Инвазиялық аурулардан сақтандыру негіздері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
№4 Дәріс
Тақырыбы: Инвазиялық ауруларды профилактикалау негіздері.
Кілтті сөздер: девастация, мелиорация, инсектицид, акарицид, химиопрофилактика, антигельминттер т.б.
Дәрістің мақсаты: Академик К. И. Скрябиннің ауруларды девастациялау туралы ілімін меңгеру.
Дәрістің жоспары:

1. Инвазиялық ауруларды профилактикалау негіздері.
2. Академик К. И. Скрябиннің Девастация туралы ілім

Инвазиялық аурулардан сақтандыру негіздері
Мал шаруашылығын одан әрі дамытудың қызығушылық мүдделері - паразиттерсіз жануарларды өсіруді және фермаларда әр түрлі сау табындар құруды талап етеді. Осы мақсатта паразитке қарсы жоспарлы шаралар жүзеге асырылады.
Мал мен құстың инвазиялық ауруларының алдын алу және жою проблемасы индустриялық негізде мал шаруашылығының әртүрлі салаларының қарқынды дамуы кезінде ерекше маңызды болып отыр.
Паразитология ғылымы және озық ветеринариялық практика ауыл шаруашылығы және кәсіптік жануарларының гельминтоздарымен, арахноэнтомоздарымен және протозойлық ауруларымен күресте тұрақты табыстарға тек қана паразитке қарсы іс-шараларды кешенді жүргізу кезінде ғана қол жеткізуге болатындығын сенімді дәлелдеді.
Инвазиялық ауруларда жүргізілетін сақтандыру шаралары, індетке қарсы шаралардан ерекшеліктері бар. Індеттен жануарларды сақтандыру үшін вакцина егу кеңінен қолданылады. Сондай-ақ, ауырып сауыққан малдың сарысуымен емдеу, зарарсыздандыру және карантин шаралары да қолданылады.
Инвазиялық ауруларда вакцина егу және сарысумен емдеу мал дәрігерлігінде әлі кең қолданыс тапқан жоқ, ал дезинвазия, барлық ауруларда қолданыла бермейді. Бірқатар инвазиялық ауруларда карантин шаралары қолданылады. Қоздырғыштары адамды әрі жануарларды зақымдайтын инвазияларды антропозооноздар деп атайды.
Адамның инвазиялық және індет ауруларының көптеген тасымал-даушылары жануарларда да кездеседі. Сондықтан оларды жануарлар денесінде жою-адамды сақтандыру шараларының бірі болып табылады. Сондықтан мал дәрігерлерінің паразиттерге қарсы жүргізетін шаралары инвазиядан жануарларды ғана емес, адамды да сақтауға мүмкіндік береді.
Инвазиялық ауруларды сақтандыру негізінде аурудың алдын алып қана қоймай, әр түрлі инвазиялық аурулардан емдеуге де болады. Алдын ала сақтандыру және ветеринариялық санитариялық шараларға:
1) Биологиялық әдістер
oo нәжісті биотермиялық залалсыздандыру
- жайылымды мелиорациялау, мәдени жайылымдарды кеңінен пайдалану.
oo қажетсіз шалшық суларды кептіру
oo жайылымды ауыстыру
1) Химиопрофилатика
oo инсектицидтерді қолдану
oo акарицидтерді қолдану
oo митигирлік дауа (қоздырғыштың биологиялық дарығыштық күші төмендегенде химиялық дәрілердің әсерінен организмде залалды иммунитет, яғни премуниция пайда болады).
oo инвазиялық аурулардың қоздырғыштарына қарсы шаралардың негізі-биологиялық және химиялық сақтандыру әдістері.
oo дегельминтизация, яғни химиотерапевтикалық (антигельминттік) дәрмектерді беру арқылы мал организмін ішқұттардан тазалау.
Оның сапасын тексеру төмендегі талаптар арқылы анықталады: а) жоғары тиімділік; б) уыттылығы төмен; в) үнемділік; г) пайдаланудың оңайылығы; д) ұзақ сақтағанда оның сапасы мен төзімділігінің сақталуы; е) қолжетімдік және т.б.
Паразит ауруларын дауалауда маңызды шаралардың бірі-жануарлардың күтімі мен азықтандыруын жақсарту. Ал мұның өзі организмнің қоздырғыштарға қарсы төтеп беру қасиетін күшейтеді.

Академик К.И.Скрябиннің девастация туралы ілімі
Девастация деген атау (латынша- devastatіo - жою). Бұл 1944 ж. К.И.Скрябин ұсынған адам мен пайдалы жануарлардың ең қауіпті ішқұрттарын емдік дауа шараларды пәрменді жүргізу арқылы бірте-бірте жою туралы ілім.
1947 ж. академик К.И.Скрябиннің Адам мен жануарлардың ішқұрты және тағы басқа ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Инвазиялық аурулардың зияны
Инвазиялық аурулар
Жылқының оксиуроз ауруы
Азаматтардың денсаулығын сақтау туралы заң.
Індеттану және жұқпалы аурулар
Шалабай ЖШС - Өндірістік тәжірибе бойынша есеп ( Ветерианриялық медицина )
Псороптоз ауруына қарсы ветеринариялық – санитариялық шаралар
Қан айналу органдарының аурулары
Шаруашылық экономикасындағы мал шаруашылығының маңызы
Малдардың жұқпалы аурулары туралы есеп
Пәндер