қатынасты жақсартудың құралы;
Құқықтық норманың ерекшелігін оның белгілері анықтайды. Норма мемлекеттік органның қабылдаған бекіткен актісі, оның заңды күші бар. Мұндай нормалар қағамдағы тәртіптің үлесіне айналады. Өткені, ол нормаларды халықтың басым көпшілігі дұрыс орындайды. Нормада субъектілердің құқығы мен міндеттері, орындалу жолдары толық көрсетіледі. . Норма ерікті түрде орындалмаса, еріксіз орындатылуы. . Құқықтық нормалардың жүзеге асырылуын, орындалуын мемлекет қамтамасыз етеді. Құқықтық норма адамдардың, қоғамның тәртібінің кепілдігі болуы.
Құқық нормаларының белгілері Жалпыға міндеттілігі- Жалпыға міндеттілігі- Формальды анықтылығы Формальды анықтылығы Мемлекетпен байланысы Мемлекетпен байланысы Ұсынушылық- Ұсынушылық- міндеттемелік сипат- міндеттемелік сипат- Ол адамдардың мүмкін және міндетті әрекеттеріне қатысты мемлекеттің биліктік ережелерін білдіреді; Ол адамдардың мүмкін және міндетті әрекеттеріне қатысты мемлекеттің биліктік ережелерін білдіреді; Ол жазбаша түрде ресми құжаттарда көрініс табады; Ол жазбаша түрде ресми құжаттарда көрініс табады; Оны мемлекеттік органдар орнықтырады және мемлекеттік әсер ету шараларымен қамтамасыз етіледі; Оны мемлекеттік органдар орнықтырады және мемлекеттік әсер ету шараларымен қамтамасыз етіледі; Ол бір субъектілерге құқықтар берсе, келесі субъектілерге міндеттер жүктейді, себебі құқық міндетсіз, ал міндетті құқықсыз жүзеге асыру мүмкін емес. Ол бір субъектілерге құқықтар берсе, келесі субъектілерге міндеттер жүктейді, себебі құқық міндетсіз, ал міндетті құқықсыз жүзеге асыру мүмкін емес.
Құқықтық норманың құрылымы Қисынды мағынамен оның ішкі мазмұнының элементтерін айқындап көрсету Қисынды мағынамен оның ішкі мазмұнының элементтерін айқындап көрсету
ҚҰҚЫҚТЫҚ НОРМАНЫҢ ІШКІ ҚҰРЫЛЫМЫ Құқықтық норма құрылымы ГИПОТЕЗА ДИСПОЗИЦИЯ САНКЦИЯ
Құқықтық норманың гипотезасы құқықтық норманы қолдану (немесе қолданбау) үшін қажетті өмірдегі мән-жайлардың бар екенін көрсететін құқықтық норманың бөлшегі. құқықтық норманы қолдану (немесе қолданбау) үшін қажетті өмірдегі мән-жайлардың бар екенін көрсететін құқықтық норманың бөлшегі.
Гипотезаның үш түрі болады: - егерде норманың іс-әрекеті бір жағдайдың болуы немесе болмауымен байланысты болса, мұндай гипотезаны жай деп атайды; - егерде құқықтық норманы қолдану үшін екі, одан да көп мән-жайлар қажет болса, ондай гипотезаны күрделі дейді. - егер құқықтық норманың қолданылуы бірнеше мән-жайдың біреуіне байланысты болса, оны балама (альтернативті) гипотеза деп атайды.
Құқықтық норманың диспозициясы Құқықтық қатынасқа қатысушылардың мінез- құлқы қандай болу керек екенін анықтайтын құқықтық норманың бөлшегі.
Диспозицияның үш түрі болады: - жай немесе жалпылама диспозиция - нормада субъектілердің құқығы мен міндеттері айқын көрсетілмейді; - жай немесе жалпылама диспозиция - нормада субъектілердің құқығы мен міндеттері айқын көрсетілмейді; - айқын түрі - диспозицияның мазмұны нормада анық көрсетіледі. - айқын түрі - диспозицияның мазмұны нормада анық көрсетіледі. - сілтеме түрі - диспозицияның мазмұны туралы басқа нормаға сілтеу жасалады. - сілтеме түрі - диспозицияның мазмұны туралы басқа нормаға сілтеу жасалады.
Құқықтық норманың санкциясы Диспозиция бұзыл ған жағдайда қ олданылатын жа ғ ымсыз шараны к ө рсететін құқықтық норманың бө- лшегі.Диспозиция бұзыл ан жағдайда қолданылатын жағымсыз шараны көрсететін құқықтық норманың бөлшегі.
Санкцияның үш түрі болады: абсолютті айқын санкция; абсолютті айқын санкция; салыстырмалы айқын; салыстырмалы айқын; альтернативтік санкция. альтернативтік санкция.
Құқықтық норма түрлері Қоғамның әр саласына қарай өндірістік, ауыл шаруашылық, құрылыс, мәдениет, экономика, әлеуметтік, білім, ғылым т.б. бағыттағы нормалар. Құқықтың саласына қарай : конституциялық, әкімшілік, азаматтық, қылмыстық, т.б. саладағы нормалар. Атқаратын жұмысына қарай: реттеуші және қорғаушы нормалар. Мазмұнына қарай: міндеттеуші, тиым салушы, ерік беруші нормалар. Субъектілеріне қарай : жалпылама нормалар, арнаулы нормалар. Көтермелейтін құқық нормалар Норма-анықтамалар. Норма-анықтамалар. Норма-принциптер бекітетін. Норма-принциптер бекітетін. Құқық жалпы ұғым болып табылса, құқықтық нормалар құқықты қалыптастыратын, дара ұғымдарының көп сандағы жиынтығы. Құқықтық нормалар құқықтың формалық болмысы, өмір сүруінің тыныс-тіршілігі, объективтендірілген түрі және сипаты. Құқық тек құқықтық нормалар арқылы өмір сүреді, қоғамдық қатынастарды реттейді және қорғайды. Сондықтан құқықтық нормалар құқықтың клеткалары болып табылады.
Норма сөзі латын тілінен аударғанда үлгі, ереже деген мағынаны білдіреді. Құқықтық нормаларды қабылдау, бекіту әр уақытта мемлекет тарапынан болды және олардың мазмұнында қоғамдық қатынастарға түскен субъектілердің мінөз-құлықтары, әрекеттері туралы информация бекітіледі. Субъект өмірдегі сан алуан ситуацияларға тап болған жағдайларда оның сол сөттегі әрекеттері құқық нормаларымен реттеледі, немесе қорғалады. Мысалы, субъект үйін сату үшін нотариустың қатысуымен сату туралы келісімшарт жасауы тиіс, некеге тұру үшін кәмелеттік жасқа толу керек т.б. әрекеттер.
Құқықтық нормалардың өзіне тән мынандай ерекшеліктері бар:
Құқықтық нормалар бекіткен үлгі, талаптар бәріне бірдей қолданылады. Құқық нормаларының мәтінінде көрсетілген информация ситуацияға түскен субъектілердің әрекеттерін реттейді, шешімін бекітеді. Мысалы, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 23-бабы (нормасы) он төрт жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар үшін мәмлелерді олардың атынан ата-анасы, асырап алушылары немесе қорғаншылары жасайды деген ережені бекіткен. Яғни, бұл норма 14 жасқа толмағандардың бәріне бірдей болып табылады.
Құқық нормаларында халықтың, таптардың, топтардың, тіпті жеке адамның еркі де бекітіледі. Адамзат тарихында жеке адамның еріктерінің құқықтық нормаларында бекітілуі көп болған. Мысалы, коммунизм идеологиясының негізін қалаушы Карл Маркс өзінің Коммунистік партияның манифесті деген еңбегінде буржуазиялық қоғамдағы мұрагерлік туралы заңның өте қатаң талаптарын жоюды өз өмірінен алған. К.Маркс өзінің құдай қосқан әйелі бола тұрып, отбасында қызметші болған Ленхен деген әйелмен көңілдес болып, бала туғызған. Әйелінен сескенген К.Маркс Ф.Энгельске сәбиді менікі дегізеді, бірақ оған өзінің мұрасын бөліп беруді армандайды. Өкінішке орай сол көздегі заң бойынша заңды некеден туған балаларға ғана мұрагерлік берілген. Социалистік идеологияны жазу барысында К.Маркс Коммунистік партияның манифесінде қатаң мұрагерлік заңын жоққа шығаруды талап етті.
Құқықтық нормалар қажет болған жағдайларда мемлекеттік күшпен қамтамасыз етіледі. Сот, прокуратура полиция және басқа да мемлекеттік органдар құқық нормаларын бұрмалаған немесе орындамаған субъектілерге күш қолданады, жауапқа тартады.
Құқықтық норма дегеніміз мемлекет бекіткен, бәріне бірдей, формаларды -- айқын және орындалуы, сақталуы, қажет болған жағдайда күшпен қамтамасыз етілетін мінөз кұлықтың үлгісі.
Құқық нормаларының мазмұны
Құқықтық нормалар жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың нақтылы мағынадағы құқықтық жағдайларын, мінөз-құқықтарын бекітеді. Құқықтық қатынасқа түскен субъектілер құқық нормаларындағы ереже, үлгі талаптарына сай ғана әрекеттер істеулері тиіс. Формула жүзінде:
Мен солай істеуім керек, құқық нормасы менен соны талап етеді деген талап іс жүзіне асырылуы тиіс. Осыған байланысты құқықтық нормаларының мазмұны мынандай ерекшеліктермен айшықталады:
Құқықтық нормаларда қайсыбір болмасын заманның, тарихи жағдайлардың тілек-талаптары мен қажеттілігі бекітіледі. Мысалы, Қазан төңкерісінен кейін Кеңес өкіметі қабылдаған құқық нормалар өтпелі дәуірдің барлық талаптарын бекітті (жерді тартьш алу, завод, фабрикаларды тәркілеу, байларды сайлау құқықтарынан айыру, қалыңмалды, әмеңгерлікті, көп әйел алушылықты жою).
Субъектілердің құқықтары мен міндеттері нақтылы, айқын мағынада бекітіледі. Жеке және заңды тұлғалар тек талаптар негізінде құқықтары мен міндеттерін атқара алады. Құқықтық норма үлгісінен тыс әрекеттер заңсыз деп танылады.
Құқықтық нормалардың мазмұны, түсініктілігі және санаға ұғымдылығы оны жазған, қабылдаған органдардың сауаттылығына тікелей байланысты болды. Шашыраңқы, түсініксіз, қайталауы басым, дұрыс дәрежеде аударылмаған құқықтық нормаларды қолдануда көптеген қиындықтар туындайды. Құқықтық нормалар математикалық формулалар сияқты нақтылы, айқын және қысқа болулары шарт. Көпсөзділік, мағынасы түсініксіз нормалар бұрмалауға жол ашады, заңсыздыққа әкеп соқтырады.
Белгілі күштер, партиялар, топтар және таптар лоббизм тетіктерін пайдалану арқылы өз мүдделерін құқық нормаларында бекітеді.
Әр көзде тиімді құқықтық нормалар қоғамдық қатынастарды реттеуде қоғамды прогреске жетелейді, шиеленістердің болуын тежейді. Керісінше, тиімсіз нормалар өмірдің дамуын тежеп, керітартпалық рөл атқарады. Құқық жасаушылықтың мақсаты заң ғылымының жетістіктерін пайдалану арқылы тиімді құқық нормаларын қабылдау болып табылады. Құқық нормаларының мазмұнын аталмыш ерекшеліктерді біртұтастық мағынада танып, зерттегенде ғана оның барлық сипаты мен тиімділігіне баға беруге болады.
Құқық нормалары және дара кесімдер
Құқықтық нормалар басқа әлеуметтік нормалармен салыстырып қарағанда жалпы мазмұнға ие, бәріне бірдей қолданылатын мінөз- құлықты бекітеді. Осыдан мынандай қорытынды туындайды: Құқықтық нормалар өмірде болған жағдайларға сан алуан рет қолданылады және ол жеке бір субъектке бағытталмайды жалпыға бірдей болып табылады. Мемлекеттік органдар өздерінің құқық бекіткен құзырлары бойынша құқықтық нормаларды қабылдайды. Бірақ, қабылдаған нормалардың бәрі құқықтық нормалар болып саналмайды. Олардың шығарған көптеген кесімдері әр түрлі жағдайларға байланысты болған сәттерге арналып шығарылады. Мысалы, Қазақстан Республикасының ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құқық нормасының құрылымының алғышарттары
Құқық нормасын талқылаудың түрлері
ҚҰҚЫҚТЫҚ НОРМАЛАРДЫҢ ТҮСІНІГІ. ҚҰҚЫҚТЫҚ НОРМАЛАР ҚҰРЛЫМЫ, ТҮРЛЕРІ
Алғашқы қауымдық қоғамдағы биліктің және құқықтық нормалардың ерекшеліктерін көрсетіп құқықтық сипаттамасын беру
Құқық түсінігі және қоғамдағы рөлі
Құқық нормасының құрылымы туралы
Қатынастың субъектілерінің екі жақты құқықтары мен міндеттерінің толық көрсету
Құқық нормаларын талқылау түрлері
Жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату
Бірінші белгі
Пәндер