Бройлер балапандарын өсіру


АЛМАТЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Курстық жұмыс
Пәні: Зоогигиена.
Тақырыбы: Бройлер балапандарын өсіру, құс фабрикасы.
ТППЖ20-25 топ студенті
Орындаған: Токкожинова М. Қ.
Жетекшісі: Джетписбаева Б. Ш.
Алматы 2022ж
МАЗМҰНЫ
Кіріспе . . . . … . . . 3
Әдебиетке шолу . . . 4
І. ҚҰС ФАБРИКАСЫ
1. 1 Бройлер өсіру технологиясы. . . . . …. . 6-9
1. 2 Бройлер балапандарын өсіру . . . 9-10
ІІ. ЗООГИГИЕНА
21 Құс қораларының экологиялық жағдайы . . . … . . . 11
2 . 2 Құс қораларындағы микроклимат…… . . . 12-14
2. 3. Құс гигиенасы . . . . . . … . . . 14-17
III. Қазақстандағы құс шаруашылығының заманауи жағдайы……. . 18-19
IV. Бройлерлерді күту және азықтандыру. . … . . . 19-27
Қорытынды . . . …. … . . . 28
Пайдаланылған әдебиеттер . . . . . . 29
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Өндірістік құс шаруашылығы нарық сұраныстарын жеңіл диетикалық тағамдармен қамтамасыз етуге өзінің сүбелі үлесін қосатын, аграрлық кешеннің әрі үдемелі, әрі жедел өзгеріп, тез дамитын саласы болып табылады.
Келешекте жұмыртқа және құс етін өндіру технологияларын жетілдіру, құс фабрикаларының әр шаршы метр жерінен өнім шығымын көбейтіп, оның өзіндік құнын төмендетуді көздейді. Осыған байланысты негізгі мақсат және міндет құсты дұрыс және тиімді пайдалануға бағытталған қоршаған ортаның экологиялық нормативтерін, құстың тұқымдық ерекшеліктерін, азықтандыру мөлшерін түгел қамтитын экологияландырылған технологиялық процестің адамға қажет таза өнімдер (жұмыртқа, ет, мамық) алуға арналған тақырыптың өзектілігі арта түседі.
Зерттеу жұмыстарының мақсаты мен міндеті. Алға қойылған мақсатқа жету үшін, ең алдымын мынандай мәселелерді шешу қажет: құс фабрикалары мен фермаларын мамандыру, озық технологияны пайдалану, құсты инфекциялық аурулардан қорғау, құсқаналар мен қоршаған ортаның экологиясын сақтау.
Тақырыптың жаңалығы. Құс шаруашылығында бройлер етін өндіру, гибрид құстарды өндірістік технология жағдайында толықтай азықтандыру негізінде орындалады. Үлкен экономикалық жетістікке ірі шаруашылықтар, құс фабрикалары жетеді. Бройлерлерді еденде, торша клеткада өсіргенде шығындалған азықтық өлшемінің 1 кг-на 2, 4-2, 6 кг өнім беретін, балапан-дардың 7-8 апталық мерзімінде 1, 6-1, 7 кг салмақ тартатын технологиясын жасау.
Практикалық маңызы. Бройлерді өнеркәсіптік өндіру, балапандарды еденде немесе клеткада жыл бойынша қарқынды жүйемен өсіруге бағытталған технологияны ендіруге негізделген. Бройлерді қалың төсеніште өсірген кезде отырғызу тығыздығын арттыра түсу тенденциясы қолдануда. Бұл бройлердің 49 күндік мерзімде сойылуына байланысты болып отыр. Отырғызу тығыздығын арттыру қораның алаңын тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.
Клеткада өсірілген балапандардың тәуліктік салмақ қосуы еденде өсірілген балапандарға қарағанда 9-13 пайызға артық, ал өсіру мерзімі 10-14 күнге қысқарады, азық мөлшері 20 пайызға кем жұмсалады. Ал өзіндік құны - 13-18 пайызға қысқарып, сонымен қатар бір шаршы метр алаңға 1, 5-2 есе құсты артық орналастыруға болады.
Өндірістік шаруашылықтарда аналық түрлерді жыл сайын жаңартып отыру керек. Себебі әр түрге жататын аналық тауықтарды будандастыру арқылы жаңа балапандарын, одан әрі жақсы қасиеттермен қамту болып табылады.
Әдебиетке шолу
Бройлер өндірісінде етті балапандарды өсіруде негізінен үш технология-лық жүйені қолданады. Оған бройлерді еденде, клеткалы батареяда, торша еденде өсіру жатады [1, 2, 3, 4] .
Бройлер шаруашылықтарында бройлер етті балапландарын бір күндігінен бастап сойғанға дейін үлкен көлемдегі құс қораларында орналастырады. Азықтаныруды, суаруды, саңғырық жинауды механикаландыру бройлер өндірісінде экологиялық проблемаларды жақсарту мүмкіндігі.
Клеткада өсіру кезіндегі жұмсалатын энергия шығымының төмен және өсу қарқынының жоғары болуына байланысты азықтандыру мерзімі қысқарады.
Клеткада өсіру әдісі экологиялық жағдайды жақсартуға, аурудың таралуын төмендетуге, механизациялық деңгейін жоғарылатуға, еденге жұмсалатын шығымды азайтуға, сонымен қатар 1 м2 ауданнан 2, 2-2, 5 кг ет алуға мүмкіндік береді [5, 6, 7, 8] .
Бройлер өндірісінде соңғы жылдары бройлерлерді жоғары тығыздықпен қоршауда отырғызып, кейін қоршаулар алынып, балапандарды қораның бүкіл алаңына жайып жіберу технологиясы қолдануда.
ВНИТИП-та бройлерді жоғары тығыздықпен отырғызудың түрлі өсіру әдісіне зерттеулер жүргізілген. Ең жоғары көрсеткішке бройлерлерге құс қораның ауданына балапандарды үш апталығында 1 м2 алаңға 40 бас балапан отырғызғанда тиімді екендігі дәлелденген.
Дж. Лудас [19] және т. б. зерттеулер бойынша үш апталық бройлер балапандары құс қораның жылу жүйесімен қамтылған жарты бөлігінде өсіреді де, ал қалған қораның жарты бөлігі 21 күндік балапандарды отырғызу үшін жылытылады. Нәтижесіне өсірудің соңында 16 мың бастың тірі салмағы: қораздар - 1960 г, тауықтар - 1673 г, өсімнің 1 кг салмағына 2, 28-2, 35 кг жем жұмсалады. Жылу беру жүйесіндегі шығым 50 пайызға қысқарды. Ағылшын зерттеушілері бройлер балапандарын өсіру кезеңінің алғашқы төрт апталығында 1 м2 алаңға 43 бас балапан отырғызып, қалған аптасында 1 м2 алаңға 18-22 бастан отырғызуды ұсынады.
Өзге де мәліметтер бойынша қораны үш бөлікке бөліп қолдануға болады. Бір бөлігінде балапандарды 2, 5-3 апталығына дейін өсіреді, сосын балапанды қораның екінші бөлігінде 240С температурада бес апталығына дейін ұстайды. Соңынан қораны толықтай пайдаланады. Нәтижесінде жарық жүйесі 60 пайызға үнемделініп, жем барынша аз қолданылады [9, 10] .
Бройлер балапандарын өсіру кезеңінің алғашқы үш апталығында клетка еденінің 1 м2 алаңына 90 ұрғашы балапан, 70 әтеш балапан отырғызылады. Ал кейінірек еденнің 1 м2 алаңына 41 ұрғашы балапан және 28 әтеш балапан отырғызылады. Бройлерлер өсірудің технологиялық басқаша түрін Рязан құс фабрикасында қолданады. Бройлерлерді 10 күндігіне дейін еденде өсіріп, кейін КБУ-3 клеткалық батареясына ауыстырады [11, 12, 13] .
1-кесте. Әртүрлі жолмен өсіргендегі бройлердің өнімдік көрсеткіштері
Құстар орын ауыстыру кезінде стреске шалдығады. Стреске шалдыққан құс ауруға шалдыққыш келеді де, ұшасының сапасы төмен болады.
Алайда құс шаруашылығында көп уақыттан бері жүргізіліп келе жатқан зерттеулер стресті басуға болатындығын көрсетеді. Егер де белгілі бір себептермен стресті күйді баса алмаса, онда стреске қарсы дәрі егіледі.
Тәжірибеде стреске қарсы транквилизаторлар, антибиотиктер, витаминдер және басқа да заттар қолданылады.
Құсты ұстап алу кезінде айқай шу болмауы керек. Құсты ұстауды негізінен жарық төмен жерде жүргізу керек. Жоғарыда жүргізілген әдебиетке шолу нәтижесінде бройлерлерді өсірудің ең қолайлы әдісі оларды жасына байланысты орналастырып өсіру. Ол еденнің 1 м2 алаңынан алынатын еттің көлемін арттыруға жарық пен жылу жүйесінің шығымын қысқартуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар өндірісте бройлерлерді өсіруде орын ауыстырудың технологиялық түрі қолданылады.
ІІ. ҚҰС ФАБРИКАСЫ
1 . 1 Бройлер өсіру технологиясы.
Бройлерлерді өсірген кезде ет және ет-жұмыртқа бағытындағы жүйелер-дің толықтырғыш балапандарын өсіру кезінде сақталатын таза ауа мен жарық беру режимі қолданылады. Автоматтандыру мен механикаландырудың жоғары деңгейі қызметшілердің жұмыс көлемін арттыра түседі. Қазіргі бройлерлер фабрикаларында бір оператордың өзі 3-4 құс қорасында еңбек етеді (60-30 мың балапан) . Жұмыс көлемі көбейген кезде барлық технологиялық талап-тарды орындау үшін күн тәртібін қатаң сақтау қажет (21-кесте) .
2-кесте. Құс фабрикасында бройлерлер өсірген кездегі күн тәртібі, сағат- минут
Жас мерзімі,
1-20 күн
8-30
10-30
8-10
10-00
20-10
22-00
Суарғыштарды жуып
оған су толтыру
10-30
11-50
20-15
22-00
10-00
11-50
22-00
23-00
11-50
12-50
22-00
1-00
11-50
12-50
23-00
1-00
12-50
16-00
1-30
4-00
12-50
14-30
1-00
3-00
16-00
18-00
4-00
6-00
14-30
16-00
3-00
5-00
18-00
19-30
6-00
7-00
16-00
1-00
5-00
7-00
Бройлерлерді клеткаларда өсіру. Бройлерлерді еденде өсірумен салыстыр-ғанда клеткада өсіру сол бір алаңның өзіне құсты 2-4 есе артық орналастыруға мүмкіндік береді. Сонымен бірге клеткаларда құстарға қолайлы мал дәрігерлік -санитарлық және зооинженерлік жағдайлар жасау әлдеқайда оңай. Бройлер-лерді клеткаларда өсірудің жағымсыз жағы, төс сүйегі килінің алғы шет жағындағы тері астындағы эксудаттың жиналуының салдарынан ұшаның тауарлық сапасының төмендеп кетуі болып табылады. Алайда, қазіргі уақытта бройлерлерді өсіру мерзімі 49 күнге қысқартылып отырған кезде жоғарыда аталған дертке құс шалдықпайды екен.
Бройлерлер қалың төсеніштен гөрі клеткаларда тез өседі; еті (әсіресе төс еті) шикі протеиннің көп мөлшерімен, ылғал үлесінің аздығымен ерекшеле-неді: кокцидоз және саңғырық арқылы жұғатын басқадай ауруларға шалдығу қаупі азая түседі. Сонымен бірге төсеніш материалдары қажет болмайды, топтардағы кұс саны азаяды. Мұның өзі зооинженерлік және мал дәрігерлік қызмет көрсетуді жеңілдете түседі. Бройлерлерді клеткаларда өсірген кезде энергия шығындары азаяды, соның әсерінен өнімнің 1-кг-на жұмсалатын азық шығыны да төмендейді. Клеткалы контейнерлерде күткен кезде жұмыскерлер құсты сояр алдында ұстау, қораларда тазалау және басқадай еңбекті көп керек ететін процестерден құтылады. Бройлерлер көбінесе қайтадан жабдықталған КБМ-2, КБУ-3, 2Б-3, БГО-140 және Р-15 клеткалы батареяларында, каскадты екі немесе үш қабатты батареяларда немесе батарея-контейнерлерде күтіледі.
Бройлерлер клеткалы батареялардың таңдалған түрін орнатуға болатын кез келген қораларда өсіріледі. Құс қорасының еденінде ағып кететін ылдыйы болуы керек. Құс қорасында желдету мен қорадағы ауаның жылуы бойынша климат сактау қажет. Клеткалы батареялардың барлық қатарлары мен қабат-тарында бірдей температура режимі жасау үшін батарея жанындағы дәлізді бойлай еденнен 10-15 см биіктікте ауа беретін құбыр таратылады.
КБУ-3 типіндегі клеткаларда балапандарды өсірудің алғашқы күндері олар астындағы торға аяқтарын жарақаттамауы үшін жалпақ резинадан немесе полиэтиленнен жасалған төсеніш төсеу керек. Төсеніш 10-15 күн пайдала-нылады, содан соң олар клеткалардан алынып, жуылады, дезинфекцяланып, балапандардың
келесі тобы үшін сақталып тұрады.
Резина тесеніштердің орнына тығыз қағаздарды да пайдалануға болады, оларды пайдаланғаннан кейін өртеп жібереді. Клеткалы батареяларда өсірудің алғашқы күндерінде оларға науа сияқты немесе өздігінен тазаланатын деңгейі тұрақты тостаған тәрізді мөлтек суарғыштар қойылады. Өйткені бұл мерзімде балапандар батареяға жабдықталған ниппелді суарғыштарды таба алмайды.
Алғашқы күндері жем салғыштарға арнайы бөлгіштер қойылады, соның арқасында балапандардың жем жеуі жеңілдейді. Балапандар өздерін жақсы сезінуі үшін батареялардың барлық қабаттарында қолайлы микроклимат жасалады. Өйткені клеткалардағы құсқа қажетті температура бар аймаққа бірдей таралу мүмкіндігі болмайды. Сондықтан клеткалардың барлық кабат-тарында жас мерзіміне қарай теңестірілген температура режимін сақтауды өте қатаң қадағалау керек
Бройлерлер күтілетін құс қораларында ауаның салыстырмалы ылғал-дылығы 60-70 пайыз шамасында сақталады. Ылғалдылығы артып (80 пайыздан асқанда), температура көтерілген кезде балапандардың тыныс алуы қиындай түседі. Олардың құты қашып, жемге зауқы соқпайды, ал ылғалдылығы азайған кезде қауырсын құрғақ тартып, сына береді, балапандардың жем жеуі нашарлап, суды көбірек ішеді.
Бройлерлерді клеткаларда өсірген кезде құс қорасындағы ауа алмасуын ерекше қадағалаудың зор мәні бар. Өйткені кұсты тым шоғырландырылып жіберген сәтте зиянды газдар көбірек бөлініп шығады да, оттегіне деген кажеттілік арта түседі. Қорадағы ауаның 1 литріндегі аммиактың шоғырлануы көлемі бойынша 0, 01 мл-ден, күкірттегі - 0, 001 мл-ден, көміртегі тотығы 0, 2 пайыздан артық болмауы тиіс. Ауа режимінің сақталуы тек тасқындата - соратын желдеткішті пайдаланған жағдайда ғана мүмкін болада. Ауаның бір-қалыпты алмасуына бройлерлердің 1 кг тірілей салмағына таза ауаның мына-дай мөлшерін бергенде ғана қол жеткізуге болады: м 3 /с: қыста 1, 8-2, 5, жазда 7-10, көктем мен күзде 3-6.
Бройлерлерді клеткаларда күткен кезде жарық сөндірілмейді. Алғашқы екі аптада азықтандырғыштар мен суарғыштар деңгейінде жарық беру жедел-дігі 25 лк, содан соң өсірудің ақырына дейін 5-7 лк.
Отырғызу тығыздығы бройлерлерді өсіру мерзіміне, олардың сойыс кезін-дегі салмағына, сондай-ақ клеткалардың конструкциясы мен азықтандырғыш-тардың орналасуына байланысты болады. Бройлерлерді 49 күндігіне дейін өсіргенде бір балапанға клетка еденінен 245 см 2 алаң бөлінеді. Клетка еденінің 1м 2 алаңына 28 балапан әтеш немесе 37-38 ұрғашы балапан отырғызылады.
«Дон» құс комплексінде (Ростов облысы) бройлерлер етін өндірудің жаңа технологиясы жасалынған. Еттік балапандар клеткалы-контейнерлерде өсіріледі. Мұның өзі кешенді бүкіл технологиялық процестерді механикалан-дыруға тұңғыш рет мүмкіндік беріп отыр. Бірегей технологиялық жүйеде азықтандару, суару, микроклиматты автоматты түрде реттеу, саңырықты тазарту сияқты мәселелер шешіледі. Тәуліктік балапандар инкубатордағы клетка-контейнерге тиеледі де, жер астындағы галерея бойынша итермелі конвейерлердің жәрдемімен бройлер-қораларына жөнелтіледі. Көлбеу конвейерлер клеткалы - контейнерлерді жоғарғы этаждарға көтереді; құс қора-сының тоғыз этажының әрқайсысына клеткалы-контейнерлерді тасымал-дайтын итермелі конвейерлер монтаждалған.
Құсты азықтандыру, суару және олардың жағдайларын бақылау үшін клетка-контейнерлер тәулігіне 20-30 минут жем мен судың автоматты дозаторларының қасынан өтеді: саңырық клеткалардың астындағы табандыққа жиналады. Бройлерлерді өсіру кезеңі аяқталғаннан кейін клеткалы-контейнерлер қора этажынан жер астындағы конвейерлерге өтеді де, сою цехына қарай бұрылады: табандықтарды қотаратын арнаулы пункт бар, клеткалы-контейнер оның қасынан өте бере өз жақтауымен төңкеріледі, сөйтіп табандықтардағы саңырық қабылдайтын құрылғыға түсіп қалады, ал табан-дықтар одан әрі жуылуға және дезинфекцияға өтеді.
Сою цехында клеткалы-конвейерді 90 0 бұрғаннан кейін стационарлық тіреулер есіктерді ашады да, бройлерлер қабылдау транспортерінің лентасына түсіріледі. Құстан босатылғаннан кейін клеткалы конвейерлер жуу және дезинфекция жасау ушін стационарлық жуу машиналарына беріледі де, ыстық ауамен құрғатылады.
1. 2 Бройлер балапандарын өсіру
Жас балапандарды дұрыс күтіп-бағудың өзі келешекте ересек құстардың өнімділігін арттыруда маңызы зор, сондықтан да құс балапандарын жасына жақсы азықтандырып, күтіп-бағу қажет.
Балапандарды күтіп-бағудың ең жауапты кезеңі алғашқы 3 апта уақыты. Жоғарыда көрсетілгендей балапандарды күтіп-бағу жүйелері әртүрлі болады. Соңғы уақытта ірі құс шаруашылықтарында балапандарды торда ұстау әдісі қолданылады. Бұл жағдайда тор батареясының жоғарғы қабаттарында әлсіз балапандарды, ал төменгі қабаттарында тіршілікке бейімдеу балапандар орналастырылады. Балапандар үшін микроклиматтың ерекшелігі оның негізгі көрсеткіштерінің жоғары деңгейде болуында. Атап айтқанда, ылғадылық 60-70 пайыз, ал жарықтылықтың ұзақтығы 17-24 сағат аралығынла ауытқу керек. Балапандарды өсіруге арналған қораларда арнайы жабдықтар (брудер) арқылы олар орналасқан шектеулі жерді жылытып, алғашқы күндері температура 33+37 0 С аралығында ұсталып, микрокиматтың басқа көрсеткіштерін реттеп отыру үшін қора ауасы жиі желдетіліп тұруы қажет. Мысалы: тәуліктік балапандарға қажетті ең төменгі температура 29+30 0 С, ал 6 күннен кейін температура көрсеткіші 26 0 С-қа төмендетіліп және әр апта сайын 3 0 С-қа төмендетіліп, ақырында айдың аяғында оның көрсеткіші 18 0 С болуы тиіс.
Технологиялық жобалауға байланысты балапандарды торда ұстағанда олардың жастарына байланысты орналасу тығыздығы, азықтандыру және суару фронттары нормативке сәйкес болуы маңызды.
7-кесте. Әртүрлі жастағы балапандарды өсіру кезіндегі зоогигиеналық және технологиялық нормативтер (күн, торда)
Инкубаторда тәуліктік балапандардың жарамдылары мен жарамайтындары сұрыпталады. Жарамды балапандардың тұмсығының ұшын, кейде қанатының ұшын қырқады, ал ата-аналық табынды толықтыруға арналған балапан әтештердің топшысы мен ішкі саусақтарының тырнақтары күйдіріледі. Жарамсыз балапандар жем үгіндісіне қосылып өңделеді.
II. ЗООГИГИЕНА
2. 1 Құс қораларының экологиялық жағдайы
Құс шаруашылығында қора-жайдың дұрыс бағытпен салынуының санитариялық-гигиеналық жағынан үлкен маңызы бар.
Құсты өсіру және бағып-күті үшін инкубаторларды, құс қораларды, клеткада бағып күтетін цехтар және лагерьлік құрылыстар салу алдын ала ескеріледі.
Құс өсірілетін қораларды арнаулы типтік жоба бойынша салады. Құстарды бағып-күту тәсіліне байланысты қоралар мынадай типтермен салынуы мүмкін: балапандардың есеюіне қарай еденде еркін жүріп-тұруы үшін секцияларға бөлінген құс қоралар, құстарды клеткаларда бағып-күтетін цех, жаз айларында бағып-күту үшін жылжымалы немесе тұрақты үйшіктер және балапандарды күннің суық кезінде өсіру үшін ауа-райына шынықтыратын лагерь типіндегі құрылыстар.
Құс қораларының жобаларында құсқа қажетті микроклимат жасау, еңбекті көп керек ететін процестерді механикаландыру көзделеді. Жұмыс көлемінің жобалануы, оларды жүзеге асыру прогресті әрі тиімді жүргізілуі керек. Белгілі бір фермаға арналған жобаны таңдауда олардың жергілікті жердің жағдайына сай келу жағын ескеру керек.
Балапан өсірілетін құс қоралардың типі климат жағдайына, жергілікті құрылыс материлардың түрлеріне, құстарды орналастыру мөлшеріне қарай белгіленеді. Қораларды секцияларға бөледі, бұларға қанша құс орналасуы өсірілетін құстардың түрі мен жасына байланысты болады.
Құстың серуендеуі үшін құс қораның ұзына бойына күн шуақ немесе қоршаулы алаң жасалады. Кішігірім шаруашылықтарда еденде бағып күтілетін тауықтар үшін күн шуақтың алаңы құс қора еденінің 50-100 пайызына дейін болады. Асыл тұқымды тауық өсіретін шаруашылықтарда туғанына 45-60 күн болған балапандарға күн шуақ емесе серуен алаңы 0, 5 м 2 есебімен жасалады, ал туғанына 25 күн болған балапандарына 0, 2 м 2 есебімен, ересек тауықтарға 2 м 2 есебімен жасалады. Құстардың серуен алаңына көлеңке болатын жаппа жасайды, бұған ағаш бұта немесе арнауы қалдықтарды пайдаланады. Тауықтарға арналған алаңдар торлы қоршаумен қоршалады, оның биіктігі 1, 6-2, 2 м болады олардың балапандары үшін 0, 8-1 м етіп жасалады. Күн шуақтағы қоршаулы алаңдарды секцияларға бөледі, олардың құс қора секцияларына сәйкес қатыс жолдары болады.
Құс фермалары салынатын жерлерді таңдап алудың зор маңызы бар. Учаскенің мал жайылатын жерге, елді мекенге, жол бойына, тазалық жағынан қолайсыз жерлерге (қоқыс төгілетін жерге, мал қораларына, изоляторларға және басқаларға) алысырақ орналасуына - құстың тазалығы, күтімі құс шаруашылығының өркендеуі тікелей байланысты болады.
Инкубатордың ұзына бойы, солтүстіктен оңтүстікке қарай бағытталады, балапандар үшін салынатын құрылыстардың алдыңғы жағы есігі оңтүстікке немесе оңтүстік-шығысқа қаратылады. Құс өсіретін қора жайлардың лайықты түрін құсты бағып-күтуге қабылданған жерге байланысты, шаруашылықтың көлемімен бағытына қарай, сондай-ақ климат және жергілікті жердің жағдайларына қарай таңдап алынады.
2. 2 Құс қораларындағы микроклимат
Қорадағы микроклиматтың құс организміне әсері температураның, ауаның ылғалдылығы мен оның қозғалу жылдамдығының, сондай-ақ ондағы техникалық құралдар арқылы байқалады. Жабық қораларда ауа күрт нашарлап кетуі мүмкін, бұл құстың өнімділігі мен өсімталдығын төмендетеді, еңбек шығыны көбейіп, мал өнімдерінің өзіндік құны қымбаттап, сапасы кемиді (3-кесте) .
3-кесте. Құс қораларының микроклимат көрсеткіштерінің құс өнімділігі мен сапасына әсері
... жалғасы
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz