Жоба авторы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
№47 М.В.Ломоносов атындағы мектеп – лицейі КММ

Тақырыбы: Елбасы және ән өнері

Жоба авторы: Жұмалы Ақшуақ

Сыныбы: 6 А

Жетекшісі: Бөртебаева Гауһартас

2021- 2022 оқу жылы

Мазмұны
Кіріспе
1. Балалық шағының аспаны

Негізгі бөлім
2.1 . Сегіз қырлы, бір сырлы

2.2. Ән мен Елбасы

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

АБСТРАКТ

Зерттеу  жоба тақырыбы: Елбасының жазған әндеріне шолу жасау

Зерттеу жоба мақсаты: Елбасының адамзат тарихының рухани байлығына тамшы
болып қосылар әндерін жинақтау және көркемдік ерекшелігін таныту, қатарлас
оқушыларға Елбасының жан- жақты тұлға болғанымен таныстыру. 

Зерттеу жобаның әдіс-тәсілдері:  жинақтау, жүйелеу, өзіндік талдау,
қорытынды жасау.

 Зерттеу жобаның жаңалығы: Елбасы жазған әндерді жинақтап, тақырып жағынан
топтастырдым. Өзіндік ізденіс арқылы әндерінің тақырыптарына, негізгі ойды
сараладым.

Зерттеу жобаның дереккөздері: Н.Ә.Назарбаевтың еңбектері, газет-журнал,
ғаламтор беттері.

Зерттеу жоба құрылысы  кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды бөлімдерден
тұрады. Соңында пайдаланылған әдебиеттер тізімі келтірілген.

Аннотация
Н.Ә. Назарбаев –Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті, қоғам
қайраткері, ұлы саясаткерлігімен қоса шығармашылықтың адамы. Ғылыми жоба
"Елбасы және ән өнері". Біз бүгінгі жобамызда елбасымыз жайлы және әсем
әндері жайында айтамыз. Н. Назарбаев — түп атасынан, арғы тегінен батырлық
үзілмеген, қазақ тарихында қолбасшылығымен, билігімен, шешендігімен
өшпестей із қалдырған қайраткерлердің ұрпағы. Бабалары — еңсегей бойлы
Есімханның туын ұстаған қолбасшы Қарасай батыр, Қарасайұлы Көшек батыр,
Назарбай би. Әкесі Әбіш пен анасы Әлжанның тұла бойы тұңғышы, әулиеге түнеп
жүріп, Құдайдан тілеп алған баласы. Ол ел тізгінін алмағайып, аумалы-
төкпелі, ең қиын кезеңде қолына алды. Тарихтың да, тағдырдың да сынынан
абыроймен өтіп, халқын да қыл көпірден, жанып тұрған өрттен аман алып
шықты. Азаматтың теңдесі жоқ осы қаһармандығын, даналығын кейінгі ұрпақтың
келешекке аңыз етіп жеткізетіндігінде еш күмән жоқ. Тарихқа есесі кеткен
халқымыздың бүгінгі тағдыры туралы ойлау — Президентіміз туралы ойлаумен
сабақтас. Бағы тайған қазақтың есесін қайтарып, қабырғалы ел етіп, осыншама
құдіретті жасап беріп отырған Елбасының кемеңгерлігі туралы қалай айтсақ та
жарасады.

Аннотация

Н.A. Назарбаев - первый Президент Республики Казахстан, общественный
деятель, политолог и творческий человек. Исследовательский проект
Президент и искусство пения. В проекте мы поговорим о нашем президенте и
его прекрасных песнях. Н. Назарбаев - потомок героев, которые своим
лидерством, силой и красноречием оставили неизгладимый след в истории
казахского народа. Их предками были полководец Карасай батыр, Карасайулы
Кошек батыр, Назарбай би, прямые потомки Есимхана. Он старший сын своего
отца Абиша и матери Альжан. Наш Первый президент достойно выдержал
испытание историей и судьбой и спас свой народ от огненного моста и
пылающего огня. Нет никаких сомнений в том, что этот беспрецедентный
героизм и мудрость нашего Первого президента будет передана будущим
поколениям как легенда. Размышления о нынешней судьбе нашего народа,
потерявшего свою историю, связаны с размышлениями о нашем президенте.

Annotation

N.A. Nazarbayev is the first President of the Republic of Kazakhstan, a
public figure, a man of great politics and creativity. Research project
"The President and the art of singing". In today's project we will talk
about our President and his beautiful songs. Н. Nazarbayev is a descendant
of heroes who have left an indelible mark on the history of the Kazakh
people with their leadership, power and eloquence. Their ancestors were the
commander Karasai batyr, Karasaiuly Koshek batyr, Nazarbay bi, who held the
flag of Esimkhan. He is the eldest son of his father Abish and mother
Alzhan. He did not take the reins of the country, but took it in the most
difficult period. He passed the test of history and destiny with dignity
and saved his people from the fiery bridge and the burning fire. There is
no doubt that this unparalleled heroism and wisdom of the citizen will be
passed on to future generations as a legend. Thinking about the current
fate of our people, who have lost their history, is connected with thinking
about our President. It is worth mentioning the wisdom of the Head of
State, who is taking revenge on the lost Kazakhs, making them a walled
country and making them so powerful.

Кіріспе

Ел басқару өнері – кез келген адамның қолынан келе бермейтін, аса
үлкен ақыл-парасатты қажет ететін өнер. Ежелгі Грекияның әйгілі ойшылы
Демокрит Мемлекет басқару өнері – өнер атаулының төресі деп тектен-тек
айтпаған. Нұрсұлтан Назарбаев Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін қара ормандай
қалың халықтың сеніп тапсыруымен Қазақстан Республикасының тұңғыш
Президенті болып сайланды. Ол осындай аумалы-төкпелі жылдарда жүректілікпен
ел тізгінін қолына алды. Содан отыз жылдағы уақыт қазақ елінің көркеюі мен
гүлденуі үшін орасан зор еңбек сіңірді. Нақтылап айтсақ, Елбасы Н.Назарбаев
Қазақстан елін күллі дүниеге танытып мойындатты. Ол жаңа тәуелсіздік алған
жас мемлекетті қайта құрып, халықты бақытты тұрмыс кешіруге нұрлы жол
салды.

Биыл Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 30 жылдығы және Елбасы,
ұлт көшбасшысы  Нұрсұлтан Назарбаевтың 81 жасқа толған жылы. Қазақстан
елінің отыз жылда қол жеткізген табысы мен дамуын Н.Назарбаевтың еңбегінен
бөле-жара қарауға болмайды. Осыған орай мен ұлы саясаткер, заманымыздың
озық ойшылы, әлемдік деңгейдегі қоғам қайраткері, ұлт көсемі Нұрсұлтан
Назарбаевтың ел басқару идеясының кемелдігі мен тереңдігінен бөлек,
Елбасының шығармашылық адамы ретінде жазған әндері туралы сөз қозғауды жөн
көрдім.

Елбасының жарыққа шықпаған әндері өте көп. Әлі зерттелмеген тақырып
болған соң, жұмысымның жаңашылдығы осы деп білемін. Ел басқарумен ғана
шектелмеген Елбасымыз сегіз қырлы, бір сырлы болғанына жұмыс барысында
толық көз жеткізе алдым. Халыққа жеткен санаулы ғана әндерінің әрқайсысының
өзіндік тарихы мен шығу тегі бар.

Өзімнің қатарластарыммен бірге, басқа да оқушыларға өз жұмысым
арқылы Елбасының талантты ақын және шығармалықтың адамы екенін жеткізгім
келді.

1. Балалық шағының аспаны

1940 жылы 6 шілдеде Іле Алатауының баурайындағы Үшқоңыр жайлауында
Әбіш пен Әлжан Назарбаевтардың шаңырағында көптен күткен ұл өмірге келді.
Оған әке-шешесі Нұрсұлтан деп ат қойды.

Нұрсұлтан Назарбаев тек өз сыныбындағы ғана емес, мектептегі ең
үздік оқушының бірі болды, сабақты зор ынта-ықыласпен оқыды. Ол өзінің аса
құштарлығын білетін ағайын-туыстары әкеп берген кітаптардың бәрін оқып
шығуға жан-тәнімен кірісті.

Елбасы, әсіресе, ежелгі аңыздар мен бабалардың наным-сенімдері
туралы үлкендер айтатын әңгімелерді ықыласпен тыңдайтын. Кейінірек
Нұрсұлтан Назарбаев өзінің кітаптарының бірінде былай деп жазды: Кейінгі
кезде өзінің пролетарлық тегімен көкірек қағу басқа бір нәрсенің
салқынымен алмасты: қайткенде де өз тегінен ақсүйектік қасиет іздеп табу
етек алды. Ондай біздің тұқымда болған емес. Мен – қойшылардың ұлымын,
немересімін және шөбересімін. Демек, ешқандай ақсүйектер әулетінен емеспін.
Менің ата-бабаларымның бәрі де Алатау баурайында өмір сүрген.[1]

Теміртауға келген соң, ол болашақ металлург ретінде Украинаға,
Днепродзержинск қаласындағы Днепр металлургия комбинаты жанындағы кәсіптік-
техникалық училищеге оқуға жіберілді.

1959 жылы Нұрсұлтан Назарбаев Кәсіподақтардың бүкілодақтық орталық
кеңесі (ВЦСПС) ұйымдастырған жарыста жеңімпаз атанды. Сөйтіп, ол училище
бітіргенде металлургтің қиын да күрделі мамандығын игеріп қана қоймай,
Украинаның спорт шебері атанды. [4]

1960 жылы 3 шілдеде сол кезде Қазақстан мен Орталық Азиядағы алғашқы
және бірден бір домна пеші іске қосылды. Бұл Қазақстан Магниткасы –
Қарағанды металлургия зауытының өмірге келген күні болып саналады.
Қазақстанның алғашқы шойынын қорытуға тәжірибелі шеберлермен бірге жас
металлург Назарбаев та қатысты.

Н. Назарбаев Қарағанды политехникалық институтында 3 жыл оқып, одан
соң Теміртауда Қарағанды металлургия зауыты жанынан қайта құрылған зауыт-
втузға ауыстырылды, оны инженер-металлург дипломымен бітіріп шықты.
Осылайша, тұңғыш президентіміз оқуын бітіріп, балалық шақтың
кезеңінен ересек адам кезеңіне қадам басты. Сол кезде бала Нұрсұлтан,
бозбала Нұрсұлтан, студент Нұрсұлтанда болашақта жас мемлекеттің ең
алғашқы, тұңғыш президенті боламын деген ой болмаған да шығар, сірә.

2.1. Сегіз қырлы, бір сырлы

Өнерін сүйген, өнерпазын мәпелеген елдің қашанда мәртебесі
жоғары. Мемлекетіміздің алғашқы басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бұл сөзді
бекерден-бекер айтпады. Елбасының бір кісідей домбыра шертіп, ән салатын
өнерінен жұрт хабардар. Арасында орысша да, украинша да, татарша да әу
деп жібереді. Ал жақсы өнерпазды көрсе, жанына жақын тартып, қамқорлық
танытудан аянбайды.

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің ресми сайтында
Нұрсұлтан Назарбаев өлеңін жазған Елім менің, Үшқоңыр, Шұбар ат,
Жерім менің әндерімен қатар Жұлдызым, Көзімнің қарасы, Беу, айдай
және Сәулем-ай деген Елбасының сүйікті әндері орналастырылған. Нұрсұлтан
Әбішұлының халық әндеріне деген махаббаты ерек. Соның ішінде Гауһартас,
Бір бала, Жанерке, Белес әндері секілді ұлтымыздың төл музыкалық
туындылары бар. [4]

Бар өнерін бармақтың басына, тілдің ұшына қондырған халқымыздың
көп шежіресі, көнекөз естелігі осы әні мен күйінде, жыр-толғауында жатыр
деген Елбасының Домбыра үніне ұйымаған, жусанды даланың иісін аңсамаған
қазақты қазақ деп айтудың өзі қиын деп айтқаны да бар. Өзі туып-өскен жер
жәннаты – Жетісу өңірінің әндерін бойына сіңірген Елбасы Арқа әндерін де
ерекше сүйіп тыңдаған.

Ұлт Көшбасшысының ән шығармашылығынан оның адам және азамат
ретіндегі жеке тұлғасының бірегей қырларын көруге болады. Оның сүйікті
әндері мен авторлық әндері жеке тұлғаның рухани талпыныстарының бейнесі
ретінде Отанға, халыққа, ел тарихына және дәстүрлеріне деген ерекше сезімін
көрсетеді. 

Тұңғыш президенттің өмірінде музыканың алар орны ерекше. Мемлекет
басшысының отбасында ата-анасы әрдайым ән- күй тыңдауды ұнататын және
өздері де ән сала білген. Әсіресе, анасы Әлжан Назарбаева әнді жақсы
айтқан. Анасының сол қабілеті ұлына берілгені сөзсіз. Жас Нұрсұлтан бала
кезінен есте жоқ ескі кездердегі де, өз заманындағы да түрлі әндер мен
әуендерді тыңдап, құлағына және зердесіне сіңіріп өсті. Нұрсұлтан Назарбаев
өзі де бос уақытында өзі де домбыраны шебер тартып, ән салады.

Елбасымыздың үш ән шығарғыны, сонымен қатар Қазақстан Республикасы
мемлекетінің Әнұраны мәтінінің телавторы екені де баршаға мәлім.

2.2. Ән мен Елбасы

Ән де адам секілді өз тағдырымен туады, өмірде өз орнын табады. Әр
адамның өз ғұмыры сияқты әннің де өз тарихы бар. Ән – көңілдің ажары, адам
жанының тәрбиешісі. Әннің адам сезімін әлдилеп, асқақтар құдіретін тек
жүрегімен сезінер адам ғана бағалайды.
Халықтың елдігін танытып, даланың жырын жырлаған әннің ұранға айналуы
тарихта талай кездескені шындық. Ел басына қиындық туып, ақтабан
шұбырынды,алқакөл сұламаның сұмдығын көрген ел Елім-айлап
толғанып,тебіренеді. Елім-ай әні екі ғасыр елжандылық пен азаматтықтың
ұранына айналды. Міне, нағыз өмір, өміршең өлең тек тарих пен бірге
жасайды.
Ал жарты ғасыр, елу жыл, ел есінде, тарих жадында тербелген Менің
Қазақстаным әні әлі күнге дейін тыңдарманын өзіне табындырмай қоймайтын
құдіреттілігімен ерекше. Бір кездері тың жерлерді игеру саясаты тұсында
қазақ жері бөлшектенгелі жатқанда еліміздің асқақтығын жырлайтын,бірлігін
әнге қосып шырқайтын ән керек болды. Елдің щырқы кетіп, жері талан-таражға
ұшырайтыны туралы қауесетпен бірге,халықтың көңілінде белгісіз үрей болды.
Осы кезде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектеп геометриясындағы векторлық алгебра элементтері
Әңгімелесу подкасттары
Талдықорған қаласындағы ескерткіштердің сипаттамасы
Деректер базасын жобалау
ҒЫЛЫМИ ЖОБАНЫ РӘСІМДЕУ
Бал - бала компаниясынан шыққан қазақ тілінде сөйлейтін ойыншықтар
Театр сәндік өнері
Сара Назарбаеваның педагогикалық идеялары
Қара бидай нанын өндіру әдісі
Adobe Dreamweaver бағдарламасында "Дәріхана" сайтын құру
Пәндер