Асанқайғы поэиясындағы Жәнібек бейнесін ашу


НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР
1. ГOCТ 7. 0 - 99. Кітапханалық және баспа ісі, ақпараттық стандарттар жүйесі Ақпараттық - библиография, кітапханалық іс. Teрминдeр мeн aнықтaмaлap.
2. ГOCТ 7. 1 - 2003. Баспаханaлық жұмыс және кітапханалық, ақпараттық стандарттар жүйесі. Кітапханалық жазба. Библиографиялық сипаттама. Дұрыс құрылысы мен жалпы талап.
3. ГОСТ 7. 5 - 98. Кітапхaнaлық және бaспa ісі, ақпараттық стандарттар жүйесі. Журналдар, жинақтар, ақпараттық баспа. Жарияланған мақалалардың рәсімделуі.
4. ГOCT 7. 9 - 95. Кітапхaнaлық және бaспa ісі, ақпараттық стандарттар жүйесі. Рефераттар мен аннотация. Жалпы талап.
5. ГОСТ 7. 32 - 2001. Кітапханалық және баспа ісі, ақпараттық стандарттар жүйесі. Ғылыми жұмыс бойынша есеп. Құрылысы мен дұрыс рәсімделуі.
И 1 ИУС № 6-2005 22. 06. 2005
И П ИУС № 5-2002 01. 05. 2002
6. СТРК ИСО 690-2-2007. Ақпараттар мен құжаттар. Библиографиялық сілтемелер. Электрондық құжаттар және олардың бөлімдері.
7. СТРК ИСО 5127-2007. Ақпараттар мен құжаттар. Сөздік.
АНЫҚТАМАЛАР
ТАҚЫРЫП - Әдеби шығармада сөз болатын басты мәселе, шығарма мазмұнының негізгі арқауы, айтылатын жай-жағдайлардың бағыт-бағдары. Шығарманың тақырыбын, яғни не жайында айтылатынын, нендей мәселелерді қозғайтынын анықтау сырттай қарағанда оп-оңай сияқты көрінуі мүмкін. Алайда шығарма тақырыбын айқындауға жеңіл, үстірт қарауға болмайды. Тақырыпты бірнеше қырынан алып қарастыру кездеседі. Шығарманы жазудағы автордың ой-ниеті тұрғысынан алғанда, тақырып - алдымен болашақ туындығы арқау болатын мәселелер, қамтитын жағдай, оқиғалардың, суреттелетін өмір құбылыстарының шеңбер-шегі. Ал шығарманы талдау тұрғысынан қарасақ, тақырып - ол шығарманың мазмұнының негізгі бір құрамды бөлшегі, айтылған, суреттелген жайлардың қоғамдық өмірдегі маңызды мәселелер дәрежесіне көтеріліп, көркемдік шындыққа айналған қалпы.
ИДЕЯ - әдебиет шығармасында өмірдегі жай-жағдайлар, адам тағдыры баяндалғанда, суреттелгенде жазушының сөз болып отырған мәселелерге қатынасы, көзқарасы да аңғарылады. Ол автордың өмір құбылыстарын, жекелеген уақиға, жағдайларды қалай іріктеп, реттеп көрсетуінен кейіпкерлердің халын қалай сезінуден, соларды бейнелеу қалпынан-ақ белгі беріп тұрады. Идея дайын күйінде, өзінен өзі бадырайып көрініп тұрған қорытынды пікір деп түсінуге болмайды. Өйткені шығармада айтылатын идеяны оның бүкіл өн бойынан, бүкіл мазмұн-мағынасынан ондағы уақиғалардан немесе кейіпкер тағдырынан, барлық бейнелілік, суреттілік қасиетінен танимыз.
ТЕҢЕУ - құбылысты басқа нәрсемен салыстыру арқылы сипаттау тәсілі. Әр нәрсені салыстыру негізінде жасалатын бейнелі сөздер, туынды мағыналы сөздер, құбылту түрлері аз емес. Олардан теңеудің айырмасы - мұнда салыстыру тура, айқын көрінеді. Нені және немен салыстырғаны анық болады.
РИТОРИКАЛЫҚ СҰРАУ (лепті сұрау) - шешендік тәсілге жататын айшықты сөз тіркесі, ойды, сезімді, әсерлі ету үшін жауабы өзінен өзі-ақ айқын нәрсені әсерлі леппен, сұрау түрінді айту. Бұл күмәндану, шүбә келтіру мүмкін емес деген айрықша сенімділікті білдіреді. Мысалы:
Арыстанмын, айбатыма кім шыдар?
Жолбарыспын, маған қарсы кім тұрар?
Көкте-бұлт, жерде желмін гулеген,
Жер еркесі желдің жөнін кім сұрар?! (Мағжан)
Кейде айшықты шешендік сұрау, жансыз нәрсеге қаратылып айтылып, сұраулы арнау сөз түрінде келеді. Қазақ поэтикасында мұндай үлгіні сұрай арнау деп те атайды. Алайда сөздің негізгі стильдік ерекшелігі, өзгеше мәнділігі сұрау түрінде айтылуына байланысты болады.
КІРІСПЕ
Жұмыстың өзектілігі . XV-XVIII ғасыр әдебиетінің жыраулар жасап кеткен жолы - жаңаның басы емес, көненің жалғасы. Осы кезең поэзиясында қазіргі кезге дейін өз аттары ұмытылмаған жыраулық өнердің өкілдері Қазтуған, Асан қайғы, Доспамбет, Үмбетей, Шалкиіз, Ақтамберді болып келсе, бұл алтын жүйені Асанқайғыдан бастау алады.
Асанқайғы шығармашылығы - өзі өмір сүрген қоғамның, заман сырының үні. Оның толғаулары - сол кездегі өмір-тіршіліктің айнасы. Жырау көзқарасын білдіру амалы іспеттес. Асанқайғы шығармашылығын зерттеу диплом жұмысының өзктілігі болып табылады. Асанқайғы шығармашылығы ішкі мазмұнымен де, сыртқы пішінімен де нәзік үйлесім тауып, халық үнін, қазақ мұңын ашады. Сөз жоқ жырау шығармаларындағы тарих таңбасы - елдің тұрмыс-тіршілігі, оның азабы мен қайғысы, бір сөзбен айтқанда, ел тағдыры. Ендеше жырау мұрасы арқылы елдің өткенін жаңаша көзқараспен қайта саралау, диплом жұмысымызға алынған тақырыптың өзектілік сипатын танытады.
Зерттеудің нысаны . Асанқайғы шығармалары.
Жұмыстың мақсат мен міндеті: Бұл жұмыстың мақсаты - жырау толғауларындағы тарихи оқиғалардың көрініс табуын зерттеу, толғаулардың көркемдік сипатын беру, өзіндік ерекшеліктерін айқындап көрсету болып табылады. Асанқайғы шығармашылығын М. Әуезов, С. Мұқанов, Ә. Марғұлан, Е. Ысмайылов, Қ. Жұмалиев, Б. Кенжебаев, Х. Сүйіншәлиев, М. Мағауин зерттеп, асыл қазынаның халық игілігіне пайдалануына зор еңбек сіңірді. Негізінен, жыраулардың ішінен шығармалары қазіргі кезеңге молдау жеткені Асанқайғы болып табылады. Бұл жағдай - оның төңірегінде сан-алуан ғылыми еңбектердіің тууына тікелей себепкер. Біз еңбегімізді осы тұрғыдағы ілкі сәт деп білеміз. Яғни, теңізге құйылған тамшы.
Сол кездегі халық тағдыры, елдің тынысы жырауларды терең толғандырған. Ел ісіне етене араласып, оның оң шешім табуына бар ақыл-ой, қайраттарын сарп етті.
Бұл тұрғыдағы Асанқайғының тынысты тіршілігі Жоңғар шапқыншылығының кезеңінен, Жәнібек хандық құрған уақыттың сырымен тығыз байланысты. Жәнібек ханның ақылшысы, кеңесшісі. Ол кездегі саяси- әлеуметтік, қоғамдық өмір жырау шығармаларына өз әсерін тигізді.
Жыраудың елді татулық-бірлікке, адамгершілікке үндеген үгіт- насихат үлгісіндегі жырларының да астарында замана тыныс, уақыт таңбасы бар. Қазақ хандықтары XVІІІ ғасыр басынан-ақ сыртқы саяси жағдайдың шиеленісуі, ХVІІІ ғасырдағы қазақ халқының басынан кешкен тарихи оқиғалары, ХVІІІ ғасыр қазақ тарихынан орын алған қазақ-жоңғар қатынасының жыраулар шығармаларында бейнеленуін талдау жасай отырып, жаңа көзқарас тұрғысынан бағалау диплом жұмысының басты мақсаты болып табылады, осыған орай диплом жұмысының алдында төмендегедей міндеттер қойылады:
- Асанқайғы шығармаларының тақырыбы мен мазмұнын ашу;
- Жырау шығармалары арқылы XV ғасыр әдебиетінің құндылығын дәлелдеу;
- Жыраулар жырындағы тарихи оқиғаларға сиапаттама беру;
- Асанқайғы поэиясындағы Жәнібек бейнесін ашу;
- Жырау шығармаларына зерттеу жасаған ғалымдар пікірлерін сарлау;
- Әр бір жырдағы оқиға барысын жүйелеу, тарихи сараптама жасап оның мәнін ашу.
Зерттеу жұмысының материалдары: Диплом жұмысын жазу барысында осы уақытқа дейін ғылыми айнылымға тартылмай келген баспа сөз материалдары мен XV- XVІІ ғасырға байланысты түрлі әдебиеттер, ғылыми зерттеулердің мәліметтері сұрыпталып алынды.
Зерттеудің әдіс-тәсілдері. Диплом жұмысының методологиясы, объективтілік, тарихилық, жүйелілік және даму сияқты ғылыми танымға негізделген. Сондай-ақ қазақ-жоңғар қатынасын жыраулар шығармаларында мүмкіндігінше объективті тұрғыда түсіндіруге бағытталған әрі жаңа тарихи көзқарас тұрғысынан жазылған еңбектер басшылыққа алынды.
Зерттеу жұмысының әдіснамалық негіздері. Жұмысты жазуға негіз болған М. Әуезов «Әдебиет тарихы» [1], А. Байтұрсынов «Ақ жол» [2], «Әдебиет танытқыш» [3], С. Мұқанов «Қазақтың ХҮІІІ, ХІХ ғасырлардағы әдебиет тарихынан очеркткер» [4], Е. Ысмайылов «Ақындар» [5], Қ. Жұмалиев «ХҮІІ, ХІХ ғасырлардағы қазақ әдебиеті» [6], «XVIII-XIX ғасырлардағы қазақ әдебиеті» [7], Х. Сүйіншәлиев «Қазақ әдебиетінің тарихы» [8], «XIX ғасыр әдебиеті» [9], Б. Кенжебаев «Қазақ әдебиеті тарихының мәселелері» [10], Ә. Қоңыратбаев «Қазақ әдебиетінің тарихы» [11], «Қазақ әдебиетінің тарихы» [12], Қ. Мәдібай «ХІХ ғасыр әдебиеті» [13] кітаптары т. б. ғалымдарың еңбектері алынды.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы: Деректер негізінде қазақ-жоңғар қатынасы халық жыраулар шығармаларына қатысты деректік материал негізінде тарихи шындық пен объективті тұрғыдан нақты талданып зерделеніп көрсетілуі. Диплом жұмысында мынандай жаңалықтар бар:
- Тарихи деректің ғылыми айналымға енгізілуі негізінде қазақ-жоңғар қатынастары жыраулар шығармаларындағы мәселелер объективті түрде баяндалады.
- Қазақ халқының XV- XVІІ ғасырдағы тыныс тіршілігі, елдін тұтастығын сақтау, ел басына күн туған шақтағы басқыншылармен күрес жолындағы әрекеттері айтылады.
- Ел басына күн туған шақта қазақ халқын бірлікке шақырған, жаумен күресуде рух берген жыраудың ел алдындағы сіңірген еңбектері хақында баяндалады.
Зерттеу жұмысының теориялық және практикалық маңызы. Қазақ- жоңғар қатынасы халық жыраулар шығармаларындағы тақырыбына байланысты зерттелінбеген еңбектің қатарын толықтыра түседі. Диплом жұмысының материалдары орта араулы және жоғарғы оқу орнында оқылатын сабақтарға пайдалануға болады.
Жұмыстың құрылымы. Жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Асанқайғы қазақ халқының Жоңғар басқыншылығы тұсында, елдің болашағы қыл үстінде тұрған кезде өмір сүріп, сол алмағайып замандағы күрделі мәселелерге өз жырларымен жауап бере білді. Осындай ауыр сәттерде Жәнібек ханға дұрыс кеңес беріп, ел-жұртты басқыншы жауға қарсы күресте біріктіруге, бір тудың астына топтастыруға күш салды. Өзінің саяси-әлеум. мәнді жыр-толғауларымен сол жалынды күрестің жыршысына айналды. Осы мақсатта ол Жәнібек ханды бірден-бір қажетті басшы санап, оған халық бірлігін сақтап қалатын көсем тұрғысында үлкен сенім артты. Жәнібек хан да сол биік талаптан табылып, елдің бірлігі мен жарқын болашағы үшін жан аямай қызмет етті. Жырау сол азаттық жолында өлімге бас байлап, ерліктің небір ғажайып үлгілерін көрсеткен хан мен оның батырларын жырға қосып, олардың өшпес әдеби бейнелерін жасады. Жыраудың « Жәнібек ханның қасында », « Ал, тілімді алмасаң », « Басыңа біткен күніңіз », « Ай, Жәнібек, сен он бір жасыңда », « Ал, айтамын, айтамын » атты толғауларында ханның сол кездегі ұстанған саясаты мен көрегендігі, алғырлығы мен білгірлігі сипатталады. Ал, « Садыр, қайда барасың » деген жырларында ол ел болашағы, татулық мәселелерін сөз етеді. Асанқайғының Жәнібек хан саясаты жөніндегі байламды пікірлері де орнықты, әділ. Ол қасындағы Қытаймен Ресей туралы да ұстамды бағыт ұстанады. Соның арқасында ата жауы Жоңғарлардың іштей іріп, азып-тозуы үшін ұтымды саясат қолдана отырып тарих сахнасынан кетуіне қолайлы жағдай жасағанын мақтанышпен жырлайды. Бұл орайда жырау Жәнібек ханды «әділдігі Наушаруандай, жомарттығы Хатымдайдай» деп бейнелейді. Тіпті, ханның әділдігі мен адамгершілік қасиеттерін де жоғары бағалай келіп, оның байлық-салтанатын «қырық мың атан тарта алмас» деп сипаттайды.
Жырау жас мөлшерін сипаттағанда, бұрыннан келе жатқан дәстүрді ұстанып, оның күш-қайратқа байланысты екенін, әсіресе, жастықтың шыңы жиырма бесті шалқыта жырлайтыны бар. Алайда ол адамның жас кезеңдерін үнемі сол қалыпта сипаттай бермей, оның ақыл-парасат, толысу, кемелдену тұрғысынан да алып суреттейтінін де көреміз. Бұқар Жырау Абылай ханның «бәйгелі жерде бақ болған» әйгілі батырларын «өзіңе тұғыр болған төрт тірек» деп лайықты бағалай отырып, олардың тарихи ерлік істерін қазақтың абырой-арына біткен ерлер деп асқақ жырлайды. Жыраудың « Он екі айда жаз келер », « Абылай ханның қасында », « Ханға жауап айтпасам » атты толғаулары халық болашағы мен бейбітшілікті сақтау, отарлауды көздеген елден жыраққа, Жиделі байсынға көшу мәселесін қозғайды. Бұл жырлардың үгіт-насихаттық, дидактикалық сипаты басым. Жыраудың табиғат пен адам өмірін астастыра суреттейтін жырлары да мол: « Бұл, бұл үйрек, бұл үйрек », « Әлемді түгел көрсе де », т. б. Осының бәрі жыраудың кәнігі шеберлігі мен талғампаздығын танытады. Асанқайғы толғаулары, шын мәнінде, Абылай дәуірінің айнасы. Ұлтының тамаша рухани адамгершілік қасиеттерін бойына дарытқан көкірегі даңғыл, алмас тілді, дуалы ауыз кемеңгерді Жәнібек да қасынан бір елі қалдырмаған. Ақыл-ойға кемел «Көмекей әулие» Жәнібек ханның дұрыс шешім, парасатты пайым қабылдауына, қос бүйірдегі екі алып мемлекеттің арасында оңтайлы саясат ұстауына, әскери дипломатиялық қарым-қатынастарды реттеуге барынша ықпал жасайды. Заман келбеті, Отан тағдыры, болмыс шындығы, ел тұтқасын ұстаған асқан қолбасшы, біртуар баїадүр, үздік мәмілегер, зерделі мемлекет басшысы Жәнібек ханның жортуыл-жорық күндеріндегі іс-қимылдары, ұлтының ұлы мұраттар жолындағы ізгі, жалынды күресі - жырау мұраларында шынайы шыншылдықпен суреттеледі. Әсіресе, Асанқайғы толғауларында Ресей империясының отарлаушылық, басқыншылық саясаты, зұлымдық әрекеттері әшкереленеді.
Қазақ қоғамының сәнінен, мәнінен айрылатынын, дінінің, тілінің, жерінің тозатынын, қабілетсіздер сұңғылаларды илеп билейтінін, дәрменсіздік жалайтынын, марқасқалар төбесінде бұлт үйірілетінін баяндаған. Бұл « Қилы заман » толғауының қалай туындағанын Мәшһүр Жүсіп Көпеев былайша түсіндіреді. Жәнібек хан бір салтанатты күнде ат үстінде Асаннан сұраған: «Асан қайғының қилы-қилы заман болар, қарағай басын шортан шалар дегені не тантық, суда жүрген шортан тауға біткен қарағайдың басына қайдан шығады. Миға қонбайтұғын сөз ғой» - деп. Сонда Асанқайғы қырын қарап тұрып, атының басын бұрып, қамшысын ерінің үстіне арта салып, көзіне жас алып; « Әй, хан! Бұл сөзді сен сұрамасаң керек еді, мен айтпасам керек! » деп, осы толғауды айтыпты. Отарлаудың небір қанқұйлы амал-айлаларын қапысыз ойластырған Ресей империясы сахарада қара шекпенділер мен келімсектерді түпкілікті қоныстандыру үшін, алдымен, тұс-тұстан қалалар мен бекіністер салды. Нулы, сулы, шүйгінді, орман-тоғайлы жерлерден қазақтарды қырға ығыстырды. Атамекенінен, ата кәсібінен ажырап, абдырай бастаған тағдыр тәлкегіне ұшыраған халқының күйін Асанқайғы өз толғауларында жырлайды.
Асанқайғы поэзиясының негізгі ерекшеліктерін, ішкі ағыс-толқындарын, күйлі-қуатты толғамдарын білімпаздықпен бажайлаған Асанқайғы есілтіп-төгілтіп, алмастай жарқылдап, дария суындай құйылып отырады. Бұған: “ Еліңнің қамын же - сана, Есіліп кеңес айт - сана ” деген лебізі куә. Кейде сәуегей абыз ишаратпен, тәмсілмен сөйлейді. Оның қапияда шығарылған философиялық сипатқа бөленген құдіретті ой-толғаныстары, тапқыр билік-кесімдері толғау түрінде беріледі. Қиыннан қиыстырылған құрыштай тастүйін сөздер, қанатты кесек ойлар, пайымды терең байламдар белгілі бір нақысты мақалмен тақпақтата, түйдектете, толқындата айтуды қалайды.
Ұлы ойшыл-философ сөзін де, пікірін де ойнатып, жайнатып, етек-жеңі жинақы, ықшам, жүзіктің көзінен өткендей сырлы да сұлу мінсіз түйдек әкелген. « Әлемді түгел көру », « Аспанда жұлдыз аралап, ай нұрын ұстап міну » деген данышпандық толғамдары есіңді аларлықтай есті сөздер. Асанқайғы толғауларының сыртқы сымбаты мен ішкі қасиет-қуатында, көркем ойлау процесінде шиыршық атқан жалынды шешендіктің буы, асқақ қаїармандық рухтың лебі білінеді. Негізінде, толғаудың құрылысы күрделі ой ағымына, пікір еркіндігіне, ауызекі сөйлеу стиліне бағынады. Тармақтар 7-8 буынды, ұйқастары еркін. Тегінде, толғау музыкалық аспаптардың (қобыз яки домбыра) сүйемелдеуімен орандалады. Бұқар Жырау толғауларының поэзиялық сәулеті, ерекше қасиеті және оның сөз қолдану ерекшелігі де өзгеше. Қара суды теріс ағызған Жәнібек ханды « Ай, Жәнібек, сен бір он бір жасыңда », « Күпшек санды күреңді » дейтін толғауларында: «Қара судың бетінде, Шайқалып аққан сең едің… Алтын тонның жеңі едің», «Алтын тұғыр үстінде, Ақсұңқар құстай түледің…. Бақ үйіне түнедің», деп «Айбалтасын алтынменен булатқан», «Періштесін жұрт үстінен дулатқан”, «Жасыл көлге мәслихатқа келтіріп, Зәмзәм суын мыс табаққа толтырған. Қазығын қалайыдан қақтырып, тоқпағын сом алтыннан соқтырып, Нақыра күміш шаптырып…», «Орындығын оймыштан, Ою нақыш салдырған, Сануылғын сары алтынға малдырған» деген поэзиялық сипаттаулары; ердің ері Бөгембай батырды « Қазақтың қамал қорғанына », « Бұтақты мүйіз бұғысына » ұқсатуы, жыраулардың пірі өзін «Мен - Арғын деген арыспын, Аузы кере қарыспын. Сен - бұзау терісі шөншіксің, Мен - өгіз терісі талыспын» деген метафоралық салыстырулары яки өзінің образдық көркемдік бейнесін сомдауы келісті кесек, немесе: « Бірі етек, бірі жең болған », « Найзасының ұшы алтын » тәрізді кестелі, келісті, көркем суретті сөйлемдер жырау поэзиясының муз. архитектоникасын, образдық-бейнелілік табиғатын анықтайды. Осылардың баршасы Асанқайғының жаратылысы, дүниені, ғаламды жан-жақты ұғып-түсінуден, танып-білуден, «тұрмыс қазанында қайнап піскен», сөз-ұғымдарды, сөз-образдарды жаңғырта, көркейте түсер шығарымпаздық қабілетінен, филос. көзқарасынан туған деуге болады. Асанқайғы поэзиясында ақындық даналықтан, тапқырлықтан нәр алған әсерлі, көркем теңеулер де кездеседі. Мысалы, «Ұрғашының жақсысы, Абжыландай есіліп… Бозжорғадай бұлғаңы»; «Ормандай көп Орта жүз», «Қорғасындай балқыған», «Киігін қойдай қайырған», «“Құланы құлындай тулаған, түлкісі иттей шулаған», «Буыршындай тіздесті», «Ағып жатқан бұлақтай Жарға ойнаған лақтай», «Ерттеп қойған құр аттай», «От орындай тұяқтым… Саптыаяқтай еріндім, Сарымсақтай азулым… Кекілін қыздай тараған» және т. с. с. Бұлар ұлттық поэзия тілінің құлпыра түсуіне, сырты сұлу, іші ну оюлы, өрнекті сөздердің молая беруіне жойқын ықпал жасайтындығы даусыз. Асанқайғы толғауларының танымдық-эстетикалық мәні, сұлулық әлемі даралық-авторлық айқындаулардан да байқалады. Айталық: «сегіз қиыр шартарап», «Төсі аршынды сұлу», «құрсағы жуан боз бие» «алпыс басты ақ орда», «еңсесі биік кең сарай», «құбылып тұрған бәйшешек», «ардақталған сұлулық», «ойнай басқан аяқтым», «қиғаш қамыс құлақтым». «Шұбар көсем сары аяқ», «Қоспақ өркеш сары атан», «Тостаған көзді торыны» және т. б. Сөз кестесі мен бунақталу тәртібінің әуенін, орайын, шырайын түрлендіріп келтіруде меруерттей мөлтілдеген фразеологиялық оралымдардың бір-бірімен әсем қиысып, табиғи құйылып отыруы - жырау поэзиясының басты ерекшелігі. Мысалы, «өкпеңменен қабынба, өтіңменен жарылма», «омыртқасы үзілген», «Өлетұғын тай үшін, Қалатұғын сай үшін», «Тар құрсағын кеңіткен, Тас емшегін жібіткен», «Назыменен күйдірген, Құлқыменен сүйдірген», «Қайғысыз ұйқы ұйықтатқан, Қайырусыз жалқы бақтырған, Қалыңсыз қатын құштырған», «екі қара көзді алар», «Ауыздағы сөзі алар, Бойыңдағы әлді алар, Бетіндегі нұрды алар, Бойыңдағы шарды алар, Аузыңдағы тісті алар, Қолыңдағы істі алар », « Еңкейіп орақ орарға, Тоңқайып масақ терерге» т. б.
Асанқайғы шығармаларында замандар бойы мысқалдап жиналып, ақыл-ой таразысынан өткізілген өмір тәжірибесінің, ұлттық тарихи санасының даналық қорытындысы, адамгершіліктің ереже-қағидасы іспетті нақыл-ғибрат сөздер мол. Әсіресе, белгілі бір құбылыстарды, заттар мен нәрселерді тізбелеп, салыстырып айтатын « Қара құлаш жүйрік деп », « Ежелгі дос жау болмас », « Бағаналы орда, басты орда », « Жар басына қонбаңыз », « Көкте бұлт сөгілсе », « Алыстан қызыл көрінсе », « Биік тауға жарасар », « Қорғанды шаїар қаласын », « Жал, құйрығы қаба деп », « Асқар таудың өлгені », « Ақсаңнан биік тау болмас » секілді термелерінде неше алуан мақал-мәтелдер мен нақыл сөздерді келтіруге болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz