Алманың себінді телітушілері


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 72 бет
Таңдаулыға:   

«Сырдaрия» yнивeрситeтi

ДИПЛOМ ЖҰМЫСЫ

Тaқырыбы: Алма ағаштарын дағдылы және жасанды ортада көбейту

5В060700 - «Биoлoгия» бiлiм бeрy бaғдaрлaмaсы

Oрындaғaн Биo-17жғ

тoбының стyдeнтi: Амиралиева У. А.

Ғылыми жeтeкшiсi,

б. ғ. к., aғa oқытyшы: Рысбаев С. Б.

Жeтiсaй, 2021

МАЗМҰНЫ
МАЗМҰНЫ: Кіріспе . . .
3
МАЗМҰНЫ:

Жұмыстың өзектілігі . . .

Жұмыстың мақсаты мен міндеттері . . .

4

6

МАЗМҰНЫ: 1.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

Апорт алмасының шығу тарихы . . .

7
МАЗМҰНЫ: 1. 1
Апорт алмасының қазіргі жағдайы және қалпына келтіру бағытында жасалып жатқан теориялық тәжірибелік жұмыстар
17
МАЗМҰНЫ: 1. 2
Апорт алмасын қалпына келтіру жолдары . . .
21
МАЗМҰНЫ:
МАЗМҰНЫ:

2

2. 1

2. 2

ЗЕРТТЕУ МАТЕРИАЛДАРЫ МЕН ӘДІСТЕРІ

Зерттеу нысандары . . .

Алманы in vitro көбейту үшін қоректік орта дайындау . . .

28

38

МАЗМҰНЫ: 2. 3
Зерттеу әдістері . . .
40
МАЗМҰНЫ: 2. 4
Бұтақтан алынған эксплантты жасанды қоректік ортада өсіру . . .
51
МАЗМҰНЫ: 3
АЛЫНҒАН НӘТИЖЕЛЕР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ТАЛДАУ
МАЗМҰНЫ: 3. 1
Экспланттың in vitro жағдайында өсуіне, фитогормондардың ара - қатынасын үйлестіру . . .
64
МАЗМҰНЫ:
МАЗМҰНЫ:
ҚОРЫТЫНДЫ . . .
70
МАЗМҰНЫ:
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .
72

КІРІСПЕ

Бүгінгі таңда жемістер мен жидектермен өткізілетін селекциялық -генетикалық зерттеу жұмыстарында in vitro сияқты оқшауланған тозаңқап, соның ішінде жапырақты экспланттарды, с. с заманауи биотехнологиялық әдістер мен тәсілдер жиі қолданылады. Оларды қолдану көптеген фундаментальді және қолданбалы міндеттерді шешуге мүмкіндік беріп отыр. Оқшауланған тозаңдарды қолдану мәдениеті (in vitro андрогенезі) гаплоидтілерді алудың және олардың негізінде гомозиготалы өсімдіктерді алудың ең тез және нәтижелі жолы болып отыр. Бұндай өсімдіктерді селекциялық - генетикалық тәжірибеде қолдану жаңа сұрыптарды алу тәжірибесін жылдамдатып, генетикалық зерттеу жұмыстрының нәтижесін көтеріп, қолда бар генофонд ауқымын кеңейтеді.

Бұл бірқатар жемісті және ұрықты өсімдіктер қатарынан байқалып, оларда тозаңқап әдісін қолданудың оң нәтижесі көрініп, жаңа жоғары нәтижелі сұрыптар алынған. Бірақ, алма тәрізді жемісті өсімдіктерде in vitro андрогенез әдісі әлі де жеткілікті ашылмаған. Ал, өзге өсімдіктерден андрогенді каллустар, эмброидтер, өсімдік - регенераттар аз да болса ашылған. Аталмыш әдістерді ашу алма тәрізді жемісті өсімдіктер үшін өте маңызды, себебі, ол табиғатынан күрделі гетерозиготалы бола отырып, өсімдіктің көпжылдық циклі дән арқылы жетіле алмайды. Бірақ, алманың оқшауланған мүшелері мен тіндерін зерттеу соның ішінде тозаңдандыру көп емес. (Höfer M., 1994, 1999., Савельев, Олейникова т. б., 2009) . Сонымен қатар тура және тура емес сияқты морфогенез индукциясымен байланысты сұрақтар да әлі жіті зерттелмеген. Алманың гаплоидына деген қызығушылық соңғы кездері арта түсіп, жаңа сорттар мен гибридтерді шығару мерзімін қысқарту туралы мәселелер де қойылуда. Гаплоид көріністерін басқару қолда бар өнімдерді жетілдіріп қана қоймай, өсімдіктер мәдениетін жаңғыртып, жаңа генетика әдістерін ашу мен жолдарын табуға мүмкіндік береді. Соған орай жемісті өсімдіктердегі in vitro андрогенезін зерттеу (әсіресе колоновидтті алмаларда ) өзекті болып отыр. Бүгінгі таңда биотехнологиялық жұмыстарда жапырақты экспланттардың in vitro әдісі кең қолдануда. Бұл әдіс гендік инженерияда соматикалық жасушаларды гибридизациялау мен мезофиллдерден оқшауланған протоластарды бөлу үшін қолданылады. Сонымен қатар, белсенді заттардың физиологиялық әрекетін, жасушалардың дедифференциацияға өту механизмін, бағалы генотиптерді сауықтыру мен микро көбейту жүйесінде әрекеттерді зерттеу үшін де қолданылады.

Ол үшін жапырақты экспланттардан өсімдіктерді регенерациялаудың сенімді әдістерінің болуы өте маңызды. Бірақ, алмалардың клондық түрлерінде бұндай әдістер жіті зерттелмеген. Клональді микро көбейту әдістері өсімдіктердің бағалы генотиптерін сауықтыру мен жылдам көбейту үшін қызмет атқарады. (Рыбалко, 1991; Коршун, Муратова, Иванов, Тугарев, 1996; Дорошенко, 1998; Орлова, Юшев, 2000; Ломовская, 2003) . Бұл әдістің басты артықшылығы аз көлемдегі материалдан қажет мөлшердегі өсімдіктерді алу және оны алудың мерзімін бір жылға қысқарту болып табылады. Ал, дәстүрлі вегетативті әдісте жемісті өсімдіктерді көбейту үшін әдетте 3 жыл керек болады екен.

Алмаларды микроклонды көбейтуге арналған бірқатар зерттеу жұмыстары бар. (Верзилин, Иванов, 1998 ж, . Самусь., Семенас 2006 ж, Матушкина, Пронина автореферат 2008 ж) . Бірақ, бір генотиптерге арналып ашылғандары, екіншілері үшін аса нәтижелі болмайды. Заманауи жемістерді өсіру саласында алмалардың колондық түрлері алманың кәдімгі сорттарымен салыстырғанда биологиялық артықшылықтарға ие. Олардың биіктігі 2, 5 метр бола отырып, жан - жақтылық артық бұтақтанусыз, отырғызудың бірінші жылынан бастап, жемісті, әрі жеміс беру ауқымы қарапайым сорттарға қарағанда 5 - 6 есе көп.

(Кичина, 2006) . Алманың бұл артықшылықтары алманы селекциялық -генетикалық және биотехнологиялық зерттеу үшін өте бағалы көрсетуде. Бірақ, тозаңдандырудың in vitro - сы, жапырақты экспланттары, меристемиздері жіті зерттелмеген.

Микроклональді (микроклонды) көбею - егілген материалдың вируссыз өнімін алу, дәстүрлі тәсілмен қиын көбейетін өсімдіктерді көбейтуге арналған биотехнологияның бір бағыты. Бұл әдіс өсімдіктерді көбейтудің жоғары коэффициентіне ие бола отырып, жыл бойы жұмыс жүргізе отырып, жер ауқымын да үнемдеуге мүмкіндік береді. Жылдам микроклональді көбейту технологиялары ауылшаруашылықтық жеміс пен жидек өсімдіктері үшін өте тиімді болып келеді. (Деменко, 2005; Медведева, Поливара, Подорожный, 2011; Райков, 2011; Фролова, 2011) . Бірақ бұндай өсімдіктерді клональді микро көбейту бойынша зерттеу жұмыстары жеткіліксіз. (Матушкина, Пронина, 2008) .

Белгілі генотиптерде орындалған ашылулар оларды өзге формаларды қолдануда дәл сондай тамаша нәтижелер көрсете бермейді. Алмалардың клондық түрлері жалпы генофонды ерекше орын ала отырып, бірқатар биологиялық артықшылықтарға ие. Солардың бірі - жанама бүршіктерінің аз болуы. Тіпті кей жағдайда олар болмайды да. Ол Көбейтудің дәстүрлі тәсілдерін (егу мен окулировка) қолдану барысында қиындықты болдырмау үшін, өсімдіктің дәл осы түрі үшін клональді микро көбейту әдісі тиімді болып келеді.

Жұмыстың өзектілігі: 2011 жылдың 12 мамырында Алматыда Қазақстан президенті Н. Ә. Назарбаев қаланың активімен алқалы жиын өткізді. Онда шаһардың бүгінгі тыныс- тіршілігі мен келешегі туралы келесі әңгіме қозғалды. Оңтүстік астанамызды дамытудың көптеген өзекті мәселелерімен қатар Елбасы Алматы апортын жаңғырту проблемасын да алға қойды. Алматы апорты бір кезде еліміздің мақтанашы, жер жәннаты Жетісудың төл жемісі, оңтүстік астанамыздың символы болып еді [1] .

Бір кездері тау бөктерінде жайқалып өсетін жабайы алмалардың Жетісу өлкесінде өсетін үш түрі де Қызыл кітапқа енді, - деп еді тоқсаныншы жылдардың ортасында Мағжан Иса ағамыз. Табиғаттан тек алуды ғана білетін жабайы алмаларды отынға кесіп алып жатты. Қалың алмалы тоғайлардың арасына мал жайып, аяқ асты етті. Сөйтіп айналасы 30 - 40 жылдың ішінде тау бөктері тұттай жалаңашталып қалды. [2, 3] .

Қазір жұртты тамсандырған апорттан айырылып қалудың аз - ақ алдында тұрмыз. Мұндай жағдайға тап болудың бірнеше себебі бар.

Ескі бақтарда апорт ағаштарының арасында жабайы алма, мәдени алма ағаштарының бірнеше сорттары өседі. Бұл тозаңдану үшін пайдалы. Кейінгі уақытта ол да ескерілмей қалды. Біраз жылдар бойы апорттың көшеттері Алматыға Меркеден әкелініп егілді. Бұл да қателік. Апорт сапасының нашарлауының тағы бір себебі, оның вирус ауруына шалдыққаны. Айта кету керек, кей ғалымдардың да апортқа қырсықтары тиді. Өздерінің жаңа сорттарын шығарамыз деп, соларын итермелеп, одан қалды шетелдің сорттарын насихаттады. Әрине, алманың басқа сорттарын да өсіру қажет. Бірақ, апортқа кесірі тимегені дұрыс еді. Шетелдердегі алмалардың жақсы деген сорттарының өзі апортқа жетпейді [ 4 ] .

Бір кездері тау бөктерінде жайқалып өсетін жабайы алмалардың Жетісу өлкесінде өсетін үш түрі де Қызыл кітапқа енді, - деп еді тоқсаныншы жылдардың ортасында Мағжан Иса ағамыз. Табиғаттан тек алуды ғана білетін жабайы алмаларды отынға кесіп алып жатты. Қалың алмалы тоғайлардың арасына мал жайып, аяқ асты етті. Сөйтіп айналасы 30 - 40 жылдың ішінде тау бөктері тұттай жалаңашталып қалды.

Апорт сортының ауруларға зақымданғыш мәселесін шешу үшін оның төзімді түрлерін бөлектеу және бақтарды аурулар мен зиянкестерден қорғау бойынша зерттеулерді тереңдетіп жүргізу керек. Апорт жемістерінің жай қоймаларда сақталу мерзімінің шектеулі болғанына байланысты реттегіш газ, ортасы бар арнайы жеміс қоймасын салуды қарастыру қажет . Мұндай қоймалар жемістің сапасын сақтап, оны жаңа піскен күйінде қолдану мерзімін ұзартуға мүмкіндік береді [5] .

Алматы облысында алма бақтарының құрып кетуіне байланысты Президенттің тапсырмасы бойынша алма бақтарын қайтадан қалпына келтіру жоспары жасалды. Ол жоспарға БжҒ министрлігі тарапынан қаржы бөлініп, алманың Апорт сортын көбейту қолға алынды. Ол жұмыс 3 - ғылыми зерттеу институтына тапсырылған болатын. Экономикалық дағдарысқа байланысты қаржының тек қана жартысы берілді, ал жобаға университеттер қатыстырылған жоқ. Осындай олқылықтардың орнын толтыру үшін және бұл жұмысты жүргізуге біздің университетте қажет приборлар мен апараттар бар.

Зерттеу жұмысының мақсаты:

Алматы облысының бау- бақшаларында өсетін алманың «Апорт» және «Салтанат» сорттарын қоректік ортада микроклон әдісі арқылы көбейту.

Зерттеудің міндеттері:

  • аналық алма ағаштарын таңдап алу;
  • жасанды қоректік орта дайындау;
  • меристеманы өсіру үшін қоректік ортаны үйлестіру;
  • бастапқы эксплантты қоректік ортаға енгізу;
  • экспланттың дамуына қоректік орта, қоршаған орта, фитогормондар әсерін анықтау;
  • бау - бақша өсіру арқылы оқушыларға кәсіби бағыт- бағдар беру.

Зерттеудің объектісі :

  • 1986 жылғы 1500 м биіктікте өсірілген алма ағаштарының бұтағы алынып келінді.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы :

  • қолданыста бар биотехнологиялық әдістерде фитогормондардың оргоногенез процестерге әсері анықталады.

Қолданбалы маңызы:

  • жасанды қоректік ортада көбейту әдісі жетілдірілді

Зерттеу әдістемесі :

  • биотехнология әдістері арқылы көбейтудің кейбір мәселелері анықталады.

Күтілетін нәтижелер :

  • биотехнология әдістерін қолдану арқылы пробиркалық өсімдіктер алу.

1 НЕГІЗГІ БӨЛІМ

1. 1 Алма ағашының биологиялық сипаттамасы, алма сорттары

Алма - Қазақстанда ең көп таралған дақыл. Malus Mill туысына алманың 50 түрі кіреді. Негізгі түрлеріне мыналар жатады: орман алмасы, кавказ алмасы, қытай алмасы, жидек алмасы. Сиверс алмасы, Недзвецкий алмасы, аласа өсетін алма, қырғыз алмасы. Алманың сорттары негізінен алманың осы түрлерінен алынған. Қазақстанда Сиверс алмасы, Недзвецкий алмасы, қырғыз алмасы өсіріледі. Дүние жүзінде адам қолымен өсірілетін алманың барлық сорттары бір мәдени түрге - үй алмасына ( Malus domestica Borrh) жатады. Алма ағашы тіршілігінің ұзақтығы телітушілерде және сортына байланысты 20 жылдан 100 жылға дейін созылады. Алма ағашы тұқымдық телітушілерде 30-дан 50 жылға дейін, ал вегетативтік телітушілерде 15-25 жыл тіршілік етеді. Өнімді орта есеппен 10-30 жыл береді. Интенсивті бақта әр гектардан 300-ден 500 центнерге дейін өнім алынады. Телітушіге және сортқа байланысты жемісті 2-3 жылда сала бастады.

Алма ағашы өсу қуатына байланысты биік өсетін (8-12 м), орташа өсетін (5-8 м), аласа өсетін (2-4 м) болып бөлінеді.

Қазақстанда алмадан өндірістік өнім беретін негізгі аудандар - Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік шығыс аймақтары: Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл. Соңғы жылдары алма дақылы Қостанай, Батыс Қазақстан, Ақмола облыстарына кеңінен таралып келеді. Дүние жүзінде алма дақылдарының 20 мыңға жуық сорты аудандастырылған, ал Қазақстанда 40-тан астам сорты таралған.

Алманың сорттары. Жаздық сорттары: Белый налив, Пеструшка, Суйслеппер, Мелба, Боровинка ташкентская.

Күздік сорттар: Ренет Бурхардта, Ренет казахстанский, Милтон, Хасылдар.

Күздік-қыстық сорттар: Заилийское, Апорт, Заря Алатау, Румянка алма-атинская, Салтанат, Грушовка верненская, Ренет ландсбергский, Рашида, Зимняя плесецкого, Голден делишес, Ренет Симиренко, Розмарин белый, Пармен зимний золотой, Джонатон, Делишес, Аргус, Уральское наливное, Либимец, Горноалтайское, Мальт багаевский, Ренет орлеанский, Голден граймз, Уэлси, Северный синап.

« Белый налив ». Орыс алмасының ертеден келе жатқан сорты. Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарында аудандастырылған. Ағашының биіктігі орташа, деңгелене түзілген бөрікбасы тығыз. Суыққа төзімді, жас бұтақшаларының түсі ашық қоңыр. Отырғызылғаннан кейін 6-7 жылда жеміс сала бастайды. Өнімді мол және жыл сайын береді, әрбір ағаштан орта есеппен 100-165 кг жеміс алынады.

Жемісінің ірілігі орташа (60-70 г), түсі жасылдау, ақшыл-сары. Жемісінің жұмсағы - ақ, шырынды, дәмі қышқылдау тәтті, өте піскен кезде кермектеніп, дәмі шұғыл нашарлайды. Өнімі көп уақыт сақтауға шыдаймайды және тасуға да онша жарамайды.

« Суйслеппер». Балтық жағалауына тән сорт. Алматы, Оңтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарында аудандастырылған. Ағаштарының бөрікбастары өте өскелең, үлкен, теріс пирамидалы. Кейде домалақ болып келетін бөрікбасы өте тығыз. Суыққа аса төзімді. Бұтақшалары қызыл қоңыр түсті. Ағаштары отырғызылғаннан кейін 7-9 жылда өнім береді, жемісті жыл сайын салмайды. Әрбір жеміс ағашы орта есеппен 80-120 кг өнім береді. Жемісінің ірілігі орташа (60-70 г), жұмсағы - ақ, ұсақ түйірлі, өте шырынды, дәмі қышқылтым тәтті, қабығы тегіс, жылтыр, түсі ақ, қызыл және қызғылт жолақтары, жайылма қызғылт теңбілдері бар. Жемісі көп уақыт сақтауға шыдамайды.

«Мелба». Канадалық сорт. Алматы, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарында аудандастырылған. Ағаштары орташа өседі, суыққа төзімді, бөрікбастары ағаштардың жас шағында сопақша, ал жеміс саған уақытта аумақты, кең болады. Жемісті 6-7 жылда салады, жыл сайын өнім береді. Өнімділігі - орта есеппен әрбір жеміс ағашынан 75-100 кг. Жемісінің ірілігі орташа (130г), түсі көкшіл сары, жұмсағы - ақ, шырынды, қышқылтым тәтті, өзіне тән жақсы иісі бар.

«Пеструшка». Жергілікті сорт. Алматы, Қызылорда, Шығыс Қазақстан облыстарында аудандастырылған. Ағаштары өте биік өседі. Жас ағашының бөрікбасы дөңгелектеніп келеді, өнім салғаннан кейін сәулеленіп кетеді. Суыққа және құрғақшылыққа төзімді. Ағаштары отырғызылғаннан кейін 6-8 жылда өнім бере бастайды, өнімді жыл сайын салмайды. Әрбір жеміс ағашы орта есеппен 180 кг жеміс салады. Жемісінің ірілігі орташа (100-110 г) қабығы сары, жалпақ қызғылт жолақтары мен жеке-жеке орналасқан теңбілдері бар, сырты тегіс. Жұмсағының түсі ақ, тығыздығы орташа, шырынды, жемістері тасымалдауға шыдамды.

«Апорт». Ескі, тегі белгісіз сорт, таулы суармалы аудандар үшін ең бағалы сорттардың бірі. Бөрікбасы сирек, домалақ, аумақты. Өнімді көбінесе шет жағына орналасқан ұзын бұтақшалары береді. Жазық аймақта және тау етегінде суыққа шыдамсыз, ал тау белдеуінде, таулы аймақта суыққа төзімділігі жақсы. Жемісті отырғызылғаннан кейін 7-8 жылда салады, өнімділігі әрбір жеміс ағашынан орта есеппен 100-150 кг. Жемісі өте ірі (250г), түсі әдемі. Жемісінің жұмсағы ақшыл жасылдау, орташа түйіртпекті, нәзік, шырынды, дәмі қышқылтым тәтті, өзіне тән жақсы иісі бар. Қазақстанның бақ шаруашылықтарында бұл сорттың екі түрі өсіріледі: апорт Александар және апорт кроваво-красный.

«Ренет Бурхардта». Никитский ботаника бағында шығарылған сорт. Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік шығыс облыстарында аудандастырылған. Ағаштарының өскелеңдігі орташа, бөрікбастары қою, жас шағында сопақша, ал өнім бере бастағанда шар тәрізденіп кетеді, суыққа төзімді. Жемісті отырғызылғаннан кейін 6-7 жылда салады, жыл сайын өнім береді. Өнімділігі - әрбір жеміс ағашынан орта есеппен 140 - 160 кг.

Жемісінің ірілігі орташа (100г), домалақтау, түсі сары, тасымалдауға қолайлы, жұмсағы ақ, сарғыштау, тығыз, шырынды, дәмі қышқылтым тәтті, хош иісті.

«Милтон». Америкада шығарылған. Алматы және Жамбыл облыстарында аудандастырылған. Ағаштары өскелең, бөрікбастары қомақты, домалақ, өте қою. Суыққа төзімді. Бұтақшалары қызғылт қоңыр түсті. Ағаштары отырғызылғаннан кейін 7-8 жылда жеміс салады. Өнімді жыл сайын береді. Өнімділігі - әрбір ағаштан орта есеппен 110-240 кг. Жемісінің ірілігі орташа (140 г), пішіні сопақша, түсі бүтіндей дерлік қызыл қоңыр. Жұмсағы аппақ, нәзік, шырынды, ұсақ түйіртпекті, дәмі қышқылтым тәтті, хош иісті.

«Заилийское». Қазақ жеміс және жүзім шаруашылығы институтында белгісіз екпе сорттардың екпе көшеттерінен шығарылған. Ағаштары аласа, бөрікбастары жинақты, суыққа төзімді. Жемісті ерте, 3-4 жылда салады. Өнімді жыл сайын береді. Әрбір жеміс ағашынан орта есеппен 160-190 кг өнім алынады. Жемісінің ірілігі орташа және ортадан жоғары (110-180г) . Жемісі сарғыштау жасыл, қызыл қоңыр түсті, күңгірт сызықтары бар. Жемісінің жұмсағы жасылдау, нәзік, шырынды, дәмі қышқылтым тәтті.

«Ренет Казахстанский». Қазақ жеміс және жүзім шаруашылығы институтында «Ренет Бурхардта» сортын «Суйслеппер» сортымен будандастыру жолымен шығарылған. Алматы және Жамбыл облыстарында аудандастырылған. Ағаштары орта өседі, бөрікбастары қомақты, домалақ, тығыздығы орташа. Суыққа өте төзімді. Ағашын отырғызғаннан кейін жемісті 5-6 жылда салады. Өнімділігі - әрбір жеміс ағашынан орта есеппен 100-120 кг. Жемісі ірі (140-160 г), түсі сары, сәл қызғылт реңді. Жұмсағы тығыз, аздап түйіртпекті, дәмі қышқылтым тәтті. Жемістері көп уақыт сақталады.

«Ренет Семиренко». Украиндық сорт. Ағаштары өскелең. Бөрікбастары домалақ немесе тайпақтау келеді. Суыққа онша төзімді емес. Жемісті 4-5 жылда салады. Өнімді жыл сайын береді. Әрбір ағаштан орта есеппен 300-400 кг өнім жиналады. Жемісінің ірілігі орташа (140 г) . Бір жағы шошақтау келген домалақ, жемісінің түсі ашық жасыл, қабығының астынан толып жатқан ақшыл нүктелер көрініп тұрады. Жұмсағы сарғылт жасыл, тығыз, дәмі қышқылтым тәтті, хош иісті, шырынды.

«Розмарин белый». Итальяндық сорт. Ағаштары өте өскелең, бөрікбастары биік пирамидалы, қоюлығы орташа, аумақты, суыққа шыдамдылығы нашар. Өнімді кеш береді (9-12 жылда), жемісті жыл сайын бермейді, әрбір ағаштан орта есеппен 100-140 кг өнім алынады.

Жемісінің ірілігі орташа және ұсақ (50-70 г), пішіні жұмыртқа тәрізді немесе сүйір, түсті ақшыл сарғыш, қызғылт дақтары болады. Жемісінің жұмсағы ақ, тығыз, шырынды, ұсақ түйіртпекті, дәмі қышқылтым тәтті.

«Голден делишес». Американдық сорт. Алматы және Оңтүстік Қазақстан облыстарында аудандастырылған. Ағаштарының өскелеңдігі орташа, бөрікбастары сопақша, онша тығыз емес. Суыққа төзімділігі орташа.

Жемісті отырғызылғаннан кейін 5-6 жылда салады, өнімді жыл сайын береді, әрбір ағаштан орта есеппен 40-50 кг өнім алынады.

Жемісінің ірілігі орташа (110-140 г), сопақша келген, дұрыс пішінді, түсі ашық сары. Жемісінің жұмсағы ақ сары, шырынды, ұсақ түйіртпекті, дәмі тәтті.

«Румянка алма-атинская». Сорт Қазақ жемісі және жүзім шаруашылығы институтында «Зеленка Вуда» сортының екпе көшеттерінен шығарылған.

Ағаштары өскелең, бөрікбастары сопақ, домалақ, қою, суыққа өте төзімді. Жемісті 4 - 5 жылда салады. Өнімділігі әрьір жеміс ағашынан - 60 - 80 кг. Жемісі ірі (190г), домалақ, ашық жасыл түсті, қызыл қоңыр реңді.

Жемісінің жұмсағы шырынды, хош иісті, дәмі қышқылтым тәтті.

«Заря Алатау». Қазақ жеміс және жүзім шаруашылығы институтында «Ренет орлеанский» сортының екпе көшеттерінен шығарылған. Алматы және Жамбыл облыстарында аудандастырылған.

Ағаштардың бөрікбастары кең пирамидалы, онша тығыз емес. Суыққа төзімділігі орташа. Ағаштары отырғызылғаннан кейін 5-6 жылда жеміс бере бастайды. Жыл сайын өнім береді. Өнімділігі әрбір ағаштан орта есеппен 50-100 кг. Жемісінің ірілігі орташа (130 г), домалақ, конус пішінді, сарғылт жасыл түсті, қызыл қоңыр реңді. Жұмсағы тығыз, хош иісті, дәмі қышқылтым тәтті шырынды.

«Салтанат». Қазақ жеміс және жүзім шаруашылығы институтында «Ренет Бурхардта» сортының екпе көшеттерінен шығарылған. Ағаштары өскелең, бөрікбастары сопақша. Суыққа төзімді. Ағаштары отырғызылғаннан кейін 6-7 жылда өмір салады. Әрбір ағаштан орта есеппен 40-60 кг өнім алынады. Жемісі ірі (170 г), тайпақтау, түсі жасылдау сары. Жұмсағының тығыздығы орташа, ұсақ түйіртпекті, дәмі қышқылтым тәтті, шырынды.

«Грушовка верненская» . Жергілікті қазақстандық сорт. Жамбыл және Қызылорда облыстарында аудандастырылған. Ағаштары орта өседі. Бөрікбастары шеңбер пішінді, өте қалың. Суыққа төзімділігі нашар. Жемісті отырғызылғаннан кейін 6 - 7 жылда салады. Өнімді жыл сайын бермейді. Өнімділігі - әрбір ағаштан орта есеппен 40 - 50 кг. Жемісінің ірілігі орташа (80 г), домалақ, тегіс, түсі бүтіндей дерлік қызыл қоңыр, қабығының астында айқын білініп тұратын сарғылт қызыл нүктелері болады. Жұмсағы ақ, қызғылт, шырынды, дәмі қышқылтым тәтті.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жеміс шаруашылығы
Алма ағаштарын қалыптастыру
Жеміс ағаштарын қалыптастыру және шырпу
Жеміс ағаштарын күтіп баптау
Жеміс салудың заңдылықтары
Оңтүстік Қазақстан облысы Cарыағаш ауданы жағдайында 36 га жеміс бағын отырғызу, 5% себінді бұламада
Жеміс шаруашылығында озық технологиялы бақ құру үшін қолданылатын телітушілер және олардың сипаттамасы
Тұқымдарды стратификациялау
Бағалы жалпақ жапырақты өсімдіктерді өсіру
Жеміс өсімдіктерінің өсу және жеміс салу заңдылықтары туралы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz