Жеміс ағаштарын қалыптастыру және шырпу



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 77 бет
Таңдаулыға:   
Сырдaрия yнивeрситeтi

ДИПЛOМ ЖҰМЫСЫ

Тaқырыбы: Жеміс бaғын oтырғызу және күтіп-бaптaу

жoлдaрын зерттеу

5В060700 - Биoлoгия бiлiм бeрy бaғдaрлaмaсы

Oрындaғaн Биo-17жғ

тoбының стyдeнтi:
Әбдіғaппaр A.

Ғылыми жeтeкшiсi,

б.ғ.к., aғa oқытyшы:
Мусaев Х.A.

Жeтiсaй, 2021

МAЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

І ЖЕМІС-ЖИДЕКДAҚЫЛДAРЫНЫҢ БИOЛOГИЯЛЫҚ-МOРФOЛOГИЯЛЫҚСИПAТТAМAЛ AРЫ
1.1 Жеміс-жидек дaқылдaрының биoлoгиялық және өндірістік
сипaттaмaлaры ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.2 Жеміс-жидек дaқылдaрының мoрфoлoгиялық
сипaттaмaлaры ... ... ... ... ..17

ІІ ЖЕМІС-ЖИДЕК ДAҚЫЛДAРЫНЫҢ ДAМУ, ӨСУ ЖӘНЕ ЖЕМІС БЕРУ ЗAҢДЫЛЫҚТAРЫ
2.1 Өсімдіктің дербес дaмуы
(oнтoгенез) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..38
2.2 Вегетaция және тыныштық
кезеңдері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .42
2.3 Жемiс өсiмдiктерiнiң дaму
зaңдылықтaры ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...50

ІІІ ЖЕМIС БАҒЫН ОТЫРҒЫЗУ ЖӘНЕ КҮТIП-БАПТАУ
3.1 Жемiс бақтары отырғызылатын жердi ұйымдастыру және
отырғызу
технологиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... 52
3.2 Бақ
типтерi ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .54
3.3 Дақылдар мен сорттарды таңдау, оларды
орналастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ..56
3.4 Жердi таңдау және
дайындау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... .59
3.5 Бақ
отырғызу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .68

ҚOРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .75

ПAЙДAЛAНЫЛҒAН
ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 76

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Жемiс шаруашылығы ауыл шаруашылығы өндiрiсiнiң
бiр саласы. Бұл саланың негiзгi зерттелетiн нысаны – көп жылдық ағаш және
бұтақ тектес өсiмдiктердiң жемiстерiн, жидектерiн және жаңғақтарын алу үшiн
өсiрiлетiн дақылдар. Жемiс шаруашылығы жеке дара ғылым ретiнде жемiс-жидек
дақылдарының өсу, даму, көбею, өнiм салу және агротехникалық күту
тәсiлдерiн анықтай келе, мол, сапалы өнiм алу заңдылықтарын зерттейдi.
Жемiс-жидектiң маңызы, оның пайдалылығы, әсiресе, азық-түлiктiк, емдiк,
диеталық қасиеттерi адамға өте ерте заманнан белгiлi болған. Жасаң немесе
қайта өңделген жемiс-жидек азық-түлiк және халық емшiлiгiнде сан ғасырлар
бойы пайдаланылып келедi.
Олар аса маңызды емдiк қасиеттерi бар азық-түлiк қана емес, сонымен
бiрге, тамақ өнеркәсiбiнде таптырмайтын шикiзат, қоршаған ортаны қорғауда
санитарлық-гигиеналық шаралардың бiрi де болып саналады. Оны өсiрумен тек
шаруашылықтар ғана емес, жекелеген азаматтар да шұғыл-данады. Түрлi бақтар,
саяжайлар қала мен ауылды желден, шаңнан қорғайды, олардың жапырақтары
көмiр-қышқыл газын бойына сiңiрсе, елдi мекедерге көлеңке түсiрiп, жердi
құрғатпайды, сөйтiп ауа райын бұрынғыдан да жақсарта түседi.
Жемiс бақтары елдi мекендерге сән берiп, адамдардың эстетикалық
сезiмiне әсер етедi. Сондай-ақ бақ егiп, оны күтiп-баптау адамдарды
шынықтырып, сауықтырады, әрi табиғатпен байланысын жақындатады. Оның
маңыздылығы кейiнгi уақытта мүлде күшейiп отыр. Қазiргi кезде азаматтық
энергиялық, транспорттық, агрономиялық, гидротехникалық алып құрылыстардың
өрiс алуы, адам баласының өсу қарқыны, олардың қоршаған ортаға әсерi,
табиғаттың өзi әкелген зиянды құбылыстар орнын толтыру есебiнен әлденеше
есе артып кеттi. Сондай-ақ, XX ғасырдың екiншi жартысында, қоршаған ортаның
зиянды қоқыстармен, канцерогендi
және радиоактивтi заттармен ластануы адамзат денсаулығына керi әсерiн
тигiзуде. Сондықтан қоғамдық өндiрiс процестерiнiң барысында жер, ауа, су
т.б. қоршаған ортаның экологиялық тепе-теңдiгiн сақтауда және адамдардың
тамақтануын дұрыс ұйымдастыруда жемiс-жидек дақылдарының мiндетi зор.
Тiптi, бiздiң арғы тегiмiз – алғашқы адамдар күнделiктi тiршiлiгiнде
өсiмдiк жемiсiн жинап күн көрген. Жемiс және жидек құрамында қоректiк
заттардан басқа витаминдердiң (А, В2, В6, С, РР т.б.), жеке биологиялық
белсендiлiгi жоғары заттардың болуы, олардың пектиндермен үйлесуi адам
организмiне зиянды бөлшектерiнiң енуiнен сақтап немесе бөлiнуiн тездетедi.
Қазақстан Республикасында жемiс-жидек дақылдарынан аса сапалы, мол
өнiмдер алатын экономикалық тиiмдiлiгi зор арнайы фермерлер, жеке
шаруашылықтар саны жылдан жылға көбейiп келедi [1].
Мысалы, 1991 жылы Республикада осындай шаруашылықтардың саны
0,3 мың га болса, 2001 жыл бiр мыңға жетiп отыр (Казахстан в цифрах,
2001).
Бiрақ соңғы жылдары жемiс шаруашылығының жалпы көлемi мен өндiрiлетiн
өнiм мөлшерi күрт төмендеп кеттi.
Қазақстанда, соңғы деректер бойынша (Казахстан в цифрах, 2001), 1996
жылы жемiс шаруашылығының көлемi 96,5 мың гектар болса, 2000 жылы – 65,1
мың гектар. Сондай-ақ жалпы өндiрiлген өнiмнiң мөлшерi 1996 ж 341 мың т.
болса, 2002 жылы 202,0 т болды. Жалпы өндiрiлген өнiм мөлшерiнiң азаюы,
тiкелей жан басына шаққанда, дәрiгерлiк норма бойынша 95 кг қажет болса,
соңғы 1996-2000 жылдары 7-14 кг аралықта өндiрiлдi. Осы жағдайды ескерсек,
жемiс шаруашылығы мамандарының алдында көптеген шешiлмеген сұрақтар бар.
Ұсынылып отырған бұл дипломдық жұмыста Қазақстан республикасында жемiс-
жидек өсiрудiң теориялық және практикалық мәселелерiн топырақ-климаттық
аймақтарда, биологиялық ерекшелiктерiне қарай баяндайды.
Тақырыптың зерттеліну деңгейі. Бiздiң Республикамызда жемiс
шаруашылығының дамуына көп еңбек сiңiрген ғалымдар қатарына А.Ж.Жанғалиев,
А.П.Драгавцев, А.Н.Кацейко,
В.П.Понамарчук, В.И.Васильев, А.П.Андронов, Б.Г.Матаганов, К.Г.Карычев,
Е.Г.Раузин, С.Н.Олейченко; О.А.Үкiбасов т.б. жатады.
Жер шарында жемiс-жидек дақылдарының мыңдаған түрлерi өсiрiледi. Олар 60-
тан астам тұқымдастарға 200-ге жуық тектестерге бiрiгедi.
Қазақстанда жемiс өсiмдiктерiнiң 22 түрi өсiрiледi, олардың 10-12-сi
негiзгiлерi болып табылады. Оның iшiнде екi жемiс (алма, шие) және 4 жидек
тектес (бүлдiрген, таңқурай, қарақат, тұшала) дақылдар барлық жерде бiрдей
өсiрiледi деп айтуға болады.
Қазақстанда жалпы жемiс-жидек дақылдарының 90%-дан астамы төмендегiдей
өсiмдiктерден тұрады: алма, алмұрт, шие, алхоры, өрiк, шабдалы. Биологиялық
жағынан жемiс-жидек өсiмдiктерiнiң 95% раушан гүлдiлер тұқымдасына жатады.
Академик Н.И. Вавиловтың теориясы бойынша мәдени жемiс-жидек өсiмдiктерi
негiзiнен осы жабайы дақылардың көп өскен аймақтарынан таралғанын
дәлелдейдi. Қазiргi уақытта жер жүзiнде мәдени жемiс-жидек өсiмдiктерiнiң
12 пайда болу орталығы анықталып отыр, олардың iшiнде ТМД және Қазақстан
үшiн негiзгiлерiне: Қытай-Жапония (алма, алмұрт, өрiк, шие, алхоры, құрма,
грек жаңғағы, бадам), Орта Азия (алма, алмұрт, өрiк, шие, бадам, алхоры,
грек жаңғағы, майлы жиде, орман жаңғағы), Оңтүстiк Америка (бүлдiрген),
Солтүстiк Америка (алхоры, шие, қарақат, тұшала, бүлдiрген, пiсте), Алдыңғы
Азия (беке, орман жаңғағы, анар, үй алхорысы т.б.), Еуропа-Сiбiр (алманың
мәдени түрлерi, алмұрт, қызыл шие, орман жаңғағы, қарақат, шырғанақ)
аймақтары жатады.
Жемiс-жидек дақылдары шығу тектерiне, жемiсiнiң құрылымына, биологиялық
және өндiрiстiк ерекшелiктерiне қарай 6 топқа бөлiнедi: шекiлдеуiктi,
сүйектi, жидектi, жаңғақты, субтропикалық және тропикалық.
Қазақстанның жемiс-жидек шаруашылығында шекiлдеуiктiлер 46,4 мың
(71,0%), сүйектiлер – 9,57 мың (10,5%), жидектер – 7,9 мың (12,9%), ал
жаңғақтылар – 350 гектар жердi алып жатыр, субтропикалықтар - тек қана 1 га
жерге өсiрiледi.
Диплом жұмысының мақсаты: Жеміс ағаштарын күтіп-баптау тәсілдерін
зерттеу.
Диплом жұмысының міндеті:
- Жеміс-жидек дaқылдaрына биoлoгиялық және өндірістік
сипaттaмa беру;
- Жеміс-жидек дaқылдaрының мoрфoлoгиялық сипaттaмaлaрын беру;
- Жемiс бақтары отырғызылатын жердi ұйымдастыру және
отырғызу технологиясын меңгеру;
- Дақылдар мен сорттарды таңдау, оларды орналастыру;
- Жердi таңдау және дайындау, бақ отырғызуды үйрену;
- Жемiс бақтарына тыңайтқыштар енгiзу және суару жүйесiмен
танысу;
- Жеміс ағаштарын қалыптастыру және шырпу;
- Өсу мен жеміс салуды реттеу тәсілдерін меңгеру;
Ғылыми жаңалығы:
- Жеміс-жидек дaқылдaрына биoлoгиялық, морфологиялық және өндірістік
сипaттaмa берілді;
- Жемiс ағаштарын отырғызу технологиясы жете зерттелді;
- Бақша дақылдары мен сорттарды таңдау мен оларды отырғызу,
тыңайтқыштар енгiзу және суару жүйесi, жеміс ағаштарын қалыптастыру
және шырпу жұмыстары практика жүзінде жүргізілді.
Диплом жұмысының құрылымы. Дипломдық жұмыс 67 беттен құралған.
Кіріспеден, қорытындыдан, 3 тараудан және пайдаланылған әдебиттерден
тұрады.

1 ЖЕМIС-ЖИДЕК ДАҚЫЛДАРЫНЫҢ БИОЛОГИЯЛЫҚ-
МОРФОЛОГИЯЛЫҚ СИПАТТАМАЛАРЫ

1.1 Жемiс-жидек дақылдарының биологиялық және өндiрiстiк
сипаттамалары

Жемiс-жидек өсiмдiктерi. Жер шарында жемiс-жидек дақылдарының мыңдаған
түрлерi өсiрiледi. Олар 60-тан астам тұқымдастарға 200-ге жуық тектестерге
бiрiгедi.
Қазақстанда жемiс өсiмдiктерiнiң 22 түрi өсiрiледi, олардың 10-12-сi
негiзгiлерi болып табылады. Оның iшiнде екi жемiс (алма, шие) және 4 жидек
тектес (бүлдiрген, таңқурай, қарақат, тұшала) дақылдар барлық жерде бiрдей
өсiрiледi деп айтуға болады.
Қазақстанда жалпы жемiс-жидек дақылдарының 90%-дан астамы төмендегiдей
өсiмдiктерден тұрады: алма, алмұрт, шие, алхоры, өрiк, шабдалы. Биологиялық
жағынан жемiс-жидек өсiмдiктерiнiң 95% раушан гүлдiлер тұқымдасына жатады.
Академик Н.И.Вавиловтың теориясы бойынша мәдени жемiс-жидек өсiмдiктерi
негiзiнен осы жабайы дақылардың көп өскен аймақтарынан таралғанын
дәлелдейдi. Қазiргi уақытта жер жүзiнде мәдени жемiс-жидек өсiмдiктерiнiң
12 пайда болу орталығы анықталып отыр, олардың iшiнде ТМД және Қазақстан
үшiн негiзгiлерiне: Қытай-Жапония (алма, алмұрт, өрiк, шие, алхоры, құрма,
грек жаңғағы, бадам), Орта Азия (алма, алмұрт, өрiк, шие, бадам, алхоры,
грек жаңғағы, майлы жиде, орман жаңғағы), Оңтүстiк Америка (бүлдiрген),
Солтүстiк Америка (алхоры, шие, қарақат, тұшала, бүлдiрген, пiсте), Алдыңғы
Азия (беке, орман жаңғағы, анар, үй алхорысы т.б.), Еуропа-Сiбiр (алманың
мәдени түрлерi, алмұрт, қызыл шие, орман жаңғағы, қарақат, шырғанақ)
аймақтары жатады.
Жемiс-жидек дақылдары шығу тектерiне, жемiсiнiң құрылымына, биологиялық
және өндiрiстiк ерекшелiктерiне қарай 6 топқа бөлiнедi: шекiлдеуiктi,
сүйектi, жидектi, жаңғақты, субтропикалық және тропикалық.
Қазақстанның жемiс-жидек шаруашылығында шекiлдеуiктiлер 46,4 мың
(71,0%), сүйектiлер – 9,57 мың (10,5%), жидектер – 7,9 мың (12,9%), ал
жаңғақтылар – 350 гектар жердi алып жатыр, субтропикалықтар - тек қана 1 га
жерге өсiрiледi.
Шекiлдеуiктiлер тобы. Шекiлдеуiктiлер тобына жататын дақылдар (алма,
алмұрт, беке, мушмула, шетен, долана, ырғай т.б.) раушан гүлдiлер
тұқымдасына жатады. Бұл өсiмдiктердiң iшiнде негiзiнен ең көп тарағаны үш
дақыл – алма, алмұрт, беке. Бұлар жалпы жемiс-жидек өсiмдiктерi көлемiнiң
70% құрайды.
Алма (Malus Mill.). Қазақстанда шекiлдеуiктi дақылдар (негiзiнен алма,
алмұрт), жемiс-жидек өсiмдiктерiнiң 71,0%-ын құрайды. ТМД елдерiнде 50-ге
жуық түрi кездеседi, ал Қазақстанда 2-3 түрi өседi.
Қазақстанда жемiс өсiмдiктерiнiң арасында алма ең көп тараған дақыл, жемiс
дақылдары арасындағы үлес салмағы 67,3% (41,2 мың. га).

Мәдени алма сорттары негiзiнен жабайы алма түрлерiнен алынған. Олар:
орман алмасы, Кавказ алмасы, Қытай алмасы, жидек алмасы, Сиверс алмасы,
Недзвецкий алмасы, аласа өсетiн алма, Қырғыз алмасы т.б. Қазақстанда
жоғарыда аталған алмалардың iшiнен негiзiнен Сиверс, Недзвецкий, Қырғыз
алмалары кездеседi.
Алма жемiсiнiң жаздық, күздiк және қыстық сорттары болғандықтан, оны жыл
бойы пайдалануға болады. Телiтушiге, сортына, өсiп-өнуiне байланысты алма
ағашының өмiр сүруi 20 жылдан 100 жылға дейiн созылады. Алма ағашы орта
есеппен себiндi телiтушiлерде 30-дан 50 жылға дейiн, ал клонды
телiтушiлерде 15-25 жылға дейiн тiршiлiк етедi. Өнiмдi орта есеппен
отырғызғаннан кейiн 3-15-жылда бередi. Қарқынды немесе интенсивтi бақта
гектарынан 300-ден 500 центнерге дейiн өнiм алынады. Биiктiгiне қарай алма
ағашы биiк (8-12 м), орташа (5-8 м) және аласа (2-4 м) өсетiн болып
бөлiнедi.
ТМД елдерiнде алмадан өндiрiстiк өнiм беретiн негiзгi аудандар –
Украина, Молдова, Кавказ, Орта Азия, Беларусь, Ресейдiң қара топырақты емес
аймақтары. Қазақстанда – оңтүстiк, оңтүстiк-шығыс облыстары (Алматы,
Оңтүстiк Қазақстан, Жамбыл). Соңғы жылдары алма дақылдары Оралда, Алтайда,
Сiбiрде, Қиыр Шығыста және Қазақстанның солтүстiк, батыс, орталық
облыстарында (Қостанай, Орал, Көкшетау, Ақмола) кеңiнен таралып келедi.
Дүние жүзiнде алма дақылының 20 мыңға жуық, ТМД елдерiнде 318 сорты
аудандастырылған, Қазақстанда 40-тан астам сорты тараған.
Алмұрт (Pyrus Medik). ТМД елдерiнде алмұрттың аса маңызды 4-5 түрi
өседi: кәдiмгi алмұрт, Регель алмұрты, уссурий алмұрты, жидежапырақты
алмұрт, ақшыл алмұрт. Қазақстанда кең тараған түрлерi кәдiмгi алмұрт пен
жидежапырақты алмұрт. Алмұрттың бұл түрлерi мәдени сорттарды селекциялап
шығару үшiн пайдаланылады.
Алма өсiмдiктерiмен салыстырғанда алмұрт ағаштары қысқа төзiмсiз,
жылылықты көбiрек қажет етедi. Алмұрттың негiзгi тараған аудандары –
Молдова, Оңтүстiк Украина, Солтүстiк Кавказ, Армения, Әзербайжан.
Қазақстанда алмұрт өсiмдiктерi негiзiнен оңтүстiк, оңтүстiк-шығыс
облыстарда өсiрiледi. Бұл аймақтарда алмұрт ағаштары негiзiнен тау
етегiнде, белдеуiнде және бауырында жақсы өседi. Орта Азия
республикаларында ауаның ыстықтығына байланысты алмұрт ағаштарының
еуропалық сорттары нашар өседi, сол себептен дәмдiлiгi нашарлау жергiлiктi
сорттар пайдаланылады. Қазiр алмұрт дүние жүзiнде 1 млн гектар, ал ТМД
елдерiнде 207 мың гектар жер көлемiн алып жатыр. Қазақстанда бұл дақыл,
алмаға қарағанда аздау дамыған. Республика бойынша көлемi 2220 гектар
(Агенство РК по статистике, 2002). Жемiсi алмаға қарағанда дәмдiрек, бiрақ
сақталуы мен тасымалдануы жағынан сапасы төмендеу. Алмұрт ағашы биiк – 12-
15 м, өмiр сүру кезеңi телiтушiге, сортына байланысты 30-100 жыл, ал өнiм
беру кезеңi 15-50 жыл аралығында. Табиғи жағдайларға, сортына,
телiтушiлерге және агротехникасына байланысты, алмұрт отырғызылғаннан кейiн
3-8-жылда өнiм бередi. Өнiмi орта есеппен әр гектардан 10-15 т болады.
Қазiргi кезде дүние жүзiнде алмұрттың 10 мыңға жуық сорттары бар. ТМД
елдерiнде 122-сi аудандастырылған. Оның iшiнде 34 сорты жергiлiктi селекция
жолымен шығарылған, ал Қазақстанның оңтүстiк, оңтүстiк-шығысында – 10 сорты
тараған.
Беке (Cydonia oblonga Mill.) Қазақстанда бекенiң көп түрлерi өсе
бермейдi. Кең тараған түрi - кәдiмгi беке. Жабайы түрлерi Солтүстiк Иранда,
Кiшi Азияда, Молдовада және Кавказда кездеседi. Бұл жерлерде беке 4 мың
жылдан берi өсiрiледi. Кавказда беке бағы өте ертеде тараған. Қазақстанда
Оңтүстiк Қазақстан облысының оңтүстiк және тау етегi аймақтарында
аудандастырылған.
Беке күн сәулесiн, жылуды сүйетiн, ыстыққа төзiмдi өсiмдiк. Оның бұта
(биiктiгi 1-2м) немесе ағаш тәрiздi түрлерi (5-6м) кездеседi. Жемiстi ерте
және жыл сайын салады. Отырғызылғаннан кейiн 3-5-жылда жемiс бере бастайды.
Өнiмдiлiгi жоғары (150-180 цга). Жемiсi қаттылау, сабақсыз, шикi кезiнде
көп сорттарының жемiсi жеуге келмейдi, өзiне тән жағымды иiсi бар.
Техникалық қайта өңдеуден кейiн өте бағалы.
Беке өсiмдiктерi 30-50 жылға дейiн жемiс бередi.
Шетен (Sorbus L.). Шетен тектестерiнiң 80-ге жуық түрi бар. Бiздiң
елiмiзде кеңiнен тараған түрлерi – сiбiр шетенi, Тянь-Шань шетенi, парсы
шетенi және т.б. Жабайы түрiнде кiшiгiрiм бұта тәрiздес (биiктiгi 1,5 – 3
м) немесе үлкен ағаш тәрiздi (биiктiгi 10-20 м дейiн) болып келедi.
Отырғызғаннан кейiн 6-10-жылда жемiс бере бастайды. Өнiмi мол, орта есеппен
бiр ағаштан 80-250 кг жемiс алынады. Тiршiлiк ету ұзақтығы 200-
300. жылға жуық, суыққа төзiмдi келедi. Жемiсi жаңа пiскен күйiнде, шырын,
джем, тосап жасауға және медицинада витаминдiк препараттар жасауға
қолданылады.
Қара жемiстi шетен - арония (Aronia Elliot.). Пайда болған ортасы -
Солтүстiк Америка. Табиғи түрiнде Солтүстiк Америкада, Алтай өңiрiнде,
Ресейдiң бiрнеше облысында, Прибалтика республикаларында, Беларусияда және
т.б. облыстарда кездеседi. Жабайы түрiнде биiктiгi 3 м-ге дейiн жететiн
бұта тәрiздес. Өнiмдi ерте, жыл сайын бередi. Жемiстi мол салады, орта
есеппен әрбiр гектардан 135 ц-ге дейiн өнiм алынады. Жемiсiнiң емдiк
қасиетi жоғары және құрамында биологиялық бағалы заттар көп. Қара жемiстi
арония зиянкестер мен ауруларға төзiмдi келедi.
Долана (Crataegus pontica C.). ТМД елдерiнде екпе түрлерiнен Алтай
доланасы, шығыс доланасы, Түркiстан доланасы, Жоңғар доланасы, Алматы
доланасы т.б. кездеседi. Қазақстанда соңғы түрлерi көп тараған. Жабайы
түрiнде бұталы, бұтатектес болып келедi. Долана ағашының биiктiгi 3-6 м-ге
жетедi. Өмiр сүру ұзақтығы 100-120 жыл.
Ырғай (Amelanchier Medic). Табиғи түрiнде 25-ке жуық түрi бар. Бiзде
кәдiмгi ырғай, масақты ырғай түрлерi кездеседi.
Табиғи түрiнде Кавказда, Қырымда өседi. Көп дiңдi бұтатәрiздес өсiмдiк,
биiктiгi 3-5 м. Өнiмдi ерте, 2-3-жылда бередi, орта есеппен гектарынан 40-
80 ц жемiс алынады.

Сүйектiлер тобы. Сүйектi дақылдарға шие, қызыл шие, алхоры, шабдалы,
алша, өрiк, шомырт жатады. ТМД елдерiнде жемiс-жидек дақылдарының iшiнде
көлемi жағынан сүйектi дақылдар екiншi орында. Орталық аймақта негiзiнен
шие мен алхоры, ал оңтүстiк аймақта өрiк, шабдалы, қызыл шие, алхоры өседi.
Бұл дақылдарды бiрiктiретiн негiзгi белгi – жемiсiнде сүйек-шырынды
қабатының болуы. Жемiсiнiң сақталуы мен тасымалдануы, шекiлдеуiктiлерге
қарағанда нашар, дәмдi, қайта өңделедi. Барлық сүйектi дақылдар раушан
гүлдiлер тұқымдасына жатады. Шекiлдеуiктiлермен салыстырғанда өнiмдi
ертерек бередi, аздау өмiр сүредi.
Қазақстанда негiзiнен шие, алхоры, өрiк, қызыл шие, шабдалы өседi. 1985
жылдың санағы бойынша Қазақстанда сүйектiлер тобына жататын өсiмдiктер 13,8
мың гектар жердi алса, 2002 жылы – 9,57 мың. гектар болды. яғни барлық
жемiс-жидек дақылдары егiстiгiнiң 15,7%-ын алып жатыр.
Шие (Cerasus Mill). Ботаникалық тегi бойынша 250 түрдi бiрiктiредi. ТМД
елдерiнде 60-қа жуық түрi бар. Шие өте кең таралған өсiмдiк, басқа сүйектi
дақылдар iшiнде суыққа ең төзiмдi дақыл. ТМД елдерiнде негiзгi өндiрiстiк
өнiм беретiн аймақтар: Украина, Беларусия, Солтүстiк Кавказ, Орталық Азия,
Ресей. Қазақстанда шие барлық аймақтарда өсiрiледi, бiрақ өндiрiстiк
түрлерi аз таралған. Шие жыл сайын өнiм беретiн болғандықтан, көбiрек
қолданылады. Ол жаңа пiскен күйiнде де, қайта өңделген күйiнде де өте
бағалы.
Қазақстанда өндiрiстiк шиенiң 5-10 сорты өсiрiледi. Шиенiң сорттары бұта
тәрiздес (биiктiгi 3-4м) және ағаш тәрiздес (биiктiгi 5-7м) болып келедi.
Бұта тәрiздес сорттары қоңыр-қызыл түстi, қышқыл, қызыл шырынды жемiс
бередi. Оларды морель немесе гриот деп атайды (Любская, Владимирская
сорттары). Ағаш тәрiздес шиелердiң жемiсi ақшыл-қызыл түстi, шырыны
боялмаған, оларды аморель - деп атайды (Шпанка крупная, Анодольний, қызғылт
аморель сорттары).
Бiржылдық тiкпе көшеттермен отырғызылған бұтатектес шиелер отырғызғаннан
кейiн 3-4-жылда жемiс бере бастайды, 15-20 жыл тiршiлiк етедi. Ал ағаш
тәрiздес шие жемiстi 4-5-жылда бере бастайды. Тiршiлiк етуi 20-30 жыл.
Елiмiзде шиенiң кеңiнен тараған басқа да түрлерi кездеседi.
Дала шиесi - аласа бойлы (биiктiгi 1-1,5 м) бұта тәрiздес өсiмдiк. Қысқы
суыққа, қуаңшылыққа өте төзiмдi. Өнiмi мол, жыл сайын жемiс салады.
Жабайы түрi Солтүстiк Кавказда, Батыс Сiбiрде, Оңтүстiк Оралда және
Солтүстiк Қазақстанда (Қостанай облысында) кездеседi.
Құм шиесi - шыққан аймағы Солтүстiк Америка, бойы аласа (биiктiгi 1,5м),
бұтақшалары төсемелi болып келедi. Жемiсi шырынды, негiзiнен қайта өндеуге
пайдаланады.
Түктi шие - аласа бойлы бұта (биiктiгi 1,2-1,6 м). Жабайы түрiнде
Солтүстiк Қытайда кең тараған. Осы түрдiң қатысуымен селекция арқылы
шығарылған, түктi шиенiң екпе сорттары Қиыр Шығыста, Батыс, Шығыс Сiбiрде
кеңiнен тараған. Шиенiң басқа түрлерiмен сәйкес келмейдi.

Магалеб шиесi - биiк бұта немесе ағаш тәрiздес (биiктiгi 4-7 м, кейбiрi
10-12 м) болып келедi. Бөрiкбастары аумақты, бұтақшалары жiңiшке тал
сияқты. Жабайы түрлерi Қырымда, Кавказда, Орта Азияда өседi. Жемiсi майда,
көбiнесе жеуге жарамайды. Бiзде шиенiң бұл түрiн қызыл шиеге телiтушi
ретiнде пайдаланады. Оңтүстiк Қазақстанда Магалеб шиесi қуаңшылыққа
шыдамды, сондықтан қызыл шие мен мәдени шие сорттарына телiтушi ретiнде
қолданылады.
Қызыл шие (Cerasus avium Moench) жылу сүйгiш, оңтүстiкте өсетiн сүйектi
жемiс дақылдарымен салыстырғанда, қысқа төзiмдi. Көлемi жағынан ТМД
елдерiнде алма, шие, алмұрттан кейiнгi төртiншi орында
(1,6%). Қызыл шиенiң өндiрiстiк аймақтары: Қырым, Дағыстан, Украинаның
оңтүстiгi, солтүстiк Кавказ, Молдова, Краснодар өңiрi, Әзербайжан, Армения,
Орта Азия және Қазақстанда Оңтүстiк Қазақстан облысы. Қазақстанда 2-3 сорты
кездеседi. Ағаштары отырғызылғаннан кейiн 4-6-жылдары жемiс бередi. Орта
есеппен әрбiр гектардан 100-150ц өнiм алынады. Ағаштарының тiршiлiк ету
ұзақтығы 50-80 жыл, биiктiгi 10-
15. м, бөрiкбастары сирек. Жемiсi ерте пiседi (Оңтүстiк Қазақстан облысында
15-20 мамырда).
Алхоры (Prunus L.) тегiне 30-ға жуық түр кiредi. Оларың iшiнде
маңыздылары: кәдiмгi алхоры, шомырт, алша және канада алхорысы т.б. Бұрынғы
ТМД елдерiнде 251 мың гектар жердi алып жатыр. Алхорының өндiрiстiк
аймақтары – Молдова, Өзбекстан, Солтүстiк Кавказ, Украина, Белорусия,
Әзербайжан, Грузия, Армения, Қазақстан. Қазақстан бойынша 15-тен астам
сорты аудандастырылған, көлемi 2580 гектар. Алхоры ағаштарының биiктiгi 6-
12 м, отырғызғаннан кейiн 3-5- жылда жемiс бере бастайды. Әр гектардан
орташа 250-300 ц өнiм алынады. Жемiстi жыл сайын салады. Ағаштарының
тiршiлiк ету ұзақтығы 20-60 жылға созылады.
Шабдалы (Persica Mill.). Қытайда, Оңтүстiк Еуропа мемлекеттерiнде,
Америкада кең тараған дақыл. Ол оңтүстiк аймақтарда (Әзербайжан, Армения,
Грузия, Орта Азия, Қырым, Солтүстiк Кавказ, Молдовада) жақсы өседi. Шабдалы
ТМД елдерiнде 36 мың гектарға жуық жер көлемiн алып жатыр. Шабдалы тегiне 6
түр кiредi, олардың iшiнде өндiрiстiк екпе түрлерi – кәдiмгi шабдалы және
Ферғаналық шабдалы көп тараған.
Қазақстанда өндiрiстiк көлемде шабдалы Оңтүстiк Қазақстан облысында,
Қызылорда облысының оңтүстiк аудандарында және Алматы облысының Панфилов
ауданында аудандастырылған. Қазiргi кезде жер жүзiнде шабдалының 5 мыңға
жуық сорты белгiлi, Қазақстанда 10-15-ке жуық сорты аудандастырылған. Жалпы
көлемi 650 гектар. Оңтүстiк Қазақстан облысында аудандастырылған сорттардың
iшiнде кең орын алып отырғаны Лола, Инжирный, Новый, ал басқа аймақтарда
Киевский ранний, Никитский, бұл сорттар қысқа өте төзiмдiлiгiмен
ерекшеленедi.
Шабдалының барлық сорттарын 4 топқа бөледi: нағыз шабдалылар – жемiстерi
түктi, сүйектерi оңай ажыратылады, павий – түктi, сүйектерi етiнен
ажырамайды, нектариндер – түксiз (жалаң), сүйектерi ажырайды, брюньондар –
түксiз сүйектерi ажырамайды.
Шабдалы ағашы бұта тәрiздес немесе ағаш тәрiздес (биiктiгi 3-8м) болып
өседi. Өнiмi мол, жыл сайын және ерте (2-3 жастан) жемiс бере бастайды.
Өнiм беру кезеңi 12-15 жыл. 20-30 жыл өмiр сүредi, ал Азияның таулы
аймағында 30-50 жылға дейiн тiршiлiк етедi. Өнiмi орта есеппен әр гектардан
120-180ц, ал кейбiр жылдары 400-500 ц-ге дейiн жетедi.
Шабдалы өте тез пiсiп, тез өсетiн, жарық, жылу сүйгiш дақыл.
Өрiк (Armeniaca Mill) өндiрiстiк дақыл ретiнде Орта Азияда, Дағыстанда,
Арменияда, Молдовада, оңтүстiк Кавказда және Украинаның оңтүстiк
аудандарында аудандастырылған. Қазақстанда өрiк Оңтүстiк Қазақстан
облысында кеңiнен орын алған дақыл, басқа аймақтарда өндiрiстiк жемiс
ретiне өте аз пайдаланылады. Бiзде өрiктiң басқа да жабайы түрлерi өседi.
Олар кәдiмгi өрiк, Манчжур өрiгi, Сiбiр өрiгi, Давид өрiгi және т.б. Мәдени
сорттар селекциясы негiзiнде кәдiмгi өрiктен шығарылған.
Өрiк ағаштары биiк (5-8м) немесе өте биiк (10-15м) болып өседi. Өнiмдi
ерте, яғни отырғызылғаннан кейiн 4-7 жылдары бере бастайды. Өнiм беру
ұзақтығы 20-30 жыл, жалпы 40-80 жыл тiршiлiк етедi. Орта есеппен әр
гектардан 100-120 ц өнiм бередi. Өрiк жарық пен жылу сүйгiш өсiмдiк және
көктемде басқа жемiс ағаштарына қарағанда ерте гүлдейдi. Қуаңшылыққа
төзiмдi. Қазақстанда өрiктiң 6 сорты аудандастырылған, оның үшеуi Орта
Азиялық. Жабайы өрiк Қазақстанның оңтүстiк, оңтүстiк-шығысында, таулы
аймақтарында көп өседi.
Алша (Prunus cerasifera Ehrh.) қуаңшылыққа төзiмдi өсiмдiк. Өнiмдi 2-4
жылдары, ерте бередi. Алша ағашы бұта тәрiздес болып келедi, биiктiгi
4. м-ге дейiн жетедi. Өрiктен кейiн гүлдейдi. Қазақстанда алша дақылы
Оңтүстiк Қазақстан облысында өседi. Бұл облыста алшаның екi сорты
аудандастырылған: Фиолетовая десертная және Малиновая. Қазақстанның
оңтүстiк, оңтүстiк-шығыс таулы аймағында алшаның жабайы түрлерi өседi.
Жабайы түрiнiң тұқымы алхорыға, өрiкке, шабдалыға телiтушi ретiнде
қолданылады.
Алшаның өнiмдi кезеңi 15-20 жыл, ал өмiр сүру ұзақтығы 20-60 жылға
созылады.
Жидектi дақылдар тобы. Жемiс-жидек шаруашылығында жидектер тобына
көпжылдық бұта, үнемi көгерiп тұратын өсiмдiктер жатады. Олардың жемiстерi
шырынды, дәмi тәттi болып келедi. Жемiстерi дәрi ретiнде, жас кезiнде жеуге
және қайта өңдеуге пайдаланылады.
Жидек өсiмдiктерi суыққа төзiмдi, сондықтан бұл дақылдардың көптеген
түрлерi Қазақстанның орталық, батыс және солтүстiк аймақтарында өсiрiледi.
Жемiс дақыларына қарағанда, жидек өсiмдiктерiнiң бiр сортының өзiн
солтүстiк аймақтарда да, оңтүстiк аймақтарда да өсiруге болады.
Солтүстiк аймақта өсiрiлген жидек дақылдары жемiстерiнiң сапасы жоғары
және оңтүстiк аймақпен салыстырғанда мол өнiм бередi. Қазақстанда жидек
өсiмдiктерi көп тарамаған, себебi өнiмiн жинау қиын және аурулармен жиi
ауырады, зиянкестерi көп болады. ТМД елдерiнде қазiргi кезде жидек
дақылдары 143 мың гектар жердi алып жатыр, бұл жемiс-жидек шаруашылығының
4%-ын құрайды.
Қазақстандағы көлемi - 7,9 мың гектар. Жидек дақылдарының iшiнде көбiрек
өсiрiлетiндерi: қарақат -1,97 мың га, бүлдiрген - 2,1 мың га, таңқурай -
2,8 мың га және тұшала 600 га т.б.
Жаңғақ жемiстiлер тобы. Жаңғақ өсiмдiктерi негiзiнен бұтатектес немесе
үлкен ағаш түрiнде өседi. Бұл дақылдардың басқа жемiс-жидек өсiмдiктерiнен
айырмашылығы – жеуге дәнi пайдаланылады. Олар әртүрлi тұқымдастарға,
мысалы: пекан, грек жаңғағы – жаңғақтылар, орман жаңғағы - қайыңдылар,
бадам – раушан гүлдiлер, атбас талшын – атбас талшындар, пiсте –
пiстелiлер, талшын – шәмшәт тұқымдастарына жатады.
Талшыннан басқа жаңғақтар май мен белокқа өте бай. Олардың тұқымында 70%-
ға дейiн май, 8-21% белок болады. Талшынның тұқымында 34% крахмал және 17%-
ға дейiн қант болады. Жаңғақтардың дәндерiнде, тұқымдарында А, В, Е, Р
витаминдерi, сондай-ақ, дәнi пiспеген жаңғақта С витаминi өте көп болады.
Жаңғақ жемiстiлердiң iшiнде өндiрiстiк маңызы барлары: грек жаңғағы, орман
жаңғағы, бадам. Бұл өсiмдiктер негiзiнен оңтүстiк аймақтарда (Молдовада,
Қырымда, Солтүстiк Кавказда, Орта Азия республикаларында) өсiрiледi. Жыл
сайын орта есеппен, жабайы жаңғақтарды қоса есептегенде, 50-60 мың т өнiм
жиналады. Бiрақ бұл өте аз, себебi жаңғаққа деген қажеттiлiк 600-700 мың
тонна.
Қазақстанда жаңғақ өсiмдiктерi қысқы суыққа төзiмдiлiгi нашар
болғандықтан аз тараған. Жаңғақ өсiмдiктерi негiзiнен ауаның температурасы
12-160С-тан төмен түссе үси бастайды. Республикамызда соңғы деректер
бойынша (Агенство РК по статистике 2002ж) 350 гектар жер көлемiн алып
жатыр. Бiрақ олардың 90%-ы жеке меншiктiң үлесiне тиедi. Қазiргi кезде
Оңтүстiк Қазақстан облысының оңтүстiк аудандарында грек жаңғағы көбiрек
аудандастырылған, бiрақ сорттары аз, негiзгi кездесетiнi – Тонкоскорлупый
сорты. Бұл сорт басқаларға қарағанда суыққа, ауруларға, зиянкестерге
төзiмдi келедi.
Грек жаңғағы (Juglans regia L.) ТМД елдерiнде жабайы жаңғақтың 3 түрi
кездеседi. Олар негiзiнен Орта Азия республикаларында, Солтүстiк Кавказда,
Қырымда, Украинада және Еуропа аймақтарында өседi. Грек жаңғағы өте биiк
(25-30м) өсетiн ағаш, дiңiнiң аумағы 1,5-2,0м-ге дейiн, бөрiкбастары
аумақты болып келедi. Тамырлары өте тереңге (4 м) кетедi, аумағы 10-15 м.
Грек жаңғағының мәдени сорттары отырғызылғаннан кейiн 4-6-жылда, ал
жабайылары 8-10 жылда өнiм бере бастайды. 20-30 жылға дейiн өте жақсы, мол
өнiм алынады. Орта есеппен әр ағаштан 100-150 кг, ал кейбiреуiнен 300-500
кг-ға дейiн өнiм алуға болады. Өнiмдi жыл сайын
бередi. Жаңғақ ағаштары көп жыл өмiр сүредi (кейбiр ағаштары 300 жылға
дейiн). Кең тараған сорттары – Бостандыкский, Идеал, Десертный, Юбилейный,
Тонкоскор-лупый т.б.
Грек жаңғағының жабайы өсетiн түрлерi маньчжур жаңғағы, қара жаңғақ және
алдамшы жаңғақ.

Бадам (Amygdalus communis L). Бұл өсiмдiктiң 40-қа жуық түрлерi бар.
Өндiрiсте кеңiнен қолданылатын түрi – кәдiмгi бадам. Бұл түрiнiң шыққан
жерi - Кiшi және Орта Азия. Мәдени түрлерi – Иранда, Иракта, Ауғанстанда,
Пәкістанда, АҚШ-та, Аргентинада, Щилиде, Австралияда т.б. мемлекеттерде
кездеседi. ТМД елдерiнде - Қырымда, Краснодар өлкесiнде және Кавказда кең
тараған. Қазақстанда - Оңтүстiк Қазақстан облысында кездеседi. Бадам
биiктiгi 10м-ге дейiн жететiн, бұта тәрiздес немесе ағаш сияқты өсiмдiк.
Тамырлары аумақты, терең кетедi. Қуаңшылыққа, сортаң топырақтарға өте
төзiмдi. Бадам ағаштары 100 жылға дейiн өмiр сүредi, ал өнiм беру кезеңi 30-
50 жыл. Отырғызылғаннан кейiн 3-4- жылда жемiс бере бастайды. Орта есеппен
әр гектардан 10-14ц-ден 25 ц-ге дейiн өнiм алынады.
Бадам өсiмдiгi жарық сүйгiш. Бадамның аудандастырылған 15 сорты белгiлi,
оның iшiнде кеңiнен тараған сорттар: Десертный, Ялтинский, Никитинский (кеш
гүлдейтiн), Угамский, Колхозный.
Орман жаңғағы (Corylus avellan L.). Көне дәуiрде мәдени түрде Греция мен
Италияда кеңiнен тараған. Орман жаңғағы Түркияда, Испанияда, АҚШ-та көп
өседi. Өндiрiстiк мақсатта Грузияда, Әзербайжанда, Солтүстiк Кавказда,
Украинада, Молдовада өсiрiледi.
Жер жүзiнде орман жаңғағының 20-ға жуық түрi бар. Соның iшiнде бiздiң
елiмiзде 9 түрi кездеседi. Кең тараған түрi - кәдiмгi орман жаңғағы.
Орман жаңғағы негiзiнен бұта тәрiздес болып өседi (0,5-2,5-8 м-ге
дейiн), ал кейбiр түрлерi, мысалы, аю жаңғағы, Қытай жаңғағы ағаш тәрiздес
биiк болып (25-35 м-ге дейiн) өседi.
Егер орман жаңғағының бұта тәрiздес түрлерi мен мәдени сорттары дәнiнен
өсiрiлсе, отырғызылғаннан кейiн 5-8- жылда өнiм бере бастайды, ал ұластыру
арқылы өсiрiлген мәдени сорттары өнiмдi 3-4-жылда салады. Орман жаңғағының
ағаш тәрiздес түрлерi жемiстi 14-17- жылда бере бастайды. Ағаштары орта
есеппен 40 жылға дейiн тiршiлiк етедi, ал егер жыл сайын қырқып, жасартып
тұрса, 40-60 жылға дейiн тiршiлiк етедi. Орман жаңғағы ылғалды жерлерде
жақсы өседi. Өнiмдi әр гектардан орта есеппен 30-40 ц бередi.
Орман жаңғағының 17 сорты аудандастырылған, соның iшiнде кең
таралғандары: Ганжа, Луиза, Адыгейский, Черкесский, Кудрявчик т.б.
сорттары.
Пiсте (Pistacia vera L). Мәдени түрлерi Орта Азияда, Әзербайжанда,
Грузияда кең тараған. Бiзде екi түрi өседi.
Пiсте өсiмдiктерi, биiктiгi 10м-ге дейiн жететiн ағаш тәрiздес, ал
ылғалы аз жерлерде бұта тәрiздес болып өседi. Дәнiнен өсiрiлген пiсте
ағаштары өнiмдi 8-15-жылда, ал ұластыру арқылы өсiрiлген мәдени
сорттары отырғызылғаннан кейiн 3-4-жылда жемiс бередi. Пiсте өсiмдiктерi
өте ұзақ, орта есеппен 300-500 жыл тiршiлiк етедi. Кейбiр ағаштары 300-400
жылға дейiн өнiм бередi. Әрбiр ағаштан орта есеппен 30-35 кг өнiм алынады.
Пiсте өте жарықсүйгiш және қуаңшылыққа өте төзiмдi.
Нағыз пiсте, нағыз талшын және пекан бiздiң елiмiзде әзiрге өндiрiстiк
бақтарда өсiрiлмейдi. Пiсте Орта Азияда 300 мың гектарға, ал талшын
Кавказда 150 мың гектарға дейiн жер көлемiн алып жатыр.
Субтропикалық дақылдар тобы. Бұл топқа әр түрлi ботаникалық
тұқымдастарға жататын өсiмдiктер кiредi. Олар суыққа төзiмсiз, жылусүйгiш
және даму кезеңi ұзақ (6-7 ай). Кең тарағандары – лимон, апельсин,
мандарин, грейпфрут т.б. Олар цитрус тегiне, аңызды тұқымдасына жатады.
Бұлар мәңгi жасыл болып өсетiн ағаш немесе бұта.
Цитрус жемiстерiнде лимон қышқылы, пектин, А, В, С және басқа да
витаминдер, органикалық, минералдық заттар көп болады. Цитрус жемiстерiн
көбiне жаз айларында пайдаланады. Олардан компот, цукат, сироп даярлайды
және эфир майы, лимон қышқылы алынады.
Цитрус өсiмдiктерiнiң отаны – оңтүстiк шығыс Азия бо-лып табылады, атап
айтқанда Қытайда, Италияда, Испанияда, Грузияда, Сирияда, Үндістанда,
Пәкістанда, Мексикада, Бразилияда, Африкада және басқа да мемлекеттерде көп
өсiрiледi.
Қара теңiз жағалауында, Тәжiкстанда, Өзбекстанның оңтүстiгiнде кең
тараған. Цитрус өсiмдiктерiнiң iшiнде қолдан өсiрiлетiнi - лимон. Суыққа
төзiмдiлiгi нашар болғандықтан, оларды қысқа қарай жауып қояды.
ТМД елдерiнде цитрус өсiмдiктерi 0,7 мың гектар жердi алып жатыр, оның
20,3 мың гектары Грузияда.
Қазақстанда бұл өсiмдiктердi Оңтүстiк Қазақстан облысының оңтүстiгiнде,
оранжереяларда өсiруге болады. Субтропикалық өсiмдiктер iшiнде кең
тарағандары анар, iнжiр, зәйтүн, құрма, унаби, шилен. Бұлар цитрус
өсiмдiктерiмен салыстырғанда суыққа да, қуаңшылыққа да төзiмдi болып
келедi, сол себептен Қырымда, Орта Азия, Армения, Әзербайжан, Грузия
республикаларында, Краснодар өлкесiнде кеңiнен тараған.
Анар (Punica granatum L). Көп жылдық, биiктiгi 5 м дейiн жететiн ағаш
немесе бұта тәрiздес өсiмдiк. Жабайы түрiнде Иранда, Иракта, Орта Азия
республикаларында кездеседi. Олардың жемiсiн жеуге болмайды.
Анар Орта Азияда, Закавказье республикаларында, әсiресе Әзербайжан,
Грузия республикаларында, Краснодар өлкесiнде, Қырымда өсiрiледi.
Қазақстанда Оңтүстiк Қазақстан облысының оңтүстiгiнде кездеседi. Жемiсiнде
8-12% қант, 0,5-5% түрлi қышқылдар, 6-10 мг% С витаминi болады. Жемiсi жас
кезiнде және тамақ өнеркәсiбiне пайдаланылады.
Анар тұқымынан және қалемшесi арқылы көбейедi. Отырғызылғаннан кейiн 3-4-
жылда жемiс сала бастайды, 6-7 жылдан кейiн мол өнiм бередi. Орта есеппен
әр ағаштан 25-30 кг өнiм алынады. Ағаштары 30-50 жылға
дейiн өнiм бередi. Кейбiр анар сорттары 300 жылға дейiн тiршiлiк етедi.
Қазақстанда аудандастырылғандары - Казаки, Ачик-дана сорттары.
Зәйтүн (Olea europaea L.). Майшетен тегiне жатады, 60-қа жуық түрi
белгiлi. Олардың iшiнде өндiрiстiк маңызы бары – Еуропалық зәйтүн. Зәйтүн
мәңгiжасыл ағаш, жабайы түрiнде кездеседi. Ерте заманнан кең тараған
өсiмдiк. Мәдени түрдегi зәйтүн - Испанияда, Италияда, Тунисте, Марокко
мемлекеттерiнде негiзгi ауыл шаруашылық дақылы болып табылады.
Сондай-ақ, Қырымда, Грузияда, Әзербайжанда, Арменияда, Түркменстан
республикаларында өседi.
Зәйтүн ағашы биiк болып (5-6м) өседi, кейбiреулерi 10-12м-ге дейiн
жетедi, жемiсiнде 25-42% жоғары бағаланатын зәйтүн майы болады.
Зәйтүндi жас бұтақшаларымен, қалемшелерiмен ұластыру немесе тұқымы
арқылы көбейтедi. Тұқымынан өсiрiлген өсiмдiктер бiрiншi өнiмiн 10-12-
жылда, ал вегетативтi көбейтiлсе 4-5 жылда бередi. Өнiмдi 200 жылға дейiн
бере алады, бiрақ 15 жылдан 50 жылға дейiн өте жақсы, мол өнiм бередi
(гектарынан 10-15 ц). Суыққа төзiмсiз, ауа райы 10-150С төмендегенде
бұтақшалары үси бастайды.
Iнжiр (Ficus carica L) тұт тұқымдасына жатады. Жабайы түрiнде
субтропиктiк аймақтарда көп кездеседi. Қырымда, Әзербайжанда, Грузияда және
Орта Азия республикаларында өседi.
Iнжiр ағашы биiк (10-15м). Жемiсiнде 28% қант және А, В1, В2, С
витаминдерi болады. Жемiсi көп уақыт сақтауға жарамайды, тез бұзылады.
Жасаң немесе кептiрiлген күйiнде пайдаланылады. Өнiмдiлiгi орта есеппен әр
гектардан 100-200ц.
Iнжiр сұлатпа сабақтарымен, ұластыру және қалемше арқылы көбейедi.
Өнiмдi отырғызғаннан кейiн 2-3 жылда салады, 7-8 жылдан бастап өнiмi
молаяды
Орта есеппен ағаштары 60-100 жыл тiршiлiк етедi. Суыққа төзiмсiз, ауа
райы 150С төмендесе бұтақшалары үсiп кетедi. Оңтүстiк Қазақстан облысының
оңтүстiгiнде бұтақтарын көму арқылы Өзбекстан сорттары өсiрiледi.
Құрма (Diospyros kaki L.) - эбен тұқымдасына жатады. Шыққан жерi -
Қытай. Кең тараған жерлерi – Оңтүстiк және Шығыс Азия, Солтүстiк Африка,
Оңтүстiк, Орталық Америка. ТМД елдерiнде Грузия, Әзербайжан және Орта Азия
республикаларында өсiрiледi.
Құрма ағаштары биiк (6-12 м), бөрiкбастары сирек болып келедi. Басқа
субтропиктiк өсiмдiктерге қарағанда суыққа төзiмдiлеу. Жемiсi жасаң немесе
кептiрiлген күйiнде пайдаланылады. Ұластыру арқылы өсiрiлген тiкпе
көшеттерi отырғызғаннан кейiн 3-4-жылда өнiм бередi. Өнiмдi мол салады,
гектарынан орта есеппен 100-200 ц, кейбiр бақтарда 500 ц-ге дейiн. Құрма
өсiмдiктерi 50-90 жыл, кейбiреулерi 100 жылға дейiн тiршiлiк етедi.
Шилен (Ziziphus jujuba Mill) қара жемiстiлер тұқымдасына жатады, 50-ге
жуық түрi белгiлi. Шилен өсiмдiктерi көбiнесе ағаш, бұта тәрiздес болып
келедi, биiктiгi 5-7м, ағашбөрiктерi өте сирек. Орта Азияда,
Кавказда, Қырымда кездеседi. Жемiстерiнде 25-32% қант, 1300 мг% С витаминi,
пектин, танин болады. Кептiрiлген жемiстерiнде 60% қант болады. Жемiсi
жасаң, кептiрiлген күйiнде пайдаланылады. Жемiсi жапырағы, ағашының қабығы
гипертония ауруына қарсы өте пайдалы.
Шилен өсiмдiктерi отырғызылғаннан кейiн 2-3 жылда өнiм бередi, ұзақ

- 70-80 жыл, кейбiреулерi 200-300 жылға дейiн тiршiлiк етедi. Ағаштары
қуаңшылыққа, сондай-ақ суыққа да өте төзiмдi. Оңтүстiк Қазақстанда бұл
дақылдың болашағы мол. Қазiргi кезде шиленнiң аудандастырылған Та-ян-Цзае
сорты өсiрiледi.
Мандарин (Citrus reticullata Nutt.) субтропикалық өсiмдiктердiң iшiнде
жемiсi өте ерте пiсетiн және өнiмдi жыл сайын беретiн дақыл. Суыққа
төзiмдi. Мандарин ағаштары отырғызылғаннан кейiн 2-3 жылда өнiм бере
бастайды. Орта есеппен жемiсiнiң салмағы 50-100 г болады.
Көне заманнан берi Жапонияда, Индонезия, Бирма, Индия мемлекеттерiнде
өсiрiлiп келедi. ТМД елдерiнде мандариннiң уншиу тобына жататын (Пионер 80,
Сочинский 23 тағы басқалары) сорттары аудандастырылған.
Лимон (Citrus limon Burm) ағашының биiктiгi 3-4 м, бөрiкбасы кең, ашық,
өркендерi тiкенектi болып келедi. Жабайы түрi белгiсiз. Жемiсiнде 5%-ға
дейiн лимон қышқылы бар, хош иiстi, орташа салмағы – 40-400 гр. Қара теңiз
жағалауында ағаштары қысқа қарай жабылмай өсiрiледi. Орта Азия
республикаларында оранжереяларда өсiрiледi. Ұластыру арқылы өсiрiлген
мәдени көшеттерi отырғызылғаннан кейiн 3-4-жылдары өнiм бере бастайды.
Ағаштары суыққа төзiмсiз келедi, ауа-райы 1,5-2,50С-қа төмендегенде жас
бұтақшалары, жемiсi, ал 5-60С-та ағаштары үсидi.
Қазақстанда, Өзбекстанда негiзiнен жасыл қалемшелерiмен көбейту тәсiлi
қолданылады. Лимонның Новогрузинский, Ударник, Мейер т.б. сорттары
аудандастырылған.
Апельсин (Citrus sinensis Osbeck) субтропикалық дақылдар арасында өнiмi
жағынан әлемде бiрiншi орынды алады. Ағаштары өте биiк (10-13м-ге дейiн),
гектарынан орта есеппен 100-150 ц өнiм бередi, жемiсiнiң орташа салмағы 50-
400 гр болады.
Апельсин өсiмдiктерi тұқымынан және ұластыру арқылы көбейедi.
Вегетативтi көбейтiлген тiкпе көшеттерi отырғызылғаннан кейiн 3-4 жылда, ал
тұқымынан көбейтiлсе, 10-15 жылда өнiм бередi. Күн көзiн өте жақсы көредi.
Өркендерi ауа райы 4-50С төмендесе үсидi. Бiзде аудандастырылған сорттары:
Вашингтон-новый, Каролик-10, Первенец т.б. сорттары.
Грейпфрут (Citrus paradisi Macf) жабайы түрде белгiсiз. Ағаштары биiк (8-
10 м), бөрiкбасы өте қалың. Грейпфрут ағаштары отырғызғаннан кейiн 3-4
жылда өнiм бере бастайды, жемiстi мол салады, дәмi қышқылтым. Сондықтан
оған қант ұнтағын сеуiп жейдi, диеталық қасиетi күштi. Жемiсi iрi (400-600
г). Суыққа төзiмсiз, сол себептен ТМД елдерiнде негiзiнен Қара теңiз
жағалауында ғана өсiрiледi.

2. бөлiм. Жемiс-жидек дақылдарының морфологиялық сипаттамалары

Жерүстi бөлiгi

Морфологиялық құрылымы мен сыртқы белгiсi жағынан жемiс-жидек
дақылдарының бiр-бiрiнен айырмашылығы үлкен, екiншi жағынан аз да. Мұның
өзi ұзақ уақыт (40 мың жылға жуық) оларда тұқым қуалаушылық (генотипте)
дамуының әр түрлi жағдайларда өтуiне және әр түрлi табиғи жағдайларға
байланысты.
Барлық жемiс дақылдары морфологиялық өсу ерекшелiк-терiне, көлемiне және
өмiр сүру ұзақтығына байланысты төмендегiдей топтарға бөлiнедi.
1. Ағаштар тобы. Бұл топқа биiктiгi үлкен, әрi дiңi айрықша дамыған ағаштар
(грек жаңғағы, пекан, талшын, қызыл шие т.б.) мен көлемi кiшiрек, дiңi
бәсең байқалатын ағаштар (алма, алмұрт, өрiк, шетен,құрма) кiредi. Бұлар ең
ұзақ өмiр сүретiн, бiрақ жемiсiн кеш беретiн өсiмдiктер.
2. Бұталар тобы. Әдетте бiрнеше дiңгектi болады, кейде бiреу, бiрақ нашар
бiлемделген (ағаш тәрiздi шие, анар, орман жаңғағы, пiсте). Ағаштар тобымен
салыстырғанда бұл топтағы өсiмдiктердiң өмiр сүру ұзақтығы аздау, бiрақ
жемiс салу кезеңi ертерек басталатындығымен ерекшеленедi.
3. Бұта тектестер тобы. Жер бетi мүшелерi аласа, бұта түрiнде қалыптасып,
бiрнеше теңдес бастама (нөлiншi қатардағы) бұтақтардан тұрады. Негiзгi
бiлектiк сабақтарын жер асты атпа бұтақтары арқылы жаңартып отыруға
бейiмделген. Әдетте өте ерте жемiс салады, бiрақ та өмiр сүру ұзақтығы
аздау (қара, қызыл, сары қарақат, тұшала).
4. Шырмауық тектестер тобы. Бұл топтағы жемiс өсiмдiктерi көпжылдық,
шырмалатын ағаш сабақты (лимонник, актинидия) немесе өрмелейтiн (жүзiм)
бұта түрiнде кездеседi.
5. Көпжылдық шөптектестер тобы. Бұл топтағы өсiмдiктердiң
көпжылдық тамыр жүйесi мен жер бетiне жайыла өсетiн, ықшамдалған сабағы
болады. Жемiс салу мерзiмi мәдени түрлерiнде ертерек және өмiр сүру
ұзақтығы қысқа (бүлдiрген, құлпынай, мүкжидек т.б.)
Негiзiнен кез келген өсiмдiктiң жер үстi бөлiгi сабақтан және онда
орналасқан бүршiктен, жапырақтан, гүлден, жемiсi мен дәнiнен, түрi өзгерген
сабақтардан (тiкеншелер мен мұртшалар) тұрады. Жемiс ағаштарында бастапқы
сабақша бүршiгiнен алғашқы сабақ қалыптасады, ол кейiннен жанама бұтақтары
бар орталық дiңгекке айналады. Кейбiр ағаштардың екi және одан да көп
дiңгегi болады. Қатты өсетiн бұталарда
(орман жаңғағы, шырғанақ, қара шетен) бас дiңгек болмайды, бiрнеше жiңiшке
дiңгектерi болады, оларда ағаштармен салыстырғанда қысқалау өркендер мен
бұтақтар орналасқан. Көптеген жидек бұталарында негiзгi сабақтары қысқа (1-
2м) әрi жiңiшке. Мысалы, қара қарақат әр түрлi жастағы жанама бұтақтары
бар, тамыр түбiнен шыққан бiрнеше сабақтардан тұрады, ал таңқурай
жапырақтары, бүршiктерi бар бiржылдық сабақтардан және жемiс салғаннан
кейiн қурап қалатын, екiжылдық жемiстi сабақтардан тұрады.

Жүзiм, лимонник, актинидия өсу кезiнде тiреудi қажет ететiн,
салыстырмалы түрде жiңiшке және ұзын, тармақталған, тез өсетiн негiзгi
сабақтан тұрады.
Көпжылдық шөптектес өсiмдiктердiң сабақтары болмайды, немесе олар өте
қысқарған, мысалы, бүлдiрген мен құлпынайдың қысқарған сабағы - мүйiзшелерi
болады; олардан мұртшалар, жапырақтар және гүлшоғырлары өсiп шығады.
Жемiс ағашының жер үстi - сабақ жүйесi дiңгек пен бөрiкбасынан тұрады.
Дiңгек - ағаштың жанама бұтақтары орналасқан орталық бөлiгi. Ол тамыр
мойыншасынан басталып, жоғарғы бой өркенмен аяқталады және де тамыр жүйесi
мен сабақ жүйелерiн морфологиялық, әрi функциялық бiр тұтастыққа
байланыстырады.
Дiңгек ағаштың жер бетiндегi барлық мүшелерiн ұстап тұру сияқты
механикалық қызмет етумен қатар, ассимиляция мүшелерiнiң қолайлы орналасуын
да қамтамасыз етедi, жанама бұтақтардың өсуiн тармақтардың өзара
бағынылыштылығын реттейдi. Ол бөрiкбасының бiртұтас үйлесiмде қалыптасуын
қамтамасыз етедi (1-сурет).
Дiңгек төменгi бөлiктерден тұрады.
Сидам - дiңгектiң тамыр мойыншасынан бiрiншi қаңқалық бұтаққа дейiнгi
бөлiгi. Оның биiктiгi ағаштың жасына байланыссыз болады. Сидам биiктiгiне
қарай төмендегiдей топтарға бөлiнедi.
1. Сидамсыз - биiктiгi 40 сантиметрге жетпейдi.
2. Аласа сидамды - биiктiгi 40см-ден 60см-ге дейiн.
3. Орташа сидамды - биiктiгi 70-100 см.
4. Жоғары сидамды - биiктiгi 130 см.
Жетекшi бұтақ (басты дiңгек)- сидам мен бой өркеннiң арасында орналасқан
дiңгектiң ортаңғы бөлiгi,.
Бойөркен - орталық дiңгектi немесе қаңқалық бұтақтарды жалғастыра өсiп
тұрған бiржылдық өркен.
Бөрiкбасы (крона) – дiңгектегi барлық жанама бұтақтар жиынтығы. Бұтақтар
өсу күшiне және даму шырқына қарай үш топқа бөлiнедi: қаңқалық, жартылай
қаңқалық, түкше бұтақшалар.
Қаңқалық бұтақтар – ең ұзын, әрi жуан, бөрiкбас қаңқасын құрайтын
бұтақтар. Негiзiнен бiрiншi, екiншi, кейде үшiншi тармақ қатарындағы
бұтақтар жатады.

1-сурет. Жемiс ағашының құрылымы. 1-тамыр мойыншасы; 2-сидам; 3-
негiзгi бұтақты жалғастыратын бойөркен; 4-бiрiншi қатар бұтақтары; 5-екiншi
қатар бұтақтары; 6-бәсекелес бұтақ; 7-жетекшi бұтақ бойөркенi; 8-түкше
бұтақтар; 9-орталық жетекшi; 10-зырылдауық бұтақ; 11-тамыр атпалары; 12-
қаңқалық көлденең тамырлар; 13-тiк тамырлар; 14-шашақ тамырлар (а-бұтақтың
шығу бұрышы; б-бұтақтың көтерiлу бұрышы; в-бұтақтың иiлу бұрышы)

Жартылай қаңқалық бұтақтар – орташа мөлшердегi (1-1,5 метрге
дейiнгi) орталық дiңгектен немесе қаңқалық бұтақтардан өсiп шығатын
бұтақтар.

Түкше бұтақтар (өркендер) – орталық дiңгектен, қаңқалық және жартылай
қаңқалық бұтақтардан шығатын қысқа, әр түрлi жастағы жанама бұтақтар.
Олардың ұзындығы толық жастағы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жеміс ағаштарын күтіп баптау
Жеміс өсімдіктерінің өсу және жеміс салу заңдылықтары туралы
Қазақстандағы жекеленген аймақтарындағы жеміс шаруашылғының ерекшелгі
Алма ағаштарын қалыптастыру
Жеміс ағаштарын отырғызу
Мектеп участогінде оқу тәжірибе жумыстарын ұйымдастыру және өткізу әдістемес
Жүзім аурулары
Жеміс-жидек өсімдігі мен жүзім
Бала бақшаның жер учаскесінің көгалдандырылуы
Алматы облысы, Қарасай ауданына жеміс бақтарын отырғызу жобасын құру
Пәндер