Құмкөл кен орнының игеру тарихы


МАЗМҰНЫ
Қабат қысымын қолдау және мұнайбергіштікті
арттыру су айдау жүйесінің жобасы . . .
- Экономикалық бөлім
- КІРІСПЕ
Құмкөл кен орны 1990-шы жылдың мамыр айынан бастап ЦКР МН СССР -мен бекітілген НИПИ мұнайгазбен құрастырылған технологиялық схемаға сәйкес игеріліп жатыр ( протокол №126, 1988 жылдың 13 шілде айынан бас- тап ) .
Біз білетініміздей кен орын екі аймаққа бөлініп, ХҚМ ААҚ және Торғай Петролеум ЖАҚ-мен игеріліп жатыр.
1. 12. 2001 жыл бойынша кен орынның оңтүстік аймағындағы 311-і ұңғы бұрғыланған, оның ішінде 205-і пайдалану ұңғысы, 61-і айдау, 4-еуі газды, 7-еуі бақылау, 1-еуі барлау, 4-еуі консервацияда және 15-і қабат қысымын көтерудегі су айдау ұңғысын құрайды.
1. 12. 01 жыл бойынша Құмкөл кен орнынан игеруден бастап 21349920 мың т., жыл басынан бастап 2528856мың т. мұнай өндірілді.
1997 жылдың желтоқсан айында Оңтүстік Құмкөл кен орны пайдалануға берілді. Игеруден бастап кен орнынан 1768552мың т., бастапқыда 557706мың т. мұнай өндірілді.
2000 жылдың мамыр айынан бастап батыс фирмасының “KUDU” бұрандалы сораптары пайдаланылуға енгізілді. Осы сораптарды орнатқаннан кейін кен орнындағы өндіру көлемі сәйкесінше жоғарылады.
Кен орынның солтүстік-шығысында және орталық бөліктерінде жаңа сква-жиналар бұрғыланды: № 323, 2047, 324, 325, 245, 247, 320, 4001, 327, 329.
2001 жылдан бастап Оңтүстік Құмкөл кен орнында жаңа ұңғылар бұрғыланды: № 15, 17, 22, 23, 19, 18, 20, 21 және де Оңтүстік Құмкөл кен орнында сәйкесінше өндіру көлемі өсті.
Бұдан басқа компания шығыс Құмкөл ауданынан жаңа барлау ұңғыларын бұрғылады: № 5, 6, 7. № 5, 6 ұңғылар сыналды және де мұнайдың ағуы белгі-ленді. Кен орын контурланды және де № 5, 6 ұңғыдан мұнай өндірілуде.
Сонымен қатар Қызылқия, Арысқұм, Майбұлақ кен орындарында бұрғылау жұмыстары жүргізілді. КАМ кен орны бойынша мұнай өндіру орташа 500 т. болды.
МДОП-дегі ( ЦППН) судың көбеюі және алдын-ала суды түсіру үшін кен орында (УПСВ) алдын-ала суды түсіру участогымен жабдықталды. Сонымен қатар батыстық үлгідегі қабаттық қысымды ұстау үшін жаңа (БКНС) блокты тармақты сорап станциясы (БТСС) тұрғызылды және де пайдаланылуға жаңа айдау ұңғылары № 15р, 247, 249, 2083, 2126 енгізілді. БТСС-ны енгізгеннен кейін айдау 14000 м³/тәу. -ке дейін жоғарылады. Су айдауды жоғарылату үшін барлық айдау ұңғыларының сулары ауыстырылды.
1 ТЕОРИЯЛЫҚ БӨЛІМ
1. 1 ӘДЕБИ ШОЛУ
Қабаттардың мұнайбергіштігін арттыру әдістері
Мұнайбергіштік ұғымы . Қабаттарға әсер етудің жасанды әдістерін (нұсқа сыртынаа және нұсқа ішінен суландыру, қабатқа газ немесе ауаны айдау) қолдану мұнай шоғырларын қазу үрдісіне шығындалатын кабаттық энергияны толықтыруға, мұнай алудың қарқынды темпінің есебінен шоғырларды әзірлеу мерзімдерін қысқартуға және койнауда болатын мұнайдың геологиялық қорының пайдалану дәрежесін көтеруге мүмкіншілік береді. Алайда, әсер етудің кез келген белгілі әдіістерін қолданғанда, қабаттардың мұнайбергіштігі 70-80% -дан асуы сирек кездесетінін еске алу керек. Қойнауда әрқашанда мұнайдың айтарлықтай мөлшері қалады, олар капиллярлық күштермен қабаттың кеуектерінде ұсталып қалады немесе қозғаушы күштің әсеріне ұшырамай қабат аймағында «тұтас» күйінде болады [1] .
Қабат мұнайының тұтқырлығы неғұрлым көп болса, солғұрдым кеуектік арналар аз болады да, соғұрлым мұнайды ұстап қалатын капиллярлық күштер күштірек болып, солғұрлым мұнай қойнауда көбірек қалады.
Қазіргі жағдайларда мұнай кен орындарын қазу процесін жобалағанда, тіпті қабат қысымын ұстап тұру әдістерін қолданғанның өзінде, қабаттардың соңғы мұнайбергіштік коэффиценті көпшілік жағдайда 50-60% шамасында қабылдайды. Сондықтан, соңғы кезде қабаттардың соңғы мұнайбергіштігін арттыру жолдарын табу бойынша жұмыстар айтарлықтай күшейтілген.
Қабаттардың мұнай бергіштігі өндітілген мұнайдың оның бастапқы қорына қатынасымен сипатталады. Мұнайбергіштік коэффиценті мұнайқанықтылығымен өрнектеледі:
мұндағы,
және
- қабаттың бастапқы және соңғы мұнай қанықтылығы.
Мұнайбергіштікті арттырудың негізгі әдістері . Мұнайбергіштікті айтарлықтай арттыру мұнай шоғырын ірі масштабты әсер ету нәтижесінде болады. Мұнайбергіштікті арттырудың үш негізгі әдістері бар:
- қабат энергиясын жасанды түрде ұстап тұру және өндіретін айдама ұңғымаларды рационалды түрде орналастыру;
- қабатқа жылулық әсер ету;
- химиялық әдістер
Мұнай кен орындарын қабат қысымын ұстау арқылы
игерудің жүйелері
Көп жағдайда жалғыз қабаттық энергия шоғырдан мұнайдың жоғары темпі мен алынуының жеткілікті толықтылығын қамтамасыз етпейді. Тіпті дренаждаудың ең тиімді суқысымдық режимінде шоғырды қазу процесі кезінде қабат қысымы әдетте төмендейді, ол қабат энергиясының азайғанын көрсетеді. Ол шоғырдың мұнай бөлігіне келетін қабат суының көлемі қабаттан өндірілетін мұнай мен газ көлемінен аз болуымен, соның салдарынан қабат қысымының төмендеуімен түсіндіреледі [2] .
Қабат энергиясын жасанды түрде ұстап тұру - шоғырдан мұнай алу темпін арттыру және қазудың қысымдық режиміне тән мұнайбергіштіктің жоғары коэффициентерін алу бойынша ең тиімді шара.
Су айдау арқылы қабат қысымын ұстау, мұнай бергіштікті арттырады, сонымен бірге интенсификациялық игеруді қамтамасыз етеді.
Айдау ұңғылары арқылы игеріліп жатқан ұңғығасу айдап, қабат қысымын ұстауға болады.
Қабат қысымын ұстап тұруды суландыру арқылы жүргізу үшін келесі талаптарды орындау қажет:
- су айдау ұңғыларының орналасатын орнын анықтаймыз;
- айдалатын судың көлемін анықтау керек;
- су айдайтын ұңғылар санын анықтау керек;
- ұңғыға айдалатын судың алдына қойылатын негізгі талаптарға жауап беру қажет;
Қабатқа айдаланатын судың көп шығынға ұшырауының және тиімді пайдаланбауының негізгі себебі, қабат қысымын ұстау жүйесінің техниқалық жағдайының қанағатанарлықсызынан, яғни магистралдық құбырдың су айдайтын скважинаға дейін жарамсыз болуынан.
Қабатқа айдауға пайдаланатын су өте жоғары агресивтігімен сипатталады. Бұл біріншіден сапалы су дайындалмағанын, екіншіеден теңіз суы мен қабат суының араласпайтындығы, яғни, олардың құрамындағы оттегі мен активтік компонентердің жоғары болуынан
Айдау ұңғыларының орналасу реті негізінен мұнай қабатының геологиялық орналасу ерекшеліктеріне байланысты таңдайды.
Айдау ұңғыларының орналасуын дұрыс таңдалуының мақсаты айдалатын су қабаттағы мұнайды дұрыс, тиімдірек ығыстырып шығаруын қамтамасыз ету. Айдау ұңғыларының орналасуына байланысты қазіргі уақытты, практикада мұнай газ кен орындарын суландырудың келесі түрлері белгілі.
Нұсқа сыртынан суландыру. Нұсқа сыртынан суландыруды мұнайлылық шекарасының ені үлкен емес кен орындарда қолданады. Нұсқа сыртынан суландыру жүйесін қолдану келесі жағдайларға байланысты мүмкіндік болады, егер сумұнайлы байланыс қысымдар ауытқыған кезде жылжи алса. Сонымен қатар осы жүйені жобалағанда және осы жүйені қолданғанда, қабаттың нұсқа сырты бөлігін мұқият зерттеу қажет. Кей жағдайларда қабаттың нұсқа сырты бөлігі сипаттамасы, өткізгіштігі, топырақтығы, саңылаулылық көрсеткіштері қабаттың орта жағынан айтарлықтай айырмашылықтар болады [3] .
Нұсқа сыртынан суландыруда нұсқадан тыс сулы аймағына суды айдауды қолдану арқылы жүзеге асырылады. Қабатқа суды мұнайы бар бөліктің сыртқы периметрі бойынша орналасқан айдама ұңғылар арқылы айдайды. Мұнай өндіру ұңғымалары мұнайы бар нұсқаның ішінде сыртқы нұсқаға паралель орналасады.
Суланудың нәтижесінде шоғырдың сумен қоректенетін қабатты қазудың аймағына жақын жасанды нұсқа жасалынады. Ол болса, қабаттан мұнайды алуға, шоғырды қазуды қарқынды жүруіне қолайлы жағдай туғызады. Бұл жағдайда айдама ұңғымалардың сызығында жасалатын жоғарғы қысым эксплуатациялық ұңғымалардың 2-4 жақын жататын қатарларына ғана активті әсер етеді. Егер мұнай шоғырының ауданы шамасы жағынан көп болса, онда оны қазуды қарқындату үшін нұсқа ішінен суландыруды қолданады.
Нұсқа сыртымен суландыру көмегімен қазылатын кен орыдарында мұнайды ағындық өндірідің жоғарғы деңгейі көп уақыт бойы сақталады да, тек қазудың соңғы кезінде минимумға дейін кемиді.
Нұсқа бойымен суландыру. Нұсқа бойымен суландыруды қабаттың мұнай аймағы нұсқа сырты ауданымен гидродинамикалық байланысы нашар болған кезде қолданады. Айдау ұңғыларының қатары бұл жағдайда да мұнай қабатына дейін немесе нұсқа ішінен мұнай аймағына орналастырады.
Нұсқа ішінен суландыру . Нұсқа ішінен суландыруды өте үлкен мұнай кен орындарын игеруде қолданылады. Нұсқа ішінен суландыру керек болса, кейбір жағдайларда, нұсқа сырты суландырумен бірге қолданады. Үлкен мұнай қабаттарда нұсқа сыртынан суландыру жеткілікті эффективті болмайды, ол үшін 3-4 қатар мұнай өндіретін ұңғылар су айдау ұңғысына жақын орналасқан жағдайда ғана тиімді болып келеді. Бұл әдістің мәні кен орнын мұнайлылықтың кесілетін нұсқа ішіне жағалай орналасқан айдама ұңғымалардың қатарларына суды айдау арқылы жасанды түрде жеке аудандарға немесе блоктарға «кесу»
Мұнайлы аймақты бірнеше бөлікке бөліп суландыру, барлық мұнайлы аймақты бір уақытта тиімді игеруге мүмкіндік береді.
Мұнайлы аймақты бірнеше бөліктерге бөлу үшін айдау ұңғыларын қатар-қатармен орналастырады. Айдау ұңғысына су айдаған кезде, айдау ұңғылар қатары линиясында үлкен қысымды зона пайда болады, сол себептен мұнай бір бөліктен екінші бір бөлікке мұнай ағып кетуін болдырмайды. Айдаған судың көлеміне байланысты айдау ұңғысының айналасына жиналған су ошағы көлемі жағынан өсіп, бірігіп, сулар бір майданға бірігеді және оларды нұсқа сыртынан суландыру сияқты реттеуге болады.
Сулардың бір майданға бірігуін жеделдету, айдау ұңғылар линиясында ұңғыны меңгеру «біреу тастау » арқылы жүзеге асырады. Арасындағы су айдау ұңғылары мұнай өндіру ұңғылары ретінде іске қосылады, жедел таңдау жүргізу арқылы.
Өндіру ұңғылары су айдау ұңғыларына паралель, қасында орналасады. Мұнай өндіру ұңғылары мен су айдау ұңғыларының арасындағы ара қашықтық гидродинамикалық есептеулерге байланысты, геологиялық құрылымының ерекшелігіне байланысты және коллекторлардың физикалық сипаттамасына, сол өндіріліп жатқан аймақтың, байланысты орналасады. әр мұнайлы бөлікті өндіру үшін, игеру ұңғыларын орналастырғанда сол аймақтың максимальды есеппен геолологиялық сипаттамасына байланысты жүзеге асырылады.
Осы жүйенің басты артықшылығы өндіруді кез-келген бөліктен бастауға болатындығы және соның ішінде өндіруді алдымен геолого-эксплуатациялық сипаттамасы жақсы, ұңғы дебиті жоғары және жоғары тығыздықты өнімі көп бөліктен бастауға мүмкіндік беретіндігі.
Нұсқа сыртымен суландыру көмегімен қазылатын кен орындарда мұнайды ағындық өндірудің жоғарғы деңгейі көп уақыт бойы сақталады да, тек қазудың соңғы кезінде ғана минимумға дейін кемиді. Айдау ұңғылары қатарымен кенішті бөлу арқылы су айдау кеніш ішінде орналасқан бөлу қатарлары немесе бөлу сызығы деп аталатын айдау ұңғылары арқылы жүреді. Мұндай су айдаудың түрінде пайдалану ұңғыларын бөлу қатарына параллелді түрде орналастырады. Пайдалану ұңғысынан өндірілген мұнай және бөлу қатары ұңғыларына айдалған су қатар бойындағы су жиегінің ұлғаюына және оның шекарасының пайдалану ұңғыларына қарай ығысуына әкеледі.
Қабаттан мұнайды алуға шығындалатын қабат энергиясын толтыру (қалпына келтіру) мақсатымен нұсқадан тыс және нұсқа ішімен суландыруды қолдану мұнай шоғырларын қазу үрдістерін айтарлықтай дәрежеде қарқындатуға мүмкіншілік берді: қабаттардан мұнай алу темпін күрт арттыру мүмкін болды, соның арқасында олардың мұнайбергіштігінің жоғарғы соңғы коэффициенттерін қамтамасыз ете отырып, рларды қазу мерзімдерін қысқартады. Мұнай шоғырлары ұңғымалардың сиретілген торларымен, яғни нұсқадан тыс суландыруды қолданбай қазу жүйелеріндегіден бірлік ауданға шаққанда ұңғымалардың аз санымен қазыла бастайды. Егер ескі бакулік, грознендік және басқа кен орындарында бір ұңғымаға 1-ден 4га. -ға дейін, кейде 8 га-ға аудан келсе, қазір көптеген жаңа кен орындарында тығыздандыру дәрежесі бір ұңғымаға он екіден алпыс гектарға дейін аудан сәйкес келеді [4] .
1. 2 КЕН ОРНЫ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТТЕР
Кен орны ауданы Қарағанды облысының Ұлытау ауданының оңтүстік-шығысында орналасқан.
Кен орны жері негізінен Қызылорда облысына қысқа мерзімге пайдаланылуға берілген және Жезқазған қаласынан 280 км, Қызылордадан 184 км жерде орналасқан.
Құмкөл кен орны солтүстік континентальдік шөлдер аймағында солтүстік ендіктен 46°15´- 46°45´ және шығыс бойлықтан 65°15´- 65°30´ шектері ара-лығында орналасқан.
Бұл далалы аймақ сусыз және елді-мекенсіз жерде орналасқан. Жосалы және Жалағаш темір жолдарынан 150-200 км-де орналасқан.
Құмкөл кен орнының территориясы үлкен өзен беті қазаншұңқырында шоғырланған.
Жақын орналасқан елді мекендер: Жалағаш теміржол станциясы (150 км), Жосалы (210 км), Қарсақбай (210 км) және Сәтбаев кенті (250 км) . Кен орнынан шығысқа қарай 230 км қашықтықта Омск-Павлодар-Шымкент мұнай құбыры өтіп жатыр.
Облыс орталықтары Қызылорда қаласы және Жезқазған қаласынан 160 км және 290 км қашықтықта орналасқан.
Орфографиялық қатынаста кен орны ауданы теңіз деңгейінен 10-109 м абсолютті рельеф белгісімен сипатталатын далалы аймақ болып табылады.
Құмкөл кен орны территориясы субмеридиан бағытымен созылған дұрыс емес сопақша пішінді, ертедегі үлкен өзен беті қазаншұңқырында орналасқан.
Оңтүстік бөлігінде, әсіресе оның оңтүстік-батыс бөлігінде зол генезисінің құм массивтері дамыған, ең ірісінің ішінде Арысқұм құмдары (биіктігі 10-15м асатын) жатыр.
Кен орнынан оңтүстікке қарай кедір - бұдыр жартылай қатқан құмдармен күрделенген Арысқұм құм массиві және де тартылуға жақын Арыс тұзды көлі орналасқан. Батысқа қарай 15 км жерде орналасқан 70-80 м Чинк биіктігі өзгермейтін тегіс жердің көтеріңкі плитасы 150-200 м бедер белгісі бөліп тұр. Ауа райы тез өзгермелі, мезгілімен тәуліктік ауаның температура тербелісі, ылғалдылығы өте тапшы және аз мөлшерде отырады.
Жазда ең үлкен температура +30º +35 ºС ыстық, қыста -38º-40 ºС аяз. Жыл бойындағы түсетін ылғал мөлшері 150 мм-ге дейін, негізінде қыс, күз мезгілдерінде түседі.
Оңтүстікте ағып жатқан Сырдария өзені кен орнынан 210 км қашықтықта орналасқан. Жануарларды суару үшін алаңға жақын жерден Қызылорда гидрогеологиялық экспедициясымен өзгермейтін тегіс жерден артезиан ұңғысы бұрғыланған.
Қазіргі кезде ГӨБ “Южказгеология” кен орны аймағында құрылыс материалдары бар екені анықталды.
Құрылым үш тектоникалық бұзылыстармен күрделенген. Өндірістік мұнай-газ төменгі неоком және юра қабаттарында табылған. Төменгі неоком (Арысқұм горизонты) екі өнімді горизонт (М - I, М - II), белгіленген, ал жоғарғы юрада (Құмкөл свитасында ) төрт горизонт (Ю - I, Ю - II, Ю - III, Ю - ΙV) .
Бор горизонты шоғырының кеніш тереңдігі 1065-1120м интервал аралығында, юра шоғырынікі 1190-1370м тереңдікте орналасқан. Юра горизонттарында газды телпек бар. Өнім қалың құмды қабатшалардың сазды қабатшаларға енген қалыңдық бойынша да, аудан бойынша да байқалады. Барлық өнімді горизонттардың мұнайы парафин құрамының 12%-ке дейін және асфальт-шайырлы заттардың құрамының 7% деңгейінде жоғарылығымен сипатталады, су температурасы +13º. Бор горизонтындағы мұнайдың парафинге қанығу температурасы -45, 1-45°С, ал юра шоғырындағы - 31, 1-35, 7°С .
Кен орнының игеру жобасы бойынша 4 игеру объектісі белгіленген:
- I игеру объектісі бойынша М - I және M - II горизонты.
- II игеру объектісі бойынша Ю - I және Ю - II горизонты.
- III игеру объектісі бойынша Ю - III горизонты.
- IV объектісі бойынша Ю - IV горизонты.
М - I горизонты қиғаш СМЖ (- 983- 992м) қабатты дөңбекті пішінді болып келген.
М - II горизонтының шоғыры қабатты массивті шоғыр құрайды. Шоғыр биіктігі - 23м. СМЖ белгісі - 996 -1000, 8м дейін.
Ю-I, Ю-II, Ю-III горизонттары тектоникалық экрандалған қабатты дөңбек болып келеді. Шоғыр биіктігі - 127м. Горизонттардың газды телпегі бар. ГМЖ-1112м-де СМЖ - 1298м-де белгіленген.
Ю - IV тереңдігі 1270-1320м интервал аралығында жатқан газмұнайлы шоғыр тән. Шоғыр қабатты-массивті стратиграфиялық және литологиялық экрандалған күмбез типтес. ГМЖ-1179м белгіленген. Мұнай қорын есептегенде СМЖ-1198 (белгіленді) деп қабылданған.
Кесте 1
Кен орны бойынша мұнай мен газ қоры
Құмкөл мұнай -газды-конденсатты кен орны оңтүстік Торғай ойпатының
орталық Арысқұм ішінде жатыр және палеозой іргетасының фундаментінің Арысқұм дөңіне шоғырланған.
1989 жылдан бастап кен орны өндірістік игеруде 4 пайдалану обьектісі игеріліп жатыр, олардың ішіндегі үшеуі (Ю - I, II, III) - ортаңғы және жоғарғы юра қабаттарында; біреуі (М -I, II) төменгі неокомдағы Арысқұм горизонтының қабаттарында жатыр. Шоғырлар типі бойынша қабатты - күмбезді; 1050-1350м тереңдікте шөккен. Шоғыр биіктігі 300м-ге дейін барады. Құмкөл свитасының ең өнімді жалпы қалыңдығы 10-80м аралығында өзгереді.
Ю - I, II, III және IV горизонтының шоғырлары газды телпекке ие. Парафин және еріген газдың көп болуы негізінен кен орны мұнайының компонентті құрамына тән. Шығарылатын қоры С 1 категориясы бойынша 89, 423 млн тоннаны құрайды және де белгілі 16 мұнай-газ кеніштерінің қорынан асып түседі. Бұл шоғырланудың шартты факторларын мұқият бағалап, тектоникалық режимнің ерекшеліктерін, шөгінділердің жиналу шартын және де Құмкөл құрылымының қалыптасуын, басқа да ірі зоналар және Арысқұм иіліміндегі кен орындарымен салыстыра отырып талдау жүргізуді талап етеді, терең бұрғылау және де кәсіптік-геофизикалық зерттеулер мәліметтері бойынша кен орнының ең мұнайға қаныққан бөлігі оның солтүстік бөлігіне орналасқаны белгілі болды. Кен орнының солтүстік ұңғы қимасында өнімді горизонттар толық жетілгендігі стандарттық, индукциялық, радиоактивтік каротаж қисықтарында анығырақ қөрінеді.
Оңтүстік бағытқа қарай жеке мұнайлы горизонттардың бөлінуі және де қабаттық корреляция түгелімен қиманың өнімді бөлігінің айтарлықтай түрде қысқаруымен және геологиялық сисмикалық зерттеу мәліметтері бойынша олардың әртүлі белгіленуімен күрделенеді. Кен орны ішкі құрылысының ерекшеліктерін толық білу ағымдағы өндірістік игерудің жетілуін және де мұнай өндірудегі қосымша резервтерді анықтауда үлкен практикалық маңызға ие болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz