Коммуникативтік дағды туралы түсінік


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   

РЕФЕРАТ

Коммуникативтік дағды туралы түсінік. Мейірбикенің коммуникативтік құзыреттілігі

Қабылдаған:

Орындаған:

.

Атырау, 2022ж

ЖОСПАР

  1. Кіріспе бөлім
  2. Негізгі бөлім

А) Коммуникативтік дағды дегеніміз не?

Б) Мейірбикенің коммуникативтік құзыреттілігі

  1. Қорытынды бөлім
  2. Қолданылған әдебиет тізімі

КІРІСПЕ БӨЛІМ

Ортақ әрекеттесудің қажетті шарты - арақатынаc жасау арқылы адамдар арасында жанасу бекітіліп, дамуы, ақпарат алмасуы, бірін-бірі тануы және қоса әрекеттесуі. Арақатынастың негізінде жататын коммуникативтік үрдіс. Яғни акпараттың бір адамнан басқа адамға немесе бір топқа тасымалдануы және бұл хабарды басқалардың қабылдауы.

Медициналық қызметкер де өз міндетін атқару барысында, басқа адамдармен түрлі қарым-қатынас, байланыс, срібат (коммуникация) жасауға мәжбүр болады: оның ішінде - науқаспен, оның туған - туысқандарымен, әріптестерімен, басқа медициналық қызметкерлермен (мейірбикелермен, кіші мейірбикелермен, мекеме әкімшілігімен), т. б. Медициналық қызметкер мен сырқат адамның карым-қатынасының жоғары дәрежеде болуы, маманның кәсіби дамуына үздіксіз әсер етеді.

Қарым-қатынас - адамдардың жанасуы негізінде ақпаратпен алмасуы, бір-бірін қабылдауы және әрекеттесуі. Дәрігср жұмысының нәтижелілігі мен деңгей-дәрежесі, оның білімділігі мен біліктілігіне ғана емес, қарым-қатынас (коммуникативтік) дағдыларына да байланысты екені анық.

Коммуникация - басқа адамдармен байлалысу, қарым-қатынас орнату.

Коммуникативтік дағдылар - медициналық қызметкердің жұмыс барысына байланысты басқа субъектілермсн (адамдармен, науқаспен, оның жақындары және туысқандарымен, әріптестерімен, т. б. ) тиісті дәрежеде қарым-қатынас жасай отырып, медициналық жәрдем шараларьшың тиімділігі мен нәтижесін арттыру.

Қатынасуда субъектІлер (адамдар) сөз, мимика және дене қимылы арқылы, бір-біріне мәлімет тасымалдап, әрекеттеседі. Вербальды коммуникация - адамдардың қатынасу үшін белгі (знак) жүйесі ретінде сөзді қолдануы. Вербалъды емес коммуникация - қатынасу үшін тілден басқа белгілерді қосымша пайдалану (жест, мимика, дауыс ырғағы, көзбен жанасу) . Өзара мәлімет алмасу арқылы қарым-қатынасқа түскен адамдар сұхбаттаса келе, бірін-бірі түсініп, танысады.

Өзара қарым-қатынас жасау үшін, кем дегенде екі адам болуы қажет, олардың әркайсысы субъект ретінде саналады. Коммуникатор - ақпаратты жіберуші адам. Коммуникант (адресат) - ақпаратты кабылдаушы адам. Коммуникация арнасы - жіберушіден қабылдаушыға ақпараттың жүру жолы. Адамдардың өзара қатынасқа түсуі - олардың іс-әрекетіне тікелей байланысты болады. Қажеттілігіне қарай, қатынасқан адамдар әрекеттесіп, өзара мәлімет жинастыра келе, түсінушілік тудыруға тырысады. Қатынасу арқылы адам өз басының ерекшеліктерін, ой-максатын, басқа адамға түсіндіріп, білдіруге ықпал жасайды. Қатынасудың түрлері және даму барысы адамдардын әлеуметтік жағдайына, олардың қоғамдағы орнына, қоғам заңдары мен құқық ережелеріне байланысты болады.

Қатынасу процесінде, адамға тән, көптеген психикалық құбылыстар қатысады. Олар арқылы адам, адамзат жинастырган тәжірибені тұжырымдайды, қолданады.

Коммуникативтік білгерлік (компетенттік) - медициналық қызметкердің басқа адамдармен (науқас, оның жақындары және туыстары, әріптестері, т. б, ) вербальды және вербальды емес тәсілдерді нәтижелі қолдана білуі арқылы карым-қатынас жасау қабілеті.

Қатынасу аркылы адамдар бір-біріне коммуникативтік тұрғыдан әсер етуі мүмкін. Адамдардың бір-бірімен араласуында түрлі әлеуметтік және психологиялық спецификалы коммуникативтік кедергілер байқалуы мүмкін. Оның себептері - қатынасқан адамдардың, бір-бірінен қатты айырмашылығы болуы, оның ішінде: бірін-бірі түсінбеуі және мамандық, саяси, діни, әлеуметтік көзқарастарының болуы. Коммуникативтік кедергілер тек психологиялық негізінде де дамуы мүмкін, олар адамдардың жекеше (индивидуальды) психологиялық ерекшеліктеріне сәйкес келеді.

«Адам өміріндегі ең тамаша нәрсе - оның басқа адамдармен қарым-қатынасы» деп А. Линкольн айтпақшы әрбір есі кіріп, етек жап-қан адам-белгілі бір қоғамның мүшесі болып табылады, ол қандай болмасын сүйікті бір ісімен айналысады, түрлі адамдармен қарым-қатынаста болады.

Жеке адамның өзіндік ерекшелігін бағалау, нені қалайтындығын білу, көңіл күйін қадағалау әрі науқасқа ерекше көңіл аудару - ол әр медициналық қызметкердің міндеті болып табылу керек. Клиникада коммуникациялық дағдыларды тиімді пайдалану - «Ақ халатты абзал жандар» деп атан-ған медициналық қызметкердің парызы деп санауымыз қажет.

Коммуникативтік дағдылар дегеніміз, парыз, адамгершілік, міндет, кәсіби этика туралы ғылымдарды белгілейді. Адамдар арасындағы болатын түрлі қиыншылықты жеңу үшін түрлі кәсіби қызмет дағдыларын кеңірек пайдаланған абзал.

Науқас адамдармен жұмыс жасау - қиын әрі үлкен жауапкершілікті талап ететін қызмет.

Медициналық қызметкердің кәсіби қызметі ауру адаммен байланысты: тірі ағзаларды құрайтын биологиялық жүйелердің ерекшеліктеріне ғана байланысты емес, сонымен қатар қоғамдық байланыстың әр түрлі болуы қайталанбас психикалық көрініс құрайтын тәуелділікке байланысты.

Медициналық қызметкердің мамандығы - ерлік.

Ол төзімділікті, қайсарлықты, жанның тазалығы мен ақыл ойдың ізгілігін, ішкі болмысының негізін қажет етеді, үздіксіз өнегелі қасиеттерін бойына сіңіре білген маман иесі ғана мақсатына жете алады.

Медициналық қызметкер ауру адамға моральдық жағынан да қолдау көрсету қажет. Медициналық қызметкер мен ауру адамдардың арасындағы қарым-қатынас белгілі бір жүйеге түсу үшін медициналық қызметкердің де бойында адами қасиеттер болғаны дұрыс.

Күйзеліске түскен жандардың ең басты емі - жан жылуы екендігін жақсы түсінуіміз тиіс.

Коммуникативтік дағдыларды қолдану үшін науқастарды емдеудің жаңа технологияларын қолданысқа енгізіп, оның нәтижелі болуына көп көңіл бөліп, сапалы көрсеткіштерге қол жеткізуге үлес қосуымыз қажет.

Адам неғұрлым талантты, дарынды болған сайын, ол өзінің еңбегін, шығармашылығын, тапқырлығын үстей береді, сөйтіп оның еңбегі жігерлі еңбек болады.

Медицина қызметкерінің коммуникативті білгерлігі -кәсіби маңызды қасиет. Мамандығына байланысты медициналық қызметкер үнемі және тығыз, қарқынды қарым-қатынас жасауға мәжбүр болады: науқастармен және олардың туыстарымен, жақындарымен, басқадай медициналық қызметкерлерімен (медициналық қызметкер, әріптестері, мейірбикелер, кіші мейірбикелер, мекеме әкімшілігімен т. б) . Тиісті мамандық дәрежеге және табысқа жету үшін медициналық қызметкер қатынасу білгерлігін, басқа адамдармен қарым-қатынас тәсілдерін, үнемі дамытып, жетілдіріп отыруы қажет. Науқаспен тиімді психологиялық жанасу арқылы нақтылы түрде және толық мәлімет жинастыру мүмкіншілігі туады. Медициналық қызметкердің алдында тұрған мәселелердің нәтижелі шешілуі, ауру адаммен сенімділігін және түсіністік жағдайға жетуі, оның қарым-қатынас икеміне, яғни коммуникативті білгерлігіне байланысты.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

Коммуникативтік дағдылар - тиімді қарым-қатынас дағдылары. Мұнда әдетте жатқызады жеңілдігі қарым-қатынас орнату, ұстау, сөйлесу, дағдыларын синтонного қарым-қатынас білу, келісу және көндіруге, өзінің заңды құқықтары. Медициналық қызметкердің коммуникативті дағдыларды жүргізе алу дәрежесі медициналық қызметкердің науқаспен, әріптестерімен жақсы қарым-қатынас құра алуына оң әсерін тигізері сөзсіз. Емхана медициналық қызметкері коммуникативті дағдыларды жоғары дәрежеде жүргізе алса, бұл емхананың да, медициналық қызметкердің де беделін асырады. Сол себепті, медициналық қызметкер басқа медициналық қызметкердің де, өзінің де коммуникативті дағдыларды жүргізу дәрежесін бағалай алуы тиіс. Коммуникативті дағдыларды жүргізу дәрежесін бағалау арқылы, дәрежені одан ары арттыруға мүмкіндік аламыз.

2. Науқас пен медициналық қызметкер арасындағы қарым-қатынас медициналық қызметкер жұмысында өте маңызды орын алады. Медициналық қызметкер мен науқас және оның туысқандары бір-біріне сенім тудыратын қатынас жасағанда ғана ем нәтижелі болуын күмән тумайды. Ал медициналық қызметкер мен науқас арасында дұрыс қатынас болмаған жағдайда, ем нәтижелігіне науқас күмәнданып, басқа медициналық қызметкер таңдауға мәжбүр болады. Науқас медициналық қызметкерге сенім білдірсе, қарапайым емге де күмәнсіз қарайды. Сондықтан, әр медициналық қызметкер және де басқада медицина қызметкерлері науқаспен және оның жақын туыстарымен дұрыс, тиісті дәрежеде олардың сенімділігін тудыратын қарым-қатынас құруы керек. Аурухана не емханада әңгімелесіп отырған науқастар пікірлесе отырып өздерінің сенімін ақтамаған медициналық қызметкер туралы негативті мәліметті таратып жібере алады. Бұл медициналық қызметкердің, бөлімшенің, медициналық мекеме мен ондағы медициналық қызметкерлер ұжымының беделін жоққа шығаруы мүмкін.

3. Медициналық қызметкер өз міндетін атқару барысында, басқа адамдармен түрлі қарым қатынас, байланыс, сұқбат жасауға мәжбүр болады: оның ішінде - науқаспен, оның туысқандарымен, басқа медициналық қызметкерлерімен. Медициналық қызметкер мен сырқат адамның қатынасының жоғары дәрежеде болуы, маманның кәсіби дамуына үздіксіз әсер етеді.

Медициналық қызметкер үшін пациенттің туыстарымен жұмысты дұрыс ұйымдастыру ептілігі зор мән иеленеді. Ең бастысы - науқастың өзіне туыстарынан берілетін байбайламды, аласұруды жою. Медициналық ұжымда өзара қарым-қатынас болады. Өзар қатынас - бұл бір тұлғаны басқасына өзара позициясы, тұлғалық қауымдастық бойынша позициясы. Өзарақатынаста әрқашан «кері байланыс” орын алады. Өзар қатынас қарым-қатынас арқылы жүзеге асады.

Сол немесе басқа қызметті иеленген тұлға белгілі бір жұмысты орындауы тиіс. Іскерлік тәуелділіктің бірнеше түрі болады.

1) іскерлік теңбе-тең қатынас. Бұл жағдайда ұжымның екі немесе бірнеше мүшесі, бірдей құқық пен міндет иеленіп, бірдей қызметтерді атқарады

2) іскерлік бағыныштылық қатынас. Медицинада: субординация принципі - өзара түсіністікке, өзара құрметтеуге, көмекке, жәрдемге, психологиялық түсіністікке негізделген төменнің жоғарырақ тұлғаға қызметтік бағыныштылығы . Бұл медициналық ұжымдағы жұмыстың өзегі болып табылады.

Емдеу мекемесінде даулар кездесіп тұрады . Олардың объективті және субъективті болуы мүмкін. жанжал науқастардың немесе олардың туыстарының «дауға жақын тұлғалар” деп аталатын-истериялық қасиеттері, асоциалды агрессивті мінез-құлқы бар адамдармен қатынаста орын алады. Даулар топ мүшелерінің арасындағы тұлғааралық қатынаста туындауы мүмкін шешімі қиын жағдай.

Әдетте бұған мынадай себептер жетелейді:

  1. топ мүшелерінің қызығушылықтары, мақсаттары, түрткілері, рөлдері арасындағы қарама-қайшылықтардың болуы;
  2. әр түрлі адамдар арасында қарсы күрестің орын алуы
  3. топ мүшелері арасындағы өзараәрекеттің және қарым-қатынастың фондық сипаттамалары ретінде теріс эмоциялар мен сезімдердің пайда болуы және тұрақты басымдығы.

Даулы жағдайда: серіктесті сынап бағалауға; оған жаман ниеттерді жабыстыруға; өзіңнің басымдық белгілеріңді көрсетуге; дауға жауапкершілікке тек серіктесті кінәлауға; оның қызығушылықтарын елемеуге; бәрін тек өз позицияңнан көруге; ызаландыруға, айқайлауға, шабуыл жасауға; серіктестің «жаралы” тұстарын тырнауға болмайды. Дауды шешу үшін ең алдымен оның себебі мен зардаптарын зерделеу, өзіңе өзіңді басқарып, реттеп және кемшіліктерді жоя алатыныңды сендіру қажет. Дәйекті сөз бен байыпты үн - кез келген дауды шешуге қажетті басты элементтер.

Коммуникативтік құзіреттілік - адамдармен өзара әрекет пен қарым-қатынас тәсілдерін білуді, түрлі әлеуметтік топтарда жұмыс істеу дағдыларын, қоғамдағы түрлі әлеуметтік рөлдерді орындауды, өмірдегі нақты жағдайларда шешім қабылдау үшін байланыстың түрлі обьектілерін қолдана алу білігін, мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілінде, халықаралық қатынаста шетел тілінде қатынас дағдылары болуын қарастырады, яғни бірлесіп жұмыс істеуді бағалау, адамдар арасындағы сенімділік, бірін-бірі түсіну, тыңдау, сыйлау, этикет сақтау, дәстүрді білу, дау жан-жалды шеше алу, бұзылған қатынастарды түзету, өз қателігін түсіне білу, топпен жұмыс жасай алу, орындаушылардың жұмысын дұрыс ұйымдастыру, басқару шешімдерін таба алу және қолдана білу қабілеттері.

Медициналық қызметкер - науқас арақатынасының екі түрі белгілі: императивті және диалог. Императивті қатынас - науқастың тәртібін бақылау және белгілі бір әрекет жасауға оны мәжбүрлеу. Императивті қатынастың негізгі ерекшелігі - науқасты мәжбүрлеу мақсаты жасырын емес ашық түрде жүргізіледі. Мұнда әсер ету құралдарына жататындары - бұйрық, нұсқау, талап.

Императивті қатынас түрін қолдану, мақсат және этика тұрғысынан, әлеуметтік әрекет түрлерінде ғана қолайлы болады. Мысалы, төтенше және жедел жағдайларда, команда, бұйрық және тыйым салу арқылы, сырттай бағынышты жағдайды және талапты орындату. Медициналық қызметкер - науқас арақатынасында императивті тәсілді қолдану көбінесе орынсыз және этикаға сәйкес емес болады.

Диалогтық қатынаста науқасқа медициналық қызметкер тарапынан ұстамдылық көрсетіліп, тепе-теңдік жағдайы туады. Өзара әрекеттесудің келесі ережелерін айнытпас орындағанда ғана диалогты қатынасқа нәтижелі түрде жетуге болады:

  • Науқастың өзекті жағдайына өзінің толық көңіл-күйін аудару.
  • Науқас ықпалдарына априорды (алдын ала) сенім білдіріп, оны бағалаусыз қабылдау.
  • Науқасты өзіне тең деп сесптеп, оны «өз жекешелік ойы мен меншікті өз шешімі бар» деп қабылдау.
  • Қатынасуды жеке тұлғалау (персонофикациялау) - қарым-қатынасты, сұхбатты өз атынан жүргізіп, басқалардың пікірлеріне және беделділердің көзқарасына сүйенбей, тек өзінің нақтылы сезімдері мен талаптарын көрсету.

Медициналық қызметкер науқастың ішкі жан-дүниесін, ол ашуда немесе қобалжуда, мұңлы немесе өкініш жағдайында болғанына қарамастан дұрыс қатынас жасауға және дұрыс шешім қабылдауға тиіс. Осыған орай медициналық қызметкердің кәсіби қасиеті ретінде коммуникативтік толеранттылық - яғни сабырлық, аяушылық және т. б. айта кетуге болады. Мейірбикенің коммуникативтік толеранттылығы науқастың жеке ерекшеліктерін, оның ішінде жағымсыз қасиеттерін, оғаш қылықтарын обьективті түрде қабылдауы тиіс. Коммуникативтілік құзіреттілігінің қалыптасуының негізі ретінде қандай да бір әлеуметтік топқа, басқа да адамдармен қарым-қатынас орнатуға мұқтаждықта болу (қажетсіну) . Мейірбикенің коммуникациялық құзіреттілікті қалыптастыратын психологиялық қасиеттер.
Аффилиация (лат. affiliate -қосу, қосылу) - адамның басқа адамдардың қоғамында болуға ұмтылуы. Аффилиацияға бейімдік субъект ықтимал қауіптілігі бар стресс жағдаятына ұшырағанда байқалады. Бұл орайда басқа адамдармен қоғамдастық оның күрделі де қауіпті жағдайда өзін ұстауы мен реакцияларының сипатын тексеріп сынап алуына мүмкіндік береді. Іштей аффилиация бауыр басушылыққа немесе адалдық сезімі ретінде, ал сырттай аффилиация - өзге адамдармен байланыста болуынан көрінеді. Мейірбикенің жұмысында ұзақ уақыт бойы әртүрлі әлеуметтік топтармен іскерлік қарым-қатынаста болғандықтан аффилиация науқастарға немқұрайлы қарауға жол бермейді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тілдік төрт дағды
Оқушылардың коммуникативтік дағдысын айтылым әрекеті ар0ылы қалыптастыру
Жеке тұлға психологиясы
Коммуникативтік дағдылар
Шет тілін оқу әдістемесінің басқа ғылымдармен байланысы
Болашақ жоғарғы мектеп оқытушыларының кәсіби-педагогикалық біліктілігін Университет магистратурасының білім беру жүйесінде қалыптастыру
Ағылшын тілі лексикасының сөздік қорының сипаттамасы
Тілдік тұлға және оның мәдени құзіреті
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПСИХОЛОГИЯ кітабі
Кәсіби біліктілік терминінің анықтамасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz