Оқыту технологиясының жалпы сипаттамасы


ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ
«М. МӘМЕТОВА АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖІ»
КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
«Шетел тілі бөлімі» ПЦК-сы
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Оқыту технологиясын ағылшын тілі сабақтарында пайдалану
0111000- Негізгі орта білім беру
(мамандығы)
0111083 - Шетел тілі мұғалімі
(біліктілігі)
ШТ-Д 18к топ студенті: . . . Т. С. Ғазизқызы
(қолы)
Пән оқытушысы: . . . Жәни Айдана
(қолы)
Қызылорда, 2021-2022 жыл
М. Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжі, «0111000-Негізгі орта білім беру» мамандығының ШТ-Д 18к оқу тобының студенті Теңгізбай Сымбатың «Оқыту технологиясын ағылшын тілі сабақтарында пайдалану» тақырыбындағы курстық жұмысына
ПІКІР
Теңгізбай Сымбат - iзденiспен жұмыс істейтін студент. 2022 жылдың наурыз айынан бастап ізденушілік жұмыстарын жүргізіп келді. Тақырып бойынша курстық жұмыс жазды. Курстық жұмысқа алдын - ала қорғау кезінде бірнеше рет баяндама жасады.
Кіріспеде жұмыстың көкейтестілігі, мақсаты мен міндеті, тәжірибелік бөлімі, зерттеу әдістері сөз етілсе, екінші бөлімінде қазіргі заманғы оқыту технологиялары көріністермен түсіндіру жолдарын қарастырған. Курстық жұмысын жазу үшін Теңгізбай Сымбат ғылыми теориялык, ғылыми - әдістемелік әдебиеттерді, педагогикалық ic тәжірибелерін пайдаланған.
Жұмыс екі тараудан, кіріспе мен қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Жұмыста баяндалған мәселелер әр такырыпшаға сай іріктелген, мысалдары жеткілікті .
Курстық жұмысты орындаушы тақырыпты толық ашуға әрекет еткен. Тұжырым, дәлелдемелері негiзде тиянақталған. Зерттеу жұмысы курстық жұмыстың талабына сай жазылған және өзіндік пікірі бар.
Пікір беруші: . . . Жәни Айдана,
25. 04. 2022.
МАЗМҰНЫ
І. КІРІСПЕ . . . 4
ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1 . МЕКТЕПТІҢ ОҚУ-ТӘРБИЕ ҮРДІСІНДЕ АҒЫЛШЫН ТІЛІ САБАҒЫНДА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ . . . 6
1. 1 Дамыта оқыту технологиясы және дамыта оқытудағы оқушылардың шығармашылық қабілетін қалыптастыру жолдары . . . 6
1. 2 Деңгейлеп оқыту технологиясының оқкшылардың дара қасиетін дамытудағы педагогикалық ерекшеліктері . . . 11
1. 3 Модульдік оқыту технологиясының оқытудың танымдық қабілетін арттырудағы маңызы . . . 15
2 . ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ . . . 20
2. 1 Қашықтықтан (дистанционды) оқыу технологиясы . . . 20
2. 2 Кредиттік технология бойынша оқыту процесін ұйымдастыру . . . 24
2. 3 Оқытудың инновациялық технологияларын пайдалану ерекшеліктері . . . 27
ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ . . . 29
ІҮ. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 31
Ү. ҚОСЫМШАЛАР . . . 32
КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі - оқыту технологиясы - мектепте жалпы білім беру бағдарына, оқытудың мақсаты мен мазмұнына негізделген, жақсы нәтижелерге жету кепілдігін беретін оқыту жүйесін құрастыру.
Білім беру жүйесіндегі жаңа технологиялардың алатын орны, мектепте оқушылардың ауызекі сөйлесу әрекеттерін белсендіру мен қарқынды дамытудың, сапалы әрі тиімді жолы ретінде қазіргі заманғы оқыту технологияларын ағылшын тілі сабағында қолдану жолдары ғылыми-теориялық тұрғыдан баяндалған.
Зерттеудің мақсаты - шет тілі сабақтарында, тиімді технологияларды қолдану арқылы, оқушылардың іскерлік белсенділігін, дербестік әрекетін және шығармашылық потенциалын нығайту үшін, жағдайлар жасау;
Оқушыны жеке тұлға ретінде тәрбиелеу;
«Білім» заңына сәйкес басым бағыттар мен міндеттерді жүзеге асыру үшін білім мазмұнын жақсарту;
Оқытудың қазіргі заманғы технологиясын жан-жақты меңгеру арқылы оқушының жеке тұлға ретінде дамуын қамтамасыз ету.
Зерттеудің міндеті - талабы таудай жеке тұлғаны іздеп табу жолдарын қарастыру, оларды өсіру, әр оқушының қабілетін танып білу.
Зерттеудің құрылымы. Кустық жұмыс - кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Кіріспе бөлімінде зерттеудің өзектілігі, мақсаты мен міндеттері баяндалады.
Оқыту технологиясының жалпы сипаттамасы. "Оқыту технологиясы ” ұғымы педагогикада және жеке әдiстемеде әсiресе соңғы уақытта кең таралып отыр. Байқауымызша, бұл ұғымның педагогикада пайда болуы техногендiк өркениеттiң дамуымен байланысты және ХХ ғасырдың басындағы Еуропаның елдерi мен АҚШ-та "технология” ұғымының өзi де, оған байланысты мәселелер де арнайы зерттеулерге арқау бола бастаған кезге жатады. ХХ ғасырларда педология шеңберiнде "педагогикалық технология” терминi туындады. Осы кезеңде педагогикалық техника ұғымы да кеңiнен қолдалынады. "Педагогикалық технология” ұғымы рефлексология идеяларына негiзделген.
"Бiлiм берудегi технология” терминi оқытудың техникалық құралдарын (ОТҚ) қолдаумен техникалық құралдарын қолдану әдiстемесi мәселелерiн қарастыруда оқыту технологиясы (50-60 жж. ), сондай-ақ педагогикалық технологиялар терминi қолданыла бастады. 60-жылдары педагогикалық технология қандай да бiр әдiстеменi, мысалы, бағдарламалық оқытуды ғылыми негiздей отырып қолданылуы тиiс деген түсiнiк қалыптасты. 70-жылдарға қарай педагогикалық тәсiлi туындады.
“Технология” дегеніміз өндірістік процесті жүргізудің әдістері мен тәсілдері жайлы білім жиынтығы. Міне технология сөзінің анықтамасы осындай. Ал педагогикалық технология-практикада іске асырылатын педагогикалық жүйенің жобасы.
Педагогикалық технология үш деңгейде болуы мүмкін:
1. Жалпы педагогикалық деңгейдегі іс әрекеттер.
2. Салалық технология -бір пән шеңберінде қолданылатын әдіс тер мен құралдар жиынтығы.
3. Локальдік технология - жаңа материалды меңгерту технологиясы, қайталау мен бақылауды ұйымдастыру технологиясы т. б. сияқты жеке әреке ттерді орындау.
Жаңа технологияға қойылатын талаптар:
- Педагогикалық психологиялық ғылыми тұжырымдамасы болуы керек.
- Педагогикалық технология белгілі бір жүйе болып құрылуы тиіс. Жүйенің барлық бөліктері логикалық байланыс та болуы.
- Диагностикалық тексеру, болжам жасауға ыңғайлы болуы тиіс. Әдіс тәсілдерді өзгерту мүмкіндігі болуы керек.
- Өзінің алдындағы әдіс тәсілдерге қарағанда тиімді, пайдалы әсер коэффициенті көбірек болуға тиіс.
- Барлық ұжымдарда қолдана беруге жарамды болуы тиіс.
Бастауыш мектептің маңызы мен қызметі оның үзіліссіз білім беру жүйесіндегі басқа буындармен тек сабақтас болумен ғана емес, ең алдымен оқушы тұлғасының қалыптасуы мен дамуы қуатты жүретін ерекше құнды қайталанбайтын буын екендігімен анықталыа негізделеді.
Педагогикалық технология бастауыш сатыда оқушының эмпирикалық (көрнекі бейнелі және көрнекі әрекетін), ойлау түрлерінің деңгейі жоғары болса, осыны тірек ете отырып логикалық (теориялық) ойлауын дамыту көзделеді.
Бастауыш мектепте дүниетану сабақтарында мынадай жаңа оқыту технологияларын қолдануға болады:
1. Оқушылардың әрекетін жандандыру және жетілдіру негізінде:
ойын арқылы оқыту технологиясы
оқу материалын сызбалар мен арнайы таңбалар негізінде оқыту
дамыта оқыту технологиясы
2. Оқу процесін тиімді ұйымдастыру және басқару негізінде:
сынып ішіндегі деңгейлеп-саралап оқыту технологиясы
ұжымдық тәсілмен оқыту технологиясы
модульдік оқыту технологиясы
3. Табиғатты сүю және ұлттық педагогика әдістерін пайдалануға негізделген технологиялар:
“Сауаттылыққа тәрбиелеу” технологиясы
М. Монтессори технологиясы
В. М. Монахов “педагогикалық технология - оқыту үрдісін жобалау, ұйымдастыру және өткізудің ойластырылған моделі” - деген анықтама берген. Ендеше педагогикалық жұмыста белгілі бір нәтижеге жетуді көздеген әрбір ұстаз осы технологиялардың біреуін басшылыққа алып өз жұмысын сол технологияға сәйкестендіріп құрғаны жөн.
1-ТАРАУ. МЕКТЕПТІҢ ОҚУ-ТӘРБИЕ ҮРДІСІНДЕ ҚОЛДАНЫЛАТЫН ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ.
1. 1 Дамыта оқыту технологиясы және дамыта оқытудағы оқушылардың шығармашылық қабілетін қалыптастыру жолдары
Қазіргі кезеңде Қазақстан Республикасының білім жүйесінің ең басты мәселесі - қазақ мектебі түлегінің білім сапасының деңгейін халықаралық дәрежеге жуықгату. Ол үшін мектепке заман талабына сай мемлекеттік білім стандартын енгізу, соған сәйкес кәсіби шеберлігі дамыған кадрлармен қамтамасыз ету, өркениетті ғылыми-әдестемелік бағытқа ынталандыру, жаңа базистік оку жоспары мен жаңа буын окулықгарына көшу, орта білімді ақпараттандыру, тағы сол сияқгы білім беру саласыңда жүйелі жүмыстар атқару - еліміздегі ең маңызды әрі кезек күттірмейтін ауқымды істері.
"Өткенге қарап басымызды иеміз, ертеңге қарап білек сыбанамыз" демекші, бүгінгі бала - ертеңгі жаңа әлем. Демек бұрыннан қалыптасқан бағдарлама мен тәртіп ол үшін ескірген, тозған. Ал қазір ол барлық тұлғасымен жаңа тұрмысқа, жаңа оқуға, жаңа қатынастарға бейімделуі тиіс. Сондықган оған жүйелі жәрдем беріп, ынта-ықыласын дүрыс бағыттайтын, қабілет-қасиеттерін дамытатын мектеп шаңырағы қажет.
Дамыта оқыту - күрделі қүрылымды, біртүтас педагогикалық жүйе. Оның нәтижесіңде әр оқушының өзін-өзі өзгертуші субъект дәрежесіне көтерілуі көзделіп, оқыту барысында соған лайық жағдайлар жасалады. Дамыта оқытудың дәстұрлі оқытудан айырмашылығы: көздеген мақсатында, мәнінде, мазмұнында, дамытудың негізгі факторында, мүғалімнің рөлі мен атқаратын қызметінде, әдіс-тәсілдерінде, оқушының білім алу белсенділігінің тұрінде, оқу үрдісінің мүшелерінің әрекеттестік ерекшеліктерінде, олардың қарым-қатынас сипатыңда, танып-білу үрдісін үйымдастыру тұрлерінде, т. б. Әлемдік педагогиканың. көбінесе, жүгінетіні - Л. С. Выгот-скийдің идеяларына негізделген В. В. Давыдов пен Д. В. Эльконин және Л. В. Занковтың дамыта оқыту жүйелері. Л. С. Выготскийдің идеялары Еуропа елдерінің көптеген университеттерінің педагогика факультеттерінде оқытылады [155, 156, 157, 158] .
Бұл бағдарлы идеялар бүгінгі білім беру аясында қолдауын табуда. Бірақ, жалпы білім беру мекгебінде іске асыру көптеген қиындықгар тудыруда. Өйткені, үсынылған әдістемеліктер мен технологиялар көбіне дербестік сипатта, сондықган кез-келген
51мектепте әр тұрлі ерекшелікті, қабілетті, дарынды балалар арасында қолдануын таба алмай жүр.
Сонымен қатар оқушы тұлғасын дамыту оқытудың мақсаты ма, әдде мақсатқа жетудің амалы ма (құралы ма) деген сауалға нақгылы түсінік берілмеген және түлға дамытудың өзіне тән тұрлі-тұрлі көзқарастары бар. Біздің елде білім беру мекемелері, мектеп мүғалімдері және көптеген педагогика ғылымының зерттеушілері тәлім-тәрбие беру үрдісінің негізгі мақсатын оқушы түлғасын дамыту деп таниды. Бірақ, түлға дамуы туралы ізденістегі психологтардың айтуы бойынша, әр адамның дамуы өз қолында, оны сырттан әсер етер күшпен дамытуға болмайды, тек оңтайлы ықпал жасауға болады. Осы пікірден туған білім беру мақсатының басқа да түжырымы бар. Оқушы түлғасын дамыту, ол оның толық өзіндік қалыптасуының, өзіңдік жетілуінің амалы ретінде қарастырылады. Сондықган, мектеп мақсаты баланың табиғи күштері мен мүмкіншіліктерінің өзіңдік ашылуына қолайлы жағдай жасау болып табылады. Ол үшін түлғасының дамуын көздейтін білім беру үрдісін үйымдастырудың тұрлі әдістері мен амаддарын анықгап, жүзеге асыру қажет.
Бұдан шығар түйін: дамыта оқыту - білім беру мекемесінің әрбір сабақга, күнделікті қарым-қатынаста, мектепте және мектептен тыс істе асырылатын өзекті мақсаты, сонымен қатар, болашаққа болжаған окушы түлғасын өзіндік жетілдіруіне, өзіндік қалыптасуына жеткізетін амал. Окушы түлғасының дамуы түсінігіне, оның қалыптасуына, біртүтастығына және бөлек бөліктеріне (сезімділік, зерде, ерік қүндылықгар, білімділік және жеке тәжірибе, т. б. ) позитивті өзгерістер енеді.
"Даму дегеніміз материалдық және идеялық объектілердің қайтымсыз, нақгы бағытталған, жаңа сапаның пайда болуына алып келетін заңцы өзгерісі. Егер жаңа сапа қандай да бір қатынасында ескіден озса, онда дамудың прогрестік, ал егер ескіге жол берсе, регрестік тұрі келбетінде тұрады" деп түжырымдайды 3. Қараев [159] .
Біздің ізденісіміз прогрестік дамуды көздейді, оған жетелейтін - өнімді іс-әрекет. Өнімді іс-әрекет жан-жақгы ізденудің нәтижесінде ғана жүзеге асуы мүмкін. Мүндай жағдайда екінші бір жаңа, бүрынғыдан өзгеше мағлүматтар (өнімдер) туындайды. Дамыта оқыту идеясы өнімді іс-әрекет арқылы іске асатындығын талай ғалымдар дәлелдеген.
Ал бүгінгі мектеп оқушысы мүғалімнің баяндауын мүқият тындап, түсінуге тырысып немесе окулықган мәліметті өз бетінше
52оқып-танып, әр тұрлі зерттелетін объектілер мен күбылыстарды бақылап және дайын ережелерді, нұсқауларды басшылықкд ала отырып, әр тұрлі іс-әрекет жасайды. Мұндай оку-танымдық әрекет репродуктивтік іс-әрекет деп аталады. Бүл іс-әрекет алдын-ала дайындалған белгілі ережемен, алгоритм қолдану арқылы іске асады.
Профессор Б. Д. Эльконин пікірі бойынша "дамыта оқыту жүйесімен білім алған балалардың дүниеге деген қөзқарастары терең және көріп-білудің жаңа тәсілін игергендері көзге түседі, яғни, дүние және адам тану үрдісі баланың сол үрдіспен толық шүғылдану және қызығушылық таныту жағдаятында пайда болады. Қазіргі заманғы жаңашыл жағдайларда жаңашыл міндеттер туа бастайды, соның негізгісі - дамыта оқыту педагогикасын қалыптастыру, яғни, дамыта оқытудың педагогикалық не балалық психологиясын емес, дамытушы ағартудың (түзудің, білім берудің (образование) жүйесін қалыптастыру".
Қазіргі кезде оқыту мектебін қалыптастыру жер-жерлерде ынталы жүргізіліп жатыр. Атап айтқанда Мәскеу, Санкт-Петербург, Харковь, т. б. қалаларда В. В. Давыдов пен Д. В. Элькониннің, Л. В. Занковтың дамыта оқыту жүйесі оку-тәрбие үрдісінде қодданылып жүр. Бірақ, біздің елде әсіресе, қазақ мектебінде бүл игі іс әлі айтарлықгай қолға алынған жоқ. Мүнда білім беру ісінде уақыттың көбі баланы жалықгырып жіберетін баяндау, түсіндіру, үлгіні көрсету сияқгы өнімсіз еңбекке жүмсалып жатады. Осының нәтижесінде мектептерде дағдыны қалыптастыру күні бүгінге дейін "осылай істе" деген үстаным бойынша танымал және тәжірибелік міндеттерді шешуге бағытталған жалпы заңдылықгар мен интеллектуалды іскерлікті саналы қолдану негізінде емес, мүғалім берген үлгілерді үғынбастан орындау негізінде күрылып жүргені жасырын емес.
Әлемдік тәжірибеде бірнеше тұрлі өзара балама мектептер баршылық, әрбіреуінің үтымдылығы әр тұрлі. Мысалы, дәстұрлі мектеп түлектерінің білімділік деңгейі жүйелілік, теориялық, ғылымилық тұрғыдан қарастырғанда жоғары, бірақ сол білімдерін қоддануға іскерлік қасиет-қабілеттерінің шеңбері тар болып келеді. Ал қызығу мен қажеттілікке негізделген "еркін тәрбие" мектептеріндегі білім беру үрдісі оқушылардың еріктері мен танымдылық дамуын шектейді, мүнда психиканың механикалық еске сақгау қызметі жөнді дамымайды және кейбір қажетті дағдылар игерілмейді деген астарлы пікір бар. Сондықган, болашағы мол болып көрінетін дәстұрлі оқыту элементтері мен балама оқыту әдістемеліктерінің үйлестірілген тұрі керек.
Оқушы тұлғасының дамуына айтарлықгай ықпал жасауды дәстұрлі мектеп іргесінде іске асыру - қазіргі кездегі білім беру жүйесінің дамуындағы елеулі бағыт, яғни, мемлекеттік білім беру стандарты бойынша, базистік оқу жоспарына негізделген, сыныпты-сабақгы үстанымын сақгайтын, бірақ үнемі өзгерістегі, заманға қарай икемделудегі білім беру жүйесі және психологиялық-педагогикалық жетістіктерге ашық мектеп болуы керек.
Окушы тұлғасының дамуына максималды себептер болу үшін дамыта оқыту идеясы бойынша ұстанымдар жүйесі қалыптасқан. Соның ішінен сабақ беруде басшылыққа алып, қолдануға ыңғайлысын келтіре кетейік.
- Оқыту үрдісінде танып-білу арналған материалға және оны игеру уәжіне оқушының қызығуын тудыру.
- Мұғалім білім беру мазмұнын өңдеп жоспарлағанда оқыту үрдісін оқушы есептің шешуін табу, не басқа оқу мәселесін шешу барысында өзінің өзекті даму аймағына сүйенетіндей етіп, ал нәтижесі оның жаьдын даму аймағына әкелетіндей етіп жасау керек. Басқаша айтқанда, оқыту үрдісі оқушының өзіне берілген есепті шешу барысыңца оны шешуге қабілеті, білімі жеткендіктен оны үжымдық талқылап, ойланып, гипотеза үсынып, оны тексеруіне, қосымша әдебиеттермен жүмыс істеуіне негізделуі қажет.
- Оқушының тиімді даму жолдарын ашу үшін олардың әрқайсысының "жеңістік жағдаятын" алдын ала ескеру қажеттігі туады, яғни, оларға өз күштерімен шығара алатын есептер мен атқара алатын оқу тапсырмаларын беру керек. Сонда бала өзін жеңімпаз, қиын шыңның басына өтуші, меншікті жеңісті иеленуші ретінде сезінеді.
- Жұмысты тексеруде баға окушының жеткен нәтижесіне емес, оның еңбегінің мөлшеріне сәйкес қойылуы керек.
- "Сырттағы" білімді "іштегі" білімге алмастыруға арналған іс-әрекеттер тізбектерін алдын-ала болжау қажет. Бүл нәтижеге топтық талдау, пікірталастар және т. б. жеткізеді.
- Дамыта оқыту үрдісінде білім дайын берілмеуі тиіс, окушы білім тереңіне қарқынды ой еңбегін қажет ететін тапсырманы орындау арқасында өзі жетуі керек.
Дамыта оқыту идеясы бойынша окушыға оқу мақсаттарын қоюда, шешуде ешқандай дайын берілмейді. Мақсатты шешу іштей талқылау, сосын жинақгау арқылы жүзеге асады. Мұғалім - сабақ үрдісін ұйымдастырушы, бағыттаушы адам рөлінде. Шешім табылған кезде әркім оның дұрыстығын өзішне дәлелдей білуге үйретіледі. Әр оқушыға өз ойын біддіріп, пікір айтуға мүмкіндік беріледі, жауаптар тындалады. Әрине, жауаптар барлық жағдайда дүрыс бола бермес. Дегенмен, әр бала жасаған еңбегінің нәтижесін бөлісіп, дәлелдеуге талпыныс жасайды, жеке тәжірибесін қорытындылауға үйренеді.
Осындай негізде қүрылған іс-әрекеттер бір-бірімен тығыз байланысты: "Кджеттілікті анықгау, оның мотивін шығару, мақсат қою, мақсатқа жету жолдарын ашу, мақсатқа жету үрдісі (әрекет, операциялар), нәтижесін шығару".
Бүгінгі кезде жоғарыда жазылған барлық сипаттаушы қасиеттерін игерген мекгеп саны жоққа жуық. Бірақ, бүл мақсатқа ынталанған мектептер бар (В. А. Караковский, Е. А. Ямбург, А. Н. Тубельский, т. б. мектептері) .
Сонымен, жалпылап айтқанда, оқушы түлғасының дамуына ықпал жасайтын сабақгар үлгісінің бәріне жүктелетін міндеттер жүйесі төмендегідей:
- оқушылардың базалық білім, ептілік, дағдыларын (білім беру стандарты бойынша) игеру жүйесін жетілдіру;
- оқыту үрдісінде окушының теориялық және өнімділік ой қүрастыру әрекеттерін, танымдық қабілеттерін белсендіру;
- оқушылардың танымдық қызығуларын, оқуға деген мотивін дамыту;
- оқу материалын игеруде және оку іс-әрекеттерінде жете үғынуға талпындыру;
- белгілі бір мәселе шешуде окушылардың ынтымақгастығын үйымдастыру;
- көбіне оқу жүмысының топтық тұрлерін қолдану;
- оқушылардың өзіндік жүмыстарының ізденісті-зерттеу тұрлерін үйымдастыру;
- оқу үрдісінде компьютерлік технологияларды қолдану;
- оқыту барысында әр тұрлі шапшандықпен және әр тұрлі көлемді (стандартқа сәйкес) оқу материалын игерудің мүмкіншілігін ашу;
- дамытушы оқытуға арналған ойыңдарды қолдану;
- жаттығу сабақгарын сапалы үйымдастыру (коммуникациялық жаттығулар, зейін, ес, ойлау және т. б. дамыту жаттығулары) .
Осы міңдеттерге жүгіне отырып, дәстұрлі білім беру жүйесінде де окушы дамуына жәрдемдесетін кейбір қажетті қасиеттерді анықгадым. Олар:
- мектепте және әрбір сыныпта, оқу тобында мүғалімдер мен оқушылардың күш-жігерлерін біріктіретін оңтайлы жағдай тудыратын тілектестік жүмыс жағдайын қалыптастыру;
- окушы мен мүғалімнің қарым-қатынасы (өзара сыйлау, түсінісу) әрекеттестік үстаныммен жеке түлғалық түсінушілік негізінде іске асырылуы;
- оқыту үрдісінде репродуктивтік және шығармашылық іс-әрекеттер оқушылардың жеке бас ерекшеліктерімен, уақытша жағдаймен, оқыту материалының деңгейімен анықгалуы;
- оқыту деңгейінің анықгалған бірізділікті-біртіндеушіліктің болуы (оқыту жылдарына байланысты, нәтижелеріне байланысты, білім беру стандарттарына сәйкес, т. б. ) ;
- оку материалы бөлек-бөлек пәндерге бөлінуі және соған қоса кіріктірілген курстардың да болуы (табиғаттану, әлеуметтік ғылымдар, қоршаған орта және т. б. ) ;
- оқушылардың шығармашылық мүмкініиілігін тудырып, қабілеттерінің жан-жақгы дамуына ынталандыруды көздеген әр тұрлі әдіс-тәсілдерінің кең қолданылуы (диалог-сабақгар, ғылыми жоба қорғау сабақгары, пікірталас, іскерлік ойын сабақгары, т. б. ) ;
- окушылар әжептәуір уақыт аралығында мысалы, (бір, не бірнеше жыл) белгіленген бір тұрақгы топтарда сабақгасуы. Бүл топтардың ішінде аз санды топтар қалыптасып уақытша (бір, не бірнеше сабаққа) қызметтесуінің мүмьсіндігі және жүппен жүмыс, жеке оқушымен жүмыс жүргізілуі;
- балалардың эмоциөнадды-сезімділік және абстрактілі, логикалық ой күрастыруын дамытуға ықпал етілуі;
- үкіметтің білім беру саласындағы стандарттары бәріне бірдей екендігін естен шығармай жалпы білім беруді кемсітпей, оқыту үрдісінде әрбір окушының қажеттіліктері мен қызығуларының ескерілуі;
- оқу жоспарларында міндеттелген және таңдап оқитын пәндердің үйлесімді қосылуы; оқушылардың танымдық қызығуын арттырып және білім алу нәтижелерін жүйелі талдаудан өткізіп, бағалау;
- оқушылардың өздершщ жетістіктерін өздеріне талдатып, өздік бағалау әрекеттерінің ұйымдастырылуы.
Қазір біздің елдің мектептерінде осының бірталай баптары игерілу үстінде. Олар: мектептерде өзіңдік басқару үйымдары, топтық жұмыс істеу әдістері мен тұрлері, таңдап оқитын курстардың санының көбеюі, т. б.
Балама мектеп идеяларын дәстүрлі мектепке енгізудің қажеттілігінің негізгі дәлелі білім беру мақсатының, бағытының өзгеруінде жатыр, яғни ол таза әлеуметтік бағатталған мақсаттан (жас өспірімге мәдени-тарихи тәжірибені жеткізіп, оны қоғамдағы еңбекке дайындау) тұлғалық бағытталған мақсатқа (оқушы түлғасының дамуына жәрдемдесу) ауысуында.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz