Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздық деңгейінің өсу себептері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылық министрлігі
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті КеАҚ

Экономика және аудит жоғарғы мектебі

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Жұмыссыздықтың мәні, түрлері және әлеуметтік-экономикалық салдары.

Орындаған: Қуандықова Мөлдір БЭК - 11 топ студенті Тексерген:Кенжин Ж.Б. доктор Phd,аға оқытушы


Орал қаласы - 2020

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

1.ЖҰМЫССЫЗДЫҚТЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.1.Жұмыссыздық және оның түрлері,экономикадағы мәні ... ... ... ... ... ... ... .5
1.2. Жұмыссыздыққа шетел және отандық ғалымдардың көзқарасы ... ... ... ..11
2.ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖҰМЫССЫЗДЫҚТЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13
2.1.Қазіргі даму жағдайы мен оның проблемалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...13
2.2. Қазақстан Республикасының еңбек нарығындағы 2020 жылғы жұмыс көрсеткіштеріне талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15
3.ЖҰМЫССЫЗДЫҚТЫ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ МЕН ОНЫҢ АЛДЫН АЛУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...20
3.1. Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздық деңгейінің өсу себептері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .20
3.2.Қазақстан Республикасының жұмыссыздыққа қарсы мемлекеттік саясаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..23

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...26
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... 28

Кіріспе

Қашанда өзекті мәселелердің бірі жұмыссыздық - еңбек нарығының бөлінбес элементі.Дегенмен,экономиканың тұрақтылығы еңбек нарығында жұмысқа деген сұранысты тудырады.Жылдан - жылға жұмыссыздық деңгейі әр қилы болып келеді.Бір жылы жұмыссыздық деңгейі жоғары болса,келесі жылы төмен болады.Бұл мәселеде көптеген себептерді алға тартуға болады. Ол:мемлекеттің экономикалық деңгейі,халқымыздың әлеуметтік жағдайы,білім деңгейі,инфляция,жұмыс орындарының аздығы немесе жұмысшыларға қойылатын талаптардың жоғарылығы,қатаңдығы,тіптен еңбек шартының өзі де жұмыссыздықтың туындауына әсер етпек .
Қазіргі таңда жоғары білімі бар немесе жоғары оқу орнын тамамдап,өз мамандығы бойынща қызметтерге орналаса алмай жүрген азаматтар қаншама. Бәрінен де күрделі жағдайға келіп тірелетін оқу орнын жаңа бітірген жас мамандар.Басқа қаладан немесе ауылды жерлерден келгендері жұмыс таба алмаса өз жерлеріне қайтып,бірнеше жыл бойы оқып,ауыр еңбекпен алған дипломдары жарамсыз болып қалады.Ал енді біреулері өз мамандықтары болмаса басқа жұмыстарға орналасып,өлместің күнін көреді.Осыдан барып жоғары арнайы мамандығы бар жастардың мейрамханаларда,автокөлік жуу, тағы сол сияқты жерлерде жұмыс істеп жатқандары жиі кездеседі .
Нарық жағдайындағы күрделі мәселелердің бірі жастардың еңбек нарығына тез қалыптаса алмауы.Жалпы жұмыссыздық деңгейінің азаюына қарамастан , кейбір мәселелер шешімін таба алмай отыр .
Қазақстандағы жұмыссыздық мәселесі қазіргі дағдарыс кезіндегі ең негізгі және маңызды мәселе болып табылады.Себебі нағыз әлеуметтік-экономикалық, этникалық проблема бұл - жұмыссыздық мәселесі. Өйткені, адамдар жұмыссыздыққа ұшырап өз қажеттіліктерін қанағаттандыра алмау себебінен әрқилы әлеуметтік те,экономикалық та және тағы да басқа проблемаларға тап болады.
Курстық жұмыстың мақсаты: Жұмыссыздықтың мәнін,түрлері мен себептерін,жалпы жұмыссыздықты реттеу мәселесін анықтау.
Курстық жұмыстың міндеті:
1. Жұмыссыздықтың мәні мен пайда болу себептерін анықтау;
2. Жұмыссыздықты еңбек рыногының элементі ретінде қарастыру және жан-жақты талдау;
3. Жұмыссыздықтың түрлері мен олардың экономикалық өсуге тигізер әсерін қарастыру;
4. Қазақстандағы жұмыссыздық мәселесінің жалпы жағдайын, жұмыссыздық деңгейін, олардың өзіндік ерекшеліктерін қарастыру;
5. Еліміз тарапынынан жұмыссыздықпен күресудің негізгі шараларын және әлеуметтік саясаттың негізгі бағыттарын айқындау.
Курстық жұмыстың құрылымы: зерттеу жұмысы кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1.ЖҰМЫССЫЗДЫҚТЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 1.1.Жұмыссыздық және оның түрлері,экономикадағы мәні.

Жұмыссыздық -- бұл әлеуметтік-экономикалық құбылыс. Жұмыссыздық кезінде экономикалық белсенді халықтың бір бөлігінің мәжбүрлі түрде жұмыс істемейді.
Шеттелдік мамандар жұмыссыздықтың себептерін талдай отырып , оның әртүрлі нысандарын тудыратын нақты факторларын қалады. Жұмыссыздықтың мынадай сан алуан түрлері болады: жасырын, фрикциондық, маусымдық , құрылымдық , техналогиялық және т. б .

1 - кесте жұмыссыздық түрлері.

Жұмыссыздық түрлері

Жасырын жұмыссыздық
Өндіріс пен мемлекеттік аппаратта артық жұмыскерлерді қолданған жағдайда орын алады . Шын мәнінде , олардыңжұмысына аз ғана жұмыс күшімен орындауға болады

Фрикциондық жұмыссыздық
Еңбек нарығында бос жұмыс күші туралы ақпарат жорқтығының нәтижесінде болады .

Техналогиялық немесе өтпелі жұмыссыздық
Адамдарды машинамен ауыстыру нәтижесінде болады ,ол жұмыскерден кәсібін өзгертуді немесе мамандықты игеруді қажет етеді .

Маусымдық жұмыссыздық
Ауыл шаруашылығының кейбір саласында ,әсіресе қайта өңдеу өнеркәсібінде жұмыс күші тек маусымдық кезеңдері қолданылғанда болады .
Құрылымдық жұмыссыздық
Өндіріс қуатының жетіспеуінің нәтижесінде ,сондай - ақ жынысының , жасының , ұлтының , мамандығының және басқа жеке қасиеттерінің ерекшеліктеріне байланысты жұмыс таба алмаған жағдайда болуы мүмкін .

АҚШ Конгресінің , экономикалық статистика комиссиясының жұргізген зерттеуінің мәліметі бойынша қазір шет елдерде жұмыссыздықтың 70 - ке жуық нысандары және олардың болуының ерекше себептері бар екен. Батыс елдерінің мамандары жұмыссыздық нысандарын 2 үлкен негізгі топқа бөледі . Біріншісіне - жиынтық сұранымының жетіспеуіне байланысты болатын , соның ішінде ең алдымен цикілдік жұмыссыздықты жатқызады . Екіншісіне - жиынтық сұранымын өзгеруіне байланыссыз болатын - жұмыссыздықты ( фрикциондық , құрылымдық ,технологиялық және басқа нысадары ) жатқызады .
Біздің елдегі жұмыссыздықтың негізгі нысандары жасырын және функционалдық жұмыссыздық болып табылады . Нарық қатынастарының қалыптасу барысында жасырын жұмыссыздық ашық жұмыссыздыққа айнала бастады .1992 жылы жасырын жұмыссыздықтың ауқымы кеңи түсті . Осы аталған жылдың желтоқсан айының өзінде - ақ 138 мыңға таяу адамы бар 160 кәсіпорындар жұмыссыз тоқтап тұрды . Осындай кәсіпорындардан 2 мыңнан астам жұмыскер еңбектен босатылды , 25 мың адам еріксіз демалысқа жіберілді .
Жұмыссыздықтың зардабын бәсеңдететін факторлардың бірі ғылыми - техникалық прогрес . Ғылыми - техникалық прогрес , жаңа қосымша жұмыс күшін қажет ететін жаңа өндіріс түрлері мен шаруашылық салаларын тудырады , ол материалдық өндіріс саласында еңбек етуге қабілеті бар тұрғындарды жұмыспен қамтуды көбейтеді . Жалпы , ғылыми - техникалық ревалюция жағдайында жұмыспен қамтуды тұрақты түрде өсіру , негізінен, өндірістік емес салалардың дамуы арқылы жүзеге асырылады . Оның ұлғаюы , тұрғындардың әртүрлі қызмет тұрлеріне деген шығынның тез өсуімен және халық шаруашылығының орташа көрсеткішіне қарағандағы жоғары еңбек ауқымдылығымен сипатталады . Мысалы , 80 - шы жылдары жұмыспен қамтуды көбейтуде өндірістік емес саланың үлесі АҚШ пен Жапонияда 80 -90 % , ал Батыс Европада 100 % құрады .
Қандайда жұмыссыздық болмасын қоғамдағы аса ауыр экономикалық және әлеуметтік қайшылық . Батыс елдерінде жұмыссыз болу - тек қана жұмысты жоғалту ғана емес,сонымен бірге адам өзінің ар - намысын , абырой - беделін жоғалту деп те есептеледі .
Шетелдердегі бағалау бойынша,жұмысты жоғалту,өзінің қасірет - жағынан жақын туыс адамның өлімі немесе түрмеге түсуден ғана кейін тұрады екен.Кәсіпорынның жұмысының түпкі нәтижесінен тәуелсіз , жаппай жұмыспен қамту жұмыскерлердің өндіріс тиімділігін арттыруға деген жеке мүдделіліктеріне кері әсер етті , олардың өндірісті басқарудан шеттелуіне әкеліп соқтырды . Осының бәрі еңбек тәттібінің шұғыл құлдырауына үлкен экономикалық шығындарға жол берді . Бұдан тиімді түрдегі жұмыспен қамту жолы еңбек нарығында жатқаны айқын бола түседі . Еңбек нарығы - бұл жұмыс күшін ( адамның еңбек ету қабілеті ) тауар түрінде сату - сатып алуға байланысты болатын экономикалық қатынастар жүйесі . Еңбек нарығы жоғары квалификациялы еңбектің беделінің сөзсіз көтерілуіне әсер етеді , осының арқасында әрбір жұмыс орнының бағасы артады , жұмыскерлерге және олардың еңбегінің сапасына деген талап күшейеді.
Еңбек нарығына барынша қабілетті және іскер жұмыскерлерді қатал , аяусыз түрде іріктеу тән . Олар жалқауларды , әлсіздерді және еңбек етуге қабілетсіздерді аямайды . Еңбек нарығы жұмыс күшін толық бағалауды қамтамасыз етеді , оның жоғары жылжымалылығына , қозғалысына , ширақтығына себепші болады , іскерлік пен белсенділікке ынталандырады . Нарықта жұмыс күшіне сұраным мен ұстаным заңы әрекет етеді , ол еңбекке төленетін ақының шамасын белгілейді . Бұл жерде жұмыс күшін сатушылар мен сатып алушылар кездеседі . Өзінің жұмыс күшін , яғни еңбек ету қабілетін ұсынушы жұмыскерлер сатушылар болып табылады , еңбек ұжымдары мен кәсіпкерлер жұмыс күшінің сатып алушылары болады . Бір сөзбен айтқанда , еңбек нарығын мойындау жұмыс күшінің әлеуметтік - экономикалық табиғатын және оның өндіріс құрал жабдықтарымен қосылу тәсілін түбегейлі өзгертеді . Қазіргі біздің экономикамызда жұмыс күшінің тауартабиғатыжөніндегі ғылыми дау
негізінен аяқталды деуге болады . Еңбек нарығының әрекет ету жағдайында жұмыс күші тауарға айналады , ал оны өндіріс құрал жабдықтарымен қосу нарықтық тәсілмен - сату - сатып алу арқылы жүзеге асады .
Егер де жұмыс күші тауар болса , онда оның құны туралы сұрақ туады. Ол қалай анықталады және қазіргі кездегі оның шамасы қандай ? Жұмыс күшінің құны , оны қайта өндіруге қажетті өмір сүру құралдарының құнымен анықталады . Әзірше , дүние жүзінің көтеген елдеріне қарағанда біздің елімізде адамның еңбегі , оның жұмыс күші төмен бағаланады . Мысалы , Швейцарияда дір сағаттық еңбек - 30 , Германияда - 28 , Австрияда - 22 , Францияда - 15 доллар тұрады . Біздің есебіміз бойынша бұл көрсеткіш , қазіргі таңда Қазақстанда , орта шамамен 0,10 доллар ( инфляцияның деңгейін ескеру керек ) құрады .
Толық жұмысбастылық ұғымына анықтама берудің алдында жұмыссыздықтың 3 түрімен танысуымыз керек . Олар : уақытша , құрылымдық және цикілдік .

Уақытша жұмыссыздық.

Кейбір адамдар өз мамандықтары бойынша қызмет түрлерін таңдау мүмкіншіліктері бар кезде " жұмысаралық " жағдайда қалады . Кейбіреулерін жұмыстан шығарып жіберіп , олар басқа жұмыс орнын іздеп жүреді .Басқа біреулер тұрақты жұмысын жоғалтқандықтан уақытша жұмыссыз болады ( мысалы , құрылыстағы қолайсыз жағдайы ) . Сонымен қатар жастар арасында алғаш рет жұмыс іздеп жүрген адамдар санаты болады .
Осы жұмыссыз адамдар жаңа жұмыс орнына немесе уақытша жоғалтқан жұмысқа қайтып келген кезде , олардың орнын басқа жұмыссыздар басады . Сондықтан , әр түрлі себептермен жұмыссыз қалған адамдар санаты құрамын өзгертсе де , осы жұмыссыздық типі қала береді . Жұмыс іздеп жүрген немесе жұмыс орнының алуын күтіп отырған адамдарға экономистер уақытша жұмыссыздар деген термин қолданылады ( Ол жұмыстың қайта жаңғыруымен немесе іздеумен байланысты )
Уақытша деген анықтама бұл құбылыс мәнін нақты көрсетеді : еңбек нарығында жұмыс орны мен жұмыс күші арасындағы сәикестілік орындалмайды . Уақытша жұмыссыздар еңбек нарығына ұсынатын білімдері бар деп есептелінеді .
Уақытша жұмыссыздық міндетті және ерікті болып бөлінеді . Жұмысшылардың көпшілігі жұмысаралық жағдайға өз еркімен түседі , олар - өздерінің төмен жалақылы жұмыстарын жоғары жалақылы жұмысқа араластырады . Бұл жұмысшылардың өздеріне үлкен табыс әкеледі және еңбек ресурстарының ұтымды пайдасын арттыру дегенді білдіреді . Яғни , жалпы экономикадағы нақты өндіріс көлемінің ұлғаюы .

Құрылымдық жұмыссыздық.

Уақытша жұмыссыздық ақырындап "Құрылымдық жұмыссыздық " деп аталатын екінші санатқа ауысады . Экономистер " құрылымдық " терминін құрамдық деген мағанада қолданды. Уақыт өте келе технология мен -сұраныс құрылымында өзгерістер болды , олар өзалдына еңбек күштеріне жиынтық сұраныс құрылымын өзгертеді . Осы өзгерістердің нәтижесінде кейбір мамандықтарға деген сұраныс азаяды немесе мүлде жойылады . Басқа мамандықтарға , соның ішінде жаңаларына сұраныс көбейеді . Бұл жағдайда еңбек күші еңбек орындарының құрылымындағы жаңа жаңа өзгерістерге бірден және толық жауап бере алмағандықтан жұмыссыздық пайда болады . Кейбір қызметкерлердің өздерінің мамандық тәжірибелері нарық сұранысына сәйкес келмейтіндігіне көздері жетеді ; олардың тәжірибесі мен іскерлігі технология мен сұраныс сипатында болған өзгерістерге байланысты ескіріп , керексіз болып қалады . сонымен қатар жұмысбастылықтың географиялық құрылымы әрдайым өзгеріп отырады . Бұдан соңғы 10 жылда байқалған жұмыс орындарының "қысқы белдеуден " - " жазғы белдеуге " миграциясы мысал бола алады .
Уақытша және құрылымдық жұмыссыздық арасындағы айырмашылық анық емес . Уақытша жұмыссыздар да " сатуға болатын " тәжірибе бар , ал құрылымдық жұмыссыздар жаңа жұмыс орнына орналасуы үшін арнайы оқу курсын өтуі керек , ал кейде тұрғын жерін де ауыстыруы керек . Уақытша жұмыссыздық қысқа мерзімді , ал құрылымдық жұмыссыздық ұзақ мерзімді , сондықтан ол қауіпті болып саналады .
Циклдік жұмыссыздық .

Циклдік жұмыссыздық құлдырау кезеңінде , яғни жалры немесе жиынтық шығындардың жетіспеушілігімен сипатталатын кезеңдепайда болады . Тауарлар мен қызметтерге жиынтық сұраныс азайғанда , жұмысбастылық төмендейді , жұмыссыздық өседі . Сол себепті циклдік жұмыссыздықты кейде " сұраныс тапшылығына байланысты жұмыссыздық " деп атайды .

Жұмыссыздық белгілі бір жастан асқан жұмысы жоқ, қазіргі уақытта жұмысқа жарамды және осы кезеңде жұмыс іздеуші тұлғалар контингенті (саны) ретінде анықтауға болады. Жұмыссыздық әртүрлі себептер бойынша туындайды, оны келесі бірнеше топтарға бөлуге болады:
* Жалпы сұраныстың жеткiлiксiз деңгейi (циклдық жұмыссыздық);
* Сұраныс құрылымының өзгеруi (құрылымдық жұмыссыздық);
* Ұсыныс факторларымен байланысты жұмыссыздық (табиғи жұмыссыздық).
Еңбек рыногындағы сұраныстың жеткiлiксiз деңгейi болғанда циклдық жұмыссыздық орын алады. Тағы да жұмыссыздық сұраныс құрылымындағы өзгерiстердiң болуымен байланысты.

Ұсыныс факторларымен байланысты жұмыссыздықтың бiрнеше түрлерi бар. Бiрiншi түрi -- технологиялық жұмыссыздық. Жаңа технологияны енгiзгеннен кейiн жұмыс орындары қысқарады. Сондықтан жұмыссыздық пайда болады. Екiншi түрi фрикциондық жұмыссыздық болып табылады. Бұл жұмыссыздық адамдардың бiр жұмыс орнынан екiншi жұмыс орнына ауысуымен байланысты болады. Үшiншi түрi мәжбүрлi жұмыссыздық. Адамдардың еңбекке жарамсыздықтың салдарынан жұмысқа орналасу қиыншылыққа түседi. Осы кезде мәжбүрлi жұмыссыздық пайда болады. Ұсыныс факторларымен байланысты жұмыссыздықтың тағы бiр түрi -- ерiктi жұмыссыздық. Бұл адамдардың жұмыс iстеуге стимулы немесе тiлегi жоқ екендiгiн бiлдiредi. Бесiншi түрi -- реалды жалақымен байланысты жұмыссыздық немесе классикалық жұмыссыздық.
Жұмыссыздықтың пайда болуының бiр себебi -- жалақының қаталдығы. Яғни, еңбек нарығындағы сұраныс пен ұсынысқа байланысты жалақының икемдi өзгеруге қабiлетсiздiгi.Төмендегi суретте жалақының қаталдығы жұмыссыздыққа әкеп соғатыны көрсетiлген. Егер нақты жалақы деңгейi ұсыныс пен сұраныс тепе-теңдiгiнен жоғары болса, онда еңбек рыногында еңбек ұсынысы сұраныстан көп болып келедi. Сондықтан бос жұмыс орындарының саны жұмыссыздардың санымен сәйкес келмейдi,
Мұндай жұмыссыздықты күтiм жұмыссыздық деп атайды. Яғни, жұмысшылар жұмысты iстегiсi келмегендiктен емес, осы жалақы деңгейiнде еңбек ұсынысы еңбекке сұраныстан көп болғандықтан жұмыссыз болады. Жұмыссыздар жұмыс орын табу мүмкiндiгiн күтедi.
Жұмыссыздықтың себептерiн қарастыра отырып, оның әлеуметтiк-экономикалық салдарын атап кетуге болады. Бiрiншiден, қоғамның еңбек ресурстарының толық пайдаланбауы. Адамдардың өмiр сүру деңгейi төмендейдi, жұмыспен қамтылғандардың еңбек жалақысының көлемiне қысым жасалады. Жеке адамның өзiнiң мамандығын өзгерту үшiн немесе мамандығын қайта даярлау үшiн шығындары көбейедi.

Жұмыссыздықтың динамикасына әсер ететiн факторлардың негiзгiлерi мыналар:

# Демографиялық факторлар: халықтың туу және өлу, жастық құрамы, адамдардың орташа өмiр сүру ұзақтығы және басқа да көрсеткiштерiнiң өзгеруiнiң нәтижесiнде экономикалық белсендi халықтың көлемiнiң өзгеруi;
# Техникалық -- экономикалық факторлар: ғылыми техникалық прогресстiң қарқыны мен бағытының дамуы жұмыс күшiнiң аз мөлшерде пайдаланылуына алып келедi.
# Экономикалық факторлар: ұлттық өндiрiстiң жағдайы, инвестициялық активтiк, қаржы-несие жүйесi, баға деңгейi және инфляция. А.Оукеннiң заңы бойынша жұмыссыздық деңгейi мен жалпы ұлттық өнiм көлемiнiң арасында терiс байланыс бар дейдi. Яғни, жұмыссыздықтың күрт көтерiлуi жалпы ұлттық өнiмiнiң нақты көлемiнiң азаюымен байланысты. Жұмыссыздық бiр процентке көтерiлгенде, нақты жалпы ұлттық өнiм екi процентке төмендейдi. Жыл сайын жалпы ұлттық өнiмнiң (ЖҰӨ) көлемi 2,7% өскенде, жұмыссыздардың үлесi тұрақты қалыпта болады. Демек, ЖҰӨ 3%-ке өсiп тұрмаса, онда жұмыссыздардың үлесi көбейедi.
# Ұйымдық-экономикалық факторлар: кәсiпорынның ұйымдық-құқықтық нысанының өзгеруi, мемлекеттiк меншiктi жекешелендiру, кәсiпорынды акцияландыру және т.б. кәсiпорындағы өзгерiстер жұмыссыздыққа қатты әсер етедi.

1.2.Жұмыссыздыққа шетел және отандық ғалымдардың көзқарасы.

Жұмыссыздық - еңбек нарығының біртұтас элементі болып табылады. Жұмыссыздық өте күрделі құбылыс және қоғам даму барысында әр түрлі экономикалық мектептердің көзқарастары әр түрлі болған. Батыс ғалымдардың пікірі бойынша,адамды жұмыссыз деп есептегенде ол тек жұмыстан айырылып қана қоймай ,өзінің абыройын да жоғалтады.

2-кесте. Жұмыссыздыққа шетел және отандық ғалымдардың көзқарасы.

Шетелдік ғалымдардың жұмыссыздыққа көзқарастары
Отандық ғалымдардың жұмыссыздыққа көзқарастары.
Ең алғаш жұмыссыздықты түсіндіру туралы ағылшын экономисті Т. Мальтустың "Халықтың өсу тәжірибесі" еңбегінде көрсетілген. Мальтустың айтуы бойынша жұмыссыздық демографиялық себептерге әкеліп соғады, соның нәтижесінде халықтың өсуі қарқыны өндірістің өсу қарқынынан асып түседі.Ағылшын экономисі Томас Мальтустың (1766-1834) атымен байланысты мальтузияндық теория жұмыссыздық мәселесінің туындауын елдегі халық санының өсуімен байланыстырады.
М.С.Садырова,Н.А.Айтов,З.К.Шаукенов а,Н.Ө.Шеденова жастар мәселесіндегі жұмыссыздық пен жұмысбастылық,кедейшілдік теорияларын зерттеген.
Неоклассикалық теорияның көрнекті өкілі А.Пигу 1923 жылы жариялаған Жұмыссыздық теориясыеңбегінде осы мәселенің қыр-сырын басқаша түсіндіре алды, яғни неоклассиктердің ойынша,жұмыссыздықтың басты себебі болып жалдамалы жұмыскерлердің өз жұмыс орындарын ерікті түрде таңдауы табылады. Жұмысшылар аса жоғары жалақыға ғана жұмыс істеуге дайын , сондықтан жұмыс күшіне деген сұраныс төмендейді.

М.С.Әженов,М.М.Тажин,А.Б.Алтынбеков жұмыссыздық пен жұмысбастылық туралы теориялық зерттеулер жүргізген.
Жалпы К.Маркс жұмыссыздықты өзінің "Капитал" еңбегінде зерттеп қарастырған. Ол айтып кеткен, техникалық өрлеумен өндіріс жабдықтарының көлемі мен бағасы өседі, жан басына шаққанда 1 жұмысшыға. Бұл жағдай Марксті сенгіздіреді, экономикалық өркендеу капиталды жинақтау қарқынынан еңбекке деген сұранысқа әкеп соғады, осыдан келіп жұмыссыздық себептері көрінеді. Бұл трактовка байланыссыз болып есептеледі, егер жұмысшы күшіне сұраныс өссе, онда жұмыссыздық жойылады, немесе ең болмаса қысқарады, капитал жинақтаудан одан әрмен жоғары қарқынмен (нақтаудан одан әрмен) болады.

Дж.Хилладж бен Е.Полард жұмыссыздық пен еңбек нарығының саясаты жөнінде зерттеулер жүргізіп,жұмысқа орналасу әртүрлі компоненттерден тұратын күрделі өзара әрекеттің нәтижесі ретінде түсінуге болады деген тұжырымға келеді.

Дж.М. Кейнс неоклассикалық теорияның негізгі сыншысы болды. Мәжбүрлі жұмыссыздық тұжырымдамасын алғашқы егжей-тегжейлі әзірлеуге дәл осы адам сенеді.

Неоклассикалық синтездің көрнекті өкілдерінің бірі П.Самуэльсон жұмыссыздықты оның пайда болу себептері бойынша фрикциондық, құрылымдық және циклдік деп бөлуді ұсынды . Себептерге байланысты оларға онымен күресу шаралары ұсынылды - халықтың жұмыспен қамту мүмкіндіктері туралы хабардарлығын арттыру; тапшы мамандықтар бойынша кәсіби дайындықты жетілдіру және жұмыссыздарды мемлекеттік қорғау деңгейін төмендету; қоғамдық жұмыстарды жүргізу. Самуэлсонға жұмыссыздықты қазіргі қоғамның орталық проблемасы ретінде түсіну тән.

Дж.Гэлбрейт сияқты институционалистің пікірінше, жұмыссыздық ұғымы жылдар өткен сайын өзінің бұрынғы мағынасын жоғалта бастайды, өйткені қоғам құрылымынан шығып қалған адамдар, мысалы, күнделікті жұмысы автоматтандырылған, біліктілігі жоқ жұмысшылар, жұмыссыздар қатарына қосылады.

Жоғарыда келтірілген кестеде жұмыссыздық туралы ойлардың пайда болуына септігін тигізген ғалымдардың еңбектеріндегі басты ойлар мен қарастырылған мәселелері жинақталған. Осы кестеден жұмыссыздықтың бірден қалыптаспағанын анық көруге болады.Жұмыссыздықтың себептері халық санының өсуінен,жалдамалы жұмыскерлердің өз жұмыс орнын ерікті түрде таңдауы екендігі белгілі болды.

2. Қазақстандағы жұмыссыздықтың қазіргі жағдайы.
2.1.Жұмыссыздықтың қазіргі даму жағдайы мен оның проблемалары.

Егеменді Қазақстанда жаңа экономикалық жүйенің қалыптасуымен, нарықтық қатынастарға көшумен байланысты еңбек ресурстарын жаңа талаптарға сай пайдалану маңызды және күрделі мәселе болып табылады. Әсіресе, алдағы уақытта демографиялық процестердің біршама шиеленісуіне байланысты және еңбек сапасына деген талаптар дүниежүзілік бәсекелестік артуына байланысты.
Қазақстан Республикасында еңбек нарығындағы жұмыссыздық - еңбек ресурстарын жұмыспен қамту, нақты бүгінгі күннің талабына сай, еңбек нарығын қалыптастыру - өзінің шешімін күтіп тұрған мәселердін ең бір бастысы.
Жұмыссыздық - елдегі еңбекке қабілетті тұрғындардың бір бөлігі өзіне пайдалы еңбекпен айналысатын кәсіп таба алмай дағдаратын әлеуметтік-экономикалық құбылыс. Кез келген қоғамдағы экономикалық даму барысында тұтыну тауарларының сұранымы құрылымында және өндіріс технологиясында маңызды өзгерістер болады. Бұл өзгерістер өз кезегінде жұмыс күшіне жалпы сұранымның құрылымын да өзгертеді. Осындай өзгерістерге байланысты кәсіптердің кейбір түрлері азаяды не қысқарады‚ ал басқа бір түрлері көбейеді. Қоғамдағы жұмыссыздықтың пайда болу себебі жұмыс күшінің осы өзгерістерге баяу ыңғайланатындығына және оның құрылымының нақты жұмыс орнына сай келмейтіндігіне байланысты болады.

3-кесте - Қазақстан Республикасының еңбек рыногының негізгі индикаторлары (2018 жыл - 2020 жыл).

2018
2019
2020
Экономикалық тұрғындар белсенді халық, мың адам
1,6
1,9
8,7
Жұмыспен қамтылған халық
8,7
8,68
8,713
Жалдамалы қызметкерлер
75,8
6,7
8,9
Өз бетінше жұмыс істейтін қызметкерлер
89,7
70,9
62,5
Жұмыссыздар
142,3
172,7
222,4
Жұмыссыздық деңгейі
4,8
4,9
4,8
Жастар жұмыссыздығының деңгейі
6,5
88,7
3,9

Кестеден көріп отырғанымыздай, экономикалық тұрғындар белсенді халық саны 2018 жылы 1,6% құрады, ал 2019 жылы - 1,9% , 2020 жылы -8,7 мың адамды құрады. Жастар жұмыссыздығының деңгейі 2018 жылы 6,5 % құрады, 2019 жылы 8,7 % төмендеген, 2020 жылы 3,9 % төмендеген.
Қазақстанда жұмыссыздықтың әр түрлі түрлері байқалады.Мысалы,табиғи және циклдік жұмыссыздық.Мамандық немесе біліктілік бойынша еңбек нарығындағы сұраныстың сәйкес келмеуіне байланысты өтініш берушінің жұмыс табуға мүмкіндігі жоқ.
Нәтижесінде елімізде жұмыссыздық деңгейі 2018 жылы 4,9%,2019 жылы 4,8%,2020 жылы 4,8% құрады (2 сурет).

2-Сурет . ҚР 2018 - 2020 жылдардағы жұмыссыздық деңгейі
Елімізде жұмыссыздық деңгейі 2018 жылы 4,9% құраса,ал 2019 жылы 4,8% - ды құрады,ал 2020 жылы 4,8% - ды құрып отыр. Жұмыссыздардың саны 2018 жылмен салыстырғанда 2019,2020 жылдары 0,1% - ға азайған.

2.2. Қазақстан Республикасының еңбек нарығындағы 2020 жылғы жұмыс көрсеткіштеріне талдау.
Жұмыссыздық - барлық қоғамда болып тұратын құбылыс.
Қазақстандағы жұмыссыздардың 30%-і қызметке орналаса алмаған немесе компанияның банкротқа ұшырауына байланысты жұмыстан шығып қалған. Тағы 40%-і қызметінен өз еркімен кеткен немесе отбасы жағдайына байланысты жұмыс істемейді.
Қазақстанда 2020 жылдың алғашқы жартыжылдығында жұмыссыздық деңгейі 4,8% болды.
Елімізде жұмыссыздар саны 442,4 мыңға жетіп, өткен жылмен салыстырғанда 0,1% азайған. Осы жылдың бірінші жартыжылдығында қалада тұратын жұмыссыздар саны 266,1 мың болса, ауыл тұрғындарының 176,3 мыңы жұмыс істемейді(2020 жылғы статистикалық мәліміттер).
Елімізде жұмыс істемейтін әйел саны - 238,4 мың, ерлер - 204 мың.
Жұмыссыз жүргендер Алматыда көп, барлығы - 51,5 мың адам. Сонымен қатар халық тығыз орналасқан Алматы облысы мен Түркістан облысында да жұмыссыздық басым. Алматы облысында 48,1 мың адам, Түркістан облысында 41,6 адам жұмыс істемейді.Бұл аймақтарда жұмыс күші артық,онда өзін-өзі жұмыспен қамту кең таралған, ал жұмыссыз халықтың дайындық деңгейі жұмыс берушілердің қажеттіліктеріне сәйкес келмиді.
Сонымен қатар, жұмыссыздықтың жоғары деңгейі елдің батысында Атырау және Солтүстік Қазақстан облысында тіркелді.
Жылдың алғашқы 6 айында Нұр-Сұлтанда жұмыссыздар қатары күрт өскен. Өткен жылы мұнда ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасындағы экономикалық циклдер: инфляция мен жұмыссыздықтың байланысы
Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздық және оның себептері мен формалары жайлы ақпарат
ИНФЛЯЦИЯ ЖӘНЕ АҚША
Инфляцияның даму факторлары және оның әлеуметтік - экономикалық салдарлары
Инфляцияны ауыздықтау және тоқтату жолдары
Инфляцияның әлеуметтің экономикалық зардаптары
Жұмыссыздық деңгейін анықтау
Қазақстан Республикасындағы жұмыспен қамту
Жұмыссыздық. Қазақстандағы кедейшіліктің басты себебі
Қазақстан Республикасындағы инфляциялық жағдайды талдау
Пәндер