Химия сабақтарында интерактивті оқыту технологиясы


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 61 бет
Таңдаулыға:   

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Қазіргі уақытта мектеп мұғалімдерінің алдында тұрған маңызды, жауапты міндеттердің бірі-оқушыға тиянақты, сапалы білім беру. Ол үшін мектеп мұғалімдері оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін өз тәжірибиесінде таңдап алуы керек. Балаларға күштеп білім беруден гөрі, балалардың білімге деген құштарлығын оята білу ең маңызды мақсат″-дейді, әйгілі орыстың ұлы педагогы К. Д. Ушинский. Сол себепті баланың білім алуға деген құштарлығын ояту үшін алдымен казіргі заманда мұғалім көп ізденіп, сабақтың тиімді өтуіне жұмыс көп жасауы қажет. Білім сапалығы оқушының білімге деген құштарлығымен, қызығушылықтарына тікелей байланысты. Көпжылдық еңбектердің нәтижесінде көріп жүргеніміздей оқушылардың оқуы сонымен қатар білім сапалығы оқу барысында оқушының өзі сабаққа тікелей қатысуы, сонымен қатар сабақ барысында тек мұғалімнің айтқаның ғана жазып, сызып қоймай өз бетінше білім алуға жағдай жасалғанда ғана оқушы білімге өзі ұмтылатыны жәнде алған білімін одан әріқарай дамытуға қызығатын анық.

Қазіргі оқыту үрдісіне елімізде жаңа педагогикалық технологиялар кеңінен енуде. Мектептік бағдарламасында пәндерді оқыту екі бағытқа бөлінеді. Қоғамдық - гуманитарлық және жаратылыстану - математика бағыттары. Осы бағыттардың пәндерін оқу барысында оқушыларда ғылымға пәндерге деген қызығушылық артып уақыт өте келе білімі қалыптаса бастайды. Мектепте оқушылардың пәндерді оқу барысында, мысалы химия сабақтарын өту кезінде, сарамандық, зертханалық тәжірибелер жасау кезінде т. б білімдері мен пәндерге деген қызығушылығы артып отырады.

Мектепте оқушыны пәнге қызықтырумен қатар, саналы, сапалы ойлауға тәрбиелейтін, қоғамдық көзқарастарын өзбетінше қалыптастыра алатын, өзіндік пікірі бар, еркін сөйлеп, өз пікірін ашық айта алатын ойлы ұрпақтар тәрбиелеуде сабақтың маңызы өте зор. Сондайақ әр мұғалім оқушыға көпқырлы сабақтар беретін болған соң, қазіргі жаhандану саясатына сәйкес жаңа технология, әдістерді өз ыңғайына, пәніне лайықтап, пайдалануы тиіс. Мұғалімнің шеберлігі оның - ізденісі нәтижелері. Сондықтан да, орыстың ұлы әйгілі педагог-ғалымы К. Д. Ушинскийдің “Мұғалім - өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, оқуды, ізденісін тоқтатысымен оның мұғалімдігі де жойылады” - деген. Бұл айтпағымыз “Ұстаз” атты ұлы сүрлеулерге соқпағын салып, жол тартқан көкірегі ояу, көзі ашық әрбір адамдарға берілген елеулі ескерту[1] .

Жеке оқушылардың тұлға болып қарқынды дамуы мектеп табалдырығында белсенді түрде танымдық іс-әрекеттері ұйымдастырылуы нәтижесінде қалыптасады. Әрбір оқушылардың белсенділігін артыру үшін оқу іс-әрекеттеріне ынталандырудың маңызы орасан зор. Сол себептен де, әрбір оқушылардың ынтасымен қатар олардың оқу белсенділігін қалыптастыру кезінде арнайы жүйеленген әдістер мен тәсілдермен жүзеге асырған жөн.

Дипломдық жұмысының мақсаты: Гуманитарлық бағытта химия - биология пәндерін оқытудың маңыздылығы. Оқытушы оқу ісін ұйымдастыру кезінде оқушылардың үлкен жауапкершілікті, оқуға аса белсенділікпен, саналылықпен қарауды керек етеді. Оқушылардан мұғалімнің түсіндірген материалдарын, кітаптан оқығандарын жай ғана есте сақтаудан гөрі, оны ойлап, ой елегінен өткізе білу, ұғына білу талап етіледі. Ұғымдар жүйесін меңгеріп, білімді жүйелі қалыптастыру көзделеді.

Мектеп жасөспірімінің бойына сүйіспеншілік, азаматтық борыш, елі мен жері үшін жауапкершілік қасиеттерді сіңіреді, шығармашылық пен еңбек етуге деген және оқушыны өзін-өзі басқаруға әзірлейді. Осы жалпы мақсатқа сәйкес әр пәннің алдына ғылым негіздерінен білім беру, тәрбиелеудегі жинақты тәсілді жүзеге асыру, оқушыларды әр жақты дамыту мақсаттарыда қойылады. [1] Химия - биология пәндерін біріктіре оқыту арқылы оқушыларға табиғат пен қоршаған орта туралы білім беру, оларды қабылдау, бақылау, түсіну және ойлау қабілетін дамыту мақсаттарын көздейді. Бұл мақсаттар химия - биологияны оқыту барысында одан әрі сараланып жүзеге асады. Білім мен білік және дағдыны оқыту барысында өмірде қоғамға пайдалы еңбектене қолдана білуге үйрету.

Дипломдық жұмысының міндеті: Гуманитарлық бағытта химия - биология пәндерін оқытудың тиімді әдіс - тәсілдерін қолдану. Мектеп оқушысының мұғалімнен үздіксіз ізденуін, өз бетінше білімін үнемі жетілдіріп отыруды талап етеді. Өйткені еліміздің ертеңі болашақ жас ұрпақтың қолында. Мұғалімнің шеберлігі мен жетістігі - сапалы білім және жақсы тәрбие алған шәкіртінде. Оқушы шығармашылығын дамыту ісі үздіксіз жүргізіле бермек. Қазіргі кезеңде мектеп мұғалімінің алдында тұрған маңызды, жауапты міндеттің бірі- оқушыға тиянақты білім беру.

Дипломдық жұмыстың зерттелу деңгейі: Эксперименттік зерттеудің негізгі мақсаттары орта мектептерде қоғамдық гуманитарлық бағытта оқитын жоғары сыныптарында оқушыларына химия - биология пәндерін оқытудың маңыздылығы мен ерекшеліктерін оқыту барысында түсінік пен ғылыми көзқарастарын қалыптастыру. Оқушылардың пәндерге деген қызығушылығын сондай - ақ оқытудың маңызын айқындау. Оқушыларда жаңашыл түсінік пен біртұтастық ұғымын жете меңгеруде дағды мен білімдерін жүйелеу болып сапасын арттыру болып табылады. Мұғалімдердің қоғамдық гуманитарлық сыныптарында химия - биология пәндерін оқытуда, оқушыны оқытудың жаңа инновациялық технологияларын пайдалану, интерактивті тақта, тиімді жаттығулар мен әдіс - тәсілдерді кеңінен қолдану.

Дипломдық жұмыстың дерек көздері: Осы тақырыпты ашу барысында қолданған дерек көздерім www. studifiles. ru/ preview/ 5787665/page/:19/ - Дәріс №9 Орта мектепте химияны оқытуда оқу жұмысын ұйымдастыру формалары. ҚР жалпы білім беретін мектептері педагогтерінің біліктілігін арттыру курстарының бағдарламасы. Мұғалімге арналған нұсқаулық, 2012 ж. А. Мырзабайұлы Химияны оқыту әдістемесі. Н. Нұрахметов, К. Сарманова, К. Жексембина, 8 сынып оқулығы, Алматы «Мектеп» 2012 ж. Омарова Р. С. Оқу процесінде студенттердің ізденімпаздығын қалыптастыру. Алматы-1998 ж. Өнербаева З. А. Химияны оқыту әдістемесі: оқу - әдістемелік құралы. Алматы Абай атындағы ҚазҰПУ, 2011-236 б

Жұмыстың құрылымы: Дипломдық жұмыс кіріспесі, екі тарау мен қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімі,

1. ГУМАНИТАРЛЫҚ БАҒЫТТАҒЫ СЫНЫПТАРДАҒЫ ХИМИЯ - БИОЛОГИЯ ПӘНДЕРІН ОҚЫТУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

  1. Химия - биология сабақтарының құрылымы мен жіктелуі

Жеке тұлғаның қарқынды дамуы мен білімділігі мектеп табалдырығында белсенді танымдық іс-әрекеттерінің ұйымдастырылуы нәтижесінде қалыптасады. Оқушылардың белсенділігін артыру үшін алдымен оқу іс-әрекеттеріне ынталандырудың маңызы өте зор. Сол себептен де, оқушылардың ынтасымен оқу белсенділігін қалыптастыруды арнайы жүйеленген әдіс-тәсілдер арқылы іске асырған жөн. "Химия - биология"пәнін оқытудың жалпы мақсаттары:

1. Оқушылардың қоршаған әлемді құраушы химиялық білімдер туралы, осы салада қолданылатын тәсілдер мен әдістер туралы, ғылыми дүниетанымдық көзқарастарын онымен қоса тұлғалық-мәнді қызметті жүзеге асыра білу құралының негізі ретінде білім жүйесін қалыптастыру.

2. Оқу пәнінің көмегіменоқушы жалпы орта білім берудің жоғары сатысының түлектерінің құзіреттілігін дамыту.

3. Оқушы өз бетінше жұмыс жасау арқылы жәнеде қажеттіктерін қанағаттандыру мен қоса өздерін көрсете білулеріне сәйкес оқушылардың танымдық және интеллектуальдық қабілеттерін дамыту болып табылады. .

"Химия - биология" пәнін оқытудың міндеттері:

Оқыту барысындағы білімі, түсінік және түсініктерді, заңдылықтарды, заңдарды, теорияларды, ұғымдарды және химия ғылымының әдістерінің қолданылу мүмкіндіктері мен түсініктері, білігі негізінде оқушылардың қоршаған әлем туралы; Гуманизм( барлық оқушылар қабілетті) ; Оқуда мәжбүр етілмейді;

Білім беру мен тәрбиенің бір тұтастығы; Оқыту барысындағы келіспеушіліктің болмауы; Концептуалдық негіздеріне:Теориялық материялдардың баяндалуы жылдам қарқын мен және ірі блок түрінде беріледі;

Оқу материялын түсіндіргенде тақта тірек белгілерін (сызба нұсқа, сурет символ, жеке сөздер және, т. б. ) ;

Типтік есептерді шығаруда шешімнің толық алгоритмін қолдану;

Тірек конспектісі материялдарын жаппай жазбаша түрде қайталау;

Оқу материалын едәуір бөлігін шапшаң және шолу түрінде 5минут шамасында қайталау;

Типтік есептерді оқушылармен бірге жаппай және жалпылама тәсілдермен шығару;

Тізбек түрінде тексеру, яғни бірінші шығарған оқушытапсырмасын мұғалім, онан соңғыларын оқушылар тексереді;

Оқылатын тақырыпқа байланысты бірнеше есептерді бақылау жұмыстарында шығару;

Оқушылардың өзара бір -біріне көмектесуі;

Оқушыға қоғамдық гуманитарлық -ғылыми көзқарастарын қалыптастыру;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Химияны оқыту әдістемсі
«Жалпы және бейорганикалық химияны оқытудың заманауи технологиялары мен әдістері»
Химия сабақтарында ақпараттық технологияларды қолдану
Химияны оқытудағы интерактивті технологиялар
Қазіргі сабақтың педагогикалық ресурстары
ХИМИЯНЫ ОҚЫТУДА ҚОЛДАНЫЛАТЫН КӨРНЕКІ ҚҰРАЛДАР
Оқу процесіндегі мұғалім мен оқушының өзара ынтымақтастық іс-әрекеті
Сыртқы саралап оқыту
Оқыту процесінде оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруда АКТ қолдану
Қашықтықтықтан оқытуды ұйымдастыру технологиялары. Кезеңдеп оқыту технологиясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz