Қазақ ауылын кеңестендіру


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 97 бет
Таңдаулыға:   
  1. Қазақстанның қазіргі заман тарихын кезеңдеу.

Бірінші кезең 1914-1945 жылдар:

1916 жылғы ұлт азаттық көтеріліс болды. Көтерілістің шығу себебі отарлық езгі, 19-43 жас аралығындағы ер азаматтарды соғысқа шақыру.

1917 жылы 25 қазанда Петроградта болған ірі әлеуметтік саяси, тарихи оқиға. Көтеріліс В. И. Ленин басқарған большевиктер партиясының жетекшілігімен жүзеге асырылды.

Азамат соғысы 1918 жылы ақтар большевиктерге қарсы бастады. Ақ гвардиялық "Сібір үкіметін" ресми түрде тағынан Алашорда үкіметі атаман Дутовпен бірігіп, Кеңес өкіметіне қарсы шықты.

Жаңа экономикалық саясат құрылды 1921 ж наурыз айында . Нәтижесінде мал саны 40, 5 миллионға жетті. Голощекин "ауылды кеңестендіру" ұранымен "жаңа революция" жүргізді.

1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысы болды. Бұл соғысқа Қазақстан үлкен үлес қосты.

Екінші кезең 1945 жылдан бүгінгі күнге дейін:

Ауыл шаруашылығы дамыды.

1954 жылы көктемде тың жерлерді игеру туралы шешім қабылданды. 1954-55 жылдары тың жерлерді игеру есебінен егістік аумағын 13 млн га-ға арттыру, 1100-1200 млн пұт астық, соның ішінде 800-900 млн пұт тауарлы астық алу көзделді.

1960 жылдардың соңында ауыл шаруашылығын интенсивтендіру шаралары жүргізілді. 50 ден астам кәсіпорын ауыл шаруашылығы техникасы мен қосалқы бөлшектер шығарды. Қуатты тракторлар мен өздігінен жүретін комбайндар алынды. Ауыл шаруашылығының энергетика қуатымен жабдықталуы төмен болатын. Ірі жылу орталықтары мен СЭС салудың нәтижесінде ауыл шаруашылығын электрлендіру ісі жақсы жүрді.

1988 жылдан бастап, Балтық бойындағы ұлттық демократиялық қозғалыстар тарапынан жаңа одақтық шарт жасау туралы мәселе қойылды.

1989 жылғы маусымда КСРО халық депутаттарының бірінші съезінде Кеңес қоғамының дағдарысқа ұшырау себептерін талқылады.

1990 жылдың күзінде КСРО құрамындағы республикалар өз егемендіктерін жариялай бастады.

1991 жылдың жазына қарай егеменді республикалар Одақтық шарт қабылдау мәселесіне келіп тірелді. 1991 жылы 20 шілдеде Қазақстан Компартиясы ОК кеңейтілген IV пленумы болып, жаңа одақтық шарттың жасалуын жақтаған баламасыз шешім қабылдады. Республикалар өкілдерінің шартқа қол қоюға жиналуына үш күн қалғанда мемлекеттік төңкеріс әрекеті жасалды. Тарихта “тамыз бүлігі” деп аталған бұл акцияны ұйымдастырушылар өздерін “Кеңес басшылығы” деп атап, КСРО-ны қайта қалпына келтіруді мақсат етіп қойғандарын мәлімдеді.

1990 жылдың басында сайланған Жоғары Кеңестің ХII шақырылымының құрамы заң шығарумен тұрақты айналыса бастады. 1992 жылдың шілдесінде “Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары туралы” және “Қазақстан Республикасының ішкі істері әскерлері туралы”, желтоқсанда “Қазақстан Республикасының қорғанысы мен Қарулы Күштері туралы” заңдар қабылданды.

1992 жылы 2 шілдеде “Қазақстан Республикасының Конституциялық сотын сайлау туралы” ҚР Жоғарғы Кеңесінің қаулысы шықты. Сонымен Қазақстанда үш тармақты билік пен басқару жүйесінің негізі қаланды.

1992 жылғы 4 маусымда Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туы мен Елтаңбасы қабылданды. Желтоқсан айында Әнұран бекітілді.

1992 жылдың тамызында “Жеке кәсіпкерлікті қорғау және қолдау туралы” заң шықты. Өзі өмір сүрген 4 жылға жуық уақыт ішінде Жоғарғы Кеңес 250-ден астам заңдар мен құжаттар шығарды.

1993 жылғы 28 қаңтарда Қазақстан Республикасының тұңғыш Конституциясы қабылданды.

  1. ХХ ғасырдың басындағы патша үкіметінің қоныс аудару саясаты. Столыпиннің аграрлық реформасы.

Қоныс аудару саясаты: XIX ғасырдың 60-90-жылдарында жүргізілген әкімшілік реформалар қазақтардың жерін түгелдей мемлекеттің меншігі деп жариялады. Орыс шаруаларын шикі Ресейден қоныс аудару көп жағдайда қазақтарды ежелгі атамекенінен, қонысынан жаппай қуу және ең құнарлы жерлерін күштеп тартып алу арқылы жузеге асырылды.

Жетісу облысының әскери губернаторы Колпаковскийдің бастамасымен 1868 жылы 1883 жылға дейін қолданыста болған жерде, қоныс аударушыларға бірқатар жеңілдіктер берілді: жан басына шаққанда 30 десятина мөлшерінде жер бөлу (ер адамдарға), салықтан босату және әр түрлі міндеттерді 15 жыл мерзімге атқару, 100 рубльге дейін несие беру.

Патшалықтың қоныс аудару саясатының нәтижесінде негізгі құнарлы жерлер орыс шаруаларына берілді, ал қазақтар сусыз, жарамдылығы аз жерлерге айдалды.

Қазақстанның демографиялық бет-бейнесі өзгерді. 1897 жылғы жалпы халық санағының деректеріне сәйкес Қазақстанда қазақтардың үлес салмағы 87, 1% - ға дейін қысқарды . 4 471, 8 мың тұрғынның ішінде қазақтар - 3 399, 5, орыстар мен украиндар - 532, 7, татарлар - 55, 4, өзбектер - 73, 5 мың, ұйғырлар-56 мың қоныс аударушылар негізінен стратегиялық пункттерде қоныстандырылып, атыс қаруларымен қаруланған.

1903 жылы «Сырдария, Фергана және Самарқанд облыстарындағы қазыналық жерлерге шаруалардың өз еркімен қоныс аударуы туралы Ереже» бекітілді. Ол ереже бойынша жергілікті халықтың «басы артық» жерлерін, ондағы суару жүйесі мен су көздерін қоса жаппай тартып алу көзделді. Тап сол жылы «Сібірге (Алтай округынан өзге) және Дала генерал-губернаторлығына қоныс аударушыларға үкімет атынан берілетін жәрдем түрлері туралы Ереже» бекітілді.

1904 жылы патша үкіметі «Егін егумен айналысатын село тұрғындары мен мещандардың қоныс аударуы туралы уақытша Ереже» шығарды. Бұл ереже бойынша жергілікті отаршыл өкімет билігіне шаруалардың Ресей империясының азиялық бөлігіне қоныс аударуына ешқандай кедергі келтірмей, рұқсат етуіне құқық берілді.

1904-1905 жылдары патша үкіметі Қазақстан аумағын қоныс аударушылардың бес аймағына бөлді. Олар Торғай-Жайық, Ақмола, Семей, Сырдария және Жетісу аймақтары еді. Оларды құрғандағы күктелген негізгі міндет қоныс аударушыларға арналған қор құру үшін «басы артық» жерлерді іздеп табу болды. Патша үкіметі қоныс аудару басқармаларына қазақтардың жерлерін тартып алуына және оларды ғасырлар бойы ежелгі отырған атамекенінен күштеп қуып шығуына толық ерік берді.

1870-1914 жылдар аралығында Ақмола, Семей, Жетісу, Сырдария, Торғай және Орал облыстарының аумағына 1, 4 миллионға жуық шаруа қоныстандырылды. Олардың тең жартысына жуығы (721 мың адам) Ақмола облысына жайғастырылды. Өйткені бұл облыстың жері өте құнарлы болатын. Қоныс аударып келген шаруалар өз алдарына жеке болыстарға біріктірілді. Алғашқы кезде олар уезд бастығына бағындырылды. 1902 жылдан бастап шаруалар бастығы деген лауазымды қызмет пайда болды.

Себептері:

1. 1861 жылы Ресейде шаруаларды басыбайлы езгіде ұстау жойылды. Шаруалар басыбайлы тәуелділіктен құтылды. Бірақ олар жаппай жерсіз қалды немесе ұлтарақтай шағын жерге ғана ие болып қалды.

2. Ресей империясы қоныс аударушы шаруалар есебінен қазақ өлкесінің аумағында өзінің сенімді тірегін қалыптастыруды мақсат етті.

3. патша үкіметі орыс шаруаларын жаппай қоныс аудару арқылы қазақтарды егіншілікпен айналысатын отырықшы өмір салтына көшіруді ойлады. Өйткені ондай жағдайда қыруар көп жер босап қалып, жергілікті халықты қатаң бақылауда ұстаудың тамаша мүмкіндігі туар еді.

Столыпиннің аграрлық реформасы - патшалық Ресейдегі шаруалар үлесіндегі жер иелігіне жасалған реформа. 1906 жылы 9 қарашада патша жарлығымен басталып, Уақытша үкіметтің 1917 жылғы 28 маусымдағы қаулысымен жойылды. Осы реформаны жүргізуге ұсыныс жасаған Министірлі Кеңесінің төрағасы П. А. Столыпиннің есімімен аталды.

Стольпиннің аграрлық реформасында Ресейдің ішкі аудандарындағы жер тапшылығын шешумен қатар, орыс шаруаларын көшіру арқылы шалғайдағы отар аймақтарды игеру көзделді.

1906 - 15 жылдары аралығында Қазақстанда қоныс аударушылардың пайдасына қазақтардың иеліктеріндегі 21 млн. десятинадан астам шұрайлы жер бөлініп, қазақтар шөлейт, тастақты жерге қоныстана бастады. Стольпиннің аграрлық реформасы негізінде Қазақстанға 700 мыңнан астам орыс және украин шаруалар қоныс тепті.

  1. ХХ ғасырдың басындағы Қазақстанда білім беру және ағартушылық идеялардың дамуы.

XX ғасырдың бас кезінде дәстүрлі мектептер мен медреселер коғамның өскелең талаптарын қанағаттандырудан қалды. Мұсылман мектептерін реформалау қозғалысы басталды. Оны ұйымдастырушылар жадидшілдер болды. XX ғасырдың бас кезінен бастап жаңа әдістемелік мектептер пайда бола баста- ды. Оқытудың бұл әдісінің негізін қалаушы белгілі түркі тілдес халық ағартушыларының бірі, қоғам қайраткері И. Гаспринский болды.

Жадидшілдер мектептерде арифметика, география, жаратылыстану, тарих сияқты басқа да зайырлы пәндерді оқыту қажеттігін дәлелдеді. Жаңа әдістемелік мектептерде білімді де білікті мұғалімдер сабақ берді, оларда қажетті оқу құралдары мен жабдықтары жеткілікті болды. Оның үстіне, оқыту әдістемесі де әлдеқайда тиімді еді Қазақстандағы ең алғашқы жаңа әдістемелік мектеп 1900 жылы Түркістан қаласында ашылды. Ондай мектептер Ақтөбе, Жаркент, Верный, Қазалы, Қостанай, Перовск, Семей сияқты басқа да қалаларда пайда бола бастады. Қазақ зиялыларының едәуір бөлігі жаңа әдістемелік мектептерде білім алып шыққандар болатын. Мәселен, Уфадағы «Ғалия» медресесінде Б. Майлин, Орынбордағы «Усмания» медресесінде Қ. Болғанбаев және басқалары оқыды. Абай Құнанбаев та Семейдегі Ахмет Риза медресесінде жаңа әдістемелік оқыту мето- дикасын жақтаушы ұстаздардан дәріс алған болатын.

Алайда жаңа әдістемелік мектептер елге кең көлемде тарай алмады. Патша үкіметі жаңа әдістемелік мектептердің ашылуына барынша қатты қарсылық көрсетті. Себебі ондай мектептерді панисламизм мен пантүркизмнің ошақтары деп санады. Соның салдарынан 1917 жылы Қазақстан аумағында 100-ге тарта ғана жаңа әдістемелік мектеп бар еді

  1. ХХ ғасырдың басындағы қазақ интеллигенциясының қалыптасуы: әлеуметтік құрамы, білімі, қызметі.

20 ғасырдың басында қазақ интелегенциясының қалыптасуына көптеген ғалымдардың еңбегі сіңді.

Ахмет Байтұрсынов; 5 қыркүйек 1872 жыл, қазіргі Қостанай облысы, Жангелді ауданы Сарытүбек ауылы, Тосын болысы Торғай уезі (мешін жылы) - 8 желтоқсан 1937, Алматы қаласы - қазақтың ақыны, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері. Қазақ халқының 20 ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі, мемлекет қайраткері, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, ұлттық жазудың реформаторы, ағартушы, Алаш-Орда өкіметінің мүшесі. Әкесі Байтұрсын мен оның інісі Ақтас қорлық-зорлыққа шыдамай, 1885 жылы 12 қазанда ояз начальнигі Яковлевтің басын жарып жібереді. Мұның арты - дүние-мүлікті тартып алу, түрме, абақты, Сібірге 15 жылға жер аударылу. Табиғатынан аса дарынды туған талапты бала Ахмет 1882-1884 жылдары әуелі көзіқарақты адамдардан өз үйінде хат танып, артынан жақын жердегі ауыл мектебінен сауат ашады да, 1886-1891 жылдары Торғай қаласындағы екі сыныптық орысша-қазақша училищеде, 1891-1895 жылдары Орынбордағы мұғалімдік мектепте оқып, білім алады. 1895 жылдың 1 маусымынан бастап мұғалім болады: Ақтөбе, Қостанай, Қарқаралы атырабында бала оқытады, өмір, тіршілік күресіне араласады, әділет үшін күреседі, жуандарға, байларға қарсылық білдіреді, патшаның отаршылдық саясатын айыптайды. Кейін екі сыныптық мектептерде ұстаз бола жүріп, 1901 жылдан бастап қолы бос кездерде өзі ізденіп, сан алуан кітаптар оқиды, әдебиетпен айналысады, оқу құралдарын жинайды. Полиция тыңшыларының жаласымен күйе жағылып, губернатор Тройницкий жарлығы бойынша 1909 жылы 1 шілде күні Семей абақтысына алынып, сотсыз, үкімсіз, нақақтан нақақ 8 ай бойы азап-қорлық көріп, торығады, қиналып ширайды, күреске белді бекем буады. Бостандық аңсаған, күреске шақырған өлеңдер жазады. Ақыры Қазақстанда тұру құқынан айырылғандықтан, 1910 жылы 21 ақпанда түрмеден шығып, наурыз айында Орынбор қаласына келеді. 1913-1918 жылдар арасында “Қазақ” газетінде редактор болып, орасан зор әлеуметтік-тарихи қызмет атқарады, халық өмірінің сан-алуан көкейкесті мәселелерін көтереді, елді прогреске, өнер-білімге үндейді. 1912 жылы "Қазақ әліпбиі" Орынборда. Оқулығы "Тіл ұстарту"

Әлихан Бөкейханов; 5 наурыз 1866, Қарқаралы уезі, Семей облысы, Дала Өлкесі - 27 қыркүйек 1937, Мәскеу) - XIX ғ. соңы мен XX ғ. басындағы қазақ зиялыларының, қоғам және мемлекет қайраткерлері қатарындағы аса ерекше тұлға. Көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ұлт-азаттық және Алаш жетекшісі, Алашорда автономиялы үкіметінің төрағасы, публицист, ғалым, аудармашы. Ата тегі Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошыдан тарайтын төре тұқымы . Арғы атасы атақты Сұлтан Барақ. Қазақтың соңғы хандарының бірі Бөкей осы Сұлтан Барақтың баласы. Бөкейден Батыр, одан Мырзатай, одан Әлиханның әкесі Нұрмұхамед . Әлиханды әкесі тоғыз жасында Қарқаралыға апарып, жергілікті молданың қолына оқуға береді. Бірақ зерделі бала молдадан оқығандардан гөрі осындағы мектепте оқып жүргендердің сауаттылығын аңғарып, қаладағы үш кластық бастауыш мектепке өз еркімен ауысып алады. Оны бітіргеннен кейін 1879-1886 жылдары Қарқаралы қаласындағы қазақ балаларына арналған мектепте оқиды. 1886-1890 жылдар аралығында Омбыдағы техникалық училищеде оқып, оны "техник" мамандығы бойынша бітіріп шықты. 1890-1894 жылдар аралығында Санкт-Петербургтегі Орман технологиялық институтының экономика факультетінде оқыды. Мұнда ол студенттік қызу пікірталастарға қатысып, XX ғасырдың босағасын аттағалы тұрған Ресейдің қандай жолмен дамуы тиімді болатындығы туралы қайшылықты пікірлер қақтығысына куә болды, өз ойын да шыңдай түсті. 1890-1894 жылдар аралығында Санкт-Петербургтегі Орман технологиялық институтының экономика факультетінде оқыды.

Жүсіпбек Аймауытов; 1889-1931. Павлодар облысы Баянауыл ауданы, Қызылтау атырабында туған. Жазушы, драматург, ақын, аудармашы, зерттеуші. Ең алғаш өлеңін 13 жасында жазады. 1914 жылы Павлодар қаласындағы орысша-қазақша екі класты мектепті бітіріп, Семейдегі оқытушылар семинариясына түседі, оны 1918 жылы аяқтайды. 1913 жылы "Қазақ" газетінде алғашқы мақаласы басылады. Жүсіпбек Аймауытов әдебиеттің әр түрлі жанрында өнімді еңбек етіп, құнарлы шығармалар қалдырған. Бес томдық шығармалар жинағында оның өлеңдері мен "Нұр күйі" поэмасы, "Рабиға", "Мансапқорлар", "Сылаң қыз", "Ел қорғаны", "Қанапия Шәрбану", "Шернияз" атты пьесалары, көптеген әңгімесі мен "Қартқожа", "Ақбілек" романдары, "Күнікейдің жазығы" повесі, балаларға арналған ертектері, сын мақалалары мен аудармалары енген

Міржақыв Дулатов; Лақап аты; Мир Якуб. 1885 жылы 25 қараша Торғай уезінің, Сарықопа облысының бірінші ауылы(қaзipri Қостанай облысының Жанкелді ауданына қарасты "Қызбел" ауылы) . Алғашқыда бала Міржақып ауыл молдасынан оқып, хат таниды. Молдадан екі жыл оқығаннан кейін, 1897-1902 жылдары, ауыл мектебінде орысша оқытатын Мұқан мұғалімнен дәріс алады. Бұл мектеп Міржақыптың білімін толықтырумен қатар, азамат ретінде қалыптасуына да аса зор ықпал жасайды, Мұқан мұғалім ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсарин іргетасын қалаған оқу орнының, дәлірек айтқанда, Торғай қаласындағы уездік орыс-қазақ мектебінде 5 жыл оқып үздік бітіріп шығады. Міржақып анасынан екі жасында, әкесінен он екі жасында айырылып, ағасы Асқардың қолында тәрбиеленеді. 1902 жылдан бастап ауылда мұғалімдік қызметте. Міржақып өз бетінше ізденіп, орыс тілін жетік меңгереді.

Міржақып Дулатұлы - 1905 жылы патша өкіметіне қазақ халкының атынан петиция жазғандардың бірі. 1907 жылы Петербургте шыққан "Серке" газетінде "Жастарға" деген өлеңін жариялайды. Ал бүркеншік атпен "Біздің мақсатымыз" деген мақаласынан кейін "Серке" газеті біржола жабылады. 1909 жылы Қазан қаласында Міржақыптың тұңғыш өлеңдер жинағы "Оян, қазақ!" деген атпен басылып шықты. 1912 жылы баспасөз қызметін жалғастырады. А. Байтұрсынұлымен бірге- "Қазақ" газетінің негізін қалайды. 1913 жылы Орынборда "Азамат", ал 1915 жылы "Терме" атты өлеңдер жинағы басылды. Ақын өлеңдерінің басты такырыбы-ел тағдыры. 1922-1926 жылдары Орынбордағы Қазақтың халыққа білім беру институтында (КИНО) оқытушы болып істейді. Екі бөлімнен тұратын "Есеп құралын" әзірлеп, Ташкент қаласында бастырып шығарады. "Балқия" атты төрт перделі пьеса жазады. 1928 жылы 28 желтоқсанда Міржақыпты қамауға алды. 1935 жылы қазанның бесі Міржақып Дулатұлы лагерьдің орталық лазаретінде дүние салды.

Шәкәрім Құдайбердіұлы: Шәкәрім Құдайбердіұлы 1858 жылдың 11 шілдесінде (ескіше күнтізбе бойынша) Шыңғыстауда, Байқошқар өзенінің бойындағы Кеңбұлақ деген жерде дүниеге келген. 1931. жылы қайтыс болған. Қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданында қарасты жер. Әкесі Құдайберді - Абайдың ағасы. Шәкәрім бес жасында ауыл молдасына оқуға берді. Ақын араб, парсы, орыс тілдерін жетік меңгереді. «Өмір», «Сәнқойлар», «Ызақорлар», «Құмарлық», «Қалжыңбас», «Тойымсыз нәпсі» сияқты дидакалық өлең-жырларында боямалы ажарлы, жасанды мінез бен жағымсыз қылықты сынға алады. Ұстазы Абайдың тапсырмасы бойынша, шежіремен айналысады, жиырма бесінде «Қазақтың түп атасы» деген еңбек туғызады, өлеңін де жаза береді, «ғылымнан едім жалаңаш». Адамдық борышың, Еріншек

Сәдуақасұлы Смағұл; (1900, Ақмола облысы, Омбы уезі. Қорған болысы, 3 ауыл, қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы, Ақжар ауданы, Ұялы-Жарқын ауылы - 1933, Мәскеу) - көрнекті мемлекет және қоғам кайраткері. Ауыл мектебін, 2 сыныпты орыс-қазақ училищесін, 1931 жылы Мәскеу көлік инженерлері институтын бітірген. 1915-16 жылдары өз ауылы Жарқынға мұғалім болды. 1916-1918 жылдары Омбы ауылшаруашылық училищесінде, политехника институтының кооперация курсында, ауылшаруашылық институтының кооперация факультетінде оқиды. Сонымен бірге, қысқаша курстарда дәріс беріп, Ақмола облыстық Жер-су басқармасында қазақ бөлімі оқу ісінің меңгерушісі болды. Көркем әңгімелері де жарық көрді. Оның «Жастармен әңгіме» (Орынбор, 1925 жылы), «Ұлт театры туралы» (Қызылорда, 1926 жылы), «Қазақстандағы халық ағарту мәселелері» (Қызылорда, 1927 жылы) деген үлкенді-кішілі кітаптары жарық көрді. Сондай-ақ Қазақстандағы ұл-азаттық көтеріліс пен Қазан төңкерісінен кейінгі ел өмірін арқау еткен «Сәрсенбек» атты романы да бар. «Салмақбай, Сағындық» (1923 ж. ), «Күміс қоңырау» (1927 жылы) повестері қазақ әдебиетіндегі проза жанрын дамытуға қосылған үлес болып табылады

Халел Досмұхамедұлы: 1883 жылы 24 сәуірде бұрынғы Орал облысы, Гурьев уезі, Тайсойған болысының (қазіргі Атырау облысы Қызылқоға ауданы ) №4 ауылында дүниеге келген. Кішкентайынан ауыл молдасынан сауат ашқаннан кейін ағасы Дəулетмұхамед Машақұлы Халелді жергілікті орыс-қазақ мектебіне оқуға береді. 11 жасында Халел Орал (Теке) қаласындағы əскери училищенің дайындық курсына қабылданып, оны 1902 жылы үздік бітіріп шығады. Ал 1903 жылы өнер-білімге құмар жас жігіт Санкт-Петербургтегі императорлық әскери-медициналық академияға латын тілінен қосымша емтихан тапсырып түседі. 1913-18 жылдары «Қазақ» газетінде «Тамыр дәрі хақында», «Сары кезік - сүзек», «Жұқпалы ауру хақында» сынды кәсіби, әлеуметтік-саяси тақырыптарда мақалалар жариялап, өзіндік ой-пікірін білдіріп тұрды.

Мұхамеджан Тынышбаев Найман тайпасынынң Садыр руынан шыққан Алаштың ірі қоғам және мемлекет қайраткері, тарихшы, ағартушы, тұңғыш темір жол инженері . 1879 жылы 12 мамырда Жетісу облысы Лепсі уезі Мақаншы-Садыр болысында (қазір Алматы облысы Қабанбай ауданы) туған. 1937жылы дүние салды. Ауыл молдасынан хат таныған соң, 1890 жылы Верный ерлер гимназиясының даярлық сыныбына қабылданады

  1. Бірінші дүниежүзілік соғыскезіндегі Қазақстан. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс.

Бірінші дүниежүзілік соғыс 1914 жылғы 19 шілдеде (кейбір деректерде 1 тамызда) басталды. Оған 38 мемлекет қатысты. Соғысқа қатысушы басты екі одақ: Антанта және Үштік Одақ.

Бұл соғыста Қазақстан шикізат көзі болды. Соғысқа қажетті материалдар, азық-түліктер, киім-кешектер, қаржылай көмектің барлығы бізден алынды. Соның салдарынан, елде жаңа салықтар пайда болды.

Соғыс жылдарында егістік жер қысқарды, ірі қара мал басы азайды.

Жұмысшылардың жағдайы өте ауыр болды. Бір күндік орташа жалақы - 20 тиын. Жұмыс күнінің ұзақтығы - 12-14 сағатқа ұзарды. Бағалар артты: ұн-70%, қант-50%, сабын-200%-ға өсті. Кен өндіру, мұнай, көмір өндіру құлдырады. Өндірістегі мамандығы бар жұмысшылар азайды. Өнеркәсіп айтарлықтай төмендегендіктен, Қазақстан экономикасы құлдырады, өндіргіш күштердің дамуы тоқтады.

Бұған қоса Қазақстан жеріне Үштік Одақтың әскери тұтқындары орналастырылды. Олар, негізінен, Павлодар, Семей, Ақмола қаларында болды. Ерлерді майданға шақырды, адамдардың жетіспеушілігінен жұмысшыларды, тұтқындағыларды да майданға алды. 1915 жылы Риддерде әскери тұтқындардың ереуілі болды. Троицк лагері «Өлілер лагері» деген атқа ие болды. Осы жағдайлардың барлығы 1916 жылғы көтеріліске алып келді.

Көтерілістің негізгі себептері:

1. Қоныстандыру саясаты;

2. Салықтар кобеюі;

3. Еңбекшілерді феодал-байлар тобының қанауының күшеюі;

4. Ұлттық араздықтың өсуі;

5. Соғысқа байланысты халықтың жағдайының нашарлауы;

6. Орыстандыру саясаты.

Қозғаушы күші: қарапайым жұмысшылар.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ тарихында болған зұламат жылдардың ащы шындықтары
Қазақстанды индустрияландырудың ерекшеліктері
Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы пәні және оның міндеттері
Жайылымдық-шабындық жерлердің қайта бөлу
Қазақ зиялыларының көмегі
Қазақстан азаматтық қарама-қарсылық жылдырында
Көшпелі қазақ шаруаларының жаппай отырықшылыққа көшуі
Жерге орналастыру мен отырықшыландыру жұмыстары
Қазақстандағы ұжымдастыру туралы ақпарат
Қазақстан Ұжымдастыру жылдарында. Ұжымдастырудың практикалық салдарлары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz