Қазір ұшақ бортында жаңа экипаж


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
АЗАМАТТЫҚ АВИАЦИЯ АКАДЕМИЯСЫ
Г. Х. ТУЛЕКОВА
КӘСІБИ ҚАЗАҚ ТІЛІ
Алматы 2020
ӘОЖ 811. 512. 122 (075. 8)
КБЖ 81. 2 Қаз - 923
Т81
Авиация саласына байланысты
Кеңесші - авиация маманы Абдукалыков Г. Д.
Автор-құрастырушы Тулекова Г. Х. ф. ғ. к, профессор.
Кәсіби қазақ тілі . - Алматы: Азаматтық Авиация Академиясы, 2020. -166-бет.
ISBN 978-601-7428-59-4
Оқу құралы кәсіби қазақ тілі пәні бойынша жасалған типтік оқу бағдарламасы мен оқу жұмыс бағдарламасының тақырыптарына сәйкес құрастырылған.
Оқу құралының басты мақсаты - мамандыққа қатысты сөйлеу тілін қалыптастыру.
Оқу құралы Академияның «Ұшу аппараттарын ұшуда пайдалану» білім беру бағдарламасы бойынша мамандықтың, оның ішінде, «Ұшақты ұшуда пайдалану», «Тік ұшақты ұшуда пайдалану» мамандануы бойынша оқитын 2 курс студенттерінің орыс топтарына арналған.
ӘОЖ 811. 512. 122
КБЖ 81. 2 Қаз - 923
Рецензенттер:
М. Сабыр Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық
университетінің профессоры,
ф. ғ. д.
Е. Өмірбаев Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің доценті, ф. ғ. к
А. Тенбаева «Авиациялық ағылшын тілі» кафедрасының асс. профессоры, ф. ғ. д
ISBN 978-601-7428-59-4 Оқу құралын Азаматтық Авиация Академиясының
Ғылыми-әдістемелік кеңесі ұсынған, хаттаманың
№ __7_ «_25__»02 2020ж.
© Азаматтық Авиация Академиясы
Алғы сөз
Бұл оқу құралы Азаматтық Авиация Академиясының «Ұшу аппараттарын ұшуда пайдалану» білім беру бағдарламасы бойынша мамандықтарының, оның ішінде, «Ұшақты ұшуда пайдалану», «Тік ұшақты ұшуда пайдалану» мамандануында оқитын 2 курс студенттерінің орыс топтарына арналған. Оқу құралы авиация мамандықтарына арналып оқылатын «Кәсіби қазақ тілі» курсының оқу жұмыс бағдарламасына сәйкес жазылған, ол лексикалық және грамматикалық тақырыптардан тұрады. Авиация мамандықтарына арналып жазылған студенттерге қажетті оқу құралдары болмағандықтан автор осы олқылықтардың орнын толтыруға тырысты.
«Кәсіби қазақ тілі» курсының мақсаты болашақ маманның мемлекеттік тілдің ауызша және жазбаша қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыру, қоғамдық-көпшілік және ресми-іскери сөйлеу стилін, кәсіптік лексика мен терминология туралы білімін жетілдіру.
Оқу құралы кәсіби қазақ тілінен өтілетін Азаматтық Авиация Академиясының 2 курс студенттерінің 1 семестрі бойынша жасалған оқу жұмыс жоспарының тақырыптарын қамтиды. Оқу құралының басты мақсаты - қазақ тілін орыс дәрісханаларында үйренушілердің қазақша дұрыс сөйлей алу мүмкіндіктерін арттыру, мамандыққа қатысты мәтіндерді, терминдерді үйрету.
Кәсіби қазақ тілінің оқу бағдарламасының 2 семестрінде студенттер «Ұшу аппараттарын ұшуда пайдалану», білім беру бағдарламасы бойынша мамандықтың, оның ішінде, «Ұшақты ұшуда пайдалану», «Тік ұшақты ұшуда пайдалану» мамандануы бойынша қызмет саласына қатысты мәтіндерді, сөздерді меңгеруі қажет. Оқу құралында аталған мамандық бойынша жасалған оқу жұмыс бағдарламасына сай әрбір практикалық, СОӨЖ, СӨЖ сабақтарының лексикалық тақырыбы беріліп, сол тақырып бойынша әр түрлі деңгейдегі тапсырмалар берілген.
Сөздік жұмыстар, танымдық мәтіндерді орыс тілінен қазақ тіліне аудару сияқты тапсырмалар студенттердің тілді меңгеруіне көмегін тигізеді. Кәсіби қазақ тілі сабақтарында студенттер қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде ғана емес, тұрмыста, әлеуметтік ортада қарым-қатынас жасау үшін де қажет екенін ескеріп үйренуге тырысады және өз мамандықтарына байланысты авиациялық терминдер мен мәтіндерді меңгереді. Оқу құралы орыс аудиториясындағы студенттердің бастауыш, жалғастырушы топ деңгейіне арналған. Оқу құралын жазу барасында оқытудың инновациялық, дамыта оқыту әдістері пайдаланылды. Оқу құралының соңында авиация саласына қатысты орыс тілінен қазақ тіліне аударуға арналған мәтіндер берілген. Сонымен қатар, студенттерге қосымша пайдалану үшін қысқаша орысша-қазақша авиациялық сөздік берілді.
БІРІНШІ САБАҚ
Лексикалық тақырып - Ұшақтар. Құрылымы.
Грамматикалық тақырып - Фонетика. Қазақ тілінің дыбыстар классификациясы.
Ұшақ (ағылш. airplane, plane , орыс. самолёт ) - күштік қондырғы (қозғалтқыш) көмегімен атмосферада ұшуға арналған, қозғалмайтын қанаты бар, ауадан ауыр ұшу аппараты. Бұл аппарат өз қозғалтқышының тарту күшімен белгілі бір жылдамдықпен қозғалған кезде қанатында пайда болатын көтергіш күш әсерінен аспанға көтеріледі.
Ұшақтардың негізгі элементтері (агрегаттары) :
Қанат - ұшақтың ілгерілемелі қозғалысы кезінде ұшу үшін көтергіш күшті тудыратын аэродинамикалық бет. Көтеріші күш қанаттың астыңғы және үстіңгі беттеріндегі ауа қысымының нәтижесіне пайда болды: ұшақ ілгері қозғалған кезде қанаттың астыңғы бетіндегі ауа қысымы үстіңгіге қарағанда артық болады. Қанат көтергіш күш тудырумен бірге көлденең бағыттағы орнықтылықты қамтамасыз етеді. Жалғыз қанатты ұшақ - моноплан, ал қанаттары екі қабат орналасқан ұшақ - биплан деп аталады.
Фюзеляж - экипаж, жолаушылар, жүктер және құрылғыларды орналастыруға, қанатты, қауырсынды, шассиді, қозғалтқыштарды және т. б. ұшақ бөліктерін тұтастырып бекітуге арналған. Фюзеляжы жоқ ұшақтар да бар (мысалы, «ұшатын қанаттар») . Гидроұшақтарда фюзеляж рөлін қайық атқарады.
Қауырсын - ұшу кезіндегі тұрақтылықты, басқаруды және ұшақтың баланстауын қамтамасыз ететін аэродинамикалық беттер. Ұшақты басқару үшін қауырсында ауытқитын беттер - аэродинамикалық рөлдер (бағыт рөлі, биіктік рөлі) орнатылады немесе қауырсын беттері ауытқитын болып жасалынады. Шасси - ұшаққа жерден ұшуды, қонуды, жер бетінде басқаруды және тұрақтауды қамтамасыз ететін тіректер, доңғалақтар және т. б. құрылғылардан тұратын жүйе. өпшілік жағдайларда шасси жиналмалы болып жасалады. Гидроұшақтарда шасси ретінде арнайы қалтқылар қолданылады. Ұшарда және қонарда жол талғамайтын ұшақтың түрі амфибия деп аталады. Бұл ұшақтың доңғалақты шассиі және қайық тәрізді корпусы болады.
Күштік қондырғы - ұшақтың ұшуына қажетті, оның аэродинамикалық қарсылыс күшін теңестіретін тарту күшін туғызушы қозғалтқыштар мен қозғаушылардың (винттердің) жиынтығы. Тарту күшін поршенді қозғалтқыштарда ауа винттері, трубовинтті қозғалтқыштарда ауа винттеріне қоса қозғалтқыштан шығатын газдардың реактивті ағыны, ал реактивті қозғалтқыштарда тек газдардың реактивті ағыны, яғни реактивтік күш тудырады.
Борттық жабдықтар жүйелері - кез келген жағдайда ұшуды қамтамасыз ететін түрлі құрылғылардың жинытығы. (Энциклопедия "Авиация" - М. : Научное издательство "Большая Российская Энциклопедия", 1994. - Б. 736. “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев - Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9 Б. Ш. Абдульдина, М. Б. Маданова, Г. С. Кулджина Русско-казахский авиационный словарь (Орысша-қазақша авиациялық сөздік) - Азаматтық авиация академиясы, 2007. - ISBN 978-601-7086-01-5. )
Мәтін бойынша тапсырмалар:
- Мәтінді оқып мазмұндаңыздар.
- Мәтінді орыс тіліне аударыңыздар.
- Мәтін бойынша терминдерді дәптерлеріңізге жазыңыздар.
- Берілген мәтін бойынша сөздік жасаңыздар.
Классификация звуков. Система звуков.
Дыбыстар классификациясы. Дыбыстар жүйесі.
Мягкие/жіңішке
Парные қосарлы
ә, ө, ү, і, е, и, у
я(й+а), е (й+о), е (й+э), ю (й+у)
Казахский язык имеет 9 специфических звуков, которые отсутствуют в русском языке: ә, ө, ұ, ү, і, қ, ғ, ң, һ
Специфические звуки
Қазақ тіліне тән дыбыстар
Характер
звука.
Дыбыс сипаттамасы
өлең, өмір, өзен, өзекті, өкініш, өтініш,
өкпе, өлке,
Твердый, звонкий
щелевой
Об особенностях казахского языка
Қазақ тілінің ерекшеліктері жайлы
1. Ударение большей частью падает на последний слог слова и передвигается по мере прибавления аффиксов на последний слог:
Бал а , бала лар, балалар ға
2. Нет предлогов. Значение русских предлогов большей частью передается посредством послелогов, а также в форме косвенных падежей:
Адам туралы - о человеке; адам үшін - ради человеке; Алматыдан - из Алматы.
3. Отсутсвует категория рода, поэтому нет согласования определений и определяемого слова в роде, кака это бывает в русском языке:
Жақсы адам - хороший человек
Жақсы іс - хорошее дело
Жақсы жұмыс - хорошая работа
5. В отличие от русского языка вопрос кім? /кто?/ ставится лишь к существительным, обозначающим человек:
Кім? - жолаушы - пассажир, әуесерік - бортпроводник.
А ко всем остальным существительным ставится вопрос не? /что?/: не? - ат - лошадь, ит - собака, қоян - заяц.
Сингармонизм - это фонетический закон, регулирующий качество гласных в слове. В пределах слова звуки должны быть единообразны, созвучны (гармоничны) .
- Исконно казахские слова бывают:
Или твердыми (а, о, ұ, ы) : ата, ол, ұшақ, жыл;
Или мягкими (ә, ө, ү, і) : ән, өлең, үн, ірі
- Если слово твердое, то к нему присоединяется твердый аффикс (суффикс, окончание) :
Ұшақтарға, ұшқыштарға, ұйымдардан, т. б.
- Если слово мягкое, то к нему присоединяется мягкий аффикс (суффикс, окончание) :
Инженерлерге, диспетчерді, мекемелерге, т. б.
Примечание:
Часто встречаются слова, в которых сочетаются и твердые, и мягкие слоги.
Эти слова, либо заимсвованные из других языков, типа:
кітап, қазір, қажет.
Либо сложные слова, в частности, имена собственные, топонимы:
Темірхан, Серікжан, Күнсұлу, Екібастұз, Шымкент.
либо слова с заимствованными словообразующими аффиксами:
-хана, -кер, -гер, -қор, изм, - изм, ист и др:
емхана, аурухана, жұмыскер, ардагер, жемқор, мейрамхана.
В таких случаях, если последний слог слова твердый, то присоединяются твердые аффиксы:
Темірханды, Серікжанға, Күнсұлудан.
Если последний слог слова мягкий, то присоединяется мягкие аффиксы:
Қазіргі, қажетті, Шымкентте, ардагерге, жұмыскерді.
Множественное число имен существительных образуется при помощи окончаний -лар, -лер, -дар, -дер, тар, - тер.
Например, инженерлер, ұшқыштар, әуесеріктер, студенттер, үйлер, балалар.
Чередование гласных в окончаниях определяется правилами сингармонизма. Если последний слог слова твердый, то прибавляются окончания -лар, -дар, -тар. Например, бала-лар, адам-дар, зат-тар. Если последний слог слова мягкий, то прибавляются окончания -лер, -дер, тер.
Например, кесе-лер, әйел-дер, әуесеріктер, жемістер, көкөністер
1-жаттығу. Берілген терминдерді сөздікті пайдалана отырып, орыс тіліне аударыңыздар және сөйлем құраңыздар.
Әскери ұшақ, жүк ұшағы, жүк-жолаушы ұшағы, реактивті ұшақ, санитариялық ұшақ, кеңфюзеляжды ұшақ, жолаушылар ұшағы, әуеден суретке түсіретін ұшақ, орман бақылайтын ұшақ, ұшақтың негізгі бөліктері, фюзеляж, қанат, күштік қондырғы, құйрық қанаты, шасси, экипаж кабинасы, жолаушылар салоны, дәмхана-буфет, киім қоймасы, дәретхана, герметикалық кабина, оң қанат, сол қанат, қанаттың шеткі бөлігі, орталық қанат, элерон, қоспақанат, триммер, киль, бұру рулі, тұрақтандырғыш, биіктік рулі,
2-жаттығу. Берілген терминдерді оқып, есте сақтаңыздар.
1. Абсолюттік биіктік (аltitude) - теңiздiң орташа деңгейiнен вертикаль бойынша нүктенiң немесе нүкте ретiнде қабылданған объектiнiң деңгейiне дейiнгi қашықтық;
2) Әуеайлақтық қозғалыс (аerodrome traffic ) - әуеайлақтың маневр жасау алаңындағы ӘК және көлік құралдарының қозғалысы, сондай-ақ әуеайлақ ауданында барлық ӘК ұшулары;
3) Әуеайлақтық диспетчерлік қызмет көрсету (аerodrome control service ) - әуеайлақтық қозғалыстарға диспетчерлiк қызмет көрсету;
4) Ұшулардың әуеайлақтық шеңберi (аerodrome traffic circuit) - ол бойынша (немесе бөлiгi бойынша) ұшып көтерiлгеннен кейiн биiктiк алу, қонуға бет алу үшiн құлдилау, қонуды күту, әуеайлақ үстiнде ұшуды орындай алатын әуеайлақ ауданында белгiленген бағыт;
5) Көзбен шолып қарағандағы метеорологиялық жағдай (Visual meteorological conditions) - бұлтқа дейiнгi арақашықтық ұзақтығының және белгiленген минимумға сәйкес келетiн немесе одан асып түсетiн бұлттардың төменгi шекарасының биiктiгiнiң шамаларын бiлдiретiн метеорологиялық жағдай. (Қазақстан Республикасының «Ұшуды орындау және әуе қозғалысына қызмет көрсету кезінде радиоалмасу фразеологиясының қағидалары» атты ереже.
1-тапсырма. Берілген мәтінді оқып, мазмұндаңыздар.
Борттық апаттық магнитофон
Борттық апаттық магнитофон ұшқыштардың өзара сөйлесулерін, сонымен қатар экипаж бен жердегі диспетчерлердің қызметін, олардың өзара сөйлесулерін жазуға арналған. Ұшақ апатқа ұшыраған жағдайда бұл жазу таспасы авиациялық оқиғаның болу себептерін анықтауға қажет. Апаттық магнитофонды басқаша «қара жәшік» деп те атайды. Магнитофон жазу аппараты мен пультбасқарудан құралған. Ұшақ ұшқан кезде магнитофон автоматты түрде іске қосылады. Ұшақ қонған кезде автоматты түрде өшіріледі. Аппарат жазбасы арнайы контейнерде орналасқан. Ұшақ апатқа ұшыраған жағдайда контейнер жазу таспасын өрттен, судан, жанармайдың төгілуінен қорғайды. Контейнер тез табылуы үшін ашық сарғылт түске боялған. Экипаждың сөйлесулері ұшу кезінде жүргізіледі. (Қазақ тілі, Тулекова Г., Маданова М, Алматы 2007ж. )
2-тапсырма. «Ұшақ- жүйрік көлік түрі» тақырыбы бойынша шағын эссе жазыңыздар.
ЕКІНШІ САБАҚ
ЛЕКСИКАЛЫҚ ТАҚЫРЫП - Авиация персоналы
Авиация персоналының сыныптамасы
ГРАММАТИКАЛЫҚ ТАҚЫРЫП - Лексика. Сөздің көп мағыналығы. Фразеологизмдер
АВИАЦИЯ ПЕРСОНАЛЫ
Авиация персоналының сыныптамасы
Авиация персоналы авиация түрлерiне тиесілігіне қарай азаматтық, мемлекеттiк және эксперименттік авиация персоналы болып бөлiнедi.
Мемлекеттік авиацияның авиация персоналы лауазымдарының тiзбелерi мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті органның бұйрығымен белгіленеді.
Азаматтық авиацияның авиация персоналы азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен киім үлгісін кию және айырым белгілерін тағып жүру қағидаларын сақтауға міндетті.
Азаматтық авиацияның авиация персоналын кәсіптік даярлау және қызмет түрлеріне жіберу
Азаматтық авиацияның авиация персоналын кәсіптік даярлау бастапқы даярлауды, қайта даярлауды және кәсіптік деңгейде ұстауды қамтиды.
Авиация персоналын бастапқы даярлау және қайта даярлау авиациялық оқу орталықтарында жүзеге асырылады.
Кәсіптік деңгейін ұстау авиациялық оқу орталықтарында және (немесе) азаматтық авиация ұйымдарында жүзеге асырылады.
Авиация персоналының біліктілік деңгейін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым тағайындайтын жеке тұлғалар авиация персоналының біліктілік деңгейін айқындау қағидаларына сәйкес айқындайды. Мұндай адамдар азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган белгілейтін біліктілік талаптарына сәйкес келуі тиіс.
Жеңіл және аса жеңіл авиацияның авиация персоналының біліктілік деңгейін әуе кемелерін пайдаланушыларды біріктіретін коммерциялық емес ұйымдардың тұрақты жұмыс істейтін біліктілік комиссиялары авиация персоналының біліктілік деңгейін айқындау қағидаларына сәйкес айқындайды. авиациялық оқу орталықтарында және (немесе) Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) авиациялық қауіпсіздік жөніндегі оқу
Авиациялық қауіпсіздік қызметінің персоналын авиациялық қауіпсіздік бойынша даярлау және қайта даярлау азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым сертификаттаған орталықтарында авиациялық қауіпсіздік бойынша даярлау және қайта даярлау бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылады. («Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану қағидасын бекіту туралы» ереже)
Мәтін бойынша тапсырмалар:
- Мәтінді оқып мазмұндаңыздар.
- Мәтінді орыс тіліне аударыңыздар.
- Жаңа сөздерді дәптерлеріңізге жазыңыздар.
- Берілген мәтін бойынша сөздік жасаңыздар.
Грамматика: Лексика туралы жалпы түсінік. Сөздің көп мағыналылығы.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz