Өлеңнің негізгі идеясы - қазақ қауымына озық мәдениетті елдерді үлгі етіп көрсету
2-Дәріс тақырыбы:Ыбырайдың білім мазмұны мен ұйымдастырылуы
Оқу нәтижелері
Студент:Тақырыптағы кілт сөздердің анықтамасын біледі,
Дәріс мәтініндегі материалдардың қолданыс аясын,т.б. толығымен түсінеді;
Дәріс мәтінінен алған рухани,мәдени, тәрбиелік құндылықтарды: адамгершілікті,діни,моральдық,тарих и,адамзаттық мәселелерді бағалайды;
Теориялық материалдар бойынша коммуникативтік қарым-қатынас жасау дағдысы қалыптасады.
Дәріс жоспары
1.Пәндер
2. Ұзақтылығы
3. Нәтижелілігі
4. Талаптары
Дәріс тезистері
1.Құрған оқу - білім жүйесі
1. Ұлттық
2. Бұқаралық
3. Топтық
4. Сатылы
5. Ашық
6. Пәндік
7. Жоспарлы
8. Қостілді
Мақсаты: Зайырлы қолжетімді
1. Ашқан білім ошақтары - ауылдық, болыстық, уездік, жалпы білімдік, кәсіптік, біртілді, екітілді, 1 сыныптық, 2 сыныптық, қыздарға арналған
2. Қалыптастырған бейнесі
1. Ұлтжанды
2. Білімді
3. Білікті
4. Билингвист
5. Көшбасшы
6. Толерантты
7. Көреген
8. Азамат
Замануи, ментальды
Қазақ халқының тарихында айрықша орын алған сондай көрнекті тұлғалардың бірі - Ыбырай Алтынсарин. Ол жаңашыл, дарынды ағартушы ғана емес,халқымыздың теңіздей толқып тасыған інжу-маржан жырларын жақсы біліп, еңбегіне арқау еткен ақын әрі жазушы.Білімін өзі өмір сүрген дәуірдің мұрат-мүдделеріне сәйкестендіріп, халық кәдесіне, ұрпақ тәрбиесіне жарата білген тұлға.
Ал оның заманы тарихтың бір аумалы-төкпелі кезеңі болған еді. Өйткені ақтабан шұбырынды, алқакөл сұламадан кейінесін жиып үлгермеген қазақ жеріне Ресей патшалығы көз сұғын қадап, жаулай бастаған еді.Қазақ халқы небір зорлық-зомбылық пен зобалаңды басынан өткізіп жатты... Намысын от жаныған қазақ батырлары бастаған азаттық жолындағы күрестер біріне-бірі жалғасқан еді: Исатай - Махамбет, Кенесары - Наурызбай, Сырым батыр, Едіге, Есет пен Бекет, Жанғожа, Сұраншы - Саурық тәрізді батырлардың есімдері қазақ тарихында алтын әріппен жазулы...
Осындай халық мұраты - ел мұраты - ер мұраты деп ұрандаған ұлт жанашырлары қай заманда да болған. Ел болашағы - жас ұрпақ деп түсінетін халқымыздың басты мақсаты да, мүддесі де - жастар тәрбиесі екендігі аян. Қай кезеңдегі болмасын, ақындар мен жазушылар үшін өзекті де басты тақырып - жастар мәдениеті, ұлт болашағы болатын.
Осы мақсатты ту етіп ұстап шығармашылығы мен өнегелі ғұмырын арнаған Ыбырай Алтынсарин адамгершілік тәрбиесін басты нысана ете отырып, ислам дінінің мән-мазмұнымен таныстырған Шариат-ул Ислам (Мұсылманшылықтың тұтқасы) оқулығын жазды. Ұлы ағартушының бұл еңбегі бір ғасыр бойы бірнеше толқын ұрпақтың танымынан тыс қалып, мәдени қазынамыздың корына қосыла алмай келді.
Ағартушылық еңбегі
Ыбырай "Қазақ хрестоматиясына" кірген өлеңдерінде де халық-ағарту идеясын көтерді. Оның "Кел, балалар, оқылық!", "Өнер-білім бар жұрттар" өлеңдері осындай мақсатта туған. "Кел, балалар, оқылық!" өлеңі жастарды оқуға, білім алуға шақырады:
Оқысаңдар, балалар,
Шамнан шырақ жағылар.
Тілегенің алдыңнан
Іздемей-ақ табылар.
Кел, балалар, оқылық!
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық
Өлеңнің әр шумағында оқудың әр жақты пайдасын айта отырып, ақын соңғы жолдарды ылғи қайталап отырады
Сөйтіп, ақын, бір жағынан, жастарды оқуға, білім алуға үндесе, екінші жағынан, оқу, өнер, ғылым-білімге, оның жалпы халық үшін керектігіне еш мән бермейтін ескі көзқарасқа соққы береді. Өмірдегі сарқылмайтын мол байлық - білім екендігін айта келіп, білімге адамның қолы жету үшін, ерінбей оқу, қажымай еңбек ету керектігін түсіндіреді. Ыбырай "Өнер-білім бар жұрттар" атты өлеңінде оқу, білім алудың мақсатын кеңінен сөз етеді. Өлеңнің негізгі идеясы - қазақ қауымына озық мәдениетті елдерді үлгі етіп көрсету.
Ыбырай жастардың оқыған адам болғандағы мақсаты өз халқының бір керегіне жарау, оны "тастан сарай салдырып, айшылық алыс жерлерден көзіңді ашып-жұмғанша, жылдам хабар алғызатын" елдердің қатарына жеткізу деп білді. Келешекке сенімі мол Ыбырай өмір көркі, болашақтың иесі - жастар деп ұқты.
Бұл өлеңдердегі: жақсы мен жаманды, білімділік пен надандықты салыстыра суреттеу әдісі де жас балаларға оларды айқынырақ таныту мақсатын көздейді. Сондықтан Ыбырай өз дәуірі оқырмандарының ұғымына жеңіл етіп, салыстырулар жасайды. Бұл өлеңдердің көп тіркестері бүгінде мақал-мәтелге айналып кетті. Ыбырайдың "Өзен", "Жаз" деген өлеңдері табиғат көріністерін суреттеуге арналған. Мұндай тұтас лирикалық, пейзаждық өлеңдер Ыбырайға дейінгі қазақ поэзиясында кездеспейді. Оқырмандардың көңілін табиғаттың сұлу көріністеріне аудару арқылы ел сүю, жер сүю, Отан сүюге тәрбиелейтін патриоттық өлеңдер орыстың демократтық, гуманистік әдебиетінің үлгісі болатын. Ыбырай өлеңдері - туған ел табиғатын жырлап, сол арқылы өзінің жас шәкірттерінің бойында табиғатты, Отанды сүю сезімдерін тәрбиелеуге жасаған елеулі қадамы. Екі өлеңінде де Ыбырай табиғат көрінісін жалаң алмай, адамдардың тіршілігімен байланыстыра көрсетеді. Сол арқылы табиғат пен адамның байланысын, табиғаттың адам ісіне, еңбекке, ой-сезіміне тигізер жанды әсерін бейнелейді.
Ақын тау өзенін нақты әрі әсерлі суреттеген. Бүкіл тіршіліктің "өзеннен рақат тауып" жатқанын нақты сипаттау оқырман көңіліне жағымды сезім ұялатады. "Жаз" өлеңінде көктемгі табиғаттың келісті суреттері бар. "Ұшпақтың күн сәулесі жерге түсіп", "Аспаннан рақымменен күн төнгенде", "Ұйқыдан көзін ашқан жас балаша, жайқалып шыға келер жердің гүлі", "Кеш болса, күн қонады таудан асып, шапаққа қызыл алтын нұрын шашып", т.б. суреттер мен бейнелі сөздер Ыбырайдың табиғат көріністерін сезінуінің тереңдігін, суреткерлігін көрсетеді. Ақын бар тіршілікті көктем күнінің мейірімді шағымен байланыста бейнелейді. Қырдағы жаз көріністеріне сүйсіну, мал бакқан елдің қыстан қысылып шығып, жазда тынысының кеңуі, қуаныш-шаттығы көңілді әсерге бөлейді.
Шақырып, тұрар күліп: "Кел, - деп, - мұнда..." Бұл өлеңдер арқылы Ыбырай қазақтың жазба әдебиетінде табиғат лирикасын бастады. Оны кейін Абай әлемдік поэзияның биік деңгейіне жеткізді: Еңбекті сүю және қадірлеу - Ыбырай әңгімелерінің негізгі тақырыбы. Оны жазушы шағын әңгімелерде үгіт, өсиет түрінде берсе, кей шығармаларында халықтың қоғамдық санасын тәрбиелейтін реалистік суреттер арқылы бейнелейді. "Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш" әңгімесінде Ыбырай ең кішкентай жәндіктердің өзі де тіршілік үшін тыным таппай еңбек етіп жүргендігін көрсете келіп, оларды балаларға үлгі етеді. "Қарлығаш, өрмекші ғұрлы жоқпысың, сен де еңбек ет, босқа жатпа", - дейді. "Атымтай жомарт" әңгімесінде жазушы халық арасындағы Атымтай ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz