Ірі қара малдарына арналған қоралардың микроклиматы
АЛМАТЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Курстық жұмыс
Пәні: Зоогигиена.
Тақырыбы: 6,12,18 айлық төлдерге арналған шаруашылық.
ТППЖ20-25 топ студенті
Орындаған:Жуманова Ә.Б.
Жетекшісі: Джетписбаева Б.Ш.
Алматы 2022ж
МАЗМҰНЫ
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1.Әдебиетке шолу
1.1 Төлдердің сыртқы ортаға биімделуі ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ...4-6
1.2.Организм мен сыртқы орта арасындағы жылу алмасу ... ... ... ... ... ... 6-8
1.3.Ірі қара малдарына арналған қоралардың микроклиматы ... ... ... ... ... ... 8-10
1.4.Жас бұзауларды профилактикалық (сақтандыру) мезгіліндегі ұстау және азықтандыру гигиенасы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..11-14
1.5.Бұзауларды емізу гигиенасы, микроклимат көрсетекіштері ... ... ... ... .14-1 6
1.6.Өнімідік және бордақылауға арналған (еттік) жас малдарды ұстау кезіндегі қойылатын гигиеналық талаптар мен микроклимат көрсеткіштері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16-18
2.ЖЕЛДЕТКІШ АУАНЫҢ САҒАТТЫҚ КӨЛЕМІН ЕСЕПТЕП ШЫҒАРУ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..19-21
2.2.Өзіндік зерттеулер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..22-26
ҚОРТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .27
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ..28
КІРІСПЕ
Мал шаруашылығы құрылыстарын белгіленген зоогигиеналық норма мен ветеринариялық-санитариялық талаптарға сай жобалауға, салуға және пайдалануға бақылау жасап отыру қажет.Көп жағдайда, әсіресе Қазақстанның солтүстік және батыс аймақтарында күннің суық кезеңінде мал басын сақтап көбейтуге, оларды бағып-күтуге, қораларының жылылығына, оның микрокли-матының қолайлылығына көп байланысты. Ал, қолайлы микрокли-мат қора құрылысын салғанда технологиялық жобалаудың нормаларын (НТП) сақтау ветеринариялық-санитариялық тұрғыдан жер таңдап, қора-жайларды дұрыс орналастыру, құрылыс материалдарын таңдау, қора бөліктерінің талапқа сай болуы, желдету және қи шығару жүйелерінің жұмыс істеу реті және т.б. тығыз байланысты екендігі туралы осы тарауда егжей-тегжей айтылған.
Ауылшаруа-шылық кәсіпорынның негізін белгілі бір өнім өндірудің технологиясы құрайды. Оның маңызды элементтері: малды ұстау жағдайы, толық сапалы азықтандыру және суару режимі, малдың тұқымын жақсарту үшін белгілі бағыттағы селекциялық жұмыстар жүргізу, микроклиматпен (желдету-жылу жүйелері, қи шығару және т.б.) қамтамасыз ету, зоотехникалық талаптарды орындау, ветеринариялық жұмыс жүргізу жүйесі және т.б.
Технология табиғи-климаттық және экономикалық жағдайларға сай, сондай-ақ шаруашылықтың бағытына қарай жасалады. Әрине, оның бәрі басты мақсат - белгілі бір өнім алуға бағыттала-ды: мал бордақылау шаруашылықтарында арзан ет, сауын фермаларында - сүт, құс шаруашылығында - арзан жұмыртқа алу. Алайда, осы шаруашылықтың тиімділігін арттыру үшін малға жоғары өнім беретіндей ыңғайлы әрі тиімді технология қажет.
Қазіргі уақытта әр жеке шаруашылықтар малға арналған құрылыс-тарын өз қаржыларымен жүргізеді. Мал қораны салу ең алдымен тапсырыс (заказ) берушінің ұсынысымен жоба жасауға арналған тапсырмасын жасаудан басталады. Жобалауға тапсырма жасау - ол жұмыстың алғашқы кезеңі. Онда негізгі технологиялық міндеттер мен санитариялық-гигиеналық талаптар атап көрсетіледі. Олардың бәрі болашақ кәсіпорынның техникалық дәрежесін айқындайтын жобалық-сметалық құжаттар жасау үшін негіз болып табылады. Жобаға ұсыныстар мен тапсырмаларды жасауға жеке шаруашылық-тың немесе өндіріс кооперативтерінің басшылары және мамандары қатысады. Жобалық тапсырманы малдың жасы, жынысы, тобына қарай ұстаудың зоогигиеналық талаптарын қатаң сақтау, олардың ауруға шалдығуын азайтады.
1.ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ
1.1. Төлдердің сыртқы ортаға биімделуі
Гигиена сыртқы ортаны тек жануарлар организміне оның әсер ету ерекшеліктерін зерттейді. Бұл ретте гигиенаның басты мақсаты жануарлар денсаулығын қорғауға сыртқы орта факторларының маңызын дәлелдеп, организм мен олардың арасындағы қарым-қатынас пен өзара әсерін терең зерттеу. Себебі, жануарлардың тіршілік ету қабілеті үнемі сыртқы ортаның әсерімен қалыптасады. Сыртқы орта деп жануарларды қоршаған әрі оларға тікелей немесе жанама әсер етуші табиғаттың бөлігін айтамыз. Оның ең негізгі құрайтын бөліктері ауа, топырақ, су, азық, технологиялық құралдар мен қора-жай, сонымен қатар тірі организм, яғни ол қандай түрге жататынына тікелей байланысты. Тірі организм қоршаған ортамен тығыз қарым-қатынаста болса өмір сүре алады әрі өз даму, өсуіне қажетті заттарды (азық, ақпарат және т.б.) ала отырып өзін-өзі сақтайды.
Организмнің дамуы қоршаған ортаның үнемі өзгеріп тұруымен тығыз байланысты.
Егер осы қоршаған орта қалыпты жағдайдан ерекше өзгерсе, яғни организм өзіне қажет элементтерді (эволюция процесіне қажетті) ала алмаса, онда орта мен организм арасында қарама- қайшылық туады.Организмге әсер ететін ортаның элементтері сыртқы орта факторлары деп аталады. Сыртқы орта факторлары тіршілік жағдайында организмнің өміршеңдігіне әсер ететін бірден-бір қозғалтқыш күш болып саналады. Сыртқы орта факторлары табиғатына және әсер ету түріне байланысты абиотикалық (өлі табиғат) және биотикалық (тірі табиғат) болып бөлінеді. Абиотикалық факторларға жануарлар организміне әсер ететін неорганикалық (өлі табиғат) орта кешені жатады (ауа температурасы, ылғалдылығы, қысымы, ауаның, судың химиялық құрамы, ксенобиоттар және т.б.). Биотикалық факторларларға тіршілік ететін ортадағы орган-измдердің бір-біріне әсері жатады (жануарлар, микрооргани-змдер және т.б). Ал өзінің құрамы жағынан сыртқы орта факторлары химиялық (заттық), физикалық (энергетикалық) және биологиялық (биотикалық) болып бөлінеді. Физикалық факторларға - температура, ауа қозғалысы, атмосфералық қысым, ауаның су буымен толығуы, күн сәулесінің интенсивтілігі, ауаның иондалуы және т.б. жатады. Химиялық факторлар: химиялық элементтер мен ауа, су, топырақ, азықтағы қосылыстар. Биологиялық факторларға -табиғи жағдайда ауада, суда, топырақта, азықта кездесетін бактериялардың құрамы негізінде сапрофитті микрофлоралардан тұратын әрі қоршаған ортаның патогенді микробтарымен, гельминт жұмыртқасымен ластануы жатады.Қоршаған орта факторларының организмнің тіршілік қабілеті-не үш түрлі әсері бар: минимум, максимум және оптимум. Жан-уарлар денсаулығы үшін ең қолайлысы факторлардың оптималдық шамасы. Тек дені сау жануар ғана генетикалық потенциалына сай жоғары өнім бере алады. Ал жануарлар денсаулығын сақтау, қорғау олардың иелері мен шаруашылық мамандарының міндеті. Денсаулық - организмге тән табиғи жағдай, ол қоршаған орта мен организм арасындағы тепе-теңдікті сипаттайды. Мал денсаулы-ғына баға беру үшін әртүрлі зерттеу әдістеріне сүйенеді (клиника-лық, биохимиялық гематологиялық және т.б.). Мал өнімділігінің төмендеуі (сүттілігі, жүнділігі, еттілігі және т.б.) оның денсаулығының төмендеуін дәлелдейді. Тірі организмнің ең маңызды ерекшелігі, оның қоршаған орта жағдайларының кең ауқымды диапазонындағы өзгеруінде ағзаның физиологиялық, өзіне тән, тұрақтылықты бірқалыпты жағдайда сақтауы болып табылады.Бұған жету, әрине организм гомеостазының (грек.һоmоіоз - ұқсас, тән, statis-қалыпты) автоматты түрде өзін-өзі басқаруына байланысты, осы кезде организмдегі туындайтын әртүрлі физиоло-гиялық параметрлерінің ауытқулары белгілі шамада гомеостазбен шектеліп отырады. Гомеостаз - жануарлардың орта өзгерістеріне қарсы тұру және организмдегі тепе-тендікті сақтау қабілеті. Ол дені сау малға тән қалыпты жағдай. Оны бүкіл организм мен оның ішкі ортасының қоршаған ортаның ауытқуларына қарамай, салыстыр-малы бірқалыпты күйде сақталуымен қамтамасыз ететін организм мен ортаның өзара қарым-қатынасының ең жетілген үлгісі деп қарауға болады. Былайша айтқанда, малдың ішкі ортасының (қан, лимфа, ұлпа сұйығы және т.б.) құрамы мен қасиеттерінің негізгі физиологиялық қызметтерінің салыстырмалы динамикасының тұр-ақтылығы (қан айналым, тыныс алу, жылу өткізгіштік, зат алмасу және т.б.) қалыпты болады.Соның нәтижесінде организм әрқашан барлық физиологиялық функцияларын белгілі бір деңгейде сақтайды. Бұған дене қызуы, сутекті иондардың сұйықтық концентрациясы, артериялық қысым көлемі, тыныс алу жиілігі және басқа көрсеткіштер жатады. Гомо-йотермдік (дене температурасы тұрақты) жануарлар үшін ең бас-тысы температуралық гомеостазды сақтау - сыртқы темпера-тураның өзгеруіне қарамай ішкі температураның салыстырмалы тұрақтылығы. Бірақ организм өз гомеостаз жағдайын қоршаған ортаның қолайсыз факторларының тек белгілі бір деңгейіне дейін ғана ұстай алады. Факторлардың әсерлері шекті мөлшерден асқан жағдайда ғана гомеостаз бұзылады. Нәтижесінде ағзада функцио-нальдық және морфологиялық өзгерістер туындап, ол ауру дамуымен жалғасады. Гомеостазды сақтау денсаулықтың белгісі, оның бұзылуы ауру тудырады. Иммунитет те гомеостаздың меха-низмі, яғни организмге микроб немесе вирус енген жағдайда тіршілік әрекетін бұзбай, өлімге қарсы күресетін механизм.
1.2.Организм мен сыртқы орта арасындағы жылу алмасу
Жылы қанды жануарларға тән табиғи қасиет - ол қоршаған орта температурасының өзгеруіне қарамастан өз дене қызуы бір қалыпты шамада сақталуы. Температура тұрақтылығы организмдегі жылу реттеу механизмімен түсіндіріледі. Жылу реттеу дегеніміз - орта температурасының өзгеруіне қарамай, организмнің дене қызуын тұрақты деңгейде ұстау қабілеті. Тері қызуы сыртқы орта-ның метеорологиялық факторлары әсерімен және организм ағза-лары мен жүйелері қызметінің салдарынан едәуір ауытқып оты-рады. Жылу реттеу механизмі, бір жағынан организмде жылу құрауды арттырса немесе азайтса, екінші жағынан оның қоршаған ортаға шығуын ұлғайтады немесе кемітеді. Сол себепті жылу реттеудің екі түрін ажыратады: физикалық және химиялық. Организмде жылудың өндірілуін химиялық жылу реттеу деп, ал организмнен жылудың шығу жолдарын физикалық жылу реттеу деп атайды. Былайша айтқанда, организмде жылу пайда болу процестерімен қатар, сол жылу тұрақты түрде жұмсалып жатады. Сондықтан қалыпты жағдайда жылудың тепе-теңдігі сақталып, қанша шығындалса, сонша өндіріледі. Егер мал тіршілік ететін орта суық болса, онда жылу шығыны артады. Қоршаған орта ауасының температурасы жоғары болса организмнің жылуды физикалық жолмен шығаруы шектеледі Жылу реттеу ерекшеліктеріне байланысты жануарлар екі типке бөлінеді: физикалық типті және химиялық типті. Дене температурасының қалыпты сақталу зандылығы физикалық жылу реттеу типті жануарларда (жылқы, ірі қара) негізінде жылуды шығару (көбеюі немесе азаюы) механизмі арқылы, ал химиялық типте (қой, шошқа) - жылу өндірудің жоғарылауы арқылы іске асады.
Орта температурасы төмендегенде ірі қара мен жылқыда жылу реттеудің физикалық механизмі басым болады. Сондықтан температура едәуір төмендегенде (минус 30-40ºС дейін) жылу өндіру өспейді. Керісінше, қойларда ауа температурасы төмендегенде оған бейімделу химиялық жылу реттеумен іске асады - жылу өндіру артады.
Тіршілік үшін және организмде жылу құрау үшін қажетті энергияның көзі - жем-шөп. Ал өте қиын жағдайда мал денесінің қоры жұмсалады. Организмде өтетін барлық процестердің арқа- сында пайда болатын барлық энергия түрі жылу энергиясына айналады.
Үй жануарларының қалыпты физиологиялық жағдайы мен олардың өнімділігі организмнің жылу тепе-теңдігін сақтаған кезінде ғана мүмкін болады. Алайда, мұндай жағдай қолайлы микроклимат, яғни температура, ылғалдылық, ауа қозғалысының жылдамдығы және радиациялық температура жағдайында ғана сақталады. Микроклимат көбінесе, организмнен жылу шығарудың немесе сақтаудың физиологиялық механизмдері қызметінің тиімді-лігіне ықпал жасайды, яғни физикалық жылу реттеу мүмкіндігін күшейтеді немесе кемітеді.
Мал организмінде өндірілетін және бөлінетін жылу мөлшері олардың түріне, салмағына, сүттілігіне, физиологиялық жағдайына, жас ерекшелігіне және ауа температурасына көп байланысты. Сақа малда қоршаған ортаның температурасы жоғарыласа энергия алмасу күшейеді. Себебі, мұндай кезде тыныс алу мен қан айналысы жиілейді, мал терлей береді. Алайда, тіршілігінің алғаш-қы күндерінен-ақ химиялық жылу реттеу басым болатын бұзау, қозы, құлында температурасы жоғарылағанмен энергия алмасу үнемі арта бермейді, көбінесе оттегін тұтыну деңгейі азаяды. Өйткені жаңа туған төл жоғары температураға өте төзімді келеді.
Қоршаған орта температурасы төмендегенде сақа мал да, жас төл де оттегін көп пайдаланады. Жаңа туған төлге ортаның қолайсыз жағдайы (төменгі температура) өте қатты әсер етеді. Соған орай алғашқы 2-3 тәулік бейімделу кезеңінде организмде химиялық жылу реттеу, яғни энергия алмасу арқылы осы қолайсыз жағдайға төтеп беріп отырады.
Негізінде мал жоғары температураға (ыстыққа) қарағанда төменгі температураға (суыққа, аязға) жақсы бейімделген. Бұл химиялық жылу реттеу ерекшеліктеріне, тері құрылымы мен қан тамырының құрамына байланысты жағдай.
Организмнің жылу шығару (жойылту) жолдары. Жылу шығару радиация (сәулелену), өткізу (конвекция, кондукция) және булану (тері шығару) арқылы жүреді. Сақа мал қолайлы микро-климат жағдайында конвекция және радиация арқылы сыртқы ортаға 60-75 пайызға жылу шығарады, жылу өткізу арқылы - 15, теріден булану арқылы 15-20 пайызға дейін жылу шығарады. Мал жылудың қалған бөлігін адам тәрізді, жем мен жұтқан ауаны
жылытуға және өкпедегі ылғалдың булануына жоғалтады. Организмнің жылу шығаратын негізгі жолдары теріге байланысты. Оның үлесіне 80 пайыздай тиеді. Алайда, жоғарыда айтылған жолдар арасындағы қарым-қатынас микроклиматтық жағдайға байланысты болады.
Жылуды өткізу арқылы жоғалтудың екі жолы бар: олар мал денесінің қоршаған ауамен (конвекция) және заттармен (еден, қабырға және т.б.) жанасуы, яғни кондукция (conduction- өткізу) жолы. Осы екеуінің ішінде конвекция басты орын алады. Жылудың конвекциямен жоғалуы тері және ауа температурасы арасындағы айырмашылыққа тура пропорционалды. Ауа температурасы төмен-дегенде конвекциямен және радиациямен жылу өседі. Ауа темпера-турасының артуы - жылудың конвекциямен шығындалуы мен төмендеуіне, ал температура 32-35ºС кезде, яғни мал терісі қыз-уымен бірдей жағдайда оның мүлде тоқтауына әкеліп соқтырады. Ауа қозғалысы жылдамдығының артуы жылудың конвекциямен шығарылуын күшейтеді, ал жылудың сәулелену және конвекция жолдарымен берілуінде қан тамыр реакциясының қарқындылығын арттырады.
Ауадағы ылғал жиналса жүннің ылғалдануына, оның жылу өткізгіштігінің артуына әкеп соқтырады. Сонымен бірге ылғал ауаның жылу сіңіруі де едәуір өседі. Жылу сіңіруі жағынан бетон, керамикалық (шыны) тағы басқа жылу өткізгіш материалдардан төселген едендер де қалыспайды. Мал шаруашылық практикасында мұндай едендер суық едендер деп есептеледі. Сыртқы орта температурасы артып, оның мәні дене қызуына жақындағанда жылудың шығатын жалғыз ғана мүмкін жолы - булану (тер бөліну) арқылы болып табылады. Термобейтараптық зонаға жануарларда жылудың термен шығуы 23-30 пайыз арасында болады.Ал, ауа температурасы жоғарылаған сайын жылқы мен ірі қарада тердің шығуы арта түседі. Тер арқылы жылудың көп шығуы жылқыларға тән, одан кейінгі орындарда түйе, бұқа, қой, ешкі, шошқа. Ит пен құста булану жолы мүлдем болмайды. Сыртқы температура жоғарылағаңда терінің беткі жағында орналасқан қан тамырлары кеңейіп, сыртқы ортаға жылудың шығуы ұлғаяды. Ал температура төмендегенде - сыртқы тамырлар тарылып, терең орналасады.Жаңа туған мал төліңде жылу шығаруды реттеу механизмі жетілмеген десе де болады. Олардың дене қызуының тұрақтылығы зат алмасудың күшеюімен немесе әлсіреуімен, яғни химиялық жылуды реттеу арқылы іске асып отырады. Бұл оларды энергияға бай, құнарлы азықпен жемдеуді қажет етеді. Әсіресе, уыз берудің тиімділігін айтып жеткізу қиын. Өйткені, уыз құрамында энергия көп, белок және көмірсутегі өте мол. Жаңа туған төлдің физикалық жылу реттеуі бірте-бірте орта есеппен 10 күндігінен бастап қалыптасады.
1.3.Ірі қара малдарына арналған қоралардың микроклиматы
Мал қораларының микроклиматы ондағы қоршаған ортаның ауасының физикалық, химиялық және биологиялық көрсеткіштері мен (температура, ылғалдық, ауа қозғалысы, жарық сәулесі, газдық құрамы, микроорганизмдер мен шаң-тозаңдар мөлшері т.б.) сипатталады.
Ірі қара малдарына арналған қалыпты микроклимат олардың жасы, өнімі және ұстау тәсілдеріне тікелей байланысты болады. Сондықтан әрбір малдардың түрі, жынысы, жасы және физиологиялық ерекшеліктеріне (буаз, қысыр, тұқымды т.б.) сай келтіріп микроклимат мөлшері белгіленеді (кесте 5). Ондай мал организміне сай микроклиматты қорада әртүрлі жолдармен қалыпқа келтіреді (желдету, жарықттандыру, жылыту, тазалау т.б.)
Микроклимат көрсеткіштерінің ішіндегі ең басты анықтағыш фактор болып ауаның төменгі және жоғарғы температурасы саналады. Ауа температурасы (1-6 градусқа дейін) төмендесе жас малдардың, әсіресе бұзаулардың өсуі 15-20 пайызға, сиырдың сүт өнімі - 15-30 % кеміп, ал азықтың шығыны - 15-50 пайыға артады.
Мал қораларының микроклиматының қалыпты шамада болуы пайдаланған құрылыс материалдарының қасиеттеріне байланысты. Қора бөлшектері шыдамды, берік болуымен қатар, жылу ұстағыш, бойына су сіңірмейтін, ауа өткізгіш, жеңіл, жоғарғы температураға төзімді материалдардан жасалуы қажет. Себебі, әсіресе қыс айларының суық мезгілдерінде қораның ішкі жылуының 30-45 пайызына таяуы оның бөлшек беттері арқылы тарап кетеді де, ішкі ауа температурасының төмендеуіне апарып соғады. Неғұрлым қора бөлшектерінің беті суық болса, солғұрлым мал денесінен булану және өткізгіштік жолдарымен жылу тарауы жоғарғы болады. Көбінесе қыс мезгілдерінде булану арқылы жылудың денеден тарауы қораның ұзын қабырғаларына, есік-қақпа, терезелерге таяу орналастырылған малдарда болады. Мысалы, қораның ортасындағы клеткаларға орналастырылған бұзаулардың денелерінен жылудың тарауы, қораның басы, ұзын қабырға, қақпа-терезелерге таяу қойылған клеткалардағы төлдермен салыстырғанда 10-25 пайызға кем болатындығы дәлелденген.
Гипотермия малдардың, әсіресе жас төлдердің төзімділігін (резистенттілігі) төмендетеді. Ол кезде организм де қарсыдене (антител) түзілуі төмендеп, лейкоциттер мөлшері азайып және олардың фагоцитарлық қарқыны (активность) кеміп, жұқпалы және жұқпайтын әртүрлі аурулардың шығуына апарып соғады. Ортаның жоғарғы температурасы да организмнің резистентілігін төмендетіп, әлсіретіп, өнімі азайып гипертермия ауруының (дене температурасының жоғарлауы) тууына әсер етеді. Мысалы, ауа температурасы 27-32 градусқа көтерілсе, сиырдың сүті 10-30 %, ал 38 градуста - 50-60 пайызға төмендеген. Бұл кезде малдың тәбеті төмендеп, су ішуі артып, дем алуы мен қан тамырының соғуы жиілейді.
Қора ауасының жоғарғы ылғалдылығы да, температураның көрсету шамасына байланысты организмдегі жылу алмасу процесстеріне айтарлықтай әсерін тигізеді, яғни орта температурасы төмен болса, жоғарғы ылғалдық денеден жылудың тарауын арттырып, организмді суыққа ұрындырса, ауа температурасы жоғары болғанда, денедегі жылудың тарауын тежеп, ыстық соғу ауруына ұшырайды. Сиыр қораның ауасының ылғалдылығы жоғары болғанда (салыстырмалы ылғалдық 85 % тен 95 %-ға жоғарлағанда) мал сүтін 9-12 % төмендетеді. Ірі қара малдарын бордақылау орындарының ауасының ылғалдылығы жоғары болғанда азықтың шығыны 20-35 % артып, тәуліктік салмағының өсуі 12-28 % төмендеп және жас төлдердің өлім-жітімге шалдығуы 2-3 есе артатындығы анықталған. Қораның ылғалды ауасында зиянды газдардың (аммиак, күкіртті сутегі т.б.) мөлшері көбейеді. Ондай жағдайда малдардың өкпе ауруына (туберкулез) шалдығуы жиілейді. Бордақыда тұрған малдардың қора ауасындағы аммиак газының қалыптан жоғары болуы салмағының 25-28 % төмендеуіне апарып соғады.
Жоғарғы ылғалдық пен ауадағы зиянды газдардың және микроорганизмдердің мөлшерінің артуы жас төлдердің төзімділігін айтулы төмендетіп, олардың арасында жаппай аурулардың шығуына әсер етеді де, онымен күресуге қыйындық туғызады. Мұндай жағдайда ол аурудың алдын алу тек қора ауасының тазалығында ғана болады. Мысалы, бұзауларды ауасы ластанған қорадан жекелеме клеткаға тұрғызып күту бұл аурулардың тоқталуына әсер етеді. Ірі қара малдарына арналған қоралардың жарықтану шамасыныңда мал организміне айтулы әсері болады. Мысалы, қораның жарықтану мөлшерін 5-10 люкстен 70-100 люксе жоғарлауы бұзаулардың ауруын 9-12 % төмендетіп, дене салмағының, тәуліктік өсуін 6-10 %, сиырдың сүт өнімінің 5-15 % көбеюіне апарып соғады.
Сыйыр қораларының жарықтану мерзімін тәулігіне 6-7 сағаттан 14-18 сағатқа дейін ұзартса (жасанды түрде) малдың сүті 6-15 % жоғарлап, ұрықтануы 15 % артып, сервис мезгілі 10 тәулікке қысқарады (кесте 6).
Мал қораларының жарықтануын қалыпқа келтіру арқылы буаз сиырлардың қанының биохимиялық және иммунологиялық көрсеткіштерінің жоғарлап, туған төлдердің денсаулығының артуына әсерін тигізетіндігі дәлелденген. Сондықтан ірі қара малдарын ұстау жүйелері, өнімділігі, физиологиялық ерекшеліктеріне негізделіп қалыпты (нормативті) микроклимат көрсеткіштері (параметрлері) белгіленген (кесте). Ірі қара малдарын қалыптанған микроклиматы бар қораларда ұстаған кездерде сиыр сүті 10-20 %, жоғарлап, азық шығыны 12-35 % кеміп, және малдардың ауруға шалдығуы 2-3 есе азаяды. Мұнымен қоса сүт өнімінің жағымсыз иістері жоғалып, қышқылдығы азайып, микроорганизмдермен ластануы төмендеп, сапасы артады.
Мал қораларындағы микроклиматты қалыптау үшін бірнеше, ветеринариялық-зоогигиеналық шаралардың жинағын жасау қажет. Олар қоралардың жоспарлап салу шешімдері мен оған керек құрылыс бөлшектерін таңдау, тиісті құрылыс материалдарының, әр аймақтардың жер орайы мен ауа райларына сәйкестіріп, қасиеттерін ескеріп, малдарды ұстаудың жаңа технологиясын еңгізу, қораның ауасын алмастыру, көңнен тазалау т.б. шаралар жатқызылады.
1.4.Жас бұзауларды профилактикалық (сақтандыру) мезгіліндегі ұстау және азықтандыру гигиенасы, қойылатын гигиеналық талаптар мен микроклимат көрсетекіштері
Жас туған бұзаулардың өсіп-дамуы және жалпы жағдайына қарап, оларды екі түрге бөледі: физиологиялық жетілген (нормотрофиктер), және толық жетілмеген (гипотрофиктер). Олай бөлуге мынандай көрсеткіштері негізге алынады: бұзаудың туғандағы тірі салмағы, денесінің ұзындығы, тісінің барлығы, жүнінің шығуы, жылдам аяқтануы, қыймыл-қозғалысының активтілігі, енесінің емшегін тауып, соруы т.б. қалыпты жағдайда өсіп, дамуы дұрыс жүрген жас төлдің туудағы тірі салмағы - 28-35 кг (енесінің тірі салмағының 8 %), туғаннаң соң 30 минут ішінде аяқтанып, бір сағаттан кеш қалмай аналығының желнін тауып, емуі, 3-4 тәулікте кіндігі құрғап және сыртқы ортаға реакциясы дұрыс пайда болуы ескеріледі.
Жаңа туған бұзаудың қаны мен ткань сұйықтарында, аурудан қорғайтын негізгі ірі малекулярлы гамма-глобулиндер болмайды. Бұл белоктарды жас төл тек енесінің уызымен алады. Аналық жатырында өсіп-дамуы кезінде оның плацентінен өтпейді де, ол белоктар желін бездеріне жиналады. Мұнымен қоса алғашқы тәуліктерде желін бездерінің өзінде де мұндай иммуно-глобулиндер түзіледі. Бұл сақтандырғыш уыз белоктары өзгеріссіз түрде бұзаудың ішек қабырғасынан өтіп, қанына түседі.
Егер ірі малдарының ішінде ол белоктар ыдырап сіңірілетін болса, жас туған төлдердің ішіндегі арнайы клеткалар уыздың белоктарын ұстап алып, ыдыратпай, алғашқыда бездерге, одан кейін қанға түсіреді де сол арқылы жас төлдің өздігінен қорғаныс белоктарын түзілгенге дейін қорын жасайды. Қорғаныс белоктарын өзгеріссіз түрде жас туған төлдердің ішек клеткаларымен ұстап тасымалдауы ұзақ уақытқа созылмайды - 36 сағаттан артық емес, көптеген бұзауларда - 6-12 сағат. Сондықтан жаңа туған бұзауларға бірінші рет ему рефлексі шығуынан соң қолма-қол, денеде қорғаныс белогінің қорын жасау үшін, уызбен қамтамасыз ету қажет. Егер бұзауға уыз беру уақыты 5-9 сағатқа кешеуілдеткен болса, қорғаныс белоктарының организмде тасымалдануының қарқыны -18-50 % төмендейді.
Бұзаулаған сиырдың желнінде уыздың түзілуі 4-7 тәулік аралығында ғана жүреді де, ондағы белоктың қорғаныс активтілігі бұзаулау мезгілінің ұзақтығына байланысты өзгеріп отырады. Мысалы, алғашқы сауылып алынған уыздың құрамындағы қоғаныс белігінің мөлшері, 4-5 сауын уызымен салыстырғанда 60-80 % артық болады. Уыздың қорғаныс қасиеті ондағы қышқылдықтың жоғары болып, бұзаудың қарнындағы шіріткіш микроорганизмдердің өсіп-өнуіне бөгет болуына да тікелей байланысты болады. Мұнымен қоса уыздың қышқыл ортасының жоғарлылығы және ондағы тұздардың көп болуы ішек қабырғаларының босаңсып, ішін өткізіп оның алғашқы тоңғақтан тазарып және қалыпты жұмыс жасауына әсерін тигізеді.
Бұзаудың жатыр орнынан шығып, басы көрінгенде оның тілінің үші аузының бір езуінде тұрады және бірінші жұтыну қозғалысының кезінде белгілі мөлшерде микробтар түседі де, 2-3 сағаттан кейін төлдің ішек-қарнында өсе бастайды. Егер бұзау туғаннаң соң алғашқы сағаттарда уыз ембесе, микробтармен бөлінген улы заттар (токсиндар) 6-8 сағаттан кейін қанға түсіп уандырады (токсикоз).
Жас төлдер үшін уыздың рөлі оның организміндегі иммунитеттің түзілуімен ғана шектелмейді. Уызбен бірге жас организмеге көптеген витаминдер мен миниралдық заттар түседі. Мысалы, витамин - А 5-6 есе, витамин Е 6-7 есе, сүт құрамындағымен салыстырғанда, уызда артық болады. Бұзауды алғашқы ауыздандырып, уыз ішкізу, тәулік мезгіліне қарамай туғаннан соң 1,0-1,5 сағаттан кешіктірмеу керек. Туғаннан кейін енесінің бауырында болып уыз емген бұзаудың қанындағы қорғаныс белоктары, қолдан сауып ішкізген төлдердікімен салыстырғанда 2-3 есе көп болған.
Бұзауларды жасанды түрде азықтандырған кезде, таза, дезинфекцияланған шелекке сиырдың туғаннан соң 45-60 мин кейін уызын сауып береді. Сауып алынған уыздың температурасы 37-39 ºС болады да үлкен ыдысқа құйып, соған жалғанған еміздіктер арқылы беріледі. (сурет 5)
Егер уыз суып кеткен болса, оны жылы суы бар ыдысқа салып жылытады, бірақ ыстық суға салып қайнатуға болмайды, онда уыз ұйып қалады. Желінсау сиырдың сүтін бұзауға бермей жояды да сау сиырдың уызын береді. Ал артық қалған сүтті, үнем үшін 1,0-1,5 л шыны ыдыстарға бөліп, құйып тоңазытқышқа қояды да, керегінде ерітіп, 37-39 ºС температураға дейін жылытып ауру малдардан туған бұзауларға береді. Жас туған бұзауға алғашқы күнде азықты 3-4 реттен тәулігіне денесінің салмағынан 4-5 пайыз (немесе әр кг салмаққа 40 мл-ден) есептеп береді. Жасанды түрде көректендіргенде жас төлдерге, әсіресе гипотрофиктерге сүтті артық бермеу қажет. Оларға уызды аз мөлшерде бөліп-бөліп, тәулігіне 5-6 рет беру керек. Кей кездерде ему уықытын азайту үшін еміздіктің тесігін кеңейтіп қояды да, бұзау көптен жұтып, ол сілекейленбей қарынға тығыз түйір болып түседі де, ферменттік әсерге көнбей, толықтай сіңірілмейді. Сондықтан еміздіктің тесігінің диаметірі 2 мм-ден артық болмауы керек.
Бұзаудың ішкен сүті ауыздағы сілекеймен аралас ішке түседі және бұзау неғұрлым жай ішсе, солғұрлым сілекей көп бөлінді. Соның нәтижесінде сүт сілекеймен қосылып, қарында тез қортылатын бос ірімшік түзіледі. Егер бұзау сүтті жылдам ішсе, ол тығыз түйір түзіп қарынға түседі де қыйын қорытылады. Бұзау сүтті тез ішкенде ұлтабарға жетпей, алдыңғы қарынға сүт түседі де, ірі тығыз кесек болып біртіндеп шіріп, бұзаудың ауруына апарып соғады. Ал уыз өңіштен өткен соң қарынмен тақия қарыннан өтіп, ұлтабарға түседі. Егер бұзау енесін емгенде басын көтереді де, өңеш жолы жабылады да, ал басын еңкейтіп, шелектен ішкен кезде ашылады. Бірінші жағдайда сұйық тура ұлтабарға барады да, екіншіде-азықтың бір бөлігі жалбыршақ қарынға түседі. Сондықтан бұзауды азықтандыру кезіңде оның асқазанына шелектен ішіп, төменнен жоғары түскенді, еміздіктен беріп, жоғарыдан төмен түсумен алмастыру қажет.
Жас туған төлдерді әртүрлі аурулардан сақтандыруда өте маңызды роль-ыдыстардың және профилакторияның (сақтандыру орнының) санитарлық жағдайы атқарады. Бұзауды көректендіргеннен соң пайдаланған еміздіктер, шелектер, тағы басқа өлшегіш ыдыстар жылы сумен (40ºС) шайылып, соңынан мына ертінділердің бірі мен жуады: 0,5 % сульфанол, 0,5 % А, Б, В т.б. жуғыш заттардың ертінділері.
Сүт ыдыстарын дезинфекциялау үшін 0,25-0,5 % тұндырылған хлорлы әкі ертіндісін, 0,1 % хлормин, каустикалық сода немесе гипохлорид кальций ертінділерін қолданады. Ыдыстарды ертінділі ыдысқа 3-4 сағат бойына батырып қойып, соңынан таза сумен шайып, жоғары аузын төмен қаратып іліп кептіреді. Сүт ыдыстарын күнделікті дезинфекциялаудан өткізеді. Резиналы ыдыстарды таза сумен шайғаннан соң 1 % хлораминнің ертіндісі мен жуып, қайтара таза сумен шайып кептіреді. Жұмыс аяғында еміздіктерді ыстық су мен стерлейді. Сүт ыдыстары мен еміздіктерді, киімдерден жеке, арнайы шкафтарда сақтайды.
Профилактория (сақтандыру орны) - 4-9 жекелеме желдету және тазалау жүйелері бар бөлімдерден тұрады. Әр бөлменің ішіне бұзаулар тұратын 7-14 жекелеме клеткалар қояды. Әр клеткаға қай нөмірлі сиырдың бұзауы жазылған белгілі тақтайша бекітіледі. Профилакторияға басқа адамдардың кіруіне рұқсат етілмейді де, кіру есігінің алдында дезинфекциялы төсеніш (дезковрик) болуы керек.
Профилакторияның санитарлық жағдайын жақсарту мақсатында әр бұзау тұратын клетканың енін 45-50 см, ұзынын 0,8-1,0 м еденнен 15-20 см биіктікте қылып ағаш, пластикалы материалдарынан жасайды.
Арнайы жасалған жекелеме клеткаларда (120x45x100 см) ұстау бұзауларға жеке күтім жасау және өндіріс орындарын үнемдеу үшін жасалады. Бірақ, жекелеме, тар клеткаларда бұзауларды ұзақ уақыт 3 ай бойына ұстау, олардың қозғалысын шектеп, резистенттілігін төмендетіп, буындарының ісіп ауруға шалдығып, өсіп-дамуына теріс әсерін тигізетіндігі дәлелденген. Сондықтан ондай тар жекелеме жасалған клеткаларда жас төлдерді бір айдан артық ұстауға болмайды. Олардың қозғалыста болып, қалыпты өсіп-дамуы үшін бірнеше басты біріктіріп, топпен ұстауды ұсынады.
Жекелеме орындарды жылыту үшін арнайы жарықты және инфрақызыл сәулелерін пайдаланады. Ол үшін профилакторияда екі біріккен клеткалардың үстіне белгілі биіктікке инфра-қызыл сәулелі шамдар ИКУФ-1, ЛУЧ т.б. іліп пайдаланады. Жаңа туған бұзауларды кептіріп, жылыту үшін тасымалды сәулелендіргіштер ИКЗК-220, 250 қолданылады.
Профилакторияның секцияларын әр шаруашылықтың циклограммасына сәйкес 3-4 тәуліктің ішінде толтырып отырған жөн. Секцияда жас туған бұзау 8-10 күн тұрған соң оны тазалап, дезинфекциялаудан өткізіп, профилакторлық үзіліс (5 күнге дейін) жасағаннан кейін жаңадан төлдер қабылданады. Секциялы профилакторияларды пайдалану кезінде мезгіл-мезгіл оның ауасын, еден, қабырғаларын және клеткаларды дезинфекциялауды жүргізіп, ондағы ауру тудырғыш микроорганизмдерді жою шараларын жасап отырады.
Бұзауларды 10-15 тәуліктік жасынан бастап, профилакториядан жалпы бұзау қораға көшіреді де, олардың алдағы күтіп-бағу және азықтандыру тәсілдері, шаруашылықтың пайдалану технологиясымен бағытына байланысты болады. Кәзіргі кезде бұзауларды өсірудің екі тәсілі: бірінші - қолдан көректендіріп өсіру - сүттік және сүт пен еттік табындарда, екінші көбінесе еттік табындарда қолданылатын енесінің бауырында бөлінбей өсіру. Бұл тәсіл - арнайы емізуге, арналған (бірнеше бұзауларды) сиырларды пайдаланғанда сүттік бағыттағы шаруашылықтарда да қолданылады.
1.5.Бұзауларды сүт ему мезгіліндегі ұстау кезіндегі қойылатын гигиеналық талаптар мен микроклимат көрсетекіштері
1. Қолдан сүт беріп өсіру тәсілі - көбінесе сүт өндіру бағытындағы шаруашылықтарда қолданылады да, жас туған төлдерді алғашқы күндері еміздік арқылы, кейіннен шелектен сүт ішкізіп көректендіреді. Жалпы бұзауды апталық жасына дейін тек сүтпен азықтандырады да, одан соң рационға обрат (тартылған) сүт қосады. Бірақ сүт пен обратты араластырып бермейді, керісінше әртүрлі мезгілде, мысалы таза сүтті таңертең, ал обратты кешке берген жөн. Екеуін бір мезгілде араластырып ішкісе, іріп, іш ауруға ұшыратуы мүмкін. Сүт пен обрат бұзауға беру үшін таза және жаңа болып, бір айға дейін температурасы 35-37ºС, ал екінші айдағы бұзауларға -30-35º С болғаны керек. Жаңа сүт пен көректендіру 50-60 күндігіне дейін болса, обратты 3-5 айлығына дейін береді.
Жас төлдердің алғашқы айларда азыққа деген сұранысы тез және жиі (өсуіне байланысты) өзгерісте болатындықтан, оларды азықтандаруды жасына және шаруашылықтың жағдайына қарап белгілі 5-6 айға жасалған күн тізбегіне сүйенеді (кесте 7).
Ас алмасу процесстерінің жүруін жақсарту мақсатында бұзаулардың 5-6 күндігінен бастап температурасы 35-37 ºС қайнаған су беріледі де, 2 - айлығынан бастап таза қайнамаған су ішкізеді. Суару азықтандырудан соң бір сағаттан кейін жүргізіледі. Құрама азықтарды 15-20 күндігінен бастап береді, ал қатаң азыққа туғаннан бастап үйретеді. Жаз айында көк шөпті екі айлығынан бастап берсе, сүрлемді айдан асқаннан соң береді.
Жаңа сауылған сүтті үнемдеу үшін бұзауларға жасанды алмастырғыш сүттерді береді (ЗЦМ). Оның құрамына жоғары сапалы өнімдер: құрғақ майсыздандырылған сүт, мал және өсімдік майлары, витаминдер, макро-микроэлементтер, антиоксиданттар және дәмдендіргіш қоспалар қосылады. Жаңа сүтті алмастырғыш қоспаларды дайындайтын сүт өндірістерінде бірнеше рецептерді пайдаланады. Бұзауға берудің алдында ЗЦМ-ді 37-40 ºС температурадағы жылы су мен 1,2 кг-ын 8,8 л суға есептеп ерітеді. Бұлай дайындаған ЗЦМ-нің әр кг бір кг жаңа сүтті алмастырады. ЗЦМ бұзауға 11-күндік жасынан бастап беруге болады.
2.Бұзауларды арнайы бекітілген сиырлардың сүтін беріп өсіру үшін бір сиырдың (өніміне байланысты) бауырына 2-4 бұзауды бекітеді. Бұзаулардың өсіп-дамуына қарап, белгілі бір мезгілде, оларды басқа жас төлдермен алмастырады, сөйтіп бұл әдісті - топтап алмастыру тәсілі деп атайды (семенно-групповой). Бұл тәсіл кезінде аналықтың баурына бекітілген 2-4 ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz