Қабілет анықтамасы
Тақырып 5. Тұлғаның даралық-типологиялық ерекшеліктері
Дәріс мақсаты: Студенттерде темперамент, темперамент теориялары, темперамент типтері, сипаттары туралы білімдерін тереңдету.
Қарастырылатын сұрақтар:
1.Темперамент жайлы түсінік.
2. Темпераменттің физиологиялық негіздері.
3.Темперамент түрлері және олардың психологиялық сипаттамалары.
Дәріс тезисі.
1. Темперамент жайлы түсінік.
Темперамент тұлғаның мәнді қасиеттерінің бірі. Берілген мәселеге деген қызығушылық ерте кезде туындап, қазіргі кезге дейін психологияның зерттейтін маңызды бөлігі болып табылады.
Темперамент адамның табиғи сипатының, психологиялық іс-әрекетінің динамикалық ерекшеліктері, яғни психикалық процестер мен жағдайлардың әрекеттерінің ырғағы, қарқыны, жылдамдығы жатады.
Темперамент келесі құбылыстарда көрінеді:
1. Адамның жалпы белсенділігінде;
2. Қозғалу ерекшелігі және сөздік қозғалу ерекшелігінде;
3. Эмоционалды процестер ерекшелігінде: эмоцияның туындау және өшу жылдамдығы, күші мен тереңдігі, эмоционалды аймақтың сапалық қасиеті, яғни кез келген эмоцияны бастан кешіру жылдамдығы және т.б.
Сонымен, темперамент адамның белсендік ерекшеліктерін және реактивтілігін біріктіреді. Темперамент бойынша адамдарды ажырату сыртқы өңдерінде, барлық мінез-құлықта және іс-әрекетте байқалады.
Ерте кезден осы көріністердің барлығы ғалымдардың назарын аударды. Темпераменттің туа біткен, адамның табиғи сипаты, яғни ағзаның физиологиясымен байланысты екеніне ешкім күмәнданбайды. Ғылым тарихында темперамент жайлы көптеген теориялар бар.
Темперамент жайлы теорияларды үлкен үш топқа бөлуге болады:
1. Гуморальді теориялар;
2. Конституционалды теориялар;
3. Жоғары жүйке жүйесі ерекшеліктеріне байланысты темпераментті түсіндіруші теориялар.
Гумор сөзі сұйықтық дегенді білдіреді. Ағза сұйықтықтары қозғалымпаз, оның динамикалық бөлігі. Сондықтан мінез-құлық ерекшеліктерін ағзадағы сұйықтықтар қозғалысының ерекшеліктерімен байланыстырады. Осы бағытты ұстанған авторлардың теориялары ең алғаш пайда болған. Ежелгі және ең белгілі гуморальды теория антикалық Грецияда пайда болған, дәрігер және философ Гиппократтың теориясы.
Гиппократ теориясы бойынша, адам ағзасында төрт негізгі сұйықтық бар: қан, қара өт, сары өт, сөл. Гиппократ пікірінше, адам ағзасында қай сұйықтық басым болса, соған байланысты 4 темперамент типінің бірі сай келеді: қан басым болса - сангвиник типі, сөл басым болса - флегматик типі, сары өт басым болса - холерик, қара өт басым болса - меланхолик типі. Гиппократтың ойынша, адам ағзасындағы сұйықтықтың біреуінің басым болуы климат жағдайына және адамның айналысатын іс-әрекетіне байланысты.
Темперамент типтерін б.д.д. өмір сүрген Рим дәрігері К.Гален 13 типке дейін жеткізді.
И. Кант темпераменттің көріну аймағын тарылтып көрсетті. Төрт темперамент типін Кант екі топқа бөлді: әрекет темпераментіне жылдам қимылдайтын холерик пен баяу қимылдайтын флегматикті жатқызды, әсершіл топқа оң эмоциялары басым сангвиник пен теріс эмоциясы басым меланхоликті жатқызды.
Темпераменттің гуморальді теориялары қатарына П.Ф. Лесгафтың көзқарасын жатқызуға болады. Ол психикалық әрекеттің динамикалық ерекшелік сипатын жүрек тамыр жүйесіндегі әр түрлі ұсақ тамырлардан күре тамырға дейінгі қан қозғалыс ерекшеліктерімен байланыстырды.
Темпераментті дене бітімімен түсіндіруші конституционалды теориялар қатарына Э. Кречмер және У. Шелдонның еңбектері жатады.
1921 жылы Э. Кречмердің әйгілі Дене бітімі және мінез атты еңбегі жарық көрді. Оның негізгі идеясы белгілі типті адамдар белгілі психологиялық ерекшеліктерге ие. Адамдарды дене бітіміне байланысты Кречмер төрт конституционалды типке бөлді: лептосоматик, пикник, атлет, диспластик.
1. Лептосоматик - нәзік денелі, ұзын бойлы, кеуде қуысы қушық, иығы тар, ұзын және арық аяқ-қолды.
2. Пикник - май қабаты анық көрінеді, орта және аласа бойлы, жайылған денелі, домалақ басты, мойыны қысқа адамдар.
3. Атлет - бұлшық еттері күшті дамыған, дене бітімі мығым, ұзын және орта бойлы, кең иықты, жамбасы тар.
4. Диспластик - формасыз адам, дене бітімі дұрыс емес. Бұл типтегі индивидтер әр түрлі дене бітімінің деформациясымен сипатталады.
Аталған типтерге байланысты үш темперамент типтерін бөліп көрсетеді: шизотимик, иксотимик, циклотимик. Шизотимикке астеникалық дене бітімі тән, тұйық, көңіл-күйі ауысып отырады, бірбеткей, бағдарлары мен көзқарастарын өзгертпейді, қоршағандарға күшпен бейімделеді. Иксотимикке атлет дене бітімі тән, салмақты, жесттері мен мимикасы ұстамды, ойлау майыспалығы төмен, ұсақ-түйекке көңіл аударушы. Циклотимик пикник дене бітіміне ие, эмоциясы қуаныш пен қайғы арасында алмасып келіп отырады, адамдармен жылдам араласады, көзқарастары шындыққа жақын.
АҚШ-та 1940 жылдары У. Шелдон темперамент теориясы кең танымалдыққа ие болды. Темпераменттің негізін эмбриологиялық тұрғыда түсіндіруге тырысты.
Үш типті бөліп көрсетті: 1) эндоморфты - эндодермадан ішкі мүшелер жақсы дамиды; 2) мезодерма - бұлшық еттер жақсы дамиды; 3) эктоморфты - тері мен жүйке талшықтары жақсы дамиды.
У. Шелдон бойынша, аталған дене типтеріне дененің белгілі функцияларына тәуелді белгілі темперамент типтері сай келеді: висцеротония (ішкі мүшелер), соматотония (дене) және церебротония (ми).
Темперамент теорияларының үшінші тобын құрайтын жоғары жүйке жүйесі ерекшеліктеріне байланысты теориялар қатарына И.П. Павлов еңбегі жатады. Павлов зерттеулері темперамент тұлғаның тума сипатталатын қасиеттері екендігі жайлы көзқарастың қалыптасуының негізі болды. Кеңестік психологияда темперамент теорияларының дамуына үлкен үлес қосқан Б.М. Теплов еңбектері болып табылады. Теплов темпераменттерінің қасиеттеріне психикалық іс-әрекет динамикасын сипаттайтын тұрақты психикалық қасиеттерді жатқызды. Темпераменттің индивидуалды ерекшелігін темпераменттің қандайда бір қасиеттерінің даму деңгейімен түсіндірді. Темпераменттің мәнді қасиеттеріне келесілерді жатқызды:
1. Эмоционалды қозу;
2. Зейіннің қозуы;
3. Эмоцияның күші;
4. Мазасыздық;
5. Ырықсыз қозғалыстардың реактивтілігі;
6. Ерікті мақсатқа бағытталған іс-әрекеттің белсенділігі;
7. Майыспалылық - регидтілік;
8. Резистенттілік;
9. Субъективтілік..
2.Темпераменттің физиологиялық негіздері.
Темпераменттің физиологиялық негізі - жүйке жүйесінің жалпы типі болып табылады. И.П. Павловтың пікірінше, темпераменттің физиологиялық негізінде қозу мен тежелу процестерінің қасиеттері: қозу, мен тежелу күші, олардың тепе - теңдігі және қозғалымпаздығы жатыр. И.П. Павлов қозу күші мен тежелу күшін жоғары жүйке жүйесінің бір-бірінен тәуелсіз қасиеттері ретінде бөліп қарастырды. Қозу күші жүйке талшықтарының жұмысқа қабілеттілігін бейнелейді. Тежелу күші тежеуді жүзеге асыратын жүйке жүйесінің қызметі.
Жүйке процестерінің тепе-теңдігі қасиетін қарастыра отырып, И.П. Павлов қозу және тежелу процестерінің тепе-теңдігін көрсетті. Егер қозу немесе тежелу процестерінің бірі басым болса, адам ұстамсыз болады. Жүйке жүйесінің келесі қасиеті - жүйке процестерінің қозғалымпаздығы - бір жүйке процесінің екіншісімен алмасу жылдамдығы.
Павлов жіктеген жүйке процестері жүйке жүйесі деп аталатын белгілі комбинацияларды қалыптастырады. Бұл тип индивидке тән негізгі жүйке жүйесі қасиеттерінің жиынтығынан құралады - күштер, тепе-теңдігі мен қозғалымпаздығы, қозу және тежелу процестерінің сәйкестігі.
И.П.Павлов пікірінше, жүйке жүйесінің Гиппократ бөліп көрсеткен темперамент типтеріне жақын негізгі төрт типі бар. Жүйке процестерінің күшінің көрінуіне байланысты күшті және әлсіз типтерге жіктеледі. Олар өз кезегінде салмақты және ұстамсыз болып бөлінеді. Ұстамсыз тип қозудың тежелуден басымдылығымен сипатталады. Күшті ұстамды тип қозғалымпаз және инертті немесе енжар болып бөлінеді.
Сангвиник - күшті, тепе-тең, қозғалғыш тип;
Флегматик - күшті, тепе-тең, инертті тип;
Холерик - күшті, қозуы тежелуінен басым тип.
Меланхолик - қозу күші де , тежелу күші де әлсіз тип.

Темперамент типтері - тұлғаның психикалық қасиеттерімен сәйкес келетін заңды құбылыс немесе байланыс. Красис (лат.- темперамент) - Гиппократ бойынша қатынас, пропорция.
Темперамент типтері:
Сангвиник (лат. sanguis - қан) - жоғары психикалық белсенділікпен, қуаттылықпен, жұмысқа қабілеттілікпен, қозғалыс жылдамдығымен, мимиканың молдығымен және әртүрлілігімен, сөйлеудің жылдам қарқынымен сипатталады. Сангвинник әсерлердің жылдам алмасуына талпынатын, қоршаған оқиғаларға тез араласатын, қарым-қатынасқа жылдам түсетін адам. Эмоциялары - оң болып келеді - тез пайда болып, тез ауысады. Салыстырмалы түрде сәтсіздіктерді жеңіл және тез бастан кешіреді. Жағымсыздық пен тәрбиелік әсерлердің теріс жағдайларында сангвиниктердің қозғалымпаздығы шоғырланудың төмендеуіне, іс-әрекеттегі асығыстыққа, үстірттікке әкеледі.
Холерик (грек. chole - өт) - жоғары деңгейдегі психикалық белсенділікпен, әрекеттегі қуаттылықпен, қозғалыстағы күштілікпен, жылдамдықпен, талпыныспен, қарқынмен сипатталады. Холериктің көңіл-күйі жылдам алмасады, шыдамсыз, қызба, эмоционалды өзін басқаруы төмен, кей кезде агрессивті болып келеді. Тәрбиедегі кемшіліктер холериктің өмірлік күрделі жағдайларда эмоциясын бақылай алмауына әкеледі.
Флегматик (грек. phlegma - сөл) - психикалық төмен белсенділікпен, баяулықпен, мимиканың жадаулығымен сипатталады. Флегматиктің бір істен екінші іске алмасуы және жаңа ортаға бейімделуі өте күрделі. Флегматиктің көңіл-күйі қалыпты. Сезімдері мен көңіл-күйі тұрақтылықпен ерекшеленеді. Тәрбиедегі жағымсыз әсерлер флегматиктің эмоциясының жұтаңдығына, бір тектес әдетті әрекеттерді орындауға бейімділігін тудырады.
Меланхолик (грек. melanos - қара, cole - өт) - психикалық белсенділіктің төмен деңгейімен, қозғалыстың баяулығымен, моторика мен сөйлеудегі ұстамдылықпен, тез шаршағыштықпен сипатталады. Меланхолик типіндегі адамдар жоғары эмоционалды сензитивтілікпен ерекшеленеді. Сыртқы әлсіз әсерге терең күйзелістік теріс эмоциялар көрсетеді. Тәрбиедегі теріс әсерлер меланхолик типіндегі адамдарда жоғары эмоционалды жараланғыштықтың, тұйықтықтың, бөлектенудің қалыптасуына әкеледі.
Бақылау сұрақтары:
1. Темперамент жайлы Гиппократ теориясының негізі қандай?
2. Гален, Кант, Лесгафт еңбектерінің сипаттамасы.
3. Конституционалды теориялар жайлы әңгімелеп беріңіз.
4. Жоғары жүйке жүйесі типтерін атаңыз.
5. Темперамент типтерінің сипаттары қандай?
Қарастырылған сұрақтар:
1. Мінез туралы түсінік.
2. Мінез акцентуациялары.
Дәріс тезисі.
1. Мінез туралы түсінік. Мінез - адамның тұрақты психикалық ерекшеліктерінің индивидуалды қатынасы, ол берілген субъектінің белгілі бір өмір жағдайындағы мінез-құлқымен шартталған. Мінез тұлғаның әлеуметтік мінез-құлық ерекшеліктерінде, ең алдымен - мамандыққа, адамға және өзіне деген қатынасынан көрінетін психикалық іс-әрекеттің өзіндік қалыптасуы.
Мінезді зерттеуде Теофраст пионер болып саналады. 18 ғасырда Европада мінездің типологиясына көптеген зерттеулер жүргізілді. Қазіргі уақытта "мінез" ұғымы туралы көзқарастар әртүрлі. Кейбір психологиялық ағымдарда бұл қоғамның өмір сүру құқығына мүлдем қарсы, ал шетел анықтамалар баспаларында және зерттеулерде мүлдем алынып тасталған. Бұл неге олай болды? Біріншіден, көптеген психологтердің пікірлерінше, мінездің өзіндік көрінулерін біріктіретін, әлдеқайда зерттелген тұлғаны мінезбен жалпылай теңдестіру беталысы бақыланады. Екіншіден, феноменология бойынша мінезді этикаға жатқызады, сондықтан оны психология жүйесіне қосу заңсыз болып саналады. Үшіншіден, жалпы дара құбылыс ретінде мінезді зерттеу мүмкіндігіне күмәндану байқалады, өйткені "кейіпкер", "тұлға" ағылшын тілінде character деген мағананы білдіреді.
Кеңестік психологияда "мінез негізін" әрекетке тұрақтылықтың принципиалдылықтың, тұлға мен интеллекттің өзара қатынасының, өмірлік мақсаттың бар болуы - ерікті құрайтындығы баса қарастырылады. Шетелде, мінез элементін ескере отырып, өзіндік бақылау және өзіндік қалыптастырушыға синоним ретінде кейде "Мен Күші", "Жоғары Мен Күші" ұғымдарын қолданады. Егер мінез және тұлға құбылыстары арасындағы бөлімдерді анықтау мүмкін болмаса, онда мінез және темпераментті бөлу одан да қиын. В. Кречмер келесі дифиницияларды қолданды. Темперамент - бұл психофизиологиялық ағымдардың тума ерекшеліктері (олардың қозғалыстары, инерттілігі, қызу т.б.). Мінез - бұл адамның өзіне, қоршаған адамға, әлемге деген қарым-қатынасының тұрақты ерекшелігі.
Б.Г.Ананьев кез келген мінез сипаты тұлғаның қоршаған дүниеге деген белгілі мәнді қатынасын көрсетеді, олардың ішінде төмендегілерді атауға болады::
1) табиғат, қоғам және қоғамдық идеялар (идеология);
2) еңбек - адам өмір сүруінің тәсілі;
3) индивидтің басқа адамдармен қоғамдық байланысы;
4) өзіндік әрекет және адамның тұлғасы.
А.Ф. Лазурский өзінің теориясының негізіне ол индивидті ортаға белсенді бейімделу принципін ала отырып, жіктемесіне екі негізді бөліп көрсетті - психикалық деңгей және психикалық мазмұн. Психикалық деңгей неғұрлым биік болса, соған байланысты белсенді және өнімді бейімделу жүреді
Сонымен, А.Ф. Лазурский жүйесінде психикалық өмір деңгейі бүгінгі күні А. Маслоу мен Э. Шостром гуманистік ілімдеріндегі тұлғаның өзіндік актуализациясы, бағыттылығы теорияларына жақын.
Психикалық өмір мазмұны жалпы табыстылықты анықтамайды, ортаның құбылыстарына индивидтердің бейімделу тәсілдерінің вариацияларында көрінеді. А.Ф. Лазурский негізгі психикалық және психофизиологиялық функцияларды біріктіретін (сезім, ес, зейін, ойлау, ерік, жылдамдық және моторика күші т.б.) эндопсихиканы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz