Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің ұлттық негіздері


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

М. ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

РЕФЕРАТ

Кафедра: «Азық түлік өнімдерінің технологиясы және қауіпсіздігі»

Тақырыбы: ҚР этникалық мәдениетінде сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік

Орындаған:Турдалиев Сухраб

Тобы-ЖТ-20-7к1

Қабылдаған:Бердибеков Сапарали

Шымкент 2022

Жоспар:

I. Кіріспе

Сыбайлас жемқорлық ұғымы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты қалыптастырудың тарихи кезеңдері

II. Негізгі бөлім

  1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің ұлттық негіздері.
  2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет мазмұны, рөлі және функциялары.
  3. Бизнес ортада жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру.
  4. Сыбайлас жемқорлық адам өміріне қалай ықпал етеді
  5. ҚР этникалық мәдениетінде сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік

III. Қорытынды

IV. Пайдаланған әдебиеттер


I Кіріспе

«Сыбайлас жемқорлық» сөзінің латын тіліндегі баламасы «corruption» сөзі «параға сатып алу», сонымен қатар Рим құқығында «corrumpire» деген түсінік болған, ол, жалпы сөзбен айтқанда «сындыру, бүлдіру, бұзу, зақымдау, деген мағына беріп, құқыққа қарсы іс-әрекетті білдіреді. Орта ғасыр кезеңінде «сыбайлас жемқорлық» ұғымы шіркеулік, канондық мәнді иеленіп, «азғыру», «шайтанның азғыруы» және «күнә» ретінде теологиялық бағытта болды. Латын сөзі «corruptibilitas» адамның бaянсыздығын, бұзылуға бейімделуін білдіреді. Католицизм дін оқуындағы сыбайлас жемқорлық күнәһарлықтың көрінісіне айналды. Италия ойшылы мен саясаткері Н. Макиавелли (1469-1527 жж. ) еңбектерінде сыбайлac жемқорлықты пайымдауға маңызды серпін берілген. Өзінің «Билеуші» атты еңбегінде (1513 ж. ) ол сыбайлас жемқорлықты «жария мүмкіндіктерді жеке басының мүддесіне қарай пайдалану» ретінде анықтады, сыбайлас жемқорлықты алдын ала қиын анықталатын, бірақ жеңіл емделетін, ал ол acқынып кеткенде, анықталуы оңай, бірақ емделуі қиын аурумен салыстырған. Сыбайлас жемқорлықтың пайда болуы aлғашқы деректерінің бірі - Ежелгі Вавилон мұрағаттары (біздің эрамызға дейінгі XXIV екінші жартысы), кейіннен вавилон патшасы Хаммурапидің атақты заңдары (біздің эрамызға дейінгі XIX ғасыр) . Сыбайлас жемқорлық Рим империясы тұсында да нақты айқындалған, ол XII кесте Заңдарында көрініс тапты. Онда «corrumpere» термині соттағы жауап беруді ақшаға алмастыру немесе судьяны параға сатып алу деген мағынада пайдаланылады. Рим империясының құлдырау себептерінің бірі - сыбайлас жемқорлық болған. Сол кезеңде мемлекеттік орындарда, мемлекеттік лауазымдарға тағайындау кезінде парақорлық жайлаған. Ежелгі дереккөздерді талдау сыбайлас жемқорлық мемлекеттік аппараттың туындауымен қатар пайда болған және әртүрлі тарихи даму кезеңінде барлық елдерге сол немесе өзге дәрежеде тән болды. Ежелгі Үндістанда брaхман мектептерінің бірі құрастырған Ману Заңдары мемлекетті басқару және сот өндірісі бойынша өсиеттерді қамтиды. Заңдар судья шенеуніктерін «сот өндірісінің қағидаларын басшылыққа алуға» шақырды және «әділетсіз шешім шығарып, аспанға қол жеткізуді білдіретін мәңгілік рахаттан айырылуға болатынын» есте сақтауды ескертеді. Аристотель «Сaясат» деген еңбегінде сыбайлас жемқорлықты мемлекетті күйретуге әкелмесе де, азғындауына әкелетін маңызды фактор деп атап көрсеткен.

1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың табысын ғалымдар да, практиктер де әлеуметтік мәдениет пен азаматтардың ділінен көреді. Туфан әлем картинасын жасайтын және мәдени дәстүрдің бірлігін бекітетін ойлар мен сенімдердің жиынтығы ретінде ділдік анықтамасын береді. Бұл тәсіл біртұтас ұлт - Қазақстанның біртұтас халқын қалыптастыруға бағытталған елдің стратегиялық міндеттеріне жауап береді. Қазақстан Президенті Н. Ә. Назарбаев белгілеген «Мәңгілік Ел» жалпы ұлттық идеясының құндылықтары қазақстандық қоғамды біріктіруші ретінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті құруда негізін қалаушы болып табылады. Бұл - азаматтық теңдік, еңбекқорлық, ғалым мен білім ғибраты, зайырлы ел - толеранттылық елі сияқты құндылықтар. Еңбекқорлық, ғылым мен білім, толеранттылық құндылықтар ретінде нормативтік құжаттарда ғана емес, халықтың салт-дәстүрінде, мәдениетінде, әлеуметтік ойында, ділінде қаланған. Елдің кең-байтақ аумағында орналасқан халықтың ділі қонақжайлық пен толеранттылық, өзара түсіністік пен өзара көмек, дәстүрлерді құрметтеу, әділдік, білімге талпыну мен еңбексүйгіштік сияқты қасиеттерден қалыптасқан. Л. В. Савинов атап көрсеткендей, «осында [әртүрлі этностық топтар] өзге нысандары ғана емес, сонымен қатар өзге түсінік пен сыбайлас жемқорлықты өзгеше қабылдау бар. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің ұлттық негіздері қоғамның жалқаулық, парақорлық, ұрлық, әділетсіздік және басқалар сияқты кеселдерін айыптау нормаларында көрінеді. Мысалы, әртүрлі этностардың мақал-мәтелдерінде халықтың алақол адамдарға деген теріс көзқарасы көрінеді: «Түйе немесе түйме ұрласа да, ұрының аты ұры», «Ұрлық жасасаң, жазадан қашып құтылмайсың», «Ұрымен дос болсаң, ұяласың, өзің де ұрлық жасайсың», «Ұры ұрлық жасауын қойса да, «ұры» атауы оның қыр соңынан қалмайды», «Арамдықпен еңбек ету, тамақты ұрлықпен тапқанға тең», «Оңай жолмен келген табыс, құт болмайды», «Қайыршының қарны тоймас, ұры бай болмас» (қазақ мақалдары) ; «Арам жолмен келген игілік, пайдалы болмас» (күрд мақалы) . «Ұрлық жасау» осы байлықтың шынайы иесіне айтпастан еңбек етпей баю дегенді білдірмей ме?Ар-намыс пен абыройды сақтау мәселелері қоғамдық және жеке сананың әрдайым ерекше бақылауында болды. Ар-намыс пен адами абыройын сақтау - көптеген халықтың шынайы өмір сүру мәні. Бұл қағидаттар сақталып және ұрпақтан ұрпаққа беріліп, осы күнге дейін өзінің әлеуметтік мәнін жоғалтпаған халық нақылдарынан көрінеді. Мысалы, «Ар-намыс құлы және күш-жігердің қожайыны бол», «Су бәрін жуады, бірақ жан кірін жуа алмайды» (әзірбайжан мақалы) ; «Кінәлі адам ұйықтай алмайды» (башқұрт мақалы) ; «Кедей болсаң да, арың таза болсын», «Түйені жүгі, адамды ар-намысы қинайды» (қарақалпақ мақалдары) ; «Байлық мақсат емес, кедейшілік масқара емес» (қырғыз мақалы) ; «Өмірде бір күн өмір сүрсең де нағыз адам бол», «Адамның байлығы жарты бола берсін, абырой толық болса болғаны» (күрд мақалы) ; «Көйлекті жаңадан, арыңды жас кезіңнен сақта», «Абыройсыздық өлімнен де бетер», рақымды сый-құрмет байлықтан қымбат» (орыс мақалдары) . Ар, намыс, ұят - честь, достоинство, совесть - қазақ жігіттері мен қыздарының жақсы қасиеттері болды. Қаншалықты бағалы екені халық нақылында көрінеді: «байлықты өмір үшін, өмірді абырой үшін құрбан етемін»Осы қарама-қарсы қою жас ұрпақты және халықтың санасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің дәнін егеді. «Орталық Азия мен Қазақстан жағдайындағы еңбек ең алдымен, мал шаруашылығымен, мақта өсірумен, жер өңдеу, бақша өсіру, жібек шаруашылығы, халық қолөнеріне байланысты деп әділ атап өткен. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің элементтерін халықтың өзі шығарған шығармаларда - халық ертегілерінен табуға болады. Ертегі - халықтың арманы, оның керемет қоғам туралы елесі. Ертегілердің көпшілігінде халыққа тән адамгершілік белгілері: отанына деген сүйіспеншілік және оның қорғау, батырлық, зұлымдықпен күресу, еңбексүйгіштік және әділдік, адалдық пен достық, білім мен шығармашылық жинақталған. Ертегілер халықтың мінезін, оның психологиясын, өмірлік ұстанымдарын білдіреді.

2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананың феномені болып табылады. Қоғамдық сананың әртүрлі нысандары бар, олардың көмегімен адамдар оларды қоршаған табиғатты, қоғам мен өздерін сезінеді. Моральдық (адамгершілік) саяси, құқықтық, эстетикалық, діни сана болып бөлінеді. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана» ұғымы қоғамдық сананың барлық нысандарын қамтиды. Бұл интегративті ұғым, себебі ол өзіне әртүрлі ғылым саласынан ақпаратты сіңіреді, әртүрлі оқу пәндерінде зерделенеді және ол туралы білімді тұжырымдауда зерттелетін құбылысты түсінудің жаңа деңгейіне шығады. Осылайша, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана қоғамдық сананың өзге де нысандарымен тікелей өзара байланыста болады және қоғамдық санаға тән барлық қасиеттер және сипаттамаларды меңгереді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана - бұл адамдардың сыбайлас жемқорлыққа әлеуметтік зұлымдық ретіндегі қатынасын білдіретін ұғымдар, теориялар, түсініктер мен сезімдердің, көзқарастар мен эмоциялардың жиынтығы. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананың ерекшелігі оның барлық көрінісінде мүдделер қақтығысына жағымсыз, төзбеушілік қатынастың призмасы арқылы өмірлік болмысты көрсетеді, содан кейін жаңғыртады. Ол жалпыға міндетті мінез-құлық нормаларын белгілеуді талап етеді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана адамгершілік және адамгершілікке жат қылықты, құқықтық және құқықтық емес, заңды және заңсыздықтың шегін көрсетіп береді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана сияқты рухани мәдениеттің интегративті нысаны болып табылады. Мәдениеттің, сонымен қатар адам санасындай басымдықтары да бар, әлеуметтік деп айқындалатын барлығының қалыптасуы мен дамуында атқаратын рөлі де бар. Ақиқатты игеру тәсілі ретінде мәдениет - жекелеген бағалау, нормалар емес, олардың жиынтығы, сомасы емес, керісінше тұтастық ретінде алынған құндылықты элементтер. Мәдениет сана феномені ретінде тұтастықты білдіреді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет өз мазмұнына мәдениеттердің барлық қалған түрлерінің элементтерін қамтиды, бұл олардың тұтастығының жалғыз субъектісі ретінде адамның өзінің табиғатымен байланысты. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің ерекшелігі мәдениеттердің барлық түрлерімен өзара байланыста ғана емес. Оның мазмұны бірінші кезекте құқық пен адамгершілікті қамтиды. Мәдениеттердің барлық түрлері арасындағы диалог олардың арасындағы тығыз байланыстың барын белгілейді, олардың өзара толықтырушы рөлін атап өтіп, күшейтеді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет адамның жоғары моральдық, құқықтық, саяси және басқа мәдениеттер негізінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұра білу қабілетін білдіреді. Тұлғаның сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру мынаны көздейді: - сыбайлас жемқорлықтың мәні, оның мазмұны, мақсаттары, субъектілері, нысандары мен түрлері, іске асыру салалары, қоғам өмірінің барлық саласында көріну ерекшеліктері туралы түсінік; - моральдық-адамгершілік, этикалық мәдениетті тәрбиелеу; - құқықтық сауаттылық негіздерін қалыптастыру; қоғам мүшелерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық уәжін ынталандыру; - мүдделер қақтығысының барлық көріністеріне төзбеушілікті қалыптастыру. Осыған байланысты мыналар қажет: - сыбайлас жемқорлыққа саналы қатынасты, сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқық бұзушылықтарға моральдық «иммунитетті» қалыптастыру және осының негізінде сыбайлас жемқорлықты еңсеру бойынша құзыреттерді дамыту; - Қазақстан азаматтарының мінез-құлқы моделін қалыптастыру, бұл ретте «сыбайлас жемқорлық» сөзінің өзін қабылдамау, адамгершілік тойтарыс, төзбеушілікті туындатуы тиіс; - құқықтық құндылықтарды жоққа шығару, заң мен тәртіпті құрметтемеуді білдіретін құқықтық нигилизмді жою (латынша nihil - ештеңе) ; - құқықтық жаппай оқу арқылы құқықтық білім мен тәрбиені қамтамасыз ету. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбиелеуде заңнаманың сапасы, құқық қолдану нысандары, шарттық міндеттемелерді сақтау, азаматтың құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделерін сотта қорғау да маңызды. Моральдық-құқықтық қағидаттарды білу мен ұтымды конформистік сенімдерді үйлестіру - қоғам өміріндегі тәртіптіліктің қуатты факторы. Қорытындыда сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананың, тіпті сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің деңгейі тұлға мен қоғамның сыбайлас жемқорлықтың тұрақсыздандыру күшін сезіну дәрежесіне байланысты екенін белгілеуге болады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің міндеті - сыбайлас жемқорлыққа нөлдік төзімділікті білім алушы жастардың азаматтық позициясы ретінде бекіту, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға берік иммунитетті нықтау, оларды жария түрде жоққа шығару болып табылады.

3. Осы және тағы басқа өзекті мәселелер туралы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті Сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы Н. С. Жахин Кәсіпкерлер палатасында өткен аймақтық кеңестің кезекті отырысында айтып берді. Жемқорлықтың мысы басым ортада, бизнестің дамуы екі талай екендігі баршаға мәлім. Осыған орай, мемлекеттік сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың сатылы жүзеге асырылуы нәтижесінде, жемқорлықтың алдын алуға бағытталған заңнамалық құжаттардың талаптары күшейтілді. Мәселен, Қылмыстық кодекске енгізілген өзгерістерге сәйкес, жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін бұдан былай заңды тұлғалар да жауапқа тартылатын болады. Ал лауазымды тұлғаларға материалдық сыйақы берген заңды тұлғаларға қарастырылған айыппұлдардың мөлшері 1500 АЕК-ке дейін өсті. «Кәсіпкерлік қызметте сыбайластықтың кең тарағандығын ескерсек, бизнес-ортада сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру күрделі үрдіс, дегенмен оң нәтижеге қол жеткізуге болады. Жұмысшылар арасында жемқорлыққа деген «нөлдік төзімділікті» тәрбилеу үшін компания жетекшілері өздері үлгі болулары тиіс. Егер басшылық мәселенің түйінін пара берумен шешу тиімді санаса, қызметкерлері де бұдан бас тартпайтындықтары айдан анық», - деді Нұрлан Жахин. Өз мүддесін іске асыруда компания ресурстарын пайдаланған жұмысшының әрекетін жемқорлыққа балауға бола ма деген мәселелер де туындады. Өйткені мұндай жағдай лауазымын асыра пайлану болып есептеледі. Сондықтан, бизнес-ортада жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру үшін кәсіпорындар кадрлық құраммен, олардың адамгершілігі мен сана-сезімін арттыру жөніндегі жұмысты жүйелі түрде жүргізулері тиіс. Ұжымдағы жемқорлық мәселелерді басшылық немес меншік иелері іштей шеше алады. Әрине, ішкі ресімдер мен шешімдерді қабылдау регламенттерін жетілдіру үшін біраз уақыт қажет. Кездесу соңында жер қатынастары, құрылыс және өзге де салаларда көрсетілетін мемлекеттік қызметтер, мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл уәкілетті органының қызметіне қатысты, бизнес субъектілері тарапынан туындаған сұрақтардың барлығына баяндамашы тиісті жауаптарын берді.

4. Сыбайлас-жемқорлық құқық бұзушылықты анықтау, болдырмау, алдын алу және өз құзыреті шеңберінде оларды жасаған адамдарды жауапқа тарту, кеден органдарымен жүзеге асырылады. Кеден органдардың лауазымды адамдары заңнама белгілеген мерзімде іс, материал, хаттама жіберген адамға немесе органға жазбаша сыбайлас-жемқорлық қылмыс, әкімшілік құқық бұзушылық туралы көрсетіп-білдіру жіберуге, оларды қарағанның нәтижелеру туралы хабарлауға тиіс. Заңға сәйкес кеден органдар олардың құзырынан шығатын шаралар қабылдауға және жауапты мемлекеттік лауазымда отырған адамдардың жасаған сыбайлас-жемқорлық қылмысын анықтаған әр оқиға туралы құқық статистикасы және ақпарат органдарына дереу мәліметтер жіберуге міндетті.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері
Әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру
Сыбайлас жемқорлық тәртіптің психологиялық тетіктері
Сыбайлас жемқорлыққа ықпал ететін себептер мен жағдайлар
Сыбайлас жемқорлық сананың функциялары
Қылмыстық сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық
Қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің қалыптасуы
Ұлттық құндылықтардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудағы рөлі
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар үшін құқықтық жауапкершілік
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz