Қазақ және ағылшын тілдерін тереңдетіп оқыту


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 53 бет
Таңдаулыға:   

КІРІСПЕ

Көптілді оқыту - жас ұрпақтың білім кеңістігінде еркін самғауына жол ашатын, әлемдік ғылым құпияларына үңіліп, өз қабілетін танытуына мүмкіншілік беретін бүгінгі күнгі ең басты қажеттілік.

Үш тілде оқыту - заман талабы. Негізгі мақсаты: бірнеше тілді меңгерген, әлеуметтік және кәсіптік анықтауға қабілетті мәдениетті тұлғаны дамыту және қалыптастыру. Үштілдік туралы Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев білім және ғылым саласы қызметкерлерінің III съезінде сөйлеген сөзінде: «Ағылшын тілінің қажеттілігі әлемге тән қажеттілік, бүгінгі күн талабы. Ал орыс тілін жақсы білу - біздің байлығымыз» десе, 2007 жылғы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Жолдауында: «Қазақстан бүкіл әлемде халқы үш тілді пайдаланатын жоғары білімді ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар: қазақ тілі-мемлекеттік тіл, орыс тілі-ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі-жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі» деген болатын. Қоғамның бүгінгі әлеуметтік тапсырысы - жаратылыстану-математикалық, химия-биологиялық пәндер бойынша ғылыми дайындықтың әлдеқайда жоғары деңгейін қамтамасыз ету; сонымен қатар білім беруде осы бағыттағы пәндерді ағылшын тілінде оқытуды жүзеге асыру. Ағылшын тілі - ХХІ ғасырдың тілі.

“Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан” атты Жолдауында “Тілдердің үштұ­ғыр­лығы” мәдени жобасын жүзеге асыруды ұсына отырып, қазақ елін әлем­дегі үш тілді қатар тұтынатын білімді де білікті ел ретінде таны­туымыз қажет екенін және мемле­кеттік тіл - қазақ тілі, ұлтаралық қарым-қатынас тілі - орыс тілі мен жаһандық экономикаға табыс­ты кірігу тілі - ағылшын тілі бо­луы тиіс екенін ерекше атап көрсеткен.

Қазіргі таңда келешек ұрпақты интеллектуалды тұлға етіп дамыту, көптілді меңгерту - білім беру жүйесінің өзекті мәселесі.

«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 14-бабына сәйкес және Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев 2011 жылғы 28 қаңтардағы Қазақстан халқына «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» Жолдауындағы тілдерді дамыту аясында үштілділік - әр азаматтың табыстылығының міндетті шарты және 2020 жылға қарай ағылшын тілін білетін тұрғындар санының кемінде 20 пайызды құрау керектігі туралы ұстанымды жүзеге асыру шарт.

Бүгінде еліміз жаңа ғасырдың табалдырығын абыройлы көрсеткіштермен аттап, дамыған елу елдің қатарына қосылуға бет бұрғандықтан, еліміздің білім беру жүйесі де әлемдік білім талаптарына сәйкес болуы тиіс. Сондықтан ақпараттық және коммуникативтік құзыреттілікпен қатар, бүгінгі таңда полимәдениеттілік білімнің базалық құзыреттілігі ретінде танылып отыр. Осыған орай Қазақстан үш тілде оқытылатын мектеп ашылуда.

  • Жаратылыстану-математика бағытында пәндерді ағылшын тілінде оқыту;
  • Қазақ және ағылшын тілдерін тереңдетіп оқыту;
  • Орыс тілі мен әдебиет пәндерін орыс тілді мектеп бағдарламасымен оқыту ескерілген.

Көптілді білім беру дамудың кешенді бағдарламасында актуалды бағыттардың бірі болып табылады. Сапалы білім беруді және жоғары танымды қалыптастыруға ұмтылу, білім шекарасын жылжыту, оқушыларды өмірге даярлау - жаңа әлемде нақты қос не көптілділік болып табылады.

Қазіргі кезеңде Республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, қазақстандық білім беру жүйесі әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл педагогика теориясы мен оқу - тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр: білім беру парадигмасы өзгереді, білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, жаңаша қарым - қатынас пайда болды. Мемлекеттік білім стандарт деңгейінде оқыту үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық техналогияларды ендіруді міндеттейді.

Білім беру саласы қызметкерлерінің алдында қойылып отырған басты міндеттерінің бірі - оқытудыңәдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды меңгеру.

Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс-әрекеттіңғылыми - педагогикалық негіздерін меңгеруі маңызды мәселелердің бірі. Өйткені жаңа педагогикалық технологияны меңгеруге мұғалімдерді даярлау - оларды кәсіби білімін көтеруге дайындау аспектісінің бірі және тұлғасын қалыптастыру үрдісіндегі іс - әрекеттің нәтижесі болып табылады. Мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқыту үрдісін ұйымдастыру оқу - тәрбие үрдісіне жаңа педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді. Жаңа педагогикалық технологиялар - бұл білімнің басында мақсаттарымен біріктірілген пәндер мен әдістемелердің, оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастырудың өзара ортақ тұжырымдамасымен байланысқан міндеттерінің, мазмұнының, формалары мен әдістерінің күрделі және ашық жүйелері, мұнда іс-әрекет оқушының дамуына жағымды жағдайлар жиынтығын құрайды.

Оқытудың жаңа технологияларының принциптері - оқытудың ізгілендіру, өздігінен дамитын, дұрыс шешім қабылдай алатын, өзін-өзі жетілдіріп, өсіруші, тәрбиелеуші жеке тұлға қалыптастыру болып табылады.

Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық жаңа технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты жетік маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің өзін-өзі дамытып, оқу - тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастырылуына көмектеседі. Қазіргі ғылым мен техниканың дамыған заманында оқытудың жаңа технологиялық әдістерін пайдалану оқушылардың білім деңгейін заман талабына сай арттырады. Осындай әдістердің бірі - Англиядан шыққан оқытудың интерактивті әдісі. Интерактивті әдіс - диалогтық әдіс, нәтижесінде сабаққа қатысушылар бір-бірімен байланыса отырып, мәселелерді шешеді:

Зерттеудің өзектілігі: Қазақстанның жаhандану жағдайында ұлттық білім жүйесі бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ұмтылысымен анықталады. Ол жауапкершілігі мол, өз мамандығы бойынша халықаралық стандарт деңгейінде тиімді іс-әрекетке қабілетті болуы, кәсіби деңгейінің өсуіне ынталы болуы, әлеуметтік және кәсіби бейімділігі жоғары, үш тілді: мемлекеттік тілді-қазақ тілін, ұлтаралық қатынас құралы ретінде орыс тілін, дүниежүзілік экономикалық кеңістікке кірігу тілі ретінде ағылшын тілін еркін меңгерген тұлға болуы тиіс. Маманның шығармашылық өзін-өзі жетілдіру саласын дамытуға, мемлекеттік тілдің қоғамдық өмірдің барлық саласында қызмет етуін қамтамасыз етуге, оның ұлтаралық келісім мен қазақстандық патриотизмді нығыйту факторы ретіндегі рөлін арттыруға, орыс тілінің лингвистік белсенділігін сақтауға және ағылшын тілін ғылыми ақпарат пен жаhандану экономикасына сәтті кірігу тілі ретінде енгізу бағытталған көптілді білім беруді енгізуді талап етеді. Осы ретте химия пәнін ағылшын тілімен ұштастыра оқыту қажеттілік болып отыр және жұмыстың көкейтестілігі де осында.

Дипломдық зерттеудің мақсаты: Орта мектептің химияпәнін оқытуда ағылшын тілін қолдана отырып оқушылардың білімі мен біліктілігін қалыптастыру және оқушылардың пәнге деген белсенділігін арттыру. Химия пәнін оқытуда ағылшын тілін пайдалану тәсілдерін нақты мысалдармен көрсету, ағылшын тілін қолдану тиімділігін анықтау.

Дипломдық зерттеудің міндеттері:

- Химияны оқытуда ағылшын тілімен пәнаралық байланыс құру және үндестіре отырып оқушылардың білімі мен біліктілігін қалыптастыру;

- Химияны оқытуда ағылшын тілін пайдаланып, оқушылардыңпәнге қызығушылығын арттыру және химия саласына байланысты тілдік қорын дамыту;

- Химия пәнін ағылшын тілі пәнімен кіріктіре өткізу тиімділігі;

- Химия пәніндегі жиі қолданылатын сөздермен глоссарий жұмыстарын жүргізу нәтижелілігі.

Зерттеу нысаны: Химия мен ағылшын тілі арасында пәнаралық байланыс құруды жүзеге асыру әдістемесі

Зерттеу пәні: Орта мектепте химияны оқытуда ағылшын тілімен пәнаралық байланыс құра отырып тілді терең меңгерген полимәдениетті шәкірттерді шыңдау мақсатында химия пәнін ағылшын тілімен кіріктіре оқытуды ұйымдастыру.

Зерттеу әдістері: химия пәнін оқытуда ағылшын тілімен пәнаралық байланыс құра білім беруді қарастыру; химия пәнін оқытуда ағылшын тілімен пәнаралық байланыс құру тиімділігі мен маңыздылығын көрсету; орта мектепте химия пәнін ағылшын тілімен пәнаралық байланыстыра оқыту тәжірибесін зерделеу, сауалнама жүргізу; оқушылардың химия ұғымдарын өзге тілде меңгеруін бақылау, тілдік қиындықтары мен ерекшеліктерін анықтау, өзін-өзі бақылау әдістері; педагогикалық бақылау және педагогикалық эксперимент өткізу; оны сапалық және сандық талдау; алынған нәтижені көрнекі түрде көрсету қолданылды.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы:

- химия пәнін оқытуда ағылшын тілімен пәнаралық байланыс құра білім беру берудің жаһандық маңыздылығы мен білім берудегі тиімділігін анықтау;

- орта мектепте химия пәнін оқытудың белсенді әдістері мен оқушыларға ағылшын тілінде оқытудың әртүрлі деңгейлеріне сәйкес ақпараттық және компьютерлік жүйелер арқылы ізденіс жұмыстарын жандандыра түсудің барлық мүмкіндіктерін ұсыну;

- химияны орта мектепте оқыту жағдайында лингафондық құрал-жабдықтар, аудио, видео кешенін - оқушылардың ауызша және жазбаша аударудағы білім жетілдіру, сөздік қорын қосымша жаңа сөздермен байыту, толықтыру, ой-өрісін ғылыми тұрғыда дамыту мақсатында қолдану;

- химияны оқыту процесінде мультимедия бағдарламасының көмегімен, ғаламтор арқылы әлемдік химия жаңалықтарын, химия пәнін өз бетімен қосымша үйренудің түрлі әдіс - тәсілдері, комуникативтік бағыттағы оқыту элементтері кең қолдану, тілге байланысты жүйелі жетілдіру жұмыстары жүргізуге ұмтылдыру;

Зерттеудің практикалық маңыздылығы:

Химия пәнін ағылшын тілімен пәнаралық байланыс құра отырып оқыту - өмірден өз орнын таңдай алатын өзара қарым - қатынаста өзін еркін ұстап, кез келген ортаға тез бейімделетін, белгілі бір ғылым саласында білімі мен білігін көрсете алатын, өзге дамыған елдермен білім бәсекелестігіне түсе алатын, еліміздің химия саласын дамытуға үлес қоса аалатын, көптілді және көпмәдениетті құзіреттіліктерді игерген полимәдениетті жеке тұлға қалыптастыруға ықпал етеді. Мектептерде көптілді білім бере отырып тілді терең меңгерген шәкірттер білім алып шығуы тиіс. Бір жағынан мемлекеттік тілдің қызмет аясын кеңейту болса, екінші жағынан ағылшын тілін жаhандану экономикасындағы ғылыми - ақпарат алудағы желісін кеңейту.

Диплом жұмысының құрылымы мен көлемі : Диплом жұмысы кіріспеден, негізгі екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.

  1. МЕКТЕПТЕГІ БІЛІМ БЕРУДЕГІ ИНТЕГРАЦИЯНЫ ДАМЫТУДЫҢ НЕГІЗГІ КЕЗЕҢДЕРІ

1. 1 Интеграция, интеграциялап оқыту туралы түсінік

«Интеграция» ұғымы латынның integer - бүтін, тұтас деген мағынаны білдіреді, яғни бұрын бөлініп кеткен көптеген компоненттердің бірігуі. Интеграция мәндік категориялық сипаттамасын анықтау проблемасына В. С. Безрукова еңбектері арналған. Ол алдымен интеграция философиялық ұғымын таратуға ұмтылыс жасады. Екіншіден, «педагогикалық интеграция» ұғымдарына анықтама беріледі. Үшіншіден, педагогикалық интеграцияның тез ауысуын жасау көзқарасы жасалады; Төртіншіден, интеграция категориясының өзара байланысы, дифференция, синтез ұғымына қатысты талдау жүргізіледі; Бесіншіден, философиялық мәліметтер негізінде интеграцияның мәртебелік көрсеткіші ұсынылады. В. С. Безрукованың педагогикалық интеграцияның тез ауысуын жасаудың нәтижелі стратегиясын ұсынады. Оның құрамына келесі ұғымдар кіреді:

−Интеграция компоненттері - ғылым, білім, теория, таным, білім мазмұны, оқу пәндері, ғылыми бағыттар, теория мен практика;

−Интеграция пәні - интеграция үрдісі, оның ауқымы, сатылары, түрлері, факторлары, шекарасы, шегі;

−Типологиялық сипаттамалары - локальдық, аймақаралық, пәндік, пәндер аралық, ауқымдық, арнайы. Интеграциялық процеске тән ұстанымдар: −Объективті алғышарттар;

−Бұрынғы бөлінген бір немесе әртүрлі компоненттер;

−Біртұтастық. Интеграцияның жолдары:

−Пәндердің бір курсқа толық бірігуі, синтезделген курстарды оқыту - толық интеграция;

−Өзектік бағыттары бойынша жеке пәндердің бірігуі;

−Оқу бағдарларында объектілер бойынша блок құру. Интеграциялық процестердің заңдылықтары

−Химия пәнінің жүйе түзгіш логикасы;

−Заттардың бір-бірімен құрамы, құрылысы, қасиеттері бойынша өзара байланысы мен тәуелділігі;

−Адам баласы жасаған табиғи заттар мен материалдардың бірлігі, олардың технологияда, тұрмыста қолданылуы;

−Интеграциялық процестер мен білім беру процестерінің біртұтастығының өзара себептері;

−Химияны және басқа объектілерді (биологиялық, физикалық) ;

−Оқытудағы біртұтастылық. Химия сабағын жүргізгенде интегративті оқыту мақсаттары:

−Оқушыларға химия ғылымының негізін, маңызды деректерді, заңдылықтарды, теорияларды ұғындыру;

−Табиғаттағы барлық құбылыстардағы химиялық үрдістердің маңызды орнын түсіндіру;

−Практикалық дағдыларын қалыптастыру, оқушыларда табиғат байлығын тиімді пайдалануға үйрету мен ойлауды тәрбиелеу міндеттері қойылады. Химияның ғылым ретінде негізгі міндеттері:

−Табиғи шикізаттарды іздеу және тиімді пайдалану тәсілдерінің дамуы; −Химия өнімдерін өндіру қарқынының өсуі;

−Саны мен сапасының артуы;

−Халық шаруашылығының түрлі салаларында қолдану үлесінің молаюы. Химия пәнін келесі пәндермен кіріктіріп оқытылатын ұғымдар мен материалдар: Химия - Физика:

−Физикалық қасиеттері мен құрылысын оқығанда зат туралы ұғым жүйесінің дамуы мен қалыптасу;

−Физика мен химияға ортақ теориялар мен заңдардың оқылуы;

−Физика-химиялық процестердің маңызын қарастыру;

−Технологиялық жабдықтардың жұмыс принциптері және құрылғысымен танысу;

−Химия пәнінде физикалық ұғымдарды, өлшемдерді және өлшеу бірліктерін қолдану;

−Танып-білу әдістерімен танысу. Химия - Математика:

−Арифметикалық және алгебралық әрекеттер қосу, алу, бөлу, көбейту, пропорциялар, теңдеу жүйесін құрастыру және есептеу мен график құрастыруды қолдану арқылы химиялық есептерді шығару;

−Эмпирикалық байланысты көрсететін графиктердің анализі; −Математикалық ұғымдарды, өлшемдерді, өлшеу бірліктерді және координата жүйесін, формальды логиканың кейбір тәсілдерін қолдану; −Атомдардың, молекулалардың және кристалдардың геометриялық модельдерін құрастыру және зерттеу. Химия - Биология −Биогенді элементтердің атом құрылысының ерекшеліктерін;

−Физика-химиялық сипатын, табиғатта таралу рөлін таныстыру;

−Тірі организмдер мен экожүйе заттардың физиологиялық әсерін оқып білу; −биохимиялық материалдар негізінде экологиялық табиғатты қорғау және валеологиялық білімдер қалыптастыру. Химия - География - Жаратылыстану ғылымдарының диалектикалық бірлігі негізінде табиғат туралы бірыңғай көзқарасты қалыптастыру;

−Химиялық географиялық материалдар базасындағы экологиялық және табиғатты қорғау туралы білімдер қалыптастыру;

−Химиялық элементтердің және оның қосылыстарының, жансыз табиғаттың, геохимиялық айналымның, маңызды қазба жерлердің ауылшаруашылықта және өнеркәсіпте таралуының маңызы мен рөлі;

−Құбылыстардың, ұғымдардың, теориялардың, әлемнің ғылыми бейнелері арасындағы жан-жақты байланыстарды оқушылардың орнықтыра алу біліктілігін қалыптастыру [3] .

Білім - оқушы алдында тұтас күйде болуы қажет. Пәндер арасындағы кедергілерді жою үшін білімді басты объектілердің немесе тақырыптар маңына топтастыру керек. Бұл арқылы пәнді түрлі қырынан қарастыруға, оның түгел дерлік өзара байланысын ашуға мүмкіндік береді. Салыстыру, анализ, синтезді қолдану дүниетанымды, экологиялық, коммуникативтік білімдер мен іскерліктерді қалыптастыру үшін маңызды.

Интегративті оқыту - бұл білім берудің қызықты әрі перспективті формасы. Мұнұда алынған проблема немесе тақырып бір пәнмен ғана емес, бірнеше пәндермен байланыстырыла отырып қарастырылады және де берілетін жаттығулар басқа пәндермен өзара кіріктірілген түрде беріледі. Үздіксіз білім беру жүйесінің негізгі буыны болып саналатын, жалпы орта білім беру мектептерінің оқушыларына саналы тәртіп пен сапалы білім беріп, туған жердің табиғатын қорғайтын мәдениетті тұлға етіп қалыптастырудың мәні өте зор.

Пәндepдi кipiктipeoқытy қaзipгi кeздeopтa мeктeптepдe қoлдaныc тayып oтыpғaн ғылыми жaңaлықтapдың бipi дeceк қaтeлecпeгeн бoлapeдiм. Xимия пәнiнiң caбaқтapын пәнаралық байланыста үндecтipeoқытyдың тиiмдiлiгi өтe жoғapы eкeнi тәжipибeдeн дәлeлдeнiп oтыp.

Оқу пәндерінің бірігу шарттары:
  • - зерттеу нысандарына сәйкес келуі немесе өзара жақын болуы;
  • - кіріктірілген оқу пәндерінде зерттеу әдістерінің бірегейлігі немесе ұқсастығы;
  • - кіріктірілген оқу пәндерінің жалпы заңдылық, жалпы теориялық тұжырым негізінде құрылуы.

Әрбір пән оқушыға қажет білім, білік, дағды қалыптастырса да, оқушы жеке тұлға ретінде өзін-өзі танытуда. өз мақсатына жету жолында жалпы өмір тәжірибесінде жинақталған әмбебап білім, білік пен дағдыға сүйенеді. Бұл жалпы құзіреттілікке алып келеді. Пәнаралық байланыс пен оқушы бойында жалпы құзіреттілікті қалыптастыруда тікелей байланыс бар. Оқу бағдарламаларында әр пәннің қалыптастыратын білім, білік, дағды мөлшері жеке анықталса да, тұлғаның өмір сүру аймағында олар өзара байланысты құзіреттілікке ие болады. Өйткені оқушы өмірлік мәселелермен кездескенде, әрбір пәннен алған білімін саралап жатпай, бойындағы интегративті білімнің кең, жалпы әлуеті мен дағдысын пайдаланады.

Кіріктірілген сабақтардың артықшылықтары мен кемшіліктері.
  • Артықшылықтар:
  • - ұстаз үлкен ізденіс жұмыстарын жүргізеді (түрлі ақпарат көздерінен, интернеттен, т. с. с. ) ;
  • - оқушылардың сабаққа, пәнге қызығуы;
  • - басқа пәндердің қажеттілігін оқушылардың түсінуі;
  • - сабақ барысында барлық мүмкіндікті пайдалан
  • Кемшіліктер:
  • - сабақты тек белгілі бір шектеумен түсіндіруге мәжбүрсің;
  • - әр мұғалім өзінің сөзін айтады, бірақ байланыстың жоқтығынан оқушылар тек белгілі байланыстармен шектеліп қояды;
  • - нәтиже күтпейміз. Сабақ сол сыныпта ғана өткізіледі.
  • Қазіргі сабақтарда ақпараттық технология мен кіріктірілген оқыту технологиясын байланыстыра өту өте тиімді нәтиже береді. Ақпараттық технологияда біз ұстазды ақпарат беруші, бағыт - бағдар көрсетуші деп түсінеміз. Белгілі бір тақырып бойынша мәлімет, әдебиеттер және т. б. беріледі. Ал кіріктірілген инновациялық технологияда тақырыпқа байланысты мәлімет, ақпараттың барлығының жан-жақты пән мұғалімдермен түсіндірілуі, дәлелденуі және жеткізілуі оның басты артықшылығы болып тұр. Ұстаз әркез ізденуші бола білсе, өзі үшін білім жинақтайды, оқушы үшін сабақты қызықты ете алады.
Қазіргі сабақтарда ақпараттық технология мен кіріктірілген оқыту технологиясын байланыстыра өту өте тиімді нәтиже береді. Ақпараттық технологияда біз ұстазды ақпарат беруші, бағыт - бағдар көрсетуші деп түсінеміз. Белгілі бір тақырып бойынша мәлімет, әдебиеттер және т. б. беріледі. Ал кіріктірілген инновациялық технологияда тақырыпқа байланысты мәлімет, ақпараттың барлығының жан-жақты пән мұғалімдермен түсіндірілуі, дәлелденуі және жеткізілуі оның басты артықшылығы болып тұр. Ұстаз әркез ізденуші бола білсе, өзі үшін білім жинақтайды, оқушы үшін сабақты қызықты ете алады. Оқытудың технологияларын біріктіру, оларды тиімді пайдалану жұмысы үшін көптеген ізденіс жұмыстарын жүргізу алынар асу, тағы бір белес екенін есте сақтағанымыз жөн. Ал. Сол белестерді бағындыру жолында үлкен жұмыстар атқару - әрбір ұстаздың азаматтық парызы. Өйткені, білім негізі мектепте қаланады. Интеграцилау - бұл бір оқу материалының әр түрлі саладағы жалпы білімдермен тоғысуы, бір-бірімен етене араласып кетуі. Кіріктірілген сабақтар оқушыға әлем туралы, заттар мен құбылыстардың өзара байланыстары туралы біртұтас мағлұмат береді, олар құрылысы бойынша белгілі қалыпқа сыймайды, сондай-ақ, оқу сағаттарын барынша үнемді пайдалануға мүмкіндік береді. Осы тектес сабақтарда оқушылардың бейнелі ой-өрісі дамып, шығармашылық мүмкіндіктері ашылады. Кіріктірілген сабақтардың құрылымы нақтылығымен, сыйымдылығымен, орамдылығымен, сабақтың әр сатысындағы оқу материалының логикалық өзара келісімімен, материалдың зор ақпараттық мүмкіндігімен ерекшеленеді. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Үш тұғырлы тілдің ұшпағы
Көптілділік -- қазіргі заман талабы
Полилингвалық тұлға
Көптілді білім берудегі пилоттық бағдарламаны жүргізуші мектептердегі көптілді білім берудің инновациялық моделдерін жүзеге асыру
Орта деңгейде ағылшын тілін оқытудың әдістері
Орта деңгейде ағылшын тілінде ауызша сөйлеуді дамыту
Үштілділік бағдарламасы бойынша орта мектептерде тілдерді салыстырмалы оқыту жолдары
−орыс тілі - ұлтаралық қатынас тілі
Ағылшын тілін оқытудың қазіргі замандық әдістемесі
Көптілді білім - көпмәдениетті тұлғаны қалыптастырудың өзегі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz