Психологиялық кеңес берудің мақсаты
Stud.kz - қазақ тілінде жазылған жұмыстар саны және сапасы бойынша біздің қор №1 болып табылады
Психологиялық кеңес берудің мақсаты
Психолог жұмысындағы психологиялық кеңес беру.
(1 сағат)
Жоспары:
1. Практикалық психология пәні. Психологиялық кеңес берудің мақсаты.
2. Психологиялық кеңес берудің міндеттері.
Пайдаланатын әдебиеттер:
Негізгі:
1. Анастази А. Психологическое тестирование. В 2 т., М.,1982.
2. Кристофер Э., Смит Л. Тренинг лидерства. Питер, 2001.
3. Семья в психологической консультировании. М.,2004.
4. Абрамова Г.С. Практическая психология. М.,2001.
5. Абрамова Г.С. Психологическое консультирование. М.,2001.
Қосымша:
1. Диагностическая и коррекционная работа школьногог психолога. Под. ред. И.В.Дубровиной. М.,1987.
2. Көмекбаева Л.К. Психологиялық қызметті ұйымдастыру. А.,2003.
3. Леонова Л.Б. психологическая диагностика и регуляция функциональных состояний учащихся. М.,1990.
4. Майерс Д. Социальная психология. Питер, 1998.
5. Психологические тесты для деловых людей. Под. ред. Литвинцивой. М.,2000.
6. Психологические тесты. В 2-х томах. М.,2000.
Лекцияның мәтіні:
Адам неғұрлым бақытты болған сайын уақыт соғырлым қысқа болып көрінеді.
Кіші Плиний.
Көпшілікті бақытты етуден артық мәртебелі де тамаша бақыт жоқ.
Л.Бетховен.
___________________________________ ___________________________________ ____
ПСИХОЛОГ ЖҰМЫСЫНДАҒЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КЕҢЕС БЕРУ.
Психологиялық кеңес берудің мақсаты мен міндеттері.
Психологияда жеке адамның психологгиялық қасиеттері мен таным процестерін өңдеуде пайдаланылатын әдістемелер жиынтығы мен технологиясын психокоррекция деп атайды. Олардың баланың жас ерекшеліктеріне байланысты және отбасы проблемаларына байланысты сыныптастырпып, жинақтағандардың бірі А.А. Бодалев және оның зерханасында істейтін ғалымдар болды. Психологиялық кеңес беру жұмысының мазмұны мектепке дейінгілерге, бастауыш сынып оқушыларына және жоғарғы сыныптағыларға деп жіктеліп көрсетілді.
Психологияны өмір тәжірибесіне кең көлемде енгізу нәтижесінде оның көптеген жетістіктерін адамдардың алдында тұрған қиын мәселелерді шешуге ықпал жасауға мүмеіндік берді. Қазігі кезде психологиялық кеңес беру және психокоррекция жүргізу әдістері ретінде белгіленетін көптеген тәсілдерді тәжірибеленуші психолог кеңінен пайдаланылуда. Психологиялық кеңес беру психолог тәжірибесінде бұрыннан бері пайдаланылатын ұғым болғандықтан, ол терминмен психолог қызметінің кең аумағын қамтитын бұл түріне нақты анықтама беру немесе оның қолдану аймағын біржақты көрсету қиын. Сондықтан, психологиялық білім қолданылатын кез-келген салада кеңес беру жұмысы осы қызметті ұйымдастыру формаларының бір түрі ретінде саналады. Кеңес беру жұмысының өзі бірнеше бағытта болуы мүмкін: кәсіби кеңес беру, басшыларға кеңес беру, мектеп жасындағы балаларға кеңес беру, т.с.с Білім беғру жүйесінде және әлеуметтік ортада психологиялық кеңес берудің ең көп қолданылатын саласы мектеп оқушыларына және олардың ата-аналарына, әркімнің өзінің жеке тұлғалық және отбасылық проблемасымен келетіндерге психологиялық көмек көрсету болып отыр. Бұл сала бастауыш мектеп оқушыларының адаптациядан өтуі, жеткіншектер проблемалары, балалармен олардың ата-аналарына кеңес беру, жас жұбайлармен жүргізілетін жұмыс, некегк дейінгі кезеңде үйленейін деп жүген жастарға кеңес беру, жанұйя бұзып ажырасушыларға психологиялық көмек сияқты көптеген жеке бағыттардан тұрады.
Психологиялық көмек берудің негізгі мақсаты - психологиялық көмек көрсету қажеттілігі даусыз екенін дәлелдеп беру, яғни клиентпен әңгімелесу арқылы кеңес сұрап келген адамға проблемаларынт шешуге және өзін қоршағандармен ара қатынасын дұрыс орнатуға психолог көмек көрсете алатындығына сендіру. Бірақ бұл психологиялық көмек қалай көрсетілуі тиіс екендігіне біржақты жауап беру оңай емес. Негізінде, маманның қабылдауында брлған адам психолог туралы және психологиялық қызмет туралы пікірі жақсы болуы керек және психологпен кездескеннен кейін, егер ол адам шынында да өзін жақсы сезінсе, проблемаларын шешуге мүмкіндік бар екеніне көзі жетсе, онда кеңес берудің оң әсері бар екені қосымша дәлелдеуді талап етпейді. Кеңес берілгеннен соң клиент жете түсінбеген және дұрыс бағаламаған жағдайлар кездеседі. Бірақ уақыт өте келе, сол ьадам психолог сөзінің, оның берген кеңесінің дұрыс екенін түсіне бастайды. Сондай-ақ кеңес беруші де, егер клиентпен кездесу одан әрі жалғасса, психодиагностика барысында анықталған проблемаларды түсіндіру кезінде кейбір мәселелерді клиент жете тыңдамаған және қабылдамағанын байқауы мүмкін. Бұл жағдай психологтан өз қызметін клиентке жете түсіндіру қажет екенін көрсетеді.
Психологиялық кеңес беру тиімділігінің басты көрсеткіші- клиенттің қанағаттанушылығы болып есептелінеді. Дегенмен көп нәрсе кеңес алуға келген адамның проблемаларының сипатымен анықталады. Мысалы, жапа шеккен адам кеңес беруден соң өзін біршама жеңіл сезініп, болашағы жақсы болатынына сенімі нығаюы мүмкін және тиіс, ал кеңес беруші оның қайғысын, тағы басқа эмоционалдық жағдайын жеңілдетуге тырысуы қажет. Келесі бір жағдайда эмоционалдық жағдайды жеңілдету кеңес берушінің тікелей мақсаты болмауы мүмкін: себебі психологпен жүргізген әңгіме пайдалы болғанын сезінген клиент өз проблемаларын өте терең , ауыр және өткір сезінуі мүмкін. Өткен проблеманы талдау барысында оның мән-мағынасына терең малшынумен бірге өзінің сол оқиғаның орын алуына себепкер болғанын түсіну, оқиғаға өзінің кінәлі екенін, жауапкершілік өз мойнына жүктелетіндігін сезіну, оны мойындау оңай емес. Бұл жағдайда клиент кеңес беру процесінен айтарлықтай нәр алып, қанағаттанады деп айту өте қиын. Дегенмен себептерін толық талдау арқылы өз кінәсін мойындаудың өзі клиенттің басқаларды кінәлаудан бас тартып, біртіндеп эмоционалдық зорлану жағдайынан шығуына негіз болады.
Психологиялық кеңес берудің табысты болуы көбінесе кеңес берушінің клиентті мұқият тыңдауы және шағымданушының өз жеке басында болған оқтғасы туралы түсінігін кеңейту секілді міндеттерді шешуіне тәуелді. Психологтың көмегіне сүйенген көптеген адамдардың шынайы проблемасы- олардың өздерін не толғандырып жүргені туралы сырын ешкімге айта алмауында. Кеңес берушінің оларды мұқият тыңдай алуы мен түсінетіндігі өте маңызды. Осы қатынастың өзі белгілі оң өзгерістерге алып келеді. Оның үстіне маманмен байыпты және ойлы әңгімелесу барысында клиент өзі мен қоршаған адамдар жайында көп жаңалықтарды біліп, оны түсінуіне алып келеді. Осы түсінік клиенттің өзі мен өзге адамдар туралы ойлауының "азығы" болғандықтан ол өте бағалы болып табылады және оның қоршаған әлеуметтік орта туралы түсінігінің кеңеюіне алып келеді. Психологтың көмегіне сүйенген клиент үшін мұндай нәтиже оның психологиялық тұрақтылығын көтеруге және жалпы адамдарға деген көзқарасы тұрғысынан маңызды болады. Сонымен қатар оның басқа да мамандарға, олардың көмек көрсететініне сенімі артады.
Кеңес беру барысында әңгімелесу әдістемесі кеңінен пайдаланылады. Оның негізгі мақсаты- кеңес сұрап келген адамның алдында шешімі табылмай тұрған мәселенің мәнін анықтап алу және шағымданушымен қосыла отырып шытырман жағдайдан шығу немесе мәселенің шешу жолын іздеу. Бұл процестің маңыздылығы- клиенттің басынан өтіп жатқан оқиғаларға жауапкершілікті психологтың өз мойнына алу.
2-лекция.
Психологиялық қызметтегі кеңес берудің рөлі.
(1 сағат)
Жоспары:
1. Психолог-кеңесшінің кәсіби бағдары.
2. Кеңес беру әдістерін қолдану.
Пайдаланатын әдебиеттер:
Негізгі:
1. Алдамуратов Жантану негіздері. А.,2001.
2. Андреева Г.М. Социальная психология. М.,1980.
3. Батаршев А.В. Тестирование основной инструментарий практическогог психолога. Ростов-на-Дону., 2000.
4. Бадмаев Б.Ц. Методика проеподавания психологии. М.,2003.
5. Бектенгалиева С.Х., Ядгарова Н.Қ. Балабақшада психологиялық қызмет жұмысын ұй ымдастыру. А.,2003.
6. Битянова М. Практическая психология. М.,1996.
7. Выготский Л.С. К вопросу о динамике детского характера. М.,1983.
8. Валиева М. Білім беру технологиялары. А., 2002.
9. Дубровина И. В. Положение о школьной психологической службе. М.,1985.
Қосымша:
1. Психодиагностические методы. Под. ред. А.А.Карелиной. М.,20000.
2. Психологическая диагностика. Под. ред. Г.М.Гуревича. М.,1981.
3. Практическая психология в тестах. Составители С.Римскмй, Р.Римская. М.,1996.
4. Рогов Е.И. Настольная книга практического психолога в образовании. М.,1996.
5. Столяренко Л.Д. Основы психологии. М.,1997.
6. Тесты, тесты, тесты. Под. ред. М.Мацковского. М.,1990.
7. Шеврандин Н.И. Социальная психология в образовании. М.,1995.
Лекцияның мәтіні:
Басқаларды бақытты етуге тырыса отырып ,өз бақытымызды да табамыз.
Платон.
Қазақтар сондай сүйкімді ,сондай байырғы,әрі қарапайым,мен оларды көргенде не болғанымды білмей кетемін.
Т.Г.Шевченко.
___________________________________ ___________________________________ _____
Көптеген кәсіби мамандар клиенттердің психикалық бағдарларында айтулы өзгерістер тудыру мақсатымен өз уақыттарының денін солармен әңгімелесуге жұмсайды.Осы мамандар өздерін қалай атаса да - психологтар, мектеп немесе әлеуметтік қызметкерлер , жоғары оқу орнындығы кеңесшілер, өндірістегі жұмыскерлер бойынша мамандар және т.с.с - олардың әрқайсысының клиент бағдарларына өзіндік тұрғысы бар - бізді осы кітапта қызықтыратын да нақ осы. Осындай мамандар өмірге бейімделмеген немесе абыржулы, жолы болмаған немесе құқық бұзушылармен жұмыс істейді, ендеше олар терапевттен шыққанда, өмір сүруге анағұрлым бейімделіп,өмірдің түрлі жағдайларында кездесетін мәселелерді шешугедайынрақ болып шықса,- сол маманның қолданатын тәсілдері мен техникасы біз үшін аса қызықты.
Мұндай кеңестер түрліше аталуы мүмкін. Оларды "емдік кеңестер" деп қарапайым да кең терминмен атауға болады,олар көпшілігінде білім салаларында жиі қолданыла бастаған "кеңес беру" терминімен белгіленеді, немесе осындай әңгімелердің емдік тиімділігін есепке алсақ, оларды психотерапия деп атауға да болады, мұндай атау әлеуметтік қызметкерлерге , емханалардағы психологтар мен психиаторларға жақындау. Біздің кітабымызда осы терминдер бір-бірін белгілі жағдайда ауыстыра отырып пайәдаланылады, ол түсінікті де, себебі олардың бәрі де бір негізгі әдіске,яғни клиенттің өзінің психикалық бағдарлары мен мінез-құлқын өзгертуге бағытталған,индевидпен тікелей жасалатын қатынастар сериясына жатады. Бұрынрырақ "кеңес беру" деп клиентпен жүргізілетін жекелеген және үстіртін қатынастарды айтатын, ал жеке тұлғаны тереңнен өзгертуге бағытталған неғұрлым пәрменді және тұрақты қатынастар "психотерапия" терминімен белгіленген, мүмкін, огсындай саралауға қажетті себептер де бар шығар, дегенмен пәрменді және жемісті кеңес берудің пәрменді және жемісті психотерапиядан ешбір ерекшеленбейтіні анық. Сондықтан да біз осы екі терминді де қолданамыз, себебі осы саладағы мамандар бұл екуін де қатар пайдалана береді.
Кеңес беру әдістерін қолдану
Бейімделу проблемасына байланысты кеңес беру мен психотерапияның түрлі әдістері қаншалықты кең қолданылады? Ол бойынша статистикалық деректер жоқ, сондықтан да бұл сұрақтың жауабы сипаттамалық мәнде болады, дегенменде кеңес берудің процесс ретіндегі маңыздылығын бекітуге көмектеседі.
Баланың дамуын зерттеу (клиника) . Психотерапия бала дамуын зерттеуде- бейімделуде проблемалары бар балалармен (әсіресе жасөспірімдермен) және олардың ата-аналарымен жұмыс істеуде түрліше пайдаланатын неғұрлым жетілдірілген тәсіл ретінде көрінуде.Көптеген жылдар бойы осы бағытта клиникалық ой қарқынды түрде дамыды.Сондықтан да психотерапия тәсілдері басқалардан гөрі бала дамуының сферасында неғұрлым жемісті түрде деп нақты айта аламыз.
Осы психологиялық тұрғыдан бала дамуының клиникасында кең тарағанын бір-екі нақты мысал көрсетеді.Авторы бұрын директоры болған Рочестер (Нью- Йорк) даму орталығында жасалған талдау бізге төмендегідей мәлімет береді.1939 жылы 850 жағдайдан:
балалардың 62% -ы 1-ден 4 психологиялықсеансқа дейін өткен , бұл жалпы клиникалық контактілердің 42%-ын құрайды.
30%-ы 5-тен 9 сеансқа дейін өткен,жалпы клиникалық контактілердің 35%-ын құрайды.
Егерде бала психологпен 4 реттен аз кездессе , онда контактілер,сірә , диагностикалық болғаны анық; негізінде кеңес беру еріксіз шектелген болады. Бала және оның ата-анасымен 5-тен 9 сеансқа дейін өткізілгенде, мінез-құлықты өзгертудің басқа әдістері де қолданылғанымен, кеңес беру кбінесе емдеудің ең маңызды аспектісі ретінде болып отырды. Пәрменді емдеу топтарында да(әрбір жеке жағдайларда 10 сеанстан көп) психотерапия-проблеманыемдеу және онымен жұмыс істеудің маңызды құралы болып табылды. Бұл тек баламен жұмыс істеу немесе бала және оның ата-аналарыменжұмыс істеу түрінде болды.Әрдайым дұрыс болмаса да, әдетте психолог тек баланы емдеумен ғана шұғылданды,ал әлеуметтік қызметкер ата-аналарымен кеңес өткізді. Клиникаға келгендердің тек 8%-ымен пәрменді емдеу жүргізілгенімен, бұл индивидтермен жүргізілген жұмыс барлық клиникалық іс-әрекеттің 1\3 бөлігін құрады.
Оған қоса Бейкердің даму орталығы берген төмендегі мәліметтер балалармен жүргізілген жұмыста кеңес беру мен психотерапияның рөлі қаншалықты маңызды екенін көрсетеді. Директорлар Уилиям Хиль мен Августа Бронердің жетекшілігімен клиникада қарастырылған 1334 жағдайдың 400-інде емдеу жүргізілді.Басқа жағдайларда тек диагноз қойылып, емдеу жауапкершілігі сол пациентті жіберген агентке жүктелді. 400 жағдайдың 111-інде бала псиатордың 1 немесе 2 сеансына қатысса, 210 баламен - 3-тен 9- ға дейін және 79 баламен 10-нан 100-ге дейін әңгіме өткізілді. Ата-аналарымен бірге жүргізілген кеңестер нәтижелерінің көрсеткіштері , жалпы алғанда ,ұқсас :83 адам (ата-ана) 10- нан 100-ге дейін немесе одан да көбірек кеңес алды ( әдетте , осы нақты жағдайды жүргізген адамнан).
Осы екі есеп материалдары бойынша төмендегідей қорытынды жасауға болады: балалар клиникасында психотерапия әдісімен емдеу белгілі деңгейде осындай емдеу типіне сәйкес таңдап алынған жағдайлардың үлесінің аздығымен шектеледі.
Дегенмен таңдап алынған топпен жүргізілген емдеу кеңес - әңгімелері клиника жұмысының негізгі бөлігін құрайды. Бұның өзі елдің нашар бейімделген балаларды емдеумен шұғылданатын клиникалық орталықтарының көпшілігіне тән.
Студенттер ортасындағы кеңес беру. Жоғары оқу орындары мен колледж студенттерінің бейімделу проблемасымен айналысатын жұмыстарды талдай отырып, жеке- даралық жұмыстың ең жиі кездесетін әдісі кеңес беру екендігін көреміз. Клиенттер неғұрлым ересектікке жақын болса, анықталған проблемаларды шешудің неғрлым ұтымдылары - кеңес берумен псих\отерапия деп айтуға болады. Оның себептерін біз кейінірек талқылаймыз.
Жоғары оқу орындарында да, колледждерде де жеке тұлғалық және эмоциялық бейімделулер проблемасын шешуде кеңес берудің барлық техникалары толық қолданылады, бірақ әрбір жеке жағдайда кеңс беру осы процестің аса маңызды бөлігін құрайды және аталмыш саладағы мамандардың пікірінше , осындай іс-әрекетте ол одан да көп орын алуы керек.
Орта мектеп пен колледждермен таныс әрбір адам үшін кеңес беруге арналған даму бағдарламалары әрқашан кеңейтіліп отыратыны анық. Мектептер өз жұмыстарын жекедаралық өсу мен дамуға бағдарлана отырып жүргізсе,студенттердің өз жағдайына неғұрлым жақсы бейімделуіне көмектесетін психологиялық қызметтер де жетілдіріп отырады. Әкімшіліктер көпшіліктік білім беруге байланысты қаржы жұмсаудың қаншалықты маңыздылығын неғұрлым анық түсінсе, туындап отыратын проблемаларды іс жүзінде шешуге соғұрлым мүдделі болады. Квадрат шегелерді дөңгелек тесікке кіргізу қанша болатынын есептеп,яғни шешілмеген проблемалармен ненің энергиясы жұтылатындығын студенттерге үйрету талпыну арқылы - осындай шығындардың алдын алу жолдарын іздестіреді. Топқа белгілі бірегей стандарттардың бірдей болуы мүмкін, ал студенттердің бірдей еместігі де түсініле бастады.
Осыған байланысты индивидті тереңірек түсіну мен оның өз проблемаларын шешуіне көмектесу ниетімен жасалған бағдарламаларға деген сұраныс көбейе түсуде. Соған сәйкес көптеген институттар мен колледждерімзде және орта мектептерде студенттердің бейімделу қызметтері бар, дегенмен осы құрылымдар тек қана аы бар ұйымдардан бастап, студенттердің не түрлі қажеттіліктерін қанағаттандыруға арналған, кеңес берудің түрлі деңгейлерін ұсынатын неғұрлым жақсы ұйымдастырылған бөлімдер мен бюроларға дейін бір-бірінен анағұрлым ерекшеленуі мүмкін.
Ересектерге арналған психогигиеналық қызмет.
Ересектердің бейімделу проблемаларымен аз ғана клиникалық мекемелер айналымады. Ересектерге көп жағдайда жекелеген психиатрлар мен психологтар кеңес береді. Дегенмен кейінгі кезде ерлі-зайыптылардың бейімделу мәселелерімен айналысатын кеңес беру қызметі және сол сияқты қызмет көрсету орындарының өсуі байқалады. Осындай мекемелер енді ғана үйленейін деп жүргендерге, сондай-ақ некелесуден соңғы қиындықтарға кездескен ерлі-зайыптыларға да кеңес береді.
Мұндай қызметтер кешеніне дәрігерлік зеттеу , заң тұрғысынан көмектесу және тағы басқа элементтердің кіруінен қарамастан, жұмыстың негізгі элементі дегенмен де кеңес беру процесі болып отыр. Некегк дейінгі кеңес алушылар үшін ол бір не екі сеанспен шектелуі мүмкін. Ал тұрақты қалыптасқан отбасылық қиындықтарды жеңуде еңбектің жемістілігі көптеген терапевтік кеңестернді қөажет етеді. Мұндай көмекті қажет ету сұраныстан әлдеқайда көп, оны шіркеудің әрбір қызметшісі көрсете алады. Негізінде мұндай көмек отбасылық мәселерге байланысты болғанымен, осы саладағы кеңес берудің жемістілігі студенттермен енмесе бейімделмеген балалардщың ата-аналарымен жүргізілетін жұмыстардан аса ерекше деп айтуға негіз жоқ.
Әлеуметтік жұмыс. Әлеуметтік жұмыс саласындағы маман дәсттүрлі түрде әлеуметтік жұмыстың бөлігі саналатын қызметтер жиынтығын - қаржылық көмекке, жұмыс табуға көмектесуге, дәрігерлік қызмет көрсетуге ғана емес, сонымен бірге, мүмкін, ол- негізгісі де болар, кеңес берушілік көмекті ұсынуға да дайын болуы керек. Кеңес беру термині нақты жағдайларлды шешуде аз қолданылғанымен де, оны пайдалануда клиентке күйзелістерінің шиелінісін төмендетудің, бейімделуге байланысты проблеманы шешудің жаңа жолын ұсынуда әлеуметтік қызметкер жоғарыда көрсетілген әрбір маман қолданылатын процеске келіп тіреледі. Әлеуметтік жұмыс - бейімделу проблемасына байланысты терапевтік көмек көрсетуде кең қолданыс табатын бірден-бірн сала. Осы саладағы қызметкерлердің мәселені өзгертуге қаншалықты құлшынғанына қарамастан, осындай көмек көрсету қаржылық қиындықтарға кездескендер үшін көбіне шектеулі болып отыр. Сонымен бірге институттар мен интернаттар жанындағы балалар немесе балалар клиникасындағы әлеуметтік қызметкерлер де өздерінің психотерапевтік дағдыларын пайдаланады. Олар кәсіби топ ретінде кеңес беру процесін зерттеуге көп көмек беріп отырды.
Өндіріс орнындағы адамдармен жұмыс. Өндірістегі адамдарға кеңес беру осы уақытқа шейін олармен атқарылатын жұмыстың аз мөлшерін қамтыды. Жұмысшылармен немесе жұмысқа орналасайын деп жүргендермен қандай да бір мәлімет алу үшін әңгімелесу маңызды іс-әрекет болып саналғанымен, психологиялық бағдарды өзгетуге бағытталған кеңес беру туралы өндірісте ешкім білмейтін болып шықты. Қазіргі кезде, Вестерн Электрик Компани зауыттарында өндірістік қатынастарды қарастыруға жүргізілген белгілі зерттеулерден соң, жағдайдың өзгеретін түрі бар. Бұл зерттеулер өндіріс орындарында қарым-қатынастың әлеуметтік аспектілері өндірісті ұйымдастырудан гөрі маңыздырақ екенін көрсетті. Осыдан индевидте қанағаттану сезімдерін тудыратын әлеуметтік жәнеэмоциялық сферадағы бейімделудің рөлі жалақы мен жұмыс уақытын өзгертугеқарағанда анағұрлым маңызды екені анықталды.Осы ұзақ уақытқа созылған,бастапқы мақсаты жұмыс жағдайларының еңбек тиімділігіне әсерін қарастыру болған зерттеулер нәтижесінде жұмысшылардың жеке проблемаларын шешуге көмектесетін кеңес беру бағдарламасын жасау ұсынылды. Ғалымдар өндірістегі моральды хал-ахуалға тек осы ғана әсер ететінін түсінді. Мұндай бағдарлама (әрбір 300 жұмысшыға бір кеңес беруші) жасалы, зерттеу нәтижелерінің дұрыстығын көрсетті. Біз кейін де осы жұмысқа сілтемелер беріп отырамыз.
Қазіргі біздің айтарымыз: аса жоғары еңбек өнімділігі- әрбір жұмысшының жоғары деңгейдегі кәсіби дамуы, яғни өндіріс саласындағы кәсіби кеңес беру процесі - маңыздылығы аса жоғары процесс екендігі ғана.
Әскери салада. Студенттік және өндірістік кеңес беру туралы айтылғандар мен тұжырымдардың көпшілігі кез-келген әскери ұйымға - оқу немесе әскери ұйымға тең дәрежеде сәйкес келсе де, кеңес берушілік бағдар ел аймағында қолданылатын, мемлекеттік деңгейдегі әскери бағдарламада өте аз пайдаланылған. Әрине, бұл ішінара жетістіктер мен жаңалықтарды тиімді жұмыс бағдарламаларында пайдаланудың әдеттегі кешеуілдеуімен түсіндіріледі. Сонымен қатар бұл жағдай әскер басыларының жкек - тұлғалық тұрғыдан емес, көпшіліктік тұрғыда ойлауға бейімділігіне де байланысты болуы мүмкін. Соған қарамастан психотерапия саласында дамып келе жатқан білімдерімізді әскери бағдарламада да, тиімді пайдалануға болар еді деп тұжырымдауымызға көптеген себептер бар.
Өндірістегі моральдың хал-ахуал сияқты, жауынгерлік рух та адамаралық қарым-қатынас пен бейімделушілікке жоғары деңгейде тәуелді және осы салада кеңес беру өзінің пайдалы екендігін дәлелдеді. Мыңдаған әскерге шақырушылар мен әскерге өз бетімен келушілер өздері үшін аса күрделі жаңа жағдайларға тап болды - олар басшылыққа, жаңа әлеуметтік топқа бейімделуі керек, оларға өздерінің кәсіби жоспарларын өзгертуге, болашақтың белгісіздігімен санасуға тура келеді. Кейбіреулер бұл проблемаларға өздігінше бейімделуге қабілетті және осы сияқты жағдайларда ешкімнің көмегінсіз дұрыс бағдарлана алады. Бірақ көпшілігі ондайға қабілетсіз, оларда наразылық, невроздық үрдістер туады, олардың көңіл-күйі жабыраңқы болады. Моральдық хал-ахуал үшін осындай ауытқыған мінез-құлық әсері қиындау болады. Кеңес беру мұндай индевидтерге өз қиыншылықтарын көруге ықпал етіп, оларды бейімдеуге мүмкіндік берер еді, оларға жеке тұлға күштерін жұмылдыратын жаңа мақсат табуға, соған жетуге бар күш-жігерін табуға көмектесер еді.
Осындай әдетте кез келген әскерге келушінің алздынан шығатын қиындықтардан басқа, әскери дайындықтың нақты түрлеріне тән ерекше психологиялық стресс жағдайлары да болады. Ұшқыштар, парашютпен секірушілер және оқытуды аса қауіпті маневрлермен байланысты басқа кәсіби мамандар көбінесе үлкен қорқынышты бастан өткізеді, дүрбелең жағдайға түседі, оның қалыпты оқуға әсер ететіні соншалық,олар осындай оқу курстарынан міндетті түрде шығып қалып отырады. Осы сияқты себепсіз қорқыныштар туралы айту және олардан арылу мүмкіндіктері, қайтадан өзіне сенімділік тудыру көптеген осындай адамдардың оқу дайындығын аяқтауына мүмкіндік берер еді. Осындай дайындық жағдайында эмоциялық және бейімдеушілік проблемаларының нәтижесі ретінде қаншама қиындықтар туындауы мүмкін екенін тек болжауға ғана болады, кеңес берудің өзі де соларды жеңуге арналған, ал мұндай жъұмыстамен тығыз байланысты адамдардың айтуынша, олардың саны аса көп.
Кеңес беру бағдарламасының қажеттілігі әскер қатарында жүргенде ғана емес, мүмкін, бейімделудің қиындықтарына байланысты, тіпті әскерден қайту кезеңінде одан да гөрі қажеттірек бола түседі . Әскерден қайтушының алдынан еңбекке орналасу, отбасылық қатынастарды жандастыру,өзін-өзі қамтамасыз ету қажетелігі , жаңа әлеуметтік байланыстарды дамыту проблемалары шығады. Кейінгі соғыс тәжірибесі осындай жағдайда адамға, ең алдымен, өз бетімен дербестік алуға көмек тесетін терапия жауапкершілікті жоғарыда тұрғандарға арта салуға болатын әскердегі бұйрықтық өмір сүру формасымен қоштасуға, өз бетімен шешім қабылдауға, таңдай білуге көмектесу қажет екенін көрсетеді.
Қарулы күштерде енгізуге болатын кеңес беру формалары бар, бірақ ол әлі енгізілмеген. Соғыс кезінде кеңес беруді пайдалану тәжірнибесі - психологиялық тұрғыдан жәбір көрген көптеген адамдарды қайта бейімдеу (реадаптация) жұмысы. Соғыс кезінде невроздық механизмдердің дамуы және офицерлермен қатардағы әскерлердің ақиқат өмірден безінуі - қазіргі армияның ең өзекті проблемасының бірі ретінде қолданыла бастады. Қазіргі соғыстың ажырамас бөлігі өзінің екі ерекшелігімен - соғыс әрекетінің механикаландырылуы және жүйке соғысымен бірге отырып, ауыр стресс жағдайына әкелуіне байланысты индеведтің психикалық құрылымы өз тұрақтылығын жоғалтады.Психологиялық кеңес беру осындай адамзаттың өзіне қарсы соғысының құрбаны болғандары қайта бағыттау мен емдеу үшін көп үлес қоса алады. Әскери бағдарламада тиімді кеңес берудің орны мен рөліне байланысты тағы да бір мәселені қосып айта кетуге болады. Соғыс кезіне тән психологиялық хал-ахуалдың әсерінен демократиялық қоғамның көптеген жетістіктері бірте-бірте шеттетіліп отыр. Демократттардың дағдарыс кезінде пайдаланатын диктатурасының кейін тұрақу мүмкіндігіне байланысты олардың мүлдем жоғалып кету қаупі де бар. Негізгі мақсаты адамға бағытталған жеке тұлғаның неғұрлым үйлесімді дамуы болатын тиімді кеңес беру бағдарламасы осы жекетұлғалық интеграция ұғымын қорғайтын күш - демократияның бірінші орынға әрбір жеке азматтың маңыздылығы мен беделін қоюының маңызды символы болуы керек.
Кеңес беру әдістері, осы қысқа алғы сөзде берілгендей, қазіргі уақытта көптеген салаларда маңызды орын алады және келешекте әсіресе білім беру саласында, өндірісте, әскери әрекет бағдарламасы сияқты, жалпы ұлттық көлемде маңызды құралға айналуы мүмкін. Көп қолданып жүрген және маңызы күннен - күнге өсіп келе жатқан әдіс біздің егжей- тегжейлі қарастаруымызды қажет етеді.
3-лекция.
Психологиялық кеңес берудің басқа да психология салаларымен байланысы.
(1 сағат)
Жоспары:
1. Психологиялық кеңес беру негіздерінің психотерапия саласымен тығыз байланыстылығы.
2. Психотерапия саласындағы алдын алу шаралары, ортада емдеу.
Пайдаланатын әдебиеттер:
Негізгі:
1. Абрамова Г.С. Практическая психология. М.,2001.
2. Абрамова Г.С. Психологическое консультирование. М.,2001.
3. Алдамуратов Жантану негіздері. А.,2001.
4. Андреева Г.М. Социальная психология. М.,1980.
5. Батаршев А.В. Тестирование основной инструментарий практическогог психолога. Ростов-на-Дону., 2000.
Қосымша:
1. Бадмаев Б.Ц. Методика проеподавания психологии. М.,2003.
2. Бектенгалиева С.Х., Ядгарова Н.Қ. Балабақшада психологиялық қызмет жұмысын ұй ымдастыру. А.,2003.
3. Битянова М. Практическая психология. М.,1996.
4. Выготский Л.С. К вопросу о динамике детского характера. М.,1983.
5. Валиева М. Білім беру технологиялары. А., 2002.
6. Дубровина И. В. Положение о школьной психологической службе. М.,1985.
Лекцияның мәтіні:
Қазақтар - пысық,пісіп қатқан,өмірге құштар халық,олар ойын сауыққа құмар:киімде ашық бояулыны , тұрмыста той мерекені сүйеді.
Г.Н.Потанин.
Мен қазақтардың арасында қысқа уақыт болған шағымның өзінде бұл халықтың талай асыл қасиеттерін көрдім.
Э.П.Зиннер.

Кеңес беру әдісі, қаншама маңызды болса да, индивидті емдеудегі тек жалғыз ғана әдіс емес екенін дұрыс түсіну қажет. Бұл барлық бейімделмеген адамдар үшін жалғыз қорғаныш емес. Ол балалардың, сонымен қатар үлкендердің де, барлық проблемаларын шеше алмайды. Оны толық талдамай, студенттерге , әскер қатарына шақырылған адамдарға және жұмысшыларға - барлығына бірдей қолдануға болмайды. Бұл аса маңызды болғанымен де , индевидтің әлеуметтік топқа бейімделуінде , оның пайдалы мүшесіне айналуында олардың басқа да көптеген проблемаларымен жұмыс жасау әдістерінің бірі ғана болып табылады.
Бұдан әрі баяндауда емдеуге сай келетін кез келген психотерапевтік әдістері қолдану барысында осы әдісті пайдалануды шектеудің көптеген түрлерін көрсетуге мүмкіндік болады. Бұл жерде тек кеңес беру мен емдеудің басқа да тәсілдері арасындағы белгілі бір айырмашылықтары бар екенін ескерте кеткен жөн.
Алдын алу шаралары. Нақты жағдайларда белгілі бір әкімшілік саясат бейімделу проблемасының алдын алуға бағытталуы мүмкін. Мысалы, ол - адамдарды жұмысқа қабылдау және өнеркәсіпті басқаруда, немесе мектептерде және институттарда келесі курсқа өтуге дайындық барысында қолданылуы мүмкін. Мұндай жоспарлау, әрине, е болғанымен де, ол денсаулық сақтау саласындағы профилактика медицинасы сияқты мәнге ие. Әлдеқашан пайда болған сүзек ауруын қалай емдеу керек екнін білгеннен гөрі, индевидтің мектепке, колледжге, үйге және өндіріске бейімделу процесіндегі сәтсіздіктердің алдын алу керектігін түсінген маңызды. Осыдан кейін нашар бейімделетін индевидпен жұмыс жайлы жалпы түсініктен біз адам қарым-қатынасына және жұмыстыцң тиімділігіне әсер ететін барлық әкімшілік шаралардың өте маңызды екнін жете түсінуіміз керек. Бұл жағдайда оның қандай институтта қалыптасатыны маңызды емес. Біздің салауатты психологияылық даму туралы жеткілікті біліміміздің болуы мектептер, өнеркәсіп мекемелері және кез келген басқа да ұйымдар үшін бейімделу процесін жеңілдетуге мүмкіндік беретін, сонымен қатар психикасында ауытқулары бар, бейімделмеген адамдардың және мінез-құлқында қалыпты тепе-теңсіздік көрсеткіштері жоғары адамдардың, невротикалық тұлғалардың және т.с.с. туындауына әкеліп соғатын жағдайлар туралы түсініктердің болуына қажетті әкімшілік шараларды жасап, ұсынуға мүмкіндік береді. Сондықтан,егер бізді емдеу проблемалары қызықтырса, онда сол сияқты проблемаларды болдырмайтын ұйымдастыру шаралары да назардан тыс қалмауы керек.
Емдік әсер етуді алдын алу шараларымен ауыстыру мүмкіндігіне қатысты мәселелерді шешуде медицинамен параллельжүруге болады. Біздің алдын алу шаралары туралы біліміміздің көп бөлігі нашар бейімделген индевидтермен жүргізілген эксперименттерді бақылау барысында алынған. Сөйтіп, балалармен жұмыс істеу көрінетін зардаптарын тоқтату үшін, бала дамуының ерте кезеңінен бастап оқуға үйрету әдістемелерінің қажеттігі анықталды. Студенттердің бейімделу проблемасына келетін болсақ, мұнда психологиялық және әлеуметтік салдармен қатар кәсіби мамандықты дұрыс таңдамауға байланысты экономикалық шығын сияқты проблемалар байқалды. Осының негізінде білім және кәсібі бағдар беру үшін кеңейтілген прфилактикалық шаралар жасау қолға алынды. Өнеркәсіп және сауда сферасында наразы және нашар жұмыс істейтін қызметкерлермен әңгімелесуден алынған ақпараттар негізінде корпарацияның қаражат мүмкіндігіне және жұмысшылардың психологиялық қажеттілігіне бірдей көңіл бөлу саясатыорын алды. Қысқасы, топтар үшін ең өнімді бағдарлама құру туралы сұраққа келсек, жекелеген индевидпен жұмыс жүргізудің тиімді әдістерін ойластыруымыз қажет.
Ортада емдеу. Мінез-құлқындағы проблемалар, сәтсіздіктер,эмоциялық бұзылулар, невроз, делинквентті мінез-құлыққа бейімділік, бақытсыз неке сияқты қиыншылықтарды басынанкешірген индевидтерге көмек көрсету әдістері негізінен бірнеше топтарға бөлінуі мүмкін. Бірінші әдіс - айналасындағыларды басқару жолымен индевидтің проблемаларын шешу. Мұндай емдеу формалары әр түрлі. Айналасындағылардың жекелеген адамға физиологиялық және психологиялық жағынан әсер етуіне қажетті кез келген мүмкін құралдарды пайдалану арқылы оның қалыпты бейімделуіне қолайлы жағдайлар жасауға болады. Бір адам үшін бұл демалыс үйіне бару болса, басқа біреуге - мектебін ауыстыру, үшінші біреуге - бір өндіріс бөлімінен екіншісіне ауысу, ал бала үшін өзінің үйінен интернатқа немесе басқа да тәрбиелік мекемеге көшу болады. Ортаның терапевтік өзгерісі, жоғарыдағы жағдайларда көрсетілгендей, дөрекі де немесе ортаны өзгертуі анық болмаса да, мәнді,нәзік, сезімтал болуы да мүмкін. Бала аптасына 1 рет оқу дағдысын жетілдіру үшін сондай топқа баруы мүмкін, жұмысшыны оның қасындағы дау-дамайлы қызметтесінен аластату үшін жаңа машинаға ауыстыруға, ересек адамға оны қанағаттандыратын қоғамдық тапсырмаларды жүктеуге болады.
Егер осы сияқты шаралар мұқият ойланып және ебін тауып іске асырылса, онда олар индевидтің бағдарларын мінез-құлқын және бейімделу мүмкіндіктерін өзгертудің тиімді құралы болуы мүмкін. Алдыңғы кітапта автор физиологиялық және әлеуметтік ортаны басқару көмегі неғұрлым тиімдіболатын, қиын балалармен жұмыс істеуде қолданылатын әдіс-тәсілдерге сипаттама беріп, талдауға тырысты.Бұл мәселені қайталамай-ақ қояйық. Оқырманды ортаның өзгеруіне байланысты емдеудің жанама тәсілдерін қамтитын, терапияның тұтас саласымен таныстыра кетсек, кеңес берудің тікелей әдістерін жақсы түсініп, бағалайды деп ойлаймыз.
Осындай әсер етудің кез келген әлеуметтік белгілі бір қажетті мақсатты көздейтінін ескерген жөн. Мәселен, ережені бұзған бала изоляторға жіберіледі,өйткені:1) қоғам оның мінез-құлқына шыдай алмайтынын көрсетеді; 2) осы нақты жағдайда интернатқа орналастыру оның жеке тұлғалық бағдарлары мен мінез-құлқын өзгертудің ең тиімді тәсілі болып саналады. Жеткіншектің интернатқа барғысы келді ме және ол бұл шараның уақыт өткен сайын оның бағдарына міндеттітүрде әсер етуі керек екнін түсіне ме - бұлар аса маңызды емес. Көптеген жағдайларда, әрине, емдеу үшін берік негіз осы болады. Алайда кейбір жағдайларда осы шараны белгілі жетілу кезеңіндегі индевидке қолдану мүмкін еместігі де анықталуы мүмкін. Тек қылмыстық заңды бұзушылармен немесе психопатпен, ауру немесе қандайда бір себептермен өзіне біз ересектерге қатысты осындай шараларды еркін қолдануымызға болады. Орта әсерінің тұрғысы (қоршағанн жағдайлар әсері) негізінде әлеуметтік қабылданған маақсаты бар екені және ата-аналар , мекемелер немесе органдар жағынан инде,видті осы мақсатқа бағыттайтын белгілі міндеттерді қамтитын әркез жете түсініле бермейді. Сол себепті осы әдістің қолданылуы мен таралуына шек қояды.
Тікелей емдеу. Емдеу әдістерінің екінші категориясына өзінің дербес жағдайына байланысты қолайлы қатынасты орнатуға көмектесетін индевидке тікелей әсер ету әдістері жатады. Бұған емдік әңгімелесулер, кеңес беру және осы кітапқа тікелей қатысы бар психотерапевтік әдістер кіреді. Олар жиі кездесетін және тікелей емдеудің ең маңызды тәсілдеріне жатады, ол туралы келесі тарауларда айтылады.
Тікелей терапия әдістерінің келесі тобы әрқайсысы қандайда бір деңгейде бір-бірімен және ішінара кеңес беру үрдісімен де байланысты - экспрссивті деп аталуы да мүмкін, себебі бұл жерде сезімдермен бағдарлардағы катарсистің рөлі маңызды болады. Бұл топқа ойын терапиясы, топтық терапия, арттерапия, психодрама және басқа да осы сияқты техникалар жатады. Тұлғалық поблемаларды шешуде бұлардың әрқайсысы маңызды рөлге ие. Осы әдістердің көпшілігі, негізінен, балалармен жұмыс барысында қолданылады, алайда ересектермен жұмыс істеуде де бұл әдістерді қолдану мүмкіндігі еш күдік туғызбайды. Әрбір жағдайда емдеудің негізгі элементтері сезімдерін, түйсінулерін толық білдіруде ойыншықтар , суреттер немесе саздан жасалған мүсіндер т.с.с. көмегімен немесе вербалды емес құралдарды пайдалану арқылы эмоциялары мен сезімдері басқаларға проекцияланады, мысалы, кенеттен немесе драматизация түрінде басқарылатын вербалды білдіру арқылы болады. Өнімді кеңес беру принциптері осы экспрессивті әістерді қолдануда да тиімді болуы мүмкін. Сондықтан да бізге осы әдістерді жиі қолдануға негіз бар. Бірақ осы жаңа тәсілдер жайлы толық мағлұмат алу үшін оқырмандар басқа да қосымша материалдарды пайдалануы қажет. Біз әлі де медициналық емдеу - секреторлық функцияларға, операцияларға, диеталарға және т.с.с. тікелей әсер ету арқылы мінез-құлық пен бағдарды өзгерту жайында айтқан жоқпыз. Мұндай емдеу туралы кітапта айтылмайды, бірақ оның жалпы емдік әсер етуде өзіндік орны ескерілуі қажет. Индевидтің мінез-құлқында, өмірге деген көзқарасында, бейімделу процесінде кездесетін қиыншылықтарды жеңуге қабілеттілік сияқты кез келген проблемаларына медициналық тәсілдерді қолдана отырып тікелей әсер етуге болады.
Бейімделу проблемаларын шешуде кеңес беру әдісі маңызды болғанымен де, әлеммен үйлесімділік сезімін жоғалтқан индевидті емдеуде бұл бір ғана әдіс емес екені айқын бола түседі . Торыққан энтузиастар жолында көп кездесетін қақпандарға түспес үшін бізге осы сәтті жан-жақты ескеру қажет. Бұл кітап толығымен кеңес беру мен психотерапия мәселелеріне арналғандықтан, кеңес беру - бейімделмеген адамға толыққанды өмір сүруге көмектесетін көптеген әдіс-тәсілдердің бірі болып табылатындығын ескерген жөн.
Кеңес берудің қолданылуы мен кең таралуына қарамастан және кейбір кәсіби топтардың өкілдері оны өздерінің қолданылатын негізгі әдістерінің бірі деп есептегенімен, бұл процесс әлі толық зерттелмеген . Біз, мысалы, балаларды интернатқа анықтаудан гөрі, студенттер арасындағы кеңес беру жұмысының нәтижелері туралы анағұрлым аз білеміз. Кеңес беру процесін сипаттаудың өзі жан-жақтылығы жағынан, ойын терапиясы әдістерін сипаттауға қарағанда, соңғысы аса шектеулі жағдайларға пайдаланылса да, әлі жеткіліксіз. Біз, басқалармен салыстырғанда, кеңес беру тиімділігін жоғарылату немесе төмендету факторлары жайлы анағұрлым аз хабардармыз.
Бұл саладағы біздің біліміміздің деңгейі төмендегі соншалықты, психотерапия аспектілерінің бірде-біреуі туралы қандайда белгілі және аяқталған ой- пікірлерді кәсіби деңгейде ұсынуға әлі дайын емеспіз. Бізге дәл қазіргі уақытта керегі кейін оны тексеру үшін кеңес беру тәжірибесінде негізделген болжамдық жағдайлар қатарын қалыптастыруға тырысып көру. Ғылыми даму тәжірибеде тексеріп көруге, түзетуге және келешекте жетілдіруге болатын болжамдары бар жағдайда ғана мүмкін. Әлі күнге кеңес беру салссында жемісті болжамдар көп емес. Керісінше, бұл саланың адамдарға көмектесу арқылы игілікті істер жасауға ұмтылысы оны негіздейтін принциптердің дәл тұжырымдауының орнын басып отырды.
Автор қойылған мақсаттарға сәйкес психотерапияға байнысты көзқарастармен барлық ой-пікірлерді мазмұндауды міндеттемейді. Осы пән туралы бір-біріне қарама-қарсы түсініктерді бейнелей отырып, оларды шатастыру емес, негізінен кеңес беру сферасында бір бағытта, бір тұрғыда жұмыс істеу дұрыстау болар деп санайды. Сондықтан осы еңбекте балаларға көмектесуде он екі жыл қалыптасқан кеңес берудің әдістерімен теориясы көрсетілген, оған отбасылық және студенттерге кеңес беру тәжірибелерінің әсері ескерілген және көрсетілгендер осы саладағы басқа мамндардың тәжірибесі , ой - пікірлерімен жеңіл үйлеседі. Берілген көзқарас тұрғысынан кеңес беруде аталған көзқарастың қалыптасуында зерттеушілік бағдарламасы шеңберінде жүргізілген, әрі қарай талдау жүргізу үшін жекелеген ь және сериялы терапевтік әңгімелері фонографқа жазылып алынған жұмыстың маңызы зор болды.
Мұның өнімді болғаны соншалық, белгілі бір күңгірт идеялар таза, айқындыққа ие болды. Көрсетілген түп-нұсқалар базасында қалыптасқан негізгі принциптер мен болжамдардың толық қатары осы саланың келешекте дамуына негіз болады деген үміттеміз.
Негізгі болжам. Осы кіріспе тараудың қорытындысында оқырмандарға түсініктемесі, дәлелденуі және қосымшалары келесі тарауларда келтірілетін негізгі болжамды ұсынуды дұрыс деп ойлаймыз. Оны өте қысқа үлгіде төмендегідей анықтауға болады.
Тиімді кеңес беру - өз алдына құрылымдық үлгісі анықталған, белгіленген ережелері жоқ өзара әрекеттестік; ол клиенттің өзін түсінуіне қол жеткізуге мүмкіндік беретіні сонша, оның жаңа бағдарларына сәйкес оң қадамдарнды жасауына мүмкіндік туғызады.
Осы айтылғаннан мынадай салдар б шығады: барлық қолданылатын әдістер алдын ала белгіленген өзара еркін әрекеттестікті құруға мақсатты, бұл кеңес беру кезінде де, басқа қарым-қатынаста да өзін түсінуге және клиенттің өзінің ынтасы негізінде оң әрекеттерді құру үрдістеріне бағытталған болуы керек.
Бұл жағдай келесі тарауларда толығымен түсіндірілетін болғандықтан, біз оны осы жерде талқылаймыз, бірақ кейін ол нақты мазмұнмен толықтырылады. Оқырман кітапты оқу барысында өзі үшін ол жаңа мағына иеленді ме дегенді тексеру мақсатымен қарайлап отыруына да болады.
4-лекция.
Психологиялық кеңе беру, психологиялық коррекция және психотерапия салаларының өзара байланыстылығы.
(1 сағат)
Жоспары:
1. Психологиялық кеңес беру, психотерапия және психодиагностика ғылымдарының өзіндік ерекшеліктері мен айырмашылықтары.
2. Психолог-кеңесші - клиент, психотерапевт-клиент қатынас ерекшеліктері.
3. Психотерапия мен психологиялық кеңес берудің айырмашылықтары.
Пайдаланатын әдебиеттер:
Негізгі:
1. Абрамова Г.С. Практическая психология. М., Диагностическая и коррекционная работа школьногог психолога. Под. ред. И.В.Дубровиной. М.,1987.

1. Бадмаев Б.Ц. Методика проеподавания психол Психодиагностические методы. Под. ред. А.А.Карелиной. М.,20000.

...Қазақтар өте қонақжай ,өзі аш қалса да соңғы фунт етін қонаққа ұсынады.
И.А.Кастанье.
Қазақ керемет өсімдік танығыш:әр түрлі өсімдіктің жылдың әр мерзіміне қарай қай түлікке жағымды келетінін жақсы біледі.
Ф.А.Щербина.
Малмен бірге өріп, үнемі соның соңында жүрген қазақтар байқағыштыққа, малды шебер бағуға машықтанады. Бұл тәсіл ұрпақтан - ұрпаққа тарады, асыл мал тұқымдарын өсіруге жәрдемін тигізді.
С.Н.Боголюбский.
___________________________________ _____________________________
Психологиялық кеңес беру, психологиялық коррекция және психотерапия бір-бірімен тығыз байланысты. Оның үстіне тәжірибеленуші психологтардың өздері бұл салаларды араластырып алып жатады. Сондықтан психологиялық қызметтің бұл салаларын жіктеп бөлу және оларға дәл анықтама беру арнайы еңбектің тақырыбы бола алады. Біз мұнда оларды шартты түрде ғана бөліп, психологиялық кеңес беру мен психокоррекцияны студенттерге түсіндіріп, олардың болашақ мамандық қызметінде бұл тәсілдерді пайдалану жолдарын анықтауға мүмкіндік беретіндей жерлеріне тоқталамыз.
Психологиялық кеңес беру барысында клиентке ықпал етудің басты құралы- жоспарланған әңгімелесу болып табылады. Оның көмегімен тұлғалар арасындағы қатынастарда орын алған неше түрлі қиындықтар мен психологиялық проблемаларды шешуге бағытталған жұмыс жүргізіледі.
Әңгімелесу кеңес беру, психокоррекция және психотерапия жұмыстарында жиі қолданылады. Дегенмен, егер кеңес беру жұмысы бәрінен бұрын клиентке оның басқалармен қарым-қатынас мәселелерін реттеуге көмектесумен шектелсе, психокоррекциялық немесе психотерапиялық ықпал негізінен көптеген өмірлік қиындықтар мен шиеленістердің негізінде жатқан адамның жеке мәселелерін шешуге бағытталған.
"Психокоррекция" мен "психотерапия" терминдерінің айырмашылығы жеке тақырып болады. Отандық психологияда пайда болған бұл ұғымдар бөлу жұмыс ерекшеліктерімен емес, психотерапиямен арнайы медициналық білімі бар адамдар ғана айналыса алады деген заңды жағдаймен байланысты. Біздің көзқарасымыз тұғысынан бұл шектеу жасанды болып табылады. Себебі, психотерапия психологиялық ықпал жасау жолдарын ойластырды. Оның үстіне "психотерапия" (psyhotherapy) термині халықаралық болып табылады және әлемнің көптеген елдерінде кәсіби психологтар іске асырытын жұмыс әдістері ретінде қолданылады. Психотерапия мен кеңес беру арасындадағы шек ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz