Наркоздың жіктелуі
Жоспар
І.Кіріспе.
ІІ.Негізгі бөлім
2.1. Наркоздың жіктелуі.
2.2. Жануарларды наркозға жалпы дайындау.
2.3. Наркозды қолдануға болмайтын кездер
2.4. Наркоздың жалпы техникасы және құралдары.
2.5. Наркоздың өтуі.
2.6. Жылқыға наркоз жасау.
2.7. Ірі қара малға наркоз жасау.
2.8. Ұсақ күйіс қайыратын малға наркоз жасау.
2.9. Шошқаларға наркоз жасау.
2.10. Ит пен мысыққа наркоз жасау.
2.11. Наркоз кезінде және кейіннен болатын асқынулар.
ІІІ.Қорытынды
ІV.Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Жансыздандыру туралы түсінік. ХХ ғасырдың басына дейін жануарларға операция жалпы жансыздандыру жасалмай жасалды. Қатты ауырсыну сезімінің нәтижесінде, мал мазасызданып, операция жүргізу қиындыққа соқтырған, сонымен қатар малда, оташы да қасындағы көмекшілері зақым алатын болған. Аурсыну сезімі қатты болғанда мал операциялық шокқа ұшырап, өлім жағдайларыда кездескен. Көптеген зерттеулер дәлелдеген, ауырсыну сезімі жануарлар организіміне қолайсыз жағдай туғызады. Орталық жүйке жүйесінің қызметі өзгереді, соған байланысты ұлпаның қоректенуі, бүкіл ағзаның және жүйенің жұмысы бұзылады. Барлық үй жануарларының ауырсыну сезімі жоғары, тек құстың сезімталдығы төмендеу. Терінің, көздің, ауыздың, танау қуысының, қынаптың, тік ішектің кілегейлі қабықтарының және т.б. сезімталдығы жоғары. Хирургиялық операция кезінде ауыру сезімін жоюға бағытталған шаралардың жинағын жансыздандыру деп атаймыз. Ауыру сезімін жою солдарын зерттейтін медицина ғылым саласын анестезиология трактің а -- жоқ, aestesis - сезім, logus - сөз, ілім) дейміз. Анестезия терминін 1846 жылы Мортон енгізді. Анестезияға келесі талаптар қойылады: сарынша ауыру сезімін жою, науқасқа қауыпсыз болу, хирургке мол ыңғайлы жағдай тудыру. Қазіргі кездегі анестезиология жетістігінің арқасында жақ-бет аймағындағы барлық операцияларды толық жасауға мүмкіндік болып отыр. Анестезия жалпы, жергілікті, аралас, болып бөлінеді. Жалпы жансыздандыру немесе наркоз - жануарларға есірткі препараттарды енгізу арқылы орталық жүйке жүйесінің қайтымды тежелуі. Есінің, сезімталдықтың бұлшы ет тонусының және кейбір рефлекстердің жоғалуы байқалады. Бірақ сопақша мида орналасқан тыныс алу, 18тамырқозғағыш және тегіс бұлшық еттердің өмірлік маңызы зор орталықтардың тыс қабілеті сақталады.
Наркоздың жіктелуі. Наркоз терең және беткейлік болып бөлінеді. Наркоз қалпына әртүрлі химиялық (наркотикалық) препаратарды енгізгенде келсе - фармакодинамикалық наркоз деп атайды. Орталық жүйке жүйесіне электр тоғымен әсер еткенде - электронаркоз деп аталады. Медицина тәжірибесінде гипноз арқылы гипнонаркоз жасалынады.
Сурет 1
Енгізу жолдарына қарай, яғни таңдалған есірткелік заттың практикалық қолданылу түріне қарай наркозды 2 негізгі топқа бөледі; ингаляциялық (тыныс алу жолдары арқылы)(сурет 1) және ингаляциялық емес (парапульмональдық)(сурет 2). Бірінші түрде ұшқыш ерітінділер (фторотан, хлороформ, хлорэтил, эфир және т.б) немесе газ тәрізді заттарды (циклопропан, азотың закисы, этилен және т.б) тыныс алу жолдары арқылы дем алғызады (инсульфациялық наркоз). Екінші түрде ингаляциялық емес есірткілерді (ксилазин, кетамин, морфий, хлоралгидрат алкоголь, барбитураттар-пентотал-натрий, тиопенталнатрий калипсол т. б.) организмге тыныс алу жолдарынан тыс енгізеді. Кең тараған наркозды енгізу түрі, тез әсер ету және уланбайтын дозасы болу үшін, тамыр ішіне енгізуді қолданады. Кейбір есірткелік заттарды асқазанға, тік ішекке, интраперитональды, сүйек ішіне енгізу арқылы наркоздың белгілі-бір тереңдігін тудыруға болады. Осыған байланысты наркозды тамыр ішіне, оральды, тік ішекті (тамыр ішіне енгізудің бір түрі) және т. б. ажыратады. Сурет 2
Бір препарат енгізілгенде (мысалы гексенал) - таза наркоз, егер бірнеше препараттар енгізсе (мисалы эфир және фторотан) - аралас наркоз, және наркозды бір препаратпен бастап екіншісімен қостаса (мысалы хлорэтилмен бастап ұйықтағаннан кейін этиленмен жалғастырса) немесе бастапқы ингаляция арқылы жіберілгенде (фторотан) ұйықтағанан кейін тамыр ішінен ексек (калипсол) - құрама наркоз деп аталады. Сонымен бірге наркоз бір компонентті (наркоз үшін бір зат қолданады) - хлороформды, эфирлі, хлоралгидратты, пентоталды, морфий, промедол, омнопон т.б. және көпкомпонентті (2 немесе бірнеше заттардан тұратын қоспаны тағайындайды). Мысалы ингаляциялық хлороформ-эфирді наркоз. Кіріспе және базистік наркоздарды да ажыратады. Кіріспе наркозды ауруға қозу кезеңін болдырмау және негізгі есірткінің дозасын азайту амалында, тез ұйықтату үшін жасалады. Алдымен қысқа ұйқыны және сезгіштікті төмендететін (кіріспе наркоз) бір затты қолданады (пентотал-натрий), ал содан кейін есірткі заттың әсері кезінде ұзақ және терең әсер ететін затты қолданады (пентотал - натрий), ал содан кейін осы есірткі затты енгізеді (эфир, хлороформ) осының әсерінен наркоз жалғасып, операция жақсы өтеді. Базис - наркоз - сыртқы наркоз, операцияға дейін, операция кезінде және операциядан кейін бірталай мезгіл әрекет ететін сыртқы наркоз. Базис - наркоз әсеріне қоса негізгі есірткі препараттын енгізеді. Базис - наркозды негізгі есірткі препараттың дозасын азайту үшін қолданады. Әсер етуіне байланысты толық наркоз оны ұзақ мезгілді операциаларда қолданады, толық емес наркоз қысқа мезгілдік операцияларда (буынды орнына салу, абсцессты тілу, құйрықты кесу т. б) пайдаланады. Жануарды қажетті күйде бекемдеу, содан соң жергілікті анестезиялық заттарды операция аймағына инъекциялауды косалқы немесе құрама жансыздандыру (мысалы, рометар тамыр ішіне; оральды немесе ректальды, ал новокаинды жергілікті) деп атайды.
Жануарларды наркозға жалпы дайындау. Осы күнге дейін толық қауіпсіз болатын жалпы жансыздандыру тәсілдері жоқ. Сол себептен операция жасайтын жануардың ағзаларын және мүшелерін толық мұқият зерттеп наркоздың қандай түріне қарсылығы және қолайлығын анықтау қажет. Жануарды наркозға даярлау екі кезеңнен тұрады: 1) алдын-ала дайындау және 2) тікелей наркоз жасардың алдында даярлау. Алдын ала даярлауда есірткелік заттар әсер ететін ағзаларды және мүшелерді толық тексеру. Егер де олардың қызметінде ңұқсан табылса оған лайықты ем тағайындау керек. Алдымен 18-24 сағаттық аштық диета қажет. Ет қоректілердің тамыр ішіне апоморфинді енгізіп, жасанды құсуды шақыру арқылы асқазанды босатуға да болады. Ірі малдардың ішегін, тік ішегін, қуығын босатады. Операция жасайтын күні малды мүлдем суармайды себебі оның қаны сұйықталып операция кезінде және онан кейін қан ұйюы төмендеп қан кетуі қаупі бар. Қазіргі уақытта наркоздың ең маңызды кезеңі фармокологиялық дайындық - премидикация. Ол а) наркоздың жасау техникасын жеңілдетеді, б) есірткенің жағымсыз әсерін жояды, в) қауіпті вегетативті рефлекстерін азайтады және жояды. Премидикацияға есіртке емес бірақ наркозды тереңдету және жақсартату үшін қолданады. Премедикация қолданатын пепараттардың есіртке заттарынан айрашылығы жүйке жүйесінің арнайы бөлімдеріне ғана әсер етеді. Олардың әсерінен наркозға қолданатын есірткелік препараттардың дозаларынан бірталай кемітуге болады.
Премидикациялық заттар келесі топтарға бөлінеді:
1. Седативтік премидикцияның заттары, нейролептиктер (транквилизаторлар; лат. tranquillare - тыныштандыру). Оларға фенотиазин қатарының препараттары - аминазин, трифтазин, пропазин, феназепам, амизил, мепротан, дроперидол, комбелен т. б жатады. Мидың стволдық бөлімінің ретикулярлық формациясы фенотиазин туындыларының әсер ететін орны болып табылады. Онда өзіне тән емес сезімталдық импульстар тежелуімен седативті әсер тудырады. Сонымен қатар бұл заттарды түрегеп тұрған малдарға қолданғанда, оларда қан қысымы төмендеп, мида қан жетіспеушілігінен мал аяқ астынан құлауы (ортостатикалық коллапс) мүмкін. Мұндай малдарға наркоздық препараттарды бұлшық етке, бекемдеген соң енгізгені дұрыс болады. Премидикацияның аса белсенді және жиі қолданылатын препараттары ромпун, рометар (ксилазин). Оларды көбінесе ұсақ үй жанурларына тері астына немесе бұлшық етке қолданады. Әсері жылдам пайда болып, ұзаққа созылады. Ромпун ірі қара малға күшті әсер етеді, седативті - гипнотикалық күйге келтіріп, бұлшық еттердің босаңсуына және ауырсыну сезімінің төмендеуіне (анестезия) әкеледі. Шошқаларға арнайы бутиро-фенол қатарының нейролептигі - азаперон (стреснил) қолданады оны бұлшық етке 4% концентрациясында иньекциялайды. Кәдімгі седация 1-2 мл 10 кг иньекциясында жүзеге асады. Азаперон шошқалардың ызақорлығын басу үшін, тыныштату, ет комбинатына тасымалдау кезінде салмақ жоғалтпау және жолда өлімге ұшрамау үшін қолданады. Жас шошқаларға 20 кг 4 мл-ден тағайындайды. Ол ауыру сезімімен жүретін диагностикалық зерттеулерде, тік ішектің түсуінде және гипертония кезінде қолдануға болады. Азаперонның осындай қасиеттеріне байланысты оның иньекциясынан кейін операцияны жергілікті анестезиямен жүргізе беруге болады.
2. Холинолитикалық заттар. Бұл топтың басты өкілдері - атропин - сульфат, скопаламин, платфилин. Олар бездердің секрециясын тежейді, ларинго - және бронхоспазмды төмендетеді, тыныс алуды қоздырады, осылай коллапс, жүрек және тыныс алудың тоқтауын алдын алады.
3. Анальгетикалық заттар. Ол өз кезегінде екі топқа бөлінеді: есірткелік (морфин, омнопонды промедол, торбуджестик, кодеин, фентацил, тилидин т.б.) және есірткелік емес (анальгин, антипирин, амдопирин). Осы заттар ауырсыну берілу орталығының сезімін есті жоғалтпай төмендетеді. Бұл заттардың мөлшерден тыс берілуі жалпы қозуды шақырады, ал аз мөлшерде тыныс алудың тежелуі байқалады. Тәжірибеде морфинды промедолмен алмастыруға болады, себебі оған бейімделу болмайды.
4. Ұйқы келтіретін заттар. Ингаляциялық наркоз алдында барбитуратар (барбитал, фенобарбитал, барбамил) немесе ниртазепам, метаквалон, хлоралгидрат, бромизовал т.б. препараттарды қолдану.
5. Миорелаксанттар. Анестезиологияның негізгі жетістігі кураретәрізді заттарды бұлшықеттердің босаңсуы үшін қолдану болып табылады.Бұрындары гваякол-глицеринді эфир ұсынылатын осы кезде диплацин, диоксоний, ардуан, дитилин және т. б. препараттар операция кезінде бұлшык етті босансытуға кең қолданылуда.
6. Антигистаминді заттар. Операцияда және ұлпаларға зақым келгенде ұлпалардан гистаминнің көп мөлшері бөлінеді. Ол қанға түскен кезде наркоздың өтуін аурлатады, операцияның жасауға кедергі тудырады. Мысалы, бронхиолдардың, ішектердің, қуықтың, жатырдың тырысуын шақырып, капиллярдарды парезге ұшыратады, қан қысымын төмендетеді, мембрананың өткізгіштігі жоғарылап, қанның ұлпаларға кетуі мүмкін. Осы ауытқулар шоктың даму патогенезінде өте маңызды болып келеді. Антигистаминді препараттардың ең негізгілері димедрол, фенкарол, тавегил, супрастин, кетотифен, циметидин және т. б. Олар тегіс бұлшық еттердің тырысуын жояды, қан қысымын реттейді, домбығу және шок сияқты құбылыстардың алдын алады және қабынуға қарсы әсер етеді. Сонымен қатар седативті, анестезиялық және ұйықы шақырып әсер етеді, премидикацияда қолданылатын литикалық қоспалардың компоненті болып табылады.
Наркозды қолдануға болмайтын кездер. Ірі малдарға, әсіресе ірі қараға жасалатын наркоз ең күрделі және қауіпті болып келеді. Сондықтан терең наркозды тек ерекше жағдайда қолданады. Сонымен қатар кейбір есірткі заттар етке жағымсыз иіс беретінін ескеру керек. Егерде операцияның кезінде қолайсыз жағдай туып, малды союға мәжбүр болсақ хлороформ немесе эфирді наркозды қолдануға болмайды. Безгек ауруы, жүрек-тамыр жүйесінің (эндокардит, миокардит), бүйректің, бауырдың, тыныс алу қызметінің бұзылуы кезінде терең, әсіресе ингаляциялық наркозды қолдануға болмайды. Наркозды кәрі малдарға, жаңадан туған және жас төлге қолданбайды. Арық, буаз және анемиясы бар жануарларға тек қана жергілікті анестезиямен терең емес наркозды қолданауға болады. Тура осындай наркозды ірі қара малдардың аяқ сүйектерінде жарықтар болса қолданады, себебі мал оянған кезде өзіне бұдан артық зақым келтіруі мүмкін.
Наркоздың жалпы техникасы және құралдары. Ветеринариялық тәжірибеде жиі ингаляциялық емес наркозды қолданады. Шприцтер инелер және инъекциялармен енгізуге қолданылатын құралдар пайдаланылады. Ингаляциялық наркоз үшін ең оңайы ашық әдіс. Ол үшін наркоз маскасы мен тамшылдатқыш қажет. Жануардың бет бөліміне сәйкес жасалған маска - сым темірді қаңқасы және 2-3 қабатты дәкеден немесе фланельден жасалады. Сонымен қатар картоннан дайындалған конусты қолдануға болады. Осындай масканың ішіне бір түйір дәке салып, ауа кіру үшін картонның бас жағын кеседі. Ашық әдісте ұсақ малдарды премидикациядан кейін жатқан күйде бекемдейді, танау ішіне вазелин жағып, танауына есірткі зат сіңген масканы жайлап кигізіп, арнайы тамшылдатқыштан хлороформ (секундына 1 тамшыдан) немесе эфир (секундына 2 тамшыдан) тамызады. Наркоздың әсерін тездету үшін тамшылар мөлшерін 2 еселейді. Наркоз кезінде тілді арнайы тілұстағышпен ұстап, ауыз қуысынан тыс бекемдейді. Себебі мал тұншығуы мүмкін.
Наркоздың өтуі. Ең қарапайым ингаляциялық наркоз 4 сатыда өтеді. Бірінші сатысы аналгезия кезеңі. Жануардың аздаған тынымсыздығымен сипатталады, тыныс алу терең бірқалыпты, тамыр соғуы жиі және толық, көз қарашығы кеңейген, көз алмасының қозғалысы еркін. Рефлекстер және бұлшық еттер тонусы сақталған. Екінші сатысы қозу кезеңі, малдың естен тануымен сипатталады. Мидың қыртысы тежеліп, шарты рефлекстердің қызметі төмендеп, сонымен қатар мидың қыртысы астындағы орталықтардың әрекеттері күшейеді. Ауру мал мазасызданады, бұлшық ет тонусы жоғарылайды, қимыл әрекеттері күшейеді. Тыныс алу бірқалыпты, кейде жиі, көз қарашығы кеңейген. Жылқыларда және ірі қара малдарда инстагм (көздің ойнақшауы) пайда болады. Сілекей, бронхиальды және жас бездерінің секрециясы күшейеді, жұту рефлексі жоғарлайды, кейбір наркотиктерде құсуы мүмкін. Тамыр соғысы толық, жиі және аритмиялық, қан қысымы жоғары болады. Малдан еріксіз нәжіс пен зәр бөлінеді. Қозу кезеңі наркоз жібергеннен соң 5-7 минуттан кейін басталып 1-10 минутқа дейін созылады. Әлсіреген және ұрғашы малда бұл кезең белгісіз кейде байқаусыз өтеді. Кейде қозған мал байлаған жіпті үзіп босатылып немесе үстелден жығылып кетеді, жарақаттануы мүмкін, сол себептен бекемдеу мықты болып, көмекшілер малды мұқият қадағалауға міндетті. Наркоз тереңдегеннен кейін мал тынышталады, бұлшық еттері босаңсиды, көздің қарашығы кішірейеді, наркоздың үшінші кезеңіне өтеді. Үшінші сатысы наркоздық немесе хирургиялық ұйқы кезеңі мидың қыртысында және қыртыстың астында толық тежеу болады. Бұл сатының өзін 4 кезеңге бөледі (Гуэделл). Бірінші кезеңде наркоздың әсері тереңдейді, тыныс алуы бір қалыпты, рефлекстер сақталғанымен әлсіз болады, бездер секрециясы және бұлшық еттер тонусы төмендей бастайды. Екінші кезенде бұлшық ет тонусы күрт әлсізденеді, рефлекстер жойылады. Үшінші кезенде рефлекстер жойылған, толық наркоз басталады. Бұлшық еттің қимылы жоғалады, тіл салбырайды, сол себептен арқасымен жатқан малдың тілі көмекейге түсіп тұншықпау үшін оны сыртқа шығарып бекемдеу қажет. Төртінші ең қауіпті кезенде тыныс алу беткейлік болады, кілегей қабықтарының цианозы пайда болады, қан қысымы төмендейді. Көз алмасының ротациясы жойылып, кәдімгі қалпына келеді, қасаң қабығы құрғақтанады, кеңейеді. Өмірге қатерлі құбылыстар туады. Осы кезеңде қарашықтың қалыпты жағдайы өте маңызды: ол кішірейген түрде болса наркоз дұрыс өтіп жатқанын көрсетеді. Қарашық үлкейіп жарыққа сезімталдық пайда болса, онда мадың тынысы тоқтауына қауіп туғаны туралы берілген хабар. Дереу шаралар қолданбаса мал өлімге душар болады. Төртінші сатысы - ояну кезеңі, мидың қыртысы және қыртысының асты тежелуден шығады. Кезіңнің ұзақтығына есірткенің келу және оның келмеуіне байланысты болады. Бірінші жағдайда тыныс алу тоқтап, жүрек жұмысы тоқтамаған кезде, өлімге әкеледі. Екінші жағдайда наркоз берілуі тоқтағаннан кейін I және II сатылардың кері дамуы басталып, рефлекстері қалыптасып, ауырсыну және тактильдік сезімталдықтары орнына келіп, мал есін жинайды. Айта кетерлік басында болғандай күшті қозулық оянған кезде болмайды және толық ояну ұзақ мезгілге созылады. Мына кезеңді қысқарту үшін және есірткелердің интоксикациясынан тез айықтыру үшін антидоттар (ниаламид, тразадон, цефедрин, бемегрид т.б.) қолданады.
Жылқыға наркоз жасау. Хлоралгидраттық наркоз. Хлоралгидраты организмге әртүрлі жолдармен енгізуге болады - күре тамырдың ішіне, оральды және тік ішек арқылы. Біріншісі ең жылдам және орынды. Хлоралгидраттың ерекше қасиеті - оның түрегеп тұрған аттарға жергілікті анестезиямен үйлестіріп, шағын операцияларда қолданылуы. Тап осы наркоздың кемшілігі керекті наркоз тереңдігі уытты дозада ғана жетеді. Сонымен қатар, хлоралгидрат құрсақ бұлшық етін толығымен әлсіретпейді, басқа заттардың қолданылуын талап етеді. Премедикация үшін алдын-ала 20 минут бұрын 1% 5 мл атропин ерітіндісін терінің астына енгізеді. Күре тамырдың ішінен наркоз жасау. Өте баяу күретамырға хлоралгидрат ерітіндісін енгізеді, сақтықты сақтмай, сұйықтық терінің астына өтіп кетсе периваскулярлы және тамыр айналасындағы ұлпалар некрозды дамиды. Хлоралгидраттың қолайсыз әрекетін ескеріп организмде сілтілі - қышқыл тепе-теңдігін, оның гемолитикалық және коагулянттық қасиеттерін жақсарту үшін, еріткіштер ретінде глюкоза ерітінділерін қолдану ұсынылады. Олар натрий-цитраты, физиологиялық натрий-хлорид ерітіндісі және т.б. Хлоралгидрат ерітіндісіне магний-сульфатын қосу арқылы анальгетикалық әсерін күшейтеді. Хлоралгидратты дистилденген суда еріту ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz