Жеке тұлға құрылымының теориялары
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Ақмола облысы білім басқармасы жанындағы
Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі
МКҚК
Педагогика, психология және
Жеке пәндер әдістемесі кафедрасы
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
БАСТАУЫШ СЫНЫПТАҒЫ ОҚУШЫНЫҢ ПСИХИКАЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ДАМУ ЖОЛДАРЫ
Мамандық атауы: 0105 000 - Бастауыш білім беру
Пәні: Психология
Орындаған: Хамитова Т. Ж
Ғылыми жетекшісі: п.ғ.м. Кусайнова Т.Н.
Курстық жұмысты қорғаған бағасы__________________
Кафедра меңгерушісі: _______________________п.ғ.м. М.Құрметқызы Хаттама № _____ _____ _______________ 20___ ж.
Көкшетау, 2022
МАЗМҰНЫ
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1.1 Жеке тұлға жөніндегі түсінік және жеке адамның қасиеттері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 5
1.2 Жеке тұлға құрылымының теориялары ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ...10
1.3 Тұлғаның психологиялық мүмкіндіктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ..16
1.4 Жеке тұлғаның түрткілері мен қасиеттері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ..17
1.5 Тұлғаның психологиялық ұйымдасуы ... ... ... ... ... ... .. ... ... 19
1.6 Тұлғаның психикалық дамуындағы биологиялық және әлеуметтік жағдаяттардың өзара байланысы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... . 23
1.7 Тұлғаның әлеуметтенуі және оның даму кезеңдері ... ... ... ... ... ... .. ... 31
1.8 Жеке тұлғаның бітістері және оларды өлшеу ... ... ... ... ... ... ... .. 40
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... . 4
Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... .47
КІРІСПЕ
Адам ақылды, кішпейіл, әділ, батыл да қайрымды болуға тиіс.Тек сонда ғана оның осынау Адам деген мәртебелі атпен аталуға құқылы болады. К.Г. Паустовский
Жеке тұлға дегеніміз - қоғамның мүшесі ретіндегі адам. Әр адамның рухани байлығы оның басқа адамдармен байланысының алуан түрлілігіне, өмірге белсене қатысуына байланысты болады.
Қоғамдық дамуының нәтижесінің ең басты көрсеткіші ол - жеке тұлғаның даму процесіне байланысты. Сондықтан егеменді еліміз Қазақстанда, қоғамда қандай да бір орынға ие бола алатын нақты бір іс-әрекет түрімен айналыса алатын алдына мақсат қоя отырын, болашағын жоспарлай алатын, мақсатына жетуде кездесетін қиыншылықтарды жеңе білетін өзіндік дүниетанымы, көзқарасы қалыптастыратын, өз ойын дәлелдей алатын, білім алып, тәжірибе жинақтайтын, істеген ісіне есеп бере алатын, өмірлік ұстамы, идеялары, мұрат сенімі болатын, жалпы айтқанда жеке адамды қалыптастыру.
Қашан да болмасын, психология ғылымының ең негізгі мәселесі мен тақырыбы өзектілігі мен көкейкесті мәселесі - жеке адамның қалыптасуына әсер ететін факторларды зерттеу болып табылады. Әрбір жеке адамның дамуының жоғарғы жетістігі, тек сол адамның ғана жеке басының даму
көрсеткіші емес, бұл қоғам дамуына да, өркендеуіне де едәуір әсер етеді. Адам қоғамнан тыс өмір сүре алмайды. Өйткені, оның психикасы тек айналасындағылармен қарым-қатынас жасау процесінде ғана қалыптасады.
Яғни кез-келген адам дүниеге келісімен екінші бір адаммен қарым-қатынасқа түсу - қай жастағыларға болмасын, оған киім-кишек, баспана, ұйқы, демалу қандай қажет болса, сыртқы ортамен дұрыс қарым-қатынас жасай білу де сондай қажет. Мәселен, адамды қамап, басқалармен араластырмай ұстау - жазаның ең ауыр түріне жататына күмән келтіруге болмайды. Әрине, қарым-қатынас ақпарат алумен ғана шектелмейді, оның шеңбері аса кең, бұл көп қырлы ұғым.
Жеке тұлғаның сыртқы ортамен қарым-қатынас ауқымы неғұрлым кең болса, оның өмірдің әр қилы жақтарымен байланысы соғұрлым алуан түрлі болады, ол қоғамдық қатынастар дүниесіне соғұрлым тереңірек бойлайды, соғұрлым оның өз рухани дүниесі байи түседі.
1.Жеке тұлға жөніндегі түсінік және жеке адамның
қасиеттері
Жер бетінде адам ұзақ эволюцияның барысында өзінің жануарлар морфологиясын өзгертіп, денесінің тік жүру қалпына келуі, сөйтіп алдыңғы аяқтарының жүру қызметінен босап, қолға айналуы нәтижесінде пайда болды, бұған қоса дыбысты сөйлеу тілінің қалыптасуы-мұның бәрі мидың дамуына алып келеді. Адамның морфологиясыныц өзгерісі оның қоғамдық, дәлірек айтқанда, ұжымдық өмір сүруінің материалдың бірлігі, негізі десе де болады.
Адам биоәлеументтіктің бірлігі ретінде туады. Демек ол дүниеге келгенде толық қалыптасқан анатомия-физиологиялық жүйе түрінде келмейді; ол әлеуметтік жағдай барысында қалыптасады.
Жеке тұлға түсінігі тұлға түсінігіне қарағанда біршама тар мағынаға ие. Оның қоғамдьқ мәні мен әлеуметтік функциясы жеке адам сипаттамасының ең басты көрсеткіштері болып табылады. Жеке адам тек қана қоғамдьқ ғылымдардың: тарих, философия, әлеуметтану, этика, эстетика, психология, педагогика тағы басқалардың зерттеу объектісі.
Жеке тұлға -қоғамда белгілі бір жағдайға ие және белгілі бір қоғамдық ролін атқаратын, саналы индивид. Роль дегеніміз - жеке адамның атқаратын әлеуметтік қызметі. Мәселен, ата-ананың ролі - балаларын тәрбиелеу, мектеп директорының ролі-мұғалімдер ұжымын басқару және оқушыларды оқыту барысын ұйымдастыру.
Жеке тұлғаның позициясы дегеніміз-оның қатынастарының жүйесі. Жеке адамның мәнді қатынастарына: өмірдің материалдық жағдайларына, қоғамға және адамдарға, өзіне-өзі мойнына алған міндеттерге, қоғамдық, еңбек
міндеттеріне деген қатынастар жатады. Бұл қатынастар жеке адамның адамгершілік бейнесін,оның әлеуметтік бағдарын сипаттайды.
Қатынастарды тек олардың объектіге деген бағытына қарап қана айырмайды, сондай-ақ олардың аңғарылу деңгейіне байланысты да ажыратады. Әдетте қатынастарды аз аңғарылған және терең түсінілген деп бөледі. Аз аңғарылатын қатынастар дегеніміз-қуанту мен жек көру сезімдері. Терең түсіну дегеніміз - принципті қатынастар, олар ситуация таланттарымен емес, жеке адамның қалыптасқан адамгершілік мұратымен, ішкі сенімімен, парызбен міндеттерді сезінумен анықталады. Сөйтіп, материалистік философия мен психология жеке адамда әлеуметтік мәні тұрғысынан қарастырады. Жеке тұлға дегеніміз-ол да сол адам, тек ол бұл ретте қоғамдық мәні мен қоғамдық іс-әрекеті жағынан қарастырылады. Физиолог адамда организм ретінде зерттейді, әлеуметтанушы адамда жеке адам ретінде қарайды. Міне,сондықтан да жеке адаммен оның құрылымын анықтағанда әлеуметтік және биологиялық жағына бірдей орын беретін кейбір
психологтармен келісуге болмайды. Жеке адам дегеніміз-саналы индивид. Жеке тұлғаның қоғамдық ролін оның психологиясын талдамай тұрып түсіну мүмкін емес: іс-әрекетпен айналысу себебін, қабілеті мен мінез-құлқын, ал кейбір жағдайларды тіпті дене құрылысын тексеруге болады.
Жер бетінде адамнан қастерлі,адамнан артық еш нәрсе жоқ. Себебі адам бір бойына бүкіл әлемді сыйғызып тұрған ерекше құбылыс. Ұлы ойшылдар адамға мынадай анықтама береді: Адам-ақыл иесі, Адам-сана иесі, Адам бостандық иесі. Ақыл, сана және бостандық-адамның адамдық жігерлігінің сипаттамасы.
Тұлға жөнінде психологияда сөз қозғасақ, онда нақтылы жеке адам туралы айтатынымыз рас. Сонымен қатар адам жөніндегі ұғымда басқа да бірбіріне өзара жақын көптеген түсініктер бар: адам, индивид, даралық, тұлға. Жалпы алғанда бұл ұғымдар бір ғана мағына бергенімен, ал өмірде, ғылымда олардың әр-түрлі түсініктері болады.
Индивид жеке тұлға -бұл әлдебір тұтастықтың өкілі ретіндегі жеке кісі (адамзатқа қатысты бір адам, белгілі бір әлеуметтік топтың өкілі). Жеке адам ретінде жарық дүниеге келгенде адам біртіндеп жеке адам ретінде қалыптасады. Бұл процестің тарихи сипаты бар: дүниеге келгеннен кейін адам қоғамдық қатынастардың белгілі, тарихи тұрғыда қалыптасқан жүйесіне қосылады.
Жеке тұлға дегеніміз-әрбір кісінің әлеуметтік сипаттамасы, яғни мұның мәнін оның сапалы, не қаны, не дене құрылысы ғана білдіріп қоймайды, оның әлеуметтік сапасы айқындайды. Еңбектену арқылы пайда болған тіл-ойлау мен сөйлеуді тудырады, ал тілдің негізінде сөз жасалады. Сөз арқылы, сөйлесудің нәтижесінде адамдардың өзара қатынасы қалыптасып, жоғары тиімділікке қол жеткізеді. Адамдар тіл арқылы өздерінің сезімдік қабылдау процесінен шығып, объективті дүниені түсіндіруге ұмтылады.
Адам жаратылысынан іс-әрекет етуші тұлға, оның барлық ерекше қасиеттері еңбектің нәтижесінде, тарихи даму арқылы қалыптасқан. Жеке адамның қоғамда өмір сүруі нәтижесінде бойына жинақтайтын сапалық қасиеті олардың өндірісте, қоғамдық еңбекте қалыптасатын күрделі және көпсапалы қатынастарын анықтайды. Даңқ, ақыл, байлық, тартымдылық және дарын-бәрі де адамның сапасы. Бұлардың әрқайсысы шын мәнісінде мазмұнды, себебі бір адамның мақсат-мүддесі адаммен қатынасы арқылы жүзеге асырылады. Жеке адамның осы қасиеттері қоғамнан ажыратылса, оның жеке басының сапасы затпен қамтамасыз етілмеген ақшаның сатып алу қабілетіндей ғана болып қалады.
Тұлға және қоғам психология көптеген жаратылыстану және қоғамтану ғылымдар қатарында адамды, тұлғаны зерттейді, бірақ олардың жеке өздеріне тән ерекше қырлары мен сырларын бөле қарастырады.Бұл орайда психология тұлға терминімен бір қатар адам, тек өкілі (индивид) және даралық түсініктерін пайдаланады. Бұл ұғымдардың бәрі өзіндік өзгешелікке ие, дегенмен олар өзара кіріге байланысқан. Аса жалпыланған, бірігімді түсінік - бұл адам.Адам - өмірдің ең жоғары даму сатысын, қоғамдық еңбек үдерісінің өнімін, табиғилық пен әлеуметтіктің ажыралмас бірлігін танытушы тіршілік иесі. Әлеуметтік-тайпалық мәнге ие болуымен бірге, әрбір адам өз алдына бөлектенген табиғат туындысы, тек өкілі.
Тек өкілі - бұл homo sapiens (саналы адам) ретінде нақты адам, дамудың
адамдық алғы шарттарын (нышандарын) бойына сіңірген жаратылыс туындысы.
Даралық-жеке тұлғаның өзіне ғана тән белгілі бір сипаттамасы. Мұны әр адамның психологиялық ерекшеліктерінің қайталанбас ұштасуы деп түсінген жөн.
Даралық-адамды басқадан ажырататын өзіндік ерекше өзгешелігі. Әрбір адам айналадағы дүниені өзгеше түсініп, өзгеше қабылдайды, оның ақыл есінің, ойының, зейінінің өзіне гана тән ерекшеліктері бар құштарлығы мен өзіндік қиялы, өз қызығуы мен ұғатып, көңіл-күйінің ерекшеліктері, азды көпті эмоциялық тебіреністері, күшті не нашар дамыған ерік-жігері, түрлі мінез бетістері болады. Адамның ішкі жан дүниесі, яғни қалыптаса келе қол жеткізген мені - ең тереңде жататын барынша нәзік те бағдарланатын өлшем. Жеке адамның ішкі жан дүниесі сол адаммен бірге туып, дамып жетілетін соның өзіне ғана тән нәрсе. Жеке адамның белгілі дәрежедегі психикалық және әлеуметтік тұрғыда даму деңгейі сол адамның өз алдына маңызды мақсаттар қойып,оларды орындай алуына мүмкіндік тудырады, оның бойында дербес көзқарас пен қарым-қатынас қалыптасып, өзіндік адамгершілік талаптар қоюмен іс-әрекетіп бағалауларына түрткі болады.
Жеке тұлғаға белгілі дәрежеде сипаттама берегенде оның белсенділігін бірінші кезекте қарастыру керек. Белсенділік-адамға өмірдегі өз орнымен жағдайын анықтауға, ұстаған адамзаттың позициясын аңғаруға мүмкіндік тудырады.
Адамның адамдығы негізінен алғанда оның іс үстінде немесе адамдар арасында болсын, өзін-өзі көрсете білуі арқылы анықталады. Жеке адамның өзін-өзі жасай алу қабілеті оның тағдырын, қоғамға қаншалықты бағалы екендігін, әрине, сондай-ақ бағалардың соған деген қатынасты мәнді түрде белгілейді.
Жеке тұлға-белгілі бір әлеуметтік ортада атқарылатын елеулі іс-әрекеттің нәтижесі ғана емес, оның себепшісі де. Қоғамдағы экономикалық саяси, әлеуметтік қатынастар әр-түрлі көріністерге ие болады. Олар әрбір жеке адамның әлеуметтік сапасын және оның іс-әрекетінің мазмұнын айырып, ажыратады. Атап айтқанда, адам осы процестің барысында өзін қоршаған ортамен қарым-қатынаста болады және сыртқы әлемге деген өзінің көзқарасын қалыптастырады. Адамның әлеуметтік қатынасы әлеуметтік сапа ретінде оның іс-әрекетінде және тәртібінде көрінеді. Адамның әлеуметтік сапасының элементтеріне оның белгілі бір іс-әрекетінің мақсаттары: әлеуметтік орнымен атқаратын әлеуметтік нормалармен құндылықтар, пайдаланатын жүйе белгілері, әлеуметтік ролін орындауда мүмкіндік беретін білімдердің жиындығы, білім дәрежесі мен арнаулы дайындығы, әлеуметтік психологиялық ерекшеліктері, жігері және шешім қабылдауға дербестік дәрежесі жатады. Осы элементтердің жиынтығы-жеке адамның әлеуметтік сапасы жөніндегі түсінікті айқындайды.
Даралық дегеніміз-өзіндік өзгешілігі бар жеке адам. Даралық туралы сөз
қозғағанда жеке адамның өзінше бөлек сыр-сипатын айтады. Әдетте даралық деген сөзбен жеке адамды басқалардан ерекшелендіріп тұратын қандай да бір басты қасиетін көрсетеді. Кез-келген адам өзінше дара, бірақ кейбір адамдардың даралығы тайға-таңба басқандай, мен мұндалап айқын көрініп тұрады да, басқалардыкі онша байқала қоймайды.
Даралық интеллектілік, эмоциялық, еріктік салаларда немесе психикалық іс-әрекеттің барлық саласында бірден көрінуі мүмкін.
Интеллектінің өзіндік ерекшілігі оның басқалар байқай бермейтіндігі көре білу қабілетінде, ин-формацияны өңдеу ерекшіліктерінде, яғни алдына мәселе қойып, оның шеше білуінде болып табылады.
Мәнді сапалары жүйесіне назар аударамыз. Қоғаммен байланыста ғана адам қалыптасады және оның әлеуметтік мәні көрінеді.
Психология ғылымы тұлғаны қоғамның сыртқы ықпалдарын өз бойынан өткізіп, белгілі психикалық құрылымға келтіруші ішкі шарттар жиынтығы ретінде қарастырады. Бұл ішкі жандүниелік жағдай, шарттар өткендегі әлеуметтік ықпалдар негізінде қалыптасқан нәсілдік - биологиялық қасиеттер мен әлеуметтік себептерден болған сапалардың ажыралмас бірлігінен
құралады. Тұлға жетіліп барған сайын ішкі шарттар тереңдей түседі, нәтижеде бір ықпалдың өзі әрқилы адамдарға әртүрлі әсер жасауы мүмкін. Сонымен, тұлға қоғамдық қатынастар нысаны және өнімі ғана емес, сонымен бірге ол іс-әрекеттің, қарым-қатынас және ортақтасудың, сана мен өзіндік сананың белсенді субъекті.
2.Жеке тұлға құрылымының теориялары
"Теориясыз эксперимент соқыр, эксспериментсіз теория сенімсіз әрі негізсіз. Сірә, психологияның жеке тұлға құрылымы жайлы ілімінен басқа, Канттың осы сөздері аса маңызды болатын саласы жоқ болар. Бақылаушылар біртұтас зерттеу бөлімі болуы тиіс аспектінің екі бағытқа ыдырап кетуіпе қайта-қайта ұшырасып отыр. Теория мен тәжірибе арасындағы үйлесімді өзара әрекеттестіктің орнына, бізде, бір жағынан, жеке тұлғаға немесе теориялық бағдарға ғана қатысы бар ұсақ-түйек процесторлі егжей-тегжейлі зерттейтін экспериментті мектеп пен, екінші жағынан, "динамикалық бағыттағы" эмпирикалық бекітілу қажеттігін сезбейтін тоориялық мектептер бар.
Психологтардың көпшілігі осындай еңбек бөлінісінің шегіне жеткені соншалықты, ғылыми зерттеу саласы ретіндегі "жеке тұлға" ұғымының өзіне де қауіп төнгенімен еді.
Дегенмен, өз теорияларының негізгі идеяларын бекітіп отырып, екі жақта бірдей дәлелді болып көрінгенімен, олар басқа мектептердің ғылымға қосқан еңбегін бағалауда әділетсіз болуы да мүмкін. Теорияға сүйенбеген эксперимент өнімді нәтижелерге әкеледі, не болмаса эксперимент жүзінде дәлелденбеген теория ғылымға мәнді үлес қосады дегенге ешкім де сене қоймайтын шығар. Шешімі жоқ болып көрінген дауларда да, егер әр жақтың дәлелдері өзінің логикалық қисынып тауып жатса, орынды түрде келісімге келуге болады.
Мысал ретінде, біз "жеке тұлға" ұғымы анықтамасының өзін қарастыра аламыз. Осы тұста біз жеке тұлғаны мінез-құлық актілері бойынша анықтайтын және психодинамикалық ұғымдарлы қолдана отырып жасайтындар арасындағы шешімі жоқ қарама-қарсылыққа кездесеміз. "Жеке тұлға -- бұл қажет ақпаратты алу үшін жеткілікті уақыт мөлшерінде шынайы мінез-құлықты бақылауда анықталуы мүмкін іс-әрекеттердің жиынтығы" деген Уотсонның сөзін биховиористік анықтаманың мысалы ретінде келтіре аламыз. Принстің сөзін психодинамикалық анықтаманың мысалы ретінде келтіре аламыз: "Жеке тұлға -- бұл индивдттің тума биологиялық диспозицияларының, инстиігктілерінің, құмарлықтарының және өмір сүру барысында иеленген бейімділіктері мен бітістерінің жалпы жиынтығы".
Бақыланатын мінез-құлық актілері анықтамасына кіргізілген ұғымдар -- ипстинктілер, бейімділіктер, құмарлықтар сияқты екінші психодинамикалық анықтамалардағы ұғымдарға соншалықты сәйкес келмейтіні анық. Дегенмен бұл қарама-қарсылық, солай қөрінгенімен, шешімсіз емес. Біздің инстинктілер, бейімділіктер және құмарлықтар жайлы тікелей біліміміз жоқ; тек бақыланатын мінез-құлық актілерінің негізінде қалыптасатын әрі оларды түсіпу және жалпылау үшін жасалған абстрактілік ұғымдар ғана бар. Осындай мінез-құлық актілерінсіз ұғымдардың өзінің нақты мағынасы болмайды: біздің адам мінез-құлқы жайлы білгеніміздің барлығы оның мінез-құлқын бақылаудан алынады. Алайда тек қана осындай бақылаудың өзі жеткіліксіз. Біз жағдайлардың белгілі бір қатарына ортақ мінез-құлықтың қырларын белгілейтін ұғымларды енгізуіміз қажет. Ғылым абстракцияга сүйенбей тіршілік ете алмайды. Осылайша, екі анықтама да бір жақты болып келуде, ал теңбе-тең анықтама білімдеріміз эмпирикалық негізін әрі жалпылаушы ұғымдардын теориялық табиғатын бейнелеуі тиіс.
Осы кітаптың мақсаттарына сай, біз, төмендегідей анықтамаларды ұстанамыз.
Жеке тұлға -- бұл адамның қоршаған әлемге дербес бейімділігін анықтайтын, оның мінезінің, темпераментінің, интеллектісінің және дене құрылысының (конституциясының)азды-көпті тұрақты құрылымы.
Мінез мотивациялы-еріктік мінез-құлықтың азды
көпті тұрақты жүйесі.
Темперамент адамның аффективті, эмоциялы мінез-құлықтың аздыкөпті тұрақты жүйесі.
Интеллект -- бұл когнитивті мінез-құлиқтың азды-көпті тұрақты жүйесі.
Конституция деп біз дене бітімінің және нейроэн-докринді реттеудің азды-көпті тұрақты жүйесін айтамыз. Бұл анықтама көбінесе Америка ғылымында 20-шы жылдардан бері біздің уақытымызға дейін ықпал еткен "Мінез-құлықтың айрықшалығы" доктринасына қарама-қайшы келген "жүйе", "құрылым" немесе "ұйым" ұғымдарына баса назар аударған Робактың (1921), Оллпорттың (1937), Маккишгонның (1944) идеяларымен үндеседі. Сондықтан ерекшелік пен біртұтастықты қарама-қарсы қою мәселесін осы кітапта келтірілген барлық экспериментті зерттеулердің әсіресе осы мәселеге тікелей қатысты болуына байланысты қарастырған жөн.
Дұрыс мағыналығы психология табандылық, анқаулық, батылдық, ұқыптылық, алаңғасарлық, асқақтық, әртістік, дарақылық сияқты түрлі сипаттамаларды пайдалана отырып, немесе интеллектуал, жуас немесе желікпе сияқты түрлі психологиялық типтерді бөліп қарастыра отырып, сенімді түрде адам мінез-құлқын бейнелеп түсіндіреді. Ортодоксалды психология көбіне осы ұғымдарды пайдаланып, бізді доминанттылық -- бағынушылық, сенімділік -- сенімсіздік, мезіқылушылық сияқты бітістердің негізінде сонымен бірге экстраверт -- интроверт, шизоид -- циклоид сияқты типтерді болмаса Шпрангердің өмірлік типтеріп қолдана отырып бейнелейді. Ғылымның осындай жалпыға тектес ұғымдарды пайлаланушы кейбір сыншылардың "жеке тұлға мінез-құлқының бірізділігі мен оның тұрақтылығын қамтамасыз ететін, жеке тұлғаның ортақ, негізгі бітістері, мінез-құлықтың жалпы және үйлесімді формалары болмайды, тек әдет пен жауап қайтарудың дербес және айрықша тәсілдері бар" деген пікірлеріне жауап ретінде болады.
Айрықшалықтың осы теориясы экспериментті дәстүрден бастау алады, ал априорлы шындыққа жанаспауы біздің оның шығу тегінің негізгі қайнар көзімен танысуымызға келергі келтірмеуі тиіс. Осы ғасырдың бірінші онжылдықтарында үстемдік еткен Торыдайқтың үйрету теориясы осындай бастаулардың бірі болды. Стимул-реакция байланыстары тұрғысында қарастырылған үйрету белгілі бір дәрежеде шартты және шартсыз рефлекс ұғымымен арақатынаста. Егер жеке тұлғаның құрылымдық ұйымдасуы көбінесе үйретумен байланысты болса -- осы жерде авторлардың көпшілігі сенімді экспериментті дәлелдерді келтірместен тұқым қуалаудың ықпалын жоққа шығарады, -- онда үйрету процесінің айрықшалығы үйретудің ақырғы өнімінде, яғни ересек жеке тұлғаның бейнесінде көрінуі тиіс. Егер стимул -- реакция байланыстарына сүйенген үйрету теориясы, үйрету -- бұл құрылым мәселесінің, атап айтқанда, перцептивті құрылымның жеке жағдайы деп тұжырымдайтын, белгі -- мағына байланыстарына негізделген теориялардан бастау алған болса, ал айрықша емес теориялар онымен салыстырғанда жақын арада ғана белгілі бола бастады, аса тарихи ықпалы болмаған әрі жеке тұлғаны бейнелеу сферасында айрықша орын иелене қойған жоқ. Дағдыны көшіру маселесін қозғайтын еңбектердің көпшілігі біріншісімен байланысы жоқ айрықшалық теориясының шығу тегінін басқа бір бастауы ретінде танылды. Нақты айрықша әрекеттер: тақпақтарды жаттау, арифметикалық операциялар немесе француз тілінің бұрыс етістіктерін теріп жазу уақыт өтесе, ерік күші, логикалық ойлау және т.б. сияқты жалпы қабілеттердің дамуына әкеледі деп есептеу жөн саналады. Джеймс пен Торндайк бірқатар зерттеулерінде осындай қарапайым болжамның жеткілікті эмпирикалық негізі жоқ екенін көрсетті. Тең дәрежеде қабілетті сыналушылардың екі тобына тақпақтарды жаттау тапсырмасы ұсынылады. Бір топқа стимулға ұқсас материалды есте сақтаудың алдын ала даярлығы жүргізілгенде, бұл топ нәтижелерінде басқасымен салыстарғанда үміт еткен басымдылық байқалмады. Сірә, үйрету тым айрықша болған және оны жаттықтыруда болжалды қабілеттің жалпылай дамуы бола қоймайтын сияқты. Дағдылардың кез келген көшірілуі қайсыбір психикалық қабілеттерге емес, алғашқы және қайталанушы әрекеттердегі сәйкес теңбе-тең элементтердің тіршілік етуіне байланысты деп саналды. Бұл теория теңбе-тең элементтер теориясы ретінде белгілі және Торндайктың айтуы бойынша: "бір функциядағы өзгерістер екіншісіндегі өзгерістерге, сол функциялардағы ортақ элементтердің қаншалықты мөлшерде кездесуіне сәйкес жүреді... Нақты мысал ретінде көбейту дағдыларының дамуына ықпал ететін, қосудың арифметикалық дағдыларының дамуын қарастыруға болады, өйткені қосу операииясы көбейту операциясының бір амалына өте ұқсас әрекет қозғалысы және басқа да арифметикалық әрекеттерде абстракциялану сияқты кейбір басқа да процестер көбінесе сол арифметикалық операцияларды орындауда ұқсас келеді. Осылайша, жеке тұлғаның дамуы, математикалық пемесс лингвистикалық дағдылардың дамуы сияқты, дербес ассоциациялардың арнайы жаттықтырылуы ретінде көрінсе де, психиканың немесе қабілеттердің қайсыбір элементтерінің негізі дамуы ретінде көрінбейді.
Хартшорн мен Мэйдің (Мау) (1928, 1929, 1930) осы мәселені тікелей эксперимментті зерттеуі жоғарыда аталған екі теориядан гөрі ықпал өте қоймаған жеке тұлға ұйымдасуының айрықшалығы теориясының үшінші бастауы болып табылады. Бұл психологтар бірнеше жүздеген балаларға, жағдайдың шынында эксперименттің бақылауында болғанына қарамастан, айланы анықтай алмаудың айқын жағдайларында алдау мүмкіншілігі ұсыпылатын кең ауқымды эксперимент жүргізген. Аса күрделі емес бірқатар әдістердің көмегімен мінез-құлықтың табанды, импульсивті, моральды, ықыласты сияқты типтері және өзіндік бақылау зерттелді. Керемет жоспар және эксперименттің жүргізілуі, мәліметтердің сәйкес статистикалық өңделуі, зерттеудің айрықшалық теориясына шешуші ықпал еткенін тұжырымдауға мүмкіндік береді. Хартшорн мен Мэй тестілер арасында тым төмен корреляциялар бар екенін анықтаған, ал ол шыншылдық, табандылық, ынтымақтастыққа деген ұмтылысты немесе кейбір тестілік ситуациялардағы ықыластылықты танытқан балалардың басқа жағдайларда өздерін дәл солай ұстамайтынын көрсетті. Олардың зерттелген сапалардың "мімез-құлықтың жалпы бітістерінен гөрі, айрықша әдеттердің тобы болғаны" жайлы қорытындысы айрықшалық теооиясының ақырғы дәледі ретінде қабылдайды.
Тұлғаның психологиялық мүмкіндіктері
Тұлға бес түрлі мүмкіндіктерімен сипатталады. Олар келесідей:
Танымдық, құндылықты, шығармашылдық,
ара-қатынастық (коммуникативтік) және
көркемөнерлік.
Тұлғаның танымдық (гносеологиялық) мүмкіндігі оның өзі жинақтаған ақпараттың көлемі және сапасымен анықталады. Бұл ақпарат сыртқы дүние (табиғат және әлеуметтік) жөніндегі білімдер мен өзін-өзі тану мәліметтерінен құралады, сонымен бірге бұл құрамға адамның танымдық іс-әрекетімен байланысты психологиялық сапалар да кіреді. Тұлғаның құндылықтық (аксиологиялық) мүмкіндігі оның ізгілік-тілік, саяси, діни, эстетикалық салалардың құңдылықтары жүйесіне орай әлеуметтену үдерісінде игеріп қабылдаған мұраттары, өмірлік мақсаттары, наным-сенімдері және ұмтылыс-ниеттері, яғни бұл психологиялық және идеологиялық сәттердің бірлігі, тұлға санасы мен оның өзіндік санасы жөнінде әрі бұлардың бәрі көңіл-күй, ерік және
зерделік (ақыл-ес) тетіктердің жәрдемімен
қалыптасып, тұлғаның дүниетанымында,
көзқарастарында және тіршілік ұмтылыстарында
ашылып, көрінуі.
Тұлғаның шығармашылдық мүмкіндігі - ол қабылдаған және өз бетінше меңгерген ептілік және дағдылар, жасампаздық , өнім беру немесе қайта жасау әрекеттеріне деген, қабілеттілігімен және олардың қандай да бір не
бірнеше еңбек, әлеуметтік-ұйымдастыру мен қадағалау-бағалау салаларындағы іске асыру шамасы. Тұлғаның қарым-қатынас (коммунинативті) мүмкіндігі - оның басқа адамдармен жасаған, орнықтырған әңгіме сұхбатқа түсу, байланыс түзу әрекеттерінің сипаты және беріктілігі. Өз мазмұны бойынша тұлғааралық тілдесу, ортақтасу әлеуметтік рөлдер жүйесінде байқалады.
Тұлғаның көркемөнерлік мүмкіндігі - оның әсемдік әлеміндегі қажеттерінің деңгейі, мазмұны және жеделдігімен, сонымен бірге олардың қаншалықты қанағаттандырылуымен өлшестірілуі. Тұлғаның көркемөнер белсенділігі кәсіби және өзіндік дербес шығармашылығында әрі өнер туындыларын қажетсінуінде, пайдалануында ен жая, ашылады.
Әрқандай қоғам өзінің тұлғалық сапа - қасиеттерді бағалау өлшемін
(критерии) тағайындайды.
Жеке тұлғаның түрткілері мен қасиеттері
Адамды әрекстке бағыттайтын, қажетін өтеуге талаптандыратың бір түрткі болады. Бұл түрткіні психологияда мотив (себеп) деп атайды. Қандай болмасын объектінің себебін білмей тұрып, адамның бір мақсатқа жетем деген
ойын қалайша тоқтата алатынын және оның мінез-құлқының мән-жайын толық түсіну қиын болады.
Түрлі жағдайлардың әсер етуіне қарай адам психология әртүрлі өзгеріске түсіп отырады. Осыған орай, оиың түркілері де, мақсатқа жету үшін қажетті шаралары да өзгеріске түседі. Түрткінің өзгеруі іс-әрекеттің бағытбағдарына нәтижесіне әсер етеді. Мәселен, қоғамдық мәні күшті түрткі ісәрекет нәтижесіне ерекше әсер етеді.
Жеке адамды қандай болмасын әрекетке итермелейтін негізгі қозғаушы мотив -- оның түрлі қажеттері, ягни бір нәрсеге мұқтаждануы. Адамнын қажеттері қоғамдық еңбекте, еңбек ету процесінде қалыптасқан. Сыртқы ортамен байланыс жасауда адамның өмір сүруі үшін ең алдымен ерекше маңыз алған материалдық қажеттер (тамақ, баспана, киім, еңбек құралдары т. б.) болады. Қадам баласының тарихи даму жағдайында туған еңбек әрекеті еңбек кқұралдарымен пайдалану секілді негізгі материалдық қажеттері біртіндеп дами келе, қажеттердің жаңа тобын -- рухани қажеттерді (білім, көркемөнер т. б.) туғызады. Рухани қажеттердің дамуы -- материалдық қажеттерінің
қанағаттандырылуына байланысты. Адам қажеттерінің дамуы -- тарихи дамудың елеулі бір кезеңі. Олар адамның алдына ор түрлі мақсаттар қойып отыруына себепші болатын негізгі түрткілер. Адам озінің қажеттерін өтеу үшін бар мүмкіндігін пайдаланады. Бұл оны белсенді түрде іс-әрекет істеуге талпындырады. Оның қажеттері саналы әрекетінің нәтижесіңде біртіндеп өтеліп отырады. Адам өз қажетін өтеу жолында сыртқы ортаны, табиғатты өзгертуге дейін барады. Қажеттердің өтелу, өтелмеуі адам пскхологиясына, оның, күйініш-сүйінішіне әсер етеді. Қажеттер орындалу тәсіліне қарай кісіде мазасыздану, не тынышталу, рахат, ләззаттану, не азап шегу сезімдерін туғызады. Қажеттерді өтеу арқылы адам тиісті құралдарды іздестіріп солардың күшімен, түрлі теориялық, практикалық сипаттағы мәселелерді шешуге мүмкіндік алады. Өйткені қажет-адамның ойлау қызметін тудыратын негізгі себептердің бірі болып табылады, білдіріп қана қоймай, ол заттарды өз қажетіне байланысты өзгертуге, қайтадан жасауға әрекет етеді. Олай болса, адамдардың қажеттері -- іс-әрекетінің негізгі мотивтері, яғни оның психологиисының қайнар көзі, бастамасы болып табылады. Қажет -- (әсіресе, табиғи қажеттер) өмір сүрудің. Тіршілік етудің арқауы. Егер, табиғи қажкт өтелмесе, өмір сүру үшін тиісті жағдайлар болмаса, адам да, жануарлар да тіршілік ете алмайды. Алам өмірі үшін рухани қажеттерді өтеп отырудың да маңызы зор. Осындай қажеттердің өтелмеуімен адам көп қиыншылық көреді, өйткені бұл оның сана-сезімінің өсуіне кедергі келтіреді. Қажет жануарларда
да бар. Бірақ бұл -- биологпялық сипаттағы қажеттер. Жануарлардың
қажеттері -- олардың қоректенетін заттарын іздестіруінен жақсы байқалады. Мәселен, тауық жерден дән іздеп зыр жүгіреді. Ит қожасын көргенде тілін салақтатып, аузынан сілекейін шұбыртады. Мысық мұрнына еттің иісі келгенде елең ете түседі де, сол жерден мияулап шықпайды. Сөйтіп, аң біткеннің бәрі өз қажетін өтеу үшін әрекеттенеді. Мұндай қажет аңдарға туа бітеді, олар шартсыз рефлекекстік сипатта болады.
Тұлғаның психологиялық ұйымдасуы
Тұлға көп деңгейлі ұйымдасу құрылымына ие. Тұлғаның психологиялық ұйымдасуының ең жоғары әрі жетекші деңгейі - оның қажетсіну - сеп түрткілік аймағы, яғни тұлға бағдары, оның қғамға, жеке адамдарға, өзіне және өзінің еңбектік міндеттеріне қатынасы. Тұлғалықтың мәнді траптары - оның ұстаным бағыт - бағдары ғана емес, өзі қалаған қарым - қатынастарын іске асыра білу қабілеттілігінде. Бұл адамның іс-әрекеттік мүмкіндіктерінің даму деңгейіне, оның қабілеттеріне, білімдері мен ептіліктеріне, көңіл - күй, еріктік және ақыл - ес, зерделік сапаларына тәуелді.Адам дайын қабілет не мінезбен дүниеге келмейді. Бұл қасиеттер өмір барысында, белгілі табиғи тіршілік желісінде қалыптасады.Адамның анатомиялық - физиологиялық ерекшеліктері, жүйке жүйесінің негізгі сапалары, жүйесіне. Үдерістерінің жүрісі оның нәсілдік (генотип) болмысына тәуелді. Әр адамның биологиялық құрылымында, яғни бастау табиғатында оның психикалық даму мүмкіндіктерінің баршасына негіз қаланған, дегенмен, әлеуметтік тіршілік иесі білім мен ғылымда, салт - дәстұрде, заттасқан және рухани мәдениетте бекіген өткен әулеттер тәжірибесін меңгергеннен соң ғана тұлға санатына көтеріледі. Адамның табиғи тарапын оның әлеуметтік мәніне қарсы қоюға болмайды. Адам табиғатының өзі тек биологиялық эволюция өнімі ғана, емес, ол тарихтың да туындысы. Адам бойындағы биологиялықты оның "хайуандық" белгілері деп қарауға типті де болмайды. Адамның барша биологиялық табиғи нышандары адами болмысқа ғана тән, олардың бірде бірі жануарларда болмайды. Нақты қоғамдық шарт, жағдайларда ғана адам қалыптасып, тұлғалық дәрежеде көрінеді. Тұлғаның дамуы оның мүмкіндіктерінің үздіксіз кеңейіп баруымен, қажетсіну деңгейлерінің жоғарылай ауысып отыруымен байланысты. Әр адамның даму деңгейі ол ұстанған қарым-қатынас сипатына тәуелді. Күнделікті тұрмыстық күйбең, пайдакүнемдіктен аса алмаған адамды иөменгі даму деңгейіндегі тұлға деп білеміз. Ал жоғары деңгей адамның қоғамдық мәнді құндылықтарынан, оның рухани жігерлі шабытынан көрінеді. Тұлға ерекшелігі - оның дербестігі. Өзінің жеке дербестігін таныған тек өкілі қалай болса, солай өтіп, ауысып жатқан әлеуметтік нұсқау талаптардан өзін тәуелсіз, еркін сезеді; әлеуметтік жүгенсіздіктер мен әміршіл, әкімшіл, қуғын-сүргін замандарда өз болмысын билеп біледі, қоғамдық күйзелістерден жабырқап, тарықпайды. Тұлға дербестігі оның ең жоғары психикалық сапасы рухани жігерлілікпен байланысты келеді. Рухани жігерлілік тұлғаның жоғары санасынан, барша ұждансыздыққа табанды қарсы тұра білуді қажетсінуінен, ұлағатты мұраттарға жан-тәнімен берілгендігінен, азаматтыққа сай келмейтін өресіз, өнегесіз ниеттерден алшақ болуынан, бір мезеттік мансап пен пайдакүнемдікке берілмеуі мен жалған әлеуметтік жалтаң белсенділіктен аулақ жүруінен көрінеді. Неғұрлым қоғамның рухани-мәдени деңгейі төмен болса, ол қоғамда жалпыламай теңдестіру бағыты белең алып, адам қадірін тану қалады, талапты саяси идеологиялық стандарттарға көзсіз бағынушылар, құлдық психологиядағы пенделер саны ұлғаяды. Тұлға сапалары оның тұрмыс - қызметтік жеке қатынастарының өрісімен әлеумет тіршілігінің әрқилы саласына еніп, араласа білуімен анықталады. Шығармашыл тұлға тікелей әлеуметтік қоршау шеңберінде тұсауланып қалмай, ауқымды да кең қоғамдық өмір даңғылында даму бағытын алады. Бір тұлға бойының өзінен бүкіл әлеуметтің болашақ даму желісін аңғарамыз. Себебі тұлғалыққа жетіскен әрбір адам - қоғам келешегінің айнасы, содан да ол елдің бүгінгі жағдайынан озық жүреді. Тұлға дербестігі оның матаулы тұйық топ тұсауынан тәуелсіздігін білдіреді, тұлға дамығандығының көрсеткіші есептеледі.Тұлға дамуы - оның әлеуметтік ұнамды сапалары жүйесінің әр өміркезеңіне орай қалыптасып баруын, белгілі қоғамдық алғы шарттарды, әлеуметтік тапсырысты орындап жүруін, адамды қоғамдық жатсынуға итермелейтін жағдаяттардың күшін жойып отыруын талап етеді.Тек өкілінің тұлғалыққа жетілуінде ұқсастыру (идентификация) мен тұлғалық дербестену (персонализация) үлкен маңызға ие.
Идентификация - тек өкілі санасында өзін басқа адамдармен, тіпті бүкіл адамдар қауымы, қоғамымен теңдестіру, ұқсастыру сезімінің қалыптасуы.
Персонализация - әрбір тұлғаның басқа адамдар арасындағы өзінің кемелді өкілеттілігін, қадір - қасиетін ұлықтай білуі мен нақты әлеуметтік қауымдастықта өз мүмкіндіктерін ашып, іске асыра білу сезімі.Өзге адамдармен тұлға өзінің Мен сезімімен, яғни өзі жөніндегі өз тұжырымдарымен, өз мүмкіндіктерімен, өз мәнділігі негізінде қатынас жасайды. Тұлғаның өзіндік танымы (рефлексия) нақты Мен мәніне сәйкес болуы да, болмауы да мүмкін. Өз Менін орынсыз асқақ тұту не оның деңгейін жөнсіз әбден қарапайымдылықта төмендетіп жіберуден ішкі тұлғалық дау-дамай күйзелісі (конфликт) пайда болады.Тұлғаның өмір жолы нақты тарихи- әлеуметтік кеңістікте өтеді. Өндірістік - материалды жағдайлардың, тұтыну аймақтарының, әлеуметтік қатынастарының өзіндік ерекшелігі адамның тіршілік, өмір сүру қалпын айқындайды, оның әрекет - қылығындағы тұрақтанған меншікті ерекшеліктері тұлға типін айырады.Әр тұлға өзінің өмірлік ізгілікті бағыт - бағдарын (стратегиясын) қалыптастырады. Ізгілікті бағыт - бағдар мәні - тұлғаның өмірлік ұстанымы, өз құндылықты бағытына сәйкес ағымдағы тіршілік жағдайларын өзгерту және оларды пайдаланудың, жасаудың жалпылай әдістері жүйесінің тұрақталған бет алысы.Тұлға қалпының аса маңызды көрсеткіші оның өзіндік психикалық реттеу әрекеті, оның әрекет - қылығының әлеуметтік қалыптасқан өлшем - шектерге сай емес, тікелей жанама қарым - қатынасқа түсе білуі.
Тұлға өзінің тұрақтанған қасиеттер бірігімімен сипатталады. Олар: - сыртқы ықпалдарға сезімталдығы, тұрақты сеп - түрткі, қызығу,қоршаған ортамен қатынас түзу қабілеті және өзіндік әрекет- қылықты реттеудің адамгершілік принциптері. Тұлғаның бұл ерекшеліктерінің бәрі тума (генетикалық), нәсілдік және әлеуметтік - мәдени жағдаятардың біріге іске қосылуының нәтижесі.
Тұлғаның психикалық дамуындағы биологиялық және әлеуметтік жағдаяттардың өзара байланысы
Тұлғаның болашақ психикалық даму мүмкіндіктері оның биологиялық ұйымдасу табиғатында күні ілгері берілген. Оның жекеленген даму сұлбасы (схемасы) да тек өкілінің осы табиғи негізі - генотипімен анықталады. Дамудың әрқилы кезеңдері түрлі гендер бақылауында болады, дегенмен, олардың белсенділігі аяқ асты өздігінен көрінбей, сыртқы ықпалдар әсерінен іске асып жатады. Психикалық даму үдерісі тек генетикалық себептерден ғана болмай, оған ықпал етуші әлеуметтік жағдайлардың да себептік әсерінің маңызы үлкен. Бұл себептердің (детерминанттар) бәрі де өзара байланысты. Қалыптастырушы қызмет (функция) неғұрлым күрделі келсе, табиғи және әлеуметтік себептердің өзара байланысы да тығыз болады.Дамудың әрбір нақты кезеңінде белгілі қоршаған орта ықпалдарына деген сезімталдық жоғары таңдамалық сипатқа (сензитивтікке) иелігімен ерекшеленеді.
Сензитивтік - бұл кей орта ықпалдарын өткізіп, қалғандарына тосқауыл болатын тұлғалық елеуіш қасиет.Ол айырым адамдарда тар, ал өзгелерде кеңдеу келеді. Нақты тек өкіліне, оның даму бағытына қоршаған орта ықпал-әсерінің ауқымы мезеттік жағдайға сәйкес көрініс береді.Әр даму кезеңі ендігі дамуға негіз қалайды. Адамның даму субъекті болуына оның бір ғана белсенділігі жеткіліксіз. Оның қандай орта ықпалдарын қалайтыны сол адамның психикалық ерекшеліктеріне тәуелді. Өзін қоршаған ортаға жаңалықты өзгерістер енді отырып, адам өз генотиптік бағдарламасын іске асыру үшін тиімді жағдайлар жасайды. Дамудың алғашқы кезеңдерінде баршаға бірдей әрекет- қылық формалары қаланып, ал кейінгі кезеңдерде ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz