ЖЫЛҚЫ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КЕШЕНІ



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
Қостанай ауданы әкімдігінің Білім бөлімі ММ
Глазунов орта мектебіММ

ЖЫЛҚЫ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КЕШЕНІ

Бағыты: Әлеуметтік және экономикалық үдерістерді математикалық модельдеу
Секция: экономика

Орындаған : 10 Б сынып
оқушысы Мұхамедғали Олжас

Ғылыми жетекшілері:
Джангабулова Д.
Сулекина А.Б. технология және
экономика пәні мұғалімі

Затобол кенті, 2016 жыл

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..31 Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.1Жылқы шаруашылығын ашу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.2 Аттылы туризм ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
1.3 Қымыз цехы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8
1.4 Ет өнімдерін өндіру және өңдеу цехы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11 1.5 Демалыс орталығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14
2. Практикалық бөлімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .16
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..20
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 21

АБСТРАКТ

Зерттеуімнің мақсаты:Жылқы шаруашылығы кешенінің критерийлері мен көрсеткіштерін анықтап, Қазақстанның экономикасына және әлеуметтік жағдайына тигізетін пайдасын анықтау.
Гипотеза негізінде ұсынарым, егер жылқы шаруашылығы кешенін
жүзеге асыратын болсақ, оған кеткен шығын есептеулер бойынша 2,5жылда өтелініп , Қазақстанның экономикасы мен әлеуметтік жағдайына үлкен пайдасын тигізері анық.
Зерттеуімнің құрылымы 3бөлімнен тұрады. Кіріспе, негізгі бөлім жне қорытынды.
Зерттеудің әдістері: Теориялық деңгейде талдау, синтездеу, жүйелеу, үлгілеу, тәжірибені қорыту әдістері; зерттеу нәтижелерін қорыту барысында математикалық-статистикалық әдістер пайдаланылды;
Ғылыми жұмыстың жаңашылығы: Жоба бұрын соңды ұсынылмаған. Бұл жобаға ұқсас бірнеше алаңдар елімізде бар, олар тек бір, екі ұсыныспен шектелген. Ал бұл жобада барлығы бір бірімен байланысты, барлығы бір жерге шоғырланған, барлығыда ел игілігі үшін маңызды, еш қалдықсыз өнім өңдіру, өмір және денсаулық туралы ғылымдарды дамыту үшін бастама болары анық. Электронды ақпарат желілерін, оқулықтарды, баспа беттерін оқи және саралай келе, осы Қостанай аумағында жылқы шаруашылылығын дамыту кешенін құру проблемасын алға тартуды мақсат қойдым.
Зерттеуімнің міндеттері:
-Жылқы шаруашылығы базасының критериилері мен көрсеткіштеріне тоқталу
-жылқы шаруашылығы базасының Қазақстан экономикасы мен әлеуметтік жағдайына тигізетін пайдасын анықтау.
Практикалық ұсыныс ауданы Қостанай облысы , Қостанай ауданы Глазунов елді мекені.

КІРІСПЕ

Қостанай облысы 2050 жылы жылқы шаруашылығы дамыған еліміздегі ірі өңір болады. Жылқы шаруашылығын дамыта отырып біз ұлттық шаруашылығымызды өркендетеміз, жылқы туризмін дамытсақ ұлттық туризм дамиды, ал қымызды өңдірсек денсаулығымызды жақсартуға болады, жылқы етінен құнарлы тамақтар дайындасақ, ал жылқы спортын әлемдік аренада қазақы спорттық жарыстарын мойындатар едік, сонымен қатар, жылқы шаруашылығы ешқандай қалдықсыз өнім беретін сала болып табылады. Олай деген себебім, жылқы терісінен киім тіксек, етін тамақ ретінде, сүтін сусын ретінде, қылын берік жіп ретінде, тұяғын және сүйектерін жаңа заттар жасауда, ал көңің құрылыс материалдарын алуға пайдалануға болады.
Ғылыми жұмыстың өзектілігі: Бұл жобаға ұқсас бірнеше алаңдар елімізде бар, олар тек бір, екі ұсыныспен шектелген. Ал бұл жобада барлығы бір бірімен байланысты, барлығы бір жерге шоғырланған, барлығыда ел игілігі үшін маңызды, еш қалдықсыз өнім өңдіру, өмір және денсаулық туралы ғылымдарды дамыту үшін бастама болары анық.
Зерттеуімнің мақсаты:Жылқы шаруашылығы кешенінің критерийлері мен көрсеткіштерін анықтап, Қазақстанның экономикасына және әлеуметтік жағдайына тигізетін пайдасын анықтау.
Міндеттері:
-жылқы шаруашылығы базасының критериилері мен көрсеткіштеріне тоқталу;
-жылқы шаруашылығы базасының Қазақстан экономикасы мен әлеуметтік жағдайына тигізетін пайдасын анықтау.
Соңғы кезде туризмді зерттеуші отандық ғалымдар ішінде туристік инфрақұрылым жәйлі сөз ететіндері бірең- сараң. Солардың ішінде В.Н. Вуколов, С.Р. Ердавлетов, Алиева Ж.Н. , А.С.Булатова ойып тұрып орын алады. Дегенменде, бұл ғалымдардың ғылыми еңбектерінде жылқы туризмі аталмайды.
Зерттеу нәтижелерінің практикалық маңыздылығы:
-жоба бұрын соңды ұсынылмаған, қазіргі кездегі қолданыстағы аналогтардан принципиалды айырмашылығы кластерлік жүйе басым, барлығы бір орталыққа бағындырылған. Ашып айтар болсақ, туризм, демалу орталықтары, цехтар, т.б;
-ұсынылып отырылған жобаға ұқсас бірнеше алаңдар елімізде бар. Тек олар бір, екі ұсыныспен шектелген. Ал бұл жобада барлығы бір бірімен байланысты, барлығы бір жерге шоғырланған, барлығыда ел игілігі үшін маңызды, еш қалдықсыз өнім өңдіру, өмір және денсаулық туралы ғылымдарды дамыту үшін бастама болары анық.
Болжамы: егерде мен ұсынып отырған жылқы шаруашылығы кешені іске асырылатын болса, оған кеткен шығын есептеулер бойынша 2,5 жылда өтеліп, Қазақстанның экономикасы мен әлеуметтік жағдайына үлкен пайдасын тигіп, жасыл экономиканың негізі болар еді.
Жасыл экономиканы дамыту мақсатында, жылқы туризмі орталығын іске асырсақ, ұлттық туризм дамып, елімізде өтетін ЭКСПО- 2017 көрмесінде шетелдіктер үшін қызғылықты болатын жаңа әрі бірегей жаңалық болатын еді.
Ұлттық Жылқы шаруашылығы кешеніне мынадай құрылымдар кіреді, яғни, жылқы малының ерекшеліктерін назарға ала отырып келесідей ретпен жаңа заманға лайықталған, халық игілігі үшін жаңа туристік зона қалыптастыру:
1. Жылқы баздары (қоралары);
2. Аттылы маршурутты турисік база;
3. Демалыс орталығы
4. Косметологиялық орталық
5. Қымыз цехы
6. Жылқы өнімдерін өңдеу цехы (қазы- қарта, шұжық, т.б.)

1Негізгі бөлімі

1.1 Жылқы шаруашылығын ашу

Жылқы - сүтқоректілер класы тақтұяқтылар отрядының өкілі. Қолға үйретілген жылқының арғы тегі жабайы жылқылар - тарпан мен түзат. Жабайы жылқылар тарихи дәуірлерде Еуразияның далалы, шөлейтті аймақтарында үйір-үйірімен тіршілік еткен. Олар ретсіз аулаудың нәтижесінде жойылған. Ерте кездерде тарпан мен түзат қазақ даласында көптеп кездескен. Тарпан XIX ғасырдың бас кезінде жойылған.
Жылқының алғаш қолға үйретілген жері Қазақстан даласы деп саналады. Жылқысын; бұдан 5 -- 6 мың жыл бұрын қолға үйретілгенін археологиялық зерттеулер дәлелдеп отыр. Көкшетау өңіріндегі Ботай елді мекенінен қолға үйретілген жылқының қаңқа қалдықтары өте көп табылды. Қазір бұл археологиялық жаңалық дүние жүзіне белгілі. Жылқының Қазақстанда қолға үйретілгендігін дүние жүзі ғалымдары мойындап отыр.
Глазуновка елді мекенінде жылқы шаруашылығы базасын жүзеге асыру үшін алдымен кем дегенде 80 бас жылқы қажет:
Жылқыны бағып, одан қымыз алу мақсатында сауынды 29 бие, 1 айғыр алу керек;
Жылқы жарыстарын ұйымдастыру мақсатында асыл тұқымды Қостанай жылқысы 30 бас, ал көлік және тасымал мақсатында және салт атты 20бас қажет.
Жылқы қоралары. Жылқыны дұрыс күтіп- бағу үшін ат қорасы зоогигиеналық талаптарға сай болуы керек. Онда су құйылатын кеспек, қи шығаратын қол арба немесе зембіл, сыпырғы, жылқы суаратын шелек, ноқта, жүген, щетка, ат тарақ, жал тарақ, шұға, сүлгі, жұмсақ ысқыш, тұяқ қырғыш болуы керек. Ат қораның қабырғасы мен төбесін шаңнан тазартып, жылына екі рет әктейді. Зиянды газдар жиналмай ауасы таза болуы үшін қора ауасы таза болуы үшін қора ауасы ауық- ауық желдетіліп, ауыстырылады. Қора температурасы жұмыс аттары мен тұқымды айғырларға- 7-8 0 С, құлынын емізетін биелер мен құлындарға- 10-120 С шамасында сақталуы керек. Жазда ат қораның іші қоңыр салқын, ал қыста жылы болуы керек. Қора қаьырғасы жылуды жақсы сақтайтын кірпіш, ағаш, сабанкесектен не лай тамнан тұрғызылады. Бір қорада 5-6 жылқыны ұстау керек. Көп жылқыны ұстау үшін ат баздарын салу керек. [1]
Жылқыны азықтандыру. Жылқы жайылым отын, шалғын шөбін, көп жылдық екпе шөптерден ат қонақ, еркекшөп, беде мен жоңышқа жақсы жеп, жұғымды пайдаланады. Сұлы, арпа, тары сабаны мен топаны алдын ала булап, жұмсартып, жеммен араластырып берген жөн.Сұлыны жылқыға шектеусіз беруге болады. . [3]

Сауын биені азықтандыру
1-кесте
Тірідей салмағы, кг
Азық мөлшері
Қорытылатын протеин, г
Кальций, г
Фосфор, г
Каротин, мг
Ас тұзы, г
400
7,1
750
55
30
160
30
450
10,5
1100
80
50
235
35
500
11,6
1220
90
50
260
40
550
14,5
1520
107
62
327
45

Көлік атын азықтандыру
2-кесте
Тірідей салмағы, кг
Азық мөлшері
Қорытылатын протеин, г
Кальций, г
Фосфор, г
Каротин, мг
Ас тұзы, г
400
7,5
720
35
35
95
24
500
9,0
600
40
40
115
32

Тұқымдық айғырды азықтандыру
3-кесте
Тірідей салмағы, кг
Азық мөлшері
Қорытылатын протеин, г
Кальций, г
Фосфор, г
Каротин, 350мг
Ас тұзы, г
400
7,5
1300
60
50
350
30
500
8,00
1430
65
55
380
35

Желіс және мініс тұқымды биені азықтандыру
3-кесте
Тірідей салмағы, кг
Азық мөлшері
Қорытылатын протеин, г
Кальций, г
Фосфор, г
Каротин, мг
Ас тұзы, г
400
6,8
750
50
35
150
25
500
8,5
900
65
50
205
33

Жылқы санын көбейту: Бие буаздығы орташа есеппен 11 айға созылатын болса, бір биеден жылына 1 құлын алуға болады. Демек, 100 жылқыдан жылына 95 бас құлын алуға болады.

1.2 Аттылы туризм

Соңғы кезде елімізде туризм енжар дамыған сала ретінде қарастырылғанымен, оны дамытуға көптеген бағдарламалар қабылдануда. Туризм өз ішінен көптеген түрлерге бөлінеді. Соның ішінде спорттық туризмді атап кетпесек болмайды. Себебі, ат туризмі осы спорттық туризмнің құрамына кіреді. Ат туризмін дамыту, ат спорты ойындарын дамыту арқылы көп табыс табуға болады.
Ат туризмі дегеніміз- атпен немесе, ат жегілген атарбамен саяхаттау. Атқа мініп саяхаттаған кезде барлық мүшелер қозғалысқа түсіп, денсаулыққа жақсы әсер етеді. Ертеде қазақтадың өмір жасының ұзақ болуы, олар күндіз- түні ат үстінде жүргендіктен. Атпен саяхаттау тек қана атқа мініп қана қоймай, жаяу жүруге де мүмкіндік береді.Ат туризмінің ерекшелігі сол,серуендеу кезінде барлық құралдар (жеке және топтық) және жүктер аттың ер-тоқымына бекітілген аспалы дорбаларда немесе арбаларда,шанада не болмаса жегілген аттармен тасылады. СССP-дағы ең бірінші атпен жүру маршрутын (Катунь туристік базасы - Қаракөл көлі (Алтай)) 1970 жылы Алтай өлкелік СТЭ-сі ұйымдастырды.1975 жылдан бастап ат маршруттары Башкирияда (Арский Камень туристік базасы),Качерево-Черкеште (Теберда туристік комплексі),Оңтүстік Оралда (Курган туристік қонақ үйі),Чувашиядағы (Сурские зари туристік базасы),Шығыс Қазақстанда (Өскемендегі Турист қонақ үйі,Кемеров облысында Юность туристік базасы),Грузияда (Ваке туристік қонақ үйі және Кутанский кемпингі),Краснодар өлкесінде ( Шуменскідегі Турист туристік қонақ үйі) және т.б. ұйымдастырылады. Жыл сайын туристік саяхаттауға 40 мыңнана астам адам қатысады[5].
Ат маршруттары бар туристік база жасақтау. Ат маршруттары бар туристік базаларда туристерді атты ұстауды және атқа мінуді үйретеді. Көп күндік саяхаттарға дайындық дала жағдайында өткізіледі,дайындық бадарламасына жаттығу серуендері міндетті түрде кіреді.Маршруттың негізгі бөліміне туристер сынақты сәтті тапсырған соң ғана қатысады.Атқа мініп серуендеу маршруттары кез келген жолдарда жүргізіледі,орман іші жолдары,тау жолдары,сонымен бірге жолсыз аумақтарда да жүргізіледі,жазық далада,көкшалғында,ор-жыралардың ой аумақтарын- да,өзен,көл жағалауларында. Ат маршруттарының негізгі бөлімі туристердің өзіне-өзі қызмет етуіне және ашық далада тұруға есептелінген (жазда-шатырларды түнейді,ал қыста-баспаналарда түнейді,асты отта дайындайды,өздері аттардың күтімімен айналысады.
Атшы-туристің киімі. Ат маршруттары бойынша, саяхаттау үшін жаяу туризмге де қажетті заттар алынады. Әдетте ол ыңғайлы етік, ал атшы үшін бұл арнайы етік болады. Шалбар қозғаласықа ыңғайлы, яғни джинсы емес, спорттық костюм мен атшыларға арналған киімде болуы мүмкін. Ат туризмі - бұл белсенді демалу түрінің бірі болып табылады, ол аттың үстінде белгілі бір уақыт бойы саяхаттауды қамтиды. Кейбір ат базалары мен жеке атқорасы бар адамдар атшыларға ат жорықтарынан басқа, белгілі бір аң аулауға да қатысуға шақырады. Аттылы маршрутты туристік базада мынадай жылқылар ұстау қажет: Орловтың желгіш жылқысы, орыс желгіші, ақалтеке жылқысы, таза қанды салт мінетін жылқы, көшім тұқымдас топтағы жылқылар, қазақы жылқы, қостанай жылқысы, арбаға жегуге торий жылқысы, қазақы жылқылар қолданылады. Ат туризмі маршруттары бір адам үшін- 5000- 30000 теңге көлемінде пайда әкеледі.
Ат спорты ойындары. Стипль- чезы- кедергісі бар жерді айналып шабу.
Көп сатылы ат жарысы- 3 күнге созылатын жоғарғы қиындық дәрежесіндегі ат спорты түрі. Ат бәйгесі- нағыз жүйрек атпен шабандоздардың жарысы.
Көкпар- серке тушасымен ойналатын топтық ойын.
Аударыспақ- ер адамдардың ат үстіндегі жекпе- жек тартысы[1].

1.3 Қымыз цехы

Қымызды дайындау мынадай сатылардан тұрады. Бірінші сауын биелерді сауу және оны цехқа жеткізу.
Бие байлау деп - енелері сауылатын құлындарды ноқталап, желге байлап ұстауды айтады. Жыл сайын алғаш бие байлаған күн "Бие байлар, желі майлар" деген дәстүрмен мереке сияқты өткізіледі. Желіннің қазығына, айғырдың жасына май құйылып жағылады. Бие байлау ел жазғы жайлауға шығып, шөптің нәрі толған кезде басталады. Бұл кез құлындар марқайып жетілген, бес-алты сағат байлауды көтеретін жағдайға келіп қалады. Олар сауын сайын емізіп, жетектеп жүріп сергектенеді. Көктемде және шілде айларында биелер жиі-жиі сауылады. Биені қолмен және машинамен сауады. Машинамен сауудың қол мен саууға қарағанда айқын артықшылығы бар: ол адамның жұмысын жеңілдетеді, еңбек өнімділігін арттырады, ию рефлексі пайда болуына аса қолайлы физиологиялық жағдай жасайды. Биені машинамен сауу жөніндегі бірінші тәжірибені 1957 жылы Москва түбіндегі "Мцыри" санаторийінде И. Аникин жүргізді.Биелерді машинамен сауу үшін ДА-ЗМ, АД-100 және ДДА-2 сауу аппараттарын пайдалануға болады
Сүт-қымыз фермалары және қымызханалар үнемі суық және ыстық сумен қамтамасыз етілуі керек. Сауышылардың әрқайсысының жұмыс орнына қол жуғыштар, залалсыздандырғыш заттар және ормал қойылады. Флягтарды, шелектерді, сауатын аппараттарды таза ұстау жауапкершілігі - аға жылқышыға, фермалардың жалпы санитарлық-гигиеналық жағдайын қадағалап отыру- аға сауыншыға, жылқы фермасының бригадирі мен бастығына жүктелген, ал фермалардың санитарлық-гигиеналық жағдайын қадағалап отыру жұмысы шаруашылықтағы мал дәрігері және зоотехник арқылы жүзеге асырылады. Қымыз фермаларында жұқпалы аурулардың алдын алуды дезинфекция, дезинсекция және дератизация шараларының мәні аса зор.
Әрбір медициналық байқаулар мен дәрігерлердің тексеру қорытындылары қымыз фермасы меңгерушісінің қолында сақталатын сауыншылардың санитарлық кітапшасына түсіріледі. Меңгеруші болса сауыншылардың сәйкес мерзімге қарай кезекті медициналық байқаудан уақытылы өтулерін қадағалап отырады.
Тазалық - жеке гигиенаның ең негізгі талаптарының бірі. Сүт пен қымызға жақын жүретін қызметкерлер ең алдымен жұмысқа таза әрі жинақы киініп келулері, жұмысқа кірер алдында, дәретханадан кейін, өндірістік бір операциядан екіншісіне көшер алдында қолдарын мұқият жуып, залалсыздандырып отырған жөн.
Биелерді механикалық әдіспен сауу арзан және сапасы жоғары өнімдер
алуға көмектеседі, алайда биелерді механикалық әдіспен сауу кезінде сауу
машиналарының әрқилы бұзылуы, асау жас биелерді сауу кезінде
сауыншылардың қауіпсіздік техникасын сақтамау жеке тазалық гигиенасын бұзушылықтың, жарақаттарды және т.б. болуы мүмкін. Қымыз фермаларында мал дәрігерлік-санитарлық ережелерді, жеке тазалық гигиенасын қатаң сақтау, арнайы ветеринарлық-санитарлық және шаруашылық шараларын дер кезінде жүргізіп отыру сауын биелердің ауруын және құлындардың өлімін азайтуға, өнімді арттыруға, бие сүті мен қымыздың сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.
Қымыз цехына сүт қабылдау бөлімі, зертхана, ашыту, технологиялық, тоңазытқыш және сүт сауу бөлімдері кіреді. Көлемі 25- 35 м2 болып келетін сүт қабылдау бөлімінде, келіп түскен сүттің мөлшерін анықтау, сондайақ жүргізілген байқауларды талдау жұмыстары жасалады. Аумағы 10- 12 м2 болатын зертханада қабылданған сүттің және дайындалған қымыздың сапасы анықталады. Ашыту бөлмесінің аумағы 10- 12 м2 құрайды және бұл бөлімде шыны шөлмектерге құйылған қымыз ашытқылары орналасады.
Қымызды өнеркәсіптік жағдайда дайындау технологиясына мынадай процесстер жатады:
- сүт дайындау;
- ашытқы дайындау;
- ашыту;
- қымыздың жетілуі;
- сапыру;
- ыдысқа құйып тығындау;
- көпіршіту;
- салқындату;
- сақтау.
Сүтті дайындау оны өлшеп, содан соң мақта сүзгіден немесе 3-4 қабат дәкеден өткізіп сүзуге салады. Қымыз дайындау үшін қышқылдығы 7º Т аспайтын, тығыздығы 29-33º А, майлылығы кемінде 1% сау биенің сүті пайдаланады. Егер жаңа сауылған сүт бірден ашытуға жөнелтінбегено болса, оны жедел 10-12 градусқа дейін салқындатып, осы температурада 12 сағаттан асырмай ұстау керек. Қымыз ашыту ісіндегі ең маңыздысы - ашытқы дайындау. "Мцыри" санаторийінің қымызды ғылыми-зерттеу лабораториясының методикасы бойынша сүт қышқыл таяқшалар стерильденген қаймағы алынған сиыр сүтіне себіледі, торула типі ашытқы-сусло агарына себіледі. Қаймағы алынған сүт құйылған екі кішкене бөтелкені тығыздап, 65ºС дейін ысытылған суы бар кастрюлге салып қояды. Содан соң суды 30 минут бойы ысытады. 1-ші бөтелкені 26ºС дейін салқындатып, оған агарға себілген ашытқыны салады. 40ºС дейін салқындатып 2-ші бөтелкеге сүт қышқыл таяқшаларды салады. Бөтелкелерді термостатқа қояды: ашытқысы барын t 28-30º жерге 15-18 сағатқа, сүт қышқыл таяқшалар барын t 35-37º жерге 5-7 сағат бойы ұстайды. Ашыған соң ашытқысы бар бөтелкені шайқағанда көпіріп кетеді, ал сүт қышқыл бактериялар қосылған сүт қоп-қою болып ұйып қалады. Екі бөтелкенің ішіндегіні де бір-біріне араластырып, оған 100 мл, яғни барлық ашытқының үштен біріндей биенің жаңа сауған сүтін немесе 31-35º дейін жылытылған сүт қосады. Осы қоспаны 15 минут бойы араластырады. Содан соң дайын болған ашытқыны t 26-28ºС
термостатқа әбден жетілуге қояды да, алғашқы сағаттың ішінде 5-6 рет
араластырып отырады. Алғашқы 3-5 тәулік бойы тәулігіне 4-5 рет саумал
құйып, оны құйған сайын 15 минут бойы араластырады. әуелі ашытқының
1:3 көлеміндей, содан соң қоспаның қышқылдығы 65-70º дейін жеткенше саумал құйып отырады. Ашытқыны жетілдіру және көбейту 4-5 тәулікке дейін созылады. Осы уақыт ішінде ашытқының қышқылдығы 130-140º Т болуы тиіс, содан кейін, оны өндіріске пайдалануға болады. Өндірістік ашытқыны әрбір 4-8 сағат сайын қышқылдығы артуына қарай, үстіне сүт құйып, жаңалап араластырып отыру керек. өндірістік ашытқыны 25-28º t-даұстап, жаңалап отыру керек. Сүт ашытқанда екі ашу процессі - сүт қышқылды және спиртті ашу процесстері қатар жүретіндей қолайлы жағдай жасау қажет. Ашытқы жаңа сауған сүт пен қоспаның t 25-26º, қышқылдығы
45º Т шамасында болатындай есеппен араластырады. Сүтке ашытқыны
қосқаннан кейін қышқылдығы 65-70º жеткенше қоспаны жетілдіруге қояды. Қоспаның қышқылдығы 50-55º т жетіп және қымыздың өзіне тән дәмі жаңа біліне бастағанда қымызды араластыра бастайды. Қымыздың өзіне тән хош иісі шыққанда барып араластыруды тоқтатады. Содан соң қымызды бөтелкелерге құйып, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Агробизнесті ұйымдастыру және оны жетілдіру жолдары
Қостанай облысының ауыл шаруашылығына әсер етуші факторларды ескере отырып, ауыл шаруашылық кешендерінің қазіргі жағдайы мен дамуын анықтау
Азық - түлік мәселесі
Аграрлық саланы дамытуға байланысты туындаған экономикадағы теориялар
Тракенен жылқы тұқымының сипаттамасы
АГРОӨНЕРКӘСІП КЕШЕНІНІҢ СИПАТТАМАСЫ
Агроөнеркәсіптің кешенінің қалыптауы және халық шаруашылығындағы алатын орны
Батыс Қазақстан экономикалық ауданындағы мұнай өнеркәсібі
Шығыс Қазақстан экономиклық ауданының әлеуметтік – экономикалық сипаттамасы
Қазақстанның экономикалық аудандары туралы
Пәндер