Адам психикасының айырмашылықтары


ЖОСПАР
КІРІСПЕ . . . 3
І. ПСИХИКАНЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ, ДАМУЫ ЖӘНЕ НЕГІЗГІ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ . . . 5
1. 1. Психиканың пайда болуы және дамуы . . . 5
1. 2. Психиканың негізгі ерекшеліктері . . . 14
ІІ. АДАМ ПСИХИКАСЫНЫҢ НЕГІЗГІ ТҮРЛЕРІ МЕН ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ . . . 17
2. 1. Адам психикасының негізгі түрлері мен қасиеттері . . . 17
2. 2. Адам психикасының физиологиялық негіздері . . . 18
2. 3. Адам психикасының айырмашылықтары . . . 23
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 27
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 28
КІРІСПЕ
Психика-тіршілік дамуының белгілі бір сатысында тірі организм мен сыртқы ортаның өзара қатынасын білдіретін бейнелеудің айрыкша түрі. Психиканың ең қарапайым түрі жәндіктерге тән. Психиканың ең жоғағы формасы-адамның санасы. Сана-сыртқы дүние заттарымен құбылыстардың мидағы бейнесі. Сана шындықтың жай суреті, оның жансыз кошірмесі емес, адам басында, нерв жүйесінде жасалып жататын күрделі бейнесі. Сана-адамның қоғамдық тарихи дамуының жемісі. Ол әлеуметтік даму заңына сәйкес үнемі жетіліп, күрделеніп отырады. Адам психиканың ерекшеліктері біздің санамыздан тыс өмір сүретін заттармен құбылыстарды, әр алуан нәрселерді түсіну, қабылдау, елестету арқылы көрінеді. Оларды адамның сезім мүшелері арқылы тікелей көріп білуге, ұстап білуге болмайтын қасиеттер мен белгілер, абстрактылы ойлау формалары-ұғым, пікір, ой қорытындылары танылып, жанама жолмен бейнеледі және өзара шартты байланыста болады. соның нәтижесінде біздің айналамыздағы заттар мен құбылыстардың заңдылықтары, олардың пайда болуы және өрістеп дамуы адамның дуниені танып білуі мен бейнелеуін көрсетеді.
Курстық жұмыстың өзектілігі : Психология - адамның жеке бірлік ретіндегі психикасын, өзінің сан−алуан сезім, аффективтік, интеллектуалды, басқа да туа біткен функцияларымен бірге сыртқы ортамен өзара әрекетін зерттейтін ғылым, кей-кезде адам мінез-құлығын зерттеу деп те анықталады. Қыруар тараулары теориялық және практикалық бағыттарды қарастырады, қолданбалы бағыттары да сан алуан: терапевттік, қоғамдық, кәсіпкерлік, кей жағдайда саясаттық және теологиялық. Психологияның негізгі мақсаты - психиканы cубьективттік структураның, сыртқы ортаны байымдаумен, елестетумен жұптасқан айырықша іс-әрекеттің негізі ретінде зерттеу.
Курстық жұмыстың мақсаты: Адам психологиясының дамуы мен пайда болуын қарастыру, адам психологиясының негізгі ерекшеліктеріне кеңінен тоқталу.
Міндеті:
- Адам психикасы мен санасының дамуын анықтау;
- Адам психологиясының мақсат-міндеттері және зерттеу әдістерін зерделеу.
- Психология ғылымының мəн-мағынасын және зерттеу саласымән және түрлерін анықтау, психология ғылымының даму кезендерің анықтау.
Зерттеу пәнi: Психология ғылымы.
Зерттеу көздерi: Қазақстанда өмiр сүрген қазақ зиялыларының психологиялық көзқарастары жарияланған еңбектерi, тақырып төңiрегiндегi зерттеулер мен мақалалар және т. б.
Зерттеу әдiстерi: теориялық талдау, салыстыру, жүйелеу, топтау, және т. б.
Курстық жұмысының құрылымы:
Курстық жұмысы кiрiспеден, негiзгi екi тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тiзiмiнен тұрады. Кiрiспе бөлiмде курстық жұмысының көкейкестiлiгi, оның зерттелу жағдайы және ғылыми аппараты қарастырылды. Онда зерттеудiң мақсат-мiндеттерi, зерттеу көздерi мен әдiстерi айқындалды.
Қорытынды бөлiмде курстық жұмысын орындау барысында қол жеткiзген нәтижелерiмiз қорытындыланып, тұжырымдалады.
І. ПСИХИКАНЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ, ДАМУЫ ЖӘНЕ НЕГІЗГІ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
1. 1 Психиканың пайда болуы және дамуы
“Психология” терминінің бірінші қолдануы 1590 жылы Неміс схоластик пәлсапасышы Рудольф Гөкельге беріледі. Алайда одан алты ғасыр бұрын Хорват гуманисті - Марко Маурулиц бұл терминді өзінің кейіннен жоғалған еңбегінің есімі ретінде қолданған. Бұл әрине терминнің ең бірінші қолданылуы болмауы мүмкін, бірақ бұл бүгінгі күндегі терминнің ең алғашқы құжатталған қолданылуы болып есептеледі.
Бұл термин қауымның кең қолданулуына Неміс идеалист пәлсапасышысы Кристиан Вольфтің (1732-1734) Psychologia empirica және Psychologia rationalis (1732-1734) атты еңбегі жарық көргеннен бұрын енбеген. Эмпирикалық және рационалды психологиялардың арасындағы бұл ажыратылуы Дидьероның Энциклопедиясынан алынып, Францияда Мэң дө Биғаңның көмегімен кең тараған.
Өзінің “жан” мен “тану” деп көне грек тілінен аударылған түбірлеріне қарамастан, психология ғылымы өзінің діни мәнінде адам жанының зерттеуі болып тек одан көп уақыт өткеннен кейін, христиандық заманда танылды. Психология медицинаның тарауы ретінде танылуы Томас Уиллистің ми функцияларының мәніндегі “Жан Доктринасы” мен анатомиялық трактаты “Хайуан Жандар Жайлы Екі Пікірлесу” (“De Anima Brutorum”) атты еңбектерінде көрінеді.
19шы ғасырға дейін психология пәлсапаның бір тармағы ретінде қарастырылды.
1879 жылы “психологияның атасы” болып танылған Вильхельм Вундт (1832-1920) Германияның Лейпциг Университетінде психологиялық зерттеу зертханасын ашты.
Вильям Джеймс, америка пәлсапасышысы өзінің “Психология Принциптері” (1890) атты жемісті кітабын жариялап, келесі жылдарда психологтардың назарын жинақтаған көптеген мәселелерінің іргетасын қалады.
Бұл өріске өздерінің үлестерін қосқан, тәжірибелік түрде еске салу, есте сақтау, еске түсіру функцияларын Берлин Университетінде зерттеген Херманн Эбингауспен бірге қазір классикалық шарттастық болып танылған тәлім тану процесін зерттеген орыс физиологы Иван Павловты атап айту керек.
Осы тұста, 1890 жылдары Аустрия дәрігері, невролог, тәжірибелік психологияда бейресми білімі бар Зигмунд Фройд психотерапияның жаңа әдісі - психоанализді дамытты. Фройдтың ақыл-ой жөніндегі түсініктері интрепретативттік және интроспективттік әдістемелерге кең шамада негізделген, ақыл-ой дерттілігін шешу мен психопатология үстінде жинақталған. Фройдтың теориялары кең тараған, оның себебтерінің үлкен бірі - теориялардың сексуалдылық және жаншу психологиялық дамудың негізгі аспектілері ретінде қарастыру сияқты мәселесін қозғау. Бұл сол кездің аттеріс мәселері болып саналған, ал Фройд болса олардың оқымысты қоғам ішінде кеңінен қарастырылуына жол ашқан. Фройд теориялары жалпы психология теорияларына ықпалы зор.
XX-ғасырдың аяғында психология ғылымында екі өте маңызды тенденциялық пайда болды. Алғашқы бағыт зерттеу объектісіне байланысты дефференцация ал екінші зерттеу объектісінің дифференцация жеке бөліктерінің интеграциясы ретінде қарастырылады. Екінші тенденцияға деген қызығушылықтың арту себебі, бұл бағыт адамның өмірінің индивидуалды ақиқатын ғылыми білім тұрысында қарастырып отырды.
Интегралды ғылым: интегралды медицина, экология, өмір сүру психологиясының пайда болуымен гуманизациялық ғылыми зерттеудің ғылыми келбетін айқындады.
Психология ғылымының жан-жақты салаға бөліне бастауы заман талабына сәйкес интенсивті жетіліп келді. Психотерапияның негізінді қазіргі таңда бір қатар мәселелерді шешуге болады ол ең алдымен тәжірбиелік психологияның мәселелерін шешеді. Олар:
1. Жеке
2. Тұрмыстық
3. Кәсіби
4. Қарым-қатынас мәселелерді бойынша түрлі іс-әрекеттерді ұйымдастырып, адекватты шешімдерді шығаруға мүмкіндік береді.
Психотерапия - грек тілінен аударғанда жанды емдеу деген ұғымды білдіреді. Ол ауырған адамға қайырымдылық мәселелері мен шараларын қарастырады.
Психотеропияның негізі - логопедия (сөзбен әсер ету) К. С. Станиславскийдің Театр киім ілгіштен басталады деген сөзі ауруды емдеу тіркеуден, қабылдау бөлімінен, дәрігерді күтуден басталады деген пікірмен аталып жатыр. Ю. В. Коннабах: Психотерапия дегеніміз - ауруларды емдеуге психикалық әдістерді жоспарлы түрде қолдану дейді. Психотерапияда ауруға себепші болатын психиканың әсерлері аурудың түріне, адамның ерекшелігіне қарай жоспарлы жүйелі немесе біртіндеп жүргізілуі керек. Дәрігердің ауырған адаммен күнделікті жұмысы психотерапия. Психитерапия ерте заманнан белгілі ерте кезде бір адамның келесі адамға көрсететін ықпалы ерекше сөздер арқылы құдіретті күшті Алла тағаланың қатысуымен деп есептеледі. Психотерапиялық әсерлер жалбарыну, үшкіру, денені ұйыту, сендіру арқылы беріледі. Бағзы заманан-ақ адам психикасына әсер еткен ықпалдарының бейнесі өнер туындыларында да жақсы сақталған. Орта ғасырда адамдардың бір-біріне ықпалы сиқыршылық немесе көз байлау деп бағаланады. Философтар, діндарлар, емшілер мен дәрігерлер темірдің магнитке тартылуы - магнетизмге тән деп, табиғаттың ерекше құрлысы ретінде қарады. 3 Магнетизм туралы трактаттар жазылды, осы құбылысты ұғындыру үшін көптеген зерттеулерде түсініксіз табиғаттан тыс күштер туралы айтылады. Магнетизм құбылысына XVI ғасырдың белгілі дәрігері және табиғат зерттеушісі швецариялық Парацельс (1493-1541) көңіл аударды. Оның ойынша магниттің құпия күшін, емдеу ісіне пайдалануға болады. Магнит темірдің кесегін өзіне тартқандай ауруды өзіне ауруды өзіне тартып, организмді аурудан босатады. Парацельс дифтериядан тыныс тарылған, миына қан құйылған, өлім халінде жатқан жандарды емдеуге магнитті қолданған. Парацельстің тәжірбиесінде магнитті қолдану арқылы сіңірдің түйілуі мен құрысып қалуды тоқтатты, сөйлеу қабілетін жоғалтқан, сал болып жүрген адамға көмектесті. Мұндай өзгерістер истериялық сал аурумен истериялық тіл байлану кезінді болатыны қазір белгілі. Нәтижелі зерттеу аз болды, бірақ олар туралы лақап жылдам тарады. Әсіресе бұл мәліметтер жын-шайтан мен құдайға сенетін адамдарға ерекше әсер етті.
Магнит күші арқылы емдейтін Парацельстің даңқы арта бастады. Тек ғалымның мерзімсіз өлімі бұл салтанатты тоқтатты. Парацельс өлген соң магнетизм қайтадан астрологтар мен философшылардың қолына ауысты.
Екі ғасырдан соң 1765 ж Веналық дәрігер Франц Месмер Планеталардың адамға әсері деген тақырыпта медицина ғылымының докторлық, дәрежесін алуға диссертация қорғады. Мұнда ол әлем магнетизмі жайында және планеталар мен алыс жұлдыздардың адамға әсер етуі туралы жазады.
Месмер медицинада ғана емес заң мен философия саласында да, танымал, әмбебап ғалым. Ол Венаның бай адамдарының бірі, әуезшілердің макценаты Леапольд Моцартпен немесе оның шыны гармоникада жақсы ойынымен таңдандырған данышпан. Баласы Вольфганг Амадеймен бірге әуезбесі шұғылданады. Ғылымнан, концерттерден қолы бос уақытта ол дәрігерлік қызметті атқарды. Месмер де магнитпен емдеудің тәсілін байқап көруге шешім қабылдады. 15-20 адамның 2-3 - уі жеңілденіп, 1-2-уі жазылды. Осыдан соң Месмердің даңқы, елге жайылып, жан-жақтан адамдар ағыл-тегіл келе бастады. Екі ғасыр ішінде Франц Месмердің еліне байланысты түсініксіз, ғажап күші бар магниттік флюид ілімі тарады. Месмердің түсінігі бойынша біздің айналадағы ортада флюид сұйық ретінде тараған. Оны табуға, өлшеуге, сезінуге болмайды, әлем осы сұйыққа толы, он планеталарға немесе жердегі адамдар тағдырына ғана әсер етеді, сезілместен сәуле ретінде де тарайды, адамдардың қарым-қатынасын осы сәуле билейді деп тұжырымдады.
Месмер магнитпен емдеу кезінде магниттік теорияға қайшы болатын құбылысты байқады. Кейбір ауру адамдардың айығуы, айықпауы магниттің жанасуы мен жанаспауына байланысты емес екендігін айқындаған. Емшіні көргеннің өзі сырқаттан жеңілдегендей әсер еткен. Месмердің қолындағы магнитпен кебісіндегі алтынға қол тигізіп, жанасуды ғана ойлайды. Месмер әбден абыржыған болатын. Парацельстің магниттің қандай ауруларға немесе қалай қолдану керектігі жайында айтқандарын ойына түсірді. Онда әр мүшеге магниттің қалай әсер ететіндігі туралы ашық жазылғанды. Алайда ол магнитсіз де жердің болатына көз жеткізді. Месмер емдеуге шөпшекті бақты пайдаланады, оларға өзінің флюидін беріп, әлемнен қайтадан флюидті жинайды. Барлық емдеу жағдайы құпия сақталды. Магниттік бөлімнің төріне құрылған шымылдықтың ар жағынан ұнамды әуез естілісімен, үстіне алтынмен апталып, күміспен қапталған камзолы бар, қолы гауһар сақинаға толы Месмер бір топ шәкірттерімен сахнаға шығады. Осы кезде бірнеше әйелдерде истерикалық дерт қозады. Олардың бұл күйі, аурудың дағдарыс кезеңі деп саналып, осыдан кейін аурудан айықты деп есептелген. Айтарлықтай нәтиже бармеген мен, ел арасында Месмердің даңқы арта бастайды. Ол белгілі дворян отбасыларының құрметті қонақтардың біріне айналады. Венадан Парижге келіп Людовик XVI - Копольдің сарайында құрметті қонақтардың бірі ретінде қабылданады. Сыры беймәлім осы түсініксіз құбылыстарды әуес көретін аристократтар сарайлары мен салондарында Месмердің есімі ғана айтылып жүреді. 4
Ол кезде итальяндық Калистро сияқты адамдардың тағдырын болжап дұға оқып, есіртке беретін. Месмерден кейін оның жолын қуушы, әуесқой магнатезер Пюисегюр мүлде күтпеген жерден гипноз ілімінің ең маңызды мәселесі ретінде жасанды сомнамбулизм (ұйқы ауруы) құбылысын ашты. Ол дененің қатты дірілі, истериялық булығу кезінде магнитті қолдаған. Бұл орайда ауырған адамның ерекше ұйқыға кеткені байқалады.
Оны ояту мүмкін емес, бірақ ол адам берілген, нұсқауларды орындайды. Лунатиктер сияқты орнына тұрады, есітпейді.
XIX - ғасырдың 40-жылдары Манчестердегі француз магнатезері Шфель Лафоитен келді, оның Джемс Брэд қатысты. Ол магнетизмнің ғылымға қайшы екенін әшкерледі. Гипноз құбылысына ғылыми тұрғыдан қарау осы кезден байқалған еді. Гипноз (грекше - ұйқы) терминін тапқан - Брэд өзінің нейрогипнология деген кітабында Брэд гипнозды физиологиялық құбылыс деп қарады.
Жылтырағыш затқа ұзақ қадалып қарағаннан көру мүшесі нашарлап, гипноз пайда болады дейді ол. Брэд өзінің хирургиялық практикасында гипнозды анестезияның (жайсыздандырудың) тиімділігін арттыруға қолданады.
XIX ғасырдан белгілі Сальпетриер неврологиялық клиникасының директоры, француз невропотологы М. Ж. Шарконың (1825-1893) тексерулері гипноздың психофизиологиялық негізін ашуға көмектесті. Шарко гипнозды - жасанды, неврозды (гипноз кезіндегі истериялық булығу), нерв жүйесінің зақымдану деп қарады. Бұл гипнозға деген ғылыми көзқарастың жетілуін тежеді.
Франциядағы Нанси мектебінің бастығы Беренгейн жоғарыда айталғандарға қарсы шықты. Беренгейіннің айтуы бойынша, гипноз - үйретуден, болған ұйқы. Алайда осыған дейін француз дәрігері Льебо да осылай айтқан.
А. Льебо Нанси мектебінің гипноз туралы теорияның негізін қалаушы тұлғалардың бірі, жиырма жыл өткеннен соң ғана Льебоның еңбегінің жемісі ақталды. Атақты дәрігер Д. Дюман А. Льебоның консультацияларына қатыса отырып, оның қолданатын әдіс-тәсілдерінің тиімділігіне көз жеткізуге тырысатын болатын.
1881 ж Д. Дюман гипноз арқылы үш жыл көлемінде аяғын судорга ұстап қалып отыратын ауру қызды емдейді. Сонымен қатар гипноз арқылы ол истериялық талма ауруы бар әйел адамын емдеген болатын.
Н. Дюман өзінің бақылау, зерттеу жұмыстарының нәтижесін Нансидегі клиникалық факультетінің профессоры И. Беригеймерге хабарлайды. М. Дюманың мұндай жұмыс бағыына қызығушылығын танытып тәжірибесін іс жүзінде көрсетіп беруін өтінеді. Медицина қызметкерлерінің қауымдасқан жиынында Н. Дюман 4 адамға гипноз жасап көрсетіп береді. Жақсы көрсеткен тәжірбиеге қауымдастықтың қызығушылық таныта бастайды.
Нанси аймағында бір әйел адам көп жылдар бойы ишмас ауруынан жазыла алмай жүрген, әйел ауыл аймағында тұратын дәрігердің бір сеансына қатысып ауруынан жазылады, кезінде ол әйелді атақты профессор И. Беригемер емдей алмаған болатын. Мұнадай жаңалықты естіген Беригемер А. Льебоның гипноз арқылы емдеу тәсілін алаяқтық деп, оны әшкерлеу мақсатында екі күн көлемінде оның жұмысын бақылауға алады, бірақ Беригемер А. Льебоныың жұмысының терапевтік әдісінің өте маңызды және тиімді екендігіне көз жеткізді.
1882 ж Н. Бернгеймер А. Льебоның Нанси қаласына көшіп келуіне ұсыныс жасайды. А. Льебоның келісімімен ол екеуі Нанси мектебінің негізін қалайды, нәтижесінде бұл мектептен көптеген гипнотерапевтер шығады. Алғашында гипнозға скептикалық көзқараста болып келген И. Беригемер кейінен гипнотерапияны белсенді дамытып, жетілдірумен айналысады.
1884 ж О внушенний в гипнотическом и в бодрствующем состояний деген үлкен еңбекті жарыққа шығарады, мұнда ол анимистикалық теориялық негізін қалайды. Күнделікті тәжірибеде психоневрологиялық ауытқуларды гипнотерапиялық жолмен емдеу қажеттілігін көрсетеді.
Нанси мектебінің негізін қалаушы ғалымдар гипноздың тек емдік әсерін ғана емес сонымен бірге оның ғылыми тұрғыдан негізін құруды көздейді. Нанси мектебінің медицина факультетінің профессоры А. Бонис өзінің лабораториясында барлық құралдарды пайдалану арқылы зерттеумен шұғылданады.
Қорытынды мәліметтер объективті дәлел болып шығады. А. Бонис гипноз иландыру әдісінің көмегімен адамның организміндегі барлық процесстерге әсер етуге болатындығын дәлелдеді.
1885 ж Франция қаласында Гипнотизм - исследования физиологические и психологические атты кітабында өзінің зерттеу жұмыстарының нәтижесін баяндайды. Нанси мектебінің негізін қалаған ғалымдар 1880 ж Обозрение гипиотизма атты арнайы журналды жарыққа шығара бастайды. Осы кезде Шарко ауру адамдарды түрлі материалдармен емдеу мүмкіндігін зерттеумен шұғылданды. Шарко клиникалық бақылау жұмыстарын жүргізумен бірге лабораториялық әдістерді пайдалану арқылы эксперименттік жұмыстарды жүргізеді.
1885 жылы невролог З. Фрейд Париж қаласына келіп Ж. Шарконың гипноздың жұмысын зерттеумен айналысады. 1887 жыл Шарконың шәкірттері А. Бина мен Ш. Фере Животный магнитизм атты трактатты жарыққа шығарады, мұнда олар Сальпетриер мектебінің теориясын дамытады. Сальпетриер мектебінің теориясы бойынша гипнотикалық феноминге ой ешқандайда әсер етпейді. Керісінше, флюидтың әсері немесе кейбір металдар, магнит организмнің бірінің бірін әсер етуі мүмкін деген тұжырымды ұстанады. Ж. Шарко шынайы гипноз тек истериялық аурумен ауыратын адамдарда ғана орын алады деп есептейді. Ж. Шарконың мектебі гипнозды тек арнайы истериялық сипаты бар іріктелініп алынған жас әйелдерге ғана тәжірбие жүзінде жүргізіп отырды. Париж қаласында
Ж. Шарконың әрбір сейсенбі күндері лекция сабақтарын өткізіп отырған гипнозды Ж. Шарконың асисстенттері жүргізген.
1884 ж З. Фрейд қаласына келіп А. Льебо мен И. Бернгеймердің гипноздың техникасын жетілдіруге келеді. Фрейд Бернгеймердің кітабын неміс тіліне аудырып, Нанси мектебінің гипноздың әдістерін тиімді деп тұжырымдайды. 1890 ж Сальпетриер және Нанси мектептері жақын байланысты бола бастайды.
Психоанализдің негізін қалаушы И. Бернгемер адамның ерекше сана сезімі жөнінде зерттеу жұмыстарын жүргізіп, Ж. Шарконың теориясына қолдау көрсетіп, гипноз жөнінде бір қатар еңбектерді жарыққа шығарады.
Швецария қаласының атақты психиаторы, невропотологы А. Форель, гипноз әдісін тиімді ұстана отырып, гипноздың 3 негізгі сатысын ажыратып көрсетеді.
1. Ұйқысырау
2. Гипнасия
3. Сомнамбулизм
I. сатыда - бұлшық еттер еркін ұсталып адам жай ғана ұйқыға енеді, мұнда гипноздалушы тұлға өз еркімен көзін ашып, тұрып және сеансты жалғастырудан бас тарта алады.
II. сатыда - бұлшық еттер толығымен босайды. Дәрігердің санағынан бастап, адам өзінің сезімдерін айта бастайды, мұнда ол терең бейсаналыққа еніп тек дәрігердің сөзін ғана естуге қабылдауға бейім болып отырады.
III. сатыда - мұнда гипноздың күйдің терең деңгейі орын алады, гипноздалушы тұлға тек гипноздаушы дәрігерге ғана бағынып бұйырылған барлық іс-әрекеттерді орындауға бейім болып отырады, гипноздалушы өзге сыртқы тітіркендіргіштерге жауап қайтармайды, гипнозалушы терапевт тек өзінің сөзі арқылы әсер ете біледі.
XX - ғасырдың алғаш кезінен бастап неміс ғалымдары Г. Левенфельд, А. Молля гипноз әдісінің бір қатар мәселелерімен айналысып еңбектерін қолданады. Олар гипноздың теориясымен практикасын жөніндегі білімдерді жалпылайды. Неміс ғалымы Ф. Энгельсте Естествознания в мире духов (1878) атты еңбегінде гипноз құбылысына өзіндік анықтама береді.
XIX - ғасырдың аяғы мен XX - ғасырдың басында гипнозды психологиялық немесе физиологиялық тұрғыдан пайдалану жөнінде арнайы жұмыстар жүргізіледі. Сендіру, түсіндіру сияқты әсерлерді қолданылатын психотерапиялық әдістің бір түрі - рационалды психотерапия туралы алғашқы сөз осы кезде айтылады. Бұл ілімді жинаушы неміс физиологы Э. Дюбуа - Рейман былай дейді: Ауру адамдардың өз ауру туралы теріс пікірін өзгерту үшін оған дау-дамайларды ақылымен шешуді түсіндіру және үйрету керек.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz